ДЕРМЕНЕ
Категориясы: Өсімдікті
ДЕРМЕНЕ — ПОЛЫНЬ ЦИТВАРНАЯ
Дермене – биіктігі жарты метрге жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, көптеген қосымша тамырлары бар. Сабақтары көп, қызыл түсті. Жапырақтары кезектесіп орналасқан қауырсыи тәрізді жіңішке бөліктерге тілімделген. Гүлдері көптеген майда гүл корзинкаларына жиналып сыпырғы сыяқтанып шоғырланып тұрады. Гүл корзинкаларының сыртқы орамы 10-20 қабыршақты жапырақтардан тұрады, ал ішінде 3-6 түтікше тәрізді гүлдері бар. Олар да әлгі қабыршақты жапырақшалармен жабылып тұрады. Тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді. Өсімдік улы деп есептеледі. Дәрі үшін өсімдіктің жерге түскен бөлігінің жоғарғы жағын және гүл корзинкаларын толық ашылып кетпей тұрған кезінде жинап алады. Дермене Қазақстанның Шымкент облысында қалың болып өседі. Құрамында сантонин, майлар, ащы заттар, эфир майлары бар.
Дермене құрамындағы сантонин организмдегі жұмыр құрттарды түсіреді. Осыған байланысты дермененің гүл корзинкалары немесе аптекаларда сатылатын сантонин дәрісі осы жұмыр құрттар - аскаридаларға қарсы күресу үшін қолданылады. Шымкент облысындағы Түркістан қаласының маңайында өсетін дермененің құрамында сантонин өте көп болып шықты. Дерменені басқа жерлерге өсіріп байқау дұрыс нәтиже бермеді, олардың құрамында сантонин өте аз болды. Осыған байланысты Түркістан маңайындағы дермененің қалың өсетін жері қорық болып жарияланды.
Дермене - улы өсімдік, сондықтан онымен қалай болса солай дәрігердің бақылауынсыз емделуге болмайды. Кейде кісінің уланып қалатын жағдайлары да кездеседі.
Жарияланған-2016-07-12 15:02:34 Қаралды-9960
КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫНЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?

Біздің планетамыздың атмосферасындағы көмірқышқыл газы мен оттегінің мөлшері жасыл өсімдіктермен реттеледі.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ЭСКИЗ

Біз бұрын суретші болашақ шығармасына керек кейбір нәрселердің тездетіп сырт нобайын түсіріп алатынын білетінбіз. Ондай суреттер әлгіндей нәрсені көріп тұрып, көз бе көз салынатын.
ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЭПИЦЕНТРІ

Жарылыстың эпицентрі - жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте.
ЖАС ЖЕМІС НЕМЕСЕ ЖИДЕК АРАЛАСТЫРЫП ШАЙҚАЛҒАН ҚАЙМАҚ

Рецептіде көрсетілген жемістер жақсылап жуылып, үстіне шайқалған кілегей құйылады. Дастарқанға қант ұлпасы қоса әкелінеді.
ҚЫРЫҚҚҰЛАҚ

Қырыққұлақ - жапырақтары тілімденген сәндік өсімдік. 12 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 35-ке жуығы кездеседі. Кейбір түрлері тамыры арқылы, кейбірі жапырағында пайда болатын өнім бүршіктерімен көбейеді.
ШУ ӨЗЕНІ

Шу өзені - Қазақстан мен Қырғызстан жеріндегі өзен. Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 800 км.