UF

Тақырыбы: Мұнайгаз жабдықтарын монтаждау және пайдалану

 

Мазмұны

 

Кіріспе

2 Тәл жүйесінің механизмі

3 Бұрғы қондырғылары

4 Ірге тасты тұрғызу

5 Бұрғы қондырғысындағы ірге тастарды жобалау

6 Қабылдау мен қосымша ыдыстарды монтаждау

7 Бұрғы ертіндісін әзірлеу үшін жабдықтарды монтаждау

8 Бұрғы мұнараны жинау

9 Бұрғы жабдықтарды тасымалдау

10 Бұрғы қондырғысындағы жабдықтардың сенімділігі

 

Кіріспе  

 

“Мұнайгаз жабдықтарын монтаждау және пайдалану” негiзгi мақсаты, бұл алған бiлiмдер жүйесiнiң негiзiнде бұрғылау жабдықтардың салмағын, сыртқы өлшемдерiн және берiктiлiк сипаттамаларын назарға ала отырып монтаждау әдiсi мен тәсiлiн әзiрлеу, қажет технологиялық жабдықтар мен жасақтарын таңдап қабылдау бойынша инженерлiк ойларды қалыптастыру, сонымен қатар монтаждалуын ұйымдастыру.

“Мұнайгаз жабдықтарын монтаждау және пайдалану” негiзгi мәселелерi бұл:

  1. Монтаждауға тиiстi мұнайгаз жабдықтың салмағына, пiшiнiне және монтаждау жұмысын жүргiзу жағдайына байланысты монтаждау әдiсi мен тәсiлiн қабылдай алу;
  2. Қазiргi таңдағы техникалық жасақтар мен монтаждық жабдықтары;
  3. Монтаждық жұмыстарды ұтымды және қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз етушi монтаждаудың технологиялық сұлбасын түзу және монтаждау, жабдықтар мен такелаждық жасақтарды iрiктеу әдiсi;
  4. Мұнайгаз жабдықтарын монтаждаудың жаңа және жетiлген әдiсi.
  5. Студенттердiң бойында өндiрiстiк жағдайда монтаждық, сондай - ақ қосу мен игеру жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу.

Қазақстан Республикасының мұнай газсаласының даму тарихы

Батыс Қазақстан өлкелерінде ғана емес Шығыс Қазақстанда Торғай ойпатында жүргізеді. Соның арқасында Оңтүстік Торғайдағы Құмкөл кен орны 1990 жылы пайдалануға берілді.

1920 жылы Кеңес Одағының 3,8 млн.т . мұнай өндірілсе, 1927 жылы 21,7 млн.тоннаға, ал 1946 жылы 100 млн., 1968 жылы 300 млн., 1980 жылы 603 млн. Тоннаға дейін жеткізілген. Мұнай және газ ұңғыларының орташа тереңдігі 1922-1982 жыл аралығында 4 еседей өсті. Қазіргі кезде, ол 2000м. Жоғары. Тереңдігі 13000 м ұңғымаларды бұрғылау тәжірибесі де бар.

Ең бірінші бұрғылау жұмыстары қай елде бірінші болып басталғаны туралы деректі мәліметтер әлі жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша ең бірінші ұңғымалар тұз ерітінділерін алу мақсатымен Қытайда біздің эрамызға дейінгі 2000 ж бұрын бұрғыланған деген мәліметтер бар. Россияда ұңғымаларды нақтылы бұрғылап бастау уақыты белгісіз. Шамамен ол 1370 ж. болған. Ең бірінші мұнай ұңғымасы 1847 ж Биби-Эйбатта (Азербайжанда) бұрғыланған.

Қазақстанда 1892 жылы геолог С.Н. Никитиннің жетекшілік  етуімен Доссор, Ескене, Қарашүңгіл кеншарларында қолмен жүргізілетін станоктарды пайдалана отырып, бұрғылау жұмыстарды  ұйымдастарды. 1894 жылы Ембі-Каспий серіктігі құрылып, кейін ол мұнайшы Леманның қолына берілді.

1894-1899 жж Леман Компаниясы Қарашүңгіл кен алаңынан 38 ден 275м. дейін 21 ұңғыма бұрғылады. 1899 жылы қараша айында олардың бірінен, яғни №7 ұңғымадан 40 м. Тереңдіктен мұнайдың жеңіл фонтаны атқылап, тәулігіне 20 т. Мұнай өнімі берілді. Бұл солтүстік Каспий аймағындағы мұнай өнеркәсібінің дамуының басталуы еді.

Қазақстан жеріндегі, әсіресе оның батыс аймағындағы алғашқы мұнай туралы әңгіме, болжамдар тым әріден басталады. Сонау 17 ғасырдан бастап Маңғыстау арқылы өтетін Керуен жолына, қала берді Каспий теңізіне өз үстемдігін орнатуға тырысқан орыс мемлекеті осы жаққа әсіресе, І Петр патша осы теңізге күшті мән берді.

Қазақстаннның мұнайлы кен орындар геологиялық құрылысы, көмірсутектер құрамы бойынша өзара бөлінеді. Бүгінгі күні атқылаумен және жоғары дебитті шыңыраулармен жеңіл игерілетін мұнай қорлары мүлде жоқ. Жаңа кен орындар күрделі құрылысты және қабаттардың аз өткізгіштігімен сипатталады, яғни игеру қиындатылады және қымбатқа түседі.

 

2 Тәл жүйесінің механизмі

 

Кронблоктарың, тәл блоктарын, ілмектерін, ілмекблоктарын және роторларын атқаратын қызметі мен конструктивтік ерекшелері.

Тәльді механизм

Тальдік механизм немесе тальдік жүйе бұрғылау қондырғысының жүк тасымалдаушы бөлігі – болатты канатпен иілген крон блокпен тальдік блоктан тұратын полистпаст болып табылады. Бұрғылау бағанасын және иілмелі құбырларды ілу үшін тальдік блок қармақпен немесе автоматты элеватормен жабдықталған. Ілінген жүктің жүктемесі жұмысшы канат тармақтары арасында таралады, ал олардың саны тальдік блокпен крон блоктың шкив санынан анықталады. Тальдік жүйе канат жүктелуін көтерілетін жүк салмағымен сақтандырады. Осының есебінен канат ұзындығы өседі.

Тальдік канаттың жұмысшы шектері тальдік блок пен кронблок шкивкалы арасында орналасып, жүрісті және қозғалмайтын түріне қарағанда өзінің ұзындығын ілмекті түсіру, көтеру кезінде өзгертеді.

Тальдік механизмдер бұрғылау қондырғыларының мұнарасына бекітіліп, келесі ерекшеліктерге ие:

  • тәл жүйесі ілмекпен бірге ұңғыма сағасында орналасып, бос күйінде вертикаль бағытта қозғалады;
  • ілмекті көтеру биіктігі мұнараның биіктігімен және көтеру-түсіру операциясының қәуіпсіздігімен байланысты;
  • шкив диаметрімен басқа жүк тасымалдаушы жүйелердіңөлшемдері бұрғылау мұнарасының көлденең өлшемдерін ескере отырып таңдайды;
  • жүктемелер мен түсіру–көтеру операцияларының жылдамдығы үлкен диапозонда ұңғыма тереңдігі және құбырлар бағананың ұзындығына байланысты өзгереді.

Кронблоктар

Кронблоктарды бұрғылау мұнараларының басында орналастырады. Олар тальдік механизмнің жылжымайтын бөлігі болып табылады. Кронблоктардың құрылымы пайдаланатын мұнараларды түріне байланысты және олардың шкив санына, жүк көтергіштігіне және конструкциялық сұлбасына байланысты айырады.

Кронблок шкивтары жылжымайтын бір осьті емес орналасқан өстерінде айналады. Бір осьті емес сұлбада шкив өсі, тальдік арқаннан жүрісті шегінде пайдаланылады, қалған шкивтердің осьтері перпендикуляр орналасады.

Кронблоктардың шкивтері мен подшипниктері біртекті тозбайды. Тәжірибе көсеткендей жоғары тозуға тальдік канаттың жүрісті иілген шкив ойықшалары мен подшипниктер жатады. Шкивтердің секциялы орналасуы әр секцияның 1800 бұрылуымен немесе қайта орналастыру мен біртекті тозуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты кронблоктың қызмет ету мерзімде көбейеді. Шкив секциялары қаптамамен жабылады.

Тальдік блоктар

Тальдік блокта шкив саны, кронблоққа қарағанда біреуі кем. Кронблок пен салыстырғанда тальдік блок канаттың жылжымайтын және жүрісті шектерінің тартылуымен пайда болатын жүктемеге түспейді. Сондықтан оның жүк көтергіштігі  кронблоктілікке қарағанда кемірек. Тальдік блоктың массаы оның түсуіне қажетті жылдамдықты қамтамасыз ету үшінжеткілікті болуы керек, соған байланысты тальдік блоктың массасы крон блокқа қарағанда салмақтырақ. Бірақта, кронблоктардың шкив саны мен жүк көтергіштігі жоғарырақ. Тальдік блоктарды бір және екі секциялы етіп дайындайды. екі секциялы тальдік блоктар қажетті жағдайдашамдарды қолмен орнату үшін пайдаланады.

