UF

Тақырыбы:  «Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері»

 

  1. Көліктік жүйедегі жүк және коммерциялық жұмыстардың рөлі.

Жүк тасымалдау дегеніміз оларды шығарылатын жеріне тұтыну орындарына дейін жеткізуді білдіреді. Жүк тасымалы өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жұмысын оларды пайдаланатын салада жалғастыруды және аяқтауды көздейді, олар осыдан кейін ғана пайдалануға дайын болады.

Жүк  дегеніміз бұл белгіленген тәртіп бойынша жүк вагондарымен, контейнерлермен тасымалдау үшін қабылданған нысан.

 Жүк жөнелтуші дегеніміз бұл тасымалдау шарты бойынша өз атынан немесе жүк иесінің атынан әрекет ететін және тасымалдау құжатында көрсетілген жеке немесе заңды тұлға.

Жүк қабылдаушы дегеніміз бұл кез келген жүкті қабылдап алуға өкілеттілігі бар жеке немесе заңды тұлға.

Теміржол көлігінің қызметін пайдаланушы дегеніміз бұл теміржол көлігінің ұйымдары және темір жолдағы жеке кәсіпкерлер көрсететін қызметті пайдаланатын жолаушы, жүк жөнелтуші, жүк қабылдаушы не өзге де жеке немесе заңды тұлға.

Тасымалдаушы дегеніміз - жұрт пайдаланатын теміржол көлігімен тасымалдау шартына сәйкес жолаушыны, өзіне сеніп тапсырылған жүкті жөнелту орнынан баратын жеріне дейін жеткізу, жүк қабылдаушыға тапсыру міндетін мойнына алған заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

 Тасымалдау дегеніміз – жолаушылар мен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы.

Жүк тасымалдауды ұйымдастыру барысында тасымалдау және коммерциялық операциялар орындалады.

Жүк тасымалдау операциясы дегеніміз   бұл қоймадағы жүкті көлік құралдарына тиеу және олардан қоймаға түсіру, жол табаны әр түрлі темір жолмен тасымалдауда жүкті вагоннанвагонға ауыстырып тиеу, жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеу, жүктің бар жоғын немесе салмағын тексеру үшін оны қойма ішінде жылжыту және т.с.с.

Коммерциялық  операция дегеніміз  – бұл тасымалдауц және тапсыру құжаттарын, есепке алу және есеп беру құжаттарын толтыру, темір жолмен жүк тасымалдау үшін алымдар мен төлемдердің барлық түрлерін өндіріп алу. Сонымен қатар коммерциялық операциялар мыналарды қамтиды: вагондарды әр түрлі жүктерді тасымалдауға дайындау және оларды коммерциялық тұрғыдан қарап тексеру, жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларға көлік  – экспедициялық қызмет көрсету, акт жасау, талап қою, шарт жасасу, іс қағаздарын жүргізу, тарифтік нұсқаулар мен конвенциялық тыйым салу кітаптарын толықтыру және түзету.

 

1. «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ жол бөлімшесі

“Қазақстан темір жолы” Ұлттық ком­паниясы – республика экономикасының кү­ретамыры – темір жол транспорты жұ­мы­сын одан әрі дамыту бағытында ауқым­ды іс-шараларды жүзеге асыруда. Ең негізгі ұстанымы – сенімділік  пен тиімділікке негізделген іргелі компанияның бүгінгі таңдағы басты мақсаты – ел әл-ауқатын, Қа­зақ­стан экономикасын өркендетуге сүбе­лі үлес қосу. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жүк және жолау­шы тасымалында, өзге де мәселелерде тиім­ділік пен нәтижелікке қол жеткізілуде. Ұлт­тық компанияның республика аймағындағы темір жолдарды бүгінгі заманның жоғары талаптарына, болашақ бағдарламаларға орай одан әрі қуаттандыруға арналған өте күрделі, мол қаржыны қажет ететін бірқатар жобала­рының өз шешімін табуы құптарлық жәйт.

Ұлттық компания мамандарының айтуынша, Қазақстан темір жолы қуатының ауқымдылығына көз жеткізу қиын емес. Өйт­кені, оған нақты әрі салмақты деректер жеткілікті: темір жол көлігінің үлесіне еліміздегі барлық жүк айналымының – 68 пайызы, жолаушылар айналымының – 57 пайызынан астамының тиюі соның айқын айғағы. Республикадағы 14 мың шақырым­нан астам жолдың 5 мыңы – қосжолды, ал 4 мыңға жуығы – электрлендірілген. Ырғақты түрде дамып отырған салада өнді­рістік, қаржылық және техникалық көрсет­кіштердің жоғары деңгейге көтерілуінің сыры сала жетекшілері мен мамандардың істі ұтымды ұйымдастыра білуінде болса керек. Ұлттық компания дәйектілікпен іске асырып отырған маңызды мәселелердің арасында республиканың транзиттік-көлік­тік қуатын ұлғайту да бар. Компанияның еліміздің көліктік рыногында ең ірі және өркендеп өсіп отырған секторға айналуы құптарлық жәйт.

  1. Станса.

Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыстыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамыған бөлiм бекеттерiнде – пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм бекетi темiржол станциясы деп аталады.                                          

Станциялар дегенiмiз – темiр жолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.

Жұмыстың көлеміне сипатына қарай станцияда мыналар болады:

• Орталық блокировка және байланыс құрылғылары

• Жарық беру, өрт қауіпсіздігі және сумен қамтамасыз ету құрылғылары

• Жүк сақтау орындары (жабық қоймалар, ашық алаңдар, платформалар, вагон таразылары контейнер алаңдары).

• Пойыздарды қабылдап жөнелтуге маневр жұмыстарын жүк операцияларын орындауға арналған тарам жолдар.

• Сұрыптағыш құрылғылар (сұрыптағаш дөңестер, шағын дөңестер тартым жолдары), станция жолдары және вагондар мен локомотивтерді тексеруге, жарақтауға жөндеуге арналған құрылғылар.

• Қызметтік техникалық ғимараттар мен үй жайлар жолаушылар ғимараты мен платформалар, билет және қол жүгі кассалары теңдеме жүкпен қол жүктерін қабылдау сақтау мен беру орындары.

3. Жүк және коммерциялық жұмыстарды басқару құрылымын ұйымдастыру.

Жүк жұмыстарының концентрациясы үшін тиімді жағдайлар, қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының желісінің кеңеюімен, жалпы пайдаланудағы елдің күшті автокөліктік  шаруашылықтарды ұйымдастырумен, темір жолдардан шалғай орналасқан экономикалық аймақтарға қызмет көрсететін.

Жүк жұмыстарының концентрациясы мәселесінің 2 мақсаты бар:

  1. Аз қызмет көрсететін станцияларды жабудың дұрыстығын анықтау

2) Тірек станцияларын құру және олардың арасындағы жүк жұмыстарын бөлістіру.

Екінші мақсат негізінде, болашақтағы жоспарда жергілікті жүк ағындарын басқарумен және сәйкес тірек станцияларына жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар кәсіпорындары мен мекемелерін дұрыс тіркеумен байланысты.

  1. Жүк тасымалдау үрдісін реттеу.

Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстар тасымалдауға, негізінен алғанда, оның бастапқы және ақырғы операцияларына, жөнелтілетін жүкті қабылдауға және тиеуге оны түсіруге және жүк қабылдаушыға тапсыруға байланысты мәселелер ауқымын қамтиды.

Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысы мынадай мәселелерді де қамтиды: жүк тасымалдау ережелері мен маршруттарының жасалуын, олардың сақталуын қамтамасыз ету; озат тасымаддауәдістерін қолдану; тиеу–түсіру жұмыстарын механикаландыруды, жүктерді басқа бағыттарға ауыстыруды, коммерциялық тексеру қосындарының, сұрыптау платформаларының жұмысын, басқа да көлік түрлерімен өзара байланысты және т.с.с. қамтамасыз ету.

Тасымалдау шығындарын барынша азйту, ресурстарды сақтау, экологиялық қауіпсіздік және көлікке қызмет көрсету жүк тасымалын дамыту мен жетілдірудің негізін құрайды. 

  1.  «Теміржол көлігі туралы» заң.

Теміржол көлігінің жалпы көлік жүйедегі жетекші рөлін оынң салыстырмалы өзіндік құнының төмендігінен, бұқаралығынан, әмбебаптығынан, жүйелілігінен, тасымалдау сенімділігі мен тездігінен, жүкті және жүк жөнелтушінің қоймасынан жүк қабылдаушының қоймасына дейін жеткізіп беру мүмкіндігінен көруге болады.

Теміржол көлігі республиканың экономикалық және стратегиялық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз етіп, экономиканың біріктіруші және мемлекеттік – түзуші, әрі тұрақтандырушы факторы болып табылады.

  1. Жүк тасымалдау ережелері. 

Жарғының 9-бабына сәйкес жүктерді, контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау, сақтау операциялары жалпы жұрт пайдаланатын орындарда жүргізіледі. Жүк пен контейнерлерді тиеу – түсіру операциялары жалпы жұрт пайдаланбайтын орындарда атқарылады.

Жалпы жұрт пайдаланатын орындарға жабық және ашық қоймалар, сондай –ақ теміржол стансасының аумағынан арнайы бөлінген, инфрақұрылымның иесіне тиесілі және жүкті, оның ішінде контейнерлерді тиеу, түсіру, сорттау операцияларын орындау үшін пайдаланылатын учаскелер жатады.      

  1. Тасымалдау жоспарын ұйымдастыру негіздері.

Тасымалдаудың бірыңғай жаңа моделі оны жедел басқарудың қолданылып жүргенн автоматтандырылған жүйесін алмастырады. Осы заманғы қаржы есеп–қисап  айырысу және ақпараттық технологиялар негізінде жүк тасымалдау шартын асыруда жүк тасымалы үшін автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі тасымалдауға қатысатын барлық мүшелер арасында ақпараттық – технологиялық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.

Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысты дамыту  мен жетілдірудің негізгі бағыттары мынадай:

  • жүкті «есіктен есікке дейін», «толассыз жөнелту», «мультимодальдық, транзиттік, интермодальдық» жеткізу технологияларын қоса алғанда, жоғары сапалы көлік қызметін көрсетуге бағдарланған тасымалдау технологиясын енгізу;
  • ішкі және халықаралық қатынастарда жаңа логистикалық жүйелерді жасау және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру;
  • жасалған шарттар мен ұзақ мерзімді келісім шарттар бойынша тасымалдауды қамтамасыз етудің кепілді жүйесіне көшу, олардың орындалуын автоматтандырылған бақылау жүйесіне енгізу.

 

  1. Жүк жұмыстарының концентрациясы.

Жүк жұмыстарының концентрациясы үшін тиімді жағдайлар, қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының желісінің кеңеюімен, жалпы пайдаланудағы елдің күшті автокөліктік  шаруашылықтарды ұйымдастырумен, темір жолдардан шалғай орналасқан экономикалық аймақтарға қызмет көрсететін.

    Жүк жұмыстарының концентрациясы мәселесінің 2 мақсаты бар:

– аз қызмет көрсететін станцияларды жабудың дұрыстығын анықтау

– тірек станцияларын құру және олардың арасындағы жүк жұмыстарын бөлістіру.

Екінші мақсат негізінде, болашақтағы жоспарда жергілікті жүк ағындарын басқарумен және сәйкес тірек станцияларына жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар кәсіпорындары мен мекемелерін дұрыс тіркеумен байланысты.

Жүк жұмыстары станциялардың аз санына шоғырланғанда тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялауға және автоматтауға тиімді жағдайлар және жұмыс ресурстарына деген мұқтаждық пен бөлімшедегі жергілікті жұмыстың көлемі азаятыны анықталған.

Автомобиль көлігімен тасымалдаудың өзіндік құнында жанармайға, майлау материалдарына, техникалық қызмет көрсетуге және амортизацияға, оның жолдың бөлігін айнымалы шығындардың 10% - дық көлемді қабылдайды, шығындарды және барлық нормалармен белгіленген автомобильдердің жүргізушілерінің жол ақысына шығындарды ескереді.

 

  1. Жүк жұмыстарын жоспарлау.

Жүк жөнелтушілер жүкті жөнелтуге дайындауда теміржол көлігінің жүріс қауыпсіздігі мен пайдалануын, тасымалданатын өнімнің сапасын, жүктердің, вагондар мен контейнерлердің, өртжәне экологиялық қауіпсіздіктің дұрыс сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жүкті жөнелтуге дайындау шараларына мыналар кіреді: өнімді қажетті сапалық күйге келтіру. Жүк орындарын көлік пакеттері мен бумаларына ірілендіру арқылы тиісінше буып–түю, нығыздау, машиналардың көлемді жабдықтарын бөлшектеу немесе ішінара ажырату, жүк орындарына көліктің таңбасын салу және т.с.с. жүкті тасымалдауға дайындауда сондай–ақ оларды тиісті бақылау және қадағалау органдары тексеріледі.

  

  1. Жүк стансаларының түрлері.

Теміржол стнасалары вагондармен, ұсақ жөнелтілімдермен, контейнерлермен тасымалданатын жүктерді қабылдау, тиеу, түсіру және беру операцияларын, сондай ақ жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау операцияларын орындайды. Тиісті жүк және коммерциялық операцияларды орындауға ашық болатын стансалар арасында осындай тасымалдау жүргізіледі.

Жүк стансалары жүк және коммерциялық операцияларды орындауға, жүк пойыздарын қабылдауға, сұрыптауға, құрастыруға, тексеруге, техникалық күтіп баптауға және жөнелтуге арналған жол және жүк құрылғыларының, техникалық және қызмет үй жайларының жиынтығы болып табылады.Мұндай стансалар әдетте жүк ағындары пайда болып, таратылып жататын ірі өнеркәсіптік және елді мекендерде орналасады да, өнеркәсіп орындары мен халыққа қызмет көрсетеді.Стансалар бірнеше түрге бөлінеді:

  • Маманданбаған жүк стансасы;
  • Маманданған жүк стансасы;
  • Негізгі станса;
  • Ауыстырып тиеу стансасы. 
  1. Жүк стансаларының басқару құрылымын ұйымдастыру.

Жүк стансасының техникалық жарақтануы оның міндетіне, жұмыс көлеміне, жергілікті жүк ағындарының келуі мен жөнелтілу сипатына және олардың жүк қосындарына, оның ішінде жалпы жұрт пайдаланатын және пайдаланбайтан орындарға бөлінуіне, өнеркәсіп орындарының, базарлардың, ауыстырып тиеу қосындарының қосылуына және олардың техникалық жарақтануына қарай анықталады.  

 

  1. Салмақты өлшеу құрылғылары, тасымалданатын жүк мөлшері.

Жүктердің вагонға тұра келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштерді жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары: жабық қоймаларда жүктерді жылжымалы салмақты өлшеуіштермен өлшенеді, олардың салмақ өлшегіштігі 0,5-тен 3 т-ға дейін және стационарды салмақ өлшегіштер жоғарғы немесе максималды салмақ көтергіштігі 5 т. Жұмысына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарлы, кранды, бункерлы және конвейерлі болып бөлінеді.

 

2. Таразылардың түрлері.

Вагонды таразы. Электронды вагонды таразылар «Жүк қабылдағыш құрал» ұзындығы 3,5 м-ден 30 м-ге дейін және 100 т-дан 200 т-ға дейін тартылатын жүктерді өлшейді. Тензометрлік вагонды таразылар 50 т-дан 100 т-ға дейін өлшейді, әмбебап  вагонды  таразылар 4 және 6 ості вагондардың барлық түрін өлшейді. Вагонды таразылар статистикалық өлшеу және қозғалыс типі «Курс» өлшеулері статистикалық вагонды және тележкалы 4 ості, 6 ості және 8 ості теміржол вагондарын өлшеу мен теміржол транспортындағы тасымалданатын  жүк  массаларын  өлшеу  үшін  қолданады. Берілген вагонды таразылар 100 т-дан 200 т-ға дейін салмаққа ие және 2 режимде өлшеу жұмысын  жүргізуге мүмкіндік береді: статистикалық және қозғалыстағы вагондарды өлшейді.

Автомобильдік таразы. Автомобильдің  толық дұрыс салмағын алу статикада жүзеге асады. Себебі, коммерциялық санақта жүкті статикалық тензометрлік таразыменен өлшеген дұрыс. Автомобильді таразыларды өлшегенде 2 параметрді ескерген дұрыс. ӨҮШ (өлшеудің үлкен шегі) және платформа ұзындығы. Шығарылатын тензометрлі автомобильді Титан  типіндегі таразылардың барлық модельдері әр түрлі модификацияға ие және ӨҮШ-да 10 т-дан 400 т-ға дейін платформа ұзындығы 0,8 м-ден 30 м-ге дейін жетеді.

Кранды таразылар ELC-CS: Электронды таразылар ELC - тарту үшін кран қармағына ілетін ілгектен, жоғары дәлді есептегіштен, аналогті сандық жасаушы мен дисплейден тұрады. Жоғары жарықты цифрлы дисплей 5 белгіден 40 мм биіктіктен тұрады. Ол нәтижені үлкен қашықтықтан қиындықсыз оқуға мүмкіндік береді. Кранды таразылар электронды фильтрациялы нәтиже жүйесімен қамтылған, соның септігінен жүктің аздаған тербеліспен толқулардан құтқарады  және өлшеу нәтижесін 5 секундтан кешіктірмейді. Таразылар қоректендіруді аз қажет етілуімен батареяны жұмыс ұзақтығымен ерекшеленеді. Заряды толық батарея ЖК дисплейде үздіксіз 100 сағат бойы жұмыс істей алады.

Платформалы таразылар ELC-РS: Платформалы таразылар статистикалық өлшеумен әр түрлі платформада орналасқан жүктерді өлшеу үшін тағайындалған. Электронды платформалы таразылар өлшеуіш платформадан және салмақ өлшегіш құралдан тұрады. Өлшегіш платформа металл платформадан және тензометрлік салмақ өлшегіш көрсеткішінен тұрады. Тензометрлік көрсеткіштен салмақ өлшегіш құралмен қосылатын қораппен жалғасады. Салмақ өлшегіш құралдар 232 интерфейсімен жабдықталған, ол электронды құрылғылармен жалғану, қосылу үшін қажет, (мысалы, ЭЕМ, принтер, электронды тіркеуіш құрылғылар).

  1. Таразылардың құрылымы.

Жүктерді тиеу-түсіру кезінде салмақты өлшеу өте маңызды операция болып табылады, өйткені жүктердің сақталуына, тасымалдау кезіндегі істелген мөлшерін темір жол өз жауапкершілігіне алады. Жүктердің вагонға тура келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштердің жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары. Тағайындалуына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарды, кранды, бункерлі және конвейерлі болып бөлінеді. Салмақты өлшеуіштер мен құрылғылар мемлекеттік тексеруден міндетті түрде өтеді. 

 

1. Стансаның жүкті қабылдау және тиеу жұмысының технологиясы.

Автокөлікке келіп түстен жүктер, тасымалдауға, артуға, түсіруге және кей мезгілде оларды сақтауа дайындық жасалынуы керек. Осы процестерді ұйымдастыру жүктердің санына және сипаттамасына байланысты.

Жүктерді дайындау - бұл, орау, сұрыптау, таңбалау, салмағын өлшеу, пакеттеу, контейнерлерді жүктеу және тасымалданатын құжаттарды дайындау. Автомобильдерге және тіркемелерге жүктерді арту және оларды түсіру, жүктердің физикалық қасиеттеріне және орамдық түрлеріне байланысты механикаландыру тәсілімен орындалады. Автомобильдердің бос тұрып қалу уақыты және көлік құралдарының өз құндылық жұмыстары және  жүктерді жеткізіп беру, арту - түсіру тәсілдеріне байланысты.

Жүктерді тасымалдау толығымен уақытылы жүктерді бүтіндей (зақымсыз) өз мерзімінде жеткізіп беру, бұл тасымалдаудың ең негізгі шартың бірі болып есептелінеді.

Әр түрлі жүктерге, қажетіне қарай әр түрлі автомобильдер және әр түрлі типтегі кузовтар қолданылады және қозғалыс жылдамдығы таңдалынады.

Жүктерді сақтау қоймаларда сақтайды. Қойма көлемі, түрі, жүктерді сақтау режимдері, жүктердің физикалық қасиетіне, оралымына, сақтау мерзіміне, ауа райы шартына байланысты.

Жүктердің жіктемеленуі, жүктердің қасиеттілігіне, тасымалдануына және сақталынуына байланысты бөлінеді.

Жүктер төмендегідей жіктемеленеді: Ыдыстары бойынша-ыдысты,ыдыссыз және супер ыдысты екі қапталы ыдыстар (шишадағы, сүттер, жәшіктің ішіндегі). Бір жүк орынның салмағы бойынша - қалыпты (250 кг дейін - даналы жүктер, 400кг домаланатын жүктер (бөшке, катушка) және ауыр салмақты. Нетто - жүктің, брутто ыдыспен жүктің салмағы.

Көлеміне қарай - габаритті (қарапайым автомобильдермен тасымалдау) және габаритсіз (ені бойынша  2,5м жоғары немесе биіктігі бойынша Н >3,8м жоғары немесе артқы борттан- 2 м шығып тұрса) арнайы жылжымылы құрамда тасымалданатындар.

Арту-түсіру қасиетіне байланысты - сүйретпелі, төгілмелі, даналы және құймалы.

Автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану бойынша 5 класқа бөлінеді:

Жүктік класы:                           1              2                 3                 4            5 

Жүкті пайдалану коэффиценті:      1,0;     0,71-0,99;   0,51-0,70;  0,41-50;    40 дейін

Жүктер класы физикалық қасиеттермен ғана белгіленбейді, олар орамдық тәсілменде анықталады. Бір жүк әр түрлі класқа жатуы мүмкін, түрлі орамына байланысты мәселен: пачкідегі және байланымдағы паркет 1-класқа жатады, ал топталып артылған паркет 2-класқа жатады. Ашық жәшікте тасымалданатын пісірілген нан 2- класқа жатады, ал лотоктарда тасымалданатын болса, онда 3-класқа жатады. Автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану коэффиценті, оның тасымалдайтын жүк түріне, оның орамдығына, кузов мөлшеріне және жылжымалы құрамның жүк көтерімділігіне байланысты.

Қауіптілік дәрежесі бойынша - (адамға, малдарға,жол қозғалысына, құрылымға, жолға зиян келтіру мүмкіндігі бар) - жеті топқа бөлінеді:

1-топ - шағын қауіпті жүктер (құрылыс материалдары, өндірістік тауарлар, азық-түлік тауарлар)

2-топ - тез жанатын (бензин, ацетон және сол сияқты заттар)

3-топ - шаңдатқыш және ыстық (цемент, әк, асфальт)

4-топ - күйдіргіш сұйықтықтар (кислота, щелочи)

5-топ - баллондағы сұйықты және қысымды газдар.

6-топ - өз көлемдігімен қауіпті жүктер(көлемсіз)

7-топ- уландыратын, радиоактивті және жарылғыш заттар.

Тасымалдау және сақтау шартына байланысты- қарапайым жүктер, тез бұзылатын, жаман иісті, антисанитарлық (қоқым, таза емес және т.б), жануарлар (малдар, құстар және басқалар) бөлінеді.

Сыртқы қорғауға әсерлік шартарына байланысты – қарапайым және ерекше атмосфералық қорғауды талап ететін, температура әсер ететін жүктер, арту-түсіру кезінде ерекше заттардың орындалуын талап ететін заттар.

Ыдыс. Ыдыс түріне, материалына және салмағына қарай стандарттандырылған. Ыдыстар қатты (жәшіктер, бөшкелер), жұмсақ (қап, тюктер), жартылай қатты (корзиналар) болып бөлінеді.

Материалдары бойынша - ағашты, әйнек, керамика, қағаз - картонды және басқалар.

Ыдыстар бір рет және көп ретте (айналымда) пайдаланылатын болып бөлінеді.

Жүктерді таңбалау жасау - жүктерді бояумен, қағазды ярлыктарды жабыстыру, биркаларды қадау арқылы таңбаланады. Маркировка жасау төмендегідей бөлінеді:

Тауарлық,  жүктік,транспорттық, және арнайы.

Тауарлық таңбалауда төмендегілер көрсетіледі - жүктің аталуы, дайындаушы-мекеме.

Жүктік таңбалауда - жөнелту және жөнелтушінің пункті, жүк баратын және қабылдайтын пункт.

Транспорттық таңбалауда – накладной номері (квитанция нөмері) және оның саны.

Арнайы таңбалауда - жолда және тиеу түсіру кезінде жүктерге ерекше көңіл бөлу үшін белгілер (шартты белгілер немесе суреттермен белгіленеді).

2. Жүкті тиеу мерзімі.

Жүк стансаларында айтарлықтай көлемді мынадай коммерциялық және жүк операциялары атқарылады: жүкті тасымалдауға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, ауыстырып тиеу, сұрыптау және беру; контейнерлерді өңдеу, тасыалдау құжаттарын толтыру, вагондардың жақындауы, келуі және тиеу – түсіру орындарына берілуі туралы жүк қабылдаушылар мен жөнелтушілерді хабардар ету, жүктерді ісдестіру, қаржы және касса есебін жүргізу, кіре ақы төлемін есептеу және орталықтандырылмаған есеп айыстыру жағдайында жүк және жөнелтушілермен және қабылдаушылармен есеп айырысу.

Бұларға қоса, жүк стансаларында мынадай техникалық операциялар жүргізіледі: жүріс графигіне сәйкес пойыздарды қабылдау және өткізу, сұрыптау, құрастыру, коммерциялық тексеру, жүк пойыздарын техникалық күтіп- баптау және жөнелту, тиеу- түсіру орындарына вагондарды беру және әкету, кәсіпорындарың және порт айлақтарының кірме темір жолдарына қызмет көрсету, келетін және жөнелтілетін құрамдарды өңдеу және т.с.с. Кейбір жағдайда жүк стансаларында вагондар дизенфекцияланып, жуылады және басқа операциялар атқарылады.   

3. Вагонға жүкті тиеу тәртібі.

Тиеу-түсіру жұмыстары мыналардан тұрады: жүкті жылжымалы құрамға тиеу, одан түсіру, бір жылжымалы құрамнан екіншісіне ауыстырып тиеу, сұрыптау, жабық және ашық қоймалар ішінде, басқа да тиеу-түсіру оырндарында жүкті жылжыту және үю.

Теміржол көлігіндегі тиеу-түсіру жұмыстарының мынадай түрлері бар:

  • жүк пен контейнерлерді жабық немесе ашық қоймадан вагонға тиеу;
  • жүк пен контейнерлерді вагондардан жабық немесе ашық қоймаға түсіру;
  • жүк пен контейнерлерді вагондардан – вагонға тиеу;
  • вагондардағы жүк пен контейнерлерді сорттау;
  • жүк пен контейнерлерді жабық немесе ашық қоймадан автомобильге, автомобильдің жартылай тіркемесіне тиеу;

 

4. Вагонды пломбылау.

Тиеу жұмысын тасымалдаушылар атқаратын жағдайда жүк тиелген вагондар мен контейнерлер тасымалдаушылардың бекіту-пломбылау құрылғыларымен және солардың есебінен пломбылануы, жүк жөнелтушілер тиейтін жағдайда-жүк жөнелтушілердің құрылғыларымен және солардың есебінен пломбылануы тиіс. Адамның жеке басының, отбасының, үйінің және кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ өзге де мұқтаждықтарына арналған жүктер тасымалданатын жабық вагондар мен контейнерлер тасымалдаушының немесежүк жөнелтушінің сенім білдірген адамы арқылы немесе солардың есебінен пломбылануы тиіс.

Вагондар мен контейнерлердің жүк бөлімдеріне бөгде адамдардың еніп кетпеуі және тасымалданатын жүктердің сақталуы үшін бекіту-пломбылау құрылғылары қолданылады.

Бекіту-пломбылау құрылғылары дегеніміз бекіту құрылғылары бір конструкцияға біріккен бақылау элементтері болып табылады.

 

1. Жүктерді тасымалдау кезінде көрсетілетін операциялар.

Теміржол көлігіндегі жүк және коммерция жұмысы теміржол жарғысы негізінде жүзеге асырылады. Жүк жұмысы жалпы пайдалану және жеке пайдалану орындарында атқарылады. Жалпы орындарына тиеу-түсіру операциялары жинақталған теміржол стансасының жүк аулалары жіне теміржол қарамағындағы басқа да тиеу-түсіру қосындары жатады. Жеке пайдалану орындарына мекеме мен кәсіпорын қарамағындағы қоймалар, жүк алаңдары және басқа қосындар жатады.

Тасымалдауға ұсынылатын жүктердің жалпы мөлшерінің 80 процентінен астамы теміржол тармағына үздіксіз рельс жолымен қосылған кәсіпорындар мен мекемелерде тиеліп, түсіріледі. Мұндай жолдар кірме жолдар деп аталады.

Теміржолдың кірме жолдары бар кәсіпорындарымен, мекеме мен қарым-қатынасы, вагондар беру, алып кету тәртібі кірме жолдарды пайдалану шарттарымен реттеледі. Егер кәсіпорындардың бір өндіріс ауданында орналасқан жеке-жеке тұрған көлік цехтары есепті бірлескен көлік шаруашылығы – ӨОТК-ге кірсе, бұлармен кірме жолдарды пайдалануға шарт жасалады.

Локомотив пен вагонды дұрыс пайдалану, олардың тұру уақытын қысқарту тиеу-түсіру жұмыстарын тездету және қаражат үнемдеу үшін кәсіпорындарының кірме жолдары мен стансаның жұмысы біртұтас технологиялық процесс арқылы іске асырылыды.

Тиеу-түсірумен қатар стансада коммерциялық операциялар жүргізіледі. Оларға: жүкті дайындау, салмағын өлшеу және оны тасымалдауға қабылдау, тасымалдау құжаттарын әзірлеу, кіре ақы, алым алу, келген жүктерді алушыларға беру т.б. жатады. Жүк кәдімгі жүк пойызының жылдамдығы мен және көтерме ақы төленген жоғары жылдамдықпен жедел пойызда (тез бұзылатын азық-түліктер, малдар) тасымалданады. Мұнан басқа жүк жолаушылар пойызының жылдамдығы мен багаж вагондарында немесе арнайы пошта-багаш пойызбен тасымалданады.

Вагонды жүк тиеуге беру алдында коммерциялық және техникалық байқаудан өткізеді. Бұл жерже оның жүк тиеуге жарамдылығы анықталады. Жөнелтілетін жүктердің әрбіріне, мейлі толық вагонда болсын, ұсақтап жөнелту болсын, маршрутты пойызда болсын, немесе бір топ вагондарда, немесе бір комплект контейнерлер болсын, мұнда жүк жөнелтуші – негізгі жүк қағазын толтырады. Ол бүкіл жол бойы жүкпен бірге болады және белгіленген стансада жүкті алушыға жүкпен қоса беріледі.

Жүк тасымалдауға жөнелтушінің қаржысы есебінен дайындалады. Жүкті тасымалдау үшін тиеу қосынында жасалған жүк қағазымен қоса қабылдаушы – өткізушіге тапсырады. Бұл қызметкер жүктің қорабын, жөнелту таңбасын қарайды, мұнда жүк алушының мекен-жайы, аты-жөні жазылады. Содан соң бұл жүкті арнайы кітапқа тіркеп, теміржол таңбасын басады. Теміржол таңбасында жүктің аты, орын саны және жөнелткен стансасы мен қай теміржолға қарайтыны көрсетіледі.

Жүк кеңсесіне кіре ақысы анықталып, оны жүк қағазына жазады (кіре ақысы арнайы тариф нұсқауымен анықталады). Бұл ақыдан басқа теміржол жүкті тиеу, түсіру, салмағын өлшеу және кірме жолға вагондарды жеткізу үшін үстеме ақы алады. Көптеген теміржол бөлімшесінде жүкті тасымалдау құжаттарын өңдейтін технологиялық орталық ашылған. Мұнда уақытқа сай есептеу техникаларын қолдану арқылы тасымалдау ақысы есептеледі.

Жүк қағазы негізінде жүк кеңсесінде кіре ақы қағазын толтырады.Ол тасымалдау жоспарының орындалғаны туралы есеп беруге және есеепке алуға, жүктің жеткені туралы есеп беруге, кіре ақы алуға болады.Жүк кеңсесіңде тасымалдауға берілетін ақы алынып, бұл жөніндежүк жөнелтушіге құлақ қағазы беріледі.

2. Вагондарға коммерциялық тексеріс жүргізу.

Тасылауды  процестері: жолашыларды тасымалдау мен олапға қызмет көрсету, хүкті тиеп-түсіру, вагондарды апру,қайтару және пойыздарға тіркеу, телімдердегі жүргізу операцияларды.

         Теміржолдағы тасымалдау процесі мен пойыздар жүрісін ұйымдастыру негізінен: қозғалыс қауіпсіздігі мен жүктерді жолда сақтауды қамтамасыз ету, интенсивті технологияларды енгізу, барлық буындарда еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру және басқару, бірыңғай жоспар негізде олардың қарым-қатынасын жақсарту; техникалық құралдарды жоғарғы қарқынмен және тиімділікпен пайдалану ; жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету; көліктің басқа түрлерімен жұмысты байланыстыру процестері алынған.

Пайдалану жұмыстарының негізін қалайтын осы принциптерді жүзеге асыру, тасымалдау жоспарларын аз шығынмен орындауға, жүк пен жолаушыны уақтылы тасымалдауға кепіл бола алады.

Теміржолды пайдалану әдістері ылғи жаңартылып отырады. Негізгі әдістерге вагондар ағынын, пойызды құрастыру жоспарын жасау арқылы ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, пойыздар жүрісін график негізінді ұйымдастыру, техникалық мөлшерлеу, пойыз бен жүк жұмыстарын жедел жоспарлау және реттеу жатады.

3. Жүктерді қайта тиеу.

Темiржолда жүк операциясын орындау және оларды сақтау үшiн жабық жүк қоймалары, контейнер және ақтара түсiрiлген жүк алаңдары, таразы шаруашылығы, т. б. сол сияқты керек - жарақтар мен ғимараттар кешенi болады. Жабық қойма жүктi тиеу және түсiру жолдарының iшiнде немесе сыртында орналасуына қарай бөлiнедi.

Жүктi қойманың iшiнде жылжытуға бейiмделген қарапайым құралдар мен механизмдерге өздiгiнен жүретiн арбашалар (электрокалар, автокалар) жатады. Сусымалы, кесектелген және дара жүктi конвейер (транспортер) арқылы бiр орыннан екiншi орынға жылжытылып, көшiріледi. 

Бөлектеп қапталған жүктердi пакеттеп тасымалдау және тiкелей “вагон-автомобиль” және керiсiнше ауыстырып тиеу (1-сурет.) кеңiнен қолданылуда. Пакеттердi қолдану тасымалдау шығынын 15-30% қысқартуға, ал тиеу-түсiру жұмыстарындағы еңбек өнiмдiлiгiн 3-4 есе арттыруға мүмкiндiк бередi.

1- сурет. Жүктерді қайта тиеу алаңы

4. Сұрыптау.

Жүк өлшеуші қызметкер тиелген әр вагонға вагон қағазын толтырады.Мұнда вагон мен жүк туралы белгілер және жүк қағазының номірі көрсетіледі.Жол бойында вагон қағазын пайдалана отырып, жүктің бар-жоғы тексеріледі және вагондағы жүктің массасы арқылы пойыздың массасы анықталады.

Жүк тасымалдау құжаттары стансаның техникалық қеңсесіне жіберіледі. Мұнда осы құжаттар негізінде әрбір құралған пойызға анықтама қағазы толтырылады. Анықтама қағазда пойыздың номері құрастырған және бартын стансаның аттары, вагондардың пойызда орналасқан тәртібіне сай нөмірлері, пойыздың ұзындығы мен массасы, т.б. белгілер көрсетіледі. Осы анықтама қағаз бойынша жол бойында пойыздар мен жүк құжаттары өткізіліп, қабылданып алынады және пойыздарды сұрыптау мен құрастыру операциялары іске асырылады.

Жүк және пойыз құжатын машинамен жасау және жеткізу жүйесі жасалуда. Ол әр вагонның теміржолда жүру процесі мен керекті есептеу жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Жөнелтілетін кейбір жүктің ерекшелігіне байланысты оның тасымадау кезінде тиісті жағдай жасаулы талап етіледі. Мысалы, астық тек жабық вагондармен тасылады. Оларды алдын-ала тазалап, жуады, ал керекті жағдайда жуу алдында дизенфекция жасайды. Қыста қатып қалатын кен, көмір және басқа жүктерді тиеудің алдында және түсіргенде арнайы шара қолданылады (алдын-ала құрғату, қатып қалған жүктерді жаппай түсіру қосындарында қыздыру, механикалық түрде жұмсарту және басқалар).

Теміржол арқылы өрт, жарылыс және басқа қауіп тудыратын жүктерде тасымалданады. Бұл жүктер «Қауіпті» деп аталады да, жылуға немесе химиялық әсерлерге, сезімталдығына байланысты топтарға (жарылғыш зат, сығылған және сұйытылған газ, өздігінен жанатын зат, т.б.) бөлінеді. Осындай әрбір топқа қатаң сақталуға тиісті ерекше тасымалдау ережелері белгіленеді.

5. Коммерциялық ақауларды жөндеу.

Коммерциялық ақауларды анықтап, жою үшін стансаларда пойыздар мен вагондарды коммерциялық тексеру пунктері ұйымдастырылады. Пунктің бүкіл қызметіне басқа жұмыстарына босатылған бригадир, ал әрбір ауысымда - қабылдап-тапсырушы басшылық етеді. Стансадағы немесе КТП қызметкерлері пойыздар мен вагондарды тексеру пунктерінің автоматтандырылған жұмыс орындарымен, байланыс құралдарымен, құрал-саймандармен, материалдармен, аспаптармен жабдықталады.

Ашық жылжымалы құрамға тиелетін жүктің габаритін тексеру үшін қашықтықтан бақылайтын құрылғымен жабдықталған габариттік қақпалар орнатылады.

Вагондағы жүктің массасын бақылау үшін КТП-да вагондық таразылар орнатылады.

Теледидар жүйесі бір мезгілде үш телекамерадан яғни вагоннығ үстінен және бүйірінен алынатын бейнкені жазуға және оны КТП операторының автоматтандырылған жұмыс орнына орнатылған компьютер мониторының экранына шығуға мүмкіндік береді, электрондық габариттік қақпалар жүк габаритін бақылауға, вагондық электрондық таразылар пойыздың жүрісі барысында вагондарды автоматты түрде өлшеуге жағдай туғызады.Оператордың автоматтандырылған жұмыс орнының көмегімен пойыздың жүрісі барысында ақпарат алынады, вагондар мен жүктің коммерциялық күйі туралы деректер жиналып, сақталады.     

 

1. Жүктерді ұсақ, аз тонналы қатынастарда тасымалдау; пакеттер де және контейнерлерде.

Жүк тасымалы үшін және оның барысында теміржол көлігінің инфрақұрылымы көрсететін қызмет үшін төлемді, сондай – ақ өзге де тиісті төлемдерді яғни қосымша алымдар, вагондарды контейнерлерді пайдалану, жұмыс және қызмет көрсету ақысы, айыппқлды анықтау процессі баға қою деп аталады.

Тасымалдау дегеніміз- жолаушылармен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы. Теміржол көлігімен тасымалдауға көптеген инфрақұрылымдар қатысады.

Тасымалдау ұдайы қайталанып отыратын мынадай операцияларды атқарудан тұрады: Жүкті жөнелтуге қабылдау, вагондарды жүк тиеуге беруге байланысты маневрлер, вагондарға жүк тиеу, оларды әекту маневрлері, пойыздарды құрастыру және оларды жөнелтуге дайындау, пойыздардың баратын стансасына дейінгі жүрісі, пойыз құрамдарын жол бойында сұрыптау және құрастыру, баратын стансасында тарату, вагондарды жүк түсіретін орындарға беру маневрлері, жүк түсіру және оны қабылдаушыға тапсыру және т.с.с.

Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысы мынадай мәселелерді де қамтиды: жүк тасымалдау ережелері мен маршруттарының жасалуын, олардың сақталуын қамтамасыз ету; озат тасымалдауц әдістерін яғни пакеттеп, контейнерменғ аралас және маршруттап қолдану; тиеу- түсіру жұмыстарын мехиникаландыруды, жүктерді басқа бағыттарға ауыстыруды, коммерциялық тексеру қосындарының, сұрыптау платформаларының жұмысын, басқа да көлік түрлерімен өзара байланысты және т.с.с. қамтамасыз ету.    

2. Тасымалдау мінездемесі.

Көлік түрлеріне қарай теміржол көлігімен жүк тасымалдау тікелей теміржол қатынасымен, тікелей аралас қатынаспен және жекелей аралас қатынаспен тасымалданатын жүктерге бөлінеді.

Тікелей аралас қатынаста - жүк тасымалдауды оның бүкіл жүріс жолына толтырылатын бір ғана көлік құжатымен бірнеше көлік түрлері жүзеге асырады.

Жекелей аралас қатынаста – жүк тасымалдауды әр бір көлік түріне жекелей толтырылатын тасымалдау құжатымен бірнеше көлік түрлері атқарады.

Арнайы теміржол тасымалы аса маңызды мемлекеттік және қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, сондай-ақ сотталған және қамауда отырған адамдарды тасымалдауға арналған.

Әскери теміржол тасымалы - әскери бөлімдер мен бөлімшелерді, әскери жүктерді, әскери командалар мен әскери қызметін, ішкі істер органдарындағы, қылмыстық атқару органдарындағы қызметін өтеп жүрген жеке адамдарды, ұлттық қауыпсіздік комитеті органдарының қызметтерін тасымалдауға арналған. 

3. Тасымалдауды ұйымдастыру.

Жолдың тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз белгіленген телімнен немесе жол кесінділерінен, уақыт бірлігінде өтетін максимальдық  көлік құралдар саны.

Жылжымалы құрамдармен тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз бір мезетте тасымалданатын жүктер немесе жолаушылардың техникалық саны.

Транспорттық тасымалдау қабілеттілі дегеніміз транспорт құралдарының және құрылыс пен құрылымдардың жиындығының өткізу қабілеттілігі.

Жолаушылар тасымалдайтын көлікте өндірістік процесті оңтайлы ұйымдастыру жолаушылар қозғалысына жіберілетін уақыт шығынын азайтып жолаушылардың көліктік шаршауын төмендетіп және жұмысшылармен қызметкерлердің атқаратын жұмыстарының сапасымен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Атқаратын жұмысына қарата, жолаушыларды тасымалдау: маршруттық, экскурсиондық, саяхаттық, қызметтік, вахталық. болып бөлінеді.

Ұйымдастыру түрі бойынша: маршуттық, жалдамалы, тікелей, аралас.

Тасымалдау көлемі Q тасымалдауға жоспарланған немесе тасымалданған тонна есебіндегі жүктер санын көрсетеді.

Жүк айналым Р т/км есебінде өлшенеді және жоспарланған немесе тасымалдауды орындауға   кеткен транспорттық жұмыстарды көрсетеді.

Жүк ағымдары тікелей ΣQnp   және кері ΣQоб бағытқа тасымалданатын тонна есебіндегі жүктер санын анықтайды. 

Тікелей бағыт дегеніміз - үлкен шамадағы жүк ағымдарының бағыты.

Тасымалдау көлемін, жүк айналымын және жүк ағымдарын, белгіленген уақыт мерзіміне жатқызылады. Олардың шамалардың өз ара байланысы төмендегідей:

- тасымалдау көлемі: Q = ΣQnp +  ΣQоб 

- жүк айналым:           P = Q * I Q

Бұл жерде: I Q - жүк тасымалындағы орташа арақашықтығы.

Тасымалдау көлемі, жүк айналымы және жүк ағымы шамамен, құрылыммен, олардың игеру уақытымен және біркелкілік емес коэффицентімен сипаттамаланады.

Тасымалдау шамасы бойынша массалық және шағын партиялы болып бөлінеді.

Тасымалдау көлемі және жүк айналым – төмендегідей сипаттамаланады:

-жүктің құрамымен немесе номенклатурасымен: дән, қызылша, құрылыс материалдары, машина және жабдықтар, мұнай өнімдері т.с.с. )

- санымен: массалық - бір қалыптағы, мөлшерлі және бағыттағы бір түрдегі көп   жүктер саны; - партиалық – бір түрдегі көп мөлшердегі емес жүктер саны, жүк айналымының тұрақсыздығы, жүкті жөнелту және жүктерді қабылдау пунктердің өзгеруі;

- ұсақты немесе  жинақталған әртүрлі номенклатурадағы көп емес жүктер саны және әртурлі жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы.

-игеру уақыты бойынша  – тұрақты, уақытша және маусымдық..

Тасымалдау көлемі және жүк айналымы жүк ағынын  тексеруі бойынша қалыптастырылады:

  • Өнеркәсіптік мекемелердің тасымалданатын жүк көлемі анықталғанда, алып келуге    дайындалған жүктер саны  анықталады (шикізаттар, материалдар, жабдықтар т.с.с) және тасымалдауға дайындалған жүктер санын анықтайды (дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар, өндіріс қалдықтары)
  • Құрылыс объектерінің тасымалдау көлемін белгілеу үшін алынып келінетін кірпіш, құм, шағал т.с.с. санын анықтайды, сонымен қатар сыртқа тасымалданатын топырақ, құрылыс қалдықтарының саны анықталынады.
  • Ауыл шаруашылық ұйымы үшін, егіндік материалдар, минералдық және органикалық тыңайтқыш тасымалдау көлемін анықтайды және егіндік мөлшеріне және өнімділігіне қарай ауыл шаруашылық өнімдер көлемі шығарылды
  • Сауда жүйесі бойынша, халық мұқтажын қанағаттандыру үшін тасымалдау көлемін және жүк айналымын белгілейді.

Тасымалдау көлемін және жүк айналымын өндіріске қызмет сипаттамасы бойынша, олардың қуаттылығына және халықтың тасымалдау сұраныстарын  қанағаттандыру бойынша белгілейді.

Жүк ағыны бір жақты және екіжақты болуы мүмкін. Екі жақты ағымдық бағытта   көп массадағы жүктер өтетін болса тікелей, ал бағытта аз массадағы жүктер өтетін болса  – кері бағыттағы деп аталады.

4. Көлік – экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Вагон ағындарын дұрыс ұйымдастыру – оларды пайда­лану жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі, ол вагондардың теміржол бағытымен жүруінің барынша тиімді тәртібін және пойыздарды құрастырудың ең пайдалы жүйесін орнықтыруды көздейді. Бұл міндетті шешу жүктер­ді тиеу орындарынан маршруттап тасымалдауға және сұрып­тау, телім­дік және жүк станцияларында жүк пойыздарын құрастыруға негізделеді.

Пойыздарды құрастыру деп темiржолдың барлық желiсiндегi және жалпы тораптағы барлық вагонағындарды пойыздарға бiрiктiру жүйесiн айтамыз. Бұл жүйе стансаның пойыздарды тарқату, құрастыру және тоқтаусыз өткiзу жұмысының технологиясы мен жұмыс көлемiн анықтайды.

Құрастыру жоспары - вагон айналымы жеделдету мен жүктердi тез уақытта  жеткiзу, локомотив пен локомотив бригадасының өнiмдiлiгiн арттыру, маневрлық жұмыстарды қысқарту мен тасымалдау өзiндiк құнын төмендету, стансалар арасында сұрыптау жұмыстарын бiртектi жiктеу және жинақтау уақыты мен қайта өңдеуге кететiн уақыт мөлшерiн барынша қысқартуды көздейдi.

Құрастыру жоспары жылына бiр рет құрастырылып, жаңа пойыздар жүріс графигiмен бірге өндіріске қолдануға енгiзiледi. Бiр жол басқармасының iшiндегi құрастыру жоспары қозғалыс қызметінде жасалады. Жол ішілік құрастыру жоспарын есептеу екі этаптан тұрады:

  1. тікелей біртопты пойыздарды ұйымдастырудың тиімді вариантын  анықтау,
  2. басқа категориялы пойыздарды ұйымдастыру, сұрыптау станцияларының арасындағы 2-4 телімге қызмет көрсететін әртүрлі катериялы жергілікті пойыздардың жұмыстарының тиімді вариантын анықтау (құрама, әкететін, тапсыратын (сборные, вывозные, передаточные)).

ПҚЖ әрбiр вариантының бағалау критериiне келтiрiлген вагон-сағат – пайдалану шығындары жатады.

Пайдалану шығыны вагон-сағат жинақтау және өңдеу құны, айналым телiмiнде орналасқан телiмдiк станцияларда локомотивтердi тiркеуге кеткен қосымша локомотив- және бригада-сағаттан тұрады. Вагонағынын жеке дара жөнелту тиiмдiлiгi келесi формуламен анықталады:

,                  

мұнда: cm – станцияда вагонағынды жеке дара жөнелту үшiн жинақтауда аялдау уақыты, вагон-сағатпен өлшенедi;

c – пойыздарды құрастыру станциясындағы жинақтау параметрi (вагон-сағат);

m – пойыздағы вагондар саны (вагон);

Nв – бiр бағыттағы тәулiктiк вагонағын көлемi;

- жол бойындағы техникалық станцияларды вагонағынның өңдеусiз өткеннен түскен вагон-сағат экономияларының қосындысы (вагон-сағат).

5. Көлік – экспедициялық қызмет көрсету түрлері.

Үйлестірілген талдап салыстыру әдісі (метод совмещенных аналитических сопоставлений) (авторы проф. А.К. Бернгард). Басты бағалау критериi варианттарда уақытты үнемдеу (вагон-сағат) болып табылады. Тәсілдің мақсаты – ең тиiмдi вариантқа бiртiнде жақындау болды.

Алғашында бастапқы станциялардан ақырғы станцияларға баратын, кез келген жолай станциялардағы үнем­­­дел­ген вагон-сағаты, құрастыру станцияларындағы жинақтау­ға жұмсалған шығындардан асып түсетін, жалпы жеткілікті шартты қанағат­тандыратын (ЖШ) вагон ағындары анық­талады. Осылайша іріктел­ген жөнел­тімдер құрастыру жос­парының тиімді нұсқасына енгізіліп, бұдан былайғы есептеулерден шығарылады. Қалған вагон ағындары үшін мү­мкін болатын барлық өтпелі ағындардың графигі жасалады. 

Олардың ішінен жолай техникалық станциялардан өңдеу­сіз өтуден келетін үнем барынша көп болатын ең бастапқы деп аталатын ағын анықталады. Егер ол жеке ғана болса, онда құрастыру жоспарының тиімді нұсқасына енгізілуі мүмкін. Егер жеткілікті шартты қанағаттандыратын одан әрі баратын өтпелі ағындар болса, олардың көп үнем беретін біреуі таң­далады. Бұдан кейін бастапқы ағынды едәуір алыс ағынмен алмастырудың орындылығын тексеру үшін бастапқы ағыны бар нұсқа мен таңдалған едәуір алыс ағыны бар нұсқа­ны салыстырады. Жолай техникалық станцияларда вагон-сағат үнемі көп болатын нұсқа қабылда­нады.

Мысалы, 2.1, а-суретте бейнеленген полигон үшін құрастыру жоспарының тиімді нұсқасын үйлестірілген талдап салыстыру әдісі­мен есептеп шығару керек.

Шешуі. Жалпы жеткілікті шарт бойынша n1=210 вагон ағынын тексе­реміз, ( сағ, ), бұл оны қанағат­тандырады. Қалған ағындарды біріктіріп барары бір көптопты өтпелі ағындар құрылған.

Мысалы, А-В барысына 330 вагон енгізілген, оның ішінде А-Д-ға - 110, А-Г-ге - 80 және А-В-ға - 150 вагон енгізілген; В-Е-ге - 190 вагон, оның ішінде Б-Е-ге - 120 және В-Е-ге - 70 вагон енгізілген және т.с.с.

Әрбір ағын (жеке немесе біріккен) үшін жолай техникалық станциялардың атауы астына олардың әрқайсысынан өңдеусіз өтуінен келетін вагон-сағат үнемі көрсетілген. Мысалы, 330 вагоны бар А-В ағыны үшін Б жолай станциясынан келетін үнем 330х4=1320 вагон-сағат болады.

Әрбір ағынның оң жағында барлық жолай техникалық станция­лар­­дан өңдеусіз өтуінен келетін вагон-сағаттан жинақтауға жұмсаған вагон-сағат шығынын шығарып тастағаннан кейін келетін үнемінің жиынтық вагон-сағаты көрсетілген. Мәселен, А-Д бағыты үшін жолай станциялардағы үнем 400+500+600 =1500 вагон-сағатқа тең. Осы ағынның құрамдарын жинақтауға жұмсалатын шығын А станция­сында cm = 600 вагон-сағат құрайды. Сонда 1500 - 600 = 900 вагон-сағат (2.1, б-сурет) жолай станциялардан түскен үнем болып шығады.

1500 - 600 = 900 вагон-сағат (2.1, б-сурет) жолай станциялардан түскен

 

1. Ашық жылжымалы құрамда жүктерді бекіту және орналастыру.

Тасымалдау көлемі және жүк айналым – төмендегідей сипаттамаланады:

-жүктің құрамымен немесе номенклатурасымен: дән, қызылша, құрылыс материалдары, машина және жабдықтар, мұнай өнімдері т.с.с. )

- санымен: массалық - бір қалыптағы, мөлшерлі және бағыттағы бір түрдегі көп   жүктер саны; - партиалық – бір түрдегі көп мөлшердегі емес жүктер саны, жүк айналымының тұрақсыздығы, жүкті жөнелту және жүктерді қабылдау пунктердің өзгеруі;

- ұсақты немесе  жинақталған әртүрлі номенклатурадағы көп емес жүктер саны және әртурлі жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы.

-игеру уақыты бойынша  – тұрақты, уақытша және маусымдық..

Тасымалдау көлемі және жүк айналымы жүк ағынын  тексеруі бойынша қалыптастырылады:

  • Өнеркәсіптік мекемелердің тасымалданатын жүк көлемі анықталғанда, алып келуге    дайындалған жүктер саны  анықталады (шикізаттар, материалдар, жабдықтар т.с.с) және тасымалдауға дайындалған жүктер санын анықтайды (дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар, өндіріс қалдықтары)
  • Құрылыс объектерінің тасымалдау көлемін белгілеу үшін алынып келінетін кірпіш, құм, шағал т.с.с. санын анықтайды, сонымен қатар сыртқа тасымалданатын топырақ, құрылыс қалдықтарының саны анықталынады.
  • Ауыл шаруашылық ұйымы үшін, егіндік материалдар, минералдық және органикалық тыңайтқыш тасымалдау көлемін анықтайды және егіндік мөлшеріне және өнімділігіне қарай ауыл шаруашылық өнімдер көлемі шығарылды
  • Сауда жүйесі бойынша, халық мұқтажын қанағаттандыру үшін тасымалдау көлемін және жүк айналымын белгілейді.

Тасымалдау көлемін және жүк айналымын өндіріске қызмет сипаттамасы бойынша, олардың қуаттылығына және халықтың тасымалдау сұраныстарын  қанағаттандыру бойынша белгілейді.

Жүк ағыны бір жақты және екіжақты болуы мүмкін. Екі жақты ағымдық бағытта   көп массадағы жүктер өтетін болса тікелей, ал бағытта аз массадағы жүктер өтетін болса  – кері бағыттағы деп аталады.

2. Вагонның көлденең тұрақтылығы.

Жүк вагоны айналымы санына байланысты жүк алқымы мен жүктердің белгілі бір түрлеріне тасымалдау қабілеттеріне байланысты ажыратылады. Негізінде жүкті парк  төрт өсті вагондардан тұрады. Тасымалданатын жүк вагондарының түрлеріне орай ол жабық, изотермиялық және арнаулы  тағайындалуына байланысты ажыратылады.

Жабық вагондар қымбат бағалы жүктерді тасымалдауда қолданылады, себебі оларды атмосфералық әсерлерден қорғау қажеттілігі туындайды. Ол  вагондарда астық, қораптағы және даналы жүктер және т.б. тасымалданады. Жабық металдардан тұратын вагондардағы қапталды кузов қабырғасы люкпен жапсырылған. Ал металды шатыры төрт автоматты жабылатын тығыны бар тиелеуші люктен жасалған. Металды кузов есігі төменгі жақтағы люкпен жапсырылған, есіктің ашылғандағы қысымының азаюына септігін тигізеді. Есіктің тығыздалуы резиналы салынуы арнаулы қапталды тік кузов пен арнаулы есік жолындағы фазамен алмастыру арқылы жүзеге асады. Тығыздалған есігі бар вагондарда астық тасымалдау үшін есік айналысына астық сауытын орнатады.

Жартылай вагондар жүк тасымалдағыш вагонды парктің ауқымды көп қолданылатын бөлігін құрайды. Жартылай вагоннның шатыры болмайды. Люктер арнаулы қақпақтармен жабылады. Жартылай вагондар сусымалы және қапталған жүктерді тасымалдауға  арналған, олар атмосфералық әсерлерден қорғауды қажет етпейтін, қазбалар, орман, көмір, металл және автомашина, ауылшаруашылық техникасына қажетті заттар. Бұл вагон типі механикалық тиеу мен артуды жүзеге асыруда кең қолданылады. Осындай массалық жүктерді қазба, тасты көмір, орман және т.б. заттарды тасымалдау маршруттар арқылы іске асады. Ауыр массалы жүктерді маршруттармен тасымалдауға әртүрлі бағытта үлкен жүкті сегіз өсті жартылай вагон (үлкен жүктеме 1м жолға) қажет.

Платформалар  ұзын жүктерді (рельс, орман материалдары) контейнерлерді және де автомобильдер мен әртүрлі ауылшаруашылық машиналарын тасымалдауға арналған вагондарды айтуға болады.

Цистерналар массалы сұйық заттарды, мұнай өнімдерін тасымалдайды. Тасымалданатын  мұнай өнімінің түріне қарай цистерналар түрлі приборлармен жоғарғы және төменгі жақ құйылыстарында жабдықталған. Цистернадағы кузов пішіні цилиндр формалы жоғарғы жақта тығыны бар қазанға ұқсайды. Бензин тасымалдайтын цистерна қазанында сақтандырғыш тығыздар орналасады. Бензин мен жарық, ашық мұнай өнімдерін тасымалдауда жүк еңістілігі 62т, цистерналар әмбебап құйғыш приборлармен жабдықталған цистерналар қолданылады.

Жүк вагондар паркінде арнаулы тағайындалған вагондар, яғни әртүрлі белгілі бір массалық жүк түріне қарай арналған вагондар үлкен сұранысқа ие. Оларға хоппер- дозатор, думпкар – вагондары жатады. Төртөсті хоппер дозатор ұсақ тас секілді заттарды тасымалдауға қолданылады және жол жұмыстар өндірісінде қолайлы болып келеді. Қапталған жеңіл өнеркәсіп  бұйымдарын тасымалдауда думпкарвагондары қолданылады. Олар  пневманикалық жабдықталған, жүкті түсірген кездегі кузов еңістігіне қолайлы етіп жасалған.

Изотермиялық вагондар тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауда қолданылады. Осы мақсатта вагондар мұздатқыш машиналармен яғни рефрижератормен жабдықталған. Поездарға электр күші бар, мұздатқышпен жабдықталған вагондар кіреді, үлкен сұранысқа ие болған автономды  рефрижераторлы вагондар индивидуалды салқындатқыш және электрлік жылытқыш машинасы бар вагондар көп кеңейтілген. Изотермиялық вагондардың мұз салғыш салқындатқыш түрлері бар, олар – мұзды – вагондар деп аталады, және арнайы тірі балық, вино және басқа өнімдері тасымалдауға арналған түрлері кездеседі.

3. Жүкті бекіту түрлері.

Жүк жұмыстарының концентрациясы үшін тиімді жағдайлар, қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының желісінің кеңеюімен, жалпы пайдаланудағы елдің күшті автокөліктік  шаруашылықтарды ұйымдастырумен, темір жолдардан шалғай орналасқан экономикалық аймақтарға қызмет көрсететін.

    Жүк жұмыстарының концентрациясы мәселесінің 2 мақсаты бар:

  1. аз қызмет көрсететін станцияларды жабудың дұрыстығын анықтау

2) тірек станцияларын құру және олардың арасындағы жүк жұмыстарын бөлістіру.

Екінші мақсат негізінде, болашақтағы жоспарда жергілікті жүк ағындарын басқарумен және сәйкес тірек станцияларына жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар кәсіпорындары мен мекемелерін дұрыс тіркеумен байланысты.

      Жүк жұмыстары станциялардың аз санына шоғырланғанда тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялауға және автоматтауға тиімді жағдайлар және жұмыс ресурстарына деген мұқтаждық пен бөлімшедегі жергілікті жұмыстың көлемі азаятыны анықталған.

     Автомобиль көлігімен тасымалдаудың өзіндік құнында жанармайға, майлау материалдарына, техникалық қызмет көрсетуге және амортизацияға, оның жолдың бөлігін айнымалы шығындардың 10% - дық көлемді қабылдайды, шығындарды және барлық нормалармен белгіленген автомобильдердің жүргізушілерінің жол ақысына шығындарды ескереді.

4. Көлденең, тік және біріңғай инерциялық күштер.

Әр түрдегі транспорт жұмыстар екі негізгі көрсеткіштермен айқындалады:

- тасымалдау көлемі Qт және жүк айналымы Р т/км.

     Тасымалдау көлемі және жүк айналымы ауыл шаруашылық  өнімдерінің және өнеркәсіп өндірісінің мөлшеріне байланысты.

     Көптеген жүктер бірден қабылдаушыға жеткізіледі. Бір жүктер бірден қабылдаушыға жеткізіледі. Бір жүктер бірнеше рет көліктерге ауыстырылуы мүмкін сол себепті тасымалдау көлемін анықтауда осыны ескерту керек.

    Жүктерді қайталап тасымалдау, қайталап тасымлдау коэффицентімен сипатталады – η, тоннада тасымалданған жүк көлемінің, тоннадағы өндірілген көлеміне қатынасы.

                                       η = Qф / Qн ;

Qф - тасымлданған жүктің көлемі, т;

Qн - өндірілген жүк көлемі,т;

Жүк айналымы және тасымалдау көлемі пайдалануына байланысты тәулік, сағат, тоқсан, жыл есебіне есептелінеді.

   Жылдық жүк айналымы және тасымалдау көлемі ай сайын және тоқсан сайын біркелкі болмайды. Тәуліктегі, бір айдағы, тоқсандағы, жыл мезгіліндегі тасымалдау тербеліс дәрежесі әр келкі тасымалдау коэфицентімен өрнектеледі. Ол төмендегідей анықталады;

Жүк айналымының және тасымалдау көлемінің орта есептегі белгілі мезгіл уақытына қатынасы.

    Жүк ағыны дегеніміз – тоннадағы жүктер санының бір бағытқа тасымалданғаны.

Жүк ағыны 3 түрге бөлінеді;

  • салалы – жүктердің бір салада болуы
  • топтағы – жүктердің белгілі топтарға жатуы
  • түрлеріне байланысты – жүктердің қасиеттілігіне байланысты бөлістіруі.

    Жолаушы ағындары тасымалдау қуаттылығымен сипаттамаланады, ол дегеніміз бір бағыттағы маршруттағы белгіленген уақытпен өту.

     Жолаушы ағыны тәуліктегі сағат сайын, аптадағы күн сайын және жыл мезгілі бойынша өзгеруі, сонымен қатар маршрут ұзындығының және қозғалыс бағытына байланысты.

     Қашық маршрутына жолаушы ағынының графигінің өзгеруі, маршруттағы автобустардың жүктелісіне байланысты сипатталады. Оларды әр-түрлі әдістермен анықтауға болады.

Анкеталық, талондық, билеттік әдістеме; көзбен шамалап өлшеу, сұрастыру әдістемесі

 Жолаушы ағындары дегеніміз бұл – аялдама арасында жол кесіндісіне автобус бағытындағы бір бағытта, бір уақыт бірлігіне тасымалданатын немесе тасымалданған жолаушылар саны. Жолаушы ағындары график пен картограмма мен эпюра мен көрсетіледі немесе таблицаларға толтырылады. Жолаушы ағындары мөлшері бойынша тәулік сағаттарында апта күндерінде жыл маусымдарында сондай-ақ бағыт учаскелерімен автобус қозғалысын бағыттарына бір қалыпты болмайды. Жолаушы ағындарын жүйеде таралуы бағыттардың қала жобасында тұрғын аймақтарда өндірістік мекемелерге, әкімшілік немесе мәдени орталықтардың орналасуына қатысты таралады. Жолаушы ағындарының өзгеру көрсеткіші ретінде қалыпсыздық коэффиценті қолданылады:

- уақыттағы жолаушы ағындарының қалыпсыздық коэфицентін кез келген уақыт аралығына анықтауға болады.

kс = Qmax / Qcp                     

Мұнда:     kс - тәулік сағаттарындағы қалыпсыздық коэффиценті;

                 Qmax - максималды сағаттық жолаушы ағын

                 Qcp - орташа сағаттық жолаушы ағын

- бағыт уческілеріндегі қауіпсіздік коэффиценті;

- бағыттары бойынша қалыпсыздық коэффиценті;

5. Күштің есептік мәні.

Жылжымалы құрамдардың паркі дегеніміз - автокөлік мекмесіндегі барлық көлік құралдар (автомобиль, тіркелемелер, тартқыштар). ЖҚ тізімді (инвентарлық) дегеніміз инвентарлық кітаптағы есепке алынған  ЖҚ (АТМ-ді баланс бойынша). Бұл парк өзінің техникалық жағдайына байланысты төмендегідей бөлінеді:

пайдалануға дайын парк (тасымалдауды орындау), Аг.э. және жөндеуді талап ететін немесе жөндеуде тұрған және пайдалануға дайын емес парк, Аp:

                                   Аu = Аг.э. + Аp

Пайдалануға дайын, парктің бөлімі Аг.э., тасымалдауды орындауға пайдалануға болады (пайдалануда болуы) Аэ, қалған бөлігі Ап, пайдалануға дайын а/м істемесе де болады (бос тұру), яғни Аг.э.= Аэ + Ап ; немесе Аu = Аэ  + Ап + Аp

ЖҚ паркіндегі әр бірлік, АТМ тұрған Д u күндер (календарлық күндер), Дэ пайдалану күндерінде, Дp жөндеу күндерінде немесе оны күту және Дп пайдалануға дайын бірақ бос тұрған (демалыс, мейрам күндері, материалдардың жоқтығы) тұруы мүмкүн.

Дu = Д э + Дp + Дп

Автомобиль күндер – ЖҚ бір сандарының барлық күндер қосындысы (пайдалану, жөндеу немесе бос тұру)

Қозғалыс құрамының паркі дегеніміз – автотранспорт мекемесіндегі қозғалыс құрамы.

Тізімдік парк дегеніміз – инвентарлық кітаптарда тіркелген барлық қозғалыс құрамы. Техникалық қалпына байланысты;  пайдалануға дайын парк Ат және жөндеуді техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін парк. Ар.

                                        А тізімі = Ат + Ар

Пайдаланудағы дайын парк өз кезегінде төмендегі паркке бөлінеді;

Тасымалдауға пайдаланатын парк – Аэ және әр түрлі себептермен бос тұрған дайын парк Ап.

Ат = Аэ + Ап

АДи =АДт +АДр; АДт = АДэ + АДи

АДи = АДэ +АДн + АДр

Бұл жерде АДи автомобиль күндер тізімі. АДт  пайдалануға дайын парктегі күндері. АДе  пайдаланған күндері. АДр  жөндеуде және тқк тұрған күндері.

Автотранспорттық кәсіпорындардың негізгі міндеттері:

- жоспарға сәйкес тасымалдауды ұйымдастыру және орындау;

- жылжымалы құрамды сақтау, техникалық баптау және жөндеу;

- кадрларды іріктеп алу, орналастыру және мамандығын жетілдіру, еңбекті ұйымдастыру;

- өндірістік – финанстық іс - әрекеттерді жоспарлау және есепке алу;

- материалдық – техникалық жабдықтау;

- үйлерді, құрылыстарды және жабдықтарды күтіп ұстау және жөндеу.

Бұл міндеттерді орындау үшін автотранспорттық кәсіпорындарда пайдалану, техникалық және басқару қызметі қарастырылаған. Автотранспорттық кәсіпорындарды жүк жолаушыларды тасымалдау үшін ұйымдастырады. Автотранспорттық кәсіпорындар жүк тасымалдау сипатына қарай жүк, жолаушылар таситын  және аралас, ал тиістілігі мен атқаратын міндетіне қарай – ведомствовалық тиістілігіне қарамастан заказшыларға қызмет көрсетуге жалпы пайдаланылатын және тек өзі қарамағына кіретін мекеме үшін жүк таситын ведомстволық болып келеді. Автомобиль паркі деп автомобильдерді сақтауға, баптау жасауға және жөндеуге арнап жабдықталған территорияны айтады.

6. Арнайы вагондарға жүкті бекіту және орналастыру ерекшеліктері.  

Жол қағазы автомобиль жұмысын есепке алатын негізгі бастапқы документ болып табылады. Онда автомобильдің жүріп өткен жолы, тасыған жүгі жанармай мен майлау майларының шығыны есептеледі. Жүргізуші жол қағазына қол қойдырып алып келеді.

Жол қағазын әдетте автомобиьдің бір күнгі жұмысына арнап береді.

Егер жүргізуші тарсырманы бір тәуліктің ішінде орындай алмаса, онда жол қағазын неше күнге пайдалануға болатындығын белгілейді, бірақ ол бес тәуліктен аспауы керек.

Дұрыс толтырылып бұдан – бұрын берілген жол қағазын өткізген соң ғана жаңа жол қағазы беріледі. Автомобильдерді парктен механик тексерген соң бекіткен наряд бойынша техникалық жағынан алғанда ақаусыз және баптаулы күйінде шығарылады.

Автомобиль жолға шығар күні наряд алады тапсырманы орындау тәртібімен мерзімі маршрут ерекшелігі рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы және қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары анықталады.

Ауысымдық – тәуліктік жоспардан кейін диспетчер аппараты, жүргізу куәлігін тексере отырып жол қағазын жазып береді. Желіге жол қағазсыз шығуға тиым салынады.

Жол қағаздың бланкілері орталықтан типографиялық тәсілмен дайындалады, ол қатаң есепте тұрады, оның арнайы сериясы және есептік номері болады.

Жол қағазы АТМ-де қоймада сақталады, қажет болған жағдайда пайдалану бөлімінің жауапты қызметкерлері қабылдағаны жөнінде қол қою арқылы алады. Жол қағазы үш түрге бөлінеді.

ҚР тыс жүретін көлік құралдарына диагональды қызыл сызықпен сызылған жол қағазы беріледі.

Диспетчер жол қағазын жүргізушіге бермей тұрып, алдын-ала көрсетілген мәліметтерді толтырады: мерзім, аатомобиль маркасы, аты-жөні, спидометр көрсеткіші, бактағы қалған жанар май қалдығы, гараждан шығу уақыты.

Автомобиль жолға шығар күні немесе оның қарсаңында жүргізуші өз бастығынан нұсқау алады, онда тапсырманы орындау тәртібі мен мерзімі, маршрут ерекшілігі, рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы және қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары анықталады. Жүргізуші көрсетілген автомобильге бұйрықпен бекітіледі, онда автомобильді жүргізуге құқық беретін куәлік, толтырылған жол қағазы болуы керек.

Жүргізуші көлік құралының техникалық ақаулығы жоқтығы жөнінде қол қойып қабылдап алады. Механик желіге шығатын  көлік құралының техникалық ақаулығы жоқтығын тексеріп,  қол қойып шығарады.

Жүргізуші тапсырманы орындау кезінде, құжатарда төмендегі жазулар көрсетілуі керек: тауарлық – көлік құжатының нөмірі, жүк жөнелтушінің (қабылдаушының) аталуы, жүк тиеу-түсіру пункты, жүріс нөмірі, тіркеменомері және уақыты, соңында мөр басылып қол қойылуы керек. Осы негізінде қорытынды жасалынады: нарядта болған сағаттары, желіде болған және тұрған уақыттары, жүкпенен жүрген уақыттары және саны, тасымалданған тонна, тонна-км, жанар май шығындары есептелінеді.

 

1. Жанатын кенді-металдық жүктерді тасымалдау технологиясы.

Жүктерді тасымалдауға қабылдауға дейін жөнелту стансасы бұл жүктерді халықаралық теміржолмен тасымалдауға рұқсатын, өтінімнің бар-жоқтығын, жүк жөнелтуші Келісімнің шарттарын орындайтын, тасымалдаушы жоя алмайтын кедергілердің жоқтығын тексеруі тиіс. Жүк шамадан артық тиелетін немесе шекаралық стансаларда вагондар жол табанының ені басқа доңғалақ жұптарына немесе жылжымалы доңғалақ жұптарын қолдану арқылы ауыстырып қойылатын жағдайда бұл мәселелерді тасымалдауға қатысатын барлық темір жолдардың келісімін алғаннан кейін ғана жөнелтілімдер қабылдануы тиіс.

Тікелей халықаралық қатынастарда тасымалдауға жіберілмейтін, сондай-ақ әр түрлі елдердің жодлары арасында алдын ала келісуді қажет ететін заттар мен жүктердің тізбесі Келісімде жарияланған.

Қауіпті жүктер қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің (Келісім үшін арнайы екі бөлік болып шығарылған) шарттары сақталғанда ғана тасымалдауға қабылданады. Жүктер темір жолдарға тиесілі емес контейнерлермен, табандықтармен, тасымалдау пакеттерімен тасымалданатын реттерде Келісімге қоса шығарылатын Қосымшаларда жарияланған тиісті ережелер қолданылады.

2. Жанатын, металлургиялық жүктердің сипаттамасы.

Жүктер халықаралық қатынастарда тасымалдауға вагондық, ұсақ жөнелтілімдермен және ірі тоннажды контейнерлер жөнелтілімдерімен қабылданады.

Ірі тоннажды контейнерлермен тасымалдау үшін бір жүк қағазымен ұсынылатын жүк немесе бос күйдегі ірі тоннажды контейнер ірі тоннажды контейнер жөнелтілімі деп есептеледі.

Жүк жөнелтуші жүк қағазындағы «Жөнелтілім түрі» графасында тасымалдауға ұсынылатын жүктің қандай жөнелтілім түріне (вагондық, ұсақ немесе ірі тоннажды контейнер жөнелтілімі) жататынын көрсету міндетті. Массасы мен көлемі вагонның ең көп жүк көтерімділігі мен сыйымдылығынан аспайтын жүктер және олардытасымалдау үшін екі немесе одан көп вагондарды тіркестіру (тар табанды теміржол стансаларынан жөнелтуде және т.с.с.) қажет болатын жүктер тасымалдауға вагондық жөнелтілім ретінде бір жүк қағазымен қабылданады.

Тасымалдауға қатысатын барлық жолдардың келісімі болатын жағдайда жүк жөнелтушінің жазбаша өтінімі бойынша бір стансаға және бір қабылдаушының атына баратын бір текті жүкті (кен, көмір және т.с.с.) бір жүк қағазымен тасымалдауға рұқсат етіледі.

Жүктерді вагондық, ұсақ жөнелтілімдермен және ірі тоннажды контейнерлік жөнелтілімдермен қабылдап, жөнелту оларды жөнелтетін теміржолда қолданатын Ережелерге сәйкес жүргізіледі. Жүк жөнелтуші жүк орындарына өшпейтін айқын жазулар жазуы немесе жапсырма бекітуі әлде тақтайша ілуі тиіс, оларда жүк орындарының таңбалары (маркалары) мен нөмірлері, жөнелту стансасы мен жол атаулары, жүк жөнелтуші мен қабылдаушы, ұсақ жөнелтілімдер болса, орындарының саны көрсетіледі.

Ұсақ жөнелтілімдерде әрбір жүк орны таңбалануы тиіс, вагондық жөнелтілімдерде – вагон есігінің маңайына орналасатын жүктердің кемінде 10 жүк орны таңбаланады.

3. Жаппай тасымалданатын жүктреді тасымалдау кезіндегі ерекшеліктер.

Жүк тасымалдау көлемі  жүк жөнелтушінің жүк қағазында көрсеткен шекаралық стансалар бағытында қолданылатын тарифпен анықталатын ең қысқа қашықтық бойынша есептеледі. Егер басқа шекаралық стансалар арқылы жүк жөнелтуші көрсеткен жолдан гөрі едәуір қысқа жолмен тасымалданса, онда төлем осы шекаралық стансалар арқылы өтетін ең қысқа қашықтық үшін есептеледі.

Жүкті жөнелту және баратын елінің жолдарымен тасымалдау үшін төленетін кіре ақы мен айыппұл жергілікті валютвмен, ал транзиттік темір жолмен тасымалдау төлемдері мен айыппұл – мүдделі темір жолдың осы халықаралық тасымал үшін қолданатын транзиттік тариф валютасымен есептеледі.

Темір жолдары тарифке қатысатын елдер арасында, сондай-ақ олар тарифке қатыспайтын және Біріңғай транзиттік тарифтің (БТТ) қатысушылары болып есептелмейтін елдер арасында Халықаралық транзиттік тариф (ХТТ) қолданылады.

Шекаралық станса дегеніміз – бұл халықаралық қатынастардағы экспорттық және транзиттік тасымалдарға қызмет көрсететін теміржол стансасы. Мұндай стансаларда техникалық, жүк және коммерциялық операциялармен қатар, қалған стансаларға тән емес бірқатар операциялар атқарылады. Шекаралық, кедендік, экологиялық, фитосанитарлық және басқа мемлекеттік бақылау және тексеру түрлері, кедендік транзитті рәсімдеу, кедендік жүк құжаттарын толтыру, жүктер мен вагондарды өткізу, олардың есебін алу осындай операцияларға жатады.

Шекара алдында шекаралық бақылау пунктері орналасады, оларда іргелес елдерден келетін және оларға жөнелтілетін жүк пойыздары сырттай тексеруден (бекіту-пломбылау құрылғылары, тексеру апанында вагондардың асты тексеріледі және т.с.с.) өтеді.пойыз локомотивтері де тексеріледі. Жеке тексеру үй-жайларында жүк пойыздары мен ілесе жүретін теміржол қызметкерлерінің қол жүктері тексеріледі.

Шекаралық стансаларда кедендік бақылау аймағы – тауарлар мен көлік құралдарына арналған, сондай-ақ олармен кеден қызметкерлерінің бақылауымен жүк немесе өзге де операцияларды атқаратын арнаулы орын бөлінуі тиіс.

Шекаралық стансалардың жүк аудандарында, қоймалары мен алаңдарында міндетті түрде кедендік бақылаумен уақытша жүк сақтау қоймалары бөлініп, жабдықталуы тиіс. Уақытша жүк сақтау қоймасы мен оған іргелес аумақ кедендік бақылау болып табылады.

Жүк тапсырушы жүктерге алты дана етіп, өткізу ведомосын жасайды – үшеуі тапсырушы тарапқа, үшеуі- қабылдаушы тарапқа арналады. әрбір тарап өткізу ведомосының бір данасы өз жолындағы кеден органына береді, екіншісін – шекаралық стансаның өткізу кеңсесіне тапсырады, үшіншісін – жол басқармасына өткізеді.

Кеден органының лауазымды тұлғасы әкелінетін тауарлардың тасымалдау құжаттарын тексеріп, тіркейді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: тауарды шекарадан қайтару, тауарларды кедендік ресімдеуден өткізу, тежеу, құжаттарын тежеу немесе қосымша тексеру, тауарларды баратын жеріндегі кеден органына кедендік бақылаумен жөнелту.

Тауарларды баратын жеріндегі кеден орнына кедендік бақылау жөнелту жөнінде шешім қабылданатын жағдайда кеден органының лауазымды тұлғасы осы мемлекеттің кедендік заңнамаларына сәйкес жүктің жеткізілуін ресімдейді. Бұл жүктің жеткізілуін бақылау құжаты (ТМД үшін), кеден, декларант немесе темір жол кедендік жүк декларациясының бланкісіне үш дана етіп толтыратын ішкі транзиттік құжат болуы мүмкін. Бұл құжаттар жүктің баратын жеріедегі кеден органына көрсетілген мерзімде келуін қадағалап отыруға мүмеідік береді. Тауарларды ішкі кедендік транзит тәртібімен тасымалдауда  ішкі транзиттік құжат пен жүк құжаттарының барлық даналарына мөртаңба басылады, оны ішкі кедендік транзит тәртібімен тасымалдауды ресімдеген кеден органына қызметкері жеке нөмірлік мөрімен бекітеді.

 

1. Орман жүктерін тасымалдау технологиясы.

Сақтау әдістеріне және тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландырылу дәрежесіне қарай астық сақтайтын қоймалар екі топқа бөлінеді:

  • Жерде сақтау (үйінді түрінде еденде сақтау)
  • Элеваторлар (жүк үлкен сыйымдылықтарда сақталады).

Жерде сақтайтын механикаландырылған қоймалар

Астықты қоймаға құюда және жерде сақтайтын қоймадан босатуда оның жылжу сызбасын қарастырайық.

Көлік құралынан қабылдау шанағына құйылатын астықты ожаулы элеватор нория қабылдау-тазарту құрылғысына жеткізеді. Осыдан кейін астық ожаулы элеватор арқылы өзі сақталатын қойманы толтыру үшін жоғарғы тиеу конвейеріне беріледі.

Қоймадағы астық тесіктер немесе қореқтендіргіш арқылы төменгі тиеу конвейеріне беріледі. Ол бұл конвейерден норияға өтіп, одан әрі қабылдау-тзарту құрылғысына келеді, мұнда ол желдетіледі, салқындатылады, кептіріледі, өлшенеді және т.с.с. немесе көлік құралдарына, мысалы, жабық вагондарға тиеледі.

Жер астындағы орда орналасқан төменгі конвейер астықты жерде сақтау қоймасынан беріп тұруға арналған. Конвейер жұмыс мұнарасымен жалғасқан, қойманың бүйіріне орналасқан бұл мұнара автокөліктен астық қабылдап, оны теміржол вагондарына тиейді. Төменгі ордаға конвейер таспалы немесе қырғышты болуы мүмкін.

Астық тесіктері 300х200 мм және адымы 5 мм ысырмалар арқылы төменгі конвейерге келеді. Төменгі конвейер астықты вагондарға тиеу үшін мұнараға жеткізеді.

Механикаландырылған қоймалардың мұнаралары техникалық тұрғыдан алғанда мыналармен жабдықталған:

  • Екі ожауы бар элеватормен (нориямен), пайдалану өнімділігі Өпай= 100 т/сағ, сепаратормен;
  • Жүктемесі 10 тс екі таразымен;
  • Автомобиль көтергішпен, автомашинамен және тіркемемен;
  • Вагон түсіргіші бар таспалы жөнелту конвейерімен;
  • Өпай= 50 т/сағ кептіру агрегатымен.

Астықты жабық жерде үйіп сақтау қоймаларының екі түрі болады:

  • 1-түрі. Жоғарғы конвейерден келетін астық қоймаларға төгіледі. Люк тесігінен қақпағы жабылады, оның төменгі жағына тесіктер 300х200 мм, адымы 5 мм ысырмалар 3 орналасқан. Қойманың ені 24 м.
  • 2-түрі. Қойма дегеніміз ені 20 м, жартылай цилиндр пішінді темірбетон арқа болып табылады. Оған астық құю әдісі қойманың 1-түріндегідей.

Бірқатар жағдайда астық сақтау үшін қойманың шұғыл қажеттігі тууы мүмкін. Бұл кезде пнвмоүрлемелі қабықша түріндегі қойманы пайдалану тиімді болмақ. Мұндай қоймалардың артықшылықтары: аса жеңілдігі, жинақылығы, бүктелген күйінде жақсы тасымалданатыны, арнайы құралдардың көмегінсіз тез арада тұрғызылуы және жиналуы.

Астық науқаны қызу жүргізілетін кезде тұрақты механикаландырылған қоймалармен қатар, аса тиімді бола қоймаса да, жылжымалы механикаландырылған құралдары бар павильондық қоймалар пайдаланылады.

2. Орман жүктерін тасымалдау шарттары мен сипаттамасы.

Элеватордың сүрлемхана корпусын монолит немесе құрастырмалы және алдын ала нығайтылған темірбетоннан дайындайды. Сүрлемхана тікбұрышты немесе жұмыр пішінді болады, биіктігі 30 м.

Тікбұрышты сүрлемхананың ені 4 м, ұзындығы – 3 м, қабырғасының қалыңдығы – 250 мм. Дайындау элеваторларында әдетте шаршы қималары 3х3 және 4х4, биіктігі 30 м сүрлемханалар салады. Оларды қалыңдығы 250 мм көлемді блоктар мен плиталардан құрастырады. Жұмыр қималы сүрлемхананың диаметрі 6 м, қабырғасының қалыңдығы 200-250 мм. Қосарланған жұмыр үлгі сүрлемхананың сыйымдылығы 2х11=22 мың тс, 2х25=50 мың тс, 2х50=100 мың тс. Жұмыр сүрлемханалардың жұлдызша түрінде қосылуынан пайда болатын сыйымдылық та астық сақтауға пайдаланылады. Дайындау элеваторларының шартты белгілері: Л2х100, Л3х175. Л әрпі элеватордың линиялық (дайындау) элеватор екенін, одан кейінгі бірінші цифра нориялардың санын, екіншісі – нориялардың әрқайсысының сағаттық өнімділігін білдіреді.

Линиялық (дайындау) элеваторлардың тәуліктік орташа өңдеу қабілеті автокөліктен қабылдауда 1,5-5,0 мың т, вагондарға тиеуде – 1,5-2,5 мың тс, тазартуда – 1,5-5 мың тс және кептіруде – 175-200 тс.

Конвейердің өнімділігі элеватордың мұнарасында орналасқан нориялардың өнімділігіне байланысты.

Ылғал астықты өңдеу үшін қоймаларды кептіргіштермен және тез жеделдеткіш қондырғылармен жарақтандырады. Оларды қалаларда жасайды.

3. Орман жүктерін тиеу, түсіру және сақтау.

Шекаралық стансаларда кедендік бақылау аймағы – тауарлар мен көлік құралдарына арналған, сондай-ақ олармен кеден қызметкерлерінің бақылауымен жүк немесе өзге де операцияларды атқаратын арнаулы орын бөлінуі тиіс.

Шекаралық стансалардың жүк аудандарында, қоймалары мен алаңдарында міндетті түрде кедендік бақылаумен уақытша жүк сақтау қоймалары бөлініп, жабдықталуы тиіс. Уақытша жүк сақтау қоймасы мен оған іргелес аумақ кедендік бақылау болып табылады.

Жүк тапсырушы жүктерге алты дана етіп, өткізу ведомосын жасайды – үшеуі тапсырушы тарапқа, үшеуі- қабылдаушы тарапқа арналады. әрбір тарап өткізу ведомосының бір данасы өз жолындағы кеден органына береді, екіншісін – шекаралық стансаның өткізу кеңсесіне тапсырады, үшіншісін – жол басқармасына өткізеді.

Кеден органының лауазымды тұлғасы әкелінетін тауарлардың тасымалдау құжаттарын тексеріп, тіркейді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: тауарды шекарадан қайтару, тауарларды кедендік ресімдеуден өткізу, тежеу, құжаттарын тежеу немесе қосымша тексеру, тауарларды баратын жеріндегі кеден органына кедендік бақылаумен жөнелту.

4. Орман жүктерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрам түрлері.

Жүк тасымалдау көлемі  жүк жөнелтушінің жүк қағазында көрсеткен шекаралық стансалар бағытында қолданылатын тарифпен анықталатын ең қысқа қашықтық бойынша есептеледі. Егер басқа шекаралық стансалар арқылы жүк жөнелтуші көрсеткен жолдан гөрі едәуір қысқа жолмен тасымалданса, онда төлем осы шекаралық стансалар арқылы өтетін ең қысқа қашықтық үшін есептеледі.

Жүкті жөнелту және баратын елінің жолдарымен тасымалдау үшін төленетін кіре ақы мен айыппұл жергілікті валютвмен, ал транзиттік темір жолмен тасымалдау төлемдері мен айыппұл – мүдделі темір жолдың осы халықаралық тасымал үшін қолданатын транзиттік тариф валютасымен есептеледі.

 

1. Қауіпті жүктерді тасымалдау.

Жүктерді тасымалдауға қабылдауға дейін жөнелту стансасы бұл жүктерді халықаралық теміржолмен тасымалдауға рұқсатын, өтінімнің бар-жоқтығын, жүк жөнелтуші Келісімнің шарттарын орындайтын, тасымалдаушы жоя алмайтын кедергілердің жоқтығын тексеруі тиіс. Жүк шамадан артық тиелетін немесе шекаралық стансаларда вагондар жол табанының ені басқа доңғалақ жұптарына немесе жылжымалы доңғалақ жұптарын қолдану арқылы ауыстырып қойылатын жағдайда бұл мәселелерді тасымалдауға қатысатын барлық темір жолдардың келісімін алғаннан кейін ғана жөнелтілімдер қабылдануы тиіс.

Тікелей халықаралық қатынастарда тасымалдауға жіберілмейтін, сондай-ақ әр түрлі елдердің жодлары арасында алдын ала келісуді қажет ететін заттар мен жүктердің тізбесі Келісімде жарияланған.

Қауіпті жүктер қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің (Келісім үшін арнайы екі бөлік болып шығарылған) шарттары сақталғанда ғана тасымалдауға қабылданады. Жүктер темір жолдарға тиесілі емес контейнерлермен, табандықтармен, тасымалдау пакеттерімен тасымалданатын реттерде Келісімге қоса шығарылатын Қосымшаларда жарияланған тиісті ережелер қолданылады.

2. Қауіпті жүктердің түрлері.

Жүктер халықаралық қатынастарда тасымалдауға вагондық, ұсақ жөнелтілімдермен және ірі тоннажды контейнерлер жөнелтілімдерімен қабылданады.

Ірі тоннажды контейнерлермен тасымалдау үшін бір жүк қағазымен ұсынылатын жүк немесе бос күйдегі ірі тоннажды контейнер ірі тоннажды контейнер жөнелтілімі деп есептеледі.

Жүк жөнелтуші жүк қағазындағы «Жөнелтілім түрі» графасында тасымалдауға ұсынылатын жүктің қандай жөнелтілім түріне (вагондық, ұсақ немесе ірі тоннажды контейнер жөнелтілімі) жататынын көрсету міндетті. Массасы мен көлемі вагонның ең көп жүк көтерімділігі мен сыйымдылығынан аспайтын жүктер және олардытасымалдау үшін екі немесе одан көп вагондарды тіркестіру (тар табанды теміржол стансаларынан жөнелтуде және т.с.с.) қажет болатын жүктер тасымалдауға вагондық жөнелтілім ретінде бір жүк қағазымен қабылданады.

Тасымалдауға қатысатын барлық жолдардың келісімі болатын жағдайда жүк жөнелтушінің жазбаша өтінімі бойынша бір стансаға және бір қабылдаушының атына баратын бір текті жүкті (кен, көмір және т.с.с.) бір жүк қағазымен тасымалдауға рұқсат етіледі.

Жүктерді вагондық, ұсақ жөнелтілімдермен және ірі тоннажды контейнерлік жөнелтілімдермен қабылдап, жөнелту оларды жөнелтетін теміржолда қолданатын Ережелерге сәйкес жүргізіледі. Жүк жөнелтуші жүк орындарына өшпейтін айқын жазулар жазуы немесе жапсырма бекітуі әлде тақтайша ілуі тиіс, оларда жүк орындарының таңбалары (маркалары) мен нөмірлері, жөнелту стансасы мен жол атаулары, жүк жөнелтуші мен қабылдаушы, ұсақ жөнелтілімдер болса, орындарының саны көрсетіледі.

Ұсақ жөнелтілімдерде әрбір жүк орны таңбалануы тиіс, вагондық жөнелтілімдерде – вагон есігінің маңайына орналасатын жүктердің кемінде 10 жүк орны таңбаланады.

3. Жүкті қабылдау, тиеу, құжаттар толтыру.

Темір жол  көліктерімен  жүк  тасымалдау  келесі  қатынас  түрлерімен  жүзеге  асады: тұрғылықты- бір ғана  жол шегінде, тікелей- екі  немесе одан да  көп  көлік   (теңіз, өзен,  автомобиль және  әуе) түрлеінің  қатысуымен,  тікелей  аралас – тасымалдау  байланысы  бүкіл  жолға  жасалған  жүк  құрамының  біртұтас  тасымалдау  құжатымен  шығарылады.Темір жол  жарғысына  сәйкес  темір жол-сулы, темір  жол-автомобильді, темір жол-сулы-автомобильді  және  басқа  байланыстар  қарастырылған. Сонымен қатар  жүктер  тікелей  халықаралық  байланыста  тасымалдануы  мүмкін- бір  тасымалдау  құжатында  екі  не одан  көп  мемлекет  жолының  қатысуымен  және  тікелей  араласқан  халықаралық  темір  жол-сулы-бір  тасымалдау  құжатында  екі  не  одан  көп  мемлекеттің  қатысуымен  темір  жол  және  су  көлік  түрімен  жүзеге  асады.

Жүктің  санына  қарай  тапсырмада  көрсетілген  тасымалдаулар  орындалады: майда,  азсалмақты,  вагонды,  топты  және  бағдарлы  жіберулер.

Майда  жіберуге  салмағы  20кг-нан 5т-ға  дейінгі,  көлемі  төртайналымды  жабық  вагонға,  жарты  вагон  немесе  төртайналымды  платформаға  сыйымдылығы  1/3 көп  емес  жүктер  жатады. Ал бөлек  жағдайларды  жоспарлы  жүк жіберетіндер  мөлшері  есебінен  станция  бастығының  рұқсатымен  10т-ға  дейін  жіберіледі.Азсалмақты  жіберу-10т-дан  20т-ға  дейін  және  вагонның  жарты  бөлігіне  сиятын  көлемдегі  жүктер. Вагонды  жіберуге  бөлек  вагон  қажет. Топтық  жіберуге  бір  вагоннан  көбірек,  маршруттан  азырақ  жүк  партиясы  қажет. Ал  маршрутты  жіберуге  маршрут  бағдар  мөлшеріне  сәйкес келетін  вагондар  саны  қажет.

Жүкті  тез  жеткізу  қажеттігінен  жүкті  жүктік  үлкен   және  жолаушылық  жылдамдықпен  тасымалдайды; жүктік-кәдімгі  жүк  пойыздарымен  үлкен  жылдамдатылған   байланыс,  жол  министрлігімен  бекітілген  жүк  пойыздары,  жолаушылық- жүктегіш  жолаушылық  вагондар  немесе  почталы-багажды  пойыздармен. Жылдамдық  түрін  тасымалдау  құжатында  жіберуші  анықтайды.

Көліктің  түрін  қолдануына  байланысты  алғашқы  және  соңгы  тасымалдау  пунктерінде  тікелей  байланыста  9 жер  және  транспорт   түрлері  схемада  көрсетілген. 3,5,6,7,9  схемалары  жиі кездеседі.

Жүкті  жіберу  және  қабылдауда  автомобиль  көлігі  қатысатын  болса,  екі  аралық  тасымалдау  операциясын  орындау  қажеттілігі  туады. Егер  автомобиль  көлігі  тек  алғашқыда  ғана  емес  соңғы  тасымалдау  пунктінде    де  қолданылатын  болса, онда  жүктердің  төрт  қосымша  операциясын  жүгізу  қажет  болады.

Темір  жолдың  кіреберіс  жолдарын  қолдану аралық  жүк арту  операцияларының  қажеттілігін  туғызбайды. Көлік  процесі даярлау  цехтарымен  тұтынушыларға  қызмет  көрсетеді.

Тасымалдау  әдісі  мен  қорап  түрі  және  жүкті  орау  құрылымына  байланысты  келесі  түрлерге  бөлінеді;

Дана  түрдегі. Оларды  тасымалдауда  қолданып,  қабылдаушыға  орын  немесе  дана  санына  байланысты  жапсырмаға  жіберілгендей  жүк  орындарына  жіберіледі.

Қапталған   жүктер-  вагондарда  жіберіліп  нақты  орындары  көрсетілмейді. Жапсырмада  жүктің  салмағы  көрсетіледі(көмір, темір, қазбалар) ашық  қозғалмалы  құрамда  тасымалданады.

4. Жеке қауіпті жүктерді тасымалдаудың ерекше шарттары.

Жүкті  тез  жеткізу  қажеттігінен  жүкті  жүктік  үлкен   және  жолаушылық  жылдамдықпен  тасымалдайды; жүктік-кәдімгі  жүк  пойыздарымен  үлкен  жылдамдатылған   байланыс,  жол  министрлігімен  бекітілген  жүк  пойыздары,  жолаушылық- жүктегіш  жолаушылық  вагондар  немесе  почталы-багажды  пойыздармен. Жылдамдық  түрін  тасымалдау  құжатында  жіберуші  анықтайды.

Көліктің  түрін  қолдануына  байланысты  алғашқы  және  соңгы  тасымалдау  пунктерінде  тікелей  байланыста  9 жер  және  транспорт   түрлері  схемада  көрсетілген. 3,5,6,7,9  схемалары  жиі кездеседі.

Жүкті  жіберу  және  қабылдауда  автомобиль  көлігі  қатысатын  болса,  екі  аралық  тасымалдау  операциясын  орындау  қажеттілігі  туады. Егер  автомобиль  көлігі  тек  алғашқыда  ғана  емес  соңғы  тасымалдау  пунктінде    де  қолданылатын  болса, онда  жүктердің  төрт  қосымша  операциясын  жүгізу  қажет  болады.

5. Апат жағдайларын жою.

Тасымалдауға қатысатын барлық жолдардың келісімі болатын жағдайда жүк жөнелтушінің жазбаша өтінімі бойынша бір стансаға және бір қабылдаушының атына баратын бір текті жүкті (кен, көмір және т.с.с.) бір жүк қағазымен тасымалдауға рұқсат етіледі.

Жүктерді вагондық, ұсақ жөнелтілімдермен және ірі тоннажды контейнерлік жөнелтілімдермен қабылдап, жөнелту оларды жөнелтетін теміржолда қолданатын Ережелерге сәйкес жүргізіледі. Жүк жөнелтуші жүк орындарына өшпейтін айқын жазулар жазуы немесе жапсырма бекітуі әлде тақтайша ілуі тиіс, оларда жүк орындарының таңбалары (маркалары) мен нөмірлері, жөнелту стансасы мен жол атаулары, жүк жөнелтуші мен қабылдаушы, ұсақ жөнелтілімдер болса, орындарының саны көрсетіледі.

Ұсақ жөнелтілімдерде әрбір жүк орны таңбалануы тиіс, вагондық жөнелтілімдерде – вагон есігінің маңайына орналасатын жүктердің кемінде 10 жүк орны таңбаланады.

 

1. Тікелей аралас теміржол-су қатынасы.

Компанияның даму стратегиясымен анықталатын «Қазтеміртранс» АҚ -ның Ұлттық тасымалдаушы болуы алдында көптеген міндеттер тұр. Магистралді жүйе операторы арасында шектелген жұмыспен тасымалдау процесінің барлық технологиясын орындауда, тасымалдаушымен, локомотивті тарту және экспедиторлық компаниямен, сондай-ақ, «Қазтеміртранс» АҚ да өзара әрекет процесін кезеңдік орындау 2004 жылдың желтоқсанынан бастап алғашқы жоба аясында жеке алынған бағыттар бойынша жүк тасымалдауын орындауда.

Алғаш рет бірінші жоба екі бағыттарында: Жаман-Ащы – Жаңа ауыл және Сарықұм – Жаңа ауыл, құрастырылып енгізілді. 2006 жылы бағыттардың саны алтыға дейін өсті, бұрынғы бар бағыттарға Қаражал- Жаңа ауыл, Еңбекшілдер – Жаңа ауыл, Суық бұлақ – Жаңа ауыл және Майлин – Жаңа ауыл бағыттары қосылды. Өткен жылдың желтоқсанынан бері ауқымды ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Магистралді теміржол жүйесі және локомативті тарту қызметтерін сатып алу туралы келісім шарттар жасалды.

Контрейлерлік поезд құруда белгіленген станцияға дейін жол жүруде еш қайта құрусыз болатын тез бұзылатын жүгі бар және халықтық қолдану тауары бар автопоездар жіберіледі. Осылайынша контрейлерлік тасымалдар аралас тасымал сияқты көлік және теміржол танспортының өзара әрекетінің тиімді өнімі болып табылады.

Контрейлерлік тасымалдарды жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибе автотасымалына да, теміржол көлігіне де бұндай тасымалдардың тиімді екеніне дәлел бола алады. Контрейлерлік тасымалдардың барық тасымалдаушыға қатысатындар үшін төмендегідей тиімділіктері бар:
1. Көліктасымалдаушылар қозғалыс құрылымы айналымын тездете алады және тасымалға пайдаланатын шығын мөлшерін азайтады.
2. Контрейлерлік технология көмегімен теміржол көлігі өзіне қосымша тасымалдау көлемін тарта алады.
3. . Бұл платформаларға автопоездарды арту кезінде қымбат тұратын қайта артқыш орнату талап етілмейді. Арту (түсіру) автопоездар платформаларына, автокөліктерге, тартқыш және тіркемелер өз бетімен тиеу (түсіруді) өз бетінше кіру (шығумен) орындалатын болғандықтан пайдалану шығындары біршама төмен.
4. Көлік-экспедициалық компаниялар - жүк иелеріне көрсетілетін қызметті «есіктен есікке дейін» жүкті жеткізу мерзімін қысқарту есебінде жақсартып, тасымалдың жалпы құнын төмендетеді.
5. Мемлекет үшін қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды лақтыруды азайту есебінде, автокөліктің жағымсыз әсерін төмендетеді.
Үстіміздегі жылдың 12 маусымында алғаш рет Қазақстанда Өзбекістаннан 5 платформа көкөніс тиелген, Сары-Ағаш станциясынан Астана станциясына бағытталған контрейлерлік тасымал жүзеге асырылды. Жүк иелерінің көңілдерінен бұл істің шыққанын білдіретін пікірлер бұқаралық ақпарат құралдарында орын алды.

2. Өсудің қалпы мен болашағы.

Жұмыста үнемділікті арттыру және тәртіпке келтіру үшін «Қазтеміртранс» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Локомотив» АҚ-мен , сондай-ақ экспедиторлармен тасымалдау ұйымына келісім шарттар құрылымдық бөлімдердегі өзара әрекет белгіленген уақыт тәртібін жасап шығарды. Жүкті тиеу сәтінен бастап «Қазтеміртранс» АҚ тасымалдаушы ретінде вагон беруге тапсырыс, комерциялық қатынастағы жүкті қабылдау, тасымалданушы құжат ресімдеу, ТехПД-дан есептер сияқты бастапқы және соңғы операциялардағы жұмыстың бөлігін орындайды. Сонымен қатар, вагон қозғалысын бақылауы жолдардан өту локомотив-сағаттарымен қамтиды.
Сондай-ақ, қол қойылған тасымалдау келісім шарттары бойынша экспедиторлық компаниялармен және жүк аттандырушылармен жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі күні қосымша бағыттар жіберуге орай белсенді жұмыстар жүруде.
    «Қазтеміртранс» АҚ-ның тасымалдау міндетті қызметінің оындалуына байланысты өткізілген пилотты жоба сараптамасы жүкті жеткізуде бірталай уақыт ұтуымен, жолды өтуде тиелген вагондарды ажыратудың төмендеуімен және жүк тиеуде жүк аттандырушы тапсырыстардың 100% орындалуымен тиімділгін танытты.
Жүк иелері тарапынан күннен күнге өсіп келе жатқан талаптарды ескере, сондай-ақ жүк тасымалдаудың жаңа тиімді технологиясына өтуді жүзеге асыру үшін «Қазтеміртранс» АҚ контрейлерлі тасымалдауды ұйымдастыру үшін 13-4095 моделді ажыратусыз тартқышы бар жартылай тіркемелерсіз автопоездарға артуға арналған мамандандырылған плотформалар 50 бірлігін сатып алды.

3. Тасымалдау шарттары.

Жүк тасымлдауды ұйымдастыруда, сондай-ақ, теміржол саласының тоқтап қалусыз, үзіліссіз жұмыс істеуіне жүкті тасымалдауды жоспарлау негіз болады. Жүк тасымалдауды жоспарлаудың мақсаты: мүмкіндігінше аз шығынмен тасымалды көлік түрлеріне шығынды үнемдеу мақсатта бөлуде, жүк тасуда тепе-теңділікпен қамтамасыз етуде және жүк артудың ырғақтылығы, сонымен қатар, бар ресурстарды тиімді пайдлануда, техникалық мүмкіндіктерде, магистралды желі мүмкіндіктерінде, жүк жіберушінің сұранысын уақытында және толық қанағаттандыру болып табылады.
Заңдылық тұрғыда тасымалдауды жоспарлау айтарлықтай өзгертулерге ұшыраған жоқ. Тасымалдаудың жоспары жылдық жоспарлау, айлық жоспарлау және өтінім негізіндегі жүк жөнелту болып бөлінеді. Басты жоспарлау тасымал көлемін және теміржол саласы даму стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді. Жылдық жоспарлау есебімен халықаралық тасымалдың транзитті тарифін қолдану сұрақтары ыңғайланады. Сондай-ақ, республикалық, халықаралық қатынаста отандық жүк жөнелтушілерге тарифті төмендету мүмкіндігін туғызады. ҚР «Теміржол көлігі туралы» Заңына сәйкес, тасымалдар берілген тапсырыс негізіндегі келісім және жүк жіберуші мен тасымалдаушы арасында бекітілген жүкті тасымалдау туралы келісімге сай орындалады. Келісім шартпен тасымалдың мерзімі, көлемі, көлік құралымен қамтудағы талаптары мен тәртібі және жүкті тасымалға әкелу анықталады. Жоспарланған айлық тапсырыс бойынша жүк тасымалдау келісімнің бірі болып табылады. Жүкті тасымалдау тапсырысының түрі, оны ресімдеудің тәртібі, толтырылуы, орындалуы, есептеу мен енгізілген өзгерту жүк тасымалдау Ережесімен қарастырылады.

4. Тасымалдау құжаттарын толтыру.

Құрылымдау мақсаты есебінен, қолданыстағы заңнама негізінде тасымалдау үрдісіне қатысушылардың қарым қатынасы нарықтық бәсекелестік жағдайда жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру темір жол көлігі қызметі жүктерді тасымалдау жоспарын сапалы өзгертуді қарастырады. Жүктерді тасымалдауды жоспарлау тасымалдау үрдісімен тығыз байланысты және тасымалдаушының техникалық мүмкіндігін тиімді пайдалануға жол ашады. Жылжымалы құрамның барлық түрлерін үнемді қолдану, олардың сыйымдылығы, жүктерді бағыттармен тасымалдауды арттыру, қозғалмалы құрамның бос жүруін азайту, жүк түсіру мен жүк арту кезінде вагондардың тұрып қалу уақытын азайту. Теміржол көлігі саласында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырып жүрген тұлға болып «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес тасымалдау үрдісінің қатысушысы табылады.
Жүктерді тасымалдауды жоспарлауда тасымалдаушы, жүк жіберуші, жүк алушы, экспедитор тасымалдау үрдісінің қатысушылары болып табылады. «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес тасымалдаушы белгіленген мерзімде қабылдап алуды, ал жүк жіберуші тасымалдауға келісілген мерзімде жүк беруге мінеттеледі
Магистралді теміржол желімен жүк тасымалдау, орындалуға қабылданған (келісілген) жүк жөнелтушінің жүкті жөнелту тапсырысы негізінде жүзеге асырылады. Мәлімдеме жүкті тасымалдау жоспары бойынша жүк жіберушіге беріледі. Жүк тасымалдаудың айлық жоспарлануы жіберушімен берілген жоспарланатын айдан кем дегнеде республикалық және халықаралық қатынастағы 14 күн бұрын және халықаралық қатынастағы үшінші елдерге кем дегенде 20 күн бұрын тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша айлық мәлімдеме негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша мәлімдемелер жүк жіберушімен ГУ-12 формасындағы арнайы бланкілерінде ресімделген жүк номенклатурасы анықталған үш данада беріледі.
Өтінімнің әр данасына ұйым басшылығы қол қойып, ол қол қаржылық операцияларда қолданылатын мөрмен бекітіледі.Тасымал жоспары бойынша өтінімге енген мәліметтер және кодтардың дұрыстығына , жүкті шығаруда ұйым тұтынуы тасымалы көлемінің мәлімдемеге сайлығына, сонымен қатар, қозғалмалы құрам түріне, тасмалдың үнемділігіне жүк жіберуші жауап береді. Жүк тасымалдау жоспары бойынша, айлық өтінімнің бланк формасы, электронды есептеу машинларында берілген мәлімдемелердің автоматтандырылған өңдеуінің мүмкіндігін қарастырып, республикалық қатынастарда, халықаралық қатынастарда, үшінші елдің халықаралық қатынасында жүк жіберушілердің барлығы үшін бірдей болады. Жүк жіберушілер тасымалдаушыға әр жүк номенклатурасына, әр аттандырушы станцияға, жүк тасымалдау жоспары бойынша, үшінші елдің халықаралық қатынасында магистралді темір жол желі операторына жеке айлық өтінім береді: Тасымалды ұйымдастыру және жоспарланған айға тасымалдаушының техникалық мүмкіндіктері туралы, өтінім берілген тасымал көлемі келісім шартқа сай келгенде тасымалдаушы жүкті тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімді магистралді темір жол желі операторына береді.Магистральді темір жол желі операторы автоматтандырылған жүйе жүк тасымалдауды жоспарлау (алда АРМ МПП) тасымалдаушылар мен сұрыптаудан өткен құралдарымен, таныстырылған жүк жіберушілер негізінде, республикалық, халықаралық және үшінші елдің халықаралық қатынасында, жүк тасымалдау жоспары бойынша тасымалы ескерілген жүк тасымалы жинақталған айлық жоспары жобасын әзірлеуде.

 

1. Халықаралық қатынаста нормативті – құқықтық бақылау.

“Қазақстан темір жолы” Ұлттық ком­паниясы” – республика экономикасының кү­ретамыры – темір жол транспорты жұ­мы­сын одан әрі дамыту бағытында ауқым­ды іс-шараларды жүзеге асыруда. Ең негізгі ұстанымы – сенімділік  пен тиімділікке негізделген іргелі компанияның бүгінгі таңдағы басты мақсаты – ел әл-ауқатын, Қа­зақ­стан экономикасын өркендетуге сүбе­лі үлес қосу. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жүк және жолау­шы тасымалында, өзге де мәселелерде тиім­ділік пен нәтижелікке қол жеткізілуде. Ұлт­тық компанияның республика аймағындағы темір жолдарды бүгінгі заманның жоғары талаптарына, болашақ бағдарламаларға орай одан әрі қуаттандыруға арналған өте күрделі, мол қаржыны қажет ететін бірқатар жобала­рының өз шешімін табуы құптарлық жәйт.

Ұлттық компания мамандарының айтуынша, Қазақстан темір жолы қуатының ауқымдылығына көз жеткізу қиын емес. Өйт­кені, оған нақты әрі салмақты деректер жеткілікті: темір жол көлігінің үлесіне еліміздегі барлық жүк айналымының – 68 пайызы, жолаушылар айналымының – 57 пайызынан астамының тиюі соның айқын айғағы. Республикадағы 14 мың шақырым­нан астам жолдың 5 мыңы – қосжолды, ал 4 мыңға жуығы – электрлендірілген. Ырғақты түрде дамып отырған салада өнді­рістік, қаржылық және техникалық көрсет­кіштердің жоғары деңгейге көтерілуінің сыры сала жетекшілері мен мамандардың істі ұтымды ұйымдастыра білуінде болса керек. Ұлттық компания дәйектілікпен іске асырып отырған маңызды мәселелердің арасында республиканың транзиттік-көлік­тік қуатын ұлғайту да бар. Компанияның еліміздің көліктік рыногында ең ірі және өркендеп өсіп отырған секторға айналуы құптарлық жәйт.

2. Халықаралық теміржол қатынастарында келісім жасау.

Теміржолда жүк тасымалдау мемлекеттік тасымалдау жоспары арқылы жүзеге асырылады. Жоспарланған жүк ағындарының мөлшері мен бағыты өндіріс және тұтыну аудандарының географиялық орналасуына, осы аудандардағы өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерінің көліктік-экономикалық баланстарына және аудан аралық алмастырылуына байланысты болады. Көліктік-экономикалық баланстар әр ауданның әр түрлі өнімдер қорын және оның мұқтаждығын қанша мөлшерде алып келуге және алып кетуге тиіс екендігін көрсетеді.

Тасымалдау жоспары теміржол көлігі жұмыс жоспарының басқа бөлімдерін (пайдалану, құрылыс, жөндеу жұмыстары, қаржы мәселелері, т.б.) және теміржол тораптарының пайдалану жұиымтарының техникалық нормаларын жасауға негіз болады. Мысалы: тасымалдау жоспарының көрсеткіштері бойынша вагондар мен локомотивтердің жүру нормасын, олардың қажетті мөлшерін, теміржолдың бос вагондарды тапсыру тапсырмасын, т.б. белгілеуге болады.

Тасымалдау жоспарында көрсетілген жүк тасымалдау көлемінен теміржолда қаншама жанармай мен материалдар қоры, жұмысшылар контингенті, еңбекақы қоры болу керектігін білуге болады және пайдалану шығындары жоспары, еңбек өнімділігі, тасымалдаудың өзіндік құны осыған байланысты.

Жылдық жоспарда есептелетік көрсеткіштер: жүк айналымы, тәуліктік жүк тиеудің көлемі (вагон есебінде), пойыздың орташа салмағы, вагонға тиелетін жүктің статикалық салмағы, жүк тасымалдаудың орташа алыстығы, т.б. белгіленеді.

Тасымалдаудың айлық жоспарында жүк тиеу мен жөнелтудің мөлшері (тонна және вагон санымен) теміржол тарамдары бойынша анықталады. Осындай жоспарлар әр теміржол бөлімшесі, станса және жүк жөнелтетін кәсіпорын бойынша жасалады.

Шұғыл жоспарда да жылдық жоспардағыдай тиісті көрсеткіштер есептеледі. Аралас теміржол – су немесе теміржол – автомобиль тікелей қатынастарында жүктерді тасымалдау барлық жүру жолдарында бірыңғай көлік құжаты бойынша жүк жөнелтушінің жалпы тасымалдау жоспарының есебінен іске асырылады.

Халықаралық қатынастардағы жүк тасымалдау халықаралық теміржол қатынастарының келісімдері негізінде іске асырылады.

3. Жүктерді халықаралық қатынаста тасымал дауды ұйымдастыру және орындау.

Теміржол көлігінде перспективтік, бір жылдық және шұғыл (айлық және тоқсандық) тасымалдау жоспарлары жасалады. Олар өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін шығару және тұтыну, сондай-ақ құрылыс жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы жүк айналымдары жоспарының негізінде жасалынады.

Тасымалдау жоспарын жасағанда еліміздің тасымалдауға мұқтажын барынша және уақытылы қанағаттандыру, халық шаруашылығында тиімді экономикалық және көлік байланысын жасау, көліктің әртүрлі арасында тасымалдау жұмыстарын экономикалық тұрғыдан дұрыс бөлу арқылы көлік шығынының азайту мақсаты қойылады. Бұл үшін вагондардың, кемелердің, автомобильдердің жүк көтеру күші мен сиымдылығын барынша пайдалану; олардың зая жүруін азайту; тасымалдау жұмыстары көлемінің жыл бойында өзгеруін, халықшаруашылығының науқан кезіндегі мұқтажын ескере отырып, мейлінше қысқарту мәселелері жоспарланады.

Тасымалдаудағы жоспарлау жүйесі теміржол, теңіз, өзен, автомобиль және әуе көліктерінде бірдей болады және оларды жасау мерзімі, жолы, бекіту, орталықта және жергілікті жерде жоспарлау, шаруашылық және басқа мекемелерде келісу мәселелері бір уақытта болады.

Көліктің техникалық құралдарды тімді пайдалану және көлік шығындарын азайту үшін тасымалдауды жоспарлау жүк ағындарының бірыңғай бағыты сызба бойынша жүзеге асырылады. Жүк ағындарының бірыңғай бағыттары деп өнім шығаратын өндіріс аудандарын өнімді тұтынушы аудандарға бекітуді айтады.

Жоспарлау кезінде біркелкі жүкті қарама-қарсы бағытта тасымалдауға, жүк ағынының бірыңғай бағыттары сызбасында көрсетілген аймақтардан алысқа тасымалдауға, су, автомобиль, құбыр көлігімен апару тиімді жерге теміржолмен тасымалдауға мүмкіндік берілмейді. Тасымалдаудың ең қолайлы жоспарын жасау үшін математикалық әдістер мен электронды есептеу машиналары кеңінен қолданылады.

4. Қайта тиеу және қайта тиемеу қатынасы.

Магистралді теміржол желімен жүк тасымалдау, орындалуға қабылданған (келісілген) жүк жөнелтушінің жүкті жөнелту тапсырысы негізінде жүзеге асырылады. Мәлімдеме жүкті тасымалдау жоспары бойынша жүк жіберушіге беріледі. Жүк тасымалдаудың айлық жоспарлануы жіберушімен берілген жоспарланатын айдан кем дегнеде республикалық және халықаралық қатынастағы 14 күн бұрын және халықаралық қатынастағы үшінші елдерге кем дегенде 20 күн бұрын тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша айлық мәлімдеме негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша мәлімдемелер жүк жіберушімен ГУ-12 формасындағы арнайы бланкілерінде ресімделген жүк номенклатурасы анықталған үш данада беріледі.
Өтінімнің әр данасына ұйым басшылығы қол қойып, ол қол қаржылық операцияларда қолданылатын мөрмен бекітіледі.Тасымал жоспары бойынша өтінімге енген мәліметтер және кодтардың дұрыстығына , жүкті шығаруда ұйым тұтынуы тасымалы көлемінің мәлімдемеге сайлығына, сонымен қатар, қозғалмалы құрам түріне, тасмалдың үнемділігіне жүк жіберуші жауап береді. Жүк тасымалдау жоспары бойынша, айлық өтінімнің бланк формасы, электронды есептеу машинларында берілген мәлімдемелердің автоматтандырылған өңдеуінің мүмкіндігін қарастырып, республикалық қатынастарда, халықаралық қатынастарда, үшінші елдің халықаралық қатынасында жүк жіберушілердің барлығы үшін бірдей болады. Жүк жіберушілер тасымалдаушыға әр жүк номенклатурасына, әр аттандырушы станцияға, жүк тасымалдау жоспары бойынша, үшінші елдің халықаралық қатынасында магистралді темір жол желі операторына жеке айлық өтінім береді: Тасымалды ұйымдастыру және жоспарланған айға тасымалдаушының техникалық мүмкіндіктері туралы, өтінім берілген тасымал көлемі келісім шартқа сай келгенде тасымалдаушы жүкті тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімді магистралді темір жол желі операторына береді.Магистральді темір жол желі операторы автоматтандырылған жүйе жүк тасымалдауды жоспарлау (алда АРМ МПП) тасымалдаушылар мен сұрыптаудан өткен құралдарымен, таныстырылған жүк жіберушілер негізінде, республикалық, халықаралық және үшінші елдің халықаралық қатынасында, жүк тасымалдау жоспары бойынша тасымалы ескерілген жүк тасымалы жинақталған айлық жоспары жобасын әзірлеуде.

5. Вагондарды бірге пайдалану және ауыстырма парктер.

Жүк вагоны айналымы санына байланысты жүк алқымы мен жүктердің белгілі бір түрлеріне тасымалдау қабілеттеріне байланысты ажыратылады. Негізінде жүкті парк  төрт өсті вагондардан тұрады. Тасымалданатын жүк вагондарының түрлеріне орай ол жабық, изотермиялық және арнаулы  тағайындалуына байланысты ажыратылады.

Жабық вагондар қымбат бағалы жүктерді тасымалдауда қолданылады, себебі оларды атмосфералық әсерлерден қорғау қажеттілігі туындайды. Ол  вагондарда астық, қораптағы және даналы жүктер және т.б. тасымалданады. Жабық металдардан тұратын вагондардағы қапталды кузов қабырғасы люкпен жапсырылған. Ал металды шатыры төрт автоматты жабылатын тығыны бар тиелеуші люктен жасалған. Металды кузов есігі төменгі жақтағы люкпен жапсырылған, есіктің ашылғандағы қысымының азаюына септігін тигізеді. Есіктің тығыздалуы резиналы салынуы арнаулы қапталды тік кузов пен арнаулы есік жолындағы фазамен алмастыру арқылы жүзеге асады. Тығыздалған есігі бар вагондарда астық тасымалдау үшін есік айналысына астық сауытын орнатады.

Жартылай вагондар жүк тасымалдағыш вагонды парктің ауқымды көп қолданылатын бөлігін құрайды. Жартылай вагоннның шатыры болмайды. Люктер арнаулы қақпақтармен жабылады. Жартылай вагондар сусымалы және қапталған жүктерді тасымалдауға  арналған, олар атмосфералық әсерлерден қорғауды қажет етпейтін, қазбалар, орман, көмір, металл және автомашина, ауылшаруашылық техникасына қажетті заттар. Бұл вагон типі механикалық тиеу мен артуды жүзеге асыруда кең қолданылады. Осындай массалық жүктерді қазба, тасты көмір, орман және т.б. заттарды тасымалдау маршруттар арқылы іске асады. Ауыр массалы жүктерді маршруттармен тасымалдауға әртүрлі бағытта үлкен жүкті сегіз өсті жартылай вагон (үлкен жүктеме 1м жолға) қажет.

Платформалар  ұзын жүктерді (рельс, орман материалдары) контейнерлерді және де автомобильдер мен әртүрлі ауылшаруашылық машиналарын тасымалдауға арналған вагондарды айтуға болады.

Цистерналар массалы сұйық заттарды, мұнай өнімдерін тасымалдайды. Тасымалданатын  мұнай өнімінің түріне қарай цистерналар түрлі приборлармен жоғарғы және төменгі жақ құйылыстарында жабдықталған. Цистернадағы кузов пішіні цилиндр формалы жоғарғы жақта тығыны бар қазанға ұқсайды. Бензин тасымалдайтын цистерна қазанында сақтандырғыш тығыздар орналасады. Бензин мен жарық, ашық мұнай өнімдерін тасымалдауда жүк еңістілігі 62т, цистерналар әмбебап құйғыш приборлармен жабдықталған цистерналар қолданылады.

Жүк вагондар паркінде арнаулы тағайындалған вагондар, яғни әртүрлі белгілі бір массалық жүк түріне қарай арналған вагондар үлкен сұранысқа ие. Оларға хоппер- дозатор, думпкар – вагондары жатады. Төртөсті хоппер дозатор ұсақ тас секілді заттарды тасымалдауға қолданылады және жол жұмыстар өндірісінде қолайлы болып келеді. Қапталған жеңіл өнеркәсіп  бұйымдарын тасымалдауда думпкарвагондары қолданылады. Олар  пневманикалық жабдықталған, жүкті түсірген кездегі кузов еңістігіне қолайлы етіп жасалған.

Изотермиялық вагондар тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауда қолданылады. Осы мақсатта вагондар мұздатқыш машиналармен яғни рефрижератормен жабдықталған. Поездарға электр күші бар, мұздатқышпен жабдықталған вагондар кіреді, үлкен сұранысқа ие болған автономды  рефрижераторлы вагондар индивидуалды салқындатқыш және электрлік жылытқыш машинасы бар вагондар көп кеңейтілген. Изотермиялық вагондардың мұз салғыш салқындатқыш түрлері бар, олар – мұзды – вагондар деп аталады, және арнайы тірі балық, вино және басқа өнімдері тасымалдауға арналған түрлері кездеседі.

6. Қайта тиеу құжаттары, тарифтер.

2006 жылдың бірінші жарты жылдығында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау бойынша қызметтердің тарифтері 10,8 % -ға өсті

Жүк тарифтерінің негізгі өсуі темір жол көлігі қызметтеріне тіркелді. Ағымдағы жылдың басынан бергі кезең ішінде темір жолмен жүк тасымалдау 19,3% -ға, республикадан тыс жерлерге – 17,7% -ға, республикада - 22% -ға қымбаттады. Автожол көлігі қызметтері тарифтерінің өсімі 3,5% , ішкі республикалық қатыснастарда және ТМД елдері бойынша – 5,4-5,5% , қала бойынша - 4,4% , алыс шетелдерге – 0,8% құрады. Өзен көлігімен жүк жеткізу тарифтері 1,6% -ға өсті, авиациялық жүк жеткізу тарифтері - өзгермеді, ал құбырмен айдау тарифтері- 1% -ға, мұнай айдау тарифтері – 1,6% -ға төмендеді.

Ағымдағы жылдың маусымында 2005 жылдың желтоқсанына қатысты байланыс қызметтері 0,8% -ға, ұлттық почта қызметтері – 83,9% -ға қымбаттады, электр байланысы қызметтері – 0,6% -ға арзандады. Тарифтердің өсуі ТМД елдеріне және алыс шетелдерге хат жеткізуде – 1,9-2 есе, республика ішінде посылкалар жеткізуде – 2,9 есе байқалды, ал халықаралық телефон байланысы қызметтері 0,2% -ға, «Интернет» желісіне қосу – 1,9% -ға арзандады.

 

 

1. Тасымалдау кезіндегі теміржол мен жүк жөнелтушілердің  жауапкершілікгі .

 

Жүк жұмыстарының концентрациясы үшін тиімді жағдайлар, қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының желісінің кеңеюімен, жалпы пайдаланудағы елдің күшті автокөліктік  шаруашылықтарды ұйымдастырумен, темір жолдардан шалғай орналасқан экономикалық аймақтарға қызмет көрсететін.

Жүк жұмыстарының концентрациясы мәселесінің 2 мақсаты бар:

– аз қызмет көрсететін станцияларды жабудың дұрыстығын анықтау

– тірек станцияларын құру және олардың арасындағы жүк жұмыстарын бөлістіру.

Екінші мақсат негізінде, болашақтағы жоспарда жергілікті жүк ағындарын басқарумен және сәйкес тірек станцияларына жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар кәсіпорындары мен мекемелерін дұрыс тіркеумен байланысты.

Жүк жұмыстары станциялардың аз санына шоғырланғанда тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялауға және автоматтауға тиімді жағдайлар және жұмыс ресурстарына деген мұқтаждық пен бөлімшедегі жергілікті жұмыстың көлемі азаятыны анықталған.

Автомобиль көлігімен тасымалдаудың өзіндік құнында жанармайға, майлау материалдарына, техникалық қызмет көрсетуге және амортизацияға, оның жолдың бөлігін айнымалы шығындардың 10% - дық көлемді қабылдайды, шығындарды және барлық нормалармен белгіленген автомобильдердің жүргізушілерінің жол ақысына шығындарды ескереді.

2. Сақталмаған тасымалдау түрлері.

Тасымалданатын жүктің сақталуы едәуір дәрежеде оны қабылдау және тапсыру, жол жүрісінде тасымалдау операцияларының орындалу сапасына байланысты болады.

Барлық жүк стансаларында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жүктерді қабылдау, тиеу түсіру ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ететін технологиялық операцияларды орындау тәртібі қабылданды.

4. Актің жалпы түрі.

Жалпы үлгідегі (ГУ-23) актілер де теміржол тасымалына қатысушылардың жауаптылығы үшін негіз болады. Белгілі бір жағдайда ғана жасалатын және тізбесі түпкілікті болып табылатын коммерциялық актілерге қарағанда, жалпы үлгідегі актілер жүктің саны мен сапасының өзгеруіне қатысы жоқ және коммерциялық акт жасауды қажет етпейтін мән жайды куәландырады.

5. Коммерциялық акты.

Коммерциялы акту (ГУ-22) көлік қызметін пайдаланатын тасымалдаушы, жүк жөнелтушілер, жүк қабылдаушылар мен өзге де ұйымдар үшін, теміржолмен жүк тасымалдайтын жолаушылар үшін негіз болатын мән жайларды куәландыратын құжат болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. «Управление грузовой и коммерческой работой на железнодорожном траспорте». Учебник для ВУЗов. А.А. Смехов, В.В. Повороженко, А.Т. Дерибас и др.; Под ред. А.А. Смехова. 1990г.

2. «Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері». Оқулық. І бөлім. С.Е. Бекжанова, З.С. Бекжанов, З.К. Битлеуова. Алматы 2006.

3. Гражданский кодекс РК. Алматы, Юрист, 2004.

1.                Закон РК №266-11 «О железнодорожном транспорте» от 8.12.2001.

2.                Временный устав железных дорог РК. Постановление правительства РК № 70 от 19.01.96г, Алматы, 1996.

6. Служебная инструкция к Соглашению о международном железнодорожном грузовом сообщении. Официальное издание. М, 1998.

7. Правила перевозок грузов. Алматы, Медиа-Транспорт,2005.

 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 16:36:30     Қаралды-39943

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »