ТОРҒАЙ
Категориясы: Табиғат
Торғай, Торғай үстірті - батысында Оңтүстік Орал (Мұғалжар) тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық өлке. Торғай атауы «кең алқаптағы өзен, су» ұғымын білдіруі мүмкін деген жорамал бар. Солтүстігіндегі Тобыл аңғары жазығынан оңтүстігіндегі Шалқартеңіз көліне дейін 600 шақырымға созылған. Торғай үстірті, негізінен, Қостанай облысы аумағында орналасқан, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстарына қарайды. Солтүстігінде «Торғай қақпасы» арқылы жазыққа ұласады. «Торғай қақпасы» - Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастырып тұратын табиғи аңғар.
Оңтүстік бөлігінде үстірттің дәл ортасын жарып Торғай қолаты өтеді. Торғай қолаты жерімен солтүстік бағытта Обаған өзені, оңтүстік бағытта Торғай өзені ағады. Бұлардан басқа Торғай үстіртінде Ырғыз, Өлкейек, Ұлы Жыланшық өзендері бар. Мұнда суы таяз әрі ащы көлдер көп (мысалы, Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б.).
Торғай үстіртінің қиыр оңтүстігін сусыма құмды алқаптар алып жатыр. Далалық бөлігінің көп жері егіншілікке пайдаланылады. Шөлейт және шөлді аймақтарында мал жайылады.
Торғайдың жер қойнауынан боксит пен қоңыр көмірдің аса бай кен орындары ашылған.
Торғай үстіртінің солтүстігінде Наурызым қорығы орналасқан.
Жарияланған-2015-11-25 16:47:56 Қаралды-9787
ЕСКЕРТКІШ
Салт аттының тегеурінді қолы құз-құяның ұшар басына жете бере асаудың басын әзер тартып тоқтатты. Екінші қолын алыс қиырларға қарай сілтепті.
ЕКІБАСТҰ3
Екібастұз - Павлодар облысындағы қала. Екібастұз Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Осы маңнан ат басындай екі кесек тұз табылған. Қала соған байланысты Екібастұз деп аталған.
ШАШУБАЙ ҚОШҚАРБАЕВ
Шашубай Қошқарбаев (1865-1952) - қазақтың белгілі айтыскер ақыны, сазгер, әнші, гармонь, домбыра аспаптарында шебер орындаушы. Ол Қарағанды облысындағы «Қызыл шоқы» деген жерде дүниеге келіп, ғасырға жуық ғұмыр кешті.
УҚОРҒАСЫН – НЕВРАЛГИЯНЫ ЕМДЕЙДІ
Қазақстанда біріне-бірі өте ұқсас Жоңғар уқорғасыны мен Қарақол уқорғасыны өседі.
ҰСТАУҒА БАЛҒА НЕГЕ КЕРЕК?
Мына жарық дүниеде бір адам өмір сүріпті. Нар көтергендей күшті екен. Ертеңнен қара кешке дейін қап-қара түтін қаптаған ұстаханада ұсталық етіпті.
ҚЫЗЫҚТЫ БАДМИНТОН ОЙЫНЫ
Теннис сияқты бадминтонды да екі немесе төрт қарсыласпен ойнауға болады.