UF

Тақырыбы: «МҰНАЙ ӨНДЕУШІ ЖӘНЕ МҰНАЙ ХИМИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ»

 

1. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық өнеркәсібіндегі өндірісті ұйымдастыру негіздері

 

Өндірісті ұйымдастыру – бұл, бір жағынан жүйенің құрылымы мен мазмұнының, оның заңды тұлға ретіндегі формасының, екінші жағынан – бәсекеге қабілетті тауар шығаруға бағытталған жүйенің іс-әрекетінің біртұтастығы.

Ұйым ұсақ болған сайын (құрылым түрінде), оның бөлімшелерінің мамандануы соғұрлым төмен, персонал әмбебаптылығы – жоғарырақ бола түседі ірі ұйымдар үшін, керісінше, менеджмент және маркетингтің функционалдық түрлерін бөліп алған жөн. Төменде бірқатар жоғары оқу орындарында экономист-менеджерлер мен инженерлерге оқылатын менеджменттің негізгі курстарының үлкейтілген өзара байланысы келтірілген.

Басқару жайлы ғылыми әдебиетте аталғандай (менеджментте), басқару және ұйымдастыру теориясының қазіргі заманғы «Классикалық» мектебінің негізі қалануы. 1902 ж. «Кәсіпорынды басқару», 1911 ж. – «Ғылыми басқару қағидалары» кітаптары жарық көрген Фредерик У. Тейлор есімімен тығыз байланысты. Тейлор концепциясына сәйкес, адамның өндірістік іс-әрекеттің, өндірістік жүйелердің формальдық құрылымын жан-жақты зерттеу, өндірісті тереңінен мамандандыру және еңбекті мөлшерлеу т.б негізінде жалпылама басқару қағидаларын тұжырымдау қажет. Тейлор концепциясы басқаруды ұтымды ұйымдастыруға инженерлік тұрғыдан қарауға негізделген. Ол келесі компаненттерден тұрады:

  1. Өндіріс функцияларын басқарушы және орындаушы етіп бөлу;
  2. Өндірістік үрдістерді тереңінен бөлістіру және жұмысшыларды тар көлемде мамандандыру;
  3. хронометраждық бақылаулар мен жұмыс күнін суретке түсіруді көптеп жүргізу негізінде өндірістік үрдістегі әрбір операцияның орындалу уақытын ғылыми негізделген тұрғыдын мөлшерлеу;
  4. еңбек үрдістерін орындаудың ең ұтымды әдіс-тәсілдерін іріктеп алу;
  5. келісімді еңбекақы жүйесін енгізу.

Тейлордың еңбекті ұйымдастыру жүйесі бүкіл әлемде кеңінен тарады. Оның ізбасарлары көптеп пайда болды. Олардың ішінде ең көрнектісі – француз тау-кен өндіру және металлургия концернінің бас меңгерушісі Анри Файоль еді. 1916ж. Файоль Францияда шығарған «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» атты кітабында бес жалпы функциялар бойынша басқару қажеттілігі негізделіп берілген:

  • 1) жоспарлау; 2) ұйымдастыру; 3) бұйрық шығару; 4) үйлестіру; 5) бақылау.

Файоль тұжырымдаған, әрі іс жүзінде қолданған 14 қағида бар: еңбекті бөлістіру, өкілеттік және жауапкершілік, тәртіп, бір басшыға бағыну, бірыңғай әрекет ету, жеке мүддені ұжымдық мүддеге жеңдіру, персоналға сыйақы белгілеу, орталықтандыру, скаляр тізбек (иерархия деңгейлері бойынша бұйрықтардың үздіксіз тізбегі), тәртіп-реттілік, әділдік, персонал тұрақтылығы, бастамашылық, ұжымдық рух.

Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру жүйесінің жалғастырушысы ретінде Харингтон Эмерсон 1912ж. «Тиімділіктің он екі тәсілі» кітабын шығарды. Бұл қағидаларға тек көрнекі идеалдар саны ғана кіреді; ақыл-ес, эксперттік кеңес, тәртіп, істі адал жүргізу, тікелей, дәлме-дәл әрі ұдайы есеп жүргізу, диспетчерлеу, стандарттар мен кестелер, стандартты жағдай, операцияларды стандарттау, нормативтік және тәжірибелік нұсқаулықтар, тиімді атқарылғанеңбек үшін сыйақы тағайындау.

1933ж. Американдық әлеуметтанушы Элтон Мэйонның «Өнеркәсіптік өркениеттің адами мәселелері» атты кітабы жарыққа шығуы «Адамдық қатынастар» мектебінің іргетасын қалады. Осы мектептің зерттеушілері басты орынға еңбек ұжымындағы қолайлы психологиялық хал-ахуал туғызу, еңбек өнімділігінің артуына септігін тигізетін қолайлы жағдай жасауды қойды. Адамдық қатынастар мектебі өкілдерінің бірі Р. Уотермен айтқандай: «Адамдар» өндіріс факторы» болып саналатын уақытта бастан өткен...». Оларды басқару машина немесе капиталды басқарудан ерекшелігі жоқ еді. Енді олай емес ... Ұйым тұлғаның еңсесін көтертпейтін болса, ол өзінің өзгеру қабілетін жоғалтып алады. Ал ұйым тұлғаның өзін көрсетуіне ынталандырар болса, онда оның жаңарлауы өте қиын. Индивидтер – компанияның жалғыз жаңару көзі».

Мэйо және оның әріптестері жүргізген эксперимент нәтижені сәйкес, адамдардың бірлескен өндірістік іс-әрекеттеріне бейресми байланыстары айтарлықтай ықпал етеді. Топ ішіндегі әріптестік факторының маңызы зор. Өндірістік үрдіс ішіндегі бейресми қатынастар менеджердің бұйрығына байкот жариялайтын немесе оны жүзеге асыруға барынша атсалысатын орасан ұйымдасқан күш ретінде мойындалады. Сондықтан да бейресми қатынастарды жүзеге жібермей, оны жұмысшылар мен басшылық бірлесе отырып басқаруы дұрыс. Бұл ретте басшы екі басты қызметті атқарады – экономикалық және әлеуметтік.

 

2.  Мұнай өндеуші және мұнай химиялық кәсіпорының жалпы және өндірістік құрылымы 

 

1. Өндіріс - бұл қоғамның өмір сүруі мен  дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:

- мақсатқа сәйкес жұмыс немесе еңбектің өзі;

- еңбек заты, яғни адамның тиімді іс-әрекетіне бағытталған нәрсенің барлығы;

- адам еңбек заттарын өңдеп, оларды өз қажетін қанағат- тандыруға бейімдейтін еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, құралдар)

Материалдық өндіріс өнімі – табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен түзілетін материалдық игілік.

Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады.  Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі.   Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу  мақсатында құрылады.

Ұтымды өндірістік құрылымды құру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

  • кәсіпорын цехтарының құрамы, қуаты берілген өнім көлемін дайындауды қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленеді;
  • әрбір цех және қойма үшін аудан көлемі есептеліп, олардың кәсіпорынның бас жоспарында кеңістіктік бойынша орналасуы анықталады;
  • кәсіпорын ішіндегі барлық көліктік байланыстары, олардың жалпы мемлекеттік (кәсіпорыннан тыс) жолдарман өзара қатынасы жоспарланады;
  • өндірістік үдеріс барысында еңбек заттарының цехаралық қозғалысының ең қысқа маршруттары белгіленеді.

Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда негізгі өнім (кәсіпорын шығаратын), жабдықтаушы өнімдер (сырттан әкелінетін),  материалдар мен жартылай фабрикаттар, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау- тексерулерден, сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі энергияны пайдаланады.

Жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын үй-коммуналдық бөлімдер, олардың қызметтері, фабрика-асхана, буфеттер, бала-бақша (ясли), санаторий, пансионаттар, демалыс үйлері, профилакторий, медициналық санитарлық бөлімшелер, еркін спорттық қоғамдар, техникалық оқыту бөлімдері және жұмыскер, инженер-техникалық қызметкерлер, қызметкерлердің біліктілігін, мәдени деңгейін жоғарылатумен шұғылданатын оқу орындары кіреді.

Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех саналады (цехсыз басқару құрылымды кәсіпорындарынан бөлек).

Цех - жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін (өндіріс кезеңін) орындайтын, әкімшілік қатынастағы жеке буын.

Цехтар толық құқылы бөлімше болып табылады, олар өз қызметін шаруашылық есеп қағидалары негізінде жүзеге асырады.

Цехтар, әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.

Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы болып бөлінеді.

Дайындау цехына құйма, ұсталық - штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады;

Өңдеу цехына – механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу, гальваникалық, бояулау және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына - өнімді агрегаттық және соңғы жинау, бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.

Көмекші цехтар негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді, оларға сайман жасайтын, стандартсыз жабдықтар, модельдік, жөндеу, энергетикалық, көліктік цехтар жатады.

Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.

Қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді, оларға жататындар - метал қалдықтарын, құйма және үгінділерді пайдаланып, қажетті өнім шығаратын цехтар.

Аталғандардан бөлек әрбір зауытта өнеркәсіптік емес шаруашылықтарға қызметін көрсететін (коммуналдық, мәдени-тұрмыстық, тұрғын үй және т.б.) бөлімдері мен өндірістік цехтары бар.

Барлық зауыттардың құрылымдарында қойма шаруашылығы, санитарлы- техникалық құрылғылар мен қатынасу жүйелері (электр желілері, газ және ауа өткізіштер, жылу беру, желдету, рельсті және рельссіз көлік жолдарын көріктендіру) белгілі бір орынды иемденеді.

Бірлестіктің (кәсіпорынның)  өндірістік құрылымында конструкторлық, технологиялық бөлімшелер, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар маңызды рөлге ие. Онда сызулар, технологиялық үдерістер құрастырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі, өнім конструкцияларын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар   талаптарына толығымен сәйкестендіреді, зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар орындалады. Бұл бөлімшелерде ғылымның өндіріспен бірігуі айқын көрініс табады.

2. Өнеркәсіптік мекемеде өндірістік құрылымның үш түрі белгілі: заттық, технологиялық және аралас (заттық - технологиялық).

Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, телімдері олардың әрқайсысы белгілі бір өнімнің бір бөлігін (агрегатын, бөлшегін) немесе белгілі бір топтағы бөлшектер дайындау нысанына сәйкес құрылады. Заттық құрылым, негізінен ірі сериялы және жаппай өндірісті механикалық құрастыру және құрастырма цехтарында қолданылады. Автомобиль зауытында қозғалтқыш, шасси, беріліс қорабын, шанақты жасау цехтары; станокжасау зауытында -  станина, шпиндель, біліктер, корпустық бөлшек дайындау цехтары; аяқ киім фабрикасында арнайы аяқ киім және т.б. цехтары заттық құрылымға мысал бола алады.

Заттық құрылымның үлкен артықшылықтары бар. Ол цехтар арасында өндірістік байланыс түрлерін шектейді және жеңілдете түседі, бөлшектердің қозғалу жолдарын азайтады, цехаралық және цех көлігіне кететін шығындарды азайтады, өндірістік цикл ұзақтығын қысқартады, жұмыс сапасы үшін қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. Цехтардың заттық құрылымдары жабдықтарды техно- логиялық үдерістің жүру барысында орналастыруға, өнімділігі жоғары станоктар, құралдар, штамптар мен жабықтарды қолдануға мүмкіндік береді. Осының барлығы, заттық құрылым өнім шығару көлемін, еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізеді.

Технологиялық құрылым айқын технологиялық даралануды анықтайды. Мысалы, құйма, ұста-штамптау, механикалық, құрастыру цехтарының болуы. Өндірістік құрылымның бұл түрі цехты басқаруды жеңілдетіп, адамдарды орналастыруда епті әдіс табуға мүмкіндік береді, өндірістің бір өнім түрінен екінші түріне ауысуға жеңілдік жасайды. Кемшіліктері: өнім қозғалысында қарсы маршруттың туындауы, цехтардың өндірістік өзара байланысының шиеленісуі, құрал-жабдықтарды басқа технология бойынша қайта құруға көп  уақыт кетендігі, жоғары өнімді арнайы станоктарды, құралдарды қолдану мүмкіндігінің шектеулігі. Олардың барлығы еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнының  төмендеуіне кері әсер етеді.

Аралас (заттық - технологиялық) құрылым бір зауыттың ішінде заттық және технологиялық қағидаға сай ұйымдасқан негізгі цехтардың болуымен сипатталады. Мысалы, жаппай өндіру  кәсіпорындарында дайындау цехтары (құйма, ұсталық, пресстік), әдетте, технологиялық қағида бойынша ұйымдасқан, ал механикалық- құрастыру цехтары – заттық қағидаға сәйкес. Бұл түрдегі кәсіпорындар машина жасау, жеңіл өнеркәсіп (аяқ киім, тігін, жиhаздық) және бірқатар басқа да салаларда кеңінен пайдаланылады.

Өндірісті бұл түрде құрудың артықшылықтары келесілер: цехішілік тасымалдар көлемін азайту, өнім жасауға кеткен өндірістік циклдың ұзақтығын қысқарту, еңбек жағдайларын жақсарту, құрал-жабдықты пайдаланудың неғұрлым жоғары деңгейі, еңбек өнімділігінің өсуі, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі.

3. Өндірісті ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның ұйымдастырушылық және техникалық деңгей ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру түріне бірқатар факторлар ықпал етеді: мамандану деңгейі, өндіріс ауқымы, дайындау көлемі мен қайталануына  байланысты өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі мен тұрақтылығы. Өндірістің үш негізгі түрін ажыратуға болады: жеке-дара (жекеленген), топтамалы (сериялы), жаппай.

Жеке-дара (жекеленген) өндіріс - өнім жекеленген немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен айналысатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.

Бұл түрдегі өндірістің маңызды ерекшеліктері:

  • көбінесе қайталанбайтын өнімнің көп атаулығы;
  • технологиялық мамандану бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру;
  • бөлшектер мен агрегаттардың тұрақты атаулысын, белгілі бір жұмыскерлерге құрастыру және құрастыру операцияларын бекіту мүмкіндігінің болмауы;
  • әмбебап құрал-жабдық пен технологиялық жасақтауды пайдалану;
  • қолдан құрастыру мен аяқтау операцияларының үлкен көлемінің болуы;
  • өндірістік үдерісте қамтылған жоғары білікті әмбебап- жұмыс- керлер санының басым болуы;
  • өндірістік циклдің ұзақтығы;
  • аяқталмаған өндірістік өнімнің көлемі едәуір болуы;
  • ағымды (оралымдық) -  өндірістік жоспарлау мен өндірісті басқаруды орталықсыздандыру;
  • өнім сапасын бақылау үдерістерін автоматтандырудың қажетсіздігі;
  • өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігінің болмауы;
  • еңбек үшін төленетін еңбекақының салыстырмалы көп болуы.

Топтамалық  өндіріс -  бірыңғай өнімнің кең атауларын (номенклатурасын)  ұзақ уақыт бойы қайталанып отыратын жағдайда топтамамен дайындауды білдіреді.

Топтама (серия) деп өндірісте партиялап, бір мезгілде немесе бір ізділіктімен үздіксіз жоспарлы мезгілде қайталанып отыратын құрылысы бірдей өнімдер қатарын шығарумен түсіндіріледі.

Топтамалы өндіріс үдерісін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері:

  • едәуір  көлемде дайындалатын, қайталанып отыратын  өнімнің салыстырмалы үлкен атауларының тұрақтылығы;
  • бірнеше бекітілген операцияларды орындау үшін жұмыс орнын мамандандыру;
  • өнімдерді топтамамен дайындау, бөлшектерді партиямен өндіру кезеңділігі;
  • технологиялық жабдықтау, арнайы және маманданған құрал-жабдықтардың басымдылығы;
  • қолдан құрастыру және аяқтау операцияларының  көлемінің аздығы;
  • орта білікті жұмыскерлер санының басым болуы;
  • өндірістік цикл ұзақтығының аздығы;
  • оралымдық - өндірістік жоспарлау және өндірісті басқарудың орталықтануы;
  • дайындалатын өнім сапасын бақылауды автоматтандыру; өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді қолдану;
  • бөлшек пен өнімдердің конструкцияларын бірыңғайландыру;
  • технологиялық үдерістер мен жабдықтануды бір түрге келтіру.

Топтамалық өндіріске ұшақ және мотор құрастыру зауыттары мысал бола алады.

Бір кезде дайындалатын өнімнің санына байланысты топтамалық өндірісті ұсақ, орташа және ірі топтамалы деп атайды.

Жаппай өндіріс – бірдей өнім түрінің шектеулі атауларын көп көлемде дайындаудың үздіксіздігі және салыстырмалы түрде ұзақ кезеңімен сипатталады. Жаппай өндіріс мекемелеріне автомобиль, трактор зауыттарын,  ауылшаруашылық машина жасау зауыттарын жатқызуға болады. Жаппай өндіріс – кәсіпорындарында біратаулы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін шоғырландыруға мүмкіндік беретін, өндіріс мамандануының жоғары түрі. Өндірісті ұйымдастырудың бұл түрінде әр түрлі өнімдер бір мезгілде және үздіксіз шығарылып отырады. Жаппай өндірістің басты шарты – бөлшектер, тораптар мен агрегаттар құрастыру кезінде олардың сапасын стандарттау мен үйлестірудің жоғары деңгейінде болуы керек.

Жаппай өндірісті ұйымдастыруға келесі ерекшеліктер тән:

  • өнімнің аз номенклатурасын  қомақты көлемде қатаң бекітілген тәртіппен өндіру;
  • жұмыс орындарының, әдетте, бір белгіленген операцияны орындауға мамандануы; жұмыс орындарын операцияларды орындау кезегіне қарай орналастыру;
  • арнайы және мамандандырылған құрал-жабдықтардың және технологиялық жабдықтардың үлкен меншікті үлесі;
  • кешенді – механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық үдерістердің жоғары пайызы;
  • операцияға даярлану – қорытынды уақытының аз мөлшері;
  • қолдан құрастыру және аяқтау жұмыстар көлемінің күрт қысқаруы; жұмыс орындарын  жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі;
  • әрқайсысы өзіне бекітілген бір операцияны орындайтын біліктілігі жоғары емес жұмыскерлер еңбегін қолдану;
  • топтамалы өндіріспен салыстырғанда өндіріс циклының ұзақтығының аздығы;
  • өндірісті басқару мен жоспарлауды орталықтандыру;
  • өндірісті үздіксіз алыс жерден бақылап отыру;
  • кәсіпорынға автоматты басқару жүйесін ендіру (КАБЖ);
  • өнімнің сапасын бақылауды автоматтандырудың жоғары деңгейі;
  • өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістерін кеңінен қолдану.

4. Өндірістік құрылымға бірқатар факторлар әсер етеді:

  • кәсіпорынның салалық қатынасы – шығарылатын өнім түрлері, оның конструкторлық қабілеттері, пайдаланылатын материалдар, дайындамалар алу және өңдеу тәсілдері;
  • конструкцияның қарапайымдылығы және өнімнің технология деңгейі;
  • өнім сапасына қойылатын талаптар деңгейі;
  • құрал-жабдықтар мен технологиялық жабдықтандырулар құрамы;
  • әмбебап, арнайы, стандартсыз құрал-жабдық, конвейерлі немесе автоматтық желілер;
  • құрал-жабдықтарға және технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және ағымдық жөндеуді орталықтанған және орталықсыздандырылған түрде ұйымдастыру;
  • өнім номенклатурасы өзгеріске ұшыраған жағдайда өндірістің шұғыл, әрі көп шығынсыз жаңа өнім өндіруге көшу қабілеті;
  • негізгі, көмекші, қосымша және қосалқы  цехтарда өндірістік үдерістің сипаты.

Негізгі өндіріс сипатына байланысты әр түрлі саладағы кәсіпорындардың өндірістік құрылымының өз ерекшеліктері болады.

Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі жолдары:

  • кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
  • цехтар мен өндірістік кәсіпорындар құрудың неғұрлым озық үлгілерін іздеу және жүзеге асыру;
  • негізгі, қосымша  және қызмет көрсетуші цехтар арасында ұтымды қатынасты сақтау;
  • кәсіпорынды жоспарлауда ұтымды, тұрақты жұмыс жасау;
  • жеке кәсіпорындарды біріктіру; өндірісті шоғырландыру негізінде қуатты өнеркәсіптік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер құру;
  • кәсіпорынның барлық бөлімдері арасындағы пара-парлықты қамтамасыз ету;
  • өндіріс бейінін өзгерту, яғни өнім шығару сипатының өзгеруі, мамандану және бірлестіру;
  • өндірісті күрделендіруді дамыту;
  • кең тарапты үйлестіру және стандарттау есебінен өнімнің конструкциялық және  технологиялық біртектілігіне қол жеткізу;
  • кәсіпорынды басқарудың цехсыз құрылымын құру.

 

3.  Мұнай өндеуші және мұнай химиялық өнеркәсібіндегі өндірістік үрдіс және оны уақыт бойынша ұйымдастыру

 

1.  Өндірісті ұйымдастыру - өндірістік үрдісте қамтылған адамдар мен заттық элементтерді уақыт және кеңістік бойынша үйлесуін ұтымды реттестіруге бағытталған іс-шаралар жүйесі. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру деп тиімді нәтижеге қол жеткізу мақсаты мен оның элементтерін таңдау және уақыт және кеңістік бойынша үйлестіру әдістері түсініледі. Өндірістік үрдісті (өнім дайындау) ұйымдастыру қағидаларына үздіксіздік, пропорционалдық, параллельділік, нақдәлділік, ырғақтылық, икемділік, мамандандыру т.б. жатыр.

Үздіксіздік. Үздіксіздік қағидасы еңбек затының өңдеуде болу уақытын арттыру, оның дайындалу (өңдеу) үрдісінің қайта басталуын күтіп қозғалыссыз бос тұру уақытын азайтуды, жанды еңбек пен еңбек құралдарын пайдалану кезінде үзілістерді қысқартуды көздейді. Өндірістік үрдістің үздіксіздігін сипаттайтын көрсеткіш - өндірістік циклдың тығыздық коэффициенті (Ктығ.):

Пропорционалдылық. Пропорционалдылық қағидасы – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпорынның барлық өзара байланысты бөлімшелерінде, жабдық топтарында, жұмыс орындарында салыстырмалы түрде бірдей көлемді өнім өндіру немесе бірдей жұмыс көлемі атқарылуын, сондай-ақ жабдық жұмысының уақыт қоры өндірістік бағдарламаның жұмыс ауырлығына сәйкес болуын талап етеді. Пропорционолдылық көрсеткіштерінің бірі – түйіндестік коэффициенті (Км):

Параллельділік. Параллельділік өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын, технологиялық операциялардың жұмыс орнында шоғырлануын және негізгі және көмекші операциялардың орындалуы уақыт бойынша орайласуын білдіреді.

Нақдәлелділік. Нақдәлелділік еңбек заттарының өндірістік үрдіс барысында ең қысқа қашықтыққа орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Оның көрсеткіштерінің бірі – нақдәлелділік коэффициенті (Кд):

Ырғақтылық. Ырғақтылық өндірістік үрдістің біркелкі уақыт сайын жүйелі түрде қайталанып отыруын білдіреді, яғни, бұл дегеніміз – бірдей уақыт аралығында өзара теңдес өнім көлемін өндіру. Өндіріс ырғақтылығын сипаттайтын көрсеткішті таңдау қиындық тудырады. Біршама ауытқуып ескере отырып, мұндай көрсеткіш ретінде ырғақтылық коэффициентінырғ) қабылдауға болады. Ол кезкелген уақыт аралығында (ауысым, күн, ай) анықтала береді:

Икемділік. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру икемділігі – бұл жаңа өнім түрін өндіруге жылдам ауысу мүмкіндігі. Өндірістің икемділігі, үздіксіздік және мамандандырумен қатар, өндірісті ұтымды ұтымдастыруға қажетті басты талаптардың бірі болып табылады. Нарықтығы бәсекелестік жағдайында өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар арта бермек. Бұл өнімдер қатарының жылдам жаңарып, жоғары өнімді техника  пайдаланылуымен байланысты. Мұндай ортада өндірістің ұйымдастырылуы өндірістік үрдістердің тұрақтылығымен қатар, оның өнім номенклатурасының жаңарып, өзгеруіне сәйкес жылдам өзгере алу мүмкіндігіне бағытталуы тиіс.

Мамандандыру. Мамандандыру өнім номенклатурасын шектеумен және біратаулы өнім (жұмыс) дайындаудың массалық өсуімен сипатталады. Мамандану деңгейін сипаттайтын көптеген көрсеткіштер бар. Өндірістік үрдісті мамандандыруға қатысты алғанда (жұмыс орындарын мамандандыру) келесі көрсеткіштер орынды болып саналады:

  • сериялық коэффициенті – бір жұмыс орнында атқарылатын әртүрлі операциялар санымен сипатталады;
  • жұмыс орындарын мамандандырудың орта деңгейі (оны орташа сериялық коэффициенті деп атауға болады),

2. Өндірістік үрдіс- бұл белгілі бір өнімді дайындауға бағытталған өзара байланысты негізгі, көмекші, қызмет көрсетуші және табиғи үрдістер жиынтығы. Өндірістік үрдістер бірқатар белгілеріне қарай ажыратылады: Негізгі үрдістер  - бұл шикізат пен материалдарды дайын өнімге айналдыру өндірістік үрдістері. Көмекші үрдістер - өнд. Үрдістік жеке-дараланған бөлігі – көп жағдайда дербес кәсіпорын болып бөлініп шығады. Олар негізгі өндіріске қажетті өнім дайындап, қызмет көрсетумен шұғылданады. Оларға құрал – сайман жене технологиялық жарақтандыру дайындау, қосалқы бөлшектер жасау, жабдықтарды жөндеу т.с.с. жатады. Қызмет көрсетуші үрдістер негізгі өндіріспен тығыз байланысқан, олар жеке-дара болу мүмкін емес. Олардың басты міндеті – кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Бұларға цехаралық және цехішілік көлік, материалдық – техникалық ресурстарды қоймалау және сақтау т.б. кіреді.

Жүру сипатына қарай қарапайым, синтетикалық және сараптамалық үрдістер бөлінеді. Қарапайым үрдістер – бұл шикізат немесе материалдық бір түрінен бір ғана дайын өнім түрін алатын өнд. поцестер. Синтетикалық үрдістерде бір дайын өнімді бірнеше шикізат пен материал түрлерінен алады. Сараптамалық үрдістер барысында бір шикізаттан немесе материалдан бірнеше дайын өнім алынады. Қарапайым үрдістерге кірпіш жасау, синтетикалық түріне – шойын балқыту, сараптамалыққа – мұнай өңдеуді атап келтіруге болады.

Дайындау үрдістері шикізат пен материалдарды формасы мен өнімі жағынан дайын өнімге жақын дайындамаларға айналдырады. Оған машина жасау саласындағы құю және көрік басуды, тігін өндірісінде  кесіп-пішуді т.б. жатқызуға болады. Өңдеу үрдістері деп дайындамалардың дайын өнімге (бұйымға) айналу үрдістері (механоөңдеу үрдістері, гальваникалық, тігін т.б) аталады. Шығару (жинақтау) үрдістері дайын өнімді, бөлшектер жинақтауды, машина құрастыруды іске асырады (құрастыру құрал-сайман үрдістері, ылғалды-жылулық өңдеу т.б)

Үзілісті үрдістер деп өнім дайындау барысында, жабдықтың жұмыс режимінде өнімнің сарасына нұқсан келтірмейтін үзілістер болатын үрдістер аталады. Үзіліссіз үрдістер үзілістерсіз іске асырылады. Көп жағдайда үзіліс жасау мүмкін емес, немесе өнімнің сапасы мен жабдықтың жұмысына кері әсерін тигізеді.

Машиналар мен механизмдер көмегінсіз орындалатын үрдістер қол үрдістері деп аталады. Ішінара механикаландырылған үрдістер кейбір, көбінше негізгі, операцияларды қол еңбегін машиналармен алмастыруымен сипатталады. Кешенді механикаландырылған  үрдістер –машиналар мен механизмдерді басқаруға қоспағанда, барлық өндейтін операцияларды қол еңбегінсіз орындайтын машиналар мен механизмдердің өзара байланысқан жүйесі. Автоматтандырылған үрдістер – машиналар мен механизмдер басқаруды қоса алғанда, барлық операцияларды жұмысшының тікелей қатысуынсыз орындалуын қамтамасыз етеді.

Аппараттық үрдістер арнайы жабдық түрлерінде (ванналер, ыдыстар т.б) өтеді және орындалу барысында жұмысшының еңбегін қажет етпейді. Дискреттік үрдістер жекелеген станоктарға жұмысшының қатысуымен жүзеге асады. Келтірілген өндірістік үрдістердің жіктелуі өндірісті сараптап, оның тиімділігін арттыру көздерін анықтау үшін қажет, сонымен қатар, шығындарды есептеуге, жұмысшыларды жұмыс орындарына бөлуге де таптырмас көмекші.

 Өндіріс үрдісін жобалау әдетте, бұйым жобасының аяқталуы немесе тапсырыс берушіден дайын (соның ішінде стандарттық) жоба алудан басталады. Үрдісті ойластырушылар мыналарды ескереді;

  • бұйымның және оның бөліктерінің техникалық сипаттамасы;
  • шығару көлемі;
  • өндіріс сатылығы (бірлік, сериялық, жаппай өндіріс);
  • бұйымның қосалқы элементтерінің бірігу деңгейі және стандартталуы.

Бұйым жасау үрдісін жобалау барысында орындалатынжұмыстар:

  • өндіріс технологиясы мен қуатын таңдау және бекіту;
  • жабдықтар, машиналар, құралдар мен аспаптарды таңдап алу (бекітілген технология қуатына сәйкес);
  • өндірістік персоналды іріктеу және жұмыс орындарына бөлу;
  • өндірістік үрдіс жобасын іске асыруға қажетті детальтық және сатылық (кезеңдік) техникалық құжаттар түзу.

Өндірістік үрдісті жобалау екі кезеңмен жүреді. 1-ші кезеңде бағыттық технология түзіліп, онда бұйымның өтетін негізгі операциялар тізімі ғана көрсетіледі. Бұл кезде жобалау дайын өнімнен басталып, бірінші өндірістік операциямен аяқталады. 2-ші кезеңде жобалау керісінше бағытта – бірінші операциядан соңғысына дейін – жүретін жан-жақты детальдық және операциялық түрінде жасалады. Осы жұмыс құжатына өндірістік үрдіс негізделеді. Онда бұйымның әрбір элементі, бөлшегі дайындалатын материалдар, олардың салмағы, өлшемі; әрбір өндірістік операцияда жүргізілетін өңеу түрі мен режимі; жабдықтын, құрал-аспаптардың атауы, сипаттамасы; бұйым мен онын құраушы элементтерінің цехтар мен кәсіпорын учаскелері бойынша қозғалау бағыты – бірінші технологиялық операциядан бастап бұйымды дайын өнімдер қоймасына женелтілгеніне дейін көрсетіледі.

3.  Өндірістік цикл – шикізат пен материалдарды өндірісіне жөнелтіден бастап дайын өнімнің шығуына, оны техникалық бақылау  қызметі қабылдап, дайын өнім қоймасына өткізуге дейін жумсалғкан күнтізбелік  уақыт кезеңі (күнмен және сағатпен өлшенеді). өндірістік цикл (Тц) екі кезеңге бөлінеді – тікелей өндірістік үрдіс уақыты және өндірістік үрдіс ішіндегі үзілістер уақыты (3.2 сурет). Өндірістік үрдістің жүру уақыты технологиялық цикл немесе жұмыс кезеңі деп аталады және мыналарды қамтиды:

  • дайындық – қорытынды операцияларға жұмсалатын уақыт (Тд-қ);
  • технологиялық операцияларға жұмсалған уақыт (Ттехн);
  • табиғи технологиялық үрдістер жүруіне жұмсалатын уақыт (Ттаб.пр);
  • өндіріс барысындағы тасымалдауға жұмсалған уақыт (Ттранс);
  • техникалық бақылауға жұмсалған уақыт (Ттехн.б).

Өндіріс үрдісіндегі үзілістер уақытына мыналар кіреді:

  • операцияаралық бос жату уақыты (Топ.ар.үз.);
  • ауысымаралық бос жату уақыты (Тау.ар.үз.).

Өндірістік үрдістің жүруі мен ондағы үзілістер уақытынан өндірістік цикл құралады:

 

Тцд-қтехнтаб.пр.транстех.б.оп.ар.үз.ау.ар.үз.

 

Дайындық – қорытындағы уақытын жұмысшы (немесе бригада) өндірістік жоспарды орындауға дайындық, және оны аяқтауға қажет жұмыстарға жұмсайды. Оған киім-кешен, материал мен арнайы құрал-жабдықтар алу, жабдықтың жұмысын реттеу т.б. жатады.

Технологиялық операциялар уақыты – бұл уақыт ішіндегі еңбек затына жұмысшының немесе оның басқаруындағы машиналар мен механизмдер арқылы тікелей әсер етуі, сонымен қатар, адам/техника қатысуынсыз өтетін табиғи технологиялық үрдістердің жүруі іске асады.

Табиғи технологиялық үрдістер уақыты дегеніміз – еңбек затының, оған адам мен техниканың ықпалынсыз, уақыт өтуімен өз қасиеттерін өзгертуі (ашық ауада болған бұйымды кептіру немесе қыздырылған заттың сууы, өсімдіктердің өсуі және пісіп-жетілуі, кейбір өнімдердің ашуы т.б.). Өндіріс жылдамдығын арттыру үшін көптеген табиғи үрдістер қолдан жасалған ортаны іске асырады (мысалы, суытқыш камерада кептіру).

Техникалық бақылау уақыты мен тасымалдауға жұмсалатын уақыт техникалық қызмет көрсету уақытын құрайды. Оған мыналар кіреді:

  • бұйымды өңдеу сапасын қадағалау;
  • машиналар мен жабдықтардың жұмыс режимін қадағалау, оларды күйге келтіру, ұсақ жөндеу жүргізу;
  • дайындамалар, материалдарды жеткізу, өнімді өңдеуден кеінгі қабылдау және жинау.

Жұмыстағы үзілістер уақыты – бұл әлі өндіріс үрдісі аяқтамалған, өнім толық дайын күйге келмеген, бірақ оған еңбек заты ретінде ешқандай әсер етілмейтін, оның сапалық қаситеттері өзгермейтін уақыт аралығы. Үзілістер регламенттелген және регламенттелмеген болып бөлінеді.

Өз кезегінде, регламенттелген үзілістер, оның пайда болу себептеріне қарай операциялық (ауысымішілік) және ауысымаралық (жұмыс режимімен байланысты) болып бөлінеді.

 Операцияаралық үзілістер партиялық, күтіу және жинақтау үзілістеріне жіктеледі. Партиялық үзілістер бұйымды партиялап өңдеу кезінде орын алады.Әрбір деталь немесе бөлшек, жұмыс орнына партиямен келіп түскенде екірет бос жатады, өңдеуге дейін және одан кейін, бүкіл партия операциядан өткенге дейін. Күту үзілістері технологиялық үрдістегі қатарлас операциялар ұзақтығының үйлеспеуімен (синхронсыздық) түсіндіріледі және ол алдынғы операцияның келесі операцияны орындауға қажетті жұмыс орнының босатылуынан бұрын аяқталған жағдайда пайда болады. Жинақтау үзілістері бір жинаққа кіретін өзге детальдар жасалып бітпеуімен байланысты дайын детальдар мен бөлшектердің бос жатуы кезінде пайда болады.

Ауысымаралық үзілістер жұмыс режиміне байланысты (ауысымдар саны мен ұзақтығы) анықталары немесе жұмыс ауысымдары арасындағы үзілістерден, соған қоса демалыс және мереке күндерінен, түскі үзілістерден құралады.

Регламенттельген үзілістер жабдықтардың, жұмысшылардың жұмыс режимінде ескерілмеген, ұйымдастырушылық және техникалық себептерге байланысты (шикізат болмауы, жабдықтың істен шығуы, жұмысшылардың жұмысқа шықпай қалуы т.б) және өндірістік циклге жатпайды.

4. Өндірістік циклдың ұзақтығын қысқарту тәсілдерінің бірі - өнім дайындау технологиялық үрдіс барлық немесе бірқатар операцияларын бір уақытта орындау болып табылады. Ол операцияларды үйлестіру түрімен және еңбек затының бір жұмысшыдан екіншісіне беру ретімен анықталады. Операция – бір жұмыс орнында орындалатын, бір өндіріс нысанына (деталь, бөлшек немесе бұйымға) бір немесе бірнеше жұмыстың әсер ету әрекетінен тұратын өндірістік үрдіс бөлігі. Операцияларды үйлестірудің келесі түрлерін ажыратады:

  • кезектес;
  • қабаттас;
  • қабаттас – кезектес (аралас)

Операцияларды кезектес үйлестіру әрбір операцияда детальдардың партиялап өңдеуімен, және партияға кіретін барлық детальдар өңделуі аяқталған соң ғана келесі операцияға өткізілуімен сипатталады. Бұл әдісті қолдану кезінде деталь жасау өндірістік циклының технологиялық бөлігінің ұзақтығы бір детальдің барлық операцияларда өңделу уақытының партиядағы детальдар санына көбейтіндісіне тең болады. Деталь дайындау өндірістік циклының технологиялық бөлімінің есептелуі графикте келтірілген (4.3-сурет).

Кезектестіру түрі учаскеде технологиясы әртүрлі және станоктар мен огрегаттардың жүктелуі әр деңгейлі өнімнің үлкен наменклатурасы өңделетін жағдайда қолданылады. Ол әсіресе бірлік және ұсақ сериялы өндірісте көбірек қолданылады.

Операцияларды үйлестірудің қабаттас түрі детальді өңдеу барлық операцияларда бірдей уақытта жүргізілуімен сипатталады. Еңбек заттарын операциядан операцияға жеткізу даналап жүргізіледі. Операцияларды қабаттастырып үйлестіру кезінде деталь дайындау өндірістік циклінің технологиялық бөлігінің есебі графикте келтірілген.

Операцияларды кезектес-қабаттас (аралас) үйлестіру түрі тура бағытты желілерде осы операциялардың ұзақтығы әртүрлі және өнімнің операциядан бірқалыпсыз берілуі жағдайында қолданылуымен сипатталады. Бұл әдісті қолдану кезінде еңбек заттары «ұзақ» операциядан – «қысқасына» - партиялап, ал «қысқа» операциядан «ұзағына» - даналап беріледі.

 

4. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық кәсіпорнынның өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары

 

1. Өндірісті ұйымдастыру – еңбекті өндіріс және  заттық элементтерімен, еңбек құралдары және заттарымен ұтымды түрде орайластыруға бағытталған шаралар мен іс-шаралар жүйесін білдіреді. Бұл іс-шаралар жүйесі, сонымен қатар жеке өндірістік үрдістерді кеңістік және уақыт бойынша өзара орайластыру және соның негізінде - өндіріс тиімділігін арттыруға да бағытталады. Бұл жерде қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, өндірісті ұйымдастыру типтерін және өндірістік үрдістерді ұйымдастыру әдістері мен өндірісті ұйымдастыру типтері деп бөліп алған жөн.

Жалпы өндірісті ұйымдастыру формаларына шоғырландыру, мамандандыру, ұжымдастыру (біріктіру) және орайластыру жатады.  Шоғырландыру өнімді шығару үрдісінің шектеулі кәсіпорындарда және олардың өндірістік бөлімшелерінде топтасуын білдіреді. Шоғырлану деңгейі, біріншіден, өнімді шығару көлеміне, машина, агрегат, аппараттар мен технологиялық қондырғылардың бірлік қуаттарына, типтес жабдықтар санына,технологиялық біртекті өндіріс саны мен мөлшеріне байланысты. Шоғырлану деңгейін өлшеу үшін өнімнің көлемі, жұмысшылар саны, ал кей жағдайда – негізгі қорлар құлы секілді көрсеткіштер пайдаланылады.

Мамандандыру деп өндірісте немесе өндіріс бөлімшелерінде біртектес, типтес өнім шығарудың немесе жекелеген технологиялық үрдіс кезеңдерін орындаудың шоғырландырылуы түсініледі. Мамандандырудың технологиялық, заттық және детальдық түрлері бар. Технологиялық мамандандыру – белгілі бір операциялар немесе өндірістік үрдіс кезеңдерінің орындалуының кәсіпорын, цехтарға немесе учаскелерге бөлінуі (мысалы тоқыма өнеркәсібінде тоқыма, тігін немесе өңдеу фабрикалары). Заттық мамандандыру – кәсіпорында (цехта) толығымен дайын өнім шығарудың шоғырлануы (мысалы, мотоцикл, велоарбалар, ыдыс-аяқ, нан өнімдері т.б.). Детальдық мамандандыру, заттық мамандандырудың бір түрі бола отырып, дайын өнімнің ( бұйымның), жекелеген бөлшектерін жасап шығаруға негізделген (қозғалтқыштар, подшипниктер т.с.с).

Кәсіпорынның жұмыс тәжірибесінде көбінше барлық мамандану түрлері өзара астарласып жатады: дайындама жасау цехтары мен учаскелері технологиялық белгісіне қарай құрылса, өңдеу бөлімі – детальдыққа сәйкес, жинақтау бөлімі – заттық түріне қарай. Кәсіпорын мен оның бөлімшелерін мамандану деңгейін өлшеуге келесі көрсеткіштер қолданылады: негізгі (профильдік) өнімнің жалпы өндіріс көлеміне шаққандағы меншікті үлесі; кәсіпорын шығаратын бұйым топтарының, түрлері мен типтерінің саны; оның жалпы паркіндегі мамандырылған жабдықтар үлесі; жабдық бірлігінде өңделетін деталь атауларының саны; жабдық бірлігіне сәйкес келетін операциялар саны т.б.

 Мамандандыру деңгейін көтерудің алғышарты болып үрдістерді стандарттау, бірыңғайлау типтендіру табылады. Стандарттау – деталь сапасының, формасының және өлшемінің, бөлшектерінің, дайын өнімнің қатаң бегіленген мөлшерін орнатады. Ол шығарылатын өнім номенклатурасын шектеп, немесе өндіріс көлемін арттыруға алғышарттар қалыптастырады. Бірыңғайлау – сан алуан түрлі конструкциялар, деталь формалары мен өлшемдерінің, қолданылатын материалдар, дайындамалар мен бөлшектердің санын біршама қысқартып олардың ішінен неғұрлым технологиялық және экономикалық тараптан ұтымдысын таңдап алуды білдіреді. Үрдістерді типтендіру – қолданыстағы түрлі өндірістік операциялар санын қысқартып, технологиялық жағынан біртектес деталь топтарына типтік үрдістер құруға негізделген. Дегенмен, қаралған алғышарттар дайын өлшемнің тұтынушылық қасиеттерін нашарлатып, оған деген сұраныстың төмендеуіне себеп болмауы тиіс.

Бәсекелестік ортада кәсіпорын үшін ең ұтымды жол - өндірісті әртараптандыру, яғни шығарылатын өнім қатарын кеңейте түсу есебінен кәсіпорынның қызмет ету саласын түрлендіре түсу болып табылады. Тек жекелеген нарық аумағында шектеулі тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға есептелген шектеулі өнім түрін шығару – көлемі жағынан шағын кәсіпорындарға тән құрылыс.

Ұжымдану - өнім шығаруға бірлесіп қатысты кәсіпорын, цехтар мен учаскелердің өндірістік байланыстары. Оның негізінде детальдық және технологиялық мамандандыру жатыр. Зауытішілік ұжымдану бір жартылай фабрикаттың бір цехтан екіншісіне берілуі негізгі бөлімшелерге көмекші бөлімшелердің қызмет етуінен көрінеді.Мұндай жұмыс үлгісі өндірістік қуаттарды толығымен жүктеуге және осал жерлерді жоюға жағдай жасайды, кәсіпорынның жалпы жұмыс өндіріс нәтижиесін жақсартады. Ұжымдану деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге мыналар жатады: ұжымдық өндіру жолымен алынған детальдар мен жартылай фабрикаттардың кәсіпорын шығаратын жалпы өндіріс көлеміндегі меншікті үлесі; аталған кәсіпорынмен ұжымдасқан кәсіпорындар саны; шетке шығарылатын детальдар мен жартылай фабрикаттардың меншікті үлесі т.б.

Біріктіру (құрамалау) дегеніміз – бір өндірістік кәсіпорында кейде әр салалы, бірақ өзара тығыз байланысты өндірістердің қосылуы. Біріктіру мына жағдайларда мүмкін:

  • өнім дайындаудың кезектес сатыларын бірлестіру (тоқыма, металлургия және өзге де комбинаттар);
  • шикізатты кешенді пайдалану негізінде (мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі);
  • кәсіпорында қалдықтарды өңдеу бөлімінің ашылуында (орман, тері өңдеу т.б өнеркәсіптерде).

Біріктіру деңгейін мынадай көрсеткіштер сипаттайды: комышатта бастапқы бастапқы шикізаттан өңдеп алынған өнім мөлшері және құны; келесі өнім жасау сатысында өңделуге жөнелтілетін шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың алыну орнындағы меншікті үлесі (мысалы шойыннан-болат, болаттан-прокатқа); комынаттың жалпы өнім көлеміндегі жанама өнімнің меншікті үлесі т.б.

Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру – еңбекті жекелей бөлу, формасы. Кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру кезеңдері:

  1. жұмыс орнындағы өндірісті ұйымдастыру – еңбек құралдары, еңбек заттары мен жұмыс күшінің тиімді түрде ыңғайластыруы;
  2. цехішілік еңбекті ұйымдастыру – учаскелердегі және учаске арасындағы еңбекті ұйымдастырумен байланысты.
  3. цехаралық өндірісті ұйымдастыру – цехтар орындайтын өндірістік үрдістердің ұйымдастыру – олардың біртұтас жұмыс жасауына бағытталған.

Өндірісті ұйымдастырудың 3 түрін бөліп көрсетуге болады:

Элементтік - өндірістік үрдістің барлық элементтері бір-біріне сәйкес болуы тиіс, бұл оны ұйымдастырудың бастапқы кезеңі болып табылады;

Кеңістік – цехтар мен учаскелердің ұйымдастырылу деңгейі мен және   кәсіпорындағы өндірістік құрылымның сәйкес деңгейімен байланысты;

Өндірісті ұйымдастырудың уақыттық кесігі (қимасы) - өзара байланысқан жекелеген өндірістік үрдістің басталу және аяқталу уақыты бойынша үйлесуі.

Өндірістің мамандалу деңгейі және көлемі өндірістің ұйымдастырылу типіне байланысты, ал өндірістік үрдісті дұрыс ұйымдастырудың негізгі қағидаларының орындалу деңгейі өндірісті ұйымдастыру әдісін сипаттайды.

Өндірісті үрдісті ұйымдастыру әдістері келесідей бөлінеді:

  • ағындық;
  • партиялық;
  • жеке;

Өндірістік үрдісті ұйымдастыру әдістерінен бөлек өндірісті ұйымдастыру типтерін ажырату қажет:

  • жаппай;
  • сериялық;
  • бірлік өндіріс.

Өндірістік үрдісті ұйымдастыру әдістері мен өндірісті ұйымдастыру типтері арасында өзара байланыс бар:

  1. өндірісті ұйымдастырудың жаппай өндіру типіне өндірісті ұйымдастырудың ағындық әдісі сәйкес келеді;
  2. шығарылатын өнім қатары үлкен болған жағдайда пайдаланылатын сериялық ұйымдастыру типіне өндірісті партиялап ұйымдастыру әдісі сәйкес. Сериялы типтің үш түрде өрбуі мүмкін: ірі сериялық, орта сериялық және ұсақ сериялық өндіріс.
  3. өндірісті ұйымдастырудың бірліктік типіне өндірісті жекелеп ұйымдастыру әдісі сәйкес келеді.

Ең икемдісі – ағымдық өндіріс ұйымдастыру әдісі бар жаппай өндірістік тип. Ең кеңінен тарағаны – сериялық және партиялық өндірісті ұйымдастыру әдістері .

2. Ағындық өндіріс – технологиялық үрдіс жүретін орынды орналасқан арнайы мамандандырылған жұмыс орындарында негізгі және қосымша операциялардың бірырғақты қалыпта қайталанып отыруына негізделген өндірістік ұйымдастыру формасы.

Ағындық әдістің сипаттамасы:

  • шығарылатын өнім қатарының минимумға дейін қысқартылуы;
  • өндірістік үрдістің операцияларға бөлінуі;
  • белгілі бір операцияларды орындауға мамандандырылған жұмыс орындары;
  • ағымдағы барлық жұмыс, жұмыс орындарында операциялардың параллель орындалуы;
  • технологиялық үрдіс барысында жабдықтың орналастыруы;
  • операцияның орындалу ұзақтығының ағын ырғағына теңдігі немесе оған теңдей бөлінуі арқылы өндірістік үрдістің үздіксіз жұмыс жасалуының жоғары деңгейі;
  • еңбек заттарын операциядан операцияға дейін жеткізуге арналған арнайы операцияаралық транспорттың болуы.

Ағындық өндірістің құрылымдық бірлігі – ағыл жола болып табылады. Ол технологиялық үрдіс жүру бойымен орналасқан, әрбіріне бекітілген технологиялық операцияның орындалуына арналған және өзара арнайы операцияаралық көлік құралымен қатынасатын жұмыс орындарының жиынтығымен құралады.

Ағындық әдіс әсіресе жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, машина жасау мен металл өңдеуде, басқа да салаларда кеңінен қолданыс тапқан. Өнеркәсіпте қолданылатын ағындық желілер әрқилы. Олардың жіктелу түрлері 4.1-кестеде берілген. Ағындық желілердің өзге де жіктелу нұсқалары бар.

Ағындық өндіріс әдісі үшін келесі нормативтер пайдаланылады: ағындық желінің ырғағы, тактісі, конвейер адымы, ағындық желі қозғалысының жылдамдығы және жалпы ұзындығы.

Ағындық желі тактісі (r) – екі деталь немесе бұйым жасалуының арасындағы уақыт интервалы:

r = (Tау-t)/N

 

мұнда: Тау - ауысым ұзақтығы, мин; t – шығындар мөлшерлемесі, мин;

N – ауысым ішіндегі өндірістік бағдарлама.

Формулаға шартты мәндерді қойып, тиісті есептеу жүргіземіз: r = (480-30)/90=5мин.

Үздіксіз-ағындық өндіріске синхрондық қағидасын ұстану міндетті түрде. Синхрондық қағидасы бойынша әр операцияның (tр) орындалу уақыты ағындық желі тактісіне тең немесе оған теңдей бөлінетін болуы тиіс (r=5). Ол әр операциядағы жұмыс орындар сонымен анықталады. Егер операция ұзақтығы такті уақытынан кем не тең болса, онда жұмыс орындары мен жабдықтар саны операциялар санына тең. Егер операция ұзақтығы такт ұзақтығынан артық болса, онда теңестіру үшін бірнеше жұмыс орны қажет. Әр операциядағы жұмыс орны (Рор) даналық уақытты (tдана) такт уақытына (r) бөлу арқылы анықталады:

Pор  = tдана / r

 

Даналық уақыт - әр бір операция бойынша барлық еңбек амалдарын орындап шығуға қажетті уақыт. Бастапқы мәндерді келтіре отырып, тиісті есептеулер жүргіземіз.

Ағындық желі ырғағы (R) – бұл тактке кері уақыт. Ырғақ (ритм) уақыт бірлігі ішінде шығарылған бұйымдар санын сипаттайды:

R = 1 / r

Есептейміз: R = 1; 1/12=12бұй/сағ. Бұл жерде ағындық желі ырғағын анықтау кезінде шамалардың өлшемдес болуы қажеттігін айта кеткен жөн. Минутты сағатқа айналдыру қажет (5мин = 1/12сағ) өйтпеген жағдайда есептеу дұрыс болмайды. Немесе 1сағ = 60мин деп алу қажет. Онда R = 60/5=12бұл/сағ.

Конвейер адымы (l) – екі іргелес жұмыс орнының орталықтары арасындағы қашықтық. Шартты түрде l = 6м деп аламыз.

Конвейердің ағындық желісінің жалпы ұзындығы оның адымына және жұмыс орындар санына байланысты:

L = l *q,

мұнда:        l – конвейер адымы, немесе екі жұмыс орны орталықтары арасындағы қашықтық;

q – жұмыс орындар саны.

Біздің жағдайда :

L = 6*8=48м

Ағындық желінің қозғалыс жылдамдығы(υ) конвейер адымы иен ағындық желі тактісіне тәуелді, және м/мин өлшенеді:

υ = l/r

Біздің жағдайда: υ = 6 / 5 = 1,2м/мин.

Ағындық желіде бұйым жасау өндірістік циклының технологиялық бөлігінің ұзақтығы (Tағц) мына формуламен анықталады:

Tағц = q * r;

мұнда: q- жұмыс орындар саны; r – ағындық желі тактісі.

Біздің мысал бойынша : Tағц = 8 * 5 = 40мин.

Ағындық әдістің экономикалық тиімділігі мұнда өндірісті ұйымдастырудың барлық қағидалаоының іске асырылуы арқасында мүмкін болып отыр; мамандандыру үздіксіздік, пропорциялылық, паралельділік, нақтылық және ырғақтылық. Оның келешектері:

  • ағындық әдіспен дайындауға таңдап алынатын бұйымдар канструкциясы бұрыннан қалыптасқан және тұрақты болуы және өндіріс көлемі үлкен болуы тиіс, мұның өзі нарық талабына әркез сәйкес келе бермейді;
  • конвейерді тасымалдау желісін пайдалану көліктік дайындықты (аяқталмаған өндіріс) арттырып, өнімнің сапасы жайлы ақпаратты өзге жұмыс орындары мен учаскелеріне беруді қиындатады;
  • ағындық желідегі еңбек бірқалыптылығы жұмысшылардың материялдық қызығушылығын төмендетіп, кадрлар тұрақсыздығына жағдай жасайды.

Ағындық әдісті жетілдіру іс-шараларына мыналар жатады;

  • жұмыс күні барысында ағындық желінің тактісі мен жылдамдығы ұйымдастыру;
  • ауысым ішінде жұмысшыларды бір операциядан екіншісіне ауыстырып отыру;
  • жұмысшылардың назарын әртүрлі үрдістерге бөлуін қажет ететін көпоперациялық машиналар қолдану;
  • материялдық ынталандыру шаралары;
  • өндірістік үрдісті ұйымдастырудың агрегаттық – топтық әдістерін, еркін ырғақты ағындық желі жұмысын өндіру.

Ағындық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың басты бағыты болып – жартылай автоматты және автоматтық ағындық желілер өндіру, бірқалыпты операцияларды орындауға роботтар мен автоматты манипуляторлар қолдану табылады.

3. Икемді өндірістік жүйе (ИӨЖ) – технологиялық жабдықтың жеке бірлігі немесе сондай бірліктердің және олардың автоматты режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелерінің жиынтығы. Икемді өндірістік жүйе технологиялық жабдықтың техникалық мүмкіндіктері аумағында өндірістік номенклатура бұйымдарын жасап шығару кезінде автоматты түрде күйін ауыстыру қасиетіне ие. Өндірістік ұйымдастыру құрылымына қарай икемді өндіріс жүйелері бес деңгейге бөлінеді.

1-ші деңгей – икемді өндірістік модульдер (ИӨМ), - икемді өндірістің негізі болым табылады. Бұл – технологиялық жабдық бірлігінен, микро немесе мини ЭЕМ микро үрдісоры негізінде бағдарламалық басқарудың автоматтандырылған қондырғысымен жабдықталған, сондай-ақ технологиялық үрдісті автоматтандыру құралдарымен жарақталған, дербес жұмыс істейтін және жоғарырақ деңгейдегі жүйеге кірігу мүмкіндігі бар ИӨЖ.

Өндірістің модульдік құрымында ИӨЖ құрамына, технологиялық жабдықтың өңдеу құраушысына бөлек, өзге де бірқатар икемді модульдер кіреді:

  • икемді қойма модулі (ИҚМ) – дайындамалар, бұйымдарды т.б автоматтандырылған түрде тиеуге, сақтауға, түсіруге арналған жабдықтар жиынтығы;
  • икемді көлік мөдулі (ИКМ) – дайындама, бұйымдарды автоматтандырылған түрде тасымалдауға арналған жабдықтар жиынтығы;
  • икемді бақылау-өлшеу модулі (ИБМ) – орындалатын операциялар сапасын автоматтандырылған түрде қадағалауға арналған.
  • икемді көмекші модуль (ИкМ) – көмекші операциялардың автоматты түрде орындалуына арналған.
  • икемді диагностикалық модуль (ИДМ) – ИӨЖ ақаулықтарын өндірістік тексеру, кейде іздестіру.

Әрбір келтірілген модуль икемді модульді автоматты түрде басқару жүйесі бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды.

2-ші деңгей – икемді автоматтандырылған желі (ИАЖ). Бұл икемді өндірістік жүйе – автоматтандырылған басқару жүйесімен біріктірілген бірнеше икемді өндірістік модульден тұрады.

3-ші деңгей – икемді автоматтандырылған учаске (ИАУ). Бұл икемді өндірістік жүйе – АСУ мен біріккен, технологиялық бағыт бойынша жұмыс істейтін және технологиялық жабдықты пайдалану тәртібін өзгерту мүмкіндігін ескеретін бірнеше икемді өндірістік модульдерден тұрады.

4-ші деңгей – икемді автоматтандырылған цех (ИАХ). Бұл икемді өндірістік жүйе берілген бұйым номенклатурасын дайындауға арналған икемді автоматтандырылған желілер немесе учаскелер жиынтығы.

5-ші-деңгей – икемді автоматтандырылған зауыт (ИАЗ). Бұл өндірістік жүйе – икемді автоматтандырылған цехтар жиынтығымен тұратын және дайын бұйым шығаруға арналған жүйе. Икемді автоматтандырылған зауыттың құрамында дербес жұмыс жасайтын автоматтандырылған учаскелер мен цехтар да кіруі мүмкін.

ИӨЖ автоматтандырылу деңгейіне қарай икемді өндірістік кешендер мен икемді автоматтандырылған өндірістерге бөлінеді. Икемді өндірістік кешен (ИӨК) – бұл ИӨЖ автоматтандырылған басқару жүйесімен және автоматтандырылған көлік-қойма жүйесінің (АҚҚЖ) бірігуінен, берілген уақыт ішінде дербес жұмыс жасайтын және деңгейі жоғарырақ жүйеге кірігу мүмкіндігі бар бірнеше икемді өндірістік модульдерден құралған өндірістік жүйе.

Икемді автоматтандырылған өндіріс (ИАӨ) – АСУ өндіріспен және автоматтандырылған көлік-қойма жүйесімен біріккен, бір немесе бірнеше ИӨК құралған – икемді өндірістік жүйе-автоматтандырылған жобалау жүйесінің (АЖЖ), автоматтандырылған ғылыми зерттеулер жүйесінің (АҒЗЖ), автоматтандырылған өндірісті технологиялық даярлау (АӨТД) жүйесі көмегімен жаңа бұйым түрлерін жасауға автоматты түрде ауысуды іске асырады.

Икемді өндірістік жүйелер өндірістік цикл уақытын 30 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жабдықтың ауысымдылық коэффициенті 2,5-2,7 дейін арта түседі. Өндіріс алаңдарының үнемделуі 30-40% құрайды.

 

5. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық өнеркәсібіндегі өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру

 

1. Жаңа өнім шығаруды кешенді дайындау – бұл кеңістік пен уақыт бойынша инновациялық жобаны конструкторлық алып жүруден бастап жаңа өнім өндірісін ( сериялық немесе жаппай) жолға қоюға дейінгі кезеңде жүргізілетін әртүрлі жұмыстар жиынтығы. Жаңашылдықтер мен инновациялық жобалар әзірлеу функциялары дербес түрде орындалады және «Инновациялық менеджмент» курсында оқытылады. «Өндірісті ұйымдастыру» курсында тек түбірлі және қолданбалық зерттеулерден, тәжірибе-конструкторлық жобалаудан (ҒЗТКЖ) бастап тұрақты жолға салынған  өндіріске дейінгі өтпелі үрдістер ғана қарастырылады. Жаңа өнімді өндіріндіру кешенді дайындау мақсаты – жұмысы жолға қойылған өндіріс бөлімшелеріне (цехтарына) өнімнің бекітілген технологияларының мөлшері, сапасы, шығындары, мерзімі және басқа да параметрлері бойынша нормативке сай етіп беру. Технологиялардың сапасы өнімді материалдандыру жөніндегі өндірістік үрдістерді міндетті түрде инновацияларда көздеген деңгейде жүгіне кепіл беруі тиіс.

Егер өндірістік үрдістер технологиясына сәйкес төмен сапалы болса, «шығуда» да кәсіпорынның өнімі төмен сапалы болмақ. Кешенді дайындыққа кешенді тәсіл қолдануы тиіс, яғни бір мезетте конструкторлық, технологиялық, эргономикалық, экологиялық, экономикалық, психологиялық ұйымдастыру және де басқа дайындық түрлерінің (қосымша маркетингттік, геологиялық және құрылыстық болуы мүмкін) талаптарын зерттеп іске асыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Тұжырымдалғанға байланысты өндірісті кешенді түрде дайындаудың мақсаттары келесілер болуы мүмкін:

  1. жаңа өнімнің жоба – конструкторлық құжаттама сапасын кірудегі кешендік тексерілуі;
  2. жаңа өнімнің, стандарттан ерекше жабдықтың немесе күрделі технологиялық жарақтың ҒЗТКЖ міндеттері мен ерекшіліктерін зерттеу;
  3. жаңа өнімді игергеннен кейінгі өндірістік ұйымдық-техникалық деңгейін сараптау және болжамдау;
  4. өндірісті технологиялық дайындаудың бірегей жүйесінің (ӨТДБЖ) талаптарына сәйкес технологиялық құжаттама әзірлеу;
  5. жаңа өнім өндіруге қажетті стандарттан өзгеше технологиялық жабдықты және технологиялық жарақтар дайындап шығару;
  6. жаңа өнім өндіруге қажетті цехтар мен учаскелердің қайта жобалануын, материалдар жұмсалуын,  отын-энергетикалық  ресурстарының, өнім өндіру жабдығын, жөндеу-пайдалану мұқтаждықтары мен толық құрылыс жүргізу шығындарын мөлшерлеуін, негізі, көмекші және қызмет көрсетуші өндірістер операцияларының еңбек ауырлығын мөлшерлеуді кеңестік пен уақыт бойынша өндіріс үрдістерінің параметрлерін есептеуді және басқа да жұмыстарды қамтитын ұйымдастыру жобасын әзірлеу;
  7. жаңа өнім өндірісін экономикалық даярлау, оған бағаларды есептеу, өнім шығару бағдарламасын, аяқталмаған өндіріс көлемін жалпы және іске асырылған өнімдерді, кірістің үлестірілу бағыттарын (кіріс және шығыс балансы) және басқа да экономикалық көрсеткіштерді «Кәсіпорын экономикасы», және «Қаржы менеджменті» курстарының ұсыныстарына сәйкес есептеу кіреді.
  8. Логистика және маркетинг функцияларын алдын-ала белгілеу т.б.

         Жаңа өнім өндірісін кешенді дайындау жұмыстарын бұрын қаралған ұйымдастыру заңдарына сәйкес ғылыми тәсілдерді қолдана отырып (ең алдымен жүйелік) және үрдістерді ұжымды ұйымдастыру қағидаларын ұстама отырып жүргізу ұсынылады. Қағидалар-пропорционалдылық, үздіксіздік, параллельдік, мамандандыру, автоматтандыру, ырғақтылық т.б.

2.  Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкциялық жұмыстарды жүргізу функциялары. «Инновациялық менеджмент» курсында қаралады. ҒЗЖТКЖ өзі және өндірісті ұйымдастыру жұмыстары бір кәсіпорында орындалуы мүмкін. Бұл жағдайда жаңа өнімнің құжатталу сапасы мен оған сәйкес бәсекеге қабілетті өнім шығару жауапкершілігі кәсіпорынның (ұйымның) стратегиялық маркетинг және ҒЗТКЖ қызметтеріне жүктеледі. Жаңа өнімнің  жоба-конструкторлық құжаттама сапасын кіріс тексеру нысандары (түрлері) келесілер болуы мүмкін:

  1. жаңа өнімнің жоба-конструкторлық құжаттамасын құқықтық негіздемесіне, патент тазалығына, сертификатталуына, қауіпсіздігіне, техникалық және өзге де шешімдердің халықаралық құқық нормалары мен авторлық құқық пен интеллектуалдық меншікті қорғау жөніндегі ұлттық нормативтік актілерге (ҚР Азаматтық Кодексі, Авторлық құқық, Патенттік құқық т.б. қара) сәйкестігін тексеру;
  2. жаңа өнімнің жоба-конструкторлық құжаттарын ҒЗТКЖ сатысында стратегиялық маркетинг функцияларына сәйкес жұмыс жүогізілуін (нақты тұтынушылар тобының мұқтаждықтары мен құндық бағыт-бағдарын зерттеу); нарықты макро-және микросегменттеу; дайындаушының бәсекелік артықшылығын  және оның басымдыққа ие бәсекелестеріне болжам жасау; дайындаушы өндірісінің ұйымдық-техникалық деңгейін есептеу; жаңа өнімнің нақты  нарықтарда, нақты уақыттағы бәсеке қабілетілік деңгейін есептеу жөніндегі маркетингін тексеру;
  3. жаңа өнімнің кәсіпорынға келіп түсетін жоба-конструкторлық құжаттамасын сапасы мен ресурссыйымдылығы, кәсіпорын талаптарына бейімделуі тарапынан озақтылығын конструкторлық кіріс тексеру. Конструкторларға құжаттаманы (конструкцияны) дайындаушы кәсіпорын талаптарына бейімдеуге ұсыныс әзірлеу;
  4. жоба – конструкторлық құжаттардың өнімнің құраушы бөліктерінің технологиялылығы, үйлесімдігі және стандартталуы сәйкестігін, оның  конструкциялық-технологиялық элементтерінің сәйкестігін, қолданыстығы құрал-жабдықтар, саймандар және басқа да технологиялық жорақтандыру элементтерінің технологиялық қолдануға жарамдылық талаптарына сәйкестігін технологиялық тексеру (бақылау) (норма-бақылау);
  5. жаңа өнімнің жоба-конструкторлық құжаттаманы эргономикалық тексеруден өткізу, яғни дизайнын және эргономикалық көрсеткіштерінің халықаралық, ұлттық және зауыт талаптарына (стандарттарға) сәйкестігін саралау. Эргономикалық көрсеткіштер гигиеналық, антропетриялық, физиологиялық және психологиялық болып жіктеледі;
  6. жаңа өнімнің жоба-конструкторлық құжаттамасын экологиялық тексеру-бұл өнімнің экологиялық  көрсеткіштерін халықаралық ISO стандарттарының 14000 сериясына сәйкес экологиялық менеджмент  бойынша сараптау және бағалау, МАГАТЭ (Атомды энергия жөніндегі халықаралық агенттік), МЭК (Халықаралық электротехникалық комиссия) бойынша бағалау;
  7. Жаңа өнімнің жоба-конструкторлық құжаттамасын әлеуметтік-экономикалық тексеруге өндірісті әлеуметтік қамсыздандыру жектидей нормативтің болуын,  жобаның техника-экономикалық негіздемесін, жоба құнын есептеу, өндірісті технологиялық даярлауға қажетті ресурс түрлерін, өнімнің пайдалануын (қолдануын) және жойылуын, барлық экономикалық есептердің кешенділігі мен дәлдігін және басқа жұмыстарын бақылау;
  8. Жаңа өнімнің жоба-конструкторлық құжаттамасын психологиялық тексеруден өткізу-жаңа өнім түрін өндірудің ұйымдық-техникалық  схемасын таңдап алу және ұжымды өндірістік психология мен тұлға психологиясына қатысты ұсыныстар тұрғысынан жинақтау нормалары мен талаптары тұжырымдалған сапалы құжаттың болуын (ережелер, әдістемелеу, ұсыныстар, анықтамалар т.б.) тексеруден тұрады. Құжаттардың психологиялық кіріс бақылауы, бір жағынан, өнім өндіру технологиясымен конструкция ерекшелігін саралауға, ал екінші жағынан – осы ерекшеліктерге өндіріс бригадаларын  және жеке  жұмысшыны бейімдеу болып табылады. Еңбек заты, еңбек құралы және өндірістік  үрдіс параметрлерінің жеке тұлғаның психологиялық бейнесі параметрлерімен (темперамент, мінез, мотивация, зияткер т.б.) түйіндесуі-өндірістік аса маңызды құраушысы болып есептеледі, дегенмен ол іс жүзінде тым сирек ескеріліп жатады;
  9. Жаңа өнімнің жоба-конструкторлық құжаттамасын ондағы жұмыс орнында, цех ішінде жоғары деңгейде ұйым (өндірістік жайлардың эргономдылығы, ас ішу және демалу орындары болуы, коммуникациялық байланыстар т.б.);
  10. Жаңа өнімнің жоба-конструкторлық құжаттамасын ұйымдастырушылық тексеру, оның ішіне ұйымдастыру жоспарсыз басы болуын, өндірістік үрдістердің кеңістікпен уақыт бойынша өту нормалары мен нормативтері болуын, өндіріс үрдістерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды (цилограммалар, желілік модельдер, кестелер) тексеру жұмыстары кіреді.

         3.      Ұйым деңгейінде өндірістің ұйымдық-техникалық дамуы технологияны, өндірістің ұйымдастырылуын, еңбек және басқаруға жетілдіру жөніндегі инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру арқылы жүреді. Ғылыми-техникалық прогресс пен инновациялық саясат нәтижелері өндірістің ұйымдық техникалық деңгейінен (ӨҰТД)  көрінеді, ол инновациялық саясаттың нәтижелілігімен және технология  мен үрдістерді-ұйымдастыру жүйеге кіру талаптарына сәйкестік дәрежесімен анықталады. Егер кіру сапасы – қосалқы бұйымдардың, шикізат, материалдардың, жоба-конструкторлық құжаттарын, ақпараттың және басқа да компоненттерінің – бәсекеге қабілеттілік талаптарына сәйкес келсе, онда жүйенің кіруін шығуға түрлендіру үрдісінің сапасы да жоғары болуы тиіс.

         Мысалы, егер «кіру» сапасы «өте жақсы» деп бағаланған болса, яғни бәсекеге қабілеттілік талаптарына жауап беретін болады, ал «үрдіс» сапасы – «қанағаттанарлық» болса, онда ол «шығуда» да «қанағаттанарлық» болады.

         Инвестор «кіру» сапасын арттыруға айтарлықтай қаржысын шығындағанмен, «шығуда» қалаулы нәтижені ала алмайды, себебі технология және үрдістерді ұйымдастыру «кіруді» сапалы түрде шамасы жетпейді. Басқа бір жағдай: технология және үрдістерді ұйымдастыру бәсекеге қабілеттілік талаптарына сай келуі, алайда «кіру» сапасы, мысалы тауардың конструкторлық құжаттарындағы сапа және ресурс сыйымдылық көрсеткіштер бәсекеге қабілетсіз, демек «нығу» сапасы да бәсекеге қабілетсіз болып шығады. Бұдан шығатын қорытынды: кіру және жүйе ішіндегі үрдістің сапалық деңгейін бірдей етіп (пропорционалды) қамтамасыз ету қажет (сыртқы немесе ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс).

         Кешенді көрсеткіштер бойынша ұжымның болашаққа бағдармаға, стратегиялық мақсаттарға жұмыс істеу тиімділігін бағалайды. Егер стратегиялық мақсаттар ұйымын имиджіне, ұйымдық-техникалық саясатына жауап беретін болса, онда тактикалық міндеттер де жүйеге кіру талаптарына, нақты нарықтық талабына сәйкес болады.

            Өндірістің техникалық деңгей көрсеткіштеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • өндірісті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі (негізі және қосымша жұмысшылар санының  (автоматтарды бақылап және машиналар көмегімен жұмыс істейтін) негізі және қосымша жұмысшылардың жалпы санына қатынасы);
  • технологиялық үрдістердің озықтылық деңгейі  ( озық жетілдірілген үрдістер санының ресми әдістемелер бойынша олардың жалпы санына қатынасы);
  • технологиялық үрдістердің орташа жасы;
  • технологиялық жабдықтардың орташа жасы;
  • фирма қызметкерлерінің қор жарақтануы (негізгі  өндірістік қорлардың белсенді бөлігі құнының фирмадағы барлық қызметкерлер санына қатынасы).

Өндірістің ұйымдастыру деңгейі н сипаттайтын көрсеткіштер:

  • өндірістің мамандану деңгейі (мысалы, профильді өнімнің жылдық көлем құнының осы кезең ішінде өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы).
  • өндірістің ұжымдастырылу деңгейі (қосалқы бұйымдардың жылдық көлемінің сол кезең ішінде өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы).
  • технологиялық жабдықтың жұмыс аусымдылық коэффиценті.
  • фирманың штаттық кестесінің жинақтылығы, %;
  • фирма қызметкерлер санындағы негізгі өндіріс жұмысшыларының меншікті үлесі,%;
  • жыл ішіндегі кадрлар аққыштығы көрсеткіші, %;
  • жұмыс уақытының шығындалуы, %;
  • жарақаттану жиілігі коэффиценті (көрсеткіш) (статистикалық есеп бойынша);
  • жеке өндірістік үрдістердің қуаты жағынан пропорционалдық коэффицент» (көрсеткіш);
  • өндірістік үрдістердің үздіксіздік коэффиценті.
  • өндірістік үрдістердің параллельдік коэффиценті;
  • өндірістік үрдістердің нақ дәлділік коэффиценті;
  • өндірістік үрдістердің ырғақтылық коэффиценті;

4. Халықаралық статистика тәжірибесіне сәйкес жаңа тхнологиялар және оларды эксперименттік тексеру ҒЗТКЖ құрамына кіреді. Алайда өндірісті технологиялық дайындау құрамына сонымен қатар ресурстарға деген мұқтаждықты мөлшерлеу, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру әдістерін әзірлеу жұмыстары,, капиталдық құрылыс (инвестициялық іс-әрекет) та кіред, олар ҒЗТКЖ салыстырғанда 3-10 есес артық шығындарды қажет етеді. Сол себепті өндірісті технологиялық даярлау тақырыппен жек бөліп қарастырған дұрыс.

Ғылыми-техникалық үдерістің қазіргі заман кезеңі еңбек заттарын негізінен механикалық өңдеу түрінен көп алуан түрлі материя қозғалыстарын, әсіресе, физикалық, химиялық, биологиялық үрдістердің формаларын кешенді түрде пайдалануға көшумен байланысты технологиялық төңкеріспен сипатталады.

Технология операциялардың орындалу ретін ғана емес, соған қоса еңбек заттарын таңдап алу, оларға ықпал ету құралдарын, өндірісті жабдықпен, құрылғылармен, құрал-сайманмен және бақылау құралдарымен жарақтандыру түрлерін, өндірістің тұлғалаық және заттық элементтерін уақыт пен кеңістікте орайластыру амалдары, еңбектің құрамы т.б. бекітеді. Мүлдем жаңа технологияларды игеру-жаңа еңбек құралдары мен еңбек заттарын тиімді түрде пайдаланудың әрі себебі, әрі салдары болып табылады. Мұның себептері мынандай:

  1. Мұнда сөз операциялардың әрі қарай бөлшектене түсу бағытында ғана дами алатын дискреттік (үзілісті) көпоперациялық үрдістерден (демек, бірқалыпты, тиімсіз) аз операциялық өндірістік үрдістердің өті жайлы болып отыр.
  2. Еңбек заттарын механикалық түрде өңдеу үзіліссіз үрдістерге орын береді: дірілді өңдеу, ұнтақ металлургиясы, дәл пластикалық деформация, құйылатын күлгі –қалыптармен дәл құйма жасау, ортаға тартқыш күш, қысым астындағы штамптау т.б.
  3. Жартылауй өнімдерді толығымен өңдейтін тұйық, технологиялық сызбанұсқаларға (қалдықсыз технология) өту басталады.
  4. Технологияда жиі экстремалды жағдайлар пайдаланылады: өте төмен немесе өте жоғары температура мен қысым, терең вакум, импульсті-жарылыс әдістері, ядролық сәулелену т.б. Плазмалық технология жаңа материалдар алуға, олардаң құрамы қасиеттерін өзгертуге, ал радиация-кабельдер мен электрлі оқшаулағыштардыполимерді түрлендіруге қолданылады.
  5. Жаңа технологиялар, әдетте, электр энергиясын тек қозғаушы күш ретінде ғана емес сонымен қатар, еңбек заттарын тікелей өңдеу үшін де –электрохимиялық, электрофизикалық (лазерлік, электроұшқынды, электропульсті, электримпульсті, электроконтактіл), жоғары жиілікті токтарда тікелей өңдеуге пайдаланылады. Жоғары энергияны электрондық шоқтары материалдардың термотөзімділігін арттыруға, еріткісіз бояуларға, бір сәтке полимерлеуге, ағын суларды залалсыздандыруға пайдаланады. Лазерлік технология детальдарды дәнекерлеу, кесу, термоөңдеу,  қатайту үшін, ойықтар жасауға, байланыссыз бақылауға т.б.т пайдаланылады.
  6. Озық технологиялар тән әмбебабтық қозғалмалы механикалық агрегаттары бар машиналарды көп түріне пайдаланудан біріңғай аппараттарға, электр күшін материал өңдеудегі әмбебеп құрал ретінде пайдалануға көшумен байланысты.
  7. жаңа технологиялар көбінше салааралық сипатқа ие болып келеді. Металлургияда да, машина жасау саласында да пластикалық деформация, шестерня прокатын, осьтерді, біліктерді, шарларды, төлкелерді, роликтерді, бұрғылырды тағы басқа қатаң штамптау қолданылады.

 

6. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық өнеркәсібіндегі инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері

 

1. Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметтің түпкі нәтижелері - өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі, жоғары технологиялы өнім көлемі - елдің экономикалық қуатын айкындайтын болғандыктан, оған басты рөл беріледі.

Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге, өңдеуші өнеркәсіптегі жаңа қайта бөлістерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек.

Инновациялық дамудың базалық үлгісі негізінде ішкі (өсіру) және сырткы (трансферт) инновация көздерінің арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсіру стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке зерттеулерге негізделген өзіндік техиологияларын белсенді жетілдіретін алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансферті стретегиясы іргелі және қолданбалы жеке әзірлемелері жоқ және бұл мақсаттарга арналған ресурстары шектеулі елдерде де іске асырылады.

Жаңалық - бұл қандай да бір іс-әрекет аясында жүргізілген іргетасты, қолданбалы зерттеулер мен талдамалардың рәсімделген нәтижесі және ол осы іс-әрекеттің ғылыми  мен техника жетістіктерін тәжірибеліәк, нарықтық тұрғыда пайдаланудың аралық қортындысы болып табылады. Жаңалық нарықта тұтынылатын жаңа өнімге айналған соң, соңғысы жаңарту (инновация) болады. Осылайша, қазіргі заманғы инновация теориясында «жаңарту» және «инновация» терминдерін бір-бірінен ерекшелеп бөлмейді, олар - синоним сөздер. Егер жаңарту деп жаңалықтың алғашқы рет қолдануын айтатын болсақ,  инновация деп жаңалықты жаппай қолдануға кірісуді айтамыз.

Заңнама бойынша «инновация – нарықта сатылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім, іс жүзінде пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс түріндегі ең соңғы нәтижесі». Алайда кез келген жаңарту серпілістікке әкеле бермейді. Ол орынды түрде таралған жағдайда ғана бұл жаңалықтың қоғамдық өндіріс пен даму үшін инновациялық мәні бар деп айтуға болады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде де инновацияға ғылыми-техникалық серпілістіктің жаңа өнімдер мен технологияларда шынайы көрініс тапқан түрленуі деген анықтама берілуі де кездей соқ емес.

Сонымен, «инновация – бұл бір мезгілде екі бірдей әлемнің, атап айтқанда, техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы.  Өзгеріс тек технология деңгейінде қатысты болғанда Шумпетер оны өнертабыс деп, ал өзгеруге бизнес араласса, онда ол инновация болып табылады дейді.

Инновация түрлері. Инновациялық іс-әрекетті басқару оны ұзақ уақыт бойы зерттеген жағдайда ғана табысты болмақ, бұл оларды іріктеп, керегін пайдалану үшін қажет. Сол себепті, инновация жайла айта отырып, оны ең алдымен дұрыстап саралап алу қажет. Инновацияны саралаудың көптүрлі әдістері бар. 7.1 кестеде кеңіне таралған саралау түрлері келтірілген.

7.1-кесте. Инновацияның саралануы

 

Белгілері

Инновация түрлері

1. Енгізілген өзгерулердің тереңдігіне қарай

Радикалдық (немесе түп нұсқалы), Жақсартушы, Жалған инновация

2. Технологиялық көрсеткіштері бойынша

Өнімдік, Үдерістік

3. Нарық үшін жаңалық түрлері бойынша

Әлемдік сала үшін жаңа, Ел ішіндегі сала үшін жаңа, Осы кәсіпорын үшін жаңа

4. Орнын басушылығы бойынша

Орнын басушы, Күнін жоюшы, Кеңейтуші

5. Қамту аймағы бойынша

Жергілікті, Жүйелік, Стратегиялық

6. Нарыққа шыққан уақыты бойынша

Көшбасшы-инновациялар, Ізбасар-инновациялар

 

Өнімдік инновация. Өнімдік инновация өндіріске немесе нарыққа технология жағынан жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді ендіруді қамтиды. Технологиялық жаңа өнім  (радикалды өнімдік инновация) – бұл технологиялық сипаттамалары (қызметтік белгілері, құрылмасының орындалуы, сондай-ақ пайдаланатын материалдар мен құрамдастары) немесе пайдалану ұсынысы мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылғанұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновация мүлдем жаңа технологиямен немесе бұрынғы технологияны жаңа қырынан пайдалануға негізделеді.

Үдерістік инновация. Үдерістік инновация технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп, ендіріуді қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа өндірістік құрал-жабдықты, өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалануға, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлеу нәтижелерін пайдалануға негізделуі мүмкін. Мұндай инновациялар, әдетте, өндіріс тиімділігін арттыруға немесе өндіріске шығарылып жатқан өнімді беру, ал кей жағдайда қарапайым өндірістік әдістермен өндірілуі мүмкін болмайтын технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнім өндіруге немесе беруге бағыттталады.

2. Негізгі өнім бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу (ҒЗТКЖ) «Инновациялық менеджмент» курсында оқытылады. «Өндірісті ұйымдастыру» курсында ҒЗТКЖ негіздері екі себептен қарастырылады.

Біріншіден, ҒЗТКЖ сапасы дайындаушы – кәсіпорынның бәсекелік қабілетін көрсетеді және кіріс құжаттарын тексеру сапалы жүргізілуі үшін өндірісті ұйымдастырушылар тексеру (бақылау) нысаны мен затын жақсы білуі тиіс. Екіншіден, жаңа өнім өндірісін кешенді даярлау кезеңінде стандарттан ерекше технологиялық жабдықтың жобасы және дайындалуы жүргізіледі.

ҒЗТКЖ басты міндеттері: 1) табиғат пен қоғамды дамытуда, оларды қолдану салалары жайлы жаңа білімдер жинақтау;

2) стратегиялық маркетинг сатысында жасалған ұйым тауарының бәсеке-қабілеттілік норматвитерін өндіріс саласында материалдандыру мүмкіндігін теориялық және тәжірибелік тұрғыда тексеру;

3) жаңашылдықтар мен инновациялар портфелін іске асыру аталған жұмыстарды жүзеге асыру ресурстарды пайдалану тиімділігін, ұйымның бәсекелік қабілетін, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

ҒЗТКЖ негізгі қағидалары: а) бұрын қарастырылған ғылыми тәсілдер, қағидалар, менеджмент әдістері мен функцияларын кез-келген қиындықты шешу кезінде орындау оқтайлы басқарушылық шешімдер жобасын әзірлеу.

Өндірістің техникалық деңгей көрсеткіштеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • өндірісті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі (негізі және қосымша жұмысшылар санының  (автоматтарды бақылап және машиналар көмегімен жұмыс істейтін) негізі және қосымша жұмысшылардың жалпы санына қатынасы);
  • технологиялық үрдістердің озықтылық деңгейі  ( озық жетілдірілген үрдістер санының ресми әдістемелер бойынша олардың жалпы санына қатынасы);
  • технологиялық үрдістердің орташа жасы;
  • технологиялық жабдықтардың орташа жасы;
  • фирма қызметкерлерінің қор жарақтануы (негізгі  өндірістік қорлардың белсенді бөлігі құнының фирмадағы барлық қызметкерлер санына қатынасы).

Өндірістің ұйымдастыру деңгейі н сипаттайтын көрсеткіштер:

  • өндірістің мамандану деңгейі (мысалы, профильді өнімнің жылдық көлем құнының осы кезең ішінде өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы).
  • өндірістің ұжымдастырылу деңгейі (қосалқы бұйымдардың жылдық көлемінің сол кезең ішінде өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы).
  • технологиялық жабдықтың жұмыс аусымдылық коэффиценті.
  • фирманың штаттық кестесінің жинақтылығы, %;
  • фирма қызметкерлер санындағы негізгі өндіріс жұмысшыларының меншікті үлесі,%;
  • жыл ішіндегі кадрлар аққыштығы көрсеткіші, %;
  • жұмыс уақытының шығындалуы, %;
  • жарақаттану жиілігі коэффиценті (көрсеткіш) (статистикалық есеп бойынша);
  • жеке өндірістік үрдістердің қуаты жағынан пропорционалдық коэффицент» (көрсеткіш);
  • өндірістік үрдістердің үздіксіздік коэффиценті.
  • өндірістік үрдістердің параллельдік коэффиценті;
  • өндірістік үрдістердің нақ дәлділік коэффиценті;
  • өндірістік үрдістердің ырғақтылық коэффиценті;

Аталған ӨҰТД факторларын тактикалық басқару оны арттыру кездерін табуға мүмкіндік береді. ӨҰТД факторларын стратегиялық түрде басқаруды жүзеге асыру үшін олардың келешектегі өзгеруін болжап отыру қажет. Алынған ӨҰТД жеке, жалпылама және кешендікөрсеткіштері олардың озықтылығын сараптауға, ӨҰТД деңгейін көтерудегі осал орындарды табуға және стратегиялық болжамдауға пайдаланады.

 

7. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық кәсіпорынның өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру

 

1. Өнім сапасының сипаттамасы. Өнімнің сапасы – бұл өнімнің түріне байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын көрсететін өнім қасиеттерінің жиынтығы (ГОСТ 15467-79). ISO 8402. Халқаралық стандартына сәйкес, сапа нысанның (қызмет немесе үрдістің, өнімнің т.б.) қабілетіне қатысты сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Функционалдық көрсеткіштер. Функционалдық көрсеткіштер өнімнің берілген қажеттіліктерді қанағаттандыруға функционалдық тұрғыдан жарамдылығын анықтайтын қасиеттерін сипаттайды. Олар функционалдық жарамдылық (қажеттілік, сенімділік, эргономдылық және үйлесімділік көрсеткіштерін біріктіреді.

Функционалдық жарамдылық/қажеттілік көрсеткіштері. Функционалдық жарамдылық/қажеттілік көрсеткіштері өнімнің техникалық мәнін, оның қызметіне қарай берілген ортада өз қызметін атқара алу қабілетін білдіретін қасиеттерін сипаттайды (мысалы, бірлік көрсеткіштер – жүккөтерімділік, сыйымдылық және су өткізбеуді, кешенді көрсеткіштер - калориялығын, өнімділігін т.с.с.).

Сенімділік көрсеткіштері. Өнімнің сенімділік көрсеткіштері оның уақыт ағымымен (қойылған шекаралығында) берілген режимдер мен қолдану шартын, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау және тасымалдау шарттарын сақтаған жағдайда барлық берілген сапа көрсеткіштерін сақтап қалуын сипаттайды. Бірлік сенімділік көрсеткіштеріне ақаусыздық, жөндеуге жарамдылық, шыдамдылық және сақтамдылық қасиеттері жатады. Сондай-ақ, сенімділік кешенді көрсеткіштермен де сипатталуы мүмкін, яғни бірнеше қасиеттерін, қамтамасыз ете алатын (ақаусыздық және қайта қалпына келу қасиеті). Сенімділік көрсеткіштері өнімнің функционалдық көрсеткіштері анықтайтын сипаттамасын толықтыра түседі.

Ақаусыздық көрсеткіштері техникалық жағынан күрделі тауарлардың (фотоаппарат, киноаппараттар, теледидар, кір жуу машинасы және т.б.) белгілі бір уақыт бойы жұмысқа жарамдылығын (мысалы, техникалық пайдалану коэффициенті) сипаттайды.

Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері. Өнімнің ақауын анықтап, алдын алуға бейімділігін сипаттайды (мысалы, жөндеудің орташа ұзақтығы және техникалық қызмет көрсетудің орташа қиындығы).

Шыдамдылық (ұзақмерзімділік) көрсеткіштері өнімнің әрі қарай пайдалану мүмкін болмағанша немесе пайдалану тиімділігінің тым құлдырайтын шекке жеткенге дейін жұмысқа жарамдылығын сақтау қасиеттерін сипаттайды. Шыдамдылық үлгісі ретінде жабдықтың орташа қызмет мерзімін және орташа қорын келтіруге болады.

Қалпына келу көрсеткіштері – материал немесе бұйымның сақтау және тасымалдаудан соң қалпына келу қасиетін сипаттайды. (мысалы, берілген сапа көрсеткіштерінің мәніне қайта жету уақыты және қалпына келу деңгейі – қалпына келтірілген бұйымның (өнімнің) сапа көрсеткіш мәнінің бастапқыда берілген сапа көрсеткіші мәніне қатынасады).

Сақтамдылық көрсеткіштері өнімнің (бұйымның) ақаусыз және жұмысқа жарамды күйін немесе материялдың сақтау барысында, сақтаудан және тасымалдаудан кейін тұтынуға жарамды күйін сақтап қалу қасиетін сипаттайды (жарамдылық мерзімі, кепілдік мерзімі және т.с.с.).

Өнімнің эргономдылық көрсеткіштері. Бұл топтағы көрсеткіштер өнімнің өндірістік және тұрмыстық үрдістердегі «адам – зат/бұйым – орта» жүйесінде қолдануға қолайлылығын, жайлылығын сипаттайды. Аталған топқа гигиеналық антропометриялық, физиологиялық, психофизиологиялық психиологиялық шағын топтар кіреді.

Гигиеналық көрсеткіштер – бұл пайдалану барысында адамның ағзасына, жұмысқабілеттілігіне әсер ететін бұйым немесе олардың құрылымдықэлементтерінің сапалық көрсеткіштері (жарықтандыру деңгейі, желдетілу, температура, ылғалдылық, гигроскопиялық, шаң-тозаң, шу, діріл деңгейі т.б.).

Антропометриялық көрсеткіштер – бұл өнімнің және оның құраушы элементтерінің адам денесінің өлшемін, қалыбын және салмағын ескеру арқылы ұтымды да ыңғайлы жұмыс ыңғайын, денені дұрыс ұстауды қамтамасыз ететін көрсеткіштер.

Физиологиялық және психофизиологиялық сапа көрсеткіштері адамның жұмыс қимылының көлемі мен жылдамдығына, көру, есту, сезу, дәм сезу және иіс сезу ақпараттарына әсер етеді.

Оған өнімнің адамның көру, есту, сезіну, жылдамдық, энергетика және психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкестік көрсеткіштері жатады.

Психологиялық көрсеткіштер – «адам-бұйым» жүйесінде ақпарат алмасуына қатысатын сапа көрсеткіштері – адамның түрлі машықтарды жылдам әрі жеңіл игеруіне әсер етеді және берілген бұйымның көмегімен ақпаратты қабылдау және өңдеу қабілетінің көлемі мен жылдамдығына да ықпалын тигізеді. Оған бұйымның адамның бекіткен және жаңадан қалыптастырып отырған машықтарына, оның ақпаратты қабылдау және өңдеу мүмкіндіктеріне сәйкестік көрсеткіштері жатады.

Өнімнің үйлесімділік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер өнімнің адамға деген үйлесімдік әсерін сипаттайды және оның үйлесімділік құнын бағалау, нақты тұтыну ортасында қандай да бір тұтынушылар тобының эстетикалық сұраныстарына сәйкестік деңгейін көрсетеді. Ол өз ішінде көркемдік айқындық, қалыптың оңтайлылығы, композиция тұтастығы, өндірістік жетік орындалуы және тауарлық түрінің сақтаулы секілді топшаларға бөлінеді.

Көркемдік айқындық - өнімнің формасында эстетикалық ұғымдар мен нормаларды бейнелеу қасиетін көрсетеді. Көркемдік айқындық әлеуметтік маңызды ақпаратты көркем кейіпте берілуінен көрініс табады; берілген өнімді сол қатарлы өзге өнімдерден форма жағынан ерекшеленуінде; көркемдік айқындық әдістері мен құралдарының ортақтығын сипаттайтын формаларда (стильдік сәйкестік); басым эстетикалық талғамдар ортақтығын көрсететін сыртқы түр келбетінде (сән бағытына сәйкестік)

Қалыптық оңтайлылығы өнімнің формасының оны пайдалану шарттарына сәйкестігіне, сондай-ақ өнімнің функционалдық-конструкторлық мәнінің берілуін көрсетеді. Форманың тұтастығы бұйымның формасының оның арналған қызметіне, конструктивтік шешімдер мен қолданылатын материалдарға сәйкестігінен (функционалдық-конструктивтік шарттама) адам іс-қимыл формасының бұйымға сәйкестігінен (эргономикалық шарттама) көрінеді.

Композиция тұтастығы – бұйымның тұтас және әр бөлігінің үйлесімді бірігуін, оның басқа бұйымдармен сәйкес келуін анықтайды. Өнімнің композициялық тұтастығы кәсіби-көркемдік құралдарды композициялық шешім шығаруға пайдалану тиімділігін анықтайды және форманың жалпы кеңістіктегі формасын (көлемдік-кеңестік құрылым) құруда, конструкциялар мен материялдардың көркем ойлауда (тактопиялық), форма көлемі, жазықтығы мен кескіннің өзара түрленуінде (пластикалық), түстер үйлесімі мен материалдың декоротивтік (сәндік) қасиеттерін пайдаланудың өзара байланысуында (колорий және декоративтік) көрініс табады.

Өнімнің өндірісте жетік орындалуы және тауарлық түрін сақтауы өнімнің формасын эстетикалық қабылдау ерекшеліктеріне ықпал етеді. Өндірістің жетік орындалуына жекелеген элементтердің сырт пішінін, доғалығын және қосылыстарын аса ұқыпты орындау арқылы (сырт пішін мен қаңқалардың ұқыпты орындалуы), сыртқы беттің мұқият өңделуі мен жабылуы арқылы (жабу мен өңдеу ұқыптылығы), фирмалық белгілер мен сілтемелердің және ерме құжаттар мен ақпараттық материалдардың мүлтіксіз орындалуы (белгілер мен ерме құжаттардың мұқият орындалуы), форма элементтері мен беттерінің зақымданудан, сырылудан және декоротивтік жабындарының өзгеріске ұшыраудан сақталуы (зақымдарға тұрақты) арқылы қол жеткізеді.

Келтірілген үйлесімділік көрсеткіштерінің әрбір құраушы топтарын осы топшалардың әрбіріне тән қасиеттерінің бірлік көрсеткіштерін қамтитын бір ғана кешенді сапа көрсеткішімен сипаттауға болады. Мұндай көрсеткіштер әдетте эксперттер бұйымның жекелеген немесе біріккен қасиеттерін бағалайтын балл ретінде беріледі. Сол секілді тұтас өнімнің кешенді үйлесімдік көрсеткішін де шығаруға болады. Бір қатар жағдайларда өнімнің тұтас үйлесімділігін бағалау ол өнім жайлы жалпы әсерді құрамдас бөліктерге бөлмей-ақ алынады: атаулар шкаласы бойынша (тартымды, айқын, оғаш); реттік шкаласы бойынша (әдемі, талғаусыз, сұрықсыз т.с.с.), баллдық бағалау арқылы (өте жақсы – 5, жақсы – 4, қанағаттанарлық – 3, қанағаттанарлықсыз – 2,  өте нашар – 1 және т.с.с).

Қор жинақтаушы көрсеткіштер.

Қор жинақтаушы көрсеткіштер өнімді өндіру және оны қолдану барысында шығындалатын қорлар деңгейін анықтайтын қасиетін сипаттайды. Бұл топқа технологиялық және қор жұмсау көрсеткіштері топшалары кіреді.

Технологиялық көрсеткіштері. Технологиялық көрсеткіштері өнімді өндіруге және (немесе) оны тұтынуға (пайдалануға) қажетті шикізат, материалдар, отын, еңбек және уақыт мөлшеріне әсер ететін өнім құрамы мен құрылу ерекшеліктерін сипаттайды. Технологиялық көрсеткіштері өндіріс саласында өнімнің конструктивтік және технологиялық белгілеріне қарай ұтымды және сабақтас болуын көрсетеді (құраушы бөліктер, жұмсалатын материалдар, құрылымдық композиция т.б). Мұндай көрсеткіштерге бұйым конструкциясының жинақталу, материалдар қайталануы, өзара ыңғайласуы және бірін-бірі алмастыруының бірлік көрсеткіштері жатады. Сандық бағалау үшін кешенді қорсыйымдылық көрсеткіштері пайдаланылуы мүмкін.

Шығын түрлерін нақтылау кезінде (металл немесе ағаш, тоқыма немесе пластмасса, отын немесе энергия т.б) сәйкес көрсеткіштер пайдаланылады (материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы т.с.с.). Қолдану саласындағы технологиялылық көрсеткіштері өнімді пайдалануға дайындау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сақтау, тасымалдау және жоюға қажетті еңбек, материал, отын, энергия және уақыт шығындарын сипаттайды. Мысалы, бұйымға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеуге жұмсалатын еңбек шығыны: өнімді сақтау немесе жоюға жұмсалатын энергия шығыны т.с.с.

Қор жұмсау көрсеткіштері. Өнімнің қор жұмсау көрсеткіштері оны тікелей қызметіне сәйкес пайдалану барысында жұмсалатын материал, отын, энергия және еңбек пен уақыт шығындарын сипаттайды. Қор жұмсауды сан жағынан бағалау үшін жұмсалатын қор түрін нақтылап алып, тиісті көрсеткіштерді, пайдалану қажет (мысалы, отын шығыны, майлар т.б). Қор жинақтаушы әрбір топқа, бірлік көрсеткіштермен заттар кешенді көрсеткіштер де кіруі мүмкін. Олар тиісті жұмыс түріне жұмсалған және белгілі бір уақыт бөлігі ішінде өнімнің бірлігіне немесе партиясына шаққан құнын көрсететін, бүкіл қор шығындарының жиынтығын көрсетеді.

Табиғатты қорғау көрсеткіштері. Өнімнің табиғатты қорғау көрсеткіштері оның адамға, қоршаған ортаға әсер етуіне байланысты қасиеттерін сипаттайды. Олар 2 көрсеткіш тобына бөлінеді – қауіпсіздік және экологиялық.

Қауіпсіздік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіш өнімді тұтыну немесе пайдалану, тасымалдау, сақтау және жою кезіндегі адамның қауіпсіздікте болуын қамтамасыз ететін ерекшеліктерін сипаттайды. Өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері оларды сипаттайтын қасиеттерінің біріңғайлығы және қауіптар түрлерін ескере отырып топтастырылады. Қауіп түрлері: жарақат алу қауіпі, өрт қауіптілігі, жарылыс қауіпі, химиялық, биологиялық қауіптілік, өнімнің залалды сәуле шығару қауіптілігі. Тәжірибе жүзінде қауіпсіздік негізінен бірлік көрсеткіштермен сипатталады.Оларға бұйымның механикалық беріктігі, пластикалығы, қатаңдылығы, материал тұтқырылығы, иондық сәуле шығарудың шектік деңгейі т.б жатады.

Экологиялық көрсеткіштері. Экологиялық көрсеткіштері өнімді өндіру, монтаждау, тұтыну немесе пайдалану, сондай-ақ оны сақтау мен жою кезіндегі қоршаған ортаға берілетін зиянды әсерлерімен байланысты қасиеттерін сипаттайды, және келесілерді анықтайды:

  • қоршаған ортаға шығарылатын қауіпті және зиянды химиялық шығындылар деңгейі;
  • қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттар, газдардың меншікті концентрациясы;
  • қоршаған ортаға акустикалық әсерін;
  • электромагнитті, радиациялық және басқа да сәулелер деңгейін;
  • өнімді сақтау, тасымалдау, жою немесе пайдалану кезінде зиянды ыдырау өнімдерінің пайда болу қасиетін;
  • зиянды заттардың жер қойнауында, суда, өсімдік және жануарлар отбасында, адам ағзасында жинақталу қабілеті т.б.

2. Стандарт – ағылшын тілінен аударғанда «мөлшер», «мөлшерлеме», «үлгі» дегенді білдіреді. Стандарттау – бұл төменде келтірілген талаптарды орындауға арналған нормалар, ережелер мен сипаттамалар (бұдан әрі – «талаптар») бекіту іс-әрекеті:

  • өнім, қызмет, жұмыстың (стандарттау нысандарының) адам өмірі мен денсаулығы, мүлкі, қоршаған орта үшін қауіпсіздігі;
  • өнімнің техникалық және ақпараттық ыңғайластығы, санымен қатар, өзара алмасушылығы;
  • өнім мен қызмет түрінің ғылым мен техника, технология дамуына сәйкес сапасы;
  • өлшеулер бірыңғайлығы;
  • барлық қор түрлерінің үнемделуі;
  • табиғи және техногендік аппараттар мен өзге де шұқыл жағдайлардың пайда болу қаупін ескере отырып, шаруашылық субъектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • елдің қорғанысқа дайындығы мен мобилизацияға әзірлігі.

ҚР «Стандарттау туралы» Заңы стандарттау саласындағы негізгі ережелер, қағидалар, ұғымдар мен стандарттау жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекітеді . Бұл ережелер барлық мемлекеттік басқару органдары, ведомстволық және меншік түріне, байланыссыз барлық шаруашылық субъектілері үшін (соның ішінде кәсіпкер азаматтар үшін де), сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер үшін бірдей ортақ болып табылады. Кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің өзара және мемлекеттік орындармен қарым-қатынас жасауы мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандартымен бекітіледі.

Стандарттау нысандары болып табылатын өнім, жұмыс (үрдіс), қызмет түрлері кез-келген материал, компонент, жабдық,жүйе, ереже, процедуру, функция, әдіс немесе іс-әрекетке қатысты.

Халықаралық (аймақтық) стандарт – халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған стандарт. Халықаралық сауда және халықаралық әріптестіктің дамуы халықаралық (аймақтық) стандарттауды әзірлеп, кеңінен қолдану қажеттігін туындатады. БҰҰ шешімімен 1946ж. Басшы қызметі халқыаралық стандарттар әзірлеу және стандарттауды дамытуға қолдау көрсету болып табылатын Халқыаралық стандарттау ұйымы (ИСО) құралады. Стандарттау жұмысымен сонымен қатар Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК), Халықаралық метрологиялық заң шығару ұйымы (МОЗМ). Еуропалық сапа ұйымы (ЕОК), салық зертханаларын аккредитациялау жөніндегі Халықаралық конференция (ПЛАК), электротехникадағы стандарттау жөніндегі Еуропалық комитет (СЕНЭЛЕК), Еуропалық сынақ және сертификаттау шұғылданады.

Мемлекетаралық стандарт (ГОСТ) – бұл стандарттау, және метрология бойынша ымыралы саясат жүргізу туралы келісімге қосылған мемлекеттер қабылдаған стандарт. Мемлекетаралық стандарттар аймақтық типтегі стандарттар болып табылады.

Сала стандарты – бұл мемлекеттік басқару органының өз өкілеттілігі шеңберінде қабылдаған стандарт.

Кәсіпорын стандарты – кәсіпорын бекіткен стандарт.

Ғылыми техникалық инженерлік қоғам стандарты – бұл ғылыми-техникалық инженерлік қоғам немесе өзге қоғамдық бірлестік қабылдаған стандарт.

Стандарттау нысанының ерекшелігіне және оған қойылатын талаптардың мазмұнына қарай стандарттар келесі түрге бөлінеді:

  • негізгі құраушы стандарттар;
  • өнімге (қызметке) қойылатын стандарттар;
  • жұмысқа (үрдіске) қойылытын стандарттар;
  • бақылыу әдістеріне (сынау, өлшеу, сараптау) қойылатын стандарттар.

Салааралық мәні бар өнімге (жұмысқа, қызметке) мемлекеттік стандарттар жасалады.

Сертификаттау – бұл үшінші мемлекет өкілеттік берген тарап берілген өнім, үрдіс немесе қызметтің бекітілген тараптарға (ИСО/МЭК) сәйкестігіне жазбаша түрде кепіл беру процедурасы.

Өнімді сертификаттау - өнімнің бекітілген талаптарға сәйкестігін растау іс-әрекеті. Сертификаттау міндетті немесе ерікті сипатқа ие бола алады. Міндетті сертификаттау өнімнің сапасын объективті түрде қадағалау, сондай-ақ өнім қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау құралы болып табылады. Ерікті сертификаттау бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол ашады.

Сертификаттау нысандарына өндірістік-техникалық мәні бар өнім, халықтық тұтыну тауарлары, кәсіпорынның халыққа көрсететін қызметі, сапа жүйелері, өзге де нысандар жатады. Импорттық тауарлар да сертификаттауға жатады, және негізінен сертификаттау өнім өндірушіде жүргізіледі (келісімаралық сертификаттау және сапа жүйелерін сертификаттау). Қандай да бір топтағы өнімді сертификаттаудан өткізу үшін кәсіпорындар мен мекемелер сертификаттау жүйелерін құрады. Сертификаттау жүйесіне меншік түріне тәуелсіз кәсіпорын, мекеме және ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер де кіре алады. Сертификаттау жүйесіне біртекті өнімді сертификаттаудың бірнеше жуйесі енуі мүмкін. Осылайша, сертификаттау жүйесі дегеніміз – бұл осы жүйеде белгіленген ережелерге сәйкес сертификаттауды жүзеге асыратын сертификаттауға қатысушылар жиынтығы.

Біртектес өнімді сертификаттау жүйесі – бұл сертификаттау үшін бірдей стандарттар мен ережелер және бірдей процедура жүргізілетін өнімдер тобына қатысты сертификаттау жүйесі. Міндетті сертификаттау жүйесін заң шығарушы орган міндетті сертификаттау туралы шешім қабылдаған соң мемлекеттік басқару органы құрады. Ерікті сертификаттау жүйесін өзіне сертификаттау органы қызметін алған және сертификаттау жүйесі мен сәйкестік белгісін ҚР мемстандартына тіркеуден өткізген кез-келген заңды тұлға құра алады.

Сертификаттау органы – бұл белгілі бір өнімді сертификаттаудан өткізген орган. Сертификаттау органдары сәйкестік белгісін қолдануға лицензия және сәйкестік сертификатын береді, сонымен қатар өздері берген сертификат күшін жояды немесе уақытша тоқтата алады.

Сәйкестік сертификаты – сертификатталған өнімнің бекітілген талаптарға («Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңға) сәйкестігін растау үшін берілетін құлғат. Сертификаттау жүйесінің ережелеріне негізделген бұл құжат өнімнің, үрдістің немесе қызметтің нақты стандартқа немесе басқадай нормативтік құжатқа (ИСО/МЭК 2) сәйкестігін көрсетеді.

Жалпы жағдайда, сертификаттау, кезінде өнімді сынақтан өткізу, өнім өндіру ретін (күйін) бастапқы бағалау, өнім мен өндірісті кейінгі (сертификат берілген соң) инспекциялық бақылау жүргізілуі мүмкін. Сертификат сызбасына қарай онда сертификатты беруге негіз болған барлық құжаттар келтіріледі.

Сынақ – бекітілген процедура тәртібіне сүйене отырып берілген өнім, үрдіс немесе қызметтің бір немесе бірнеше сипаттамасын анықтаудан тұратын операция.

Сәйкестік белгісі – белгіленген тәртіпке сай тіркелген белгі-сертификаттау жүйесінде қабылданған ережелерге сәйкес белгі салынған өнімнің талапқа сәйкестігін көрсетеді. Өнімге сәйкестік белгісін осы белгіні қолдануға сертификаттау органы берген лицензия негізінде өндіруші (сатушы) салады. Сәйкестік белгісі бұйымға және (немесе) оның сырт ыдысына, орамына техникалық ерме құжаттарына салынады. Міндетті сертификаттау кезінде бұл белгіні қолдану ережелері ҚР Мемстандартымен бекітілген. Сәйкестік белгісін қолдану лицензиясы – бұл уәкілетті орган берген құжат, ол бойынша сәйкестік сертификат иегеріне сәйкестік белгісін қолдану құқығы беріледі.

Сынақ зертханасының немесе сертификаттау органының аккредетациядан өтуі. Бұл процедура нәтижиесінде уәкілетті орган ҚР заң шығару актілеріне сәйкес сынақзертханасының немесе сертификаттау органының аталған салада нақты жұмыстар өткізе алу мүмкіндігін ресми түрде растайды. Сертификаттау ережелерінің сақталуын инспекциялық қадағалау (сынақ зертханаларының немесе сертификаттау органдарының) – бұл сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының іс-әрекеті жүйе ережесіне сәйкестігін анықтау мақсатымен жүргізілетін бақылыу. Сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау - өнімнің сертификаттау кезінде расталған, талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін бақылау.

Сертификаттау аккредетация эксперті – сертификаттау (аккредациялау) саласында бір немесе бірнеше жұмыс түрлерін жүргізуге құқық берілген тұлға.

3.  Қатаң бәсекелестік күрес жағдайында фирмалар тек өнім сапасын жүйелі түрде басқаруды енгізе отырып қана табысты өркендей алады. Сапа мәселесі барлық өнім және қызмет түрлері үшін көкейтесті болып табылады. Тұтынушылар өнімнің сапасына, ал кәсіпкерлер – оның бәсекеге қабілеттілігіне, яғни тәуекелден арылып, тұрақты пайда әкеліп отыруына мүдделі. Қазақстандық кәсіпкерлер қатаң бәсеке жағдайында жұмыс істеуге даяр болуы тиіс. Сапа мәселесіне көңіл бөлмейтін кез-келген мекеме, оның меншік түріне тәуелсіз, шығынға ұшырады әбден мүмкін. Бәсекеге қабілетті өндірісті қамтамасыз ету үшін олар тұтынушылық қасиеттерін арттырумен қатар өнімнің құнын арзандатуға немесе тұрақтандыруға жол беретін сапа жүйесін құрулары қажет.

Өнімнің сапа деңгейін бағалау. Өнімнің сапасын бағалау өнімді оған бәсекелес түрлерімен барлық қабылданған сапа көрсеткіші жиынтықтары бойынша салыстыруды білдіреді.

Салыстыру нәтижиесі өнім сапасының деңгейін анықтайды. Бағаланатын өнімнің нарықта ұсынылған ұқсас түрлері, әдетте бұл, осы өнім түрін дамытуда қол жеткізілген ғылыми-техникалық жетістіктер және өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделері базалық үлгілер болып табылады. Бағаланатын өнімнің техникалық жағынан жетілдіруін сипаттайтын көрсеткіштер мәнін сәйкес көрсеткіштердің базалық мәндерімен саластыруға негізделген бағалау түрі өнімнің техникалық деңгейін көрсетеді.

Өнімнің сапасын бағалау келесі кезеңдерден тұрады:

  • сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау және оның қажеттілігі мен жеткіліктілігін негіздеу;
  • сапа көрсеткіші мәндерін анықтау әдістерін таңдау немесе құру;
  • ұқсас өнім топтарын жинақтау және олардың сапа көрсеткіші мәндерін анықтау;
  • бағаланатын өнімнің сапа көрсеткішінің нақты мәндерін анықтауға қажетті көрсеткіштер мен бастапқы мәліметтердің базалық мәндерін таңдап алу;
  • сапа көрсеткіштерінің нақты мәндерін анықтап, оларды базалық мәндермен салыстыру;
  • мүмкін болатын шешім нұсқаларын салыстырмалы сараптаудан өткізіп, ең үздігін таңдау;
  • шешім қабылдауға ұсынысты негіздеу.

Өнімнің құны мен сапасы. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау берілген өнімді өзге фималардың сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүзеге асырылады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші өнім құнының тұтыну құнына қатынасымен анықталады. Тұтынушыны қызықтырмайтын өнімнің (мысалы: өнімді өндірудің технологиялылығы) сапалық сипаттамасы қарауға қабылданбайды. Өнімнің сапасын сан жағынан анықтау қиындық туғызады, ол үшін квалиметрияны - өнімнің сапа деңгейін сан жағынан бағалаудың күрделі болғанымен, жарамды әдістерін құраған ғылымды, білу қажет. Тұтыну құнын анықтау жеңілірек, ол үшін өнімді сату құнына оны пайдалану, жөндеу және жою шығындарын қосады.

Тұтыну құны – бәсекелестіктің маңызды факторы болғанмен, ол жалғыз емес. Заманауи әлемдік деңгейге шығу өнімнің тұтынушылық қасиеттері мен (функционалдық, дйзаин) сервис деңгейін талап етеді. Ғылыми-техникалық үдерістің қазіргі кезеңінде өнімнің сапасы ұлттық экономика дамуының түйінді мәселесі болып отыр, дегенмен, олардың өнім сапасын басқаруында өз ерекшеліктері бар (7.2-кесте). Қазіргі таңда өнімнің сапасы үшін күрес әртүрлі елдердің қол жеткізген сапа деңгейлерінің өзара шамаласып жақындауына жетіп отыр. Бұған біртұтас әдіс-амал жүйесін құру сапалы жалпы басқару қағидалары жол ашты.

4. Сапаны жалпы басқару. Сапаны жалпы басқару (Total quality Mmanagement,TQM) – бұл сапаны басқару жүйесі мен әдістерін барлық қызмет саласында – зерттеулер жүргізуден, жобалаудан бастап сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуге дейінгі кезендерде басшылық пен барлық деңгейдегі қызметкерлер қатысуымен жан-жақты, мақсатты түрде әрі жақсы реттелген күйінде қолдануды сипаттайтын концепция. Сапалы жалпы басқарудың мақсаты – бұл өнім мен қызмет сапасын жоғарылата түсуге қол жеткізу. Бұл ғылыми-техникалық үдерістің қазіргі сатысында ұлттық экономиканы дамытудың түйінді мәселесі. Сапаны жалпы басқаруға мыналар кіреді:

  • жаңа өнімді жобалау үрдісінде бақылау;
  • тәжірибелік үлгі сапасын бағалау, өнім және өндірістік үрдіс сапасын жоспарлау, жеткізілетін материялдың сапасын бақылау, бағалау және жоспарлау;
  • материялдарды бастапқы (кіріс) бақылау;
  • дайын өнімді бақылау;
  • өнім сапасын бағалау;
  • өндірістік үрдіс сапасын бағалау;
  • өнім сапасы мен өндірістік үрдісті қадағалау;
  • арнаулы үрдістер сараптамасы (сапа саласындағы арнайы зерттеулер);
  • өнім сапасы жайлы ақпаратты пайдалану;
  • өнім сапасы жайлы ақпарат беретін аппаратураны бақылау;
  • қызметкерлер біліктілігін арттыру, сапаны қамтамасыз ету әдістеріне оқыту;
  • кепілдік қызмет көрсету;
  • сапа саласындағы жұмыстарды тәртіпке келтіру;
  • жеткізушілермен бірлесіп сапа жұмыстарын жүргізу;
  • PDCA(plant – do – check – action) циклын пайдалану;
  • спа үйірмелерінің жұмысы;
  • фрмаларда, жеткізуші фирмада, сату және қызмет көрсету мекемелерінде, акция ұстаушылар мен тұтынушыларда көңіл толарлық, мүдделік, табыстылық пен өркендеу атмосферасын қалыптастыру жолымен адам факторын басқарып отыру;
  • сапа саласында функцияаралық басқару (cross – function management) әдісі бойынша жұмыс жүргізу;
  • сапа бойынша ұлттық іс-шараларға қатысу;
  • сапа саласындағы саясатты ұстану (сапа саласындағы саясатты экономикалық іс-әрекеттің жалпы стротегиясымен үйлестіру, сапа мақсатын әкімшілік, шаруашылық және экономикалық іс-әрекеттердің барлық аспектілеріне жеткізу, сапа саясатының фирмада түсіністік пен қолдауға ие болуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізу);
  • қызметкерлерді қаржылық іс-әрекетке (табысқа, акционерлік капиталға) қатыстыру, қызметкерлердің сапаға деген саналы көзқарасын, әріптестік сезімін қалыптастыру, олардың хабарлылығын арттыру және әлеуметтік атмосфералы жетілдіру;
  • сапа мәдениетін құруға қатысты іс-шаралар жүргізу;
  • сапа саласындағы жұмысты басқаруға басқарушы кадрлар даярлау;
  • сапа саласындағы іс-әрекет үшін жауапкершілікті фирма басшылығына жүктеу.

2. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық өнеркәсібіндегі өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері

1. Өндірістік инфрақұрылымның мазмұны мен міндеттері

 

1. Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету, логистика компоненті және ішкі жүйелерді қамтамасыз етуші өндірістік менеджмент жүйелері ретінде, жүйенің басталуын және оның аяқталуы – дайын өнімге айналуы үрдісінің сапасын белгілейді. Жүйе бастамасының сапасы нашар болса, оның аяқталуының сапасы жоғары болуы екіталай, тіпті мүмкін емес. Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету үрдісі кәсіпорын қоймасына немесе тікелей жұмыс орындарына бизнес-жоспарға сәйкес талап етілетін материалдық-техникалық ресурстарға дәл мерзімінде жеткізіп отыруға бағытталған.

Материалдық-техникалық ресурстар құрамына кіретіндер: шикізат, материалдар, қосалқы бұйымдар, сатып алынатын технолоиялық жабдықтар мен технологиялық жарақтар (құрал-саймандар, кескіш және өлшеу құралдары) жаңа көлік құралдары, тиеу-түсіру жабдығы, есептеуіш техника және басқадай жабыдқтар, сондай-ақ сатып алынатын отын, энергия, су т.б. Басқаша айтқанда, кәсіпорынға заттай формада, энергия түрінде келетіннің барлығы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтауға жатады.

Өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау мақсаттары:

  • Кәсіпорын бөлімдерін, қажетті көлемдегі және сападағы ресурс түрлерімен өз мерзімінде қамтамасыз ету;
  • Ресурстағы пайдалануды жақсарту: еңбек өнімділігін, қор қайтымдылығын арттыру, өнімді дайындау өндірістік циклдарының ұзақтығын қысқарту, үрдістер ырғақтылығын қамтамасыз ету, айналмалы құралдардың айналымын қысқарту, туынды ресурстарға толық пайдалану, инвестициялар тиімділігін арттыру және т.б;
  • Өндірістік ұйымдастыру - техникалық деңгейі мен бәсекелестер шығаратын өнімнің сапасын саралау, жеткізілетін материалдық ресурстардың бәсеке қабілеттілігін арттыру немесе нақты ресурс түрін жеткізуші тұлғаны ауыстыру жөніндегі ұсыныстарыд әзірлеу. «Кіру» сапасын арттыру үшін кәсіпорындар бәсекеге қабілетті ресурспен қамтушыларды алмастырудан қорықпау керек.

2. Аталған мақсаттарға жету үшін кәсіпорында келесі жұмыстар ұдайы жүргізіліп отыруы тиіс:

  1. нақты ресурс түрлері бойынша жабдықтаушылар нарығына маркетингтік зерттеу жүргізу. Жабдықтаушыларды келесі талаптарға сәйкес таңдаған жөн: жабдықтаушының лицензиясы және берілген салада жеткілікті жұмыс тәжірибесі болуы; өндірісітің жоғары ұйымдық-техникалық деңгейі; жұмыстың сенміділігі мен тиімділігі (табыстылығы): шығарылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; олардың оңтайлыбағасы; схемалар қарапайымдылығы және жеткізулер тұрақтылығы;
  2. нақты ресурс түрлеріне қажеттілікті мөлшерлеу;
  3. ресурсты жұмсау нормалары мен нормативтерін төмендету жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар әзірлеу;
  4. өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етуі формалары мен каналдарын іздестіру;
  5. материалдық баланстарды әзірлеу;
  6. өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау;
  7. ресурстарды жеткізу, сақтау және өндіріске дайындау ісін ұйымдастыру;
  8. жұмыс орындарын ресурстарымен жабдықтауды ұйымдастыру;
  9. ресурстардың пайдаланылуын есепке алу және қадағалау;
  10. өндіріс қалдықтарын жинау және қайта өңдеуді ұйымдастыру;
  11. ресурстарды пайдалану тиімділігін сараптау;
  12. ресурстардың пайдаланылуын жақсартуға ынталандыру.

Барлық келтірілген жұмыстармен өндірістің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі шұғылдануы тиіс, ол кәсіпорын басшысының өндіріс бойынша орынбасарының жетекшілігінде болды. Жұмыс сапасы негізінен өндірістік үрдістің сапасына байланысты болғандықтан, ол жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, бөлімнің құзырындағы көптеген мәселелер кешенді сипатқа ие болғандықтан, ол маркетинг, логистика өндірістік техника, технология, экономика, мөлшерлеу, болжамдау, өндірісті ұйымдастыру саласындағы білімді, өндірісаралық байланыстарды қажет етеді.

3. Өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау құрылымы келесі бюролардан құрылады: 1)ресурс жеткізушілеріне маркетинг жүргізу; 2)өндірісті ресурстармен жабдықтауды мөлшерлеу және жоспарлау; 3)қорларды басқару; 4)жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз ету; 5) ресурстарды пайдалану тиімділігін басқару. Өз кезегінде, әр бюро (кәсіпорын аумағына қарай) нақты мәселе немесе нысан үшін жауапты топтардан тұрады. Мысалы, маркетинг бюросы ресурстық топтарға (жабдықтар, технологиялық жарақтар шикізат, материалдар, қосалқы бұйымдар), немесе маркетинг функциялары бойынша (ақпараттық қамту тобы, жабдықтаушылар имиджин зерттеу тобы, жабдықтаушылар мен олардың тауарларының бәсекеге қабілеттілігін зерттеу тобы, бағалар тобы, қоғамдық байланыс орнату тобы). Әрине, заттық белгісі бойынша бюро құру кезінде маркетингтің қыр-сырын меңгерген мамандар қажет. Функционалдық белгісі бойынша бюро құруда кәсіпорында пайдаланылатын барлық ресурс түрлерінің ерекшеліктерін жақсы білетін мамандар қажет.

Мөлшерлеу және жоспарлау бюросына келесі функцияларды орындауды жүктеуге болады: берілген кәсіпорын ішінде ресурстардың пайдаланылуын оңтайландыру әдістерін әзірлеу; кәсіпорынның негізгі нысандары бойынша маңызды ресурс түрлеріне жұмсау нормативтерін әзірлеу; нормалар мен нормативтердің стратегиялық және тактикалық түрлерін әзірлеу; материалдық баланстардың жобасын әзірлеу; кәсіпорын және оның бөлімшелерін материалдық-техникалық ресурстармен қамту жоспарын әзірлеу (кәсіпорынның бизнес-жоспарына кіреді). Қорларды басқару бюросы келесі мәселелермен шұғылдануына болады; түрлі қорлардың нормативтерін есептеу (айналмалы, сақтандыру, шығындық), ресурс түрлері бойынша қорларды оңтайландыру, қорлардың толықтырылуын ұйымдастыру, ресурстарды пайдалануды есепке алу, қадағалау, қорлардың басқарылуын техникалық қамтамасыз ету.

Жұмыс орындарын ресурстармен қамту бюросы келесі мәселелерді шешуі тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтармен жарақтандыру, құрал-сайман, ыдыс, еңбекті қорғау құралдарымен және санитарлы-гигиеналық құралдармен жабдықтау: жұмыс орындарын шұғыл түрде технологиялық жарақтармен, материалдармен, қосалқы бұйымдармен, жартылай фабрикаттармен., отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; ресурстардың жұмыс орнында пайдаланылуын қадағалау және сараптау. Ресуртсрады пайдалану тиімділігін басқару бюросы ресурстарды (түрлеріне қарай) пайдалануды жақсарту жолдарын анықтаумен, ұйымдастыру-техникалық және экономикалық көрсеткіштер арасындағы, тәуелділікті анықтаумен, жалпы кәсіпорын аумағында ресурстардың пайдаланылуын қадағалау және есепке алуды ұйымдастырумен, түрлі ресурстардың пайдаланылуын жақсарту іс-шараларын өткізумен, оларды енгізу және ынталандыру ды ұйымдастырумен шұғылдануына болады. Маркетинг бюросына ұқсас өзге материалдық техникалық қамту бөлімінің бюроларын да функционалдық немесе заттық белгісіне қарай жіктеуге болады.

Ресурстардың қозғалыс үрдісіне мыналар кіреді: 1)маркетингтік зерттеулер, ҒЗТКЖ, өндірісті ұйымдық-технологиялық дайындау, өнім өндіру мен қызмет көрсету, кәсіпорын тауарларына кепілдікті қызмет көрсету, капиталдық (толық) құрылысты орындауға қажетті ресурстарды тарту. Өз кезегінде өнім өндіру мен қызмет көрстеуге тартылатын ресустар өнім дайындау, қызмет көрстеу, жөндеу-пайдалану қажеттіліктеріне арналған болып бөлінеді; толық құрылыс үшін-жаңа құрылысқа, өндірісті кеңейтуге, техникалық қайта жарақтауға; қайта жаңғыртуға; 2)ресурстарды келтірілген бағыттардың біреуіне пайдалану; 3)ресурстарды қалпына келтіру (қажет болған жағдайда);  4) ресурстарды жою немесе есептен шығару.

Өндірісті материалдық-техникалық қамтуды жоспарлау есептік кезең ішінде жұмсалған материалдық ресурстардың меншікті мөлшерін сараптау жөніндегі, техникалық жабдық-жарақтарды пайдалану, жоспарлық кезеңдегі жекелеген ресурс түрлері бойынша болжамдау және мөлшерлеу, ресурс түрлері, табыс көздері және жоғарыда аталған пайдалану бағыттары бойынша материалдық баланстардағы әзірлеу жөніндегі жұмыстар кешенінен тұрады. Келтірілген жоспарлау жұмыстары аса қиын да күрделі. Олар экономистер мен жоспарлаушылардың ірі мамандарымен бірлесуімен орындалады. Менеджерлер жоспар құруға қатыспайды, олардың міндеті-жоспарлау қағидаларының сақталуын, жоспар құжаттарының құрамын, сапасын тексеру  ресурстарды пайдалануды жақсарту факторлары дегеніміз –ресурстардың қозғалу прцестеріне менеджменттік ғылыми әдістері жиынтығын қолдану, ресурстарды құралуын пайдаланылуын оңтайландыру, өнім конструкцияларын немесе құрылымын жетілдіру, өнім дайындау технологиясын жетілдіру алдын-ала қасиеттері белгілі материалдарды қоладну, берілген ең тиімді де оңтайлы ресурсын қамту формасы мен әдістерін қолдану, ресурстарды пайдалануды жақсартуға ын,таландыру.

Ресурспен қамту формалары: а)тауар-шикізат биржалары арқылы; б)тікелей байланыстар; в)аукциондар, конкурстар; г)демеушілік; д)жекеменшік өндіріс және т.б. Нақты ресурспен қамту формасын (әдісін) кәсіпорын ресурстың ерекшеліктеріне қарай, оны алу уақытына, ұсыныстар санына ресурс сапасы мен құны секілді факторларға сүйене отырып таңдайды. Кәсіпорынды ресурспен қамту формасын анықтау кезінде жабдықтаушының сенімділігін және оның өнімінің бәсеке қабілеттілік деңгейін анықтап алған дұрыс. Жабдықтаушымен келісім-шартқа отыру кезінде онда сандық және сапалық көрсеткіштерін, нақты жеткізу формаларын, мерзімін, санкцияларды т.б. көрсетілуі қажеттілігін ескергені жөн.

 

2. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық өнеркәсібіндегі кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру

 

1. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы технологиялық жарақтарды жобалау, сатып алу, дайындау, жөндеу және қалпына келтірумен шұғылданатын, сондай-ақ оларды есепке алу, сақтау және цехтарға, жұмыс орындарына берумен шұғылданатын бөлімдер мен цехтардың жиынтығынан тұрады. Мысалы, ірі машина жасаушы кәсіпорын технологиялық жарақтардың кең қатарын пайдаланады: кескіш және өлшеу құралдары, штамптар, үлгі-қалыптар, станоктық және слесарлық саймандар, пресс қалыптар, әмбебап-құрама саймандар, қосалқы (көмекші) құралдар т.б.

Кәсіпорыншының құрал-сайман шаруашылығының қызмет(әрекет ету мақсаты-цехтар мен жұмыс орындарын жоғары сапалы технологиялық жарақтармен қажетті мөлшерде әрі ассортиментте, оны жобалау, сатып алу немесе дайындау, сақтау пайдалану, жөндеу, қалпына келтіру және жоюға аса көп шығын жұмсамай, үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру болып табылады.

Кәсіпорындар, мәселен машина жасау кәсіпорындары, технологиялық жарақтардың кең қатарын пайдаланады.

Орта дәрежелі машина жасау зауытында аспап-жарақтардың саны 40 мыңға жетеді. Жүк автокөлігінің жаңа үлгісін шығаруға көшкенде 20 мыңға дейінгі жарақтар атауы жобаланады, машина жасау өнімдерінің өзіндік құнында технологиялық жарақтар шығыны 15 пайызға жетеді. Жалпы шығын көлемін алсақ, өндірісті технологиялық даярлауға жарақтауға шығындардың 60 пайызы тиесілі. Технологиялық жарақтауға жобалу және дайындау айтарлықтай күрделі жұмыс. Бұл фактілер өндірістің құрал-сайманның қамтуын дамытудың маңызыдылығын көрсетеді.

2. Өндірісті құрал-саймандық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарына мыналар кіреді:

  • Конструкциялық құжаттарды конструкция технологиялығына, бұйымның түраралық және түрішілік үйлесуіне, олардың құраушы бөліктері мен элементтерін (сызықтық өлшемдер, радистері, диаметрлері, фасколары, ойықтары, паздарын, матераилдарын, жамылғыларын т.с.с.) технологиялық қадағалау.
  • Бұйымның кинематикалық схемасын қарапайымдандыру;
  • өндірістің заттық және технологиялық мамандануын, ұжымдануын дамыту.
  • Технологиялық үрдістерді типтендіру;
  •  Құрал-саймандар мен жарақтар түрлері бойынша қажеттілікті есептеу;
  • Құрал-сайман қорын есептеу (пайдалану қоры-орталық құрал-сайман қоймасында тұрған);
  • Жарақтарды сақтауға және жұмыс орындарына жеткізуге арналған орын-жайларды, техникалық құралдар мен ұйымдастыру жобаларын жобалау;
  • Жарақтарды сақтауға және жұмыс орындарына жеткізуге арналған кеңсе жайларды, техникалық құралдарды және ұйымдастыру жобаларын жобалау;
  • арнайы жарақтарды жобалау және дайындау;
  • сырттан технологиялық  жарақтарды сатып алуға келісім-шарт түзу, маркетингтік зерттеулер жүргізу, жарақтарды кәсіпорынға жеткізуді ұйымдастыру;
  • жарақтарды сақтауды ұйымдастыру;
  • жарақтарды жұмыс орындарына жеткізуді ұйымдастыру;
  • жарақтарды пайдалануды ұйымдастыру;
  • жарақтарды есепке алу және пайдаланылуын қадағалуды ұйымдастыру;
  • жарақтарды жөндеу және қалпына келтіруді ұйымдастыру;
  • жарақтарды пайдалану тиімділігін сараптау;
  • технологиялық жарақтарды пайдалануды жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шараларды әзірлеу және оны экономикалық тұрғыда негіздеу;
  • жарақтарды пайдалануды жақсартуға ынталандыру;
  • технологиялық жарақтар  сапасын одан әрі арттыру мақсатында жабдықтаушылармен байланысты бекіту;

Шешетін міндеттерінің ауқымды болуына байланысты, кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының ұйымдық құрылымы өте күрделі құралған. Мәселен, машина жасаушы алпауыт кәсіпорында құрал-сайман шаруашылығының ұйымдық құрылымы келесі элементтерден құралуы мүмкін (құрал-сайман бөлімінің құрамында): жарақтар өндіру бөлімі бастығының орынбасары, жарақтарды пайдалану бөлімі бастығының орынбасары, техникалық сектор, жоспарлы-экономикалық сектор, құрал-саймандар цехы, бөлімінің бухгалтериясы.

Өз кезегінде, құрал-сайман бөлімінің өндіріс жөніндегі бастығы орынбасарына келесі бөлімшелер бағынуы мүмкін: маркетинг секторы, сатылып алынатын құрал-сайман секторы, орталық құрал-сайман қоймасы, жоспарыл-диспетчерлік сектор.

Пайдалану бөлімі бастығының орынбасарына техникалық қадағалау және жарақтарды жоспарық-алдын-алу секторы , нормативтер секторы, абразивті-алмас шаруашылығы секторы, цехтың құрал-сайман шаруашылығы бағынуы мүмкін. Барлық аталған бөлімшелер кіретін құрал-сайман бөлімі бастығы, әдетте, кәсіпорынның бас технологына бағынады.

Құрал-сайман шаруашылығын жетілдірудің негізгі бағыттары және оның қызмет көрсету тиімділігін арттыру жолдары:

1)өнімді және оның өндіру технологиясын жобалау саласында- өнімнің құрылысын (құрылымын) жеңілдету, оны үйлестіру және стандарттау, технологиялық үрдістерді типтендіру, конструкциялардың технологиялығын қадағалау, өнімді хобалау барысында ғылыми тәсілдер мен оңтайландыру әдістерін қолдану;

2)технологиялық жарақтарды жобалау және дайындау саласында жарақты, оның құраушы бөліктері мен конструктивтік элементтерін үйлестіру және стандарттау, технологиялық жарақтарды жіктеу және код арнау негізінде автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану, жарақтарды жобалап, әзірлеу уақытын қысқарту;

3)менеджмент саласында-ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдану, маркетингтік зерттеулерді дамыту, кәсіпорынның бәсекелік басылымдықтарын анықтау, жұмыстарды есепке алу, бақылау, сараптау және мотивтендіруді жетілдіру;

4)жарақтарды пайдалану, жөндеу және қалпына келтіру саласында-орталық құрал-сайман цехөының, құрал-сайман үлестіру қоймаларының қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету, жұмыс орындары қамтылуын ұйымдастыру, құрал-сайманды орталықтан өткірлеуді ұйымдастыру, техникалық қадағалауды күшейту, нормативтік шаруашылықты ретке келтіру, жарақтарды шұғыл есепке алу, шығындау шектерін жақсарту, оларды жөндеу және қалпына келтіру тиімділігін арттыру.

3. Жұмыс орындарын жарақтандыруын олардың өндірістік бағыт-бағдарына, мамандануына, технологиялық үрдістердің механикаландыру және автоматтандыру дәрежесімен анықталады. Машина жасау саласындағы жұмыс орнын типтік жарақтандыру жинағына мыналар кіреді. Негізгі технологиялық жабдық (станок, версток, пульт); көмекші жабдықтар (көтергіш-көліктік, төсемдер, орындықтар); құрал-сайман (құрал-сайман шкафы, тумбалары, сөрелер, стеллаждар т.б.); дайындамалар мен дайын детальдарға арналған тара (жәшіктер, төсемдер, кассеталар, штативтер, контейнерлер); технологиялық жарақтар мен құрал-саймандар (қысқыш және сүйеме құрылғылар, кілттер, кескіш және өлшеу аспаптары); ұйымдастыру жарақтары (байланыс және дабыл қағу құралдары, құжаттарға арналған планшеттер); еңбекті қорғау құрылғылары, санитарлы-гигиеналық және мәдени-тұрмыстық құрылғылар (қоршаулар, қорғаушы экрандар, өнеркәсіптік желдету және жарқ беру, өндіріс қалдықтарын жинау құрылғылары, интерьер бұйымдары).

Негізгі технологиялық жабдықты таңдау кезіндегі басты талап-жұмыс орнында технологиялық үрдістердің берілген параметрлерін сақтай отырып, қажетті еңбек өнімділігін қамтамасыз ету. Жабдық эргономикалық және эстетикалық талаптарға сай болуы тиіс, ал жұмысшыға жайлы, ыңғайлы да қауіпсіз еңбек ету жағдайы жасалуы қажет. Технологиялық үрдістерді басқаруды автоматтандыру деңгейін жоғарылату үшін негізгі жабдық микроүрдісорлық құрылғылармен, белсенді бақылау құралдарымен, басқарушы ЭЕМ-мен байланыстырушы жүйемен жабдықталады т.б.

Жұмыс орнының көмекші жабдығы пайдалануға ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы, қызметкерлердің антропометрикалық мінездемелеріне сай болуы, өндірістік эстетика талаптарына сай ұйымдастырылуы тиіс. Жалпы цехтық құрылғыларға қосымша көмекші жабдықтармен жарақтандыру (көтергіш-көлік, рольганг, склиздер, бекітіп-жабушылармен т.б.) жұмыс орнының өндірістік бағыт бағдарын ескере отырып, еңбек және технологиялық үрдістерді сараптау негізінде іске асырылады. Жұмыс орындарын жеке көлік құралдарымен жарақтандыру кезінде жетексіз құралдарға (рольганы, склиздер) ерекше назар аударылған жол. Оларды пайдалану азғана шығынды қажет ете отырып, жұмысшының шаршап-қажуын төмендетіп, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта роботтармен автооператорларды пайдаланатын, бағдарламалық басқару жүйесімен, сезгіш және телекөрсетілімдік құрылғылар мен жабдықталған жүктеуші құрылғылар кең қолданыс табуда.

Роботтандырылған жұмыс орындарына көмекші жабдықтарды таңдап алу осы жұмыс орындарынң әмбебаптығы мен технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Көлік жүйесінің функцияларын кеңейтуші қосалқы жабдықтарға: жүктеу жабдығы, тасымалдағыштар, бункерлер, бағдарламалық басқару манипуляторлары кіреді. Өнеркәсіптік роботтың қызмет аясын кеңейтетін жабдық механизмдерді беретін және түсіретін домалатқыштарды, жүктеушілерді қамтиды. Станок-автомат қызметтерін кеңейтетін жабдық технологиялық үрдістердің автоматтандырылуын, майлау және салқындатуды қадағалауды қамтамасыз етеді.

РЖО жарақтандыру кездегі басты міндет-робот пен қосалқы жабдық арасындағы функцияны бөлістіру. Ол қолданылатын технологияға, автоматтандыру дәрежесіне, пайдаланылатын есептеуіш техника құралдары мен оларды бағдарламалық етуге байланысты. Бағдарламалық басқарылатын станоктар, роботтар, көлік және қойма жүйелері бірігіп икемді өндірістік жүйені (ИӨЖ) құрайды. Өндірістік модуль, икемді желі, учаске. Жұмыс орыны, бастапқы өндірістік ұяшық  ретінде, ақпараттық каналдарды, басқару және қызмет көрсету жүйесімен байланысты болуы тиіс., яғни өнеркәсіптік байланыс және интеграциямен байланысты. Бұл аталған жүйе жұмыс орнынан ақпараттық қызмет көрсетуге, және кәсіпорынды автоматтандырылған басқару жүйесінде (АСЦТП) қолданылады.

Жұмыс орнын ұйымдастыру мәселесінің бірі-ұтымды түрде жоспарлау. Жұмыс орнын ұйымдастыру деп өндірістік барлық материалдық элементтерін, жұмыс орнында кеңістікте ұтымды орналастыруы түсініледі (жабдықтарды, технологиялық және ұйымдық жарақтарды, құрал-саймандарды т.с.с), мұндай әрекет өндіріс алаңын үнемді түрде пайдалануды жұмысшының жоғары өнімді әрі қауіпсіз еңбек етуінің қамтамасыз етеді. Жұмыс орнын ұйымдастырудың сыртқы және ішкі жоспарлау түрлері орнатылады.

Сыртқы жоспарлау- жұмыс орнына ұтымды да оңтайлы түрде негізгі, қосалқы жабдықтарды, құрал-сайманды және ұйымдастыру жарақтарын орналастыру. Ол жұмысшы және қосымша кеңістікті (аймақты) ескере отырып жобаланады. Жұмыс аймағы-үшөлшемді кеңістіктің тігінен және көлденең жағынан қол созым шегімен шектелген және денеі 180 градусқа бұрылуын, жұмысшының бір-екі қадам жасау кеңістігін ескеріліп бөлінген бөлігі. Мұнда жұмысқа ұдайы қажет еңбек құралдары мен еңбек заттары орналастырылады. Жұмыс орнының қалған алаңын қосымша кеңістік алып жатады, онда сирек пайдаланатын заттар, интерьер элементтері және т.б. орналасады. Сыртқы ұтымды жоспарлаудағы басты талап-еңбек заттарын көлденең және тігінен кеңістікте қозғалыс траекториясын мейлінше қысқарту, артық еңбек қимылдарын қысқарту, жұмысшының еңкею, денесін бұру санын мейлінше азайту және өндірістік алаңды үнемдеп пайдалануды қамтамасыз ету.

Ұтымды ішкі жоспарлау-технологиялық жарақтар мен құралдарды, құрал-сайман шкафына оңтайлап орналастыруды, жұмыс орнында дайындамалар мен детальдерді дұрыс орналастыруды білдіреді. Ол ыңғайлы жұмыс қалыбын, қысқа әрі аз шаршататын еңбек қимылдарын, екі қолмен еңбектенудің бірқалыпты және мүмкіндігінше бірдей қозғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Ұтымды ішкі жоспарлау жобасы жұмысшының қол жету аймағын ескере отырып іске асырылады және ол жұмысшының көлденең және тік жазықтағы қимыл траекториясымен шектелген кеңістік учаскесінен тұрады.

Өндірістік тапсырманы тиімді орындау үшін әрбір жұмыс орыны әр түрлі қызмет көрсету түріне мұқтаж-материалдар мен дайындамаларды жеткізу, жабдықтарды күйге келтіру және жөндеу т.с.с. Түрлі қызмет көрсету түрлерін орайластыру жұмыс орындарына учаскелер мен цехтарға қызмет көрстеу жүйесін құрайды. Бұл ұдайы жүргізілетін іс-шаралар кешеніжұмыс орындарын өнімділігі жоғары еңбек етуге қажеттігінің барлығымен қамтамасыз ету жөніндегі көмекші және қызмет көрстеу жұмыстарының түрлерін көлемін, тиімділігін және орындалу әдістерін белгілейді. Тиімді қызмет көрстеу жүйелерін жобалау кәсіпорындағы еңбекті ғылыми тұрғыдан негізделген түрде бөлістіруге негізделеді. Жұмыс орындарына қызмет көрстеудің негізгі функциялары: жөндеу, құрал-саймандармен қамту, түзету, материалдық қамтамасыз ету, көліктік, техникалық бақылау, ұйымдастырушылық т.б. Жұмыс орындарына қызмет көрстеу жүйелеріне мынадай талаптар қойылады: 1) жоспарлылық; 2)алдын-алу; 3)сенімділік; 4)кешенділік; 5)үнемділік; 6)мобильділік.

 

3. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық өнеркәсібіндегі кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру

 

1. Өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі қорларына қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру негізгі үш бағытта жүргізіледі:

  • технологиялық жабдықтар және станоктар паркі – бас механик қызметімен;
  • энергетикалық қызмет көрсету және энергиямен жабдықтау (трансформаторлар, қазандықтар, газдық генераторлар, электроқозғалтқыштар т.с.с.) – бас энергетик қызметімен;
  • өнеркәсіптік және өзге де ғимараттар мен құрылыстар – оларды пайдалану қызметімен, тұрғын және қоғамдық ғимараттар – тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметтерімен.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтеріндегі жұмысшылар саны мен ұйымдық құрылымы кәсіпорынның профилі мен оның көлеміне байланысты. Аса ірі кәсіпорындарда бас механик, бас энергетик бөлімі, ғимараттарды жөндеу және пайдалану қызметтері арнайы маманданған бөлімшелер түрінде құрылуы мүмкін. Өндірістік үрдіс жоғары деңгейде автоматтандырылған, компьютерлендірілгін кәсіпорындарда оларды қамтамасыз етуге арналған арнаулы қызмет бөлімдері қарастырылуы мүмкін. Орта және кішігірім кәсіпорындарда олар бірегей жөндеу қызметіне біріктіріліп, арнайытолық құрылыс жасау орны бөлінуі мүмкін.

Жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігін бас механик және жөндеу механика қызметі (РМС) орындайды. РМС басқармасын бас механик және оның функционалдық аппараты іске асырады. Негізгі өндірістің ірі цехтарында кәсіпорынның бастығына және бас механикке бағынатын цех механигінің басқаруындағы бригадалар құрылуы мүмкін.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеудің ұйымдастыру. Бірегей жоспарлы – алдын алу жөндеу жүйесі негізінде жоспарланып, өткізіледі және ол жөндеуаралық жұмыс мерзімі мен алдын алу және жұмыстарының уақыты, станоктар мен жабдықтарды пайдалану және жөндеу шартары, техникалық іс-шаралар жиынтығынан құралады. Ол детальдар, бөлшектер мен механизмдердің мерзімнен бұрын тозуының алдын алуға, істен шығуына жол бермеуге, жабдықтың қажетті сапалы бұйым жасап шығаруын қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Жоспарлы - алдын алу жөндеу жұмыстары жүйесі (ЖАЖЖ) келесі жұмыс түрлері орындалуын білдіреді; жабдықты пайдалану үрдісінде оны күту және қадағалау, яғни жөндеуаралық қызмет көрсету; технологиялық параметрлерге сәйкестігін анықтау үшін жүйелі түрде тексерулер мен сынақтар жүргізіп отыру; жабдықты жүйелі түрде ағымдық және толық жөнделуі.

Жөндеуаралық жабдыққа қызмет көрсету, әдетте, белгіленген тәртіппен реттілікке сәйкес күн сайын жүргізіледі. Оған сыртқы тексеру, жабдықты майлау және тазалау; майлау және салқындату жүйелерін тексеру, бақылау - өлшеу аспаптарының күйін, алдын-алу құрылғыларын, жетек күйін, бекітушілерді тексеру кіреді. Ұсақ ақаулықтар, жөндеу бригадасы немесе цех шеберлері көмегімен тез арада жойылуы тиіс. Жабдықтың ауысым бойынша өткізіп-қабылдау бекітілген регламентке сәйкес (шеберлердің, бригадирдің, аппаратшының т.с.с.) тиісті құжатқа белгілеу арқылы жүзеге асады.

Станок, аппараттар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде басты назар оған негізгі өндіріс жұмысшыларын тартуға аударылуы тиіс. Ол осы қызметкерлер ғана өздері қызмет ететін техниканың күйін жақсы біледі және одан шығатын бұйымның сапасына тікелей жауап береді. Негізінен, күрделі заманауи жабдыққа қызмет көрсететін жұмысшылар жабдықты монтаждауға тікелей қатысып, танысуы қажет деп есептеледі. Және олар жұмыс ауысымындағы барлық бос уақытын жабдыққа күтім жасау, оның жұмысын жақсарту жолдарын іздестіруге жұмсауы қажет.

ЖАЖЖ жүйесінің негізі болып ағымдық және толық жөндеуді жүйелі түрде өткізу табылады. Оның жиілігі жабдық белгілі бір (нормативтік) сағат жұмыс орындарынан кейін жасалады. Әрбір жөндеу көлемі мен құрамы технологиялық регламентпен белгіленіп, жабдықтың жеке бөлшектері мен детальдарының күйіне қарай техникалық тексеруден кейін толығымен бекітіледі. Машиналар мен жабдықтардың өз жұмысқабілеттілігін қалпына келтіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу арқылы ақуалықтады анықтап, жою қабілеті жөндеуге жарамдылық деп аталады.

Ағымдық жөндеу – жабдықты сақтау және кезекті жөндеу жұмысына дейін оның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кешені. Үздіксіз өндірісте жабдықтың жұмыстық бос тұруы бүкіл цикл бойы көзделген мерзімде ғана (график бойынша), жұмыс емес күні немесе ауысымды іске асырылған дұрыс. Жабдық жүйелі жұмыс жасайтын жағдайда жөндеу жұмыстарының кейбірін технологиялық үзілістермен үйлестіруге болады. Жабдықты ағымдық жөндеу барысында, оның сипатына қарай, ішінара бөліктеу, жылдам тозатын бөлшектер мен детальдарін ауыстыру, механизмдерді ревизиалау және тазалау, жиинау, түзету, сынау секілді жұмыстар жүргізіледі. Ағымдық жөндеуді цехтық жөндеу бригадалары немесе ЖМҚ; ал ірі агрегаттарды – мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.Оның тиімді болуының басты шарты – қажетті заттарды мерзімінде даярлап, негізгі өндіріс жұмысшыларының қатысуы. Ағымдық жөндеу шығындары өнімнің өзіндік құнына кіреді. Жөндеу жұмысын қабылдап алу ережесі кәсіпорынның ішкі ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Толық жөндеу – тозығы жеткен жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған. Оның түрлеріне қарай толық бөлшектеу, бөлшек, детальдарды ауыстыру, станоктар мен агрегаттарды күшсалмақ түсіріп сынау, оны тазалау, жуу, жинау, түзету жұмыстары жасалады. Толық жөндеу алдын-ала дайындалған техникалық құжаттамасы мен шығындар сметасына сәйкес және материалдар, детальдар мен бөлшектермен, жұмыс күшімен қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі. Орындаушы – кәсіпорынның арнайы маманданған жөндеу бригадалары, күрделі нысандар үшін – мердігерлік ұйымдар. Жөндеуден кейін жабдық күшсалмақпен сыналып, оны пайдалануға арнайы комиссия қабылдайды. Қысыммен жұмысістейтін аппаратура жөндеуден соң. Мемтех. Қадағалау инспекциясының тексеруінен өтеді.

3. Жөндеу жұмыстарын жоспарлау – ЖАЖЖБЖ жүйесінің негізінде іске асырылады. Жөндеу түрлерін кезектестіру, белгілі бір мезгіл аралығында жүргізу жөндеуаралық цикл құрылымы деп аталады (мысалы,  А-А-А-Т-А-А-А-Т, мұндағы А-ағымдық, Т-толық жөндеулер).

Жөндеу жүйелігі қатар екі жөндеу арасындағы уақытты білдіреді және жөндеуаралық жұмыс (кезең) деп, ал екі толық жөндеу арасындағы уақыт – жөндеуаралық цикл деп аталады.

Жөндеуді жоспарлау негізіне осы кезеңдердің ұзақтылықнормативі, сондай-ақ жөндеуде тұру, ұзақтығы мен жұмыстың ауырлығы алынады.

Жөндеу жұмыстарын жоспарлауға жөндеудің жалпы көлемін анықтау, жабдықты жөндеу жоспар-кестесін түзу кіреді. Жоспар-кесте жабдықтың жөндеуде тұру уақытын көрсетуі және осы бос тұру уақытын кәсіпорын немесе цехтағы бүкіл технологиялық жұмыс циклымен үйлестіруі тиіс.

Жөндеу жұмыстары орталықтандырылған, орталықтандырылмаған немесе аралас түрде ұйымдастырылады. Орталықтандырылмаған жағдайда жөндеу жұмыстарын негізгі өндіріс жұмысшылары қатысуымен арнаулы қызмет (бөлім) орындайды (шаруашылық тәсіл). Жөндеу орталықтанып ұйымдастырылса – барлық жөндеуді кәсіпорынның немесе шеткері мекемеден арнайы маманданған жөндеу қызметі атқарады (мердігерлік тәсіл). Аралас түрінде алдыңғы екі тәсіл қосылып пайдаланылады.

Химиялық өнеркәсіп үшін ең тиімдісі орталықтандырылған жөндеу формасы болып саналады. Мұнда негізгі жабдықты арнайы цехтар, учаскелер мен бригадалар бас механиктің басшылығымен жөндейді.

Әдетте, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және оған жалпы басшылық жасау бас механиктің бөліміне жүктеледі. Оны шаруашылық тәсілімен орындау кезінде жұмыстар орындаушыға берілетін зауытішілік тапсырыстар негізінде жүзеге асады. Мердігерлік тәсілде БМБ қажетті техникалық және басқа да құжаттарды дайындап, мердігерлік ұйыммен келісім-шарт жасалады. Келісім-шартта жұмыстарды орындау мерзімі және оның көлемі, есеп айырысу тәртібі және өзге де шарттар құралады. Жөндеу жұмыстарының аяқталуы қабылдау актісімен ресімделеді.

Техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеулер шығыны, әдетте, шығарылатын өнімнің өзіндік құнына қосып есептеледі. Күрделі толық жөндеулерді қаржыландыру тәртібі нормативтік актілер және заңламаға сәйкес белгіленеді. Мысалы үшін ҚР салық кодексінде жабдықтың құнынан 10% асып түсетін жөндеу шығынына капитализация жасалып артынан амортизациялық төлемдер аударылады.

4. Жөндеуге қажетті материал, бөлшек, детальдардың тез қымбаттауына (әсіресе импорттық), көптеген жабдықтардың моральдық жағынан тозуына байланысты кәсіпорынның алдында шешім қажет ететін мәселе тұрады: ескі техниканы жөндеу арқылы ары қарай пайдалану немесе жаңасын сатып алу. Жаңа техника немесе технологияны өндіріске ендірудің тиімділігін жоғарыда келтірілген әдістемелер көмегімен анықтауға болады. Жөндеу жұмыстарын одан әрі жүргізу ұтымдылығын жөндеу жұмысының тиімділік коэффициентін (Кэф) пайдалану арқылы жуықтап анықтауға болады:

 

Кэф = (Снқалджою)/SСж

 

мұнда:        С4 – жаңа жабдықты сатып алу, жеткізу, монтаждау құны;

Сқалд – ескі жабдықтың қалдық құны;

Сжою – ескі жабдықты жою құны;

ж – жабдықтың қызмет мерзімінің соңына дейін жасалатын жөндеу жұмыстарының құны;

Кэф ≤1 болған жағдайда ескі жабдықты жаңасына ауыстыру өзін ақтайды деп есептеледі.

 

Жабдықты жөндеуді ұйымдастыру кәсіпорынның жөндеу, өндіріс, қамту, қаржы және өзге де қызметтерінің бірігіп қимыл жасауын талап етеді. Жөндеу жұмыстарын жеделдету, арзандатудың басты жолы – оларды тиімді түрде даярлап, оны жүргізуге қажетінің барлығымен қамтамасыз ету.

Жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттырудың басты бағыттары келесі:

  • зауытішілік жөндеу қызметінің, мердігіерлік және субмердігерлік ұйымдардың құрылымын оңтайландыру;
  • жөндеу қызметінің қызметкерлерін өндірістік жұмыстарға барынша кірістіру және негізгі бөлімшелер жұмысшыларының нәтижелі жұмыс істеуі;
  • бөлшектер, агрегаттар мен өзге де жабдықтарды жөндеудің заманауи озық әдістерін пайдалану;
  • тораптық кестені енгізу;
  • жөндеу жұмыстарын механикаландыруды дамыта түсу;
  • материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу өндірісі қорларын басқаруды жақсарту.

 

4. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық  кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру

 

1. Қазіргі заманда энергетикалық ресурстарды ұжымды пайдалану мәселесі аса маңызды әрі көкейтесті сипатқа ие. Бұрынғы КСРО-да энергия көздерінің біршама арзан әрі қолжетімді болуына, жоспарлы экономикаға байланысты энергияны үнемдейтін технологияларды ендіруге аз көңіл бөлінетін. Экономикалық қатынастардың либералдануына байланысты барлық дерлік энергоресурстар құны әлемдік деңгейге жетуі, тіпті одан да жоғарылауы бұрын елдегі энергияның 13%-ын тұтынатын химия өнеркәсібі кәсіпорындарын аса ауыр халге дұшар етті.

Химиялық өндіріске жылу ресурстарын жоғары деңгейде тұтыну тән. Көптеген технологиялық үрдістер жоғары температурада жүргізіледі және жылу мен қосымша энергетикалық ресурстарды аса үлкен мөлшерде бөледі. Мұның өзі негізгі өндіріс қалдықтары болып табылады және олар қосымша (жанама) өнімдер ретінде пайдаға асуы мүмкін. Олардың қатарына жоғары температуралы пеш және реакциялық газдар, ыстық су, қалдық сұйықтар мен технологиялық газдардың жылуы (пештер мен синтездеу колоннасынан алынатын) жатады. Қалдық энергоресурстарды химиялық шикізатты жылытуға, бу шығаруға, ыстық су дайындауға пайдалану энергоресурстар шығынын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Энергетикалық шаруашылықтың құрылымы мен қуаты негізгі үрдіс пен оның құраушылардың, аймақтық және меншіктік энергиямен қамту жүйелерінің сипатына тәуелді. Ірі химиялық кәсіпорынның типтік энергошаруашылығы келесі бөлімшелерден тұрады: электр-күш шаруашылығы, жылу шаруашылығы, отын және газ шаруашылығы, электрожөндеу қызметі, түрлендіру подстансалары, өнеркәсіптік желдету қызметі, электробайланыс қызметі, негізгі цехтар энергошаруашылығы және т.с.с.

2. Электрокүш шаруашылығы кәсіпорын цехтарын қажетті кернеудегі электр энергиясымен жабдықтайды. Оған трансформаторлық подстансалар, электр тараптарды, электрқозғалтқыштардың әр түрі, аккумулятор, басқару қалқандары мен болашақ қондырғылар түрі кіреді. Жылу-күш шаруашылығы қазандық, компрессорлық қондырғыларды, бу, су және ауа тораптарын, сумен қамту, канализация жүйелерінен, тазартқыш құрылымдарды пайдаланады. Отын және газ шаруашылығы құрамына резервуарлық және газгольдерлік парктер, құбыр және газқұбыры жүйелері, сорап және компрессор жүйелері кіреді. Бірқатар кәсіпорындар құрамында салқындатқыш қондырғылар болады.

Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты. Ірі кәсіпорындарда, әдетте, орталықтандырылған энергоцех құрылып, оған подстансалар, электр тораптарын, электрқондырғылары мен қозғалтқыштарын, жылу және желдету жүйелерін, газ коммуникацияларын, су және тазарту жүйелерін, байланыс құралдарын жөндеу және қызмет көрсету учаскелері кіреді. Осы шаруашылықтың басшылығына тиісті функционалдық бөлімшелері бар бас энергетик қызметі (бөлімі) (БЭБ) құрылады.

Бас энергетик қызметі өзіне қарасты цехтардың өндірістік іс-әрекетін жоспарлайды, салыстырмалы энергетикалық есеп жүргізеді, энергетикалық ресурстар жұмсалуын бақылайды, кәсіпорынның энергетикалық балансын құрады және энергетикалық жабдықтар мен тораптардың техникалық күйін өз уақытында тексеріліп отыруын, олардың жөндеу, сынаудан өтуін қамтамасыз етеді. Оның қызметіне кәсіпорынның барлық бөлімшелерін энергоресурстардың барлық түрлеремен үздіксіз қамтамасыз ету, оларды жұмыс орындарына таратып беру, барлық энергия түрлерін үнемдеуді ұйымдастыру; энергия өндіруші және энергия тұтынушы қондырғылар мен энергетикалық тораптардың қалыпты техникалық күйін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүргізуі, сондай-ақ ақпараттық жүйелерінің тиімді жұиыс істеуін қамтамасыз ету; АТС диспетчерлік байланыс, апаттық дабыл қағу және т.с.с. кіреді.

3. Энергияны тұтыну және жұмсалуын жоспарлау ісі тепе-теңдік әдісіне негізделеді. Энергетикалық тепе-теңдік – бұл: 1) келтірілген энергия қосындысы және қосынды пайдалы энергия мен оның шығындары арасындағы толықтай сандық сәйкестік; 2) энергетикалық ресурстардың кірісі мен шығыс арасындағы сандық сәйкестікті, олардың жекелеген тұтынушылар немесе тұтынушылар тобы арасына біркелкі таралуын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі. Ол әр энергоресурс түріне жекелей құрылады және екі бөліктен тұрады – кіріс және шығыс. Энергияның жұмсалу мөлшерін өлшеуге және оның шығынын сараптауға қолданылатын жабдықтың энергетикалық тепе-теңдігі келесі формула түрінде келтіруге болады:

Q к.э = Q пайд. + S Qшығ

мұндағы:   Q к.э – келтірілген энергия;

Qпайд – пайдалы энергия;

ΣQшығ – энергия шығындарының қосындысы.

Энергия шығындарын шартты түрде үш топқа бөледі:

  1.  жою мүмкіндігі мен орындылығына қарай – толық шығындар, жойылатын шығындар;
  2.  физикалық белгісі мен сипатына қарай – отын пайдаланатын жабдықта (толық жанбаудан, шығын газдардан т.с.с.); жылу пайдаланылатын жабдықта (жабдық бетінен қоршаған ортаға тоғыз жабылмау әсерінен шығуы, жылу берілу кезінде т.с.с.); электр пайдаланылатын жабдықта (трансформаторлардағы, электрберіліс желілеріндегі шығындар т.с.с):
  3. Шығу себебіне қарай – конструкторлық (жобалық) кемшіліктерінен, дұрыс пайдаланбаудан, жабдықтың қанағаттанарлықсыз техникалық күйде болуы.

Осы  аталғанның барлығы энергоресурстардың шығындалуын қысқарту жолдарын да көрсетеді:

Энергоресурстарды цехтар мен кәсіпорынның басқа да бөлімшелері арасында үлестіру кезінде тепе-теңдіктің кіріс бөлігі кәсіпорынның энергиямен қамту жоспарын және оны жабу көздерін білдірсе, шығыс бөлігі – энергияны жұмсау жоспарын көрсетеді, мұнда барлық жабдық түрлеріне сәйкес олардың энергия тұтыну нормативіне қарай қажетті мөлшерінің есебі беріледі.

Энергиямен қамтуды жоспарлау үшін энергия шығындалуының ғылыми-негізделген нормаларын анықтаудың маңызы зор. Олар жалпызауыттық және технологиялық болып бөлінеді.

Жалпыөндірістік отын және энергия жұмсау нормасы – бұл негізгі және көмекші технологиялық үрдістерді толтыруға қажетті энергияның жоспарлық мөлшері (жалпыөндірістік жылыту, желдету, жарықтандыруға жұмсалатын т.с.с.). Бұл нормаларда берілген өнім түрін өндіруге қатысты кәсіпорын және цехтардағы түрлендіргіш құрылғыларда, жылу және электр тораптарындағы техникалық міндетті шығатын энергия шығындары ескіріледі. Олар аталған ресурстар қажеттілігін жоспарлауға және оларды пайдалану тиімділігін бағалау үшін қажет. Аталған нормаларды анықтау үшін қажетті бастапқы мәліметтер – жеке шығын нормалары, өндірістің қосымша қажеттіліктеріне жұмсалу көрсеткіштері, шығындар көлемі, өндіріс көлемі мен ассортименттік құрылымы, өткен жылдар ішіндегі шығын нормалары мен іс жүзіндегі меншікті энергия шығындары, материалдық ресурстарды үнемдеу жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар жоспары. Осылардың барлығы топтастырылып, есептеу-сараптау және есептік-статистикалық әдістерді қолдана отырып есептеп шығарылады.

Отын мен энергияны жұмсаудың технологиялық нормасы – бұл өнім өндірудің негізгі және қосымша технологиялық үрдістерін орындауға, технологиялық агрегаттарды ыстық (шұғыл) резервте ұстап тұру, оларды ағымдық жөндеу мен бос тұрудан кейін қыздырып, іске қосуға жұмсалатын энергия мөлшері. Осы нормаларда жабдықтың жұмыссыз бос тұруы кезіндегі міндетті түдде энергия шығындалуы есепке алынады. Технологиялық нормалар жеке немесе топтық болуы мүмкін. Оның біріншісі машина, жабдықтар мен аппараттарды пайдалану тиімділігін бағалауға, жоспарлауға қызмет етсе, екіншілері – тиісті бөлімшелердегі отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) пайдалану тиімділігін жоспарлау, бағалауға қызмет етеді.

ОЭР жұмсалу нормасының құрамы – бұл өнім (жұмыс) өндірісінің нормативтерінде ескерілетін отын, жылу және электрлі энергиялар шығынының тізімі. Бұрын ол тиісті салалық әдістемелер мен нұсқаулықтармен бекітілетін, қазір ол мейлінше қысқартылу жағына бет бұруы тиіс. Әртүрлі технологиямен әртүрлі өнім шығаратын кәсіпорындарда цехтар бойынша жалпыөндірістік ОЭР үлестіру нормасын өндірістің технологиялық үрдістерінде энергияның тұтыну мөлшеріне пропорционалды түрде есептеледі. Жылу және энергия тораптарындағы, түрлендіргіштердегі энергия шығыны тәжірибелік өлшеулер нәтижесінде немесе энергияны тұтыну көлеміне пропорционал түрде анықталады. ОЭР шығын нормасына олардың әлеуметтік – мәдени тұрмыс нысандарына толық жөндеу жүргізуге, оларды ұстауға, өзге кәсіпорындарда жартылай фабрикаттар жасауға жұмсалған көлемі кірмеиді. Технологиялық және өзге де себеппен болған өзін-өзі ақтамайтын шығыны да бөлек есептелуі тиіс.

Электрмен қамту кезіндегі маңызды фактор – соs φ мәні болып табылады: бұл көрсеткіш төмен болса, кәсіпорын жалғанған қуат көзін нашар пайдаланғаны үшін айыппұл төлейді, ал жоғары болса – сыйақыға немесе тарифтен жеңілдікке ие болады. Алайда химиялық кәсіпорындарда тұтынылатын энергияның жартысынан көбі технологиялық мұқтаждықтарға жұмсалатындықтан (каустикалық сода, карбид, кальций өндіру т.б), аталған коэффициенттің үлкен мәніне жеңілдік берілмейді. Жалпы түрде сырттан алынған электр энергия шығыны келесі түрде есептеледі.

 

Ц эл  = (А · Н + Б · В) (1 ± С/100)

 

мұндағы:   Ц эл - алынған электр энергиясының құны;

А - жалғанған қуат ақысы;

Н - қозғалтқыштардың жалғастырылған қуаты;

Б - іс жүзінде жұмсалған электр энергиясы үшін алынатын қосымша ақы;

В - есептегіш құрал көрсеткен іс жүзіндегі энергия жұмсалуы;

С – соs φ мәніне байланысты жеңілдік немесе тарифке үстеме, (%).

 

Есептерде энергия құнына қоса кәсіпорынның подстансалар, электр тораптары мен жабдықтарды пайдалану, жөндеу шығындары да ескеріледі. Жарықтандыруға жұмсалатын электр энергиясы жеке есептеліп, бірыңғай тұрақты тарифке сәйкес өтеледі.

Жылу энергиясы зауыт қазандығынан немесе ЖЭС-нан алынуы мүмкін. Оның өндірістегі өзіндік құны қарапайым әдістермен есептеледі. Энергожүйе ішінен жылу энергиясына алғашқы вставка әрбір ГДж үшін есептеледі, екіншісі - әрбір есепке алынған ГДж үшін алынады. Қалың бу алу үшін жай параметрлері бу тарифіне қосымша үстеме қосылады. Жылумен қамтудың басты шарты – конденсаттың қайтарылуы болып табылады, оны сақтамаған кәсіпорынға айыппұл салынады. Алынатын жылу энергиясының өзіндік құны мына формуламен есептеледі:

Ц жылу = А · Тқызд + а · Qжылу ·К,

мұндағы:   Цжылу – төлем сомасы, тг/сағ;

А – 1ГДж жылу энергиясы үшін негізгі төлем , тг/ГДж;

Тқызд – сағат ішіндегі максималды жылу күшсалмағы, ГДж;

а – іс жүзіндегі жылу тұтыну үшін қосымша ақы, тг/ГДж;

Qжылу – алынған жылу энергиясының іс жүзіндегі мөлшері; ГДж; К - конденсаттың қайттарылу немесе қайтарылмау және қалың бу жіберу үшін қосымша ақының өзгеру коэффициенті.

Солтүстік-Батыс аймақтың экстремалды климаттың жағдайында өндірістік және өзге жайларды жылытудың орны ерекше. Бұл мақсатқа жұмсалатын жылу энергиясының жұмсалу нормасын анықтауға меншікті жылыту сипаттамасын пайдаланады – ішкі және сыртқы температуралар айырмасы 1 градус болған жағдайда жылытылатын ғимараттардың 1 текше метріне жұмсалатын жылулық энергияның сағаттық шығыны. Бұл коэффициенттің шамасы келесі түрде анықталады:

 

Q т = Q т.п  / [Vғим (Tіш – Tсырт)]

 

мұнда:        Qт – меншікті жылыту сипаттамасы, ккал/(м3*г*ос);

Qт.п – жылытуға жұмсалатын жылулық энергияның жобалық шығыны, ккал/сағ;

Vғим – ғимараттың сыртқы құрылыс көлемі, м3;

Тіш – ғимарат ішіндегі есептік ауа температурасы, ос;

Тсырт – жылыту жүйесі үшін есептік сыртқы ауа температурасы, ос.

 

Qт.п және Vғим  шамалары жоба – сметалық құжаттармен немесе ғимарат төлқұжатымен бекітіледі, Тіш – мемлекеттік стандарттармен белгіленеді, Тсырт – құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес бекітіледі. Бұл сипаттамалар ғимаратты жылытуға жұмсалатын жылулық энергияның жеке нормаларын есептеуге пайдаланылады.

4. Энергожүйелер, ақысынан басқа, жылу энергиясының өзіндік құнына оны кәсіпорын ішінде тасымалдау жылу тораптарын жөндеу мен амортизация, будың жоғалтылуына кеткен шығындар қоса есептеледі. Осыған ұқсас түрде табиғи газды, технологиялық суды және өзге де энергоресурстарды тұтыну шығындарыда есептеледі.

Қазіргі энергиякөздерінің құны күрт жоғарылап, оның әлемдік деңгейге жеткен уақытында ОЭР ұтымды пайдалану мәселесі химиялық кәсіпорындардың жұмысын іркілтпей, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызы ерекше. Мұнайлы «шок» кезеңінде тіпті АҚШ-ның өзінде кәсіпорындардың үштен бір бөлігі банкротқа ұшырағанын естен шығармаған дұрыс. Сол себептен де, энерго – және ресурс – үнемдеуші технологияларға көшу ауадай қажет. Бұл дегеніміз - өндірістің барлық буындарында ОЭР жұмсалуына есептеу мен бақылау жасау. Ол шығынды қысқарту, қызметкерлерді материалдық ынталандыру бағытында конструктивтік, технологиялық, ұйымдастыру – экономикалық және өзге де іс-шараларды іске асыруды білдіреді. Тек осындай жолмен ғана энергетиктер мен шахтерлар еңбекақысының өтемеуі, елдегі әлеуметтік-экономикалық күйзеліс мәселелерін шешуге болады.

 

5. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық кәсіпорында тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру

 

1. Тауарды жеткізу және қоймада сақтаудың заманауи әдістері озық көлік жүйесімен бірге қосылып компанияға бәсекелестермен күресте айтарлықтай артықшылық бере алады. Сонымен қатар, жеткізу және қоймалық сақтау жүйелерінің өзі қосымша және едәуір үлкен табыс көзіне де айналуы мүмкін.

Өнімді жеткізу және сақтау жүйесінің позитивті әрі ырғақты дамушы жүйеге айналуының (негативті әрі бір орында тұратын жүйеден гөрі) маңызды факторы компьютерді кеңінен әрі шығармашылық түрде пайдалану болып табылады. Істі оңтайлы ұйымдастырса, жаңа техниканы пайдалану осы жұмыспен байланысты үрдістерді айтарлықтай жеделдетіп, олар компанияның өмірінде маңызды роль атқара бастайды, және нарықтың талабына орай тиісті түзетулерді әп-сәтте-ақ енгізе беруге болады. Жеткізу және қоймалық сақтау жүйесі компьытердің бар мүмкіндігін пайдалануға көшірілген компанияларда аталған қызмет және оның жетекшілері мәртебелі орынға ие болып, бұрыннан дәстүрлі түрде аса маңызды саналатын маркетинг, өндіріс және қаржы қызметтерімен қатарлас болды. Компанияның жоғары басшылығы жеткізу қызметінің компанияға қомақты пайда келтіре алатындығына және солай болуы тиіс екендігіне көз жеткізе бастайды.

Егер уақытша, осы салада пайдаланылатын озық техника мен технология жайлы ұмытар болсақ, жеткізу дегеніміз қарапайым ғана операциялар қатарынан тұрады. 1-ден, компания өз жұмысына қажетті материал, сатып алады. Ол – химиялық шикізат пен өндіріске қажет металлдан бастап, сатуға арналған дайын өнімге дейін кез-келген зат болуы мүмкін. Қайткенде де компания материалдарды өз қоймасына мейлінше аз шығынмен және технологиялық үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін көлемде немесе мөлшерде жеткізуді көздейді. 2-ден, өз өндірістік мұқтаждықтарын кепілді түрді қамтамасыз етуді ескере отырып, компания материалдарды өз қоймасында мейлінше аз уақыт ұстауға ұмтылады. Осылайша, компания өз жер аумағында, және одан тыс жерде де тиеу-түсіру жұмыстары мен тасымалдауға байланысты мүмкін шығындарды мүмкіндігінше қысқартуға; және сақтау шығынын да азайтуды қалайды. 3-ден, компания тауарды белгіленген орнына (зауыт, дүкен т.с.с.) дәл белгіленген уақытта (одан ілгері де емес, кідіртпей де) және саладағы тауар жеткізу жағынан ең үздік көрсеткіштермен салыстыратындай (абсалютті, әрі салыстырмалы жағынан) тасымалдау шығынымен жеткізуі тиіс.

Егер компанияның жеткізу (тасымалдау) қажеттілігі шамалы ғана болса, заманауи техниканы пайдаланбауға да болады. Егер компания санаулы ғана көтерме сатушылардан ондаған өнім атауын сатып алса, және материалдар азын-аулақ мекен-жайларға жеткізілуі тиіс болса, онда жеткізу қиындығы жоқ деп саналады, егер бар болса да, ол оңай шешіледі. Мұндай жұмысты телефон, көтергіш құрылғыны пайдаланатын, естесақтау қабілеті жақсы және барлық қойма жұмысшыларына тән қасиеті, аяқтары жылдам бірнеше тәжірибелі жұмысшылардың өзі атқара алады.

Алайда, осындай қарапайым жұмыс орны мен күрделі жеткізу жүйесі арасында жатқан бірнеше кезеңде әрқилы қиындықтарды шешуге тура келеді. Мыңдаған жеткізушілермен жұмыс істейтін қойманы алу, ондаған мың түрлі бұйымдарды өңдеу, компанияның өнімін сататын жүздеген немесе мыңдаған дүкендерді, көптеген тарату бекеттерін пайдалану – осының барлығы өзара байланысты, әрі жұмыс кестелері мен өндірістік қажеттіліктері бір-бірімен сәйкес келе бермейді.

Жұмыстың ауырлығы қисығы күрт жоғарлауымен бірге осы жұмысты ұйымдастыру сапасы мен технологиялық жарақталу деңгейі де өсуі тиіс. Сонда ғана аталған жүйе тиімді, біркелкі жұмыс істейді деп күтуге болады.

Енді жоғары технологиялы жеткізу жүйесінің негізгі элементтеріне тоқталайық: жүктерді фирмаға жеткізу және оларды өңдеу; қабылдап алу және сақтау; қоймадан алу және тарату; белгіленген орынға тасымалдау. Біз әр элементке тек жалпылама түрде ғана тоқталамыз, дегенмен, басты қағидалар (капиталды көп қажет ететін үрдістердің болуы, әр талап пен әр пайдаланушыға жеке қызмет көрсету әдістері, және әр кезеңдегі жұмыстың кестеге қатаң сәйкес түрде жүргізілуі) өңдеу өнеркәсібі мен көтерме бөлшек сауда салаларындағы ірі фирмалардың басым бөлігіне тән.

2. Фирмаға жеткізу және өңдеу. Материалдар мен қосалқы бөлшектерді фирмаға жеткізу және өңдеу, әдетте тапсырыс беруден басталады. Сатып алынуы қажет заттар жөнінде тұтыну ырғағына қарай электрондық жүйе анықтап, белгі беруі – материалдық-техникалық қамтуды оңтайландыру жұмысына жаңа техниканы пайдаланудың алғашқы мысалы бола алады. Жеке алғанда, бөлшек сауда дүкенінде қолма-қол тауарлардың жұмсалуы (сатылуы) компьютер көмегімен анықталады, және бұл ақпарат әрбір жеткізушіге, электронды түрде компьютерден компьютерге беріледі. Бұл үрдіске адамның қатысуы шартты түрде ғана, ол негізінен бақылап отырады.

Тапсырыс берілгеннен соң фирмада ішкі жұмыстар басталады (негізінен, компьютердің көмегімен), оған мыналар кіреді: жүктерді фирмаға жеткізуге техникалық шарттар даярлау; тасымалдаушылар жүкті минималды тасымалдау шығынымен жеткізе алатын бағытты таңдау; және әрбір жүк көлігінің келу күні, 15 мин дейінгі дәлдікпен келу уақыты, және қойманың жүк енгізілетін қақпасының нөмірін белгілеу секілді жұмыстар.

Белгілі бір ұсыныстарды негізге алар болса, аталған салалардың кез-келгенінде ең жоғары тиімділікке қол жеткізуге болады. Мысалы, спецификацияда картон қораптың ішінде неше бұйым бар екендігі, олардың түсі көрсетілсе, жеткізілген қораптарды ашпай-ақ сұрыптап жинауға және оларды бүлінуден сақтауға болады. Сонымен қатар, спецификацияда картон қораптың сыртқы түрін, жазу қай бүйірінде екендігіне дейін көрсетуге болады. Мұндай амал штрих-кодтардың орналасқан күйін анықтап, оны компьютерлік сканермен оқудың қиындығы болмайды.

Қабылдау және сақтау. Алдынғы үрдіс секілді, қабылдау және сақтау жұмыстары да жоғары дәрежеде компьютерлендірілген. Жүк келісімен компьютер партиядағы әр қорап үшін штрихті коды бар жапсырмалы таңба шығарып береді. Штрихті код бойынша қораптың ішіндегі заттарды, оған бөлінген сақтау орны жайлы (әдетте, төсемдерде) білуге болады. Триггер автоматты түрде қолдағы бар материалдарды тіркеу жүйесі мен төлем шоттарын қоса барлық басқа жүйелердегі мәліметтерді жаңартып отырады. Осыдан кейін автоматтандырылған конвейерлер немесе автоматты түрде басқарылатын тасымалдағыштың әлдебір нұсқасы өнімді сақтау орнына жеткізеді. Өнімді орындарына қою қажет болғанға дейін конвейерлер де, тасымалдағыштар да адамның қатысуын қажет етпейді.

Біршама озық қойма-жайларда өнімді сақтау биік сөрелерде (15 метрге дейін) жасалады, олардың арасында тар жолдары бар. Осы жердің өзінде компьютер айырлы қармауышы бар автожүктегіштерді бағыттап отырады. Әр сөре арасындағы жолдың цемент еденіне бекітілген электронды датчиктер көмегімен жүк едәуір биіктікке көтеріле береді, бұл жағдайда тозу мен айтарлықтай апаттар орын алмайды.

Өнімдер орналастырылған соң компьютер олардың көзден жоғалып кетпеуін қадағалайды, себебі осындай тар жолдары бар қоймада ол да ғажап емес. Заманауи жабдықталған қоймалардың басым бөлігінде электрондық жүйелер диалогтық режимде қордың сақталу орны мен оның саны жайында ғана емес, сонымен қатар әлі қол тимеген тауар, немесе маусым ауысуына, басқадай себепке байланысты орын ауыстырылуы қажет тауарлар жайлы да мәлімдей алады. Осылайша, электрондық жүйе басшылыққа шешім қажет ететін мәселелер жайлы хабар беріп отырады.  

Қоймадан қабылдап алу және тарату. Тарату жұмысының автоматтандырылуы бұйымды қоймадан алу және оны тарату кезінде өзін ашып көрсетеді. Мұнда компьютерлік биттер мен байттар күрделі және көбінесе қарама-қайшы міндеттерді шешуді басқарып отырады. Мұны гипотетикалық, деңгеймен өте шынайы қойма және тарату орталығының жұмысы мысалында айшықты бейнелеуге болады.

Біздің қиялдағы тарату орталығының кеңсе жайы биіктігі 48 фут, ауданы 1 млн. текше фут, тар жолдың екі жағында биік стеллаждар орналасқан. Орталығында әрқайсысында 100-ден 10 000 данаға дейін жететін 25 мың атаулы әртүрлі бұйымдар партиялап сақталады. Қоймадағы жұмыс жоғары жылдамдықты конвейерлер көмегімен тауарды орнынан алудан бастап, қоймадан шығаруға дейін толық автоматтандырылған. Орталықта жүк артуға арналған 30 қақпаға (люк) конвейерлер жүкті беріп отырады. Өз кезегінде бұл қақпаларда 30 трейлер бар, олар арқылы компанияның 300 сауда нүктесіне қызмет көрсетіледі.

Өнімді қоймадан автоматты түрде шығару үрдісін қамтамасыз ететін бағдарлама жүйесі партиялап кезектес жүктеу деп аталады. Жұмыс күнінің әдеттегі автоматтандырылған операциясы бір күн бұрын кешке басталады. Ол кезде компьютер ертеңіне стеллаждан түсіріп, дүкендерге жөнелтілетін мыңдаған бұйымдарға жөнелту ярлыктар жасайды. Әрбір ярлыкта аталған бұйымның стеллажда орналасқан орны жайлы мәлімет, сондай-ақ әр орамаға жапсырылған штрих-код арқылы әр орама конвейер бойымен тиісті қақпаға беріледі. Соған қоса, егер ораманың жеткізілу орны бөлшек сауда дүкені болса, онда орама ішіндегі әр бұйымға арналған бөлшек сатылу бағасы жазылған чектер табылады, олар дүкенде әр бұйымға жапсырылады.

Ярлыктар көмегімен түсірілетін тұтастай партиялар құралады. №1 белгісі салынған партияның барлық тауарларына сыртқы 30 кіріс қақпасының алдында тұрған жүк көліктерінің бірінші партиясы қызмет көрсетеді. Бір жүк көлігіне бірнеше дүкенге жөнелтілетін тауарлар сыйысатындықтан, 30 қақпа (люк) мен 30 жүк көлігі осы алғашқы партияда 50-ден астам дүкенге қызмет көрсете алады.

Операция әр партия/толқын сайын қиындай түседі, себебі стеллаждан түсірілген қораптар конвейерлік жүйеге қойманың әр жерінен түседі, оның бірі сыртқы есігінен 6-8 минуттық, ал кейбірі – 25 минуттық жерде орналасқан. Әрбір партия/толқын үшін компьютерлік жүйе «жол полициясының» рөлін атқарады, ол жанынан өткен әрбір ораманың штрих-кодынан ақпарат алып отыратын лазерлік сканерлерді пайдаланады. Демек, жүйе әрбір бұйымды бақылап отырады, оны қажетті қақпаға бағыттап, сонымен қатар бүкіл жүйеге «дирижерлік» жасап отырады. Осылайша алынатын ақпаратты арнайы дайындалған мамандар компьютер көмегімен жарық таблодан тауарлар ағынын, келтелістер пайда болуын, қиындықтарды бақылап отырады.

Ағындық жүктеу – бұл тауарлар қозғалысын бағдарламалық жетілдірудің тағы бір түрі. Мұндай жүйеде компьютер бір партиядағы қандай да бір жүк көлігінің өзгелерінен бұрын толық жүктеліп қалғанын «сезеді», ол бұйымның өзгелерге азырақ жүктелуінен немесе басқа ассортименттен болуы мүмкін. Бұл жағдайда трейлер әкетіліп, орнына басқасы беріледі. Ал компьютер жүйеге келесі партияның тауарларын бағыттай бастайды. Осылайша, тауарлар алдыңғы партияның артынан «кезекке тұрады», ал конвейер үздіксіз жұмыс істейтін болады. Жөнелтуге арналмаған, конвейерге қателікпен келіп түскен орамаларды қораптың артқы бөктеріне салынған штрих-кодты оқу арқылы лазерлік сканерлер анықтайды. Нәтижесінде жүйе барлық қате алынған орамаларды бірге жинақтап кейін өз уақытында қолмен жеткізуге жөнелтеді.

Екі ауысымда жұмыс істейтін бұл жүйе күніне еш қиындықсыз 140 мың ораманы өңдей алады, ал қателіктердің саны өте аз болатындығы соншалық, компанияның тәжірибелі, тауарды компьютерлік тарату орталығын пайдаланбайтын қызметкерлері бұған тіпті сенбеуі мүмкін, олар мұндай жұмыс деңгейі тіпті мүмкін емес деп санайды.

Тасымалдау. Тасымалдау өнімге тапсырыс беруден бастап оның бөлшек саудаға түсі арасындағы маңызды операциялар тізбегінің соңғы буыны болып табылады. Қарапайым түрде жекеменшік немесе жалға алынған трейлер тауарлар немесе материалдарды қоймадан дүкенге жеткізеді де, кері қайтады. Бұл өте қарапайым, бірыңғай және өкінішке орай, тым қымбатқа түсетін схема. Тасымалдаудың жоғары құны, тіпті ол керемей ұйымдастырылған жағдайда, пайдаланылатын жүк көліктерінің санын қысқартуды және олар жүретін жол қашықтығын азайтуды талап етеді.

Осы жерде тағы да компьютердің көмегіне жүгінуге тура келеді. Тасымалдау қызметінің жетекшісі үшін ең қолайлы құрал – тасымалдауды ұйымдастыруға арналған озық қолданбалы бағдарламалар пакетінің бірін сатып алу болып табылады. Бағдарламаларды компанияның мұқтаждықтары мен техникалық мүмкіндіктеріне жаққсымен бейімдетсе, онда қалыпқа түскен жүйе бірнеше мәселелерді күн сайын шешіп отырады: 1) қай жүк көлігіне қайсы дүкенге жеткізілетін қай тауар түрін іріктеу, олардың номерлерін көрсету; 2) қай партияға жүктеу; 3) қай жүк көліктері бірнеше дүниеге арналған жүкпен толтырылады; 4) қай жүк көліктеріне тек бір дүкенге арналған тауар жүктеледі. Сонымен бірге, жүйе жүк көліктерінің кез-келген уақыттағы орнын анықтай алады, демек жөндеуден өзге бос тұруға уақыт қалдырмайды.

Аталған жүйе, сондай-ақ, жүк көлігінің тікелей және кері рейстерінің бағытын белгілей алады. Мұндай жүйе бар болса компаниямыздың көлік бөлімі сіздердің көлік бағытыңыз аумағында орналасқан, бірақ сіздікіндей автопаркі жоқ фирмалармен келісім-шарт түзеді. Келісім – шартта егер сіздің көлік құралдарыңыздың бірі дүкеннен бос қайтатындай болса (ол күн сайын ондаған мәрте болып тұрады), онда ол аталған серіктес компанияға кіріп, жолшыбай жүкті, яғни оның тауарын жүктеп алады деп көрсетіледі. Бос жүрілген жолдың құны жүктеліп жүргенмен бірдей болғандықтан, көлік бөлімі серіктес компаниядан оның жүгін тасымалдағаны үшін өте төмен ақы алса да, мұның өзі жылына жүздеген мың долларлық пайда әкеледі. Бұл – көлік шығындарын қысқарту мен жүктерді тарату компьютерлік орталығын құруға жұмсалған қаржының орнын толтыратын бірден-бір тиімді тәсіл.

Кәсіпорындағы көлік шаруашылығын ұтымды түрде ұйымдастырудың басты міндеттері:

  • Көлік және тиеу-түсіру жұмыстары мен жүкағымдар көлемін барынша қысқарту олардың тиімділігін арттырудың басты шарты болып табылады;
  • Көлік және тиеу-түсіру операцияларын механикаландыру және автоматтандыру;
  • Шикізат пен материалдардың әр түріне қарай клік құралын таңдауды оңтайландыру;
  • Технологиялық және көлік үрдістерінің жұмыс синхрондылығы мен ырғақтылығын қамтамасыз ету;
  • өндірісті ұйымдастырудың озық қағидаларына сәйкес көлік және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау шығындарын қысқарту жолдарын үнемі іздестіру.

Жұмыстың орындалу нысанына қарай кәсіпорын көлігі сыртқы, цехаралық және цехішілік болып бөлінеді. Сыртқы тасымалдар шикізат, материалдар, отын және жабдықтарды жеткізу, дайын өнімді тиеп жөнелтуді қамтамасыз етеді. Цехаралық тасымалдар түрлі көлік құралдарымен жол қашықтығына, жүктің көлемі, салмағы, физика-химиялық күйіне сәйкес орындалады. Детальдер, қосымша материалдар, контейнерлер, бөшкелер, жәшіктер және өзге де даналы жүктер төсемдерде орналастырылып, электрокаралар, автожүктегіштер арқылы, ал төкпелі материалдар – түрлі тасымалдағыштар көмегімен сұйық материалдар – құбырлармен орын ауыстырылады.

Цехішіндегі жүктерді орын ауыстыру учаскелер мен операциялар арасында (жұмыс орындары арасында) технологиялық желілерде, жабдықтың немесе конвейерлердің ұяшықты әдіспен орналастырылуы арқылы іске асырылады. Бұл мақсаттар үшін аспалы немесе төсемелі тасымалдағыштар, пневмокөлік, құбырлар пайдаланылады.

Көлік шаруашылығын ұйымдастыруды жобалау барысында жүкті тасымалдау қашықтығы мен тиеу-түсіру жұмыстарының көлемін мейлінше қысқарту қағидасын ұстанған жөн. Ол үшін тасымалданатын жүк номенклатурасын жан-жақты анықтап, оларды топтастырып алу қажет: даналық, контейнерлік, тарада тасымалдайтын, төкпелі, газтәріздес, сұйық т.с.с. Осыдан соң бір күн, ай және бір жыл ішіндегі жүкайналым көлемі есептеледі, бұл  - белгілі бір уақыт аралығындағы шикізат, материалдар мен дайын өнімді орын ауыстыру және жөнелту жұмыстары. Жалпы жүкайналым жеке жүкайналымдар қосындысына тең келеді және ол орны ауыстырылатын жүктердің тонна-километрлерімен өлшенеді. Жүк ағыны деп уақыт бірлігі ішінде қатарлас пункттер арасында тасымалданатын жүктер көлемі аталады.

Көлік шаруашылығын ұйымдастыруда көлік құралдарының қозғалыс, бағытын белгілеп алудың маңызды зор, әсіресе жүк көлемі аса үлкен болған жағдайда. Оларды жеткізу маятникті немесе сақиналы тәсілмен, кәсіпорын теміржол немесе автокөлігімен іске асырылады. Маятникті жүйеде көлік құралдары ескі пункт аралығындағы біржақты немесе екіжақты жүк тасымалдай отырып бір бағытпен қатынайды. Біржақты тасымалдау кезінде жарты жол бос жүруге жұмсалады, мұның өзі аса үнемділік бермейді. Мұндай жағдайда кәсіпорын көлік құралының қозғалыс бағытын сақиналы түрде ұйымдастырса болады. Алайда ол күрделі жүк тасымалдауды ұйымдастыруды қажет етеді.

Теміржол тасымалдауында вагондар қажеттілігі келесі формуламен есептеледі:

 

Кв = Qв / qв,

 

Мұнда:       Кв – қажетті вагондар саны (цистермалар, платформалар);

Qр – жүк түрлері бойынша көлік түсінің тәуліктік қажеттілігі;

qВ – бір вагонның жүк көтерімділігі (платформаның, цистермаларының),т.

 

Автокөліктер, электрокаралар немесе автожүктегіштердің қажет санын есептеу:

На = Qа · t / (qа · Та)

 

мұнда:        На – көлік құралдарының қажетті саны;

Qа – тәулік ішінде тасымалданатын жүктер мөлшері (көлемі), (Т);

T – жүкті тиеу мен түсіру уақытын қоса алғанда бір рейстің ұзақтығы, сағ;

qа – көлік құралының жүк көтерімділігі; (т);

Та  - көлік құралының тәулік ішіндегі жұмыс уақыты, (сағ).

 

Автокөлік үшін 100км жолға немесе бір көліктік үрдісті орындауға жұмсалатын бензин немесе дизельдін отынның сызықтық нормаларын анықтау қажет. Ол үшін іс жүзінде анықталған отын шығынын ескеретін есептік-статистикалық әдісті пайдалануға болады. Мұндай нормаларды анықтауға келесі түзету үлгісін пайдалануға болады:

 

Вт = Нс · SП · Нменш · Втр

 

мұнда:        Вт – корреляциялық теңдік бойынша мотор отынының шығыны;

Нс – көлік құралының жүксіз жүруге жұмсаған моторлық отын мөлшері, л/100км;

∑П – жалпы жүріс жолы, км;

Нменш – меншікті отын жағу, нормативі, ол бензин қозғалтқышы бар автокөліктер үшін 2л /100км тең етіп алынады, дизельді қозғалтқыштар үшін – 1,3л/100км;

Втр – шартты түрде орындалған көлік жұмыстар көлемі, тонна-км.

 

3. «Дәл уақытында» жеткізетін көліктік қызмет көрсету – бұл жайғана жүктерді қатаң кестеге сәйкес А пунктінен Б пунктіне жеткізу емес, бұл – жүктерді өңдеу, тасымалданатын материалдар мен бұйымдар сапасын тексеру, жүктерді тапсырыс берушіге жеткізу схемаларын оңтайландыру, қажет болған жағдайда қозғалыс бағытына шұғыл да икемді өзгерістер енгізу, тапсырыс берушіге қосымша қызметін ұсыну секілді операциялардың кешенді жиынтығы. Жүк тасымалдау өндірістік үрдістің жұмыс ырғақтылығы мен тепе-теңдігін қамтамасыз ететін құраушы бөлігі болып табылады.

Мысалы, американдық «Скайуэй фрейт системз» фирмасы жүк көліктері мен ұшақтармен Атлант мұхиты жағалауынан тынық мұхит аймағына дейін жүк тасымалын қамтамасыз етеді. Оның барысында мыналарға кепілдік беріледі:

  • жүкті ұшақпен келесі күні немесе 2 күннен соң жеткізу;
  • автопоезд – экспресспен 4 күннен кейін жеткізу;
  • қарапайым жүк көлігімен 6 күнде жеткізу

Тұтынушы тасымалдың өзіне үнемді нұсқасын таңдай алады. Жүкті жеткізу кестесінде қозғалыс бағытын оңтайландыра түсу үшін барлық автокөліктер радиостансамен жабдықталған. Егер клиенттің қандай да бір деталь, бөлшектер таусылуда, ал осы күні ол жеткізілуі күтілмесе, ол фирмаға жеткізу кестесін өзгерту жайлы сұраныс бере алады. Диспетчерлер сол сәтте жүкті тасымалдаушы көлік жүргізушісіне хабар беріп, оның жолындағы ең жақын аэропорт терминалына бағыттайды. Терминалда жүк ұшаққа ауыстырылады да, ол келесалысымен басқа жүк көлігіне артылып, тұтынушы тиісті уақытында жетеді.

Зауыт ішіндегі көлікті пайдалану тиімділік арттыру үшін кәсіпорындарда әдетте көлік бөлімі (цехы) құрылып, оған теміржол, автокөлік, тиеу-түсіру цехтары (учаскелері) кіргізіледі. Олардың жұмысы кезендік жоспарлар, жүк ағыны мен тәуліктік жүкайналым графиктерін құру тиеу-түсіру жұмыстары мен техника, жабдықтарды пайдалануды ұйымдастыру арқылы реттеліп отырады. Бұл ретте шұғыл жағдайдағы жұмыс кестесі де ескеріледі, себебі теміржол вагондарының бос тұруына салынатын айыппұл мөлшері тым жоғары болып келеді.

Жұмысшылар саны, олардың еңбекақы қоры, отын, энергия және өзге де пайдалану шығындары бекітілген әдістемеге сәйкес есептеледі. Көлік шығындарының барлығы өнімнің өзіндік құнына қосылады, цехтардың немесе жалпы зауыт шығынына жатқызылады.

Қазіргі жағдайда көлік шаруашылығын жетілдірудің басты бағыттары мыналар:

  • «дәл мерзімінде жеткізу» жүйесінің негізгі қағидаларының қолданылуын қамтамасыз ету;
  • Кәсіпорынның тиеу-түсіру жұмыстары мен сыртқы және ішкі жүк тасымалдарын мейлінше қысқарту мақсатымен оларды оңтайландыру;
  • Жүк тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарының неғұрлым тиімді технологияларын қолдану, оларды кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыру;
  • Жүктерді тасымалдау және өңдеудің контейнерлік және басқадай озық формаларын дамыта түсу.
  • Жоғарыда бірнеше рет айтылып өткендей,

 

6. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық кәсіпорынның қойма шаруашылығын ұйымдастыру

 

1. Қазіргі өнеркәсіптік өндіріс өндірістік қорларды мүмкіндігінше қысқартуға бағытталған. Бұл жайытты шикізат пен материалдардың физикалық қасиеттеріне байланысты, олардың қозғыштығына, улылығына, от – және жарылыс қауіптілігіне байланысты біршама ерекшеліктері болатын химиялық кәсіпорындарда қойма шаруашылығын ұйымдастыруда ескерген жөн. Химиялық өнімдерді қоймалауды ұйымдастыру ерекшеліктері едәуір дәрежеде өнімнің тығыздығы, кристалдану температурасы, балқу температурасы, гигроскопиялығы т.с.с. секілді қасиеттеріне тәуелді. Улы және радиоактивті заттарды қоймалау ерекше тәсілдерді қажет етеді, ол арнайы нормалар мен ережелермен қатаң бекітілген талаптарға сай жүргізілуі тиіс. Мұндай алдын-алу шараларына келесі шарттарды орындау жатады:

  • Қолданылатын ыдыстың беріктігі мен сенімділігі;
  • Зауыт аумағында түрлі өнімдерді тасымалдау жұмысын механикаландыру;
  •  цехтар мен қоймаларда агрессивті сұйықтарды құюды механикаландыру;
  • газдар мен сұйықтарды тасымалдауға құбырлар пайдалану;
  • жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік ережелері мен өртке қарсы шараларды сақтауы;
  • отқауіпті және жарылыс қауіпі бар заттарды бірге сақтау ережелерін орындау;
  •  қойма, резервуарлар мен газгольдерлер, өзге де құрылымдарды әрекеттегі нұсқаулықтар мен нормативтерге сай күйде ұстау.

Тәжірибе көрсеткендей, жекелеген өндірістерге (шиналық, резеңке-техникалық бұйымдар, пластмасса) шикізат пен материалдарды жеткізу кәсіпорынның орталық қоймасында сақтаусыз-ақ жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл «дәл мерзімінде жеткізу» жүйесін қолданысқа енгізуді қажет етеді, бірақ тұтынушы мен жеткізушінің – ең алдымен салоның немесе бірлестіктердің орталық қоймаларының үйлесімді қимыл жасауын талап етеді.

Кәсіпорындағы қоймалар келесі белгілеріне қарай жіктелуі мүмкі:

  1. сақталатын материалдар түрі мен сипатына қарай – шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар қоймасы, дайын өнім қоймасы, қалдықтар қоймасы, жабдықтар, қосалқы бөлшектер қоймасы т.т;
  2. қызметіне қарай – жабдықтау және өткізу қоймалары, олар орталық немесе цехтық болуы мүмкін;
  3. сақталатын жүк номенклатурасына қарай - әмбебап және арнаулы қоймалар.

Қорлар мөлшерін оңтайландырып, соның негізінде қойма-жайлардың сыйымдылығын белгілеу үшін кәсіпорындарда өндірістік, тауарлық немесе сатуға арналған қорларға нормативтер түзілуі тиіс. Оларды есептеу үшін өндіру күндері арасындағы уақыт интервалының, жүкті жөнелту мен жеткізе және тәуліктік жеткізу көлемінің, шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдардың өндірілуі мен жөнелту шамалары пайдаланылады, сонымен қатар осы норматүзуші қор факторларының өзгеру коэффициенттері, яғни олардың сандық мөлшерінің жыл ішінде өзгеруі де есепке алынады.

Уақыт интервалы өндіріс күндері арасындағы, материалдық ресурстарды жөнелту және жеткізу арасындағы тәуліктер санын сипаттайды. Т интервалының мәні былайша есептеледі.

 

Т = Д2 – Д1

 

мұнда; Д1 және Д2 - өндірістің басталу және аяқталу күндері.

 

Өзгеру сипаты келесі формуламен анықталады:

 

W = σ / Торт · 100 = 100 / Торт [ ∑ (Ті – Торт)2 / (R – 1)]1/2,

 

мұнда:        W – интервалдар бірқалыпсыздығы (өзгеру), %;

σ – интервалдардың орташа квадраттық ауытқуы;

Торт = ∑ Tі /n – интервалдың орташа мәні;

R – жұмыс күндер саны.

 

Өндірістегі жеткізу немесе материалдық ресурстарды жөнелтудің тәуліктік көлемі де қорлардың норма түзгіш басты факторларының бірі боп саналады. Оның өзгеру коэффициенті:

 

W = [ σ / Qорт ] · 100 = 100 / Qорт [ ∑ (Qі – Qорт)2 / (n – 1)]1/2,

 

мұнда:     W – тәуліктік жеткізулер (өндіру, жөнелту) көлемінің бірқалып-сыздығы (өзгеруі); %;

σ – орташа квадраттық ауытқу; n – бақылау күндері саны;

Qорт = Z Q1 / n – тәуліктік көлемнің орташа мәні.

 

2. Қорлардың норма түзгіш факторларының өзгеру заңдылықтарын пайдалана отырып, осы мәндердің ықтипал ұштасуын және олардың пайда болу мүмкіндіктерін анықтауға болады. Олардың көмегімен жоспарлы жыл ішінде ағымдық және сақтандыру қорлары көлемінің өзгеруін болжамдап, соның негізінде қажетті қойма-жайлар көлемін жоспарлап отыруға болады.

Қойма шаруашылығын жетілдірудің негізгі міндеттері және жолдары:

  • шығындарды қысқарту мақсатымен өндірістегі барлық қор түрлерін мейлінше азайту;
  • өндірістің шикізат, материалдар мен жартылай фабрикаттармен үздіксіз жабдықталуын қамтамасыз ету;
  • өңделетін жүктер сапасын сақтап қалуын қамтамасыз ету;

қойма жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру есебінен қойма шаруашылығының жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсартып, өнімділікті арттыру.

 

7.  Жаңа техника игеру жұмыстарын ұйымдастыру

 

1. Жаңа бұйым және жаңа технологияның жобасын әзірлеу - өндірісті техникалық дайындау – бұл жаңа бұйым жасау және игеру, жаңа технологияларды ендіру жөніндегі ғылыми, жобалау-конструкторлық, технологиялық және өндірістік-шаруашылық жұмыстар кешені. «Ғылыми – техника - өндіріс – тұтыну» жүйесінде техникалық дайындық  жалғастырғыш буын ролін атқарады, себебі он жеке-дара ғылыми-зерттеу,жобалау-конструкторлық, тәжірибе-эксперименттік және ұйымдастыру – техникалық жұмыстарын біріктіріп, нәтижесінде ғылым өнімдері өндіріс өнімдеріне айналады.

Кәсіпорынның салалық еншілігіне, ауқымына, өндіріс профиліне қарай өндірісті техникалық дайындау көлемі мен құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшырауы мүмкін, мұның нәтижесінде техникалық дайыддықтың ұзақтығы мен осы мақсатқа пайдаланылатын ресурстар көлемі де өзгермек. Өндірісті техникалық дайындаудың келесідей формаларын ажыратады:

  • толық форма, техникалық жағынан күрделі профильді жаппай және ірісериялық өнімдердің жаңа немесе жетілдірілген түрін шығаруға дайындықта пайдаланылады және ол «ғылым – техника - өндіріс тұтыну» жүйесінің толық циклын қамтиды.
  • шағын форма, конструкциясы мен технологиясы аса күрделі емес өнім өндіріс дайындап,шығаруға, стандартты жабдықтарды өндіріске енгізуде және басқадай ұйымдық-техникалық іс-шаралар өткізуде кеңінен қолданылады;
  •  технологиялық форма, күрделі жабдықтарды, технологиялық желілерді, басқару жүйелерін енгізуге дайындық кезінде қолданылады.

Аталған техникалық дайындық формаларының арасында нақты шектеулер болмайды. Техникалық дайындықтың барлық жұмыс түрлері келесі кезеңдерден тұрады:

  • Ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық және тәжірибе-эксперименттік жұмыстар – жаңа өнім үлгілерін құрып, оны өңдеу арқылы жүргізіледі (конструкторлық дайындық);
  • Технологиялық дайындық, оған технологиялартүзу, жабдықтарды, өндіріс ағындарын орналастыруды жобалау, арнайы жабдықтар, құрал-саймандарды, жарақтарды құрастырып әзірлеу, оларды сынақтан өткізу, жабдықты күйге келтіру т.с.с. кіреді;
  • өнімді өндіріске жөнелту.

Осы жерде кейбір авторлар өндірісті техникалық дайындау жұмыстарын өндірісті ғылыми-техникалық даярлау, өндірісті жобалық – технологиялық дайындау т.с.с деп әр мәнерде атай отырып, олардың барлығын бір мағынада түсінеді. Өндірісті техникалық дайындау ісі жолға өнім шығару кезінде, сонымен қатар кәсіпорынды немесе оның жекелеген өндіріс учаскелерін қайта жарақтандыру, қайта жаңғырту және кеңейту кезінде жүргізіледі. Демек, конструкторлық және технологиялық дайындық, және өнімді өндіріске жіберу іс-шаралары кәсіпорын өндірісін ғылыми-техникалық ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Өндірісті техникалық дайындау үрдісі тиісті нормалар, ережелер, талаптар мен стандарттарға сәйкес реттеледі.

Қазіргі уақытта стандарттар түрінде ресімделген 27 салааралық құжаттамалар пайдаланылады.

  • Мемлекеттік стандарттау жүйесі (МСЖ);
  • Бірыңғай конструкторлық құжаттама жүйесі (БКҚЖ);
  • Бірыңғай технологиялық құжаттамалар жүйесі (БТҚЖ);
  • Бірыңғай өндірісті техникалық дайындау жүйесі (БӨТДЖ);
  • Мемлекеттік өлшемдер тұтастығын қамтамасыз ету жүйесі (МӨЖ);
  • Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ);
  • Өнімді жобалау және өндіріске жөнелту жүйесі (ӨЖӨЖ);
  • Өнімдерді мемлекеттік сынақтан өткізу жүйесі (ӨМСЖ);

Аталған стандарттар жиынтығы өндірісті техникалық даярлау жұмысын жоғары деңгейде өткізуді қамтамасыз етеді, нәтижесінде шығарылған өнімнің сапасы мен сатылымы жағынан ішкі нарықта ғана емес, халықаралық деңгейде де бәсекелестікке төзе алады.

Өндірістің техникалық даярлық деңгейі көптеген факторларға тәуелді (техникалық, экономикалық, ұйымдастыру, әлеуметтік).

Техникалық факторларға типтік және стандарттық технологиялық үрдістерді түзіп, оны енгізу, технологиялық жарақтандырудың стандартталған, үйлестірілген құралдарын пайдалану жатады.

Экономикалық факторлар өндірісті техникалық даярлау жұмыстарын кезең-кезеңімен алдын-ала қаржыландыру, жеңілдікті несиелер беру, жаңа өнімді игеру ісін (өндіріске жіберуді) ынталандыру қорын құруды қамтиды.

Ұйымдастыру факторларына өндірістің мамандандын дамыта және тереңдете түсу, технологиялық үрдістер мен технологиялық жарықтандыру сапасын атестаттау, стандарттық емес жабдық жұмысын тәжірибелік үлгінің немесе негізі өндірістің алғашқы партиясының сапасын бағалау арқылы атестаттау, көмекші өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту т.б кіреді.

Әлеуметтік факторларға орындаушылардың біліктілігін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту мақсатымен өндірістік және көмекші операцияларды механикаландыру және автоматтандыру, әлеуметтік саланы дамыту, ұжымдағы психологиялық көңіл-күйді жақсарту жұмыстары жатады. Техникалық даярлаудың барлық кезеңдері өзара тығыз байланысты.

2. Өнімді әзірлеу және өндіріске жөнелту жүйесі (ӨӘОЖ)бұл өнімді жобалау, өндіріп шығару және оны тұтынушының тиімді түрде қолдануы тәртібін белгілейтін ережелер жүйесі. Бұл жүйе ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық, тәжірибелік – техникалық жұмыстардың, патенттік зерттеулердің, техниканың даму үдерісі мен техникалық деңгейін болжаудың бұйымды орамдау және тасымалдау тәсілдерінің тәртібін сондай-ақ шетелдік фирмалар лицензиясы бойынша дайындалатын өнімді өндіріске қою ретін белгілейді; заманауи деңгейге сәйкес емес өнімді өндірістен олып тастау тәртібін бекітеді. Және, ең маңыздысы, жүйе жоба әзірлеушісінің, тапсырыс берушінің (тұтынушының), өнім дайындаушының қызметтері белгіленеді.

Өнім жобасын әзірлеп, оны өндіріске жөнелту жүйесі, негізінен, келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. техникалық міндеттемені әзірлеу;
  2. техникалық және нормативтік техникалық құжаттарды ресімдеу;
  3. өнім үлгілерін дайындап, оны сынау;
  4. жоба нәтижелерін қабылдап алу,
  5. өндірісті дайындау және оны игеру

 Өнім түрінің және өндіріс ұйымдастырылуының ерекшеліктеріне қарай жоғарыда аталған кезеңдерді біріктіруге, өзгертуге немесе толықтыруға болады.

Жоба әзірлеуші техникалық міндеттемеде келтірілген тапсырыс берушінің (тұтынушының) бастапқы талаптарының, сонымен қатар, маркетингтік зерттеулер, қолдану шарттары, даму үдерісіне және қолдағы бар ғылыми-техникалық негізінде қажетті ғылыми-зерттеу және тәжірибе – технологиялық жұмыстарын жүргізеді. Оның ішінде патеттік зерттеулер, функционалдық – құдық сараптама, модельдеу, көркем құрастыру т.б. Жұмыс барысында жоба әзірлеуші өнімнің техникалық деңгейін белгілейтін көрсеткіш мәндері бекітілген, оның сыртқы және ішке нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін талаптар (өнімнің өзара алмасушылығы, оның қосалқы бөліктерінің үйлесімділігі т.с.с), қауіпсіздік, табиғатты қорғау, өндіріс шығындарын азайту т.б талаптары белгіленіп көрсетілген нормативтік-техникалық және өзге де құжаттарға сүйенеді.

Тапсырыс беруші (тұтынушы) өнімге қойған талаптарын негіздеп, оның орынды қолданыс табуын қамтамасыз етуі, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын бағалау жұмысына қатысады.

Техникалық міндеттеме атқарылған ҒЗЖ, ТКЖ, қысқамерзімді және ұзақмерзімді болжаудың, отандық және шетелдік стандарттар сараптамасының, ғылым мен техника жетістіктерінің нәтижелері негізінде әзірленеді. Техникалық міндеттемеде өнімнің болжамдық сапа көрсеткіштері оның стандартталу және үйлестіру деңгейін көрсете отырып беріледі. Оған өнімнің тұтынушылық қасиеттері мен қолдану тиімділігін анықтайтын техника-экономикалық талаптар, тапсырысшы мен орындаушы бірлесіп қарауды қажет ететін құжаттар тізімі, жоба нәтижелерін өткізу қабылдау тәртібі кіреді. Техникалық міндеттеме өндірісті технологиялық дайындау, экспертиза жүргізу істеріне де талаптар қоюы мүмкін.

Экспертизаның басты мақсаты – жобаланып отырған өнімнің техникалық міндеттемеге, сондай-ақ стандарттарға сәйкестігін анықтау болып табылады. Экспертиза жүргізу барысында жалпы теникалық міндеттемені шешу кешенділігі, оның біртиптес бұйымдар өндірісі мен одан әрі дамуымен үйлесуі, бұйым номенклатурасы мен оның компоненттерінің тип-өлшемдерін қысқарту, мүмкіндігі, сондай-ақ қолданылатын таңбалар санымен материалдар ассортименті, өнімнің қауіпсіздік талаптары мен санитарлы-гигиеналық нормаларға сәйкестігі тексеріледі.

Өнімді дайындаушы бұйымның тиісті сапа деңгейін, оның халық шаруашылығы мен тұрғындар қажеттілігін қамтамасыз ететін мөлшерде шығару мүмкіндігін қамтамасыз ететін технологиялық дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сериялық және жаппай өндіріс өнімдері қабылдап-өткізу және жүйелі түрдегі сынақтардан өткізіледі. Қабылдап-өткізу сынақтарын сапаны техникалық-бақылау қызметі (ТББ) жүргізеді, жүйелі сынақтарды - өндіруші кәсіпорын немесе әзірлеуші-ұйым мен негізгі тұтынушы өкілдерінің қатысуымен арнайы маманданған мекеме жүргізеді.

Дайын өнімді қабылдау-өткізу сынақтарын әдетте, өнім дайындаушы құратын қабылдау коммисиясы өткізеді. Егер дайындаушы-кәсіпорында тапсырыс берушінің өкілдері болса, онда олар сынақты өнім дайындаушы өкілінің қатысуымен жүргізеді. Қабылдау-өткізуң сынақтарының мақсаты – бұйымның нақты іс жүзіндегі параметрлерінің нормативтік-техникалық құжаттама мен бұйым төлқұжатында берілген параметрлік мәндерге сәйкестігін тексеру. Өнімді жүйелі түрде сынау (мысалы, көтергіш – көлік құралдарын) белгіленген көлемде және техникалық шарттар немесе басқадай нормативтік – техникалық құжаттамалар бекіткен тәртіппен жүргізіледі. Олардың мақсаты бұйым параметрінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі ішінде нормативтерге сай болуын тексеруде (нормативтерге сәйкестік параметрлер тұрақтылығынан көрінеді).

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-04 16:15:16     Қаралды-7077

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Жер шарында теңіздер, өзендер мен көлдер көк түспен бейнеленгенін білесіздер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЬБРУС НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Эльбрус тауы - сөнген жанартау.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛИЛЕЙДІҢ КЕРНЕЙІ НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Біздің планетамыз Әлемнің орталығы деп есептелді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ БИІК ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Биіктігі бойынша гүлдер арасындағы чемпион титандық аморфофалл

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР ҚАЛАЙ КӨРЕДІ?

...

Балықтар табиғаты бойынша алыстан көрмейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАНДАЙ АСПАН ДЕНЕЛЕРІНІҢ ҚҰЙРЫҚТАРЫ БАР?

...

Күн жүйесінің бұл «құйрықты» тұрғындары - кометалар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »