АЛМА СТРУДЕЛІ
Категориясы: Тағам
Бадам және жүзім араластырылған алма повидлосын арасына қабаттап салған қамырдан жасалған тағамды алма струделі дейді.
Қамыр илеу үшін 20 процент (ұнның массасына шаққанда) су қажет. Иленген қамырдың ылғалдылығы 29-31 процент болу керек. Ішіне салатын шикізаттар екі түрлі етігі, яғни біріншісі жүзімнен, қанттан және дәм қабықтан, екіншісі бадамнан және алма повидлосынан дайындалады.
Иленіп дайын болған қамыр 0,2-0,1 килограмнан бөлінеді. Содан соң олар алдымен бөлке сияқты домалақталып, артынан 1-3 миллиметр қалыңдықта жайылады. Жайылған қамыр ақ қаңылтырдан жасалған табаққа бірнеше қабат етіп салынады. Әр қабаттың арасы өсімдік майымен майланып тасталады. Қамырдың үстіңгі және оның астыңғы қабатының массасы 0,2 килограмнан, ортаңғыларыныкі 0,1 килограмнан келу керек. Дайын болған струдель 24 қабаттан тұрады. Оның екеуінің ішіне жүзім, қант, дәм қабық, ал екеуінің ішіне алма повидлосы мен бадам салынады. Струдельдің үстіне құм шекер себіледі. Содан соң қиғаш төрт бұрыштап кесіліп, температурасы 180-200 градус пешке қойылады да 25-30 минут бойы пісіріледі. Салқындағаннан кейін бұл тағам сол пісірілген табақтарымен қоса қақпағы бар астаушаларға салынады.
Бір килограмм струдель жасау үшін 336,1 грамм жоғары сортты ұн, 77,3 грамм өсімдік майы, 23,5 грамм жұмыртқа, 3,36 грамм тұз, ішіне салатын 198,3 грам алма повидлосы, тазартылып, кептіріліп, ұнтақталған, ішіне салатын 23,5 грамм бадам (бұл 28,2 грамм тазартылмаған бадамға пара-пар), ішіне салатын 2,3 грамм дәм қабық, ішіне салатын 84,0 грамм қант және ішіне салатын 336,1 грамм жүзім жұмсалады.
Дайын струдельдің формасы қиғаш төрт бұрышты, бадам және жүзім араластырылған, арасына алма повидлосы салынған, үстіне қант (құм шекер) себілген, ылғалдылығы 17-20 процент болуға тиіс.
Жарияланған-2016-03-02 11:35:57 Қаралды-1749
БЮСТ
АДАМДАРДЫҢ кеудеден жоғарғы тұлғасын ғана бейнелейтін мәрмәр, қола немесе ағаш мүсіндерді бюст деп атайды.
ТОНЫКӨК ЕСКЕРТКІШІ
Ақылгөй Тоныкөктің құрметіне қойылған тас тақта өзінің бұйрығы бойынша шамамен 716 жылы қашалып жасалған. Бұл ескерткіш 1897 жылы Баин-Цокто шатқалынан табылған. Қазіргі кезде ол Моңғол Республикасының астанасы - Улан-Батор қаласынан 60 шақырым жерде орна
КАКАО ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ ҚАТТАМАСЫ
Сарымай қант ұлпасымен қосылып, он минут бойы шайқалады.
НЕЛІКТЕН ЖАТТЫҒУЛАРДАН КЕЙІН БҰЛШЫҚЕТТЕР АУЫРАДЫ?
Ауыр физикалық күш салудан кейін бұлшықет ауыруы бәріне жақсы таныс...
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?
Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.