ШЫҢҒЫС ХАН
Категориясы: Тарих
Шыңғыс хан - Орта Азияда бүкіл моңғол тайпаларын бір қолға біріктірген ұлы әмірші, Шыңғыс хан империясының негізін қалаушы, атақты қолбасшы. Ол 1162 жылы Дилпун-Болдан (Дилунь-Булдак) шатқалында Онон өзені жағалауында дүниеге келген. Оның арғы ата-бабалары моңғол тумаластарынан сары шаштарымен және көк көздерімен ерекшеленген текті нирун руынан тараған. Сол себепті оларды қият- боржығындар (көк көзді қияттар) деп атаған.
Шыңғыс ханның шын аты — Темучин (Тэмуджин). Әкесі Есугей баһадүр тұтқынға түскен Темучин деген татар ханының өлімді қасқая қарсы алған қайсарлығы мен ерлігін бағалап, соның есімін сол кезде өмірге келген ұлына қояды. Ал екінші есімі - Шыңғыс хан. Бұл атақ Темучинге 1206 жылы оны империяның Ұлы қағаны етіп сайлаған Ұлы құрылтайда беріледі.
Шыңғыс хан дана саясаткер, көреген стратег және талантты қолбасшы ретінде даңққа бөленген. Оның бар өмірі қантөгіс соғыстармен, таусылмайтын жорықтармен өткен. Ол өзінің қол астына көптеген көшпелі тайпаларды, елдерді қаратып, мемлекеттерді бағындырған. Есепсіз көп адамның өліміне себеп болып, әлемді күйзелдірген, қаншама қалаларды қиратып, жермен-жексен кылған.
Шыңғыс хан 1207-1211 жылдары Сібір мен Түркістанды (буряттар, якуттар, ойраттар, қырғыздар) шауып, өзіне бағындырады. 1211 жылы Цзин мемлекетіне жорық жасайды. 1215 жылы Пекинді алады. 1217 жылы Солтүстік Қытай бүкіл аумағымен оның билігіне көшеді. 1219 жылы Корея патшалығы тізе бүгеді. 1219 жылы Жетісуды, 1219- 1221 жылдары қазіргі Қазақстан мен Орта Азия жерлерін жаулап алады. Кейін басып алған аймақтарын жеке ұлыстарға бөледі де, өз ұлдарына еншіге үлестіріп береді.
Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа шоғырландыруға күш салған. Ол бүкіл әскерін ондықтарға, жүздіктерге, мыңдықтарға және түмендерге (10 мыңдық жасақтар), ал жерлерді ұлыстарға бөлген. Хан әр ұлыстың басына өзінің ұлдары мен сенімді қолбасшыларын тағайындаған. Мемлекет ішіндегі ішкі наразылықты басу үшін он мың адамдық жеке жасақ құрған. Ал оның ордасын «кешіктер» деп аталатын іріктеп алынған ең күшті әрі батыр деген мың жауынгер қорғаған. Ұрыс кезінде Шыңғыс хан әскері үш қанатты құрып, сап түзген: оң қанат (баруңғар), сол қанат (жоңғар), орта қанат (гол).
Шыңғыс хан қатыгез де кұдіретті әмірші ретінде танылған. Ол әскерінде өте қатаң тәртіп орнатқан. Жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырған. «Яса» («Жасақ») атты заңдар жинағын жариялаған. «Яса» заңдарын орындамаған, тіпті кішігірім қателік немесе қорқақтық жасаған жауынгерлер бірден өлім жазасына кесілген.
Шыңғыс хан Таңғұт мемлекетіне жорық кезінде 1227 жылы қайтыс болады. Күні бүгінге дейін оның жерленген жері белгісіз.
Жарияланған-2015-11-12 17:43:34 Қаралды-77231
ШЕМАХЛИН МҰТТАҚЫСЫ
Ішіне тәтті заттар салып, ашытқы қосылған тоқаш қамырынан жасалған тағам осылай деп аталады.
ҚОЙ - КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ӨМІРІНДЕ ӨМІРІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ
Ежелден қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешті. Мал мен оның өнімдері көшпелі өмірде аса қолайлы игілікке саналды.
АҚҚАЛАҚ
Аққалақ - Қазақстандағы жыртқыш аңдар ішіндегі ең кішкентайы. Ұзындығы - 35 см. Ол - батыл, айлакер, ұзын құйрықты аң. Аққалақты кейде «аққия» деп те атайды. Қыста жүні ақ, жазда арқа жүні қызыл қоңыр немесе қара бурыл, бүйірі қара, бауыры ақ болады.
ҚАРА АЛХОРЫ САМБУГЫ
Әбден жуылған қара алхорының үстіне салқын су қуйылып, бір-екі сағат қойылады да сол суға салынған күйінде бұқтырылып, қайнатылады.
КОНЬКИ - ГОЛЛАҢДИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ
Спорттың бұл түрін мамандар, мұз үстіндегі балет өнерінің ең тандаулысы деп жүр.