ҰЙЫТЫЛҒАН БАДАМ
Категориясы: Тағам
Бұл - тазартылған бадам дәндері батырылған кілегей помадасынан тұратын дөңгелек формалы тағам. Бетіне карамель массасынан көз салынады.
Әдеттегі әдіспен дайындалған кілегей помадасын кішкентай шар сияқты домалатып, әрқайсысы 8-9 грамм болатындай етіп формаға салады да, оған үш немесе төрт жағынан бадам дәндерін тұтас күйінде батырып, содан соң карамель массасынан көз салынады. Салқындаған тағам қаңылтыр қораптарға салынып, қақпағы нығыздап жабылады да, қағазбен желімдеп тасталады.
Бір килограмм ұйытылған бадам жасау үшін 672,3 грамм қант, 468,8 грамм сүт, 49,9 грамм сарымай, 109,8 грамм сірне, 123,3 грамм бадам және 0,185 грамм ванилин жұмсалады.
Ұйытылған бадамның бір килограмында кемінде елуі болады. Ылғалдылығы - 7,5 процент. Ыдысқа салғандағы салмағы 4 килограмм. Ең ұзақ сақталатын мерзімі - 20 күн.
Жарияланған-2016-02-29 14:37:46 Қаралды-1259
ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ

2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.
ПУМИ

Бұл да ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымының бірі. Венгрияның далалы аудандарында шығарылған.
АЛАШ ПАРТИЯСЫ

Алаш партиясы - казақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.). Алаш партиясын кұру жөніндегі мәселе 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында I Жалпықазақ съезінде талқыланды.
ЖЫЛ БОЙЫ КҮНДІЗ БОЛЫП ТҰРУЫ МҮМКІН БЕ?

Қабырғада күнтізбе ілулі тұр. Бір жылда қанша күн болса, онда да соншама парақ бар.
ЖАНР

Суретшілер әр қилы шығармалар тудырады. Біреуі табиғатты, екіншісі адамды бейнелесе, үшіншісі күнде көріп жүрғен қарапайым заттарды кескіндейді. Міне, шығармаларды сол нені бейнелегеніне қаран, жанрға бөлетін болған.