ДІРІЛДЕКТІ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?
Категориясы: Тағам
Үйітіліп, әбден тазартылған сиырдың сирағы бірнеше бөлікке бөлінеді де кастрюльге салынып, су құйылады. Үстіне тазартылған тұтас көкөністер, ет салынып, бәсең отқа қойылады да 4 сағат бойы қайнатылады. Көбігін алып стыру керек. 4 сағаттан соң қара бұрыш, көк, лавр жапырағы салынып, тұздалады.
Дайын болған соң сіңірлері сүйектен арылтылып, оларды етпен және сарымсақтың бірнеше баданасымен бірге еттартқышпен тартылады да шұңғыл ыдысқа немесе формаға салынады. Етпен бірге піскен сәбізді және қатты етіп пісірілген жұмыртқаны оюлап кесіп, сонымен әсемделеді. Үстіне алдын-ала сүзіп алып, дайындап қойылған сорпа құйылады да, тоңазытқышқа қойылады.
Дастарқанға әкелерде төртбұрыштап немесе қиықшалап кесіледі де үстіне көк себіледі.
Құрамы: сиырдың 1 кг сирағы, 200 грамм ет, 1 түйір сәбіз, 1 жұмыртқа, 1 түйір сарымсақ, бір буда петрушка немесе аскөк, екі-үш лавр жапырағы, 10-15 түйір қара бұрыш, түз татымына қарай.
Жарияланған-2016-06-10 14:52:26 Қаралды-1845
ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады
СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?

Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.
ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ

2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.
ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ

Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады.
ЕҢ БЕРІК, ЕҢ ЖҰМСАҚ ҚАЙ МЕТАЛЛ?

Әуелі ең берік металл туралы. Оның аты – титан, күміс түсті - ақ, сыртқы түр: болатқа ұқсайды.