Бірсекциялы тальдік блоктар – болат беттерімен дайындалып пісірілген жапсырмалары бар екі беттен тұрады. Траверса мен болтты тартпамен қосылған беттер тальдік блоктың рамасын құрайды. Траверсамен тартпа арасында беттерде шкив осьтеріне арналған ойықша бар. Ось беттері гайка арқылы бекітіледі. Шкивтер тальдік блоктың осіне сырғанау подшипниктері арқылы орнатылады. Канаттың шкив ойығынан шығып кетпеуі үшін тартпаларын төменгі қаптамамен бекітілген. Сыртқы жағымен шкивтер қаптамалар арқылы жабылады, бұлар канаттың шығуына арналған. Тальдік блоктың қаптамалары беттін блоктан жасалады.

Тәл жүйесі

Бұрғы қондырғыларының тәл (полиспат) жүйесі, лебедка барабанының айналмалы қозғалысының ілмектің ілгерілемелі (тіке) қозғалысына айналдыру және тәл арқаны ілмектеріне түсетін салмақты жеңілдету қыметін атқарады. Кронблок шкиві арқылы, белгілі ретпен болат арқан өткііліп, бір ұшы қоғалмайтын етіп бекітіледі.

Көтеретін жүк салмағы мен арқан ішегінің санына қарай тәл жүйесі төмендегідей жабдықталады.

Көтеретін жүк салмағы 50-75т, бұрғы қондырғысында шкивтер саны 2х3 және 3х4 тәл жүйесі, ал 100-300 т қондырғыларда шкивтер саны 4х5, 6х7 тәл жүйелері қолданылады. Бұл жабдықтау жүйесіндегі бірінші цифр тәл блогы шкивінің, ал екінші – кронблок шкивінің санын көрсетеді.

Кронблоктар (4-кесте) остер мен шкивті тіректерден құрастырылған рама. Кейде рама мұнараның жоғарғы шетімен біріктіріле дайындалады.

Мысал ретінде УКБА-7-500 кронблогының (10-сурет) конструкциясын қарастырамыз. Кронблок, ажырамалы тіректерге (3және 4) орналастырылған төрт блокты және үш блокты (6) екі секциядан тұрады. Остер тіректерге берік қысылып, зақымдалудан қорғалған. Үш және төрт блокты секциялар үстіңгі жағынан кронблок рамасына берік ұстатылған ашылмалы қаптамамен (2) жабылған. Төменгі бөлігінде арқалығына қосалқы лебедкадан келетін арқан үшін қосалқы блок (6) ілінеді. Ортаңғы бойлық арқалыққа лебедка арқанына арналған ортаңғы блок (5) орнатылған.

Тәл блоктары (5 кесте) Тәл блоктары кронблок сияқты ішінде шкивтер мен подшипник тіректері қондырылған тұрық түрінде болады. Бұрғы қондырғыларында тәл блогының екі бүрі болады. Бұрғы қондырғыларында тәл блогының екі түрі қолданылады. Бұғылау құбырлары «свечасын» қолмен оналастырып қоятын және көтеріп-түсіру жұмыстар процесі автоматтандырылған тәл блоктар. Мысал ретінде УБТ-5-225 тәл блогын (11-сурет) қарастырамыз. Ол екі шетінде бастырма (2) жабыстырылған екі жақтан (1) тұрады. Жақтың жоғарғы бөлігіә траверсамен (9) жалғанған. Жақтың орта шенінде тербелмелі подшипниктерге отырғызылған шкивтер (5) үшін ось (7) жонылған. Жақтар төменгі шетінің оң және сол жағынан тәл арқанын блок арнасынан шығып кетуінен сақтандырушы төмегі қорғаушы қаптамаға (3) бекітілген кермелермен (4) қосылады.Блок бүйір жағынан жоғарғы бөлігінде арқан өтетін ойықтары бар тез алынатын қорғауыш қаптамамен (10) жабылады. Білік (7) бекіткіш планкасын (8) ашылып ктуден сақтандыратын екі гайкамен (6) ұстатылады. Блок подшипниктерін серіппелі май құйғышпен әр блок ортасында, дөңгелек подшипниктер арасындағы остегі тесік арқылы майлайды.

УБТ-5-225 тәл блогында бұрғылау құбырлары «свечаларын» қолмен орналастырады.

Тәл арқандары. Бұрғы қондығылары тәл жүйелерінде алты жұмыр еспелі болат арқандар қолданылады. Еспелер органикалық немесе болат өзекке өріледі. Еспелердегі сым санын 19-дан 37-ге дейін жеткізіп дайындайды. Арқан өзекшесі ретінде кендір немесе пластмасса қолданылады. Арқан дайындау үшін жоғары көміртекті және жоғары марганецті болат сымдар қолданылады. Тәл арқанын тура немесе айқастыра өріп дайындайды. Тәл жүйесінде айқастыра өрілген сым арқандар қолданылады.

Айқастыра өру тәсілінде сымдар еспеде бір бағытта өрілсе, еспелердің өзі арқанда қарама-қарсы бағытта өріледі. Айқастыра өрілген арқандарды бір өзекшеге оң және сол бағытта орап дайындайды. Оң бағытта сағат тілінің айналу бағытымен, ал сол бағытта керісінше өреді. Бұрғы лебедкасына бекітілген қозғалмалы шетінің орнына және лебедка барабанында оралу бағытына байланысты тәл арқандары оң өрмелі болуы тиіс. Арқанды тез тозудан сақтау үшін еспелнрдің сыртқы қабаттарындағы сымдар диаметрі үлкен, ал ішкі қабаттарындағы сымдар диаметрі арқанды иілімді ету үшін кіші етіліп алынады.

Бұрғы ілмегі мен ілме блок. Бұрғы ілмектері жеке дара немесе тәл блогымен бірге (ілме блок) дайындалады. Олар көтеріп-түсіру процесінде бұрғылау құбырлары мен шегендеу құбырлары тізбегін алқамен бұрғы элеваторы арқылы ілу, бұрғылау кезінде вертлюгті бұрғылау тізбегімен ілу және монтаж, демонтаж жұмыстарында жүктерді түсіру, тарту үшін қолданылады.

Конструкциялық дайындалуы боцынша ілмектер бір, екі, үш ашалы болып келеді. Қазіргі кезде негізінен үш ашалы бұрғы ілмектері қолданылады. Оның екі бүйірлік ашаларына сырға ілінеді. Дайындалу тәсілдеріне қарай ілмектер соғылған, құйылған және қатпарлы құрылмалы болып келеді. Мысал ретінде көтеру күші 225 тн, көтеру ілмегінің конструкциясын қарастырамыз (13сурет). Ол білікті (15) оқпанмен (14) жалғастырушы қатпарлы ілмек (16) және білік (11) арқылы тәл блогының ұзартылған мойнына немесе сырғаға ілінетін тұрқыдан (12) тұрады. Тұрық ішіне вертлюг тұрқындағы сақиналы ойыққа орналастырылған шарикті полдшипникке (10) тірей стакан (13) орналастырылады. Стакан ішіне жоғарғы шетінде трапецейдалды тірек бұрандасы бар және гайкаға (8) бұралған, серіппеге (9) тірелген вертлюг оқпаны тіреледі. Стаканның сыртында, төменгі шетіне қарай айналдыра тоқтатқыш штогының (5) жартылай қамыттары орналасатын ойықтар жасалған. Тоқтатқыш механизмнің бекіткіші (6), механизмінің ішіне орналасқан серіппенің әсерінен вертлюг тұрқындағы тесіктерге кіреді. Тоқтатқыш механизм арқылы ілмек вертлюг тұрқына сай белгілі орынға қойылады. Ілмек оқпанын ашылып кетуден сақтандыру үшін тұрық шетіндегі көлденең кертіктерге және гайка (8) мен оқпанға (14) бірге кіретін жұқа тақтайша орнатылған. Стакан жоғарғы жағынан ылғал және балшық кіріп ыластанбау үшін қақпақпен (7) жабылады. Ілмек пластинасы мен вертлюг сырғасын зақымданудансақтау үшін ілмек жұтқыншағынақұйма болаттан тұғырлық (1) ұстатылады. Пластинкалы ілмектердің екі бүйіріне бұрғы элеваторының сырғасын ілу үшін білік (18) орнатылған. Сырғаларды шығып кетуден сақтау үшін қайырылмалы скоба (17), ал негізгі ашаны сақтандыру үшін осте (2) айналатын тұрқыдан (3) тұратын тиектеме қолданылады. Тұрық ішіне ілмекте дайындалған тесікке серіппелі тоқтатқыш (4) орналастырылады. Ілмекті көтерген кеде вертлюг сырғасы, ілмек тұрқын шеткі жабық орнына бұрушы хвостовикті басады да, тиек өздігінен іске қосылады. Тоқтатқыш серіппе ө тесігіне енеді.

14-суретте ілме блогының конструкциясы келтірілген. Ол тәл блогы  мен бұрғы ілмегінің біріккен түрі.

7- кестеде бұрғы ілмектері мен ілме блоктардың әр түрлі конструкцияларының негігі техникалық сипаттамалары берілген.

Бұрғы сырғалары бұрғылау аспаптары немесе шегендеу құбырлары тізбегін асушы, бұрғы элеваторы мен ілмекті жалғатырушы аспап. Сырғалар жүк көтерімділігіне қарай 25, 50,75,125,200 және 300тн. Болып келеді. Конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір, екі салалы болып келеді.

Роторлар

Бұрғылаушы ротор, қысқартылып айтылғанда ротор немесе айналдырушы деп айтады.

Ротор бұрғылау тізбегіне бұрғылау кезінде айналым беру, ал көтеріп-түсіру кезінде оны ұстап тұру ұшін ќолданылады. Ротор тігінен ілінген бұрғылау ќұбырлары тізбегіне трансмиссия білігенен айналым беретін редуктор. Ротор станинасы бұрѓылау, көтеріп –тұсіру жұмыстары барысында барлыќ салмаќты ќабылдап, тұғырға береді. Станинаныњ ішкі ќуысы май ваннасы сияќты. Ротор білігінің сыртќы шетінде шынжырлы дµњгелек немесе кардан білігінің жарты муфтасы орналасуы мүмкін.

Мысал ретінде Р-560 роторының конструкциясын ќарастырамыз. Ол стаканға (11) оралған ойығы бар жєен жетек білік пен тіке станина орналастырылған станинадан (3) тұрады. Станина ішінде тісті шар (19) отырғызылған ротор столы (14) тірелетін негізгі тіректік шар тәрізді подшипник (2) отырғызылған.

Станина мен ротор столының май ваннасын, жуу сұйығынан ќорѓайтын шытырман тығыздауыш ќұрайтын ойығы (А) бар. Ротор столы дискасының ќапталында тоќтату механизмінің бекіткіші (15) кіретін тіке ойығы (Б) бар. Ротор станинасы ротордың негізгі тірегінің май ваннасын ќұрушы төлке (6) престелініп отырғызылады. Ротор станинасының астына, ротор столын центрлеуші және жоғары бағытталған тіке салмаќтарды ќабылдаушы ќосалќы подшипник (5) орнатылған. Подшипник (5) ротор столыныњ төменгі шетіне болтпен (7) ұстатылған фланецќа (8) тіреледі. Фланец (8) төменгі шар тәрізді тірекке май ваннасын ќұру үшін тіке цилиндрлі ќабырғамен жасалған.

Май ваннасын жуу сұйыѓынан ќорғау үшін оның астына, ротор столына болтпен ұстатылған саќина (4) орнатылған. Фланец пен саќина арасындағы саңылау фланецке жалғанып, ротор столымен бірге айналатын шой ќалќанмен жабылады. Бұл саңылауды жуу сұйығының кіруінен ќорѓайды. ұстіңгі жағында станинаға болттармен ұстатылған ротор ќаќпағы (1) орналасќан. Жетек білігіне тісті берілістің конусты шестернясы (10) отрғызылған. Білік шестрня жағынан екі конусты подшипникке (12), ќарама-ќарсы жағынан стаканға (11) орналастырылған подшипникке (13) тірелді. Стакан (11) шестерня жағынан бұйірлік ќаќпаќпен, ал шарикті подшипник жаѓынан бұйірлік тығыздауышпен жабылады.

Подшипниктер (12 жєне 13) арасындаѓы ќуыс олардың май ваннасы болып саналады. Ротор столы бекіткіш (15) арќылы тоќтатылады. Бекіткіш стакан (17) ішімен ќозғалатын төлкеге (18) пісіріліп ұстатылады. Төлкенің үстіне ротор ќаќпағының ойығына кіріп тұратын пластинкалы тұтќа пісіріліп жалғанады. Пластинкалардың бірінде бекіткіш орнын көрсететін белгі болады. Төлкені (18) жоғары көтеріп, 1800 бұрып, стакан (17) ойығына түсіріп, бекіткіш арќылы ротор столын бекітуге немесе ашуѓа болады. Тоќтатќыш төменгі жағынан, оны ќажетті бағытта ұстап тұратын серіппеге (16) жалғанады. Ротор столының сыртќы ќапталында пневматикалыќ сына ұстауышты көтеретін, ротор столына тіке бағанмен орнатылған төлке фланеці кіретін шаршы ойыќ жасалған.

Лебедка арќылы ќозғалтќыштан роторға айналым берген жағдайда, ротордың айналу жиілігін лебедка беріліс механизмдерінің көмегімен немесе шынжыр дөңгелектерді ауыстыру арќылы өзгертеді.

Лебедка жұмысы мен ротор жұмысын ќабаттастырмау үшін роторлыќ бұрғылау тәсілінде, роторға жеке жетек ќолданады.

Құрылымы және жұмыс шарттары.

Эксплуатациялық және терең барлау бұрғылау қондырғыларында ұңғыма сағасында қозғалмайтын роторларды орнатады.

Ротор тұрағы көптеген жағдайда құйғылмалы констукциялық легирленттеген башттан жасалады. Оның пішіні мен геометриялық ол шешімдері конструктивті, эксплуатациялық, технологиялық, эстетикалық талаптарға сәйкес анықталады. Тұрақта тез жүрісті білік пен ротор үстелінің орналасуына арналған тік және көлденең айықтары болады. Оның қабырғаларына қалыңдығы 15-30 мм.

Ротор үстелі тұрақтың вертикаль айығын көрсететін сыртқы биіктігі бар болатты құйма. Оның жоғарғы жағында төрт бұрыштывтулкаға арналған ойық бар. өз кезегінде қосылмаларға жетекші құбырдың роликті немесе төртбұрышты қысқыштар орнатылады, ол көтеру-түсіру операцияларында ротор үстінде құбырлар бағанасын ұстайтын қиғаштар орналасқан. Орталық тануырылған үстел бетімен ротор тұрағының соосты болмауы негізінде шариктер жүгіртпе жолдардыңсиметриялық өсіне ауытқуы мүмкін. Осының нәтежиесінде подшипниктердің дұрыс жұмысы бұзылады. Соосты болмауын жою үшін подшипниктің бір сазгенасы ортлықтандырылады, ал екінші радиус бойынша өз бетінше қозғалады. Жүктеме әсерінде бос сақинасы өз бетінше орталықтандырылады, осының көмегімен шариктердің беріктігі жүктелуі қамтамасыз етіледі. Көбіне подшипниктің бос сақинасы ротордың тұрағына орнатылады. Тіректі – радиал шарикті подшипниктерді ротор үстелінің өтпелі саңылау диаметріне сәйкес дайындайды. Берілген типті және диаметрлі подшипниктердің жүктемелі мүмкіндігі олардың сериясына байланысты. Ротор үстелінің негізгі тірегінде диаметрі 63,5-101,6 мм. диаметрлі шариктері бар подшипниктер пайдаланылады, ал қосымша тіректерде – жеңіл сериялы диаметрлі 38,1-47,6 мм. шарикті подшипниктер пайдаланылады. Конусты роликті подшипниктер, ротор үстелінің тірегінде қолданылады. Бұл оның жоғарғы құндылығымен, жоғары сезімталдығымен, аз мерзімді қызмет көрсетумен байланысты. Негізгі және қосымша ротор тіректерінің салыстырмалы жағдайы басқаша болуы мүмкін. Мысалыға, УР – 760 роторында қосымша тірек негізінің үстінде орналасады.

Бұрғы сораптары, оларды байланыстыру және айдау жолдарының жабдықтары.

Бұрғы сораптары ұңғыға қысым мен жуу сұйығын айдау үшін қолданылады. Бұрғылау жұмыстарында тек горизонталь, жетекші, поршенді сораптар қолданылады. Екі цилиндірлі бұрғы сорабының жұмыс істеу принціпі. Білік айналған кезде шатун кривошипі тербелмелі қозғалыс жасап , крейцкортты және онымен шток арқылы байланысқан поршенді қозғалысқа келтіреді. Поршен астында айдау клапондары орналасқан цилиндр төлке ішімен қозғалады. Сору клапандары сүзгімен қамтамасыз етілген сору құбыры арқылы қабылдау қалбырымен қосылған. Айдау клапондары, айдау компенсаторы және айдау жолымен қосылған поршен оңға қарай жылжыған кезде, цилиндррдің сол жағысиретіліп, жуу сұйығы атмосфералық қысым әсерінен қабылдау қалбырынан сору құбыры арқылы көтеріліп сру клапанын ашады да, сорап цилиндіріне кіреді. Осы кезде цилиндрдің оң жағындағы қуысында жуу сұйығы айдау клапанына айдау жолы арқылы ығыстырылады. Бұл кезде клапандар жабық болады. поршень кейін жылжыған кезде, цилиндірдің оң қуысында сұйық сорылады, ал сол жақ қуысында айдалады. Осылай поршень қозғалған кезде цилиндрдің бір жағында сұйық сорылса, екінші жағында айдалынып отырады, яғни сорап екі жақты істейді.

Соңғы кезде үш цилиндірлі бұрғы сораптары кеңінен қолданылады. Олардың екі цилиндрлі бұрғы сораптардан негізгі ерекшелігі: бір жақты істейтін үш жұп цилиндр поршендерінің болуы; поршендерінің сызықтық жылдамдығы жоғары; сұйықты қысып айдау дәрежесі бірқалыпты; жетек және гидравликалық біліктерінің сипаттамалары жетілдірілінген .

НБТ – 600 бұрғы сорабы гидравликалық және жетек бөлімінен тұрады. Гидравликалық бөлім өзара сору және айдау коллекторларымен біріктірілген үш клапан қорабынан тұрады. Клапан қорабында сору және айдау клапандары орналастырылған. Оның ішінде сонымен қатар , алынып – салынбалы цилиндр төлкелерде орналасқан. Төлкелер ішінде өздігінен тығыздалынатын резеңке монжетамен поршендар қозғалады.

Поршень өлшемдері төлкенікі сияқты жуу сұйығының қажетті пайдалану мөлшері мен қысымына байланысты алынады. Поршень қозғалысы креицколфқа жалғанған шток арқылы іске асырылады.

Жетек бөлімі станикада тербелмелі подшипниктерге отырғызылған трансмиссиядан және эксионтрлік біліктерден тұрады. Жетек және гидравликалық бөлімдер бір рамаға отырғызылыды. Оның құрамынамайлау және салқындату жүйелері де кіреді.

Ұңғыманың аузындағы лақтыруға қарсы жабдықтар (превентор)

Жоғары қысымды пластыны ашуға дейін ұңғыманың сағасында лақтыруға қарсы жабдықтардың комплектін орналастырады, оған екі пласты және әмбебап превентор кіреді. Ротормен бұрғылағанда, үрлеумен бұрғылағанда, аэро сұйықтықпен жуғанда, қайтарыммен жуғанда, және реттелген дифференциалды қысыммен бұрғылағанда (соның ішінде қысымның тепе – теңдігін ұстап) комплектің құрамына айналатын превентор кіреді. Айналу кезінде ұңғыманың аузын қымтау үшін айналатын превенторды пайдаланады немесе аузындағы артық қысым салыстырмалы түрде әлі үлкен болмағанда бұрғылау мұнарасын пайдаланады. Үлкен артық қысымда бұрғылау құбырларының мұнарасын айналдыру немесе қозғауға болмайды, себебі одан тығыздық элементтерінің резинасы тез тозып, қымталу бұзылады.

Жоғары қысымда ұңғыманың аузын қымтау схемасы мынадай. Кондуктордың жоғарғы ұшындағы фланецке (немесе аралық мұнараға) екі жанына айқыш иелікке бекітіледі (11 сурет). Жоғарыдан айқышқа превенторлар бекітеді: алдымен пластық, сосын әмбебап ( және айналатын). Жоғарғы превентордың үстіне келте құбыр – бағыт орналастырады. Сағада қысым атмосфералық болып тұрған кезде қымтаудың қажеті жоқ, бұрғылау кезінде жуатын сұйықтың ұңғымадан келте құбыр – бағыт бойынша тазаратын жүйеге бағытталады. Осы келте құбырға бұрғылау мұнарасын көтерген кезде ұңғыманы толтыру үшін сыйымдылықтан құбыр өткізгіш жалғайды.

Айқышқа екі құбыр өткізгіш жалғайды: жұмысшы және авариялық. Жұмысшы құбырөткізгішті тез ауысатын және реттелетін штуцерлермен қамтамасыз етеді. Превентор жабылғаннан кейін жуатын сұйықтың ағыны ұңғымадан жұмысшы құбыр өткізгіш бойынша жуатын жүйеге бағытталдаы: бұл жерде артық қысым штуцермен дұрысталады. Жұмысшы құбыр өткізгішке бұрғылау сорғыларынан қималарды жалғайды және одан сорғыға, ол жоғары қысым жасауға қабілетті ( әдетте бұл үшін үлкен цементті агрегаттың сорғысые пайдаланады). Егер басталып жатқан шығарылымды жою керек болса ағынды сызықтармен ауырлатылған жуатын сұйықтықты береді.

Арнайы амбарға пластылық сұйықтықты иелік ету үшін авариялық сызық қажет немесе оны сөндіру жүргізіліп жатқанда ұңғыны уақытша тастауға болмайтын болса, шығарылым басталғанға шыраққа авариялық сызық қажет. Жұмысшы және авариялық құбыр өткізгіштерде дистанциялық басқаруы бар жоғары қысымды крандарды, жоғары қысымды манометрлерді бекітеді.

Егер жоғары пластлық  қысымды объектілер ашылу керек болса, егер пластлық сұйықтықтарда шығарылым болса және онда көптеген коррозияны шақыратын абразивті бөлшектер мен кампоненттер болса, онда екінің орнына үш превентор орналастырылады.

Лақтыруға қарсы жабдықтардың барлық комплектісін бұрғылау едені мен жердің үстіне орналастырылады. Жұмысшы және авариялық құбыр өткізгіштерді арнайы тіреулерге қойып соларға бекітеді, пайдаланған кезде қатты вибрацияны жою үшін.

Лақтыруға қарсы жабдықтың жұмыс қысымы ең үлкен қысымға сәйкес келуі керек, газ, мұнай, су шығарылымынан кейін превенторды жапқан кезде ұңғыманың аузында қысым болуы мүмкін.

Газдалған сұйықтың ағынын кілкулегенде болатын штуцердегі вибрация қысымының ауытқуын төмендету және ұңғыманың сақиналық кеңістігіндегі қысымның үлкен тұрақтылығын ұстау, жоғары қысым кезінде газдың сұйықтықтан бөлінуін реттеу. Сепараторлардың аузын тепе – теңдік қысым болған кезде бұрғылау үшін пайдаланады. Әдетте бұрғылауда екі сепаратор орналастырады: біреуі жұмысшы қысымға 8-10МПа, екіншісі шамамен 1МПа артық қысымға арналған.

Сепаратор жарты сферлік түбі мен қақпағы бар вертикальді цилиндр ыдыс. Оның түрлі деңгейдегі бірнеше жанама иелігі бар және қақпағында бір иелік бар. Екі жоғары қысымды жанама иелік сепараторлары лақтыруға қарсы жабдықтың жұмысшы сызығының құбыр өткізгіштеріне жалғанады: біреуі-реттелген штуцерден кейін, екіншісі-бұл штуцерлерді айналып өтеді. Барлық иеліктерде жоғары қысымды кран немесе сақтандырғыш клапандр орналастырылған.

Жұмыстың алдында сепараторды жартылай сұйықтыққа толтырады, ал оның үстіндегі кеңістікті – жұмысшы қысымдағы тығыздалған азотпен толтырады. Жоғары қысымды сепараторды алдымен ұңғыманы жуу кезеңінде пайдаланады, онда жоғары пластлық қысым горизонты ашылған; тыныш тұрған уақытта мұндай ұңғымада жоғары қысымды қатты газдалған сұйықтықтың қораптары пайда болады. Егер ауыздағы сақиналық кеңістіктегі артық қысым бірінші сепаратордағы жұмысшы қысымнан асатын болса, онда жуатын сұйықтықты реттелген штуцер арқылы соңғыны бағыттайды. Ауыздағы қысымды түсіргеннен кейін бірінші сепаратордағы жұмысшыға дейін жуатын сұйықтықты штуцерді айналып өткізеді. Сағадағы аз артық қысым кезінде сұйықтық ағымын төмен қысымды сепараторға бағыттайды, алдыңғы сепараторды ажыратады.

Жоғарғы қысымды сепаратордағы жуатын сұйықтықтағы газ бөлігі бөлініп жоғарғы жанама иелік арқылы іске асырылуға бағытталады. Жартылай қайта газдалған сұйықтық төменгі жанама иелік арқылы төмен қысымды сепараторға бағытталады, онда ол қайта газдалады. Осы сепаратордан газ жоғарғы жанама иелік арқылы шырақта жағылуға бағытталады, ал жуатын сұйықтық төменгі жанама иелік арқылы шығады.

Сепаратор комплектсінде бақылау-өлшегіш аспаптар бар: газ иелік сызықтарда газдың шығыс-есептегіштері; жоғағы және төменгі жанама иеліктерде – түсіргіш клапандар; соңғысы сепараторда жұмысшы қысымы сақталып тұруы үшін газ бен сұйықтықты реттейді. Сепараторлар мен реттегіш штуцерлердің жұмысын басқару арнайы пультпен дистанционды жүргізіледі.

 

3 Бұрғы қондырғылары.

 

Бұрғы қондырғыларын топтастыру. Дизель жетектеушімен бұрғы қондырғылары. Электр жетектеушімен бұрғы қондырғылары. Конструкция мен негізгі элементтері.

Дизельді жетекті бұрғылау қондырғылары

Дизельдік күштік агрегаттар арқылы әрекет ететін негізгі атқарушы механизмдерге – лебедкаларға роторға және сораптар жетектеріне ие қондырғылар дизельді жетекті қондырғыларға жатқызылады.

Бұл қондырғылардағы қосымша механизмдер (ерітіндіні дайындау және тазалау механизмдері компрессорлар, долотаның берілісін реттеушілер және т.б.) қозғалысқа электроқозғалтқыштар әсерінен келтіріледі. Көмекші механизмдер қозғалтқыштарын энергиямен қоректендіру үшін қондырғылар дизельгенераторлы станциялармен жабдықталады. Дизельді жетектерге қондырғы жабдықтары комплекті (құраушы негізгі тетіктері) 13 кестеде келтірілген.

Дизельді жетектерге ие қондырғылар негізінен барлау бұрғылау жұмыстарында, сонымен қатар энергоқамтамасыз ету көздерінен қашықтағы аудандарда қолданылады.

БУ-75 БрД бұрғылау қондырғысы

Бұрғылау қондырғысы (сурет 14) лебедкаға, ротор және сорап үшін топтық жетекке ие, ол екі күштік агрегаттан тұрады. Әрбір күштік агрегат қуаты 420 л.с. болатын дизельден 1Д12Б және ортақ рамаға орнатылған ТТК-1 құбыр трансформатордан тұрады. Күштік агрегаттардың құбыртрансформаторының білігі муфта ШПМ-500 арқылы тізбекті редуктормен жалғасады. Редуктордан қуат лебедка беріліс қорапшасына беріліп және сыналыбелдікті беріліс арқылы сорапқа беріледі. Беріліс қорапшасы кардонды білік арқылы ротормен жалғасады.

Күштік агрегаттарды редуктормен және трансмиссиямен компоновкалау лебедкаға айналу берілісін беруді қамтамасыз етеді және сол арқылы бір немесе бірнеше (екі) күштік агрегаттан сораптың жұмыс істеуі жүзеге асырылады.

Лебедка барабанының айналу жылдамдығына қосылуы, пневматикалық цилиндрді басқару және лебедка муфтасын, роторды, беріліс қорапшасын, күштік агрегатты, сораптық тарнсмиссияны және компрессор жетегін басқару бұрғылаушы пульті арқылы дистанционды жүзеге асырылады. Тізбекті редуктор және беріліс қорапшасы тісті муфталарын іске қосу сәйкес агрегаттардың корпустарында орнатылған тұтқалар көмегі мен механикалық тәсілмен жүргізіледі. Бұрғылау қондырғысы жиналмалы-шашылмалы ірі блокты негіздермен, мачталы акционды вышкамен және қабылдағыш көпірмен комплектіленеді. Негіз үш пісіріліп қосылған фермалардан: оң, сол және орталықты құралған, олар бір-бірімен болттар арқылы қосылады. Оң және сол жақ фермаларға вышка үшін арналған шаршырлы тіректер және ауыр жүктер үшін Т-40 кронитейндер орнатылған.

Негіздің алдыңғы жағында бүйірлік және орталық фермалар арасында шыңырауда фонтанды (атқыламалы) арматура болған жағдай үшін блокты орнтуға бос орын қарастырылады. Аралық бос орынға оң және сол жақ фермаға ротор рамасы және шырақ тұғырлары орнатылады. Төменгі жағынан ферманың орталық бөлігіне тележка астына шарлы тірек орнатылған.

Бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысы

УРБ 4Т бұрғылау қондырғысы- геофизикалық және мұнайды құрылысты барлау жұмыстарын жүргізуге арналған. Бұрғыланған тай жынысын шнек арқылы сыртқа шығаруға арналған. Қондырғының тасымалдау базасы болып, трелевті трактор, оған мачта, рама мачта көтергіш цилиндр,бөлгіш қорап, аралық білік,басқару пульті,  гидрожүйе, каретка, шнекке арналған патрон, тәль жүйесі , герметизатор, шлам қорғағыш қондырғы және т.б тұрады.

Бұл қондырғысының рамасында автономды жетек қозғалтқыш құбырларды тік ұстап тұру үшін ұршықтан бағыттаушысы бар мачтадан  және бұрғылау кезінде автомобиль шассиін көтеріп түсіру үшін  тіректік винтті домкраттардан, қаутты беру қорабынан, беріліс қорабынан, лебедкадан, ротордан, бұрғылау сорабынан, мачтаны көтеру үшін гидравликалық мачтадан, генератордан, компрессордан, гидравликалық және пневматикалық қондырғыдан тұрады

Бұрғылау қондырғысы бұрғылау құбырын бұрап-ажыратуғңа арналған және қашауды беру механизмімен жабдықталған. Қашау беру механизміне және цилиндрлі механизмді қысу үшін май сорап қондырғысымен қоректенеді. Қондырғыны басқару пульт арқылы жүргізіледі.Ал бұрғылау процесін бақылау приборы және оперативті басқару органы сол қондырғыда орналасқан.

 

Бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғының үлгісі

                                                                                             4-мачта көтергіш цилиндр


1-сурет. УРБ 4Т бұрғылау қондырғысы.

 

1-мачта, 2-бөлгіш қорап, 3-рама, 4-мачтаны көтергіш цилиндр, 5-басқару пульті, 6-айналдырғыш, 7-тәль жүйесі.

Электрожетекті бұрғылау қондырғылары

Бұл қондырғыларда негізгі және қосалқы механизмдер қозғалысқа дербес электрожетектер әсерінен келтіріледі, омұнда тек БУ-300ДЭ қондырғысы ғана сыртқы электрменқамтамасыз ету көздерінен қоректенеді. Мұндай бұрғылау қондырғылары негізінен эксплуатациялық бұрғылауда электрмен қамтамасыз етілген, яғни энергия көзіне бай аудандарда ғана қолданылады.

Электрожетекті қондырғы комплектіне кіретін жабдықтар төмендегі кестеде келтірілген.

 

Аталуы

Қондырғылар

БУ-75БрЭ

Уралмаш-125БЭ-70

Уралмаш-125Э

Уралмаш -4Э-67

Уралмаш-160Э-111

Уралмаш-200Э-Ш

Уралмаш-300ДЭ/Уралмаш-300Э

Кранблок

БУ-75Бр

Уз-125

УКБА-6-250

УЗ-200-2

УКБА-7-320

КБА-У7-400

Уз-300

Ілгішблок, белдеулікблок

БУ-75Бр

У4-125

УТБА-6-250

Ілублогы

УТБА-6-250

ТБА-У6-320

У4-300

Вертлюг

БУ-75Бр

У6-ШВ14-160М

У6-ШВ14-160М

У6-ШВ14-160М

У6-ШВ14-160М

У6-ШВ14-160М

У6-ШВ14-160М

Бұрғылау сорабы

12Гр

У8-6М

У8-6М

У8-6М

У8-6М

У8-7М

У8-7М

Ротор

БУ-75Бр

У7-560-6

У7-560-6

У7-560-6

У7-560-6

У7-560-6

У7-560-6

Ротордағы пневматикалық сына

ПКЗ

ПКР-Ш8

ПКР-Ш8

ПКР-Ш8

ПКР-Ш8

ПКР-Ш8

ПКР-Ш8

Бурғылау кілті

ПБК-1Б

АКБ-3М2

АКБ-3М2

АКБ-3М2

АКБ-3М2

АКБ-3М2

АКБ-3М2

Компрессорлық станция

КТ-6

КСЭ-5М

КСЭ-5М

КСЭ-5М

КСЭ-5М

ВШ-6/10

ВШ-6/10

Электроқозғалтқыштар

Қалақша жетегі

Сораптар жетегі

 

 

АК-122-6

СД3-12-46-8А

 

 

АКБ-13-628

СДЗБ-13528

 

 

СДЗБ-13-528

АКЗ-15418Б

 

 

АКБ-114-6

СДЗБ-13528

 

 

СДЗБ-13428

АКЗ-15418Б

 

 

АКБ-13628

АКЗ-15418Б

 

 

П-179-9К

П-172-12К

АСП механизмдерінің кешені

-

АСП-3

АСП-3М

-

АСП-4

АСП-4

АСП-5

Дизельгенераторлық станция

ДГС92/4

ДЭА-100Б

ДЭА-100Б

ДЭА-100Б

ДЭБ-100Б

ДЭБ-100

ДГУ-400

Көмекші қалақша

-

1

1

-

1

1

1

Қосу құрылғысы

ПБ6-2

ПБ-6М

ПБ-6М

ПБ-6М

ПБГ-6

ПБГ-6

-

Көпіршелерде жұмысістеу үшін арналған кран

-

8КП-2

8КП-2

12КП-3

12КП-3

12КП-3

Аспалы кран

Циркуляциялау жүйесі

БУ-75Бр

ЦС-125БЭ

ЦС-125Э

-

ЦС-160Э

ЦС-200Э

ЦС-300Э

Жабдық астындағы негіз, комплектісі

1

1

1

-

1

1

1

Бұрғылау ұңғымаларының каркасы, компл

1

1

1

-

1

1

1

Бұрғылау вышкасы

БУ-75Бр

ВА-41-125

ВМА-44-200

ВБ-53-320

ВБА-53-320

ВБА-54-320

ЭВБ-58-300

 

Электрожетектерге бұрғылау қондырғылары дизельдік жетектерге ие қондырғылармен салыстырғанда келесідей артықшылықтарға ие. Дербес электрожетек кіші салмаққа, кіші беріліс санына, тез тозатын бөлшектергежәне анағұрлым жоғары пайдалы әсер коэффициентіне ие. Электрожетектерге ие атқарушы механизмдер іріблокты негіздерде орналастыру үшін қолайлы, яғни қондырғының монтаждалуға қабілетін көтеруге мүмкіндік береді. Электрэнергиясын пайдалану бұрғылау қондырғысын жанар – жағар маймен қамтамасыз ету қажеттігін болдырмайды және өрт көзқарасынан алғанда қауіпсіз болып табылады. Осы қондырғыларды күту қарапайым және қызмет етуші немесе жұмыс істейтін персонал санын азайтуға мүмкіндік береді.

Бірақ бұл қондырғыларды қолдану қашықтықтағы аудандарда электрэнергиясы көзінің жоқ болуына байланысты шектелген.

БУ-75БрЭ Бұрғылау қондырғысы

Қалақшалар жетегі қондырғыда асинхронды электроқозғалтқышпен қамтамасыз етіледі, ал сораптар жетектері – қуаты 320 кВт құрайтын синхронды электроқозғалтқыштармен қамтамасыз етіледі.

Қуат электроқозғалтқыштан тзбекті редуктор арқылы және ШПМ-700 муфтасынан өтіп қалақшаға беріледі, ал ал муфта арқылы ШПМ-500 және карданды білікпен роторға өтеді. сораптарға қуат электроқозғалтқыштан сыналы белдікті беріліс арқылы беріледі. Қондырғының кинематикалық схемасы төмендегі суретте көрсетілген.

Бұрғылау блогының негізі конструкциясы бойынша БУ-75БрД қондырғысына ұқсас. Негізге вышка, ротор, шырақтар тұғырлары, беріліс қорапшасы және қалақша, қалақша электрожетегі, компрессорлық станциялар, электрожабдықтар және ұңғыма бектіледі.

Әрбір бұрғылау сорабы электрожетегімен бірге бір металдық рамаға орнатылады. Циркуляциялық жүйе желобтардан, екі виброелектен және қабылдағыш сыйымдылықтардан тұрады.

Қондырғының комплектіне БУ-75БрД қондырғысының құрамына кіретін агрегаттар және түйіндер кіреді, айырмашылық негізгі атқарушы механизмдер конструкциясында ғана.

Уралмаш -125БЭ-70 бұрғылау қондырғысы

Қалақша электрожетегі екі асинхронды қуаты 500 кВт құрайтын, айналымы 740 айн/мин болатын тізбекті редуктормен жұп құрайтын жалпы рамаға орнатылған электроқозғалтқыштардан тұрады. Қуат электроқозғалтқыштардан муфта 2ШПМ-500 арқылы редукторға беріледі, одан ары эластикалық муфта арқылы беріліс қорапшасына беріледі, ал ол жерден – тізбекті трансмиссиямен қалақшаға беріледі.

Электроқозғалтқыштарды бұрғылаушы пультымен басқарады, ал жылдамдық қол тұтқа көмегімен реттеледі, қол тұтқа беріліс қорапшасының корпусына бекітілген. Авариялық жетек ретінде долотаны беру үшін арналған реттегіш пайдаланылуы мүмкін.

Сораптың электроқозғалтқышы жалпы ортақ рама қондырылған қуаты 630 кВт, айналымы 750 айн/мин құрайтын синхронды электроқозғалтқыштан және диаметрі 610 мм болатын Д профильдегі белдік үшін арналған сыналы белдікті беріліс шкивынан тұрады. Бұрғылау қондырғысы 23 суретте көрсетілген.

Қондырғы іріблокты негізбен комплектіленеді, яғни күштік және сораптық блоктардан тұрады. Негіз жеке бір бірімен қосылған фермалардан тұрады және Уралмаш – 125БД қондырғысымен салыстырғанда анағұрлым жоғары қуатты конструкцияға ие, яғни мұнда блоктарда ауыр жүктерді тасымалдауға мүмкіндік бар.

Аспалы қалақшалы негізге аспаны, бұрғылау қалақшасын, роторды, шығарқ тұғырларын, бұрғылау кілтін, көпіршелерде жұмыс істеу үшін арналған бұру кранын, көмекші қалақшаны, пневматикалық қырқышты, белдік бөліктің жылжымайтын тетіктерін бекіту механизмдерін орнатады. Монтаждау кезінде негізді арнайы фермаларға орнатады. Негіздің фермамен бірге алғандағы жалпы биіктігі 3,7 м құрайды. Аспа тіректері бұрғылау еденінен төмен орналасады.

Күштік блок негізіне қалақшаның берілісі қорапшасымен бірге электрожетегі, долотаның берілуін реттеуші, екі компрессорлық станция, электрожабдықтар және қаңқа орнатылады. Монтаждау кезінде негізге металдық тіректер орнатылады.

Сораптық блоктың негізіне электрожетектер және екі сорап, коммуникация бөлімі, электрожабдықтар және қаңқа орнатылады.

Жабдық комплектіне ЦС-125БЭ бұрғылау ерітіндісін тазалау, өңдеу және сақтау үшін ЦС-125БД жүйесіне ұқсас жүйе элементтері қосылады; ол тек жабдықтарды компановкалаумен ғана ерекшеленеді.

 

4 Ірге тасты тұрғызу.

 

Грунт және оның негізгі қасиеттері. Ірге тастын (фундамент) атқаратын қызметі және оған қойылатын талаптар. Ірге тастын конструкцияға әсер ететін факторлар. Ірге тастын қойылатын тереңдігі.

Грунт және оның негізгі қасиеттері

Таулы жыныстар, яғни топырақ беткі қабатын құраушы жыныстар негізінен төмендегі қасиеттерге ие болады:

Кеуектілік - жыныстардың жеке бөлшектерінің арасында бос орынның, кеуектіліктің, жарықшақтар мен каверналардың болуы. Кеуектілік кеуектілік коэффициентімен - кеуектердің жалпы көлемінің топырақ-жыныс қабатының жалпы мөлшеріне қатынасымен өлшенеді.

Тығыздығы - жыныстардың көлем бірлігінің массасының оның кеуектеріндегі сұйықтықтар мен газдар мөлшерінің жалпы қосынды шамасына қатынасы. Орташа тығыздық деп массаның жалпы көлемге қатынасын айтады.

Пластикалылық - жыныстардың күш түскен кезде өзінің тұтастығын бұзбастан көлемін өзгерту қабілеттілігі болып табылады.

Борпылдақтылық - жыныстар көлемінің бұзу кезінде табиғи ену көлемімен салыстырғанда көлемін өзгерту қабілеті болып табылады. Борпылдаушылық уақыт өткен сайын көлемнің шөгуі нәтижесінде төмендейді.

Беріктік - топырақ қабатының сыртқы  күштерге қарсыласу қабілеті болып табылады (кесу, қазу; таптау), олар топырақтарда бұзушы кернеуді туғызады. Топырақ қабатының беріктігі бөлшектер арасындағы ілінісу күштерінің дәрежесімен сипатталады. Тапталмаған топырақ қабатындағы ілінісу дәрежесі оның ылғалдылық шамасына байланысты өзгеріп отырады.

Едәуір тығыздыққа және кіші кеуектілікке ие топырақ қабаты жоғары беріктікке ие болады (тапталған топырақ қабаты). Мұндай топырақ қабатының ерекшелігі болып өзінің құрылымдык байланыстарын бұзылудан кейінгі қалпына келтіру қабілетіне ие болуы есептеледі. Тапталмаған лайды топырақ қабаты тығыздалған соң белгілі бір уақыттан кейін бөлшектер арасындағы байланыстарын қалпына келтіре алады. Жыныстар негізінен сығу күшіне жоғары қарсыласа алады, ал - созу, иію және бұрау күштеріне төзімділігі төмен болып келеді.

Құмды топырақ қабаттары тығыздығы және олардың орналасу тәртібіне байланысты тығыз, орта тығыздықтағы және борпылдақ болып бөлінеді, борпылдақтылғы негізінен кеуектілік коэффициентіне байланысты болады. Құмды қабаттардың орналасу тығыздығы және кеуектілік коэфициенттерінің шамасы төмендегі кестеде келтірілген.

Кесте

Құмдақты топырақ қабаты

 

Топырақтардың кеуектілік коэффициенттері

Тығызы қабат

Орташа тығыздықтағы

Борпылдақ

Түйіршікті, ірі және орташа іріліктегі

<0;55

0,55-0,70

>0,70

Ұсақ құмдақты

<0,60

0,60-0,75

>0,75

Шаңды құмдақтар

<0,60

0,60-0,80

>0,80

 

Құрғақ жағдайларда құмды топырақ қабаттары пластикалылық қасиеттеріне ие болмайды, пластикалылық саны құмды топырақтарда 1-ден кем болып келеді.

Пластикалылық лайлы топырақтардың ылғал жағдайда байланысқандығымен сипатталады. Пластикалылық саны деп (Wn) топырақтың екі жағдайына; аққыштық шекарасында (Wτ) және тапталғандық шекарасында (Wр) сай келетін пайыздық түрде өрнектелген салмақтық ылғалдылықтың салмақтың айырымдары болып саналады.

Іргетастардың арналуы және оларға қойылатын талаптар

Іргетастар механизмдер құрылғылар үшін тірек болып саналады. Олар топыраққа статикалық және динамикалық күштерді құрылғылар мен механизмдер жұмыс істеуі кезінде туындаған бойда беріп отырады.

Іргетастар келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: іргетас негізіне келіп түсетін меншікті максималды күш берілген топырақ қабаты үшін мүмкін болатын күш шамасынан жоғары болмауы кажет; іргетас материалына түсетін фактілі сығу кернеудің шамасы берілген іргетасты жасау үшін қолданылатын материал үшін анықталған мүмкін болатын сығу кернеуі шамасынан жоғары болмауы қажет; жұмыс істеу кезінде туындайтын дірілді және секірту моменттерін аздап немесотолық дәрежеде жоюы қажет; қондырғының жұмыс істеуі кезінде туындайтын динамикалық және статикалық күшті тұрақтылығын және беріктігін сақтай отырып өзіне қабылдауы қажет; іргетас материалы температуралық және басқа да атмосфералық әсерлерге тұрақты болуы қажет; іргетасты дайындауға жұмсалатын материал және еңбек шығындары минимальды болуы тиіс; іргетастар элементтері көп ретті пайдаланыла алатындай болуы қажет, себебі бұрғылау қондырғысы уақытқа байланысты құрылатын құрылғы болып табылады.

Бұрғылау шыңыраулары және жабдыктары астындағы іргетастар негізінен төрт типте тұрғызылады: бетондық немесе жартылай бетонды; дайын бетонды немесе темір бетонды блоктардан құмдақты орындарға немесе осы блоктардың комбиналиясынан құрыла отырып ағаш ұнтақтарымен жасалатын; ағаш төсемдерін төсеу арқылы және соңғысы свайлар үстіне кондырылатын іргетастар.

Бетондық немесе жартылай бетонды іргетастарды тікелей бұрғылау құрылғыларын іру кезінде негізінен терең шыңырауларды бұрғылауда, яғни бұрғылау уақыты ұзаққа созылатын жағдайларда тұрғызады. Монолитті бетондық іргетастар негіздермен жақсы байланыстарға ие болады, соған байланысты негіздің отыруы аз шамада, және солармен бірге іргетастардың отыруы немесе шөгуі аз шамада орын алады. Конструкцияларына байланысты тіректер тең қабырғалы (бағана тәрізді) немесе таспалы, яғни ені ұзындығынан кіші болатын қалыптарда тұрғызылуы мүмкін.

Бетондық іргетастар үшін сәйкес шұңқырлар немесе қазандықтар қазылып және олардың ішіне бетонды қоспа толтырылады.

 

Іргетастардың конструкцияларына әсер ететін факторлар

Бұрғылау мұнаралары және жабдықтар астындағы тірек ретінде қолданылатын іргетастардың конструкциясы келесі негізгі факторларға байланысты болады: тереңдігіне шыңырау конструкциясына және бұрғылау қондырғысының жабдықтарының түйіндерінің ауырлық сипаттамаларына: яғни, тереңдігі неғұрлым жоғары болатын болса, және шыңырау конструкциясы неғұрлым күрделі болатын болса, іргетастарға түсетін күш шамасы солғұрлым ауыр болып табылады; бұрғылау ұзақтығына; топырақтың қабаттарының қасиеттеріне және оның жұмыс істеу кезінде туындайтын жабдықтардан түсетін күштерді өзіне қабылдай алу қабілетіне, қысқы мезгілдерде топырақ қабатының қату тереңдігіне және т.б.

Тіректік іргетастар беттерінің өлшемдері оларға түсетін күштерге тікелей байланысты және топыраққа түсетін нормативтік қысымдарға кері тәуелділікте болады. Сондықтан тіректік іргетастардың беттік өлшемдерін есептеу жолымен анықтайды.

Бұрғылау уақытының жалғасу ұзақтығы іргетастардың уақытқа байланысты жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер етеді: бұрғылау уақыты неғұрлым ұзақ болатын болса, солғұрлым іргетастардың күштік факторлардың ұзақ уақыт тоқтаусыз әсер етуі және қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсер етуіне қарай бұзылуы ықтималдылығы жоғары болады. Бұл жағдайда іргетастарды анағұрлым берік материалдардан жасайды немесе іргетастардың және негіздің төзімділігін арттыру мақсатында арнайы қорғағыш шараларды қарастырады, атап айтатын болсақ, температуралық әсерлерден, конденсациялық ылғалданудан және лайланудан, судың көтерілуінен сақтау шараларын қарастырады.

Қысқы уақыттарда топырақтардың қату тереңдігі іргетастардың негіздеріне келесі әсерлерді береді. Топырақтардың қатуында және одан кейін еруінде олардың механикалық қасиеттері нашарлайды. Ылғалдылық шамасына байланысты қатқан топырақтың көлемі ұлғаяды, және ол топырақтардың бұзылып және түйір кеуектерінің түзілуіне алып келеді. Бұл құбылыстар негізінен лайлы топырақтарда байқалады. Негіздердегі топырақ көлемдерінің өзгеруі, іргетастардың төзімділігінің жоғалуына алып келуі мүмкін, ол әсіресе іргетас топырақ қатқан бөлігінде орналасатын болса күшті байқалады. Іргетастарды топырақтарға ендіру тереңдігі мұзалу кезінде топырақтырдың жағдайына байланысты болады, сонымен бірге ол топырак асты денгейлеріне және оның құрылысты жүргізу кезіндегі және бұрғылаушының эксплуатациялау периодында өзгеру дәрежесіне байланысты болады. Іргетастарды қыртысты, ірі блокты және құмдақты топырақтарға салуда іргетастардың ену тереңдігі қату тереңдігіне байланысты анықталады.

Іргетастарды салудың тереңдігі

Іргетастарды топырақ астына салу тереңдігі топырақты және оның физикалық күйін еске ала отырып анықталады, сонымен бірге оған жер асты суларының деңгейі, мүмкін болатын тербелістері, оның құрылысты жүргізу және бұрғылауды жүргізу периодындағы тербеліс мүмкіндіктеріне, ауданның климаттық ерекшеліктері және жауын жауған кездегі жаңбыр суының тереңдігі әсер етеді. Барлық түрдегі жер топырақ қабаты, егер оның құрамында негізінен тері немесе нольдік температурада мұз болатын болса, онда қатқыш деп аталады.

 

5 Бұрғы қондырғысындағы ірге тастарды жобалау.

 

Ірге тастарды құрудың алдындағы әзірлеу жұмыстары. Бұрғыдағы қабылдау көпірдің бағыттауды тағайындау. Алаңдағы ірге тасты белгілеу және бөлу. Жердегі жұмыстарды өндіру.

Іргетастарды салудан алдыңғы дайындық жұмыстар

Іргетастарды салу бұрғылау құрылысын салудың бастапқы циклы болып табылады. Іргетастарды болашақ шыңырау орнына салудан алдын құрылыс алаңын жоспарлау және дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс алаңшасы болып бекітілген тәртіпте оптимальды өлшемде арнайы бөлінген жер учаскесі есептеледі. Алаңшаны дайындауда рельефті тегістейді, шөптер және ағаштарды аластатады. Осы мақсатта бульдозерлер, грейдерлер, жұмсартушылар, тракторлар және басқа да жер тегістеу немесе өңдеу машиналары пайдаланылады.

Алаңшаны дайындаумен бір мезгілде подъездік жолдар салынады, сонымен қатар байланыс жолдары және электроберіліс жолдары, су құбырлары жүргізіліп және жабдықтар блоктарын тасмалдау үшін трассалар дайындалады.

Құрылыс алаңшаларында егер олар төменгі және су басатын орындарда орналасқан болса, онда су асты және жер беті суларын аластату үшін дренаждарды тұрғызады. Алаңшалар егіс алаңдарына орналасатын жағдайларда бүкіл территория бойынша беткі топырақ қабаты алынып тасталады, беткі қабатты алу тереңдігі 15-20см құрайды. Шыңырауларды бұрғылау аяқталған соң және бұрғылау қондырғысын демонтаждаудан соң топырақтың беткі қабатын қайтадан орнына төсейді.

Құрылыс алаңшаларында бұрғылау қондырығысының қабылдау көпірін таңдап алып және іргетастарды белгілеп және олардың құрылысын салуға кріседі.

Бұрғылау қондырғысының қабылдаушы көпірінің бағытын таңдау

Бұрғылау жабдықтарының жән барлық орналасу қондырғыларының құрылыс алаңшаларында орналасуы қабылдау көпірінің бағытына байланысты таңдалып алынады.

Бұрғылау қондырғысын құрылыс алаңшаларында горизонтальды бетпен немесе еңісті етіп орналастыруға болады.

Қабылдау көпірінің орналасу бағытын жергілікті орынның еңістігіне және көпшілік жағдайда орын алатын желдің бағытына байланысты таңдайды. Бұрғылау қондырғыларын еңісті емес тегіс орындарға салуда желдің бағытын сай етіп және сонымен қатар мұнараның қабылдау дарбазасы желге қарсы болатындай етіп есепке алып орналастырады. Бұл жағдайда сонымен қатар бұрғылаушының жұмысшы орынының орналасуы ескеріледі: атап айтатын болсақ бұрғылаушы бетіне күн сәулесі тікелей түспеуі қажет, және сонымен қатар көрсету приборларын бұрғылаушы анық көруі үшін ешқандай кедергілер болмауы тиіс.

Бұрғылау қондырғысын еңісті орындарға салу кезінде қабылдау көпірінің бағытын жергілікті орынның еңістігіне байланысты таңдайды, ол циркуляциялық жүйе бағытына сай болуы қажет. Бұл шарттарды сақтамау жер беті сулары және ерітінділер желобтарды тазалау кезінде бұрғылау жабдықтарының астына кетіп қалуына алып келуі мүмкін.

Қабылдау көпірінің бағытын таңдап алғаннан соң алаңшаға іргетастар салынады.

Алаңшадағы іргетастардың белгіленуі және оны бөліктерге бөлу

Іргетастарды алаңшаларда бөліп орналастыру кезінде олардың орнын және өлшемдерін жер беті жұмыстары және іргетастарды салу үшін сызылған сызба – жоспарға сай анықтайды. Ол үшін бастапқыда бұрғылау өсін таңдап алады: көлденең немесе аралықты.

Жер беті жұмыстарының өндірісі

Жабдықтар астына орналасатын іргетастарды салу құрылыс алаңшасында жүргізіледі. Жер беті жұмыстарының өндірісі және оларды механикаландыру құралдары салынатын іргетастардың өлшемдеріне, жұмыстар көлеміне және топырақ қабатының қасиетіне байланысты анықталады.

Бұрғылау құрылғыларын салуда жер беті жұмыстары үш әдіспен орындалуы мүмкін: қолмен, қол – машинамен және механикаландырылған.

Қолмен орындау жұмыстарында жұмсақ топырақ қабаттарында үлкен емес шұңқырлар қазылады, ол қабылдау көпірінің іргетасының брусьясы үшін жасалады. Мұнда үшкір және топырақ алу күректерін пайдаланады. Машиналы – қолдық тәсілдерде жер қазу жұмыстарында негізінен жер өазу машиналарын пайдаланып және кейін қолмен реттеу жүргізіледі. Бұл әдіспен траншеялар және қатты және жұмсақ қабаттарда жұмсартушылар және пневматикалық теселеу машиналарын пайдалана отырып қазандықтар қазылады. Сонымен қатар трактор немесе автомобиль шассаларында бұрғылау машиналары да пайдаланылуы мүмкін.  Механикаландырылған тәсілдермен іргетастар үшін орындарды таңдау, дайындау және шурфтарды бұрғылау, және іргетастар астына су құбырларын жүргізу, май құбырларын және бу құбырларын салу жүргізіледі. Ол үшін көп қазбалы, роторлы және бір шөмішті экскаваторлар қолданылады. Механикаландырылған тәсілмен сонымен қатар салыстырмалы үлкен көлемдегі қазу жұмыстарының барлығы дерлік жүргізіледі: бұрғылау ерітінділері үшін жер амбарларын қазу, шламды амбарлар салу, ГСМ қоймасы үшін қазандықтар салу және т.б. жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін бульдозерлер және бір шөмішті экскаваторлар пайдаланылады.

Іргетастар астына орналастырылатын шұңқырлар және қазандықтарда тереңдігі 10-15см жбалық қазу тереңдігіне дейін шұңқырлар жасалып және арқы қарй қолмен тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Қысқы уақыттарда жер қазу жұмыстары топырақ қабатының мұздануына байланысты қиындайды. Қатқан топырақ қабатының беріктігі едәуір жоғарылап және оның беріктігінің жғарылау дәрежесі топырақ қабатының тығыздығы және ылғалдылығы жоғары болған сайын өседі. Осыған байланысты қатқан топыоақ қабаттарын бульдозерлер және экскаваторлармен жұмсартады, ал одан соң шұңқырлар мен қазандықтар қазылады. Қатқан топырақтарды жұмсартудың келесі тәсілдері пайдаланылады: қолмен пневмоқұралдар арқылы, шынжыр табанды тракторлар негізіндегі жұмсартушылар арқылы, экскаватор бағдаршасына асылған сыналар арқылы, жару тәсілдері арқылы.

Жер қазу жұмыстары қысқы уақыттарда ұзақ уақыт үзілістер жасаусыз атқарады, ол қазылған қабаттың одан ары қатуын болдырмау мақсатында жүргізіледі.

 

6 Қабылдау мен қосымша ыдыстарды монтаждау.

 

Сіңіру құбыр өткізгішті монтаждау. Айнамалы жұйелері және оларды монтаждау. Құбыр өткізгіш айнамалы жүйе мен ыдыстарды пайдалану.

Қабылдаушы және қосымша ыдыстарды монтаждау

Қабылдау ыдыстары бұрғылау ерітінділерін желобтық жүйелерден қабылдап алуға және оларды бұрғылау сораптарының сорушы тізбегіне беруге бағытталған. Қор сыйымдылықтары немесе ыдыстары запас ерітіндіні сақтауға, сонымен қатар химиялық реагенттерді сақтауға арналған.

Көпшілік жағдайларда тік бұрышты көлемі 24 және 14 м3 болатын ыдыстар пайдаланылады. Әрбір сорап үшін әдетте екі көлемі 14 м3 келетін ыдыстар немесе көлемі 24 м3 болатын бір ыдыс қарастырылады.

Қабылдау ыдыстарын көпшілік жағдайларда мүмкіндігінше сораптарға жақын теңестірілген алаңшаларға орнатылады. Ыдыстардың түбіне құмдақты төсемдерді орнатады. Қабылдау ыдыстары биік емес брусьяларға немесе бетондарға орнатылуы мүмкін. Голризонтальды жазытықтарда ыдыстарды деңгейі бойынша орнатады. Іргетастардың биіктіктері оларға желобтық жүйелерден бұрғылау ерітінділерінің түсуін қамтамасыз етуі қажет. Барлық қабылдау ыдыстары өзара бір бірімен түтікшеер арқылы қосылады, түтікшлер ерітіндінің бір ыдыстан екінші біріне еркін өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұрғыланған лайларды немесе топырақтарды аластату үшін ыдыстар арнайы люктермен және шығару желобтарымен жаьбдықталады.

Заманға сай бұрғылау қондырғылары үшін тікбұрышты қабылдау сыйымдылықтарын немесе ыдыстарын екі тип өлшемде 1ЕР-24 және ЕР-30 немесе сәйкесінше 24 және 30м3 пайдалы көлемге ие түрлерін шығарады. Мұндай ыдыстарда үш тіректік полозалар қарастырылады, сонымен бірге диаметрі 250 мм болатын фланцілер бар түтікшелер қарастырылады, соңғылары мақсаты ыдыстарды өзара байланыстыру және сонымен бірге сору құбырларымен байланыстыру болып табылады.

Монтаждау қолайлы болуы үшін екі ыдысты бір негізге орнатады, нәтижесінде қор ыдыстарының блоктры БЗЕ түзіледі. Олай болса, мұндай блокпен циркуляциялаушы жүйелер комплектіленеді.

Сораптардың сорушы құбырларын монтаждау

Сорушы құбырлар бұрғылау сораптарына ерітінділерді немесе химиялық реагенттерді қабылдау және запас ыдыстардан беру үшін арналған.

Өзінің арналуы бойынша сорушы құбырлар негізгі және көмекші деп бөлінеді. Сораптардың негізгі құбырларымен қабылдау ыдыстары тікелей жалғасады, ал көмекшілері – ерітінділер және химиялық реагенттерді сақтау үшін арналған запастағы ыдыстармен байланысады.

Гидравликалық кедергілерді төмендету үшін сору құбырларын тікбұрышты және мүмкіндігінше қысқа етіп дайындайды. Құбырдың орнына иілгіш гофрирленген сәйкес диаметрдегі шлангілер қолданылуы мүмкін, ол монтаждауды барынша қарапайым етеді және қосылыстардың ажырап кетуін болдырмайды.

Сораптармен және ыдыстармен сору құбыры фланцілер көмегімен байланысады. Фланцілер арасына резиналық төсемдерді орнатады.

Циркуляциялық жүйелер және оларды монтаждау

 Циркуляциялық жүйенің қарапайымдатылған конструкциясы болып желобтық жүйе есептеледі, ол негізінен бұрғылау ерітінділерін бұрғыланған жыныстың ірі бөлшектерінен тазалау, ерітіндіні дегазациялау және оны шыңыраудың аузынан қабылдағыш ыдыстарға беру үшін қызмет етеді.

Бірқатарлы және екі қатарлы желобтық жүйелер пайдаланылады; ең кейіннен таралғаны бір қатарлык жүйе болып табылады.

Желобтық жүйе (сурет 67) желобтан 1, яғни ерітінді қозғалатын тетіктен, жаппадан 2, яғни желобтарды тазалау үшін және жүргізу үшін арналған тетіктен, перилладан 3 және негізден 4 тұрады. Желобтар қалыңдығы 40 мм болып келетін ағаш тақталардан және табақтық қалыңдығы 3-4 мм болып келетін металдан жасалуы мүмкін. Қозғалып жатқан ерітіндінің құрылымын үлкен шамада бұзу үшін және одан бұрғыланған жыныстың желобтарға интенсивті түсуін қамтамасыз ету үшін желобтарға алмалы-салмалы аралық бөлгіштерді 5 және құламаларды 6 орнатады. Желобтардың түптерінде бұл орындарға клапандары бар  люктер орнатылады, олар арқылы жыныстарды аластатады. Желобтар формалары бойынша тік бұрышты немесе жартылай дөңгелек қималы болуы мүмкін.

Желобтың ені 700-800 мм, ал биіктігі 400-500 мм болуы мүмкін. