ЖЫЛНАМАЛАР ЖИНАҒЫ
Категориясы: Әдебиет
«Жылнамалар жинагы» - бұл екі томнан тұратын кітап. Кітапты Иран хандарының сарайында жоғары қызмет істеген Фазлаллах Рашид әд-Дин жазған. Ол Жылнамалар жинағын» 1300-1301 жылдары бастап, 1310-1311 жылдары аяқтаған. Шамамен 10 жыл бойы еңбектенген. Рашид әд-Дин «Жылнамалар жинағын» моңғол ақсүйектерінің ауызша шежірелерінен, құжаттардан, моңғолдар жаулап алған елдердің тарихи шығармаларынан, оқиғаларға қатысушылардың мәліметтерінен құрастырған. «Жылнамалар жинағы» Батыс Еуропадан бастап Үндістан мен Қытайға дейінгі -фалықтағы елдердің тарихын қамтиды.
Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші томы XII-XIII ғасырлардағы моңғол және түркі тайпалары мен халықтарының тарихы жөнінде құнды деректер береді. Сондай-ақ сол халықтардың әдет-ғұрыптары, діни нанымдары, көшпелі тұрмысы жэне орналасқан аумақтары туралы да жазылған. Жылнаманың екінші томында тайпалар, Қазакстанның жер-су атаулары, тарихы баяндалады.
Жарияланған-2015-11-19 12:13:59 Қаралды-5986
ІЛЕ ҚҰРТҚАШАШЫ – ҚАҚЫРЫҚ ТҮСІРЕДІ

Іле құртқашашы – биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, ақ түсті, көптеген қосымша тамырлары бар.
ГИЛЬОМ ДЕ РУБРУК

1253 жылы француз королі Людовик IX жіберген фламандтық монах Рубрук басқарған елшілік Моңғолияға сапарға шығады. Бұл миссияның максаты: моңғолдар арасында христиан дінін уағыздаймыз деп, оның астарында Ұлы хан мен ислам дінін ұстанған елдерге қарсы одақ
МАТАҒА СУРЕТ САЛАДЫ МА?

Суретшілер өз шығармаларын көбіне-көп майлы бояумен зығыр талшығынан тоқылған кенеп матаға («холст») салады.
ҚАРШЫҒА

Қазақ аңшыларының бүркіттен кейін колға ең көп ұстайтын кұсы - қаршыға. Дене тұрқы - 28-114 см, салмағы - 800-1500 г. Қос шалғылығының арасы - 100- 120 см. Тұмсық, тұяқтары қара. Қаршыға шегір көзді болып келеді. Доғалдау біткен қанатының қысқалығы, оның
ЖАҢҒАҚ ПЕЧЕНЬЕСІ

Кастрюльге қант, ұнтақталған жаңғақ және жұмыртқаның сары уызы салынып араластырылады.