UF

Тақырыбы. Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы

 

1. Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы пәніне кіріспе

 

1. Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы  пәні туралы жалпы түсінік.

2. Тарихи дамуы.

3. Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы пәнінің кәсіптік аспектілері.

 

Психодиагностика - психологиялық диагноз қою немесе жеке адамның психикалық күйі туралы мамандырылған түрде шешім қабылдау.

Психодигностика ғылым ретінде, келесі жалпы мәселелерді қамтиды: І.Психикалық құбылыстардың табиғаты қандай?

2.Психикалық қүбылыстарды тануда оның жалпы ғыльши негіздері неде?

3.Психодиагностикалық әдістер жалпы ғылыми,  әдістемелік талаптарға сәйкес келе ме?

4.Психодиагностикалық әдістерге қандай әдістемелік талаптар қойьшады?

Практикалық диагностиканың нәтижелерінің дәлдігіне қандай негіз бар? Психодиагностика тек теориялық мәселелерді ғана емес, сонымен қатар оны ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін де қамтиды.

1 .Психолог - психодиагностқа кәсіби талаптардың қойылуы.

2.Өзінің жұмысын дұрыс жүргізу үшін онда қажетті білімнің, ептіліктің, дағдының болуы.

3.Практикалық жағдайлардың жасалуы. Практикалық психологта арнайы бағдарлама мен әдіс-тәсілдердің болуы.

4.Психолог-диагносттың жүмысы осы 2 бөлікті (яғни теориялық және практикалық) қамтиды.

Психодиагностика психологтың түрлі іс-әрекетінде қолданылады. Мысалы, әксперимент өткізгенде зерттеуші ретінде, психологиялық түрғьщан кеңес бергенде, психологиялық коррекция әрекетінде. Өте жиі ол психологиялық диагноз қою болуы тиіс.

Психодиагностиканың мақсаттары:

1. Адамның бойьшда психикалық қасиеттердің немесе мінез-қүлық ерекшеліктерінің көрініс беруін анықтау.

2. Осы ерекшеліктердің даму дәрежесін, оның сандық және сапалық жағынан көрініс беруін анықтау.

3. Басқа адамдардың бойындағы қасиеттер мен осы көрініс берген ерекшеліктерді немесе қасиеттерді салыстыру.

4. Адам бойындағы қасиеттерді, мінез-құлық ерекшеліктерді сипаттай білу.

Психодиагностика кәсіби психологтың іс-әрекетіндегі ең күрделі сала. Бұл салада қызмет ету үшін білім, дағды, ептілік қажет. Мысалы, Америкада жоғары білімі бар мамандар осы сала бойынша дайындық өтеді ( 2 жылдық арнайы факультеттерде дайындалады). Осы факультетті бітіргеннен кейін, психодиагност, психологиялық коррекция бойынша мамандық алады.

Психологиялық диагностқа қойылатын талаптар:

1.   Адамдарды   өзіне   тарта   білу,   оларды   сендіре   білу,   олардың   көңілінен шыға білу.

2.   Психодиагностикалық әдістерді   терең   білу,   оларды   қолдану   әдістемесін игеру. Психодиагностикалық әдістерді таңдауға қойылатын талаптар:

а) тандалып алынған әдіс қарапайым түрде болуы қажет.

б)таңдалып алынған әдіс түсінікті болуы қажет.

в) зерттеу одістері өтетін жерде адамға әсер ететін жағымсыз тітіркендіргіштер болмауы қажет (яғни, оның -зейінін аударатын жағдайлар). Зерттеуші мен зерттелінушіден басқа бөтен адамдар болмауы қажет.

Қазіргі психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың бірінші жартысынан басталады. Адам туралы психологиялық әмпирикалық білімді дәрігерлер жинады (ал оған дейін философтар мен жазушылар айналысқан).

Психиатр-дәрігерлер Еуропаньщ клиникаларында ауру адамдарды бақылай бастады. Психодиагностиканың: бақьшау, документтерді анализдеу, әңгімелесу әдістері қолданьшады. В.Вундт 1-ші лаборатория ашады (1879 ). Бұл жерде техникалық құралдар қолданыла бастады. Бұл уақытта негізгі психофизикалық заң ашьшды, яғни физикалық және психикалық құбылыстардың сандық жағынан бір-бірімен байланыста болуы. Осы заңға байланысты адамның түйсіктерін өлшеу мүмкіншіліктері де пайда болды.

Психодиагностиканың негізгі әдістерінің құрылуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып табылады. Осы кезеңде белсенді түрде математикалық статистика дами бастайды. Кейінірек оған психодиагностиканың сандық ғьшыми әдістері негізделе бастады. Математикалық статистиканы баста биологияда, әкономикада, медицинада, ал кейінірек психологияда қолданды. Кейінірек психикалық құбылыстарды сандық жағынан психодиагностикалауда арнайы әдістер қолданыла бастады. Ең бірінші рет ол әдіс ақыл-ой дамуының дәрежесін анықтауда қолданылды.

Бірінші арнайы психометриялық мекеме Англияда пайда болды. Оның негізін салған ағылшын психологы - Гальтон. 1884 жылы ол антропометриялық лаборатория ашады. Ол лабораторияның негізгі мақсаты - адамның қабілеті туралы статистикалық мәлімет алу. Бұл лабораторияға келушілер өздерінің қабілеттері туралы мәлімет алуға мүмкіншілік алды, бүл әксперименттен 10000 адам өтті. Гальтонның еңбегі -статистикалық әдістерді ойлап табуы.

Француз ғалымы А.Бине 1905-1907 жылдары ақыл-ойды зерттеу тестгерін жетілдіре түсті, ал кейінірек француз ғалымы Т.Симон екеуі бұл тесттерді терең түрде өңдеді, сөйтіп ол тест Бине-Симон деп аталды. XX- ғасырдың екінші жартысында жаңа психологиялық тесттер пайда болды. Олар жеке адамның түрлі қасиеттері мен процестерін диагностикалауда қолданылды.

Бұл жылдары әлеуметтік психологиялық зерттеулерде психодиагностикалық әдістер қолданылды (социометриялық әдіс Дж. Морено, көптеген өлшеу әдістері К.Левин ). Кейінірек психодиагностика психологиялық білімдердің ғьшыми практикалық саласына айналады. Өте көптеген психодиагностикалық әдістер пайда бола бастады. Математика мен физиканың, ӘВМ-нің нәтижелері психодиагностикаға ене бастайды.

Практикалық психодиагностика - психологтардың өте жауапты және күрделі саласы. Ол қажетті білімді, кәсіптік ептілікті талап етеді. Психодиагностикаға арнайы талаптар қойылады:

1.   Құпияны сацтау притпті. Психодиагностиканың нәтижелерін жария етпеу( психодиагностика жүргізілген адамның келісімінсіз). Бұ_л принцип ересек адамдарға қатысты. Ал егер психодиагностика кіші балаларды қамтыса, онда олардың ата-аналарының келісімі қажет, оның үстіне зерттеушілердің фамилиясы, аты көрсетілмеуі тиіс (нақты фамилиясы, аты-жөні).

2.  Ғылыми дзлділік принцші. Психодиагностикалық әдістердің нәтижелері сенімді болуы қажет.

3.  Зиян келтірмеу принципі. Психодиагностикаға тартылған адамға зерттеу нәтижелері зиян келтірмеуі қажет.

Осы     методологиялық     принциптердің     негізінде     психологиялық    зерттеулер қаралады:

1.   Психодиагностиканың әдіснамасы

2.   Зерттеу әдістерінің классификациясы

Психодиагностика екі мағынаны білдіреді:

1) ғылыми психологиялық зерттеулер

2) психологиялық білімдердің практикада қолданылуы. Психодиагностиканың әдістері 2-ге бөлінеді:

1) зерттеу әдістері

2) психодиагностикалық әдістер

-Зерттеу әдістерінің мақсаты - жеке адамның психикалық процестерін, сипаттарын, кейіптерін анықтау. Әксперимент барысында жеке адамды зерттеу.

-Психодиагностика әдістерінің мақсаты - зерттелінетін психикалық ерекшеліктерді сандық және сапалық жағынан анықтау. Р.Кеттелдің 16- факторлық тесті. Бұл жерде 187 пікір бар, ол 16 топқа бөлінген. Осы бөліктер бойынша жеке адамның қасиеттері бағаланады.

 

Детерминизм принципі

а) жеке   адамның   қалыптасуына   оқыту   мен   тәрбиенің әсері;

б) баланың    бас    миы    нерв    системасының    қалыптасу дәрежесі;

в) баланың   психикалық   дамуына   алдыңғы   кезендерінің әсері

Психика мен іс-әрекеттің бірлігі туралы принцип

а) баланың психикалық дамуы оның негізгі іс-әрекетімен байланысты;

б) баланьщ    жасаған, орындаған    іс-әрекетін    анализдеп отыру;

Даму  принципі

а) актогенез ( даму  процесінің нақты  тітіркендіргіштердің ықпалына жауабы);

б) онтогенез (баланың дамуы);

в) тарихи генез ( акселерацияны ескеру )м

 

Бақылау негізіндегі психодиагностикалың әдістер

Бұл жерде нені бақылау қажет, қалай бақылау қажет, бақылау нәтижелерін қалайша бағалау қажет, оны қалайша талдау керек екендігі туралы схемалар беріледі ( бақыланатын адамдардың қозғалысы, ой-пікірлері, реакциялары есепке алыньш отырады).

