ПАШМАҚ
Категориясы: Тағам
Бұл - әбден қайнатылған карамель массасынан жіп-жіңішке жіп сияқты етіп созылып жасалған, бір-бірінен оңай ажырайтын тағам. Түсі - ақ.
Карамель массасын қайнатпастан бұрын арнайы, майы деп аталатын массаны дайындап алу ұсынылады. Ол сарымай мен ұннан жасалады. Қазанға сарымай салынып қайнағанша қыздырылады да ұн себіліп, ұдайы араластырылып отырылады. Масса ылғалы әбден кеткенше, шамамен 15-20 минут қайнатылады. Түбі күйіп кетпес үшін оны үнемі араластырып отырған дұрыс. Пісірілген масса ылғалдылығы 3,5-4 проценттен аспауы тиіс.
Дайындалған май температурасы 70-80 градус кезінде (салқындап қалған болса, қыздырып) пайдаланылады.
Карамель массасы сірнесіз әзірленеді. Қайнатудың ортасында қосылатын сірке эссенциясының әсерінен қант ішінара инверсияға ұшырап (ажырап) отыратын болғандықтан, сөйтіп инвертті қант түзілетіндіктен карамель массасы қантқа айналмайды. Азғана суға қант (құмшекер) ерітіліп, 10 минут қайнатылады да содан соң сірке эссенциясы қосылады, ол масса тағы да 10-12 минут қайнатылады. Одан әрі ылғалдылығы 1,5-1,7 процент карамель алынғанша қайнатыла береді. Бастап қайнатқанда температура 100-105 градус, соңында 135-145 градус болуы керек.
Дайын болған карамель массасын арнайы столға жайып, 80-90 градусқа дейін салқындатылады, машинамен немесе қолмен ақ жібектей «жіп» болғанша созылады. «Жіптер» бір-бірімен жабысып қалмас үшін ұн қосылған май жағылады. Оларды бөліп-бөліп сілкеді. Сонда жіптей тартылмай қалған карамель массасы болмауы тиіс.
Бөлінген жіптер жалпақ қаңылтыр қораптарға (мөлшері 350х200х70 мм) салынады. Олардың қақпақтары тығыз жабылуы керек. Қораптарға салынған дайын өнімнің бетін ауыр да тегіс затпен басып тегістеп, қақпағы жабылады да, ішіне ауа кірмейтіндей етіп қағазбен желімдеп тасталады. Қорапқа 1 килограмм пашмақ кетеді.
Бір килограмм пашмаққа 916,0 грамм қант, 2,9 грамм сірке эссенциясы, 66 грамм сарымай, 66 грамм жоғары сортты бидай ұны жұмсалады.
Пашмақтың ылғалдылығы 2,5 процент, массасы - 1 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 15 күн.
Жарияланған-2016-02-22 18:40:17 Қаралды-1728
АДАМДАР ШАЙ ІШУДІ ҚАШАН БАСТАДЫ?
Жабайы шай бұталарын бүгінгі күнге дейін Қытай тауларында кездестіруге болады.
КАРАМЕЛЬ
50 грамм қантпен араластырылған жұмыртқа шайқалады. Үстіне ваниль ұнтағы қосылып, сүт құйылады. Сөйтіп қант әбден еріп кеткенше шайқалады.
ҚАБАТТАЛҒАН ПАХЛАВА
Ішіне жаңғақ салып, ашытқы қосылған қамырдан жасалған май мен балға салынған тағам осылай аталады.
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР
Бітікші - көшірмеші, хатшы, іс жүргізуші адам. Бұл лауазымды орта ғасырлардағы Орталық Азия мемлекеттері қолданған. Кейде олар басшы қызмет те атқарған.
АЛТЫН - КҮМІС ТАС ЕКЕН, АРПА - БИДАЙ АС ЕКЕН
Қазақтың дәстүрлі дастарқанында күріш, бидай, жүгері, тары сияқты дән азықтарынан дайындалатын тағамдар өте мол, бұл тағамдар витаминге бай, организмге сіңімді келеді.
ШАНАМЕН ҚҰЛДИЛАУ СПОРТ ТАРИХЫНАН
Шана тебу спортының отаны Ресей екендігін дәлелдейтіннақты дәлелдердің бірі, Нижний Тагил қаласынан табылған ескі шана біздің дәуірімізден 6000 жыл бұрын жасалған екен.