ҚАРШЫҒА
Категориясы: Жануарлар
Қазақ аңшыларының бүркіттен кейін колға ең көп ұстайтын кұсы - қаршыға. Дене тұрқы - 28-114 см, салмағы - 800-1500 г. Қос шалғылығының арасы - 100- 120 см. Тұмсық, тұяқтары қара. Қаршыға шегір көзді болып келеді. Доғалдау біткен қанатының қысқалығы, оның есесіне, құйрығының ұзындау бітетіндігі, әсіресе, ұшқанда айқын аңғарылады.
Қазақстанда каршыға тұқымдасына жататын қырғи, тұйғын, мықи деп аталатын түрлері кең тараған. Қаршығаны да бүркіт сияқты баптап, баулиды. Ырғаққа қондырып көндіктіріп, қолға ұстап үйретеді. Егер бүркітті далбайға түсіріп, тірілтетін (тұмылдырықты тірі түлкіге түсіру) болса, қаршыға сияқты құстарға есірік бастыртады. «Есірік бастырту» деп қанаты қысқартылған үйректі тасадан лақтырып, қаршыға салуды айтады.
Жақсы бап көрген қаршыға қаз, үйрек, дуадақ, ұлар, қырғауыл, құр, саңырау құр сияқты құстарға түседі. Аяқты аңдардан қоян, тиін, алақоржындарды іледі. Егер бап күйінде ет қызумен құныға ұшып жүріп кезіксе, қарсақ пен түлкіге түсетіндері де болады.
Қаршығаны жаяу салуға болмайды. Көл құсын үркітетін дабыл алып шығып, ат үстінен екпіндете серпе ұшырса, шабытына демеу болады.
Жарияланған-2015-11-17 15:41:44 Қаралды-6563
ҚАЙМАҚ КЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚҰЙЫЛЫП, ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ

Мұқият жуылған қара алхорының үстіне су құйылып, қайнағанша қыздырылады да содан соң 1,0-1,5 сағат бөктіріп қойылады. Бұдан кейін қара алхорының сүйектері алынады.
АРША - ӨСІМДІКТІҢ ДӘРІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ

Арша – биіктігі 4 метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Бұталары сұлап та жатады, кейде түзу өседі.
ҚҰЛАН

Құлан - жылқы тектес тұякты жануарлардың бірі. Құлан «Қызыл кітаптың» қызыл парағынан орын алған. Оның тірілей салмағы 250-300 кг. Етінің дәмділігіне қызыққан аңшылар оны мүлде құртып жібере жаздаған.