Сүрац негізгндегі психодиагностикалъщ әдістер

Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері арнайы сұрақтарға жазбаша немесе ауызша түрде берілген жауаптары арқылы анықталады. Бұл әдістерге жататындар: анкета, сұрақ-жауап әдісі, интервью.

Анкета - зерттелуші берілген сұрақтарға жауап қайтарумен ғана шектелмейді, сонымен қатар өзі туралы да әлеуметтік-демографиялық мәліметтер береді (жасы, мамандығы, білім дәрежесі, жұмыс орны, отбасы, қызмет жағдайы).

Сұрақ-жауап әдісі - зерттелушіге жазбаша түрде сұрақтар беріледі. Сұрақтар ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Жабық түрінде сұрақтар және оған жауап беріледі. Ашық түрде жауаптар берілмейді. Зерттелуші өзі жауап қайтарады.

Интервью — психолог өзі сұрақ беріп, өзі зерттелушінің жауаптарьш жазып отырады.

Объектшті психодиагностикалъщ әдістер - яғни іс-әрекеттің нәтижелерін анализдеу. Зерттелушінің жазбаша жұмыстары, оның шығармалары, хаттары сараланады.

Әксперішентальді психодиагностика.іъщ әдістер

Зерттелушінің қандай да болмасын бір ерекшелігін зерттеу мақсатында арнайы әксперимент өткізу. Арнайы жасанды жағдай жасап отырып, өзімізге қажетгі касиетті, ерекшелікті зерттеу. Мысалы, адамньщ бойында « үрейлілік » қасиетті анықгау. Зерттелушіні емтихан жағдайына түсіріп, арнайы уақыт беріп (аз уақыт беріп), бмтихан нәтижесін өте қатал бағалайтынымызды ескертеміз. Зерттелуші осы іс-әрекетте өзін қалай ұстайтындығы толық бақыланып отырады. Егер зерттелінш отырған қасиет ерекше көрініс берсе, яғни осы қасиет күшті болғаны. Егер осы қасиет жақсы көрініс бермесе, онда оньщ зерттелушінің бойында болмағаны. Ал егер осы қасиет біркелкі, орынды түрде көрініс берсе, онда орташа болғаны.

4    4: Қорытынды, пікірдің   объективті   түрде   болуы   принцгіпі. Тест   әдістерінін

нәтижелері ғылыми жағынан дәл болуы тиіс. 5.   Үсынылган    нүсцаулардың    нәтижелі    түрде    болу    принципі.  Ұсынылған

нұсқаулар адамдарға пайдалы болуы тиіс.

Психодиагностикамен     айналысатын     адамдарға     арнайы     кәсіптік    талаптар қойылады:

-жақсы теориялық дайындық;

-психодиагностикалық әдістерді жақсы меңгеру;

-әдістемелерді қолдануда практикалық тәжірибе болуы қажет.

Зерттеудің    нәтижелілігі    методология, әдістер, зерттеу    әдістемелерінің   дұрыс байланыста болуымен анықталады.

 

Методология, әдіс және әдістемелердің байланысы

Қандай да болмасын әдіс белгілі бір принципке негізделеді

2.  Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы пәнінің әдістері

 

1. Психодиагностиканың зерттеу әдістері

2. Психологиялық зерттеулерді құру принциптері

3. Психикалық      қүбылыстарды      зерттеудің      объективтілігі.

4. Зерттеу әдістері

5. Байқау әдісі.

6. Әксперименттік әдіс.

7. Әңгімелесу әдісі.

8. Социометрия-әдісі

9. Дисперсиялық талдау.

10. Факторлық талдау.

 

Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негіздеген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дүрыс және табыс дамуы мүмкін. Методтарды ғылыми негіздеу әдістердің олаіцы пайдалану ережелерінің және ғылым пенінің философиялар ұғымынвтғг арасындағы өзара байланысты ашу деген сөз. Психологияға келгенде бұл жайт психиканы философиялық тұрғыдан түсінудің зерттеу әдістеріне деген, олардың құрылуы ұйымдастырылуына және нәтижелердің талдануына деген негізгі талаптарды анықтайтының білдіреді. Мысалы, психикалық идеалистік тұрғыдан ұғыну психологияның негізгі методы өзінд^ өзің қадағалау методы болды дегенге әкеп тіреді. Бұл тусінікті де. «Егер психика өз бетімен өмір сүретін нәрсе, өзін бөлек болмыс ретінде қаралатын болса, онда псхикалық қыбылыстарды зерттеу үшін басқа жолдардың болуы принцип жүзінде мүмкін де емес еді. Психиканы мидың объективтік шындықты беййелеңціретін қасиеті ретінде диалектикалық-матералистік тұрғыдан ұғыну психологиялық зерттеулерді қүруды басқа әдістері мен принциптерін талап етеді.

Психикалық      құбылыстарды      зерттеудің      объективтілігі.

Психологиялық зерттеулердің бірінші принципі-гіюихиканы зерттеудің объективтілік принципі болып табылады. Бұл принцип кез келген психикалық құбылысты олар қдндай болса, сол күйінде қараудың қажеттігін білдіреді. Олар адам өмірінің сыртқы жағдайлары және қызметімен өзара байланыста ғана зерттелуі мүмкін. Бұл талап орындалуы тиіс, себебі психикалық құбылыстар сыртқы әсерлердің бейнеленуі ретінде ұғынылады.

Объективтілік принципі адамның психикалық ерекшеліктер жайлы оның нақтылы істері мен қылықтарына қарап қана дұрыс пікірге келуге болатындықтан адамды қызмет процесі үстінде зерттеуді талап етеді. Бұл принципті басшылыққа ала отырып, психикалық құбылыстарды белгілі бір адамға иеғұлым тән, сондай-ақ тән емес жағдайларда зерттеу керек. Осындай жағдайда ғана адамды жан-жақты және мәнді нәрсені ешқайсысын назардан тыс қалдырмай зерттеуге болады.

Объективтілік   принципі   жиналған   материалды   өңдеуде   көрініс табуы  тиіс. Алынған фактілердің барлығы,  оның, ішінде  бір-біріне қарама-қайшыларды да жан-жақтьі талдауға түсуі  керек.  Қарама- қайшы фактілерге ерекше назар аударған жөн. Оларды ешқашанда жай қарамай тастауға болмайды, қайшылық себебін міндетті түрде табу керек немесе қосымша тексеру жұмыстарын жүргізу керек. Жиналған материалды өңдеу кезіндегі объективтік прнципі кез келген тұжырым нақты фактілер негізінде жасалатындығынан көрінеді. Соңғы қорытынды белгілі бір болжам ұсынуға болмайтындыған білдірмейді, тек сынған топшылаудың дұрыстығын фактілі материалмен дәлеллеуге міндеттейді.

Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу. Психологиялық зерттеулерді құрудың тағы бір өте маңыздыпринципі психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу принципі. Егер объективті дүние ұдайы қозғалыста және өзгерісте болса, онда осыған орай, оны бейнелендіудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес қой.

Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу адам бойында қалыптасып болған психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар жаңа ғана пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді талап етеді. Жаңа қалынтаса бастаған ерекшеліктерді зерттеудің, әсіресе оқушы психикасын қарастырудағы маңызы ерекше. Мұнда басты назар балалардың айқын анықталған психикалық ерекшеліктеріне емес, болашақтағы даму перепективасын белгілей алатын психикалық саналарына да аударылғаны абзал. Егер де мұғалім болашаққа батыл қаран, әр оқушының болашақ дамуын алдын ала болжай білмесе, бүкіл оқу - тәрбие жұмысының бір арнауға түсіріп, қойылған мақсатқа орай жүргізу мүмкін емес.

Жеке адамды анализдік - синтездік зерттеу. Әр түрлі жағдайларда, әр түрлі қызмет бабында, басқа адамлармен қарым қатынасында жеке адамның сан -саналы психикалық ерекшеліктері, жеке адам ретіндегі бет бейнесі ашылады. Сонымен бірге ақиқат өмірдің алуан салалығынан қарамастан, әр адам өз күйіде қалады, тек өзіне ғана тән индивидуалды психикалық зерттеуді құру принциптерінің бірі жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу принципі болып табылады.

Анализдік зерттеу психиканың әлементтерін жеке адамның өмірі және қызметінің әр түрлі жағдайда тануға мүмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлық жеке психикалық көріністердің өзара байлаысып анықтауға және белгілі бір адамды толық сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.

Анализдық - синтездік принципті ұстану қажеттілігі жеке адамды терең, жан-жақты зерттеу, танымдық, әмоциялық, ерікжігерлік процестердің жеке жақтарын, жеке қасиеттерді зерттеу сияқты барлық осы сәттердің адамның түтас психикалық бейнесіндегі өзара байланыстарын, өзара шарттылықтарын зерттеуді қажет ететіндігінен болып отыр бағытының қатаң бірлікте болуы, бір жағынан жеке көріністерін зерттеу мейінше жеке адамның психикалық ерекшеліктерін түсінуге және дұрыс бағалауға болмайтындығынан, ал, екінші жағында жеке адамның ерекшіліктерін оларды бір-бірімен салыстыруйынша, олардың өзара тәуелділігі мен бірлігін ашиайынша үсүнуға болмайды.

Психологиялық зерттеулерді құруда анализдік синтез принципті басшылыққа алу әр адамның психикалық бейнесін белгілі бір тарихи кезеңдегі барлық адамдарға иемесе болып тапқа тән жалпы ұқсастық, сондай-ақ ерекшелік индивидуалдық болатындықтан да қажет. Жеке адамды зерттеу процесс кезінде оның қандай жалпы типтік және индивидуалды қасиеттерге ие екенін, осы қасиеттердің қандай қатыстарда екендігін анықтау қажет.

Сонымен психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі принциптері: объективтілік принципі, психикалық құбылыстар олардың дамуы барысында зерттеу принципі және жеке адам анализдік-синтездік зерттеу принциптері болып табылады.

Психологияда адамның психикалық қызметін зерттеіралуан түрлі әдістер қолданылады. Белгілі бір әдісті таңдау зе^ттеу алдына қойылған мақсатқа байланысты.алайда, қандай жағдайда болсада жоғарыда айтылған принциптерді басшылыққа алған абзал.

Психологиялық зерттеулерде мына төмендегідей: байқау, әксперимент, әңгімелесу, қызмет нәтижелерін зерттеу, анкеталық әдіс, тестер әдісі, модельдеу сияқты әдістер қолданылады/ Осы әдістердің көмегімен жиындықталған фактілік материалдар сапалық және сандық талдауға түседі.

Байқау әдісі. Ғылыми әдіс ретінде байқау әдісіне де белгілі талаптар қойылады.

Байқау қай кезде де мақсатты яғны байқау процесі кезінде шешілуі тиіс міндеттер мен мақсаттар арқашанда айқын .анықталуы қәжет. Сондай-ақ, байқау жаппай болама, соған ор- адамның белгілі уақыт ішіндегі барлық әрекетін, қылықтарын айтатын сөзін түгел есепке алып отыру керек пе, әлде байқау ішінара бола ма, сондықтан психикалық көріністердің белгісі бір қырына ғана қатысты фактілер есепке алына ма, осы жылғын анықтау да маңызды.

Байқауды табиғи жағдайда өткізу керек және оқиғаны әдетті ағысына арласпаған дұрыс. Байқауға алынған адамның бұл жайт жайлы бфлмеуі өте маңызды, бұлай болмаса, адам мінезіндегі табиғУлық жойылып кетфуі мүмкін. Байқау жоспары болуы тиіс және ол жоспар байқалудың шынайы барысымен сәйкес келе ма, соны салыстырып отыру керею Бұл талапты орындамайынша толық, жан -жақты және- нанымды нәтижеге жеткізе негайбіл және кездесоқ фактілердің шырмауығына оралу қаупы бар.

Жоғарыда айтылған талаптар міндетті түрде байқау күнделігін жүргізу қәжеттігін көрсетеді. Байқау күнделігіне тек қана адамның мінез құлқын, қылығын, әрекетін сипаттайтын фактілерді ғана емес, сондай-ақ олар болып өткен кездегі жағдайларды да мұқият тіркеп отыру керек. Онысыз байқалған фактілерді дұрыс бағалауға да, себептерін түсінуге де болмайды.

Байқау әдісінің елеулі артықшылғы-адамның психикалық көріністерінің табиғылығы сақталатындығында. Дегенмен бұл әдістің ынғайсыз жақтары да бар. Байқау үстінде зерттеуші самарқау позицияда болады-ол өзі күткен құбылыстың көрініс беруін тосуға мәжбүр. Бұл әдіс жиналған материалдарды сандық талдаудан өткізуге кең мүмкіндік бермейді. Ақырында, ең бастысы байқау әдісі кезінде белгілі бір психикалық құбылыстың себебін дәл анықтауы мүмкін емес дерліктей, өйткені біз барлық әсер ететін факторларды есепке ала алмаймыз.

Әксперименттік әдіс. Басқа да көптеген ғылымдардағыдай психологияның негізгі әдісі -әкспременттік әдіс болып табылады. Оның маңызды артықшылығы - зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығыңца.

Белгілі бір жағдай жасай отырып, зерттеуші, біріншіден, осы жағдайдың тексеріліп отырған психикалық құбылыстарға тигізетін әсерін өте дәл ескеруге, екінішіден, бір жағдайды өзгертіп, басқасын өзгертпей сақтауға, сол арқылы белгілі бір психикалық құбылыстардың себептерін ашуға, үшішіден, тәжірибені қайталауға, сүйтіп зерттеленіп отырған психикалық құбылыстардың типтілігі немесі кездейсоқтылығы солардың негізінде анықталатын сандық деректерді жинақтауға мүмкіндік алады.

Психологиялық әкспременттің екі -лабораториялық және табиғы жағдайдағы формасы бар. Лабораториялық әксперимент араулы жайда жүргізіледі. Жүргізу кезінде сыртқы әсер ерекшеліктері мен адамның оған жауап ретіндегі психикалық күйін айнытпай жазып алып отыратын құрал- жабдық қолданылады. Лабораториялық әксприменттің адамның белгілі бір психикалық көріністерінің   физиологиялық   механизмдерін   зерттеу барысындағы  маңызы  үлкен.  Лабораториялық әксперимент  кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсіну, еске түсіру) зерттеу үшін деп табысты қолданылады. Лабораториялық әксперимент адамның қызметін   тутасынан   зерттеу   кезінде   де   барған   сайын   кеңінен қолданылуда.   Мәселен,   арнайы   жасалған   жағдайларда   адамның психикалық қызметінің әр алуан компоненттері (моторлы, сенсорлық, перцептивтік   -     мнемоникалық, интеллектуалдық, еріктік, характерологиялық) оның техникасымен өзара әрекетті процесінде табиғи жағдайдағы әксперимент. Оның лабораториялық әксперименттен айырмашылығы-адам әдеттегі жағдайда сынақтан өтеді. Табиғы жағдайдағы әксперименттің барісында қызметтің (айын, оқу, еңбек) әдетті жағдайы сапады. Әксперименттің бұл түрін -мектеп оқушыльірының психикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін алғаш рет А.Ф. Лазурский (1874-1917) жасады. Табиғы жағдайдағы әксперименттік жүргізу кезінен алдын ала4 баланың белгілі іс-әрекеттері зерттеледі және оны қандай психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс беретіндегі анықталады. Бұдан кейін жаңағы іс-әрекет әксперимент міндетіне сәйкес ұйымдастырылады және оның барысында оқушы қажетті психологиялық зерттеуден өтеді.

Табиғи жағдайдағы әксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және әксперименттің жақсы қасиеттері біріншісінің табылығы мен екіншісінің бөлсенділігін үйлестік ретінде.

Табиғи жағдайдағы әкспериментті одан әрі дамыту оның мынадай психологиялық - педогогикалық әксперимент сияқты екінші түрінің әкелді. Мұның мәні - оқушының зерттеу тікелей оқыту және тәрбиелеу процесінде, зерттеу объектісі болып табылатын психикалық ерекшелердің бөлсенді қалыптасуы прцесінде атқарылатындығында.

Социометрия-әдісі де табиғы жағдайдағы әксперименттік ерекше бір түрі болып табылады. Ол жеке адамдық ерекшеліктер мен коллектив мүшелері арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік береді. Социаметрия қолданылатын негізгі таңдаудың әр түрлі формалары, оның барысында сыналатын адам не өз пікірін бүкиесіз айтуы, ие осы коллектив мүшелері қалағанды белгілі мақсатпен жүзеге асыруы тиісті. Мұндай таңдау үшін мейленше табиғи жағдай жасаудың маңызы өте зор. Таңдау жүйесі бойынша әксперимент жүргізу негізінде жеке адамның коллективтегі орнын, орын алған қарым-қатыстардың сипатын, олардың бағыну тәртібін (иерархиясын), коллективтегі жағдайына қанағаттану дәрежесін, талап деңгейін тағы басқаларды анықтайды.

Әңгімелесу әдісі. Әңгімелесу әдісі қолданғанда әңгіме мақсатын алдын ала айқын анықтау және негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды. Әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендеру қажет; Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шуақ, ықыласты Іжағдайды сақтаудың маңызы аса зор.

Әңгімелесу әдісінің негізгі кемшілігі сол, мұнда сипалаты адамның цсихикалық ерекшеліктері тұралы тұжырынды оның өзі берген жауабы егізде  жасауға  тура   келеді.   Сондықтан   әдісті   өз   алдына   жеке пайдаланбайды, басқа әдістермен толықтырып тұрады. Әңгімелесу әдісін мұғалім оқушының жеке басының қасиеттерін зерттегенде кең пайдаланғаны дұрыс. Әңгіме кезінде баланың өткен өмірі, оқушы тұратын үй ішінің жағдайы, оның ата-анасы, жолдастары тұралы білуге, оқушының муддесі мен тұратын анықтауғы болады. Бұл мәліметтердіҢ бәрі мұғалімнің шәкірттерінің психикалық бейнесін неғұрлын тереңірек түнуіне мүмкіндік береді.

Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамдардың шара-шарқы мен дағдылары, жұмысқа деген құлқы, кейде қабиелеті мен білім деңгейі сияқты ІІеихөяошяпьШг, ерекшеліктерін айтуға мүмкіндік береді/ Бұл ретте қызмет нәтижелерін ғана емес, оларды әзірлеу процесінің өзін де зерттеу өте маңызды, өйткені қызмет процесі кезінде адамның психикалық ерекшеліктері анағұрлы айқын аңғарылады.

Бұл әдісті іс-әрекеттерінің нәтижесі алуан түрлі болып келетін мектеп оқушыларының веихологиялық зерттеуінде де қолдану қажет. Алуан түрлі іс-әрекеттерге балалардың жазған шығармалары, бақылау жұмыстары, суреттер, сызулар, өздері жасаған оқу құралдары, еңбек сабағында істелген әр түрлі заттар, жеке күнделіктер тағы басқалар жатады.

Анкеттік әдіс. Бұл әдісті пайдаланған кезде сұрақтар мазмұнының айқындығының және олардың дұрыс құрылуының, анкетті толтыру тәртібі жөніндегі егжей-тегжейлі нұсхаудың, алынған материалдарды сандық және сапалық жағының жанына ұқыпты өңдеудің, статистикалық әдістерін дұрыс қолданудың үлкен аңызы бар/Анкеттік әдістің артықшылық қасиеті-дұрысты «көп заңымен» анықталатын көлемі үлкен материал алуға болатындығында. Өкінішке орай бұл әдіс үстінде, әдетте болған деректерді, алынған жауаптарды сапалық жағынан қолдау қиындайды және жауапты сынан өтетін адамдардың қызметімен және міңес - құлқымен салыстырудың мүмкіндігі жоқ.

Тестер әдісі. Тестер деп аталатын (тест-сынау, тексеріп көру) әдістер ерекше бір топ құрайды. Тестер басқа әдістерден алдымен, жаңа заңдалықтарды ашу үшін емес, сыннан өтетін адамда белгілі бір қасиеттердің бар екенін анықтауға қолданылатындығымен ерекшеленеді. Тестің мазмұны мен құрылымы алдын ала жүргізілген көптеген әксперименттер негізінде сыннан өтіп, тексеріледі. Тестердің көмегімен адамдардың белгілі бір іс-әрекетті орындауға әзірлік деңгейлері анықталады. Тестер әр түрлі әксперименталдық әсерлерді басынан өткерген мысалы сан алуан дидактикалық әдістерді қолдана отырып, (білім беру) сыналушы. адамдарды салыстыруға да қолданылады.. Дұрыс құрастырылғай тестер адамдарды Велгілі бір Нәсіп іріктеп алу үшін де кеңінен қолданылады.

Модельдеу әдісі. Психикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұрғыннан модельдеудің басталуы кибернетика және құбылыстарды ықтымалды сүреттеу теориясының даңылуымен байланысты. Модель зерттелетін объектінің орынына сүретін «орынбасар» сияқты.

Барлық басқа әдістерден модельдеу әдісінің айырмашылғы - оның көмегі арқасында психикалық құбылыстар тікілей зерттелмей, сол құбылысқа ұқсас модель арқылы зерттелейдігіңце. Модельді жасау үшін зерттелгелі отырған психикалық құбылыс жөнінде жетікілікті білім болуы қажет. Сондықтан модельдің дұрыстығы, толықтығы, жан-жақтылығы белгілі құбылыс түралы білім деңгейіне тәуелді болады.

Модельмен психикалық құбылыс арасында толық оқсастық болуы мүмкін емес. Модель әдетте өзіне ата тип болып өтыру құбылысты жеңіл-желпілендіріп, тұрпайыландырады, дем зерттеу объектісінің өзі де жеңіл - желпіленеледі, бірақ әдістің негізгі мәнінің өзі осылайша жеңілдетуде. Сонымен қабат оның негізгі кемшілігі де болып саналады. Төртінші неме ауытқыда сәтсіз жеңіл - желпілендіру модельде зерттелене құбылысты бұзып жіберуы мүмкін.

Модельдеу әдісін қабылдау, түйсік, ес және басқа психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады. Бұл әдіс со.ның қатар педогогикалық психологияда да, оның ішінде, білім беру процестерін зерттеуде кеңінен қолданылады.

3ерттеу материалдарын өңдеу

Зерттеу материалдарын сапа жағынан өңдеу. Психологиялық зерттеулерді әр түрлі психикалық процестердің заңдылықтар мен ерекшеліктерін ашу және жеке адамның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған әдістердің барлығы да кеңінен пайдаланылады. Кез келген әдісті дұрыс қолданғанда, ең алдымен жеке адамнын психикалақ көріністерінің сапалық сипаттар анықталып, тіркеледі, яғни зерттеу міндеттеріне сәйкес факті деректер дәлме-дәл іріктелінеді^де дұрыс түсіндіріледі.

Мұндай өндеу зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың сапалық ерекшеліктерін тұралы пікір айтуға болатын көрсеткіштерді алдын ала анықтап алуды, немесе сол көрсеткіштерді фактілі материалды талдау процесі кезінде дәл таба білуді талап етеді. Мәселен, ойлау процесі зерттелуді делік (әр жастағы немесе әр түрлі  жағдайды  оқытын  оқушылардың  ұғымды   игеруі   материалы бойынша).     Бұрыннан    белгілі    көрсеткіштер ұғымды меңгерудің сапалық ерекшіліктерін сипаттау үшін қолданылатындығын алдын ала шешу керек, не тиісті көрсеткіштерді әксперименттік материалдарды талдау барысында тікелей анықтау қажет. Бұл жағдайда сапалық көрсеткіштер болатындар: белгілерді даралау толықтығы, олардың мәнді дәрежесі, белгілер мен ұғымдар арасындағы өзара байланыс сыпаты, ұғымды анықтаудың ерекшеліктері, олармен әр түрлі жағдайларда операция жасау тағы басқалар.

Егер ұйымшылдық сияқты жеке адамың қасиетінің зерттеу материалдарын сапалық өңдеу өткізіліп жатса, онда бұл қасиеттің көрініс ауқымын, оның қызметтің әр түріндегі торақтылығын, оның атқарылатын іс-әрекетке деген көз қарасқа тәуелділігін, жеке адамның басқа қасиеттерімен байланысты сипатын және тағы басқаларды анықтап алу қәжет. Ұйымшылдықтың осынау барша сапалық ерекшеліктері тиісті көрсеткіштер бойынша анықталады.

Сапалық талдау жүргізген кезде жаңадан қалыптасып не дамып келе жатқан психикалық көріністерге баса назар аудару керек^ өйткені бұл адамға қәзір ненің тән екендігін ғана емес, сонай-ақ оның психикалық даму простективасы болжауға мүмкіндік туғызады.

Алайда, зерттеу нәтижелерінің объектілігі зерттеліп отырған психикалық құбылысты суреттеуді және сапалық сипаттама беруді ғана талап етпейді. Әрқашан да табылған қасиеттің тіптілігін анықтап, дәлелдеудің маңызы зор. Бұл, зерттеу материалларын сандық өңдеуден өткізу негізінде іс жүзіне аса алады.

Зерттеу материалдарын сан жағынан өңдеу. Психологияда сан жағынан талдау үшін, басқа ғылымдардағы сияқты материалды математикалық өңдеуден өткізу әдістері әсіресе, көрсеткіштердің орташа сандық мәнін анықтауға мүмкіндік беретін вариациялық статистика әдісі кеңінен қолданылады.

Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын аықтау үшін статистикалық әдістердің ерекше маңызды мәні бар.^Статистикалық әдістердің бір көрсеткіштегі айырмашылықтардың сенімділігі туралы, олардың осы құбылыстағы тіптілігі және нормадан ауытқу шектері туралы, қанша адамның сыннан өту қәжеттігі туралы математикалық дәлдікпен пікір түюге мүмкіндік береді.

Психикалық зерттеулер нәтижесін өндеу үшін альтернативалық, корреляциялық, дисперциялық және факторлық талдау әдістері неғұрлым кең пайдалынылады.

Альтернативалық талдау. Альтернативалық (таңдауға мәжбүрлік) талдау кезінде кез келген жағдайда болуы да, болмауы да мүмкін психикалық құбылыстардың белгілері, қасиеттері, сапалары зерттеледі. Осы белгілердің сандық көрсеткіштерде көрінуін альтернативалық талдау деп атайды. Осьибёлгілердің сандық көрсеткіштерде көрінуін альтернативалық талдау деп атайды. Альтернативалық талдаудың сандық көрсеткіштері бірнешеу. Әдетті, құрылым көрсеткіштерімен арақатынастар көрсеткіштері жиірек қолданылады. Құрылым көрсеткіші бөлшек пен бүтін арақатынастар көрсеткіші бүтіннің бөлшектері арасындағы процент берілген қатынасты сипаттайды.

Барлық синалатындардың қай бөлігінің белгілі бір белгілерге (мәселен, зейіннің тұрақтылығы, есте сақтау тәсілдері тағы басқалар) ие, ал қай бөлігінің оларға не емес екендігін анықтау керек болған жағдайда құрылым көрсеткіштерін табады. Белгілі бір қасиетке ие сыналушылар топтары арасындағы қатынастарды ашу үшін арақатынастар көрсеткіштері анықталады. Мысалы, есте сақтау прцесін зерттеу кезінде қандай материалдың есте тұрақты сақталатындығын және материалды белгілі бір түрін есте нық сақтауға бейім сыналушы топар арқатынасының қандай екеңцігін анықтау қәжеттілігі туады. Альтернативалық талдау сыналушыларда белгілі бір қасиет түрдің, белгілердің бар екенін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оның көмегімен белгілер арасында тәуелдік бар-жоғын анықтауға болмайды.

Коррелциялық талдау. Психикалық құбылыс белгілерін өзара байланыс дәрежесін (екінші сөзбен айтқанда, байланыстығыздығын) корреляциялық (арақатыстық) талдаудың көмегі арқылы сипаттап беруге болады.

Белгілердің өзара байланысы бір таңбалы сәйкесті принципіь қанағаттандыратын функциялық тәуелдікке қарағанда корреляцияльк тәуелдік көп таңбалықтық принципімен сипатталады. Мұнда белгінің мәні өзгерген кезде басқа белгілер әр түрлі үш мән алады.

Мәселен, жас пен ырықты есте сақтаудың арасындағы тәуелді коррееляциялық болады, өйткені жастың белгілі бір еңгерісі кезінд< ырықты еске сақтаудың белгілі бір өзгеріске ұшрағаны байқалмайдь Бұл, ырықты есте сақтаудың өзгеруі туған жасқа ғана емес, басқ; факторларға да: еріктің даму деңгейін есте сақтау кезінде зейіңс шоғырландыруға, есте сақталатын материалға деген ыстаға тәуел^ екендігімен түсіндіріледі.

Корреляциялық тәуелділік мөлшерін өзара әрекеттес психикаль құбылыстар арасындағы байланыс тығыздығын санмен белгілеуг мүмкіндік беретін әр түрлі коәффициенттерді есептеп шығар жолымен анықтайды. Бұл коәффициенттер нольдің бірге дейін с таңбамен де, теріс таңбамен де мәнге ие болуы мүмкін. Еге коәффициент нольге тең болса, онда бұл зерттелеу отырғг белгілердің арасында байланыстың жоқ екендігін көрсете/ Белгілердің неғұрлым тығыс ; байланысы мөлшері бір жуь коәффициенттермен сипатталады. Психологйялық зерттеулерде еп коәффициент 0,3 -0,5 -ке тең болса, байланыс орташа;0,5-0,7-ге т< болса, байланыс- елеулі және 0,7 -0,9 аралығында болса, байлань

Күшті деп есептеу қабылданған. Корреляциялық талдау, мысалы, есте сақтаудың жылдамдығы мен тұрақтылығы (С.Г Бархатова), ырықты және ырықсыз есте сақтау (З.М Истомина) аралығындағы, зейтұрақтылығы мен қол қимылының арасындағы (Л.А Головев, Л.Н Фоменко), қабылдауы ерекшеліктері мен нерв жүйесі сиеттерінің арасындағы (Г.В Быстрова) тығыс байланысты анықтауды өзінің мақсаты етіп қоятын психологиялық зерттеулерде пайдалынылады.

Дисперсиялық талдау. Корреляциялық сияқты дипсериялық (ажырату) талдаудың да міндетті - зерттеліп отырған белгілі арасында өзара байланыстың бар - жоқтығын анықтау. Ал корреляциялық және дисперциялық талдау арасында елеулі айырмашылықтар бар. Корреляциялық талдау байланыс тығыздығының мөлшерін тек әксперимент үшін мәні бір белгілер арасында анықтауға мүмкіндік береді. Дисперциялық талдау кезінде зерттеліп отырған белгілерге әсерт ететін факторлардың бағасын алуға және олардың әр қайсысының әсерт ету мөлшерін анықтауға болады. Мұндай жағдайда әкспериментші зерттелутін белгілерге тигізетін әсері зерттелеу қажет факторлар шыңберін өзі анықтайды. Белгілі бір фактордың зерттелік отырған белгілерге әсер етеуінің алуан түрлігін сипаттайтын өлшем дисперсия (8 2) болып табылады. Дисперсияның мөлшерін, оның құрамын осы дисперциялық талдау кезінде анықтайды. Сөйтіп, ырықсыз есте сақтау процесін зерттей отырып, әкспериментші өзі ырықты есте сақтауға әсер етуші ретінде зерттелегі отырған факторларды дисперсиялық аппараты пайдалана отырып, ырықты есте сақтау үшін бөлініп алынған факторлардың ролі қандай екенін анықтауға болады.

Факторлық талдау. Психологиялық зерттеулер нәтижелерін өңдеудің анағұрлым күрделі әдісі факторлық талдау болып табылады. Бұл әдістің күрделілігі факторлық талдаудың алдында бірнеше әзірлік кезеңі болатындығында, оның барысында факторлық талдау белгілерінің шамасы айқындалады, осы белгілерді сандық белгілеу өткізіледі және коррелясиялық матрицалары, яғни әр белгінің бір жүйенің барлық белгілерінің байланысы тығыздығын бейнелендіретін корреляция коәффициенті көрсетілген таблица құрастырылады. Корреляциялық матрицалар факторлық талдау үшін материал болады. Мұнда, бір мезгілде көптеген сандық деректерді есептеуге тіура келетіндіктен, матрицаларды өңдеу есептегіш құндырғының көмегімен жүзеге асырылады .

Факторлық талдау тәуелді және тәуелсіз факторларның санын, факторлардың   топтағы салмағын анықтауға және зерттеліп жатқан құбылысқа әсер ететін белгісіз факторларды тануға мүмкіндік береді. Психологиялық   зерттеулерді    жүргізу   кезінде    зерттеу   әдістерін нақтылы   методикаларды  сондай-ақ  нәтижелерін  сандық жағынан үндеудің әдістёрін түра таңдай білудің маңызы зор. Алайда, әдіс қаншалықты сәтті және дұрыс таңдалып алынғанымен әдістер жүйесі пайдаланған жөн. Мұндай жағдайда неғұрлым толық, терең мазмұнді, ал ең бастысы обьективті нәтижелер алуға мүмкіндік туады.

 

3. Аналитикалық бақылау мен әксперттік бағалаулар

 

1. Психодиагностиканың пәні мен міндеттерін анықтау.

2.   Психодиагностика  және  аралас  зерттеу  бағыттары  (дифференциялды психология, психометрия, психологиялық бақылау)

3.   Ақыл - ой дамуын диагностикалау мәселесі.

 

Психодиагностика - теорияны, принципті және бағаның құралдары мен индивидуальдық - психологиялық жекелік ерешеліктерді өлшейтін психология ғылымының бір саласы, бөлімі болып табылады.

Бастапқыда клиникалық периодтың психологиялық білімнің дамуында аталатын, қазіргі заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың I - ші жартысынан басталады. Бұл кезең анализде, әмпирикалық психологиялық білімде кілттік рольді дәрігерлер ойнайды деп мінезделеді.Сол жылдардағы дамыған елдердегі жан жарақаты мен невроз ауруының қиын емделу себептері дәрігерлерді қызықтырды. Дәрігер -психиатрлар Еуропа клиникаларында ауруларға систематикалық бақьшау жүргізе отырып, өзінің бақылауларында анализ қорытындыларын жазды. Осы уақыта психодиагностиканың бақылау, сұрақ, құжат анализі сияқты әдістері пайда болдд. Алайда дәрігерлер бір диагноздағы аурулардьщ көмегімен, бір және сол психодиагностикалық әдіс жүргізгендіктен, психодиагностика осы жьшдары онша қатал емес мінездеме алып, оншалықты елеулі дәрежеде тұрған жоқ. Бұл жекелікте психодиагностика әдістері әлі сапалық мінездеме алып жүргендіктен болады.

Сандық психодиагностикалық әдістердің пайда болуы XIX ғасырдың II - жартысын қамтиды, осы уақытта неміс психологы В.Вундттың қол астында психодиагностиканың мақсаттарында тахникалық құрылымдар мен приборларды қолданатын дүниедегі ең бірінші әкспериментальды психологиялық лаборотория ашылған. Дәл осы уақыттқа негізделген психофизикалық және психологиялық пайда болудың арасындағы сандық арақатынасты көрсетумен, сандық психодиагностика құралдарының шығуьш тездетті.Негізгі психофизикалық заң психологиялық пайда болудың өлшеуінен мүмкіндік алды.

Психологиялық процестерге адамның тұрақтануына қатысты қазіргі заманғы психодиагностикалық әдістердің бастапқы кезеңі XIX ғасыр мен XX ғасырдың басын қамтиды.

Уақыт өте келе сандық психодиагностиканың, психологияның пайда болуына, яғни факторлық анализге арнайы құралдардың ашылуы басталды. Бірінші рет ол жекелік психодиагностикамен интеллектуалдық даму деңгейінде қолданылды.

Бірінші арнайы психометриялық орын Англияда ағылшын психологы Гальтонның атына берілді.1884 жылы ол антропометриялық лабораторияның негізін қалады. Осы лабораторияға қатынайтындар өздерінің дәрежелерін, деңгейін өлшеуге мүмкіндігі бар болады және осы психометриялық тәжірибе арқылы он мыңға жуық адам өтті.1877 жылы Гальтонның өзі психологияда корреляциялық әдісті қолдануға ұсыныс жасады. 1905 - 1907 жылдары француз оқымыстысы А.Бине адам интеллектін анықтайтын тест түрін ойлап тапты.Біраз жылдардан соң А.Бине басқа француз оқымыстысы Г.Симонмен бірлесіп, адамның интеллектін анықтайтын тест түрін жарыққа шығарды да, бұл тест психодиагностикада Бине - Симон тесті деп аталады.

XX ғасырдың екінші жартысында психодиагностиканың түрліше процестерімен адамның өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын жаңа психологиялық, сонымен қатар интеллектуалдық және жекелік тесттер пайда бола бастады.Соңғы кезде психология көптеген теориялар мен академиялық және практикалық ғылыммен дами бастады.

Психодиагностикадарл психологиялық еңбектің, психофизиологиялық, инженерлік және медициналық психологияның, педагогикалық психологияның дамуына үлкен мүмкіндіктер ашылды.

Қазіргі психодиагностикада жекелік ғылым мен практикалық - психологиялық білім арнайы бөлімдерге бөлінді. Сонымен қатар әлектрондық психодиагностиканың кұралдары, яғни ӘВМ және математика мен физикалық әдістердің көп бөлігі психодиагностикада маңызды орын алады.

Кейбір елдерде, мысалы, АҚШ, Германия комплекстік систематизациямен психодиагностикалық әдістерінің мазмұны мен мүмкіндіктері көріне бастады.Аналогиялық мүмкіндіктер соңғы жылдары ешбір концепциясыз ғылымның негізінде Ресейде пайда бола бастады. ""Дифференциалды психология - индивидуалдық айырмашылықтарының теориялық проблемаларын айқьгадайды.Шет ел және отандық әдебиеттерде индивидуалдық айырмашылыктардың теориялық проблемалары жайында көптеген пікірлер айтылуда. Шет елдерде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырларда неміс психологы Вильям Штерн «заттық айырмашылықтар мен психикалық функцияларға» түсініктеме беріп өтті.Өте келе В.Штерннің дифференциалды психологиясына пән аралық ізденістері сәйкес келеді.

Психодиагностика ғылым мен практиканы байланыстыратын көпір ретінде қарастырылады. Психодиагностика психологиялық теориядан ерекшеленетінін айтудьщ кажеті болмаса керек. Психодиагностиканьщ дифференциалды психологиядан бөлінуі өнерлі мінездеме алып жүреді, шью мәнінде олар бірін - бірі толықтырады'.В.Штерннің дифференциалды психодиагностика деп атаған ізденіс ғылымының атауы осы уақытта дүние елдеріне толығымен таралды.

Психометрия - психологиялық тест, тестілеу жайында әңгіме болған кезде жиі осы жағдайға тірелеміз. Ең бірінші әкспериментальды психологияда уақыттың өлшеуіш реакциясы болады. Сондықтан да бастапқыда психометрияның астарында психикалық процестердің уақыттық характиристикалық өлшеуіші бар деген түсінік жаттьгЖүре келе психометрияға сандық психикалық пайда болу байланысын итермелей бастады.ХХ ғасырдың сөздігі ауыспалы факторлармен жүмыс атқаратын психолгия бөлігін аныктайды.бсы жүйеде психометрия өзіне бүкіл психологиялық өлшемнің спекторын психофизикалық фактордан жекелікке қарай қосады. Бәрімізге белгілі, қайсыбір психологиялық құралдың өлшемі белгілі бір айқын талаптарды орындауға мәжбүр етеді.Бұл талаптар дәлдікке, әдістеменің адекватты өлшемін, оның көмегімен алатьш қорытындыларға әсер етеді. Шсихометриялық бағыттау өзіне осы үлгі бойынша психологиялық тестке үлкен даму жолдарын психологиялық тестілеудің арқасында, 1920 - 1930 жж индивидуальдық ерекшеліктермен жұ_мыс жүргізетін психометрияның ерекше бөлімдері топтастырылды.

1970 жылы Еуропа мен АҚШ - тың көптеген елдерінде индивидуалдық айырмашылық деген қатынаста көбінесе психологиялық тестілеу термині қолданьша бастады.Бұл - «психологиялық бағалау». «Психологиялық бағалау» термині II - ші дүниежүзілік соғыс кезінде америкалық психологтар мен психиатрлардың сөздігінде қолданылды.

Тестілеу - процедураның көмегімен психологиялық мінездемелік өлшеуіш.Осыдан соң психологиялық бағалау өте ескі тарихи прецеденттерден тұрады. Осы үлгімен, психологиялық бағалау - психолгиялық тестілеуге қарағанда кең мағынаны береді.Бағалау тек қана тесттің көмегімен шығарылмайды. Бүл мағынада психологиялық бағалау түсінігі бізге қатысты заттың психологиялық диагностиканың дамуымен байланысты.

 

4. Тәрбиелеудегі психодиагностикалық қызмет

 

Тәрбие iсi—“ой шұңкыры”, қыры мен сыры мол, неше түрлi тәсiл, әдiстердi қажет ететiн аса күрделi процесс. Бұл жерде, осы айтылғанның бiр жағына, яғни тәрбие әдiстерiнiң бiрi - тәрбиеленушiлерге талап қоя бiлу, оның нәтижесiн кадағалап отыру мәселесiне тоқталмақпыз. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған iс уақытында қадағаланбаса, бiртiндеп берекесiздiк пайда болады. Сондықтан балаға кiшкентай кезiнен бастап шамасы келетiн талаптар қойып, мiндеттер жүктеп, олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас өскiндi жауапкершiлiкке, өз борышын дүрыс түсiне бiлуге машықтандыру қиын. Талап қою, мiндет жүктеу бала мектепке барғаннан кейiн ерекше мәнге ие болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзi мүмкiн емес. Мәселен, жетi жасар бала мұгалiмнiң үйге берген тапсырмаларын орындап тұруға бiртiндеп машықтануы қажет, ұстаздың талап-тiлектерiн орындау оқушы үшiн - заң. Оқушыға мiндет алу, тәрбиешiнiң талабын мүлтiксiз орында шығу үлкен жауапты әрi жанды жадырататын iс. Бұл жәйт шәкiрттiң психикасына зор салмақ салып, бала психологиясын күрт өзгертуге себепшi болады. Өйткенi, мектепке дейiнгi тәрбиеде шын мәнiндегi талап қоюшылық, мiндет алушылық болмайды, белгiлi мiндет жүктеу, белгiлi талап, ережелердi орындатқызу — мектеп режимiнiң бұлжымас заңы. Балаға талап қоюдың түрлi жолдарын шәкiрттiң жеке-дара, жас, жыныс және ұлттық ерекшелiктерiне қарап әр кез нақтылы жағдайға орай үнемi түрлендiрiп отыру қажет.

Мәселен, шәкiртке қойылатын талаптың қарапайым түрi, оған өз мiндетi туралы жайлап ескерту болса, ал мұның жоғары түрi кесiмдi түрде бұйыру. Адамға талап қою-оны бiр нәрседен сақтандыру, тиым салу түрiнде де қолданылады. Дұрыс талап қоя бiлудiң тиiмдiлiгi, тәрбиелiк мәнi ұстаздың байсалды, байып тылығына да байланысты. Адамға талап қоя бiлу - үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя алмайтын, қойса да оны орындауды аяғына дейiн қадағаламайтын, тiптi оған қалай болса солай қарайтын мұғалiмдер де кездеседi. Осындай мұғалiмнiң сынып ұжымын ынтымақтыққа, бiрауыздылыққа тәрбиелей алуы қиын. Шәкiртке дүрыс талап қоя бiлумен қатар оның iс-әрекетiн оқтын-оқтын қадағалап отыру да қажет. Бақылау жүргiзу оқушының iске жауапкершiлiгiн арттырады, өзiне деген сенiмiн күшейтедi, iс-әрекетiнiң қоғамдық маңызын аңғара бiлуге, сөз бен iстiң арасындағы алшақтықты бiртiндеп жойып отыруға мүмкiншiлiк бередi. Оқушыларға талап қоюмен олардың iс-әрекетiне бақылау жүргiзуде мына төмендегiлердi ескерiп отырған абзал. Бiрiншiден, әр уақытта орындалуы күмәнсiз нәрселерге ғана нақты талап қойылуы қажет. Кiсiге ауыр талап қою, сондай-ақ, оның шамасы келетiн-келмейтiнiн ескермеу жақсы нәтиже бермейдi.

Сондықтан, талап дәл, анық, нақтылы келiп, одан қайшы пiкiрлер орын алмауы тиiс. Екiншiден, ол өте қысқа, ықшам сөздермен тұжырымдалып, оның орындалу жолын шәкiрт жақсы түсiнсе ғана нәтижелi болып орындалады, үшiншiден, талап барынша байсалдылықпен, оқушының ар-ожданын сыйлау жағдайында қойылғаны жөн. Ең негiзгiсi — оның орындалғаны жөнiнде адамнан есеп алуды ұмытып кетпеу керек. Осы айтылғандарды ретiне қарай жүзеге асырып отыру тәлiмгерлiк шеберлiкпен, ұстаздық тактiнi қажет етедi. Шәкiрт тәрбиесiнде кiсiнiң қол жеткен табыстарын уақытында көре бiлiп, оны ретiмен мадақтап отырудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрi -мақұлдау. Егер шәкiрттiң iс-әрекетi әркез мақұлданып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседi. Мәселен, "бәрекелде", "дұрыс", "жақсы", "тамаша", "мынауыңнан нәтиже шығады", т.б. осы секiлдi сөздер оның жiгерiне жiгер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбiр iсiне әдiл баға берiп отыру үстаздың беделiн онан сайын арттыра түседi. Шәкiрттердi айқай-ұйқаймен басқарғысы келетiн мүғалiмдер көп сөйлейдi, кiсiнi ығыр қылатын сөздi шәкiрт жаратпайды, ол "ұстазының" қай сөзiн тыңдарын бiлмей, басы қатады. Ұстаз шәкiрттiң терiс iстерi мен қылықтарын дер кезiнде көре бiлiп, реттi жерiнде оған түрлi жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негiзгi максат - терiс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәнi де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептiлiк, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тiптi төменгi сынып оқушыларының да өздерiнiң тәртiпсiз iстерiнен ұялатын, жапа шегiп, қапаланатын кездерi болады. Адамның кiнәсi үшiн әдiл жазалау кiсiнi қатты ойландырып, бұл оның мiнез-құлқын түзете бастауға себепшi болады.

Шәкiрт нақты кiнәсiне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбiрленбей, қолайлы көңiл - күйiн басынан кешiредi. Егер ол терiс жазғырылса, бұл оның тәрбиесiне керi әсерiн тигiзедi. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол әдiлеттiк, шындық деген ұғымға жөндi мән бермейтiн, тiптi пысқырып та қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшiл, қасарыспа, не қорқақ, жiгерсiз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсiруi де мүмкiн. Кейде оқушының терiс қылықтарын көре-тұра оны жазаламаудың да кесiр-кесапаты аз болмайды. Шәкiрт оқыс қылықтарды кейде әдейi жасамай, оны балалығымен, бiлместiк, аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, ендi бiр оқушы мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына карай iстейдi. Мәселен, бiр бала терезенiң желдеткiшiн ашамын деп оның әйнегiн сындырып алса, екiншi бала оны жолдасымен алысып жүрiп сындырады. Бұл жерде, осы екi балаға бiрдей шара қолдануға болмайтыны белгiлi. Өйткенi, екеуiнiң кiнәсi екi түрлi, сондықтан екеуiне екi түрлi жаза ойлап табу қажет.

Шара қолдану мәселенiң түпкi себебiн iздеуден басталуы қажет. Өйткенi, әр уақытта да себепсiз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, кiсiнiң терiс қылықтарын айыптап, тиiстi жаза қолданып отыру белгiлi талаптарға сәйкес жүрiзiлуi тиiс. Бұлардың кейбiрi мына төмендегiлер: бiрiншiден, жазалау әр уақытта әдiл, адамның кiнәсiне лайықталып берiлуi қажет. Екiншiден, жаза әр уақытта оқушы санасында iз қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтiндей етiп берiлетiн болсын. Үшiншiден, жаза жеңiл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтықтың өзiндiк ерекшелiгiне қарай қолданылуы қажет. Төртiншiден, шәкiрттiң терiс қылығының ақ-қарасы нақты тексерiлiп, оның бұрыннан белгiлi ерекшелiктерi (бiлiмi, қабiлетi, жалпы мiнез-құлқы, т.б.) ескерiлiп отырылсын. Бесiншiден, мұғалiм бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтiн (ондай жағдайлар да кездесiп отырады) түрде ұйымдастырылғаны абзал.

Тәрбие тәсiлдерi мен тетiктерiнiң осы айтылғаннан басқа да сан алуан түрлерi болатыны - әркез ұстаз бен шәкiрттiң есiнде болуы тиiс.

 

5.   Кәсіби консультациялаудағы диагностика

 

Адамның өзiн-өзi тәрбиелеуi, жар таңдап, отау құру, сөйтiп жұрт қатарына енуiмен өзектесiп жататын мәселенiң бiрi- мамандық таңдау. Соңғы кезектi жүргiзiлген зерттеулер (анкета, сұхбат, т.б.) жастардың мамандық таңдай бiлуге байланысты ой-пiкiрлерi мен тебiренiс-толғаныстарында бұл мәселенiң қоғамдық-әлеуметтiк жағынан гөрi жеке бас мүддесiне көбiрек қатыстылығы байқалып жүр. Әрине, бұл қазiргi нарық әкономикасына көшу кезiндегi өтпелi кезең тудырған жәйт болса керек. Жеке мүдде қазiргi кезде ел-жұрт психологиясына елеулi әсер етiп тұрған фактор екендiгi белгiлi. Заман талабы жастардың тек мал шаруашылығы, өндiрiс, құрылыс маманы ғана болмай, сауда, алыс-берiс, бизнес iсiне де көптеп мамандануын қажет етiп отыр.

Үлкен өмiрге ендi ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзiне лайықты бiреуiн таңдау мiндетi тұрады. Әр адамның бiрнеше кәсiппен айналысуға қабiлетi болғанымен, соның бiреуiне ынтасы ерекше ауады. Өйткенi, әр кәсiпке қажеттi қабiлеттiлiк деңгейi түрлi дөрежеде болады. Мәселен, ұшқыштық қабiлет тек ұшу немесе оған жаттығу кезiнде емес, спорт ойындары кезiнде, математикалық қабiлет шахмат ойыны үстiнде қалыптаса бастауы мүмкiн. Мамандықтың белгiлi бiр түрiне бағыт-бағдар беру - кәсiптiк бейiмделу, (адаптация) мәселесiне келiп тiреледi. Бұл жөнiнде өткен тарауда азды-көптi айтылды. Мәселен, өндiрiске жаңадан келгендерге тәжiрибелi жұмыскерлер алғашқы кезде көбiрек көңiл бөлiп, олардың әрқайсысына қамқорлық көрсетiп, жұмыстағы кемшiлiк-олқылықтарын түзеп, қабiлеттерiн сүйеп, демеп отырады. Бүл жәйт жас адамның өмiр жолын дұрыс таңдай алуына, өз мүмкiндiгiне сенiмiн нығайтып, бекiте түседi. Кәсiпке бейiмдеудiң сан алуан жолдары мен әдiстерi бар. Солардың iшiнде "Жұмысшы қатарына кабылдау", "Өмiрге жұмысшы жолдамасын беру", т.б. салт-дәстүрлердiң маңызы ерекше.

Кәсiпке бейiмделу әлементтерi мектептегi оқу-тәрбие процесiнде де жүргiзiлсе құба-құп. Мәселен, сабақ үстiнде, әр түрлi үйiрме жұмыстары кезiнде шәкiрттердi практикалық мәнi бар қызметпен жәй таныстырып қоймай, оларды бұл iске тiкелей араластырған абзал. [Жазушы мамандық таңдауға ерекше көңiл бөлетiн әрбiр жас өскен мектепте оқып жүрген кездерiнiң өзiнде-ақ бұл жөнiнде жазылған әдебиеттермен танысып отыруды ойластырады. Бұл жерде оған мамандық таңдау психологика жайлы жазылған кiтаптар көп қөмек көрсетедi. Мұндай басылымдарда – жастарды кәсiптiк бағдар, оларды жеке икемдiлiктерiне қарай iрiктеу, тиiстi кеңестер беру, әртүрлi мамандықтарды психологиялық жағынан сипаттау, бұлардың профессияграммасын жасау, әр жастағы адамдардың еңбектiң түр-түрiне қабiлеттiктерiн ажырату, еңбек әкспертизасының мәселелерi қарастырылады. Мұнда сондай-ақ әртүрлi мамандыққа қажеттi бiлiм жүйесi мен дағды, икемдiлiктердiң қалыптасу жолы, жұмыс устiнде түрлi бақытсыз жағдайға душар болмаудың профилактикасы, адамның еңбек үстiндегi қолайлы көңiл күйiнiң бiрқалыпты болуын қамтамасыз ету мәселелерi, еңбек ұжымдарындағы жарасты моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасу факторлары жұмыс үстiндегi шаршау мен болдыруға қарсы күрес, техникалық құралдарды гуманизациялау (өндiрiстiк әстетика), мастерлер мен ұстаздардың, инженер-техниктердiң психологиялық бiлiмдерiн жетiлдiру, т.б.-мәселелерi жайлы сөз қозғалады. Мәселен, оның психологиялық профессиография дейтiн бөлiмiнде адамнын мамандыққа қажеттi ерекшелiктерi профессияграммаға (түрлi мамандыққа қажеттi, талаптардың сипаттамасы) түсiрiледi.] Психологиялық профессиограмма (психограмма) - мамандықтың бiр түрiнiң адам психикасына қоятын талап-тiлегiнiң жинақ мәлiметi. Iс-әрекеттiң әр саласына тән өзiндiк профессиограммалары болады. Оларға техника (мамандықтың технологиялық аспектiлерiн сипаттау), әкономика (әкономикалық мәнiн сипаттау), социология, педагогика, медицина, т.б. профессиограммаларын жатқызуға болады. Профессиологияның айналысатын мәселелерiнiң келесi бiр саласы-кәсiби бағдарлау. Бұл мамандықты дұрыс таңдап алмау жағдайынан туатын қателiктердiң алдын алып, болдырмау жағына бағытталған еңбек әкспертизасы.

Кәсiби бағдардың (профориентация) мынадай түрлерi бар: а) кәсiби сауат ашу; ә) кәсiби насихат; б) кәсiби адаптация (төселу); в) кәсiби ақыл-кеңес беру (консультация), кәсiби iрiктеу (подбор).

"Кәсiби консультация" -түрлi мамандықтың өзiндiк ерекшелiктерi жайлы түсiнiгi кем, немесе саяз жастарға практикалық ақыл-кеңес берiп, жөн-жосық көрсету. Кәсiби бағдардың бұл түрiнде адам тәнiнiң, сондай-ақ жан дүниесiнiң өзiндiк ерекшелiктерi (көргiштiк, естiгiштiк, заттарды бiр-бiрiнен тез айыра алу секiлдi арнаулы психикалық қабiлеттер, т.б.), яғни тиiстi мамандыққа қажеттi медициналық, психологиялық талаптар туралы ақыл-кеңес берiлiп, осы мамандыққа қоғамның зәрулiгi, кейiннен жұмысқа орналасу мәселелерi сөз болады. Мұндай консультацияны арнаулы мекемелер, сондай-ақ мектептегi мұғалiмдер мен психолог мамандар жүргiзiп отырады. "Кәсiби жарамдылық" дегенiмiз адамның еңбектiң белгiлi бiр түрiне жарамдылығын көрсететiн психологиялық, физиологиялық ерекшелiктерiнiң, оған қажеттi тиiстi бiлiм, дағды, икемдiлiктердiң жиынтығы. Кәсiби жарамдылықты ажыратуда диагностикалық тест әдiсiмен адамдардың мамандық таңдауда қандай түрткiлерi (мотивтер) болатындығы, олардың мән-мәнiсi зерттеледi. "Кәсiби iрiктеуде" жас өскiннiң белгiлi мамандыққа жарамды -жарамсыздығы арнаулы процедуралар арқылы тексерiледi. Мұнда адам медициналық, физиологиялық, психологиялық кешендi тексеруден өтедi.

"Кәсiби адаптация",-бұл-жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына бiртiндеп төселiп, бейiмделуi. Төселудiң алғашқы кезеңi өндiрiстiк практика кезiнде, негiзгi жағы нақты жұмыс үстiнде жүзеге асады. Мамандық таңдауда қазақ жастары Ж. Аймауытовтың "Жан жүйесi және өнер таңдау" (1926) атты еңбегiнен де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады. Автор мамандықтың жаманы жоқ, бiрақ, мұның кез-келгенiне икемдiлiк қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнердi, зор шеберлiктi қажет ететiн нәрсе дейдi. “Кiмде-кiм өзiне бiткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтiрмек. Өз орнында iстеген адамның жұмысы да өнiмдi, берекелi болмақ... әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке керек. Әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегi берекелi, пайдалы болуын тiлейдi: неғұрлым әр мүшесiнiң еңбегi жемiстi болса, соғұрлым әлеумет тұрмысы да тез оңалмақ". Ғалым қазақ жастарына егiн салу, сауда-саттықты үйрен, ден- саулығыңды күт, шаруа-тұрмысыңды түзет, газет-журнал, кiтап оқуға машықтан, өнегелi, зиялы, алуан өнердi бiлетiн кiсi болуға тырыс дей отыра: "Жұрттың бәрi әкiм, комиссар болғанда осынша қызметтi iстеушi кiм болмақ?”- дейдi, кейбiр жастардың әкiмшiлiк, заң, сот жұмыстарына шектен тыс әуес болатындығын (бұл жағдай қазiрде де аз кездеспейдi — Авторлар.), бұлардың қызметтiң осы саласына қызығуы өнерi тасығаннан туып отырмағанын, бұл бiр жұқпалы дерт сияқты нәрсе екенiн, халқымыздың "бәрiң бiрдей қойшы болсаң - құл боларсың, бәрiң бiрдей тойшы болсаң - - жын боларсың" деген аталы сөзiне негiздей келе, жерiне жеткiзе айтып кетедi.

Қазiргi кездегi қазақ елiнiң тыныс-тiршiлiгiн, салт-санасын жаңарту жолында әрекет етiп жүрген жастарға Ж. Аймауытовтың мына ойлы сөздерi де ерекше маңызды: "Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, бiлiмi аз, шалалығы, қүр даурық (демагогтық) боямалылығы, елiктегiш, мансапқорлығы, кеңсешiлдiгi, пайдакүнемдiгi, негiзгi мақсат, мұраты жоқтығы, берiк жол тұтына алмайтындығы - осының бәрi шын әлеумет қызметкерiнiң пiспеген, шынықпағандығын көрсетедi". Қазiрде де бiздiң арамызда мұндайлар аз ба? Әсiресе нарықтық әкономикаға араласуды желеу етiп, тек табыс табуды ғана ойлап, ақша қуып кеткен кейбiр жастар қоғам, әлеумет, халыққа кызмет iстеу мәселелерiн естерiнен шығарып, имандылық пен адамгершiлiкке жат, келеңсiз қылықтар жасап жүр. Бұдан әрi ғалым мамандық таңдауда кiсiнiң жеке қасиеттерi мен кейбiр тумыстан берiлетiн ерекшелiктерiн (темперамент, нышан т.б.) ескеру қажеттiгiн, бұл жерде әр кiсi өзiн-өзi басқарып, өзiн жетiлдiре түсуге, кiсiлiкке ұмтылуға ерекше мән беруiн, яғни өзiнде қандай талант, қандай зеректiк, қандай бейiмдiлiк, бiр сөзбен айтқанда, қандай қабiлет бар екендiгiн бiлуi қажеттiгiн ескертедi, өйткенi "өзiн-өзi танымаған, өзгенi тануға да шорқақ болады" дегендей небiр тамаша ақыл-кеңес берген едi.

Қазiргi-жастар тәрбиенiң сыңар объектiсi емес, олар өз өмiр жолын заман талабына орайластыра құруға қабiлетi жететiн, шығармашылықтық iстiң өкiлдерi. Олар нарықтық қатынастарға өтудiң небiр сүйiнiш-күйiнiштерiне ересек адамдармен бiрге тiзе бүгiп, мұны өз бастарынан кешiруде. Бұл жәйт оларды бұрынғыдан гөрi ертерек есейте түсуде. Бiрақ та, қоғамдағы әр түрлi проблемаларды жеңе бiлуде жастарға аға ұрпақтың көмегi мен ақыл-кеңестерi әлде де бұрынғыша қажет бола бермек. Сондықтан қазiргi бозбалалар мен бойжеткендердiң психологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, олардың ұмтылыс талап-тiлектерiн үнемi демеп отыру - үйдегi, түздегi тәлiмгерлердiң абыройлы парызы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Бұзаубақова К. “Жаңа ПЕД-технологияны меңгеру - міндет”. // Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005 ж. 25-26 б.
  2. Байғазиева Г. “Жаңа Педтехнология”. // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 ж. 53-54 б.
  3. Бұзаубақова К. “Жаңа педагогикалық технологиялар”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2005 ж. 5-8 б.
  4. Арысбаева З. “Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері”. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007 ж. 69-70 б.
  5. Әмір Шарапат. “Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары” // Қазақстан мектебі. № 6. 2001 ж. 32-34 б.
  6. Бейсембаева А. “Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің мүмкіндіктері”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2001 ж. 12-13 б.
  7. Көшімбетова С. “Оқыту тиімділігі – озық технологияларда”. // Қазақстан мектебі. № 7. 2005 ж. 16-17 б.
  8. Б.М. Камзина. “Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шарттары” //Валеология. № 3. 2006 ж. 4-5 б.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-14 16:15:14     Қаралды-24258

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »