UF

Тақырыбы: «ТМД елдерінің физикалық географиясы»

 

Тақырып: “ТМД елдерінің физикалық географиясының” негізгі  мақсаттары. Достастық елдерінің географиялық орны,  ауданы, шекаралары. Шеткі нүктелері

 

Физикалық география курсының мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі

Физикалық география курсы – бұл географиялық ғылымдар  жүйесіндегі негізгі сала болып табылады. Сондықтан ол аймақтың табиғаты және оның әртүрлілігі жөнінде мәліметтер беріп табиғи – аймақтық кешендері (ТАК) тұтастай қарастырады.

Пәннің басты мақсаты – ТМД елдерінің жалпы географиялық жағдайын толық ашып, ондағы табиғат жағдайлары мен ресурстарының күрделілігін, және ТМД елдерін қоршап жатқан теңіздерді, аймақтық жер бедері мен геологиялық құрылысын, климатымен ішкі суларын, топ- өсім. жамылғысын, жануарлар дүниесін зерттеп, қазіргі таңдағы табиғат ресурстарын тиімді пайдаланумен оларды қорғау жолдарын анықтайды.Бұл пәнді толық меңгеру үшін топырақтану, метерология және климатология, гидрология, геология және геоморфология ғылымдарымен байланысын білу керек.

 

ТМД елдерінің физикалық – географиялық орны

ТМД елдерінің территориясы- ең ірі Солтүстік жарты шарда жатқан Евразия материгінде орналасып, оның жалпы көлемінің 40%- не жуығын алып жатыр. ТМД елдері териториясының жалпы аумағы -22,1 млн шаршы шақырым, ол бүкіл жер шарындағы құрлықтың 15% -н ала отырып, Оңтүстік Америка, Австралия және Антарктида сияқты материктерді территориясының көлемі жөнінен басып озады. Территориясының көлемі жөнінен ТМД елдері дүние жүзінде 1-ші орында тұр. Оның батыстағы 5,3 млн. км2 бөлігі Шығыс Европада орналасып, оны Европалық бөлік деп аталса, ал Уралдың шығысындағы 16,8 млн км2 аймақ ТМД елдерінің азиялық бөлігі  болып аталады.

ТМД елдері териториясының көп бөлігі 70 және 50 –ші с. ендіктегі қоңыржай белдеуде орналасқан. Сонымен бірге, ТМД елдері территориясының 14%- не жуығы Солтүстік поляр шеңберін бойлай созылып жатыр.

ТМД елдерінің материктегі  солтүстік   шеткі нүктесі - Челюскин  мүйісі (77043 с.е,1040181 ш.б). Бұл нүкте Камчатка зкспедициясының мүшелерінің көмегімен (742 ж анықталған.).  Солтүстіктегі ең шеткі нүктесі- Франц Иосиф Жері архипелагындағы Рудольф аралында орналасқан Флигели мүиісі(810501 с.е). оңтүстіктегі шеткі нүктесі-  Ауғаныстан шекарасындағы Кушка қаласында. Осы оңтүстік шеткі нүктеден солтүстік материктік шеткі нүктеге деиінгі арақашықтық 4500 км- ге дейін жетеді. Арақашықтықтың мұндай ұзақ болуы ТМД елдерінің териториясыа күн сәулесінің жылуы, сонымен бірге ылғалдың әркелкі таралуына әсер етіп, әртүрлі климаттық белдеулер мен табиғат зоналарының алмасуына септігін тигізді. ТМД елдері территориясында артикалық, субартикалық, қоңыржай және субтропиктік белдеулер орналасқан.

ТМД елдерінің батыстағы шеткі нүктесі балтық теңізінің Гдань шығанағындағы Балтық қайырында  (коси) (190381 ш.б) орналасқан.(Қайыр дегеніміз – теңіз, көл, өзен жағалауларындағы құм , малтатастардан тұратын енсіз ойпаңды өңір). ТМД елдері осы бағыттағы шеткі нүктесі арқылы Польша мемлекетімен шектеседі. Шығыстағы материктік шеткі нүктесі батыс жарты  шардағы Чукот түбегінде орналасқан Дежнев мүйісі (1690401 б.б. және 660051с.е).

ТМД елдерінің ең биік нүктесі -  Коммунизм шыңы,  ол теңіз деңгейінен 7485 м. биіктікте орналасқан, ал құрлықтағы ең терең нүктесі Каспий маңы  ойпатындағы Қарақия ойысы, ол теңіз деігейінен -132 м тереңдікте орналасқан. ТМД елдері бойынша ең төменгі t-ра қиыр Шығыстағы Оймякон қаласында-710С- қа жетеді.

ТМД елдері мемлекеттік  шекарасының жалпы ұзындығы 60 000 км, оның 43 мың км теңіздер арқылы өтсе, батысы мен оңтүстігіндегі шекарасы құрлықтан өтеді. ТМД елдерін негізінен үш мұхиттың теңіздері, яғни Солтүстік мұзды,Тынық және Атлант мұхитының теңіздері қоршап тұрады, яғни ТМД елдерінің табиғат және климаттық жағдайларына мұхиттар ықпал етеді. Әртүрлі ендіктерде орналасқан тау жүйелерінде биіктік белдеулері байқалады, яғни тундралы- арктика, ормандары- шалғындық, субтропиктік, альпілік шалғындық.

ТМД елдері териториясының геологиялық құрлымы мен тарихи қалыптасуы пайдалы қазбалардың әртүрлілігін анықтап, табиғат ресурстарының көптүрлілігі ТМД елдері халық шаруашылығының көптеген салаларының дамуы үшін негізгі  шикізат базасы болып отыр.

          

Тақырбы:     ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер

 

Жоспар:

1. Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері

2. Атлант мұхиты теңіздері

3.  Ішкі бассейн теңіздері

4. Тынық  мұхиты теңіздері

        ТМД елдері территориясын 14 теңіз қоршап жатыр, оның 12- сі негізгі 3 мұхиттың бассейніне жатса , ал 2 -еуі (Каспий, Арал) ішкі  теңіз бассеиніне жатады. Солтүстік мұзды мұхит бассейніне- ТМД елдері территориясының 55%- ті, ішкі ағынсыз теңіз бассейніне 23% ,Атлант мұхиты бассейнніне- 14%, ал Тынық мұхиты бассейніне 8% келеді. Осы теңіздердің барлығы  халықаралық маңызға ие болып, олар  арқылы ТМД елдерінің көптеген аймақтары дүниежүзінің басқа елдермен транспорттық, ғылыми, техникалық, мәдени рекреациялық  байланыстар орнатып келеді. Көптеген жылдар бойы еліміздің ғалымдары Каспий теңізінде мұнай газ кенорындарын зерттеп, Қара,Азов,Балтық және Охота теңіздеріндегі мұнай мен газ қабаттарына  зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Арктика мен Камчаткадағы шығыс теңіздерінің жағалауларында шашыранды пайдалы қазбалар анықталған болса, ал Балтық теңізінде янтарь табылған. ТМД елдерінің кейбір теңіздерінде теңіз организімдері, яғни теңіз  капусталары, мидия және тағы басқа барланып, зерттеліп жатса керісінше кейбір теңіздерде жан- жануарлар мен теңіз асты өсімдіктері құрып, қызыл кітапқа енуде.

Қазіргі таңда антрапогендік әрекеттердің әсерінен барлық теңіздер ластанып, табиғатқа кері әсерлерін тигізуде. Сондықтан, космостық әдістермен ластану көздері анықталып, оны дұрыс жолға қою қолға алынып отыр.

 

Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері

ТМД елдерінің солтүстік бөлігіндегі  Баренц, Ақ, Қар, Лаптевтер, Шығыс- Сібір және Чукот теңіздері Солтүстік Мұзды мұхит бассеиніне жатады. Олардың негізгі акваториясы 700 және 800 солтүстік ендікте орналасқан. Осы теңіздерге ТМД елдерінің көптеген өзендері келіп құяды. Теңіздер бір- бірінен Жаңа Жер, Солтүстік Жер, Новосибирск және Врангель аралдары арқылы бөлініп тұрады.

Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің географиялық жағдайы мен геологиялық тарихы оның табиғи ресурстарын анықтады. Барлық теңіздердің суы аздау, тереңдіктері 200 метрден аспайды. Теңіз түбінің рельері әртүрлі  шұңғымалармен тілімденген, теңіз оңтүстігі жағалауларында Печора, Хатанге, Лена, Колыма өзен аңғарлары сақталған. Теңіздердің геологиялық құрлысына келсек, Евразияның солтүстік шетіндегі платформалық құрылымдарда мұздықтардың тасымалдануы нәтижесінде антропогендік эрада қалыптасқан.

Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің қазіргі кезде шаруашылықтағы маңызы өте зор. Әрбір теңіздерінің геологиялық жағдайы мен  табиғи ерекшеліктері шар-лықтағы  пайдалану бағытын анықтайды. Теңіздердегі қатал климаттық жағдайлар олардың биологиялық өнімділігін, балықтың түрлерін азайтып,  сонымен бірге балықтың түрлік құрамын төмендетеді. Солтүстік мұзды мұхит теңіздерінің тағы 1 ерекшелігі, осы теңіздер арқылы солтүстік теңіз жолы өтеді, оның жалпы ұзындығы 4500 км.

Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері  қорықтарға кедейлеу болып келеді. 1939 жылдан бері Ақ теңіз жағалауында Қандалақшы қорығы жұмыс істесе, 1975ж «Врангель Аралы» қорығы ұйымдастырылды, бұл қорық Врангель аралында  орналасқан. 1584ж. ТМД елдері бойынша ең ірі Усть- Лена қорығы  ұйымдастырылды, ол Лаптевтер теңіздерінің жоғарыда орналасқан. Бұл қорықтың барлығында табиғатты қорғау жұмыстарымен қатар табиғи- аймақтық  кешендер және теңіз атмосферасы теңіз бен құрлық арасындағы өзара әсерлерін анықтаумен айналысады.

Баренц теңізі. Жалпы ауданы 1424 мың км2,су көлемі 316 мың км2, орташа тереңдігі 222м, ең терең жері 600м жетеді.

Барлық теңіздердің климаты- полярық теңіздік, яғни қысы суық, ұзақ, жазы қысқа салқын. Теңіздердің солтүстігінде арктикалық ауа массалары басым болса, оңтүстікте қоңыржай ендіктің ауа массалары әсер етеді. Қыста және жазды күні теңіз үстінде арктиканың фронттық процестері пайда болып, солтүстік атланттық циклондар    Баренц теңізіне қоңыржай ендіктің  теңіздік жылы және континенттік ауасы әкеледі. Ал,Баренц теңізінің орталық бөлігінде жиі циклондық  әрекеттің нәтижесінде  өте күшті дауылдар соғып тұрады. Қыстыгүні t-ра теңіздің орталығы мен оңтүстігінде -180 С, ал әртүрлі бағытта 3 жаңа тектоникалық қозғалыстың әсерінде қалыптасқан. Кола түбегінде көтеріңкі Балтық щиті пайда  болып, теңіз жағалауы кристалл жыныстармен  жабылған, ал оңт- шығыс жағалауы биік құзды, тік болып, көптеген шығанақтармен тілімденген. Баренц түбегінде жыл бойы пайдаланатын ірі портты Мурманск қаласы орн-н. Осы қала арқылы теңізде балық  өнеркәсібі дамып, оны көптеген елдер пайдалануда.

Лаптевтер теңізі, аудандары 662мың км2, су көлемі 353мың км3, орташа тереңдігі 533м, ең терең жері 3385м. Лаптевтер теңізі Солтүстік жер және Новосиоирск аралдарының аралығында орналасқан. Теңіздің қазіргі шұңқыры 2 аликти тұрады, солтүстікте  ылдылы жазықтар мен материктік  асткілердің кемелері жатыр ,осы жерде теңіздің ең терең аймағы орн-н. Ал, оңтүстік бөлігінің тереңдігі 50 м -200 м дейін өзгеріп, релінді Евразиялық- аккум-тік жазық б.к.

Таймыр түбегінің солтүстігінде қатпарлы палезосінің құрлымдар п.б. теңіз жағалауы көптеген шығанақтар мен тілімденген. Теңіздің шығанақ жағалауында мерзой қатпарлығының құрлымдары қалыптасты. Жыныстары-көлді-аллювиалдың шөгінділер болып келеді. Бұл теңізге Лена ,Яна, Оленек және т.б. өзендер келіп құяды. Теңіздің  климаты келсек, Солтүстік Мұзды мұхиты теңіздері ішіндегі климаты ең қатал теңіз болып келеді. Қыстыгүні ең төменгі t-ра-520С-қа жетеді, ал қаңтар мен ақпан айларында орташа t-ра -300С. Ал жазы  салқын, қысқа болып, маусым айларында орташа t +20С жылдық жауын-шашын мөлшері 100мм. Қыркүйек айынан бастап теңізде мұз қата бастайды, сондықтан бұл теңізді навигациялық пайдалану үшін шілде мен тамыз айлары қолайлы.                                             

Шығыс Сібір теңізі. ауданы 936 мың км2, көлемі 49 мың км3, орташа тереңдігі 54м, ең тереңдігі 915м, Новосибирск және Врангель аралының аралығында орналасқан. Климатына келсек, қаңтардағы орташа t-ра теңіздің  батысында -300С, шығысында -250С. Жаздыгүні теңіз бетінде солтүстік желдер басым болып, шілде айының ортасында температура +2+30С. Қыркүйек айының соңына қарай мұз қату басталып, t-ра 00+10C-қа жетеді.

Атлант мұхиты теңіздері             

Атлант мұхитының бассейініне -Балтық, Қара және Азов теңіздері жатады. Бұл теңіздер ТМД елдерінің батыс бөлігінде орналасқан. Олардың негізі белгілері:

барлық теңіздер Евразия материгінде жатыр;

бастапқы материктік ағындары Шығыс Европа жазығынан басталады;

осы бассейндегі ірі өзендердің бастаулары бір-біріне өте жақын орналасқан;

ауа массасының батыс тасымалы теңіз климатына шешуші әсер етеді.

Геологиясына келсек, Батыс теңіздерінің қазан шұңқыры Шығыс Европа платформасының Балтық қалқаны мен орыс плитасында орналасқан. (Қалқан дегеніміз -жер қыртысының қатпарлы негізінің жер бетіне шығып жатқан үлкен аймақ түбі тереңде орналасады).Қара және Азов теңіздерінің қазан шұңқырлары Скиф плитасының альпі қатпарлы белдеуі мен оңтүстік өлкенің ішкі бөлігінде қалыптасты. Понтида деп аталатын құрлықтың төмен түскен жерінде терең Қара теңіз қазан шұңқырында пайда болып, теңіз түбі аккумулятивтік жазық түрінде қалды. Төрттік дәуір кезінде Қара және Азов теңіздері Каспий теңізімен бірге болған. Атлант мұхитының барлық теңіздері транспорттық бағытта қолданылады. Қазіргі таңда теңіздер әртүрлі өсімдіктермен жануарлар дүниесіне өте бай болып келеді.

Балтық теңізі  ауданы 419км2, су көлемі 21,5км3, орташа тереңдігі 40,100м, ең терең жері 470м. Балтық теңізінің геологиялық жағдайына байланысты ішкі теңіздер типіне жатады, себебі, оны барлық шетінен құрлықтар қоршап жатыр. Балтық теңізі төрттік дәуірде  қалыптасқан. Мұздықтардың еруі мен әртүрлі тектоникалық қозғалудың әсерінен теңізді көптеген көл және теңіз кезеңдері болып өткен. Теңіздің қазан шұңқыры Дат бұғазы мен орталық бөлігі үлкен үлкен 3 яғни Ботнический, Фин және Рига шығанақтарынан тұрады. Теңіздің солтүстік жағалауы кристалл жыныстардан тұрса, оңтүстігі борпылдақ шөгінді жыныстардан құралған. Климатына келсек, қаңтардағы ауаның t-сы оңтүстік -1-+10С, орталығында -30С, солтүстіктегі Ботнический бұғазының шығысында -5-80С, ал кейбір суық күндері ауаның t –сы -30-350С-қа дейін төмендейді.

Жаздыгүні теңіз бетінде батыс бағытындағы желдер басым болып, соның әсерінен ауа райы салқын әрі ылғалды болып тұрады. Шілде айындағы ауаның орташа t –сы солтүстікте +16-180С, жылдық жауын-шашын мөлшері 700-800мм. Бұл теңізге Нева Висме, Нямунас, Дсиравя өзендері келіп құяды.

Соңғы жылдары Балтық теңізінің жағалауында ластану нәтижесінде экологиялық қиындықтар пайда болып отыр, яғни, бұл қоғам назарын табиғатты қорғауға аударып отыр.

Қара теңіз  ауданы - 422 мың км2, су көлемі 555 мың км3, орташа тереңдігі -1315м, ең терең жері -2210м. Құрлықтағы бұл теңіз Шығыс Европа жазығы, Қырым, Балқан түбегінде, кіші Азия мен Кавказ мойынтығының аралығында орналасқан. Қара теңіз қазан шұңқыры түбін кайназой эрасының шөгінді қабаттары алып жатыр . Теңіздердің солтүстік жағалауы  он  тілімденген жағдайда болса, ал Кавказдың жағалауы анағұрлым тік жарлы биік Сухуми қаласынан Батумиге дейін теңіз жағалауы анағұрлым жазық болып келсе, оңтүстік жағалауында Батыс және Шығыс Понти таулы  қыраттары созылып жатыр.

Климатына  келсек, Қара теңіз батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Сондықтан Қара теңіз жағалауының климаты көбінесе жерорта теңіздік климатқа ұқсас келеді, яғни қысы ылғалды жылы, жазы құрғақ ыстық.. Мұнда қаңтар айының орташа  температурасы солтүстік-батыста -2,20С, оңтүстік-шығысында -1-20С, Қырым мен Кавказ жағалауының  қыстағы t-сы Ялтада +3,70С, Батумиде +6,20С. Жаздыгүні теңіз бетіне күн сәулесі өте жақсы түсетіндіктен ауасының t –сы солтүстік батыс +22,05, оңтүстік шығыс +260С,  жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-800мм-ге дейін. Қара теңіз жағалауында көптеген қорықтар ұйымдастырылған, олар: Карадаг,Марьтян, Дунайские Плавни және т.б.

Ішкі бассейн теңіздері

ТМД елдеріндегі  ішкі ағынсыз бассейнге 2 ірі  көл-теңіздер Каспий мен Арал жатады, бұл екеуі де шөлдердің арасында орналасқан. Каспий мен Арал теңіздері бірдей ендікте жатқанына қарамастан, олардың бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері бар, атап айтсақ, деңгейлердің әртүрлілігі, тұздылығы , т.б.

Каспий теңізі әртүрлі тарихи дамуды басынан өткізген. Б. ғ.1000 жылдарында бұл теңіздердің деңгейі дүниежүзілік  мұхит деңгейінен 32м тереңде жатқан. Оның құрлықтағы жағалауларында бірнеше қуатты қамалдар мен әртүрлі бағыттағы тас жолдар салынған. Ал, қазіргі кезде сол  қамалдардың дуалдары мен жолдары су астында теңіз деңгейіненінен 4м төменде жатыр. Каспий теңізі 80%- жуық суды Волга өзенінен алса, қазір Волга суын көптеген суқоймаларын толтыру үшін және ауыл шаруашылығында пайдаланудың артуына байланысты  Каспийдің деңгейі 28м-ге жетеді.

Арал теңізіне келсек, ол да көптеген тарихи жолдардан қалыптасқан.Х ғасырда  мұздықпен қоректену көлемінің азаюына  байланысты Аралдың суы төмендеді, яғни  Сырдарияның  құя беріс  атырауында Жаңакент қаласы салынған. Ал ХVIғ  Сырдария өзені суының көбеюіне байланысты Арал теңізінің деңгейі көбейіп, Сырдария атырабының көп бөлігі су астында қалды. Ал,  қазіргі кезде Арал теңізінің құрғақтанып, суының жоғалуы негізгі мәселе болып отыр.

Каспий теңізі, ауданы 363 мың км2, көлемі -78 мың км3, орташа тереңдігі 180м, ең терең жері 1025м. Бұл теңіз дүниежүзі бойынша  ең үлкен ағынсыз бассейін болып саналады. Теңіздің қазан шұңқыры әртүрлі жастағы төмен түскен тектоникалық құрылымдардан пайда болып, оның морфологиясы мен жағалық типтерінде әртүрлі болды. Теңіз қазан шұңқыры 3 бөлікке бөлінген. Солтүстік бөлігі ( солтүстіктен  Маңғышылақ түбегіне дейін)-су аздау болып келеді, орташа тереңдігі 10 м-ге жетеді. Ал, орталық бөлігінің тереңдігі 500-800 м-ге жетеді, ол Красноводск қаласына дейінгі аралықты алып жатыр. Ал,оңтүстігі өте суы мол және терең болып, оның жағалауларында лайлы вулкандар тараған .

Климатына келсек, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200км-ге созылып жатыр, қыста теңізге Азия максимумы ықпал етіп, төменгі қысымды аймақтарда солтүстік-шығыс бағытындағы желдер соғып тұрады. Қаңтар айындағы орташа температура теңіздің орталығы мен солтүстігінде 00С, ең оңтүстік шетінде +8-100 С-қа  дейін төмендейді. Тек солтүстігінде ғана мұз қатып, сол мұздар қаңтардан наурыз айына дейін жатады. Ал,жаздыгүні шілде айының орташа температурасы солтүстікте +24, оңтүстігінде +26+280С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстікте 200мм, ал оңтүстік-батыста Ленкорань қаласында 800мм.

Каспий теңізі транспорттық бағытта зор маңызға ие болып отыр, сонымен бірге балық шаруашылығы үшін өте тиімді, әрі қолайлы теңіз болып табылады.

Тынық  мұхиты теңіздері

ТМД елдерінің шығыс жағалауын Тынық мұхиты мен оның  бірнеше теңіздері- Беринг, Охот және Жапон теңіздері қоршап жатыр. Бұл теңіздердің солтүстік-шығыстан оңтүстік- батысқа қарай жалпы ұзындығы 5000км-ден асып түседі, сонымен бірге осы теңіздер Тынық мұхитынан Алеут, Куриль және Жапон аралдары арқылы бөлініп жатыр. Теңіздер аса ірі Евразия материгі мен Ұлы Тынық мұхиты аралығында орналасқандықтан теңіз атмосферасына құрлық пен мұхиттың өзара біріккен әсері тиіп отырады, яғни теңіздердің үстінде муссондық және циклондық циркуляциялар үстемдік етеді. Қыстыгүні  Беринг теңізінің солтүстік бөлігі ғана қатса, Охот теңізін мұз түгелімен алып жатады.Тынық мұхитының тереңдігінде су алмасу сағат тіліне қарсы бағытта жүріп отырады. Бұл теңіздердің барлығы да транспорттық бағытта қолданылып келеді, оның негізгі порттары-Владивосток, Находка, Петропавловск-Камчатский,  Магадан, Карсаков және т.б.

Охот теңізі  ауданы-1583 мың км2, су көлемі,-1583 мың км3, орташа тереңдігі-774м, ең терең жері-3521м. Сахалин, Куриль және Хоккайдо аралдары мен Камчатка түбегінің аралығында үлкен  қазаншұңқырды алып жатыр. Қазан айынан бастап маусым айына дейін теңіздің бетін түгелдей мұз қаптап жатады. Геологиясына келсек, теңіздің орталық бөлігі ерте және ежелгі  платформаның төмен түскен учаскелерінде қалыптасып, қырқалы- аккумулятивтік жазықтар алып жатыр, ал оңтүстік бөлігі Куриль қазаншұңқырымен бірге, олигоцен-неоген дәуірінде , мұхиттық  типте пайда болған, қазіргі кезде оның түбінде шөгінді қабаттар жиналуда. Бұл Охот теңізі осыдан 10мың жылдар бұрын мезозойлық құрлық Охотияны су басудың нәтижесінде пайда болған.Охот теңізінің жағалаулары  таулы биік. Теңіздің климаттық жағдайына муссондық циркуляция ықпал етеді, яғни қыстыгүні  Охот теңіздерінің үстінде солтүстік батыстың суық континенттік ауа массалары үстемдік етеді. Қаңтар айының орташа t-расы  солтүстікте -200С, оңтүстікте -5-60С. Мұндағы ең жылы ай тамыз айы болып есептеледі, ондағы ауа t-расы солтүстікте +10,60С, оңтүстікте +180С, жылы. Жауын-шашын мөлшері солтүстікте 500-600мм, оңтүстікте -1000мм.

Жапон теңізі, ауданы -1062 мың км2, су көлемі-1630 мың км, орташа тереңдігі 1534м, ең терең жері -3699м. Евразияның жағалаулары мен Сахалин, Хоккайдо және Хонсю аралдарының аралығында орналасқан. Теңіз қазаншұңқырының түбі әртүрлі тектоникалық құрылымдарда пайда балған, оның ең ежелгі участогы   кембрийіге дейінгі кезеңде қалыптасып, теңіз түбінің оңтүстік -батысында жайғасқан. Ал, ең жас участок теңіздің орталық бөлігінде орналасқан.

Климатына келсек, теңіздің көпшілік бөлігі қоңыржай климаттық белдеуде жатыр, тек қана ең оңтүстігі  ғана субтропиктік белдеуде жатыр, климаты муссондық. Қаңтар айының орташа t-расы солтүстікте -180С, Сахалин аралы жағалауында -8-60С. Ал жазғы t-ра  тамызда оңтүстікте -160С, солтүстікте +12-140С.

Жапон теңізі транспорттық бағытта қолданылып келеді, сонымен бірге теңіз жағалауында портты қалаларда  теңіз және теңіз көліктері арқылы ТМД елдері мен басқа да шетелдермен жүк айналымдары жүріп отырады. 

 

Тақырыбы: ТМД елдері аумағының жер бедері және геологиялық құрылысы

 

1. Орографиялық негізгі белгілері

2. Геологиялық құрылысы

3. Ежелгі қатпарлық белдеулер

 

Орографиялық негізгі белгілері     

ТМД елдері территориясының 60%-ке жуығын жазықты аймақтар алып жатыр. Жазықтар ТМД елдерінің батыс бөлігіне  шоғырланса, ал таулы үстірттер, қыраттар мен таулар Енисей өзені аңғарынан шығыста Тынық мұхитының жағалауына дейін созылып жатыр. ТМД елдерінің территориясында  2 ірі жазықтар бар:

  1. Шығыс Европа;

2) Батыс Сібір- бұл 2-уі де дүние жүзіндегі үлкен жазықтар болып саналады. Орташа биіктіктегі тау сілемдері Тынық мұхиты теңіздері жағалауын бойлап орналасса,ең биік таулар ТМД елдерінің оңтүстік шекарасының бойымен созылып жатыр. Оңтүстіктегі осы таулардан  Солтүстік мұзды мұхитқа қарай жер бедері аласара бастайды. Оңтүстіктегі тау жүйелеріне Қарпат, Қырым таулары, Кавказ, Копетдаг, Тянь-Шань, Памир, Алтай, Саян және Байкал маңы тау сілімдері жатады. Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Алтай таулары Евразияның биік тауларының қатарына жатады. Памир мен Тянь-Шань тауының көптеген шыңдарының биіктігі 7000м ден асады. ТМД елдеріндегі ең биік шыңдары Коммунизм (Памир 7495м), Алтай тауларындағы –Ленин шыңы (7134м), Тянь-Шаньның ең биік шыңы –Жеңіс шыңы (7439). Памир мен Тянь-Шань тауынан батыс пен шығысқа қарай тауының биіктіктері төмендейді, Алтай тауларында Белуха шыңы (4506м), Саян тауларында Мунку-Сардык (3491м), Кавказда - Эльбурс (5642м), Карпатта Говерла  (2061м).

 

Геологиялық құрылысы   

ТМД елдері территориясының  орографиясы күрделі геологиялық тарихты басынан өткізіп, көптеген кезеңдерде қалыптасқан. Мұндағы ірі ойпаттар мен жазықтың таулы үстірттер платформаларға сай келсе, ал таулы құрылымдар- қатпарлық белдеулермен сәйкестенді (Платформа дегеніміз- жер қыртысының қозғалмалы бөлігі). ТМД елдері жер бедерінің қалыптасуына қатпарлы белдеулерде болып өткен жаңа тектоникалық  қозғалыстар ықпалын тигізеді, яғни ТМД елдері территориясы бірнеше литосфералық плиталарда орналасқан; солтүстіктігі  Евразия плитасында, батыс бөлігі солтүстік америка плитасында, шығысы  Амур плитасында. ТМД елдері территориясының көпшілік бөлігінде қалыңдығы 35-65км –ге жететін шөгінді, гранитті, базальтты жер қабаты алып жатыр. Осыған орай жер бедері мен жер қабатының байланысын білуге болады: Жер бедері неғұрлым биік болса, жер қабаты соғұрлым қалың болады, ТМД елдеріндегі ең қалың қабат Памирде (60-65км), ең төменгі Охот теңізінде (15-20км). Охот теңізі плитасында жер сілкініс зоналары орналасқан.     

 

Ежелгі қатпарлық белдеулер

ТМД  елдері территориясындағы  ең ежелгі қатпарлық белдеулер архей мен протерозой араларында (2600-500млн.жыл) қалыптасқан. Бұл белдеулерде палеозой шөгінділері жиналып, ежелгі қалқандар пайда болған. ТМД территориясында бірнеше қатпарлықтар құрылымдар бар:

1) Архей - протерозой қатпарлығында Шығыс Европа және сібір плиталарының ең ежелгі платформалары қалыптасқан, олардың құрамында кембрийден кайназойға дейінгі жыныстардың барлығы кездеседі.

2) Протерозойдың аяғы мен  кембрийдің басында Байкал қатпарлығы болып өтті де, ол сібір платформасының оңтүстігін қамтып, бұл кезеңде Байкал маңындағы тау жүйелері, Шығыс Саян және Урал тауының кейбір қыраттары көтерілген.

3) Кембрийдің ортасы мен девонның бас кезінде  Каледон қатпарлы байқалып, бұл уақыттарда Саян Алтай, Тянь-Шаньның солтүстік тізбектері және Қазақтың ұсақ шоқысының батыс бөліктері түзілген.

4) Девонның аяғы мен пермнің соңында ең қуатты түзілістердің бірі- герцин қатпарлығы болып өткізілді. Герцин қатпарлығы Урал, Быранга, Батыс Алтай,  Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөліктері Тянь-Шаньның оңт тізбектерін  және Амур бассейніндегі тау жүйелерін қамтыды.

5) Мезозой қатпарлығы Сібір платформасының шығыс жағалауынан бастап Беринг теңізіне дейін және Приморьедегі Сихотэ-Алин аймағын, Памир тауларын қамтыды.

        ТМД елдері территориясында ежелгі болып өткен               денудациялық процестер мен тектоникалық көтерілудің нәтижесінде қатпарлы тау жүйелері қыраттар, орташа және аласа таулар, үстірттер және аккумулятивтік жазықтар қалыптасқан.

6) Кайназой қатпарлығы бұл ең жас тау белдеулігі  Кавказ, Қырым, Карпат,  Копетдаг таулары мен Коряк қыраты, Анадырь ойпаты, Камчатка, Куриль және Сахалин аралдарын қамтиды.

 

Тақырыбы: Климаты. ТМД елдері аумағының климатын қалыптастыратын негізгі факторлар

 

  1. Климат қалыптастырушы факторлар
  2. Қысқы маусымның климаттық ерекшеліктері
  3. Жазғы маусымның климаттық ерекшеліктері
  4. ТМД елдеріндегі климат типтері

 

Климат дегеніміз (гректің кlima- жер бетінің Күн сәулелеріне қарай еңістігі деген сөзінен шыққан)- Яғни, белгілі бір жерге тән ауа-райының көп жылдық режимі, атмосфераның белгілі бір күйі. Климат қандай да бір территорияның географиялық ендігіне, теңіздер мен мұхиттардың  жақындығына, жергілікті жердің  мұхит деңгейінен биіктігіне, тау жоталарының орналасуы мен желдердің соғу бағытына қарай өзгеріп отырады. Ал, географиялық ендіктерге байланысты климат экватордан полюстерге қарай өзгереді. Жер шары бойынша 5 климаттық белдеу бар: ыстық, 2 қоңыржай және 2 суық немесе полярлық белдеулер. Аймақтың климаты жылу мен ылғалдың ара қатынасы мен топырақтың қалыптасу жағдайлары мен таралуын анықтайды. Бүкіл жер шарының, Евразияның, соның ішіндегі ТМД елдерінің климаттық ерекшеліктерін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан атап айтсақ, Алисов, Григорьев, Войеков және тағы басқалар. ТМД елдеріндегі климатологиялық ілімнің негізін қалағандар болып есептеледі, сонымен бірге осы аталған ғалымдар климаттың басқа табиғи компонентермен байланысын анықтап, сол сияқты өзендердің гидрологиялық режимдеріндегі ерекшеліктерін зерттеген.

            

Климат қалыптастырушы факторлар   

ТМД елдерінің климаты көптеген факторлардың ықпалымен қалыптасқан,олар: Күннен түсетін жылу мөлшері, ауа массаларының қозғалысы, құрлық бетінің ерекшеліктері, адам әрекеттері және аймақтың географиялық ендігі.

Климаттың қалыптасуындағы ең негізгі ықпал ететін радиациялық және циркуляциялық жағдайлар. Олар ауаның t-ра режимін, ауа массасының типтері мен  қозғалысын, фронттық процестерді, атмосфералық жауын-шашындарды анықтап, жылу мен ылғалдың ара қатынасын көрсетеді.

1)Күн радиациясы  - бүкіл географиялық қабыққа келіп түсетін және  климаттың қалыптасуына әсер етуші  негізгі энергия көзі болып табылады. ТМД елдері территориясының көпшілік бөлігі қоңыржай және субарктикалық белдеулерде орналасқан. Сондықтан, оған күннің түсуі сәулесі ендіктер бойынша әркелкі таралады. Мыс: Солтүстік Жер аралындағы  артикалық белдеуде радиация  жиынтығы-60 ккал|см2 болса,  ал Туран ойпатының субтропиктік белдеуінде 160 ккал/см2-ге тең.

ТМД елдерінің территориясына күн радиациясының ең көп мөлшері  мамыр мен шілде айларының аралығында түседі : мұның себебі – күн горизонтынан барынша биікке көтеріліп, күн ұзақтығы ұзарады.  600  ендіктің солтүстігінде маусымдағы радиация жиынтығы-14-16 ккал/см2 ал, 600С  ендіктің оңтүстігінде 15-21 ккал/см2 жетеді. Ал қыстыгүні  күн радиациясы күрт азайып, күннің ұзақтығы қысқарады, соның әсерінен t-ра төмендеп, қатпардағы радиация жиынтығы оңтүстікте 5-6 ккал/ см2, ал солтүстікте 1 ккал/см2 жиналады, ал Таймыр түбегі мен  арктикалық аралдарда күн радиациясы мүлдем болмайды.

Күн радиациясының түсуіне бірден бір ықпал етуші бұлттылық болып табылады. (Бұлт  дегеніміз- атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз кристалдарының жиынтығы. Бұлттар ауа массасының жоғары көтеріліп суынуы нәтижесінде пайда болады). Бұлттар күннің тікелей таралу үлесін азайтып , олардың шашырап таралуын арттырады. Мыс: осыған байланысты Артикада күннің түсу бұрышының аздығынан, бұлттылықтың әсерінен, сонымен бірге жер бетінің  альбедосынан жер бетіне келетін күн  сәулесі аз болады. Альбедо –деп жер бетінің жарықты шағылыстыру қабілеті мысалы, Арктикада барлық уақытта қар жамылғысы басып жатқандықтан, ол жердің жарықты  шағылыстыру қабілеті жоғары болады. Ал оңтүстіктегі субтропиктік белдеуді күн сәулесінің түсу бұрышы тік, бұлттылық мөлшері аз болып, соның нәтижесінде  радиация жиынтығы Арктикада-2-3 ккал/см2, Таймырда 10-11 ккал/см2, ал ТМД елдері территориясының оңтүстігінде -30-35 ккал/см2-ге дейін жетеді.

2)Климаттың қалыптасуына ықпал етуші келесі фактор- циркуляциялық жағдайлар. Циркуляция дегеніміз (латынша – шыр айлану) жер бетіндегі ауаның әртүрлі  қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі. Циркуляциялық жағдайлар жоғары және төменгі қысымдағы теңіз, мұхит және құрлықтар арасында жүріп отырады. ТМД елдерінің климаты мынадай  қысымдық орталықтар (барические центры) ықпал етеді: Жоғары қысымдағы аймақтар- Азор, Арктика және Азия максимумдары, төменгі қысымдағы аймақтар-Исланд және Алеут минимумдары. Жоғары және төменгі қысымдағы аймақтарының өзара  әсерлерінен ауа массасының тасмалдануы мен желдің бағыты, жылдамдығы анықталады. Қысымдық орталықтар жыл мезгілдері бойынша әркелкі таралады. Қыстыгүні қаңтар айында жоғары қысымды Оңтүстік сібір тауларына ықпал етіп, осы жерден бірте-бірте жазға қарай төменгі қысымдағы аймаққа айналады. Ал шілде айында жоғарғы қысым ТМД елдеріне көрші жатқан  мұхиттар мен теңіздерге ықпал етеді.

ТМД елдерінің климатын анықтайтын бірнеше көрсеткіштері бар. Олар атмосфера қысымы, ауа температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, жел, бұлттылық. Климаттың негізгі сипаттамасы осындай метерологиялық элементтердің ұзақ жылдарғы орташа және абсолюттік мөлшерлері бойынша анықталады.

Ауа массалары- ТМД  елдерінің территориясын қоршаған мұхит, теңіз және құрлықтардан келіп, олардың орын ауыстыру себептерінен ТМД елдерінің Солтүстік Мұзды мұхит жағында арктикалық ауа массалары басым болады. Ал қоңыржай белдеуі қоңыржай ендіктік ауа массалары ықпал етіп, олар көп мөлшерде ылғалдылық әкеледі. ТМДелдері территориясының  батыс бөлігінде Жерорта теңізінен Қара теңізге дейін теңіздік тропиктік  ауа массалары әсер етеді. Олар ТМД елдері территориясының  оңтүстік- батыс бөлігіне көп мөлшерде жылу мен ылғал тасымалдап, оңтүстік аймақтарда шаңның пайда болуы мен климаттың құрғақтануына айналады. Осындай физикалық қасиеттері әртүрлі болатын ауа массасының бірігуінен  атмосфералық фронттар пайд болады. ТМД елдерінің территориясында ауа массасының 3 түрі ( арктикалық ,қоңыржай және тропиктік), атмосфералық фронттың 2 түрі (арктикалық және полярлық) бар.

Сол сияқты ТМД елдеріндегі ауа райының өзгеруіне септігін тигізетін антициклондар мен циклондар.

Антициклон – тұрақты жоғары атмосфералық қысым аймағы. Антициклонның орталығында қысым жоғары, ал шетіне қарай төмен болады. Ал циклон керісінше төменгі атмосфералық қысым аймағы.

3)Ауа массаларының  қозғалысына әсер етуші келесі фактор- жер бедері. Жазықты аймақтарда ауа массалары еркін тасмалданып аймақтың тұрақты климатын қалыптастырушы, ал таулы аймақтар ауа массасының қозғалысына кедергі келтіреді. Мыс: Арктикадан шыққан суық ауа массалары Кавказ тауының солтүстік етектерінде келіп тоқтаса, осы кезде бірдей шыққан ауа массалары Байкал мен Қиыр шығысты басып өтіп, Тынық мұхиты теңіздерінің жағалауына барып бір-ақ тоқтайды. Сол сияқты, тауаралық ойыстарда климатқа зор әсер етеді.Ойыстардың түбінде  тем- ра төмен болса, беткейлерінде жоғары болады. Ал, биік тауларда әртүрлі типтегі ауа массасының қосылуынан атмосфералық фронттар жиі-жиі пайда болады, сондықтан тау беткейлеріне жауын-шашын мөлшері  көптеп түседі. Тау беткейлері мен жоғары көтерілген ауа массалары бірте-бірте суынып, шыңына қарай мұздықтармен көп жылдық  тоңдардың қалыптасуына жағдай жасайды.

Адамдардың шаруашылық әрекетінен қазіргі кезде  атмосфераның ластануы байқалады. Өнеркәсіптік және химиялық кәсіпорындарының қалдықтарынан, автомобиль және темір жол транспорттарының жүрісінен, отынның түтінінен және  орман мен далалы аймақтардың өртенуінен атмосфераға көп мөлшерде зиянды қоспалар келіп түседі. Атмосфераны ластанудан сақтау үшін, кәсіпорындарда фильтрлі қондырғыларды орнатып, орман алқаптарын өрттен сақтау қажет.

 

Тақырыбы:     Ішкі сулары. ТМД елдерінің өзендері. Өзендер жайлы жалпылама мәліметтер

 

  1. Ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылықтар;
  2. ТМД елдерінің негізгі өзендері мен олардың гидрологиялық режимі;
  3. Өзендердің экологиялық жағдайы мен проблемалары;

 

Құрлықтағы ішкі суларға: өзендермен көлдер, жер асты сулары, жасанды су қоймалары, топырақ ылғалдылығы,сол сияқты мұздықтар, көп жылдық тоңдар жатады. Бұлардың барлығы бір-бірімен байланысып, су айналымын жасайды. Сонымен бірге, тұщы сулар тірі организмдер, ал шаруашылығы мен өнеркәсіптер үшін пайдаланылып, маңызды табиғи ресурс болып есептеледі. Қазіргі кезде су ресурстарын тиімді пайдаланып оны қорғау мен  сақтау -негізгі мәселе болып отыр.

Су баланстары едәуір мөлшерде түсетін жауын –шашын мөлшері мен буланудың арақатынасына байланысты анықталады. Сондықтан, ТМД елдері территориясындағы ішкі сулар табиғат зоналарына байланысты орналасқан. Кейбір жерлерде ылғалдың молдығынан  өзендердің суы көп болып, осы жерлерде көлдер мен батпақтар қөптеп шоғырланған, ондай аймақтарға Шығыс Европаның батысы мен Батыс сібір жазығының орталық  бөліктері жатыр.

Ал,басқа бір аймақтарда жауын-шашын мөлшерінің аздығынан, жер беті суларының қоры азайып, өзен аңғарлары кеуіп құрғап кетеді, мұндай аймақтарға Тұран және Каспий маңы ойпаттарын жатқызуға болады. ТМД елдеріне орташа есеппен жыл бойына 531мм түсетін атмосфералық жауын-шашынның 333мм-і буланып, қалған 198мм-і өзен ағыны ретінде мұхиттар мен су қоймаларына қосылады.Су балансының өзгерісіне климаттық тербелістер мен бірге адамзаттың шаруашылық әрекеттері де ықпал етеді. Мысалы: жауын-шашынның шектен тыс көбеюі немесе қатты құрғақтануы су балансына үлкен өзгерістер әкеледі, яғни ТМД елдері территориядағы халық шаруашылығының дамуы мен олардың әркелкі таралуынан онда өзендер, көлдер, батпақты аймақтар қолданылады.

ТМД елдерінің өзендері.  ТМД елдері өзен жүйелеріне өте бай деп айтуға болады. Олардың жалпы су ағындары 2963398км болса, ұзындықтардың қосындысы 9647864км-ге жетеді. Барлық өзендер халық шаруашылықта қолданылып, оның дамуы үшін маңызды роль атқарады. Өзендер негізінен кеме шаруашылығы, орман ағаштарының тасмалдау үшін, электр энергиясын өндіру үшін, егістіктерді суару үшін, сол сияқты халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп балық аулау үшін пайдаланады. ТМД елдерінің барлық өзендері суларын Тынық, Атлант, Солтүстік  Мұзды мұхиты мен ішкі ағынсыз Арал- Каспий бассейіндерінің 14 теңізіне апарып құяды. Өзен бассейіндерінің шекаралық тау жүйелері, қыраттар, үстірттер, ормандар, батпақтар, далалар мен шөлдер арқылы өтеді. Өзендерді бірнеше бөліктерге біріктіреміз.

1)ТМД елдерінің  территориясындағы таралу ауданы ең үлкен Солтүстік Мұзды мұхит бассейіні, оның аудандары- 11,7 млн м2. Бұл мұхиттың 6 теңізі (Ақ, Кар, Баренц, Лаптевтер, Шығыс Сібір) Уралдан және Шығс Европа жазығынан келетін көптеген өзендерді қабылдайды, яғни бұл теңіздер ТМД елдеріндегі ең ірі деген өзендер- Солтүстік Двина, Печора, Обь, Енисей, Лена өзені, ұзындығы 4400км, су жинау бассейіні үлкен Обь өзені, оның бассейіннің ауданы 2990мың км2. Бұл бассейіндердің өзендері өздерінің бастауынан құя беріс сағасына дейін бірнеше табиғат зоналарын басып өтеді.Мысалы: Енисей өзені Батыс Саян тауларынан басталып, тауаралық ойыстар арқылы өтіп, содан кейін Батыс Сібір жазығының орманды-даласына шығып, содан сібір тайгасын және орманды-тундра мен тундраны басып өтіп, Кар теңізіне келіп құяды. Бұл бассейіннің көпшілік бөліктерін көп жылдық тоңдар басып жатады, соған қарамастан Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінің өзендері кеме қатынасы үшін қолданылып, су энергия қорына өте бай болып келеді.

2) Каспий –Арал  ағынсыз бассейіні, бұл ТМД елдерінде екінші орын алады, яғни ауданы 4900 км2. Бұл бассейінге Каспий, Арал және  Балқаш көлдерінің бассейіндері мен бірнеше өзендер жатады, бұл өзендердің ең ірісі- Волга (3530км), Сырдария (2660км), Амудария (2540км), Урал (2430км), Кама (805), Кура (1360км), және ұзындығы 1000км аспайтын басқа да өзендер. Бұл бассейіндегі кейбір өзендер  табиғат жағдайларына байланысты таулы аймақтардан басталып, өзінің құйлысына дейін жетпей, кеуіп кетеді, ондай өзендерге шөл зонасының Шу, Сарысу, Зеравшан сияқты өзендерін жатқызуға болады.

3) Тынық мұхитының бассейіні  ТМД елдерінің шығыс бөлігін қамтиды, оның жалпы ауданы 3,3млн км2. Бұл аймақтың жер бедері қыратты болып келеді. Ең ірі дене Амур өзені, ұзындығы 2820км, ол Татар бұғазына келіп құяды. Ал қалған денелердің ұзындықтары онша ұзын емес, олардың барлығы таулардан басталып, Тынық мұхитына келіп қосылады.

4) Атлант мұхитының бассейіні  ТМД елдерінің батыс бөлігін қамтиды,жалпы ауданы- 1,8млн км2. Бұл аймақтың өзендері әртүрлі теңіздерге барып құяды. Мысалы: Днепр (2280км) Қара теңізге, Батыс Двина (1020км) Балтық теңізіне келіп құяды.

ТМД елдерінің өзендері жаңбыр, еріген қар, мұздықтар және жерасты су көлдері арқылы қоректенеді. Қоректену кездеріне қарай өзендерді бірнеше типке бөлуге болады: жаңбырлы,қарлы,аралас,мұздықты және жерасты сулары. Көпшілік өзендер, соның ішінде Волга, Днепр, Обь, Енисей өзендері жаңбыр суымен қоректенсе, ал Каспий маңы ойпатындағы Ембі өзені, Қазақтың ұсақ шоқысындағы Сарысу және Нұра өзендері еріген қар суларымен қоректенеді. Сонымен бірге жаңбыр суымен қоректену муссонды климатта орналасқан Амур өзеніне де тән. Мұздық суларымен көбінесе Кавказ, Памир жәнеТянь-Шань сияқты биік таулардың өзендері қоректенеді (1-кесте).

                                                                                                                                       1-кесте. Өзендердің әртүрлі қоректенуі

 

Өзен аттары

               Қоректену көздері ,%

Қар суы

Жаңбыр

 суымен

Жер асты

суларымен

Мұздықтар

Печора

55

25

20

-

Дон

61

8

31

-

Амудария

29

-

20

51

Амур

13

63

14

10

 

Қоректену типі мен су тасу мезгілдеріне қарай өзендерді тағы бірнеше топқа бөлеміз: 1) көктемде таситын өзендер;  2) көктем- жаз бойы таситын; 3) жазда таситын;  4) суы мол өзендер.

ТМД елдеріндегі көптеген өзендер көктемде тасып, өзендердің жылдық жиынтық ағымдары, яғни судың ең көп мөлшері осы кезеңде ағып өтеді. Мұндай өзендерге Волга, Обь, Алдан, Колыма өзендері жатады. Ал, екінші топтағы өзендер бұл жылдың жылы мезгілінде тауда еріген қарлар мен мұздық суларының әсерінен су молайып, тасқын пайда болады, ондай өзендерге Қиыр шығыс өзендері, Байкал маңы, Кавказ және Орта Азия өзендері жатады.       

ТМД елдеріндегі өзендердің жылу режимі көбінісе климатқа, t-раға, өзенге келетін жерасты суларына, бассейндегі көпжылдық тоңдар мен мұздықтар көлдерге байланысты болады. Ал, өзен суларының t-расы олардың географиялық орнына тәуелді болады. Мысалы: Кола түбегіндегі өзен суларының орташа t-расы шілде айында +140С болса, ал Днепр мен Волгада +240С-қа жетеді. Ал,Сібірдің солтүстік-шығысындағы өзендерде шілденің ортасы температурасы +60С-қа төмендейді.

Таймыр түбегіндегі өзендерде тіпті қыркүйектің соңында мұз басып жатады.Өзендердегі мұзбасу уақытын климаттық жағдайларға байланысты 1айдан 8 айға дейін созылады.

Өзендердің химиялық құрамына тоқталсақ, көбінесе гидрокарбоннатты, сульфатты және хлоридті болады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай гидрокарбоннатты минерализация бірте-бірте сульфатты, сосын хлоридті минерализацияға айналады, яғни оңтүстікке қарай судың минералдығы мен кермектілігі артып, органикалық заттардың құрамы азаяды.

Өзен ағындарында суды бұлыңғыр ететін қатты заттар кездеседі.ТМД елдерінің территориясында жылына 472млн.т.-дан астам ұсақ заттар өзендер арқылы тасымалданады.Орманды-дала зонасындағы судың бұлыңғырлығы 150г/м3, ал дала зонасындағы 500г/м3-ке жетеді.Осындай ұсақ заттардың тасымалданып, бір жерге жиналуынан өзен түбінің релефі бірте-бірте өзгеріске ұшырайды.

Өзендер ұзындықтарына байланысты 3-ке кіші, орта және ірі болып бөлінеді:1)кіші немесе ұсақ өзендердің ұзындықтары 500км-ден аспайды; 2)ал ұзындығы 101-500км-ге жететін өзендер -орташа өзендерге жатса; 3)ірі өзендердің ұзындықтары 500км-ден асады.

ТМД елдеріндегі барлық өзендердің 99,9%-і ұсақ өзенге, тек қана 0,1%-і ғана өзендердің үлесіне келеді. Бірақ өзендер ұзындықтары мен су бассейіндерінің үлкен-кішілігіне қарамастан, әртүрлі мақсаттарда соның ішінде адамдар үшін,  халықтың ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, ал халықшаруашылығында ГЭС-тер салынып, су диірмендер арналып, өндіріс орындарын қамтамасыз ету үшін қолданылып келеді. Бірақ, соңғы жылдары өндіріс орындарында тиімсіз пайдаланудың салдарынан өзен сулары ластануда.Осындай мәселелерді шешу үшін көптеген өзендерде қарсы техникалық қондырғылар орнатып, бұлақ көздерін ашып, өзен аңғарларын үлкейтіп, тереңдетіп экспедициялар ұйымдастырылды.

 

Тақырыбы:   Көлдер    мен бөгендер. Көлдердің  ТМД елдері аймағында таралу заңдылықтары

 

  1. ТМД елдері территориясында кездесетін көлдер географиясы

2.  Көлдерді жіктеу

3.Бөгендер мен батпақтар және олардың қазіргі кездегі экологиялық жағдайы

4.ТМД елдеріндегі жерасты сулары

 

ТМД елдерінің территориясында 2500 ден астам ұсақ және ірі көлдер бар. Олардың жалпы су айдынының ауданы 1млн км2 . Бұл аймақта – дүние жүзі  бойынша ең ірі көл –Каспий теңізі,  дүние жүзінің ең терең көлі-Байкал көлі және дүние жүзінің ең ірі биік таулы көлі –Севан көлі орналасқан. Севан көлі теңіз деңгеиінен 1914 биіктікте жатыр.

ТМД елдері территориясында көлдер әркелкі таралған, олардың таралуы рельеф, климаттық және гидрогеологиялық  ерекшеліктерімен байқалады. Көл қазаншұңқырлары пайда болу ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді:

  1. Тектоникалық көлдерге- Байкал, Ыстық көл, Севан көлі;
  2. Мұздықты-тектоникалық көлдерге-Таймыр түбегінің көлдері мен Путорана үстіртіндегі көлдер;
  3. Вулкандық көлдер-Камчатка мен Куриль аралдарындағы көлдер;
  4. Карысты мұздықты көлдер-Қырым,Кавказ,Урал тауларының көлдері;
  5. Суффозионды  көлдерге – Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігіндегі көлдер

Жалпы ТМД елдері бойынша көл суларының көлемі 27,2мың км3, соның 82%-і   Байкал көлінде шоғырланған.  Қазіргі табиғатқа антропогендік әрекеттердің күшеюіне байланысты Байкал, Севан және Ладога көлдерінің тұщы суларын сақтап, қорғау-өзекті болып отыр.

Су ресурстарын кешенді пайдалануымен байланысты көптеген өзендерде суқоймалары салынған. Қазіргі кезде 4000 мыңнан аса суқоймалары болса, олардың жалпы көлемі 1 млн м3-қа жетеді.Су қоймалары негізінен,жерді суаруға, елдімекендер мен өндірістік кәсіпорындарды су мен қамтамасыз етуге, гидроэнергетиканың, кеме қатынасы үшін, сол сияқты демалыс аймақтарын ұйымдастыру үшін қолданылады, сонымен бірге су ағыстарын реттеп су тасқындарын азайтады.

Батпақты аймақтар көп жылдық тоңдармен ылғаны мол аймақтарда қалыптасқан, олардың жалпы ауданы 2млн2, яғни жалпы ТМД елдері териториясының 10%-ке алып жатыр. Батпақтану көпшілігінде тундра, орманды тундра және тайга зоналарында етек алған. Батпақты аймақтар елдің экономикасына кері жерлерін тигізуде, себебі мұндай аймақтар өндірістің кез келген санасы үшін, атап айтсақ, өсімдік мол шығармашылықтары үшін, мол қатнастарын салу үшін едәуір мөлшерде тиімсіз болып отыр.

Аймақтық жерасты сулары өзендермен көлдер және батпақтарды бірден-бір қоректену көзі болып саналады, оларды пайдалы қазбаларды қатарына қосып, қалық шаруашылығында әсіресе емдік мақсатта көптеп қолданылуда. Көптеген жазықтықты жерлерде солтүстіктен оңтүстікке қарай судың құрамындағы органикалық заттардың мөлшерінің азайуынан жерасты суларының құрамында тұздың мөлшері көбеюде. Ал ылғалы мол аймақтардағы жер асты сулары тұщы болып жер беті суларымен байланысып тұрады. Ал дала және шөл зоналарында жер асты  сулары өте тереңде жатып оларды химиялық құрамы әртүрлі болып, ал жер бетіне жақын жатқан сулар көп буланып, соның нәтижесінде сор және сортан аймақтар қалыптасады.

Орта Азияның жазықты жерлерінде бұрғылау скваниналары арқылы  жер астынан тұзды сулар  тартылған. Көп жылдық  тоң аймақтарында жерасты суларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты 3 типі бар.

1)Тоң үстінде орналасқан жер асты сулары;

2)  Тоңдардың аралықтарында орналасқан жер асты сулары;

3) Тоң астында орналасқан жер асты сулары.

Тоң үстіндегі сулар қыстыкүні қатып жатқан, ал тоң астымен тоң аралығында жер асты сулары тоңдардың жыралармен ағып жер бетіне көтерілді.

Көп жылдық тоңдар мен қазіргі мұздықтар тұщы сулардың қатты түрдегі қоры болып есептеледі. ТМД елдерінде 10 млн км2 жуық жерді көп жылдық тоңдар басып. Олар жалпы территорияның 48%-ке жуығын алып жатыр. Көп жылдық тоңдар Шығыс Европа және Батыс Сібір жазықтарының солтүстігін, Уралдың солтүстігін, Сібір мен Қиыр шығыстың көпшілік бөлігін алып жатыр.Путорона үстіртінен шығысқа қарай климат күрт қаталданып, мұндағы қыстыгүнгі орташа температура -300 -480-қа дейін тербеледі. Осындай температураның төмендеп, қар жамылғысының қалыңдап, олардың жаздыгүні ерімеуінен, бірте-бірте көпжылдық тоңдар пайда бола бастады.

Көп жылдық тоңдардың қалыптасуы табиғи аймақтық кешендердің пайда болуына әсерлерін тигізді.Сонымен бірге, тоңдар халықтың шаруашылық әректтеріне кері әсерін тигізіп, пайдалы қазбалары өндіруге, жолдар, көпірлер, үйлер және т.б. ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізуге көптеген қиындықтар туғызып отыр.Тондардың таралуы негізінен аймақтың геоморфологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Мысалы: көпжылдық тоңдардың ең қалың жері мен ең төменгі температурасы Солтүстік сібір ойпаттары мен  Яна, Индигирка және Колыма өзендерінің бассейнде кездеседі.

Көп жылдық тоң суларының құрамында ежелгі жануарлардың сүйектері кездесіп отырады, яғни бұл белгілі бір  топтың қай кезден бастап қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ қазіргі кезде көптеген ғалымдар көп жылдық тоңның қай кезеңде қалыптасқандығы туралы дәл мәлімет айта алмай келеді, яғни оның пайда болуы туралы екі тұжырым бар. Кейбір зеріттеушілер мәңгі тоң- жаппай мұз басу дәуірінде пайда болып, қазіргі кезде еріпе жатыр десе, келесі біреулері мәңгі тоңдар осы күнгі климаттық жағдайларға байланысты қалыптасқан деп пікір айтады.

 

Тақырыбы: Жер асты суларын қорғау және олардың экологиялық проблемалары

 

  1. Жерасты суларының таралу ерекшелігі және шаруашылық маңызы;
  2. Жерасты суларының экологиялық жағдайы;
  3. Минералды және термаьлды сулар;

 

Жер асты сулары - деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алқаптың геологиялық құрылысымен анықталады. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге Жер шарының гидросфера қабатын құрап, жалпы су айналымына қатысады. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер асты сулары жер беті суларымен тікелей байланысты.

Жер асты сулары химиялық құрамына қарай сілтілі, жұмсақ, қатты және қышқыл болып бөлінеді. Орналасуына қарай жер асты сулары: 1) шөгінді тау жыныстарының кеуек-қуыстарында  кездескен жағдайда кеуек-қуыс сулары; 2) кристалданған немесе цементтелген тау жыныстарының жарықтары мен жарықшақтарында кездескенде жарықшақ сулары; 3) оңай ерігіш тау жыныстарының құрамында кездессе карст сулары деп бөлінеді.

Тереңдік жағдайларына қарай олар: үстіңгі қалқыма су, грунт суы және артезиан сулары деп бөлінеді. Қалқыма су кішігірім ойыстарда, құмшағылдар арасында атмосфералық жаңбыр мен қар немесе тасыған өзен суларының топырақ қабатына сіңуі нәтижесінде уақытша пайда болған және жер бетіне ең жақын орналасқан сулар. Грунтты топырақ суларының қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты болып келеді. Олар жер бетіне жақын орналасқан жер асты суларынан құралады. Бұл суларды “құдық суы” деп те атайды. Артезиан сулары – терең қабаттарда кездесетін шөгінді жыныстар арасында қалыптасқан жер асты сулары.

Жер асты суларының қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған, тегеурінді және тегеурінсіз, ламинар және турбулентті болып келеді.

Жер асты суларының маңызы орасан зор және жан-жақты. Олар ағынның ең тұрақты бөлігі болып, өзендер мен көлдерді толықтырады; олардың орын алмасуы арқысында еріген заттар тасымалданады; өсімдіктер ылғал мен қоректік тұздар алады; рельефтің сырғу, суффозия, карст қалыптасуына қатысады.

Жер асты тұщы сулары – тұщы сулардың бүкіл дүние жүзілік қорының ең құнды бөлігі.Ол халық пен өнеркісіпті сумен жабдықтау үшін ғана емес, суландыру, суару және мал суаты үшін де пайдаланылады. Термальдық сулардан қазірдің өзінде-ақ жыл сайын көптеген тонна химия шикізаттары, глаубер тұздары, бор қышқылдары, буралар, хлорлы және күкірт қышқылды натрий алынады.Термальды суларды комплексті пайдалану мейлінше тиімді келеді: больнеология, химия шикізаты, электроэнергия, сумен жабдықтау, парник шаруашылығы. Жер асты сулары біздің планетамыздың ең пайдалы қазындыларының бірі. Олар шаруашылық, ауыз сулық, техникалық сумен қамтамасыз етуде, жайылымдарды суландыруда, ауыл шаруашылық дақылдарын суаруда, емдік мақсаттарда, түрлі бағалы заттарды бөліп алатын шикізат ретінде, жылу көзі ретінде пайдаланылады.

Аймақтық жерасты сулары өзендермен көлдер және батпақтарды бірден-бір қоректену көзі болып саналады, оларды пайдалы қазбаларды қатарына қосып, қалық шаруашылығында әсіресе емдік мақсатта көптеп қолданылуда. Көптеген жазықтықты жерлерде солтүстіктен оңтүстікке қарай судың құрамындағы органикалық заттардың мөлшерінің азайуынан жерасты суларының құрамында тұздың мөлшері көбеюде. Ал ылғалы мол аймақтардағы жер асты сулары тұщы болып жер беті суларымен байланысып тұрады. Ал дала және шөл зоналарында жер асты  сулары өте тереңде жатып оларды химиялық құрамы әртүрлі болып, ал жер бетіне жақын жатқан сулар көп буланып, соның нәтижесінде сор және сортаң аймақтар қалыптасады.

Орта Азияның жазықты жерлерінде бұрғылау скваниналары арқылы  жер астынан тұзды сулар  тартылған. Көп жылдық  тоң аймақтарында жерасты суларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты 3 типі бар.

1)  Тоң үстінде орналасқан жер асты сулары;

2)  Тоңдардың аралықтарында орналасқан жер асты сулары;

3)  Тоң астында орналасқан жер асты сулары.

Тоң үстіндегі сулар қыстыкүні қатып жатқан, ал тоң астымен тоң аралығында жер асты сулары тоңдардың жыралармен ағып жер бетіне көтерілді.

 Жер асты суларының маңызы орасан зор және жан-жақты. Олар ағынның ең тұрақты бөлігі болып, өзендер мен көлдерді толықтырады; олардың орын алмасуы арқысында еріген заттар тасымалданады; өсімдіктер ылғал мен қоректік тұздар алады; рельефтің сырғу, суффозия, карст қалыптасуына қатысады.

Жер асты тұщы сулары – тұщы сулардың бүкіл дүние жүзілік қорының ең құнды бөлігі.Ол халық пен өнеркісіпті сумен жабдықтау үшін ғана емес, суландыру, суару және мал суаты үшін де пайдаланылады. Термальдық сулардан қазірдің өзінде-ақ жыл сайын көптеген тонна химия шикізаттары, глаубер тұздары, бор қышқылдары, буралар, хлорлы және күкірт қышқылды натрий алынады.Термальды суларды комплексті пайдалану мейлінше тиімді келеді: больнеология, химия шикізаты, электроэнергия, сумен жабдықтау, парник шаруашылығы. Жер асты сулары біздің планетамыздың ең пайдалы қазындыларының бірі. Олар шаруашылық, ауыз сулық, техникалық сумен қамтамасыз етуде, жайылымдарды суландыруда, ауыл шаруашылық дақылдарын суаруда, емдік мақсаттарда, түрлі бағалы заттарды бөліп алатын шикізат ретінде, жылу көзі ретінде пайдаланылады.

 

Тақырыбы:      ТМД елдерінің топырақ жамылғысы

 

  1. ТМД елдері территориясында кездесетін топырақ типтері және

    олардың таралу ерекшеліктері;

  1. Топырақтың құнарлылығы және егін шаруашылығымен

     айналысатын аймақтардағы топырақ деградациясы;

  1. Топырақты қорғау және Азық-түлік бағдарламасындағы топырақтың      рөлі;

 

ТМД  елдері территориясының өте кеңдігі мен байтақтығы және жазықтар мен ірі тау жүйелерінің көптігінен топырақ, өсімдігі мен жануарлар дүниесінің де таралуы  әркелкі болып келеді. Осындай биокомпоненттердің (топырақ, өсімдік, жануарлар) қалыптасуына ең бірінші температура мен ылғалдылықтың  арақатынасы, содан кейін аймақтың жер бедері мен климаттың континенталдығы әсер етеді. ТМД елдері территориясы орографиясының күрделілігі, оны алып жатқан жыныстардың әртүрлігі және климаттық жағдайлар аймақтың топырақ жамылғысының құрылуы мен оның зона бойынша таралуында көрінеді.

 Генетикалық топырақтанудың негізін қалаушы В.В.Докучаев өзінің «Руский чернозем» деп аталатын ғылыми еңбегінде топырақ туралы алғашқы ілімді дүниеге әкелді.Одан кейін топырақтану ғылымына үлес қосқан ғалымдар Н.М.Сибирцев, П.А.Костычев, Л.И.Прасолов, Б.Б.Полынов М.М.Филатов және И.П.Герасимов болды. ТМД елдерінің топырақ жамылғысы өте шұбар. Топырақтың мұндай әркелкілігі  географиялық қабықтың  барлық компоненттерінің ықпалымен анықталса, бірақ топырақтүзілуінің   негізгі факторы оның литогендік негізі мен климат, өсімдік болып табылады.

ТМД елдерінің территориясындатөмендегідей топырақ зоналары қалыптасқан: 1) тундра, мұнда тундраның глейлі және құба топырақтары көп тараған; 2) солтүстік тайга, күлгін, иллювиалды-теміртотықты гумустар, тайганың мұздықты глейлі топырақтары басым; 3) орта тайга, әртүрлі күлгін, батпақты және мұздықты нейтрал топырақтар көп кездеседі; 4) оңтүстік тайга, шымды-күлгін, темірлі, батпақты-шымды және шымды-глейлі топыратар кездеседі; 5) орманды-дала, орманның сілтілі сұр және қара топырақтары мен күлгін топырақтары тараған; 6) дала, кәдімгі қаратопырақтар меноңтүстік қара топырақтар; 7) құрғақ дала, күңгірт қызыл-қоңыр және каштан топырақтар, 8) шөлейт, ашық қызыл-қоңыр, сорланған және шөлді даланың құба топырақтар тараған; 9) шөл, шөлдің сұр құба, тұзданған және құрамында гипсі бар сұр-құба топырақтар; 10) тау етегіндегі шөлейт, сұр топырақтар; 11) шөлді  субтропиктер, шөлдің құмды сұр топырақтары; 12) құрғақ субтропиктер, сұрланған топырақтар; 13) ылғалды субтропиктер, сары топырақтар мен қызыл топырартар кең тараған.

Осы аталған топырақтың зоналық типтерінің ішінде аллювиалды топырақтар барлық зоналарда кездеседі. Ал батпақты-шымды және шымды-глейлі топырақтар ылғалы мол және жеткілікті аудандарда тараған.Сортаңдар мен сор  топырақтар ылғал жеткіліксіз аудандарға ғана тән болып келеді.

Жазықты аудандарда топырақтың әртүрлі типтерінің таралуы географиялық заңдылыққа сәйкес жүреді. Яғни, оңтүстікке қарай экологиялық жағдайдың жақсаруы мен аймақтың қалыптасу тарихының әркелкілігіне байланысты топырақтың да әртүрлілігі байқалады. Олардың ең көп түрлері ылғалы мол- орта, оңтүстік тайга мен орманды-дала зонасында кездеседі.

Тау топырақтарының таралуында биіктік белдеуліктердің ерекшеліктерін нақтылай отырып, тынықмұхиттық, ішкіконтиненттік және атланттық тау жүйелерінің биіктік белдеуліктерінің топырақтық құрылымдарын анықтауға болады.

Таулы аудандарда кең тараған топырақ типтері: таулы-шалғынды альпілік және субальпілік топырақтар; таулы-далалы ксероморфты сілтісіздендірілген топырақтар; таудың сілтісіздендірілген кәдімгі және оңтүстік қаратопырақтары; ал тауаралық ойыстар мен тауалды жазықтарында - сілтісіздендірілген ортагумусты және оңтүстіктің азгумустелген қаратопырақтары; күңгірт- және ашық-қызылқоңыр топырақтар мен шөлдің құба топырақтары.

Осы аталған топырақтар типтері ТМД елдерінің территориясында белгілі бір заңдылықтармен биіктік белдеуліктерін жасайды.

Таулы-далалы ксероморфты сілтісіздендірілген  топырақтар негізінен 800-1800м биіктіктегі оңтүстік және батыс беткейлерде кең таралған. 0-3см тереңдікте олар  қиыршықтасты,ал 3-25см-де аз қиыршықталғанауыр құмдақты ашық қоңыр аккумулятивтікгумус қабаты алып жатыр.Ол бірте-бірте ағарып,палеозой жынысы эльювиалды-делювиалды қиыршық тасқа айналады.Жалпы гумус қабатының қалыңдығы 50-60см болса, оның мөлшері - 6-8%-ке тең.

Таудың сілтісіздендірілген қаратопырақтары ылғалды жерлерде қалыптасады. Оның топырақтүзуші жыныстары эльювиалды-делювиалды  қиыршықты саздақтар болып келеді.Гумус қабаты 75-90см, түсі-қара немесе сұрқоңыр, гумус мөлшері 10%.

Таудың оңтүстік қаратопырақтары ылғалы аздау, бірақ суық болып келетін аудандарда таралған. Мұндағы гумус қабаты 40-50см, түсі күңгірт-сұр немесе қоңыр-сұр, құрылымы түйіршікті, гумус мөлшері 10%.

Сілтісіздендірілген ортагумусты қаратопырақтар тауалдындағы толқынды жазықтарда кең тараған. Олардың топырақтүзуші жыныстары-аллювиалды-пролювиалды лёстәрізді саздақтар. Гумус қабаты 90-100см, түсі-қоңыр-сұр, құрылымы түйіршікті, гумус мөлшері 7-9%.

Күңгірт-қызылқоңыр топырақтар  тауалды жазықтар мен солтүстік-батыс беткейлерде тараған, олардың топырақтүзуші жыныстары-лёстәрізді саздақтар. Гумус қабаты-45-50см, құрылымы-жұмырлы, гумус мөлшері 3-4%.

Шөлдің құба топырақтар ауданның батыс бөлігін алып жатыр, гумус қабаты 40см, мөлшері аз, яғни, 1-2%-тен аспайды. Егін шаруашылығы үшін шөлдің құба топырақтарын тек суару арқылы пайдаланады.

Жоғарыда аталған топырақ типтеріндегі эрозия мен денудация сияқты геоморфологиялық процестердің жүруіп өтуі әртүрлі болады. Осылардың ішіндегі эрозия мен беттік шайылу әрекетіне төзімді болып келетін таулы-шалғынды және  шымды топырақтар, себебі, оларда солифлюкция процестері жақсы дамыған .

     

Тақырыбы:     ТМД елдерінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

 

1. ТМД елдері территориясында өсімдіктер мен жануарлардың таралуы

    және олардың заңдылықтары;

2. Өсімдіктер мен жануарлардың қазіргі экологиялық жағдайлары және

    оларды қорғаудың тиімді жолдары;

  1. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар;

 

Неоген дәуіріндегі жылы әрі ылғалды климаттың ықпалынан ТМД елдері территориясының солтүстік бөлігінде өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері дамыған. Мысалы, олардың құрамында субтропиктік және тропиктік жануарлар мен өсімдіктер болды (жирафтар, түйелер, магнолия т.б.). Ал неоген- төрттік дәуіріндегі климаттың өзгеруімен, неотектоникалық қозғалыстың әсерінен , жазықтықтар мен тау мұздықтарының пайда болуымен  табиғаттағы топырақтық,өсімдік жануарларға өте көп өзгерістер әкелді. Көптеген жылу сүйгіш өсімдіктер мен жануарлар жойылып кетті, ал кейбіреулер оңтүстіктегі  анағұрлым жылы аймақтарға қоныс аударды. Өсімдіктер мен жануарлардың субтропиктік түрлері Қырым мен Закавказьеге, Орта Азия мен  Қиыр Шығыстың оңтүстік аймақтарынан орын алды, осыған байланысты бореальды және суыққа төзімді қылқан жапырақты ормандар мен биік таулы аймақтарда альпілік флоралар қалыптасты.

Флора дегеніміз- (латынның  «гүл» деген сөзінен шыққан) белгілі бір територияда өсетін немесе геологиялық дәуірлерде өскен өсімдіктер түрлерінің жиынтығы.

Ал фауна дегеніміз- (латынның жануарлар) -белгілі бір территорияда тіршілік ететін жануарлар түрлерінің жиынтығы.

Климаттың қатаңдығынан Шығыс Европа жазығы мен Қиыр Шығыста жалпақ жапырақты орманның өсімдіктері пайда болып осы өсімдіктердің кейбір түрлері мен шөптесінді өсімдіктер мұз басу кезеңдерінде Карпат тауларында Ортаорыс (среднирусский) үстүрті мен Приволжск  қыраттарында, Оңтүстік Уралды және Алтай тауларында мекендеген.

Қылқан жапырақты ормандар  Оңтүстік Урал, Алтай және Қиыр Шығыстан орын алса , далалар мен шөлді аймақтар Шығыс Европа жазығының  оңтүстігі мен Туран жазығында қалыптасты. Арктика мен тундраның табиғи кешендері көпшілігінде солтүстікте сақталды. Мұз басу дәуірі кезінде қазіргі Беринг және Чукот теңіздерінің орны мен Якутия аймағында Үлкен құрлық болған, онда климат өте құрғақ, суық  болып, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -400С,  ал шілдеде +100С-қа жеткен, жылына орташа есеппен 150мм жауын-шашын түскен. Осындай  климаттың әсерінен шөптесін өсімдіктер мен суыққа бейімделген ксерофитті фауна қалыптасқан, ксерофитті дегеніміз- қуаңшылыққа төзімді жануарлар, оларға солтүстік бұғылар, құралайлар, түйелермен арктикалық суырларды (сусар) жатқызуға болады.

Өсімдік дегеніміз кез келген аймақтың сыртқы келбетін анықтайтын табиғаттың басты компоненті.Сондықтан, табиғат зоналарының атаулары да өсімдікке байланысты қойылған, мысалы, орман, орманды-дала, дала және т.б.

ТМД елдерінің территоиясының өмімдік жамылғысы өте бай және әркелкі. Оның флоралық құрамында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 17,5мың түрі анықталса, олардың барлығы даму процесінде  мекен ететін аймақтарына бейімделген, әртүрлі типтерге топтастырылды, мысалы, тундра, орманды-тундра, орман, орманды-дала, дала, шөл, батпақты, шалғынды және жерортатеңіздік типтер.

Арктика аралдары мен Таймыр түбегінде поляр шөлдері дамығандықтан оңтүстіктің шөліндей,  мұнда климат суық әрі құрғақ болады. Сондықтан, өсімтік жамылғысы желден паналанған жерлердегі борпылдақ суық грунттарда өсуге бейімді.Осыған орай  бұл жердің түрлік құрамы өте кедей, тек қана мүктер мен қыналардан тұрады.

Оңтүстікке қарай Евразияның арктикалық жағалауында тундраның өсімдіктері қалыптасқан, онда көпжылдық шөптесінді өсімдіктер, мүктер мен қыналар, бұталар мен бұтақты өсімдіктер кездеседі.

Одан да оңтүстікке қарай шілденің орташа температурасы +10С-тан жоғарылайтын аймақтарда алғашқы ағаштар болып саналатын қайың, шырша және қарағаштарды көруге болады. Өсімдіктердің мұндай қауымдастығы орманды-тундраға немесе сирек орманға жатады.

Орман-бұл көпярусты күрделі өсімдік қауымдастығы. Мұнда өзара байланысқан және әсерлескен өсімдіктердің барлық түрі кездеседі, яғни ағаш, бұталар, шөптер, мүктер, қыналар, саңырауқұлақтар, құстар, аңдар, жәндіктер, микробтар және т.б. тірі организмдер.

ТМД елдерініңде қылқан жапырақты орман кең тараған. Ботаниктер оларды тайга деп атап, күңгіртқылқан және ашыққылқан жапырақты деп 2 топқа бөлген. Күңгіртқылқан жапырақты тайга ТМД елдерінің батыс аймағына тән болса, оның құрамына шырша, самырсын және балқарағай жатады. Ал ашыққылқан жапырақты тайгада қарағай мен емен басым болады да, олар Енисей аңғарынан шығысқа қарай үстемдік етеді.

Тайга ТМД елдерінің батыстағы шекарасынан Охот және Жапон теңіздерінің жағалауына дейінгі орасан зор жазықты және таулы алқапты түгелдей алып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ол 3 топқа бөлінеді: солтүстік, орта және оңтүстік.

ТМД елдерінде ағашты өсімдіктердің ішінде таралуы жөнінен қылқан жапырақтылар 1-орында тұр, олар ТМД елдеріндегі жалпы орман алқабының 78,1%-ін алып жатыр. Жалпы қылқан жапырақтылардың 38,7%-і қарағайдың үлесіне тиеді.

Ормандар тұтастай табиғат кешеніне тікелей әсер етеді, мысалы, климатты өзгертеді, жерасты суларының деңгейін реттейді, өзендерді саязданудан сақтайды, топырақты су және жел эрозиясынан, үсіктен сақтайды, жануарларға мекен ету үшін қолайлы жағдай жасайды. Сол сияқты, ағаштардың, жеміс-жидектердің, саңырауқұлақтардың және адам денсаулығына пайдалы өсімдіктердің мекені болып табылады.

Қазіргі таңда орман алқабы қорғау мен оны қайта қалпына келтіруді талап етеді!!!

Ормандар өзен аңғарлары мен сай-саланы бойлай оңтүстікке қарай құрғақ аймаққа ауысады. Яғни ағашты өсімдіктер бірте-бірте азайып, әртүрлі шөпті және дәнді өсімдіктермен ауысады. Өсімдіктердің мұндай бірлестігін орманды-дала дейміз. Олар Карпат таларынан басталып, Енисей мен Байкал маңына дейін созылып жатыр.

Орманды-дала бірте-бірте далаға өтеді. Далада суайрықтары мен беткейлердің аңғарында мезоксерофильді және ксерофильді шөптесінді дәнді өсімдіктер мен бетеге көп кездеседі.

Каспиймаңы ойпаты мен Қазақтың ұсақ шоқысының құрғақ даласында шөлденудің белгілері байқалып, онда онда жусан мен қа селеу басым болып келеді. Мұндай шөлденген дала  дала мен шөл арасындағы өтпелі тип болып саналады да, оны шөлейт деп атайды.

Каспиймаңы ойпатының оңтүстік бөлігі мен Туран жазығын жусан, сорлар, сексеуіл мен бұталар алып жатыр, яғни климаттың құрғақтануына байланысты өсімдік түрлері де азаяды.

Жазықты және таулы аудандардағы өсімдіктің барлық зоналық типтерінде шалғындар мен батпақтар кездеседі. Шалғындар мезофильді қалың шөптер түрінде өзен жайылмаларында және беткейлер мен суайрықтарының ылғалы аз жерлерінде таралса, ал ылғалы мол аңғарлар мен су айрықтарында батпақтар қалыптасқан.

Сонымен, солтүстіктен оңтүстікке қарай өсімдіктердің бір типі екіншісімен орын алмасып отырады, яғни ТМД елдеріндегі өсімдіктер жамылғысының таралуы зоналық заңына тәуелді болып келеді. Бірақ, өз кезегінде климаттық құрғақтануының артуына және Тынық мұхитының ықпалынан, жазықтар мен таулардың қалыптасу тарихының әртүрлілігінен өсімдіктердің түрлік құрамында айырмашылықтар болып отырады.Мысалы, Солтүстік тундрадан Енисейге дейін қайың ағаштары басым болса, шығыста Колыма өзеніне дейін олардың саны азая түседі.

Табиғатқа адамның шаруашылық әрекетінен көптеген өсімдіктердің ареалдары қысқарып келеді, олардың кейбір түрлері тіпті жойылу алдында тұр.ТМД елдері  Қызыл Кітаптары көптеген өсімдіктерді қорғау мен сақтау туралы дабыл қағуда.

Ал таулы аудандардакүн радиациясы мен ауа температурасының, жел бағыты мен күшінің, ылғалдылық пен ауа райының өзгеруіне байланысты  ондағы табиғат компоненттерінің де жағдайы өзгеше болады.

ТМД елдерінің жануарлар әлеміне келетін болсақ, аймақ Еуразияны зоогеографиялық аудандастыру жүйесінде тұтасымен Голарктикалық облысқа кіреді. Бұл облыс шегінде 5 облыс тармағы бар: Арктикалық, Еуропа-Сібірлік, Жерортатеңіздік, Орталық-Азиялық және Маньчжур-Қытайлық.

Жануарлар дүниесінің таралуы ендік зоналылыққа тікелей тәуелді, яғни әрбір табиғат зонасы мен биіктік белдеулік өзінше ерекшеленеді.

ТМД елдері территориясындағы жануарлар дүниесінің қалыптасуы да өсімдіктер сияқты,  неогеннен басталады.  ТМД елдерінің фауналық құрамында жануарлардың 130мың түрі тіркелсе, олар дүниежүзілік фаунасының 8,5%-ін иемденеді. Жануарладрың түрлік мөлщері немесе саны жөнінен 1-орында насекомдар-100мыңнан астам түрі бар; одан кейін балықтар-1400түр; құстар-800түр; сүтқоректілер-321түр; бауырымен жоғалаушылар-138 түр; қосмекенділер-30-дан астам түрі бар.

ТМД елдері фаунасының таралуында мынадай заңдылықтар орындалған: 1) зоналық орналасу, яғни әрбір түр мекен ету орнының белгілі бір жағдайына бейімделіп, табиғат кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. ТМД-да арктикалық шөлден субтропикалық зонаның барлық жануарлары мекендейді; 2) солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғат жағдайының жақсаруына қарай жануарлардың түрлері арта түседі. Арктикалық облыс тармағындағы  кейбір фауналық түрлер басқа облыс тармағындағы биіктауларда кездеседі, бұл биогеоценоздардың қалыптасу тарихының жастығымен түсіндіріледі.

 Арктикалық шөл мен тундра зонасының жануарлары төменгі температура мен қар жамылғысының ұзақ жатуына және өте қысқа жазқа бейімделген.Сондықтан, сүтқоректілер ұзын және ұлпа жүнді (песец), ал құстары аяғына дейін қауырсынды болып келеді. Көптеген жануарлар жылдың суық мезгілінде қорек ету үшін денелеріне май жинаса, ал кейбірі орман мен орманды- тундраға азық аулау үшін кетеді.

ТМД елдеріндегі жануарлар дүниесі адамның тіршілік әрекетінен түрлік өзгеріске ұшырап, көптеген ареалдар қысқарып, кейбірі орын ауыстырып  барады.Сондықтан аймақтың өсімдіктері мен жануарлар дүниесін қорғап, сақтау мақсатында көптеген қорықтар ұйымдастырылуда.

 

Тақырыбы: ТМД елдері территориясын физикалық-географиялық аудандастыру.   Аудандастырудың әдістемелік негіздері

 

  1. Физикалық-географиялық аудандастырудың мақсаты мен мүдделері
  2. Халық шаруашылығындағы физикалық-географиялық аудандастырудың негізгі қызметі мен маңызы;
  3. Физикалық-географиялық аудандастырудың негізін қалаған ғалымдар туралы;

 

ТМД елдері территориясының солтүстіктен оңтүстікке қарай едәуір созылуы оның табиғатының әртүрлілігін негіздейді. Табиғаттың әртүрлі компоненттерін қарастыруда  оның кеңістіктегі әркелкілігі және олардың арасындағы өзара байланыс пен өзара әсерлесуінен табиғи-аймақтық кешендердің (ТАК) қалыптасуы түсіндіріледі. Сондықтан, аймақтың табиғатын терең меңгеру .үшін  оның жеке компоненттері мен олардың кеңістіктегі бірлестігін, яғни әртүрлі ТАК салыстырмалы түрде зерттеу талап етіледі. Осыған байланысты ТМД елдері физикалық географиясының басты мәселесі ғылыми негізделген кешенді физикалық географиялық аудандастыру болып табылады. Физикалық- географиялық аудандастыру дегеніміз-  табиғаттағы ТАК-ді әртүрлі рангалары мен  күрделі деңгейлеріне қарай мүшелеу. Физикалық-географиялық аудандастырудың ғылыми және практикалық маңызы өте зор, әсіресе, қазіргі таңда табиғаттың экологиялық тепе-теңдігін сақтау мен экологиялық дағдарыстан құтылу туралы өткір мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады.

Аудандастырудың ғылыми-танымдық құндылығы географиялық ақпараттарды логикалық топтастыруда және оларды аймақтық зерттеу барысында қолданылу кезінде байқалады.

Физикалық-географиялық аудандастыру барысында жүргізілген іс-шаралардың халықшаруашылығы үшін маңыздылығы сол, жеке табиғи кешендер бір-бірінен табиғат жағдайлары мен ресурстарының әртүрлілігімен ерекшеленіп, оларды пайдаланудың тиімділігі мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың жолдарын анықтайды. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, жоспарлау және халықтың демалысын ұйымдастыру үшін аудандастырудың қолданбалы  схемалары  жасалған.

Аудандастыру туралы ең алғашқы жұмыстар 18 ғасырда пайда болып, оның негізін Х.А. Чеботарев, С.И.Плещеев, Е.Ф.Зябловский, К.И.Арсеньев және т.б. қалаған.

19 ғасырдың екінші жартысынан бастап, география ғылымының аумағында табиғаттың жеке компоненттері бойынша аудандастыру  мүмкіндігі қалыптасты. Басқа компоненттерге қарағанда өсімдіктер жақсы зерттелгендіктен, табиғи аудандастырудың ең алғашқы схемасы Европалық Ресейдің өсімдіктер жамылғысына бағытталды. Онымен Р.Трауфеттер, А.Н.Бекетов және Ф.П.Кеппен айналысты. Осыған орай, өсімдіктер – барлық табиғат кешендерінің индикаторы болғандықтан,  аудандастырудың  алғашқы жүйесі  солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғат жағдайларының заңды ауысуында дұрыс көрініс тапты.

Ғылыми негізділі жөнінен В.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің Еуропалық Ресейді аудандастыруы маңызды болып саналады. Онда басты белгі ретінде аймақтың беткі шөгінділеріңің қалыптасуы, , жер бедері, климат пен өсімдік жамылғысының өзара байланыстары алынып, автор аймақты белдеу мен облыс сияқты бірліктерге бөлді. Бірақ бұл таксономиялық бірліктер кешендіфизикалық-геогафиялық емес, геоморфологиялық аудандастыруға жақын болып келеді. Сондықтан, ТАК-ді тарихи негізделген табиғат компоненттерінің өзара байланысты және заңды бірлестіктері тұрғысында қарастырған тиімді болып табылады.

Мұндай идеяны алғашқы болып 19 ғасырдың соңы мен 20ғасырдың аяғында В.В. Докучаев ұсынды және сол бағытта кешенді тәжірибелер жасап көрді. Ал 1897ж Г.И.Танфильев климат, өсімдік және топырақ жамылғысының ерекшеліктері арқылы Шығыс Европа жазығына арналған аудандастыруды жарыққа шығарды. 1907ж А.А.Крубер де осы аймаққа аудандастыру схемасын құрастырды, бірақ ол жер бедерінің ерекшеліктерін есепке алмай тек  зоналық белгілерді есептеді. Аудандастырудың облыс, зона және округ сияқты үш рангтегі бірліктерін бөліп алды, олар бір-бірінен ТАК-нің белгілері бойынша ерекшеленеді.

Физикалық-географиялық аудандастыруда (1898-1900жж)   В.В.Докучаевтың табиғат зоналары туралы ілімі басты рөл атқарды. Ғалым зоналық жеке компонент ғана емес, географиялық ортаның жалпы табиғи компоненттерінің кешені екенін дәлелдеді. Ресейдің ландшафтық зоналарының алғащқы схемасын 1913жылы Л.С.Берг жасады. Ол әрбір зонаны бірыңғай ландшафтың тамуы мен таралу аймағы ретінде қарастырып, зоналарға қысқаша түсіндірме берді. Кейінірек 1936ж «Физико-географические (ландшафтные) зоны СССР» деген монографиясында аймақтың табиғат зоналарына нақты түрде сипаттады.

Л.С.Берг ландшафтық зоналарды бөле отырып, Азиялық Россияның территориясын орографиялық ерекшеліктеріне қарай 14 морфологиялық облыстарға жіктеді,яғни аудандастырудың екі түрлі (зоналық және азоналық белгілері бойынша) схемасын ұсынды.Л.С.Бергтің  бұл жұмыстары Азиялық Россияны аудандастырудағы ең алғашқы ілім болып қалыптасты.

1947ж Өндірістік күштерді қарастыру жөніндегі Кеңестің зерттеу нәтижелері жарияланып, онда аудандастырудың ең ірі таксономиялық бірлігі терінде –зона қабылданды. Зона бұл, бір немесе бірнеше материктік территориясын басып өтетін,  жылу мен ылғалдың бірігуінен өсімдік және топырақ жамылғысы қалыптасқан ауқымды аймақ. Зонаман қатарлас, бірақ оған тәуелсіз болып келетін басты таксономиялық бірлік- табиғи-тарихи ел, ол- жер бедері мен географиялық жағдайы зоналықтың белгілі бір типін қалыптастыратын материктің көлемді бөлігі болып саналады. Сол кезеңде КСРО территориясында 15 ел бөлінді.

Елден кейінгі бірлік-провинция – бұл жергілікті макроклиматтық ерекшеліктермен және топырақ-өсімдік жамылғысының өзгешелігімен  анықталатын зонаның бөлігі. Шығыс Европа жазығында 6 провинция анықталса, жалпы КСРО территориясында 70 провинция бөлінген.

Сонымен, физикалық географиялық аудандастырудың қандай да болмасын схемасы сол аймақтың генетикалық бірлігін, аймақтық тұтастығы мен кешендігін қамтуы тиіс.

Физикалық-географиялық аудандастыру барысында жүргізілген іс-шаралардың халықшаруашылығы үшін маңыздылығы сол, жеке табиғи кешендер бір-бірінен табиғат жағдайлары мен ресурстарының әртүрлілігімен ерекшеленіп, оларды пайдаланудың тиімділігі мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың жолдарын анықтайды.

 

Тақырыбы: Физикалық-географиялық аймақ – “ТМД елдерінің Физикалық географиясы” оқу пәнінің негізгі нысаны

 

  1. Физикалық-географиялық аймақ және табиғаттық зона ТМД кеңістігін аймақтық дифференциицаялаудың ең басты бірліктері;
  2. Аймақтарды жекелеу ісіндегі бірізділік;

 

Қазіргі таңда қандай да болмасын физикалық географиялық ел немесе зонаның таксономиялық жағдайын білу басты мәселе болып отыр. Яғни олардың өзіне тән жеке белгілері немесе өзіндік қасиеттері туралы жазылғанымен, олардың нақты табиғи  және аналогтық белгілерін анықтау қиынға соғып отыр. Сондықтан, физикалық-географиялық аудандастыру барысында физикалық географиялық елдерді  өзіндік ретпен бірнеше таксономилық бірліктерге бөледі. Атап айтсақ, зона- бұл кең мағынада  бірыңғай типтегі ландшафтардың басым бөлігі тарлаған аймақ болып табылады мысалы, тундра, орман, орманды- дала, шөлейт және т.с.с.

Ал, физикалық-географиялық ел - географиялық қабық дифференциациясындағы планетарлық және аймақтық деңгейдегі ірі табиғи  аймақтық кешен. Физикалық  - географиялық ел материктердің физикалық географиясында қарастырылатын ең ұсақ табиғи-аймақтық кешен (ТАК) болса, ал ТМД елдерінің физикалық географиясында қарастырылатын ең ірі ТАК болып саналады.

Физикалық географиялық ел дегеніміз бұл- ірі  тектоникалық құрылымға сәйкес келетін және орографиялық қатынасы біртұтас, өзіне тән макроциркуляциялық  процестері мен географиялық зоныалылығы қалыптасқан материктің едәуір бір бөлігі. Елдің ауданы бірнеше мыңдаған немесе милииондаған шаршы шақырымға тең болады. Мысалы, ТМД елдеріндегі Орта Сібір елі ең үлкен ел болып табылады да, оның ауданы 4млн. шаршы шақырымға тең.

Барлық физикалық-географиялық елдер 2 топқа бөлінеді: таулы және жазықтық, бірақ кейбір елдер бұл екі топқа да жатпауы мүмкін. Мысалы, Амур-Сахалин және Солтүстік-Шығыс елдері.

Аудандастырудың ғылыми-танымдық құндылығы географиялық ақпараттарды логикалық топтастыруда және оларды аймақтық зерттеу барысында қолданылу кезінде байқалады.

Физикалық-географиялық аудандастыру барысында жүргізілген іс-шаралардың халықшаруашылығы үшін маңыздылығы сол, жеке табиғи кешендер бір-бірінен табиғат жағдайлары мен ресурстарының әртүрлілігімен ерекшеленіп, оларды пайдаланудың тиімділігі мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың жолдарын анықтайды. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, жоспарлау және халықтың демалысын ұйымдастыру үшін аудандастырудың қолданбалы  схемалары  жасалған.

Аудандастыру туралы ең алғашқы жұмыстар 18 ғасырда пайда болып, оның негізін Х.А. Чеботарев, С.И.Плещеев, Е.Ф.Зябловский, К.И.Арсеньев және т.б. қалаған.

 

Тақырыбы:  Табиғат зоналары  

 

1.  Геологиялық процестер тарихының табиғат зоналарының қалыптасуына

     тигізетін әсері;

2. Зоналар дың табиғат ресурстары, оларды қорғау;

3. Табиғат зоналарының шаруашылытқа пайдалану ерекшеліктері;

 

Табиғат зоналары дегеніміз – климаты ,топырағы, өсімдіктері,жануарлары өзара ұқсас,ендік бағытта созылып жатқан тнрриториялар.

Олар ТМД елдерінің территориясындағы үлкен-үлкен жазықтықтарда орналасқан, яғни олардың орналасу қатары мынадай:

  1. арктикалық шөл,
  2.  тундра
  3. орман тундра
  4. орман
  5. орман дала
  6. дала
  7. шөлейт
  8. шөл

Балтық теңізінен шығысқа қарай климаттың құрғақтығы артып, территорияның тарихы қалыптасу мен рельеф өзгереді, яғни аймақтың өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі түрліше болады. Сондықтан ТМД елдерінің территориясында 5 ендік секторы бөлінген.

  1. Батыс Европа
  2. Шығыс Европа
  3. Туран сібір
  4. Шығыс сібір
  5. Қиыр шығыс

Неоген дәуірінен бастап ТМД елдеріндегі жазықтық аймақтарда ендік зоналары қалыптаса бастады. Ал неоген төрттік кезінде жаңа тектоникалық қозғалыстарының әсерінен, климаттық суы мен және таулы аймақтардағы мұздықтардың пайда болуынан табйғат зоналары үлкен өзгеріске ұшырады.

 

2-кесте. ТМД елдері территориясындағы табиғат зоналарының  климаты мен    халқы туралы мәліметтер

 

Табиғат зоналары

Зоналардың ауданы

 мың. км2

Жауын -шашын мөлшері мм/жылына

Орташа температура

Халқының саны млн. адам.

Халықтың тығыздығы

адам/км2

Шілде 0С

Қаңтар 0С

1

Арктикалық шөл

135

300-400

0

-14-32

0

-

2

Тундра

900

300-500

1-12

-15-38

2

2,2

3

Орманды-

тундра

700

400-600

8-14

-10-30

2

2,8

4

Тайга

6800

300-800

10-19

-8-44

30

4,4

5

Аралас ормандар

1010

600-800

17-22

-5-20

63

62,4

6

Орманды –дала

1330

400-600

19-22

-14-20

70

52,6

7

Дала

1860

400-500

20-24

-5-22

30

16,1

8

Шөлмен шөлейттер

2360

200

23-32

-10-16

7

3,0

9

Құрғақ субтропик

60

200-300

23-28

0--8

2

33,3

10

Ылғалды субтропиктік

20

1200-2000

23-26

+5

2

100,0

11

Таулы ланд-р

7225

300-3000

0-32

0--48

64

8,8

12

Барлығы

22400

-

-

-

272

12,1

 

Арктикалық шөл зонасы, оған Франц-Иосиф Жері, Жаңа Жер, Солтүстік Жер және Новосибирск аралдары жатады. Зонаның көп бөлігін мұздар басып, жылдың барлық мезгілінде қар жамылғысы жатады.

Зонаның батыс бөлігінде жыл бойы арктикалық ауа массалары ықпал етіп, орта есеппен жылына 200-400мм жауын шашын түседі, жауын-шашынның барлық мөлшері қатты түрде, яғни қар, қырау түрінде түседі.

Арктикадағы топырақ түзілу процесі тек қана топырақтың беткі қабатында жүруде, яғни дамудың алғашқы сатысында қалыптасып келеді.Өзен аңғарлары мен теңіз  трассаларында полярлық шөл топырақтары таралған, олардың құрамындағы гумустың мөлшері 1,5%, сол сияқты арктикалық шөлдерде, әсіресе оңтүстігінде көлдер өте сирек кездесіп, батпақтар жоқтың қасы, өсімдіктердің көпшілігі қатаң экологиялық жағдайларға бейімделген. Мұз баспаған және қар аз мөлшерде түсетін жазықтық аймақтарда жануарлардан песец, солтүстік бұғысы, ақ аю мекендейді. Аралдардың құзды жағалауларында құстардың көп түр-і чайка, дегелек және т.б. өседі.

Тундра зонасы. ТМД елдерінің солтүстік бөлігінде орналасып, оның жалпы аумағының 8 % алып жатыр. Оның жер бедерінде қырқалы және төбелі жерлермен бірге жазықты жерлерде кездеседі. Мысалы,Таймыр және Чукотка таулары осы зонада мезозой қатпарлығында қалыптасқан.

Тундра- бұл суық поляр күні мен түн зонасы, мұнда жаз қысқа әрі салқын, жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-500мм, оның көп бөлігі шілде мен тамыз айларында түседі, ал, аязды күндері тундрада 8-9 айға созылып, қыстыгүні ауа температурасы -520-қа дейін төмендейді.

Тундра зонасында күшті желдер жиі-жиі соғып, ауаны көбінесе бұлттар қаптап жатады. Ең күшті желдер Ямал түбегі мен Енисейдің төменгі сағасына тән. Тундраның солтүстік бөлігінде көпжылдық мұздықтар басып, олардың жаздыгүні  0,5 -1м-ге дейінгі қабаты ериді де, соның нәтижесінде батпақтар пайда болады. Тундра зонасы территориясының 70%-ке жуығы батпақты аймақтарда  орналасқан.

Қыркүйек айының екінші жартысынан бастап тундрада ұзаққа созылатын қыс басталады, желтоқсанда күн ұясына батып, поляр түні басталып, ақпан айында аяқталады.Сәуір айынан ақ күндер басталып, шілденің ІІ жартысынан поляр күні басталады. Жаздыгүнгі көп мөлшерде жылу түскенімен, ол жер бетіне сіңбей аппақ қар мен көп жылдық тоңдардан шағылысып кетеді.

Тундра зонасының климаты батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады, яғни Мурманск жағалауында Атлант мұхитының әсерінен теңіздік ылғалды климат үстемдік етіп, жылына орта есеппен 500мм-дей жауын-шашын түседі, ақпан айындағы орташа t-6,20С, шілде +110С. Ал, шығысқа қарай климат бірте-бірте континентальді- материктік типке өтіп, Лена өзенінің құя беріс сағасында орташа температура қаңтарда -320С, шілдеде +50С, жылына 200мм жауын шашын түседі. Ал, Колыма өзенінен кейін тундраның климатына Тынық мұхиты ықпал етіп , теңіздің суық климаты үстемдік етеді, яғни қаңтардың орташа температурасы -25 -300С, осындай төменгі температура  топырықтағы химиялық және биологиялық процестердің жүруіне кері әсер етуде. Тундра зонасында негізінен тундралы-глейлі және құба топырақтар таралған, ондағы гумустың мөлшері 2-3%, бұл зонада вегетациялық кезеңнің қысқа болуына байланысты бір жылдық өсімдіктер аз, тіпті өспейді деуге болады, яғни көбінесе көпжылдық өсімдіктер өседі.

Тундра зонасын 3 подзонаға бөлуге болады:

  1. Арктикалық тундра, бұл ТМД елдерінің ең солтүстік бөлігінде жатыр, өсімдіктері жасыл мүктер мен  қыналар, бұтақты өсімдіктер өспейді.
  2. Мүк-қыналы тундра - Вайгач аралынан Колымаға дейін созылып жатыр, өсімдіктерді мүк-қынамен бірге шөптесінд»- бұталы өсімдіктер.
  3. Оңтүстік тундра өсімдіктері ағашты, бұталы, шөптесін өсімдіктер.

   Орманды-тундра зонасы тундраның оңтүстігіндегі орман зонасына өтпелі зона. Бұл зонаның климаттық жағдайлары тундраға қарағанда анағұрлым жылылау болып келеді, тек батыстан Енисейдің төменгі ағысына дейін ауа температурасы суықтау болады, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -100С -300С-қа жетеді. Ал орманды тундраның шығыс бөлігінде анағұрлым аязды, суық, қаңтардағы орташа ауа температурасы -30 -350С.

Орманды- тундра зонасында негізінен топырақтың тундралы мұздықты және  глейлі-күлгінді типтері, ал  өзендердің жайылмаларында аллювиалды-шалғындық топырақтар тараған, өсімдіктерден сібір шыршасы, ақ қайыңдар өссе, жануарлар дүниесінде бұғы, песец, құстардан қаздар, үйрек, аққулар, қыран құстары мекен етеді. Олардың барлығы 9 ай қысқа бейімделген.

Орманды-тундра зонасының ландшафтысы осыдан 18-20 мың жыл бұрын мұздықтардың еруі мен Солтүстік Мұзды мұхиты суының көтерілуі нәтижесінде қалыптасқан, қазіргі кезде арктикалық шөл, тундра, орман зонасының табиғат жағдайлары өте баяу дамуда, мысалы мүктер мен қыналар жылына небәрі 1-2мм ғана өседі.

Табиғатты қорғау проблемаларына тоқталсақ,1 975ж «Остров Врангеля» қорығы ұйымдастырылған. Адамнаң шаруашылық әрекетінен топырақтың құрамы да өзгерске ұшырайды.

Орман зонасы ТМД елдерінің батыс шекарасынан шығыстағы Верхоян қыратына дейін ауысады, ол Шығыс Европа, Батыс Сібір жазақтарын, Орта Сібір үстіртін түгелдей алып жатыр. Ол ТМД елдері жалпы территориясының 34%-ке жуығын алады.

Орман зонасы негізінен 2 климаттық субарктикалық және қоңыржай белдеулерде орналасқан, ауа массасының батыс тасымалы үстемдік етеді.Арктикадан суық ауа массалары тасымалданып, ауа температурасын төмендетеді. Зонаның батыс бөлігінде қысы жұмсақ қар аз жауса, шығысында қатал, қар көп түседі, ал жаздыгүні шілдедегі ауаның температурасы 100+200С, жауын-шашынның жылдық мөлшері батыста 700-800мм, шығыста 900-600мм, қиыр шығысында 600-900мм, булануға қарағанда түсетін жауын-шашынның мөлшері көп.

Орман зонасынан ТМД елдерінің көптеген өзендері бастау алады, сонымен бірге топырақтың күлгін, күлгін-глейлі, тайганың мұздықты және шымды –гілейлі және батпақты-гілейлі типтері тараған.

Өсімдік жамылғысынан -қылқан жапырақтылар, майда және жалпақ жапырақтылар өседі. Орман зонасының 2 подзонаға бөлуге болады:

1) Қылқан жапырақты орман  немесе тайга;

2) Аралас және жалпақ жапырақты орман.

Қылқан жапырақты орманда шырша, емен, самырсын өссе, ол Амур өзені бассейні Приморья мен Охота теңізі жағалауына дейін созылады.

Аралас және жалпақ жапырақты ормандар Шығыс Европа жазығында орналасып, өсімдіктерден емен, липа, шырша, қайың т.б өседі.

Жануарлар дүниесі аңдардың көптеген түрлері, құстар өссе, қылқан жапырақты орманда насекомдар өте көп тараған.

Орман зонасында кейбір сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен  жануарлардың түрлері қызыл кітапқа енгізіледі.

Орманды-дала зонасы  бұл орман мен дала зонасының арасындағы өтпелі зона, Карпат тауының етегінен Алтай тауының етегіне дейін, Шығыс Европа, Батыс Сібір жазықтары мен Оңтүстік Уралды алып жатыр.   Бұл зонада орташа жылдық жауын-шашын мен буланудың мөлшері бірдей деген сөз.

Орманды даланың климатына келсек, ол да орманның ылғалды қоңыржай типінен даланың ылғалы аз типіне өтпелі климат болып есептеледі, батыстан шығысқа қарай құрғақшылық арта түседі. Қыстыгүні Шығыс Европа жазығында күн анағұрлым қоңыржай, қары аз түсіп қаңтардағы ауаның температурасы -4-50С болса, осы жазықтықтың Шығыс бөлігі мен сібірде қыс анағұрлым суық,, қар қалың түседі, қаңтардағы орташа  ауа температурасы -15-200С қа  дейін төмендейді. Ал жазда зонаның барлық территориясында ауа массалары басым болып, шілденің орташа температурасы +20+220С, атланттық ауа массасының әсерінен жауын-шашын түседі, олардың ең көп мөлшері жылына 500-600мм-ге жетеді, шығысқа қарай біршама азайып, жылына 400-500мм түседі. Жаздағы жауын-шашын нөсер түрінде жауып, топырақтың беткі құнарлы қабатының шайылуына әкеп соғады, соның нәтижесінде жыралар қалыптасады.

Зонаның топырақ жамылғысына келсек, топырақтары лёссты создақтар мен аллювий жыныстарында қалыптасқан негізгі топырақтары: орманның сұр және қаратопырақтары. Шығыс Европа жазығындағы орманды алқаптарда сілтіленген, ал дала алқаптарында күлгін және қаратопырақ таралған. Ал Батыс Сібірдің орманды даласында шалғынды қаратопырақтар кездесіп, батысқа қарай бірте-бірте тұзды топырақтар сортаң, көбінесе аққайыңдар, шалғынды өсімдіктер өседі, фаунасынан орман мен даланың жануарлары бірдей мекен етеді.

Орманды- дала зонасында халық өте тығыз қоныстанған, сондықтан, ауыл шаруашылығы жақсы дамып, егін шаруашылығының ішінде дәнді дақылдар бидай, сұлы, жүгері және техникалық дақылдар- қант қызылша мен күнбағыс өсіріледі.

Адамның шаруашылық әрекетінен зонаның ландшафтары үлкен өзгерске ұшыраған, Шығыс Европа жазығының далалы аймақтары егін шаруашылығы үшін жыртылып, орман алқаптарының ауданы қысқарған, соның есебінен орман өсімдігінің кейбір түрлері жойылып кеткен.

Дала зонасы.      ТМД елдері территориясының Шығыс Европа мен Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде үлкен аймақты алып жатыр, яғни жалпы ауданның 17% жуығын иемденеді, бұл зона батыстан басталып, Ортасібір үстіртін, Приволжск, Ставрополь қыраттары мен Торғай ойысы, Қазақ ұсақ шоқысының солтүстігін, Днепр бойы және Каспий маңы ойпаттарын басып, Алтай тауының етектеріне дейін созылып жатыр.

Климаты анағұрлым жылы, құрғақ, жауын-шашын мөлшері мол, булану мөлшері 200-400мм-ге артық. Дала зонасында жыл бойы Атлант мұхитынан келетін ауа массалары үстемдік етіп, көктем мен күзде арктикалық ауа массалары келеді. Қаңтардағы орташа ауа теммпературасы Шығыс Европа жазығының батысында 50С, Волга жағалауында -150С, Красноярскіде-200С, Тувада -25-300С жетеді. Батыстан шығысқа қарай бұлттылық азайып, жауын-шашынның жылдық мөлшері төмендейді, яғни климат құрғақтанады. Жауын-шашын көбінесе жазда түседі, кейбір кездері ұзақ уақыт бойы жауын-шашын жаумай, құрғақшылық болады, соның әсерінен дала зонасының өзендерінде су азайып, жаздың екінші жартысында көптеген өзендер арнасы кеуіп кетеді. Өсімдіктері, зона түгелімен ормансыз алқапта орналасқан, көбінесе шөптесінді өсімдіктер, соның ішінде, бетеге, жусан, ақселеу өседі. Жануарлардан, кеміргіштер, құстар, кейбір жыртқыш аңдар мекен етеді.

Топырақтары негізінен құрамында 8-10% гумусы бар қара топырақтар. Ол оңтүстікке қарай гумус мөлшері 6% ке дейін азайып, бірте-бірте селеу жусан өсетін аймақтарда құрамында гумус аз (3-4%) қызыл қоңыр топырақтар кездеседі,ал ең оңтүстікте тұзды топырақтар таралған.

Табиғатты қорғау мәселелеріне тоқталсақ, зонаның жер бедері мен  топырағы, климат егін шаруашылығы үшін өте қолайлы, көбінесе бидай, жүгері, күнбағыс  баубақша дақылдары өсіріледі, сонымен бірге зона территориясында көптеген пайдалы қазбалар, темір рудасы, тас көмір, табиғи газ, тұздар кездеседі.

Шөлейт зонасы, бұл ТМД елдерінің Каспий маңы ойпатынан оңтүстік- батыста Алтай тауларының етектеріне дейін созылып жатыр, мұнда дала зонасымен салыстырғанда климаттың құрғақтануы күшейеді, жазы анағұрлым ыстық, шілдедегі ауаның орташа температурасы +22+240С, кейде +400С қа дейін жоғарылайды.Қыста өте суық, бірақ қар аз түседі, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -120С -160С, кейбір аязды күндері -400Сқа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-350мм, ал булану мөлшері 700-800мм. Зонаның негізгі топырақ типтері-ашық қызыл қоңыр, ондағы гумус мөлшері 2-3%, ол топтар көпшілігі лёсс тәрізді жыныстарда қалыптасқан. Зонаның оңтүстік бөліктерінде сортаң және сорланған топырақтар кездеседі. Өсімдіктерден шөптесінді және сорланған топырақтар кездеседі. Жануарлар кеміргіштер, құстар, құмды аймақтарда бауырымен жорғалаушылар мекендейді

Шөлейт зонасының көпшілік жерлері мал шаруашылығы үшін жайылым ретінде қолданылып, оның жер қойнауында мұнай, көмір, мыс рудалары және тұздар да кездеседі.

Шөл зонасы, бұл Тұран жазығы, Каспий маңы ойпаты мен Қазақ ұсақ шоқысының оңтүстік бөліктерін және Закавказьенің шығыс бөлігінен ТМД елдерінің оңтүстігін қамтиды. Бұл зона Евразия материгінің ішкі континенттік жазықтарының мұхиттардан қашық орналасып ылғалдың жетіспеуінен пайда болған, зонаның жер бедері әркелкі, мысалы Үстірт платосы теңіз деңгейінен  132м. төменде жатыр

Шөлейт және шөл зонасының ірі өзендері Амудария, Сырдария және Іле, олар Памир және Тянь-Шань тауларынан басталып, сулары өте мол болып келеді. Бірақ кейбір Нура және Сарысу сияқты өзендерінің суы аз болып, жаздыгүні олар құмға сіңіп кетеді.

Климаты: өте құрғақ күннен келетін жылу мол болып, булану артады да, түсетін жауын-шашын азаяды, яғни жылына 200мм жауын-шашын түссе, керісінше 800-1500мм-ге дейін буланады. Шөлдің солтүстігінде қысы қатал, қар аз түсіп, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -10-120С, ал оңтүстікте өте ыстық, 300С, кейбір ыстық күндері +480С-қа жетіп,  қиыр оңтүстікте топырақтың қызуы +730С-қа жетеді.

Зонада негізінен шөлдің сұр-құба,  тақырлы және құмды топырақтары тараған, көпшілік аймақтарда сортаң территориялар пайда болған.

Мұнда өсетін өсімдіктің барлығы құрғақ климаттық жағдайларға бейімделген. Ксерофитті (құрғаққа бейім) бұталы өсімдіктер мен эфемерлі өсімдіктер. (Эфемер өсімдіктер дегеніміз- шөл мен шөлейтті зонадағы өсіп өну кезеңі қысқа, бір жылдық өсімдіктер). Жануарлары: құлан, құралай, тышқандар, жылан т.б.

Шөл зонасының көпшілік жерлері мал шаруашылығында жайылым үшін, ауылшаруашылығында  техникалық, бау-бақша, дәнді дақылдар өсіру үшін пайдаланылады.

Жер қойнауында мыс, марганец, полиметалл рудаларымен бірге мұнай, газ кездеседі.

Қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселелеріне байланысты шөл зонасындағы сексеуіл өсімдіктерін сақтау басты мәселе болып отыр, сонымен бірге ірі құмдардың көшуі әсіресе дүние жүзіндегі Сахарадан кейінгі орынды алатын Қарақұм шөлін сақтау планеталарындағы басты мәселеге айналып отыр.

 

Тақырыбы: ТМД елдері тау жүйелерінің биіктік белдеулілігі

 

  1. Биіктік белдеулік типтері;
  2. Жекелеген таулы аймақтардың биіктік белдеулерінің спектірінің ерекшеліктері;

 

Таулы аймақтарда көпшілігінде ендік зоналарына байланысты биіктік белдеулер қалыптасқан. Биіктік белдеулігі дегеніміз теңіз деңгейінен есептегендегі биіктіктің артуына қарай таулы аймақтарда табиғат жағдайларының өзгеруі. Биіктік артқан сайын геоморфологиялық,,гидрологиялық топырақ түзілу процестері, өсімдіктер мен хайуанаттар әлемі де өзгеріске ұшырайды.

Таулы аудандардағы биіктік белдеуліктерінің қалыптасуына бірнеше факторлар ықпал етеді:

1)Тау жүйесінің географиялық жағдайы. Кез келген тау жүйесіндегі биіктік белдеулігі таудың биіктігіне және ендік жағдайына, сонымен бірге теңіз бен мұхитқа жақындығына қарай анықталады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ТМД елдерінің территориясындағы таулардың биіктігі арта түсіп, олардағы биіктік белдеулігі де түрліше болып, яғни биік таулардың шыңына қарай қар сызығы белдеулер болады. Қар сызығы дегеніміз – тау басында қар жататын шекара, одан әрі қарай қар жыл бойы ерімей жатады. Мысалы: Франция –Иосиф архипелагындағы 100-200м биіктіктегі тауларда, Памир тауының 5400-5600м биіктерінде, Солтүстік Уралдың 700-800м- ге Оңтүстік Уралдың 1000-1100м , Кавказдың 1800-2000м биіктіктерінде жылына 365 күн, яғни жыл бойы қар басып жатады.

2) Тау жүйесінің абсолюттік биіктігі. Таулар неғұрлым биіктеп және экваторға жақындаған сайын, ондағы биіктік белдеуліктерінің саны көбейеді.

3) Тау жүйесінің жер бедері. Жер бедері қар жамылғысының таралуын, ылғалдылық жағдайын, үгілу працестерін, рельефтің карсты және мұздықты пішіндерінің қалыптасуын анықтай отырып, топырақ- өсімдік жамылғысының дамуына ықпалын тигізді.

  1.  Климат – бұл биіктік белдеуінің қалыптастырушы ең негізгі факторларының бірі болып табылады. Таулардың биіктігі артқан сайын ауа температурасы ылғалдылық деңгейі, күн радиациясы және желдің бағыты мен жылдамдығы өзгереді, яғни климаттың өзгерісі топрақтың, өсімдік және жануарлар дүниесінің  өзгеруіне мүмкүндік береді.
  2. Беткейлердің экспозициясы, кез келген тау жүйесіндегі солтүстік беткейлерінде оңтүстік беткейге қарағанда биіктік белдеуліктері төменірек орналасады.

Ал, биіктік белдеулердің  қалыптасуына қосымша ықпал ететін факторларға: беткейінің құламалылығы, тау жыныстарының құрамы, рельеф пішіндері, жерасты және жер беті сулары және адамның шаруашылық әрекеттері жатады.

Әрбір тауда биіктік белдеулері әртүрлі қалыптасады. Атап айтсақ, Пай-Хой қыраты мен Бырранга,Чукотка тауларының етегінде арктикалық шөл және тундра, Хибин, Приполярье, Солтүстік және Орта Уралда, Путорана, Алдан қыраты, Байкал маңы қыраттары және қиыр Шығыс тауларының етектерінде орман зоналары қалыптасқан. Ал, Карпат, Қырым, Кавказ, Оңтүстік Урал, Батыс және Оңтүстік Алтай тауларының етектерінде орманды- дала мен дала белдеуліктері жатыр. Ал, Орта Азия тауларының етектерінде шөл мен шөлейт жатыр.

Таулы аймақтардағы биіктік белдеуліктері мынадай ретпен орналасады: шөл, шөлейт, дала, орман, орманды шалғындық белдеулігі, альпі шалғындығы, тау тундрасы, мұздық белдеулігі.

 

Тақырыбы: Физикалық географияның қазіргі кезеңдегі міндеттері. Табиғат ресурстарын үнемі пайдалану және қоршаған табиғат ортаны қорғау

 

  1. Экологиялық-географиялық зерттеулердің негізгі бағыттары;
  2. Техниканың табиғи ортамен өзара әрекеттесу проблемалары;
  3. Географиялық болжам және экологиялық-географиялық сараптама;

 

Қазіргі таңда физикалық географияның алдында тұрған басты мақсаттардың бірі, ол- ТМД елдерінің территориясын кешенді физикалық-географиялық зерттеу яғни күрделілік деңгейі әртүрлі ТАК-ді зерттеу болып табылады. Оны зерттеу үшін 2 жол нақтыланған: ландшафттық картографиялау және физикалық-географиялық аудандастыру.

Ландшафттық зерттеу мен картографиялауда қолданылатын орта- және ұсақмасшабты карталар ТАК-дің кеңістіктегі құрылымын анықтау үшін өте тиімді. Сондықтан ТМД елдерінің барлық аймақтарының ортамасшабтағы ландшафттық карталары құрастырылып, баспадан шығарылған. Атап айтсақ, Украина мен Кавказдың, Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Сібірдің оңтүстік аймағының және Батыс Сібірдің орсан зор бөлігін алып жатқан Түмен облысының  ландшафттық карталары жарыққа шыққан. Сол сияқты, жоғары мектептерге арналған 1: 4 000 000 масшабтағы және геологиялық-барлау мақсатында қолданылатын 1: 2 500 000 масштабтағы ТМД елдерінің ландшафттық карталары жарияланды.

Географиялық әдебиеттерде қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану үшін физикалық-географиялық аудандастырудың әдістемесі туралы мәселелер көтерілуде. Сондықтан, кешенді аудандастырудың қолданбалы схемасын жаңартып, оның әдістері мен тәсілдерін талдау физикалық географияның негізгі міндеттері болып саналады.

 

Тақырыбы:  Табиғатты ұтымды пайдалану проблемалары

 

  1. Табиғат ресурстарын үнемі пайдалану және қоршаған табиғат ортаны қорғау проблемаларының көкейкестілігі;
  2. Антропогендік әсер жағдайында геожүйелердің тұрақтылығын сақтау проблемалдары;

 

Жаңа ғасырдағы географиялық зерттеудегі  келелі мәселелердің бірі- табиғат пен қоғамның өзара әсерлесуіндегі географиялық аспектілер болып отыр. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму дәуірінде табиғат ресурстарын пайдалану деңгейіне негізделеді. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануы күрделі мәселе болса, ал табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оларды қорғау - адамзаттың келешек ұрпақ алдындағы басты парызы болып табылады.Осындай мәселелерді шешу үшін физикалық географтардың да орны ерекше болғандықтан, олар қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесу проблемаларын шешудің географиялық және экологиялық тәсілдерін анықтады.

Кешенді географиялық   тәсіл кеңістіктегі объектілер мен құбылыстардың өзара байланысына негізделген. Оны қолдану табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың аймақтық жүйесі мен олардың өзара әсерлесу, байланыс орнатуда ұтымды қарым-қатынасты реттеуге түрткі болады. Ал, экологиялық тәсіл қоршаған ортаны «табиғат-өз үйіміз» ұстанымы бойынша оның қожайыны ретінде қорғап, сақтау мәсеселерін қарастыруға бағытталған.

Жоғарыда аталған тәсілдерді біріктіре отырып географтар мынадай бағыттарды өз міндетіне алды:

  1. Адам әрекетінен қоршаған табиғат ортасының өзгерісіне бақылау жасау;
  2. Қоршаған ортаға адамның шаруашылық әрекетінің салдарына ғылыми-географиялық болжам жасау;
  3. Табиғи апатты құбылыстардың алдын алу және оларды ескерту;
  4. Адам әрекетінен пайда болған табиғи-техникалық жүйелерді оңтайластыру;

Бұл мәселелерді шешу үшін ТАК-ды терең зерттеп, олар туралы толықтай білімді болу шарт,сонымен бірге табиғатты пайдаланудың тиімді жолдарын нақтылай білу керек.

Табиғат пайдалану- бұл 70-жылдары кең тараған ғылыми ұғым, ол шаруашылық әрекеттің негізгі сферасы ретінде қарастырылып, төмендегідей өзара байланысқан 2 міндетті шешуге бағытталған: 1) шаруашылық пен халықтың табиғат ресурстарына деген сұранысын қамтамасыз ету және 2) адамның өмір сүруі үшін табиғи ортаны сақтау және арттыру, биосфера эволюциясы мен дамуын және оның әртүрлілігі мен біртұтастығын сақтау .

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Алпатьев А.М. и др. Физическая география СССР. М., Высшая школа, 4:1-3, 1973,    1974, 1976.
  2. Герасимов И.П. Конструктивная география. М., Высшая школа, 1968.
  3. Гвоздецкий Н.А., Михаилов Н.И. Физическая география СССР. М., Высшая школа, 1987.
  4. Давыдова М.И. и др. Физическая география СССР. М., Просвещение. Т.1. 1989,
  5. Добровольский А.Д., Залогин Б.С. Моря СССР. М., Просвещение. Т.1. 1989; т.2.
  6. Алисов Б.П. Климат СССР. М., Высшая школа, 1969
  7. Воскресеньский С.С. Геоморфология СССР. М., Высшая школа, 1968.
  8. Мещеряков Ю.А. Рельеф СССР. Мысль, 1972.
  9. Обедментова Г.В. Река и реки. – М., 1993.
  10. Исаченко А.Г. География в современном мире. М., Просвещение, 1998.
  11. Мячкова Н.М. Климат СССР. М., Изд-во МГУ, 2001.
  12. Мильков Ф.Н., Гвоздецкий Н.А. Физическая география СССР. М., Высшая школа, 1986.
  13. Ефремов Ю.К. Природа моей страны. М., Мысль, 2000
  14. Географический атлас мира. Москва 2004.
  15. Берг Л.С. Географические зоны советского Союза. М., Географиз. Т.1. 1974; т.2. 1952.
  16. Исаченко А.Г. География в современном мире. М., Просвещение, 1998.
  17. Берг Л.С. Географические зоны советского Союза. М., Географиз. Т.1. 1974; т.2. 1952.
  18. Исаченко А.Г. География в современном мире. М., Просвещение, 1998.
  19. Заповедники СССР. Заповедники дальнего Востока. М., Мысль., 1985.
  20. Заповедники СССР. Заповедники Украины и Молдавии. М., Мысль. 1987.
  21. Заповедники СССР. Заповедники европейской части РСФСР. М., Мысль, т.1. 1988; т.2.1989.
  22. Заповедники СССР. Заповедники Средней Азии и Казахстана. М., Мысль, 1990.
  23. Давыдова М.И. и др. Физическая география СССР. М., Просвещение. Т.1. 1989, т.2.1990.
  24. Добровольский А.Д., Гришина А.А. Охрана почв. М., Изд-во МГУ, 1985.
  25. Ефремов Ю.К. Природа моей страны. М., Мысль, 2000
  26. Мильков Ф.Н. Природные зоны СССР. М., Мысль, 1977.
  27. Географический атлас мира. Москва 2004.
  28. Исаченко А.Г. География в современном мире. М., Просвещение, 1998.
  29. Гвоздецкий Н.А., Михаилов Н.И. Физическая география СССР. М., Высшая  школа, 1987.
  30. Заповедники СССР. Заповедники дальнего Востока. М., Мысль., 1985.
  31. Заповедники СССР. Заповедники Украины и Молдавии. М., Мысль. 1987.
  32. Заповедники СССР. Заповедники европейской части РСФСР. М., Мысль, т.1. 1988; т.2.1989.
  33. Добровольский А.Д., Гришина А.А. Охрана почв. М., Изд-во МГУ, 1985.
  34. Ефремов Ю.К. Природа моей страны. М., Мысль, 2000
  35. Географический атлас мира. Москва 2004.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-21 15:12:55     Қаралды-19041

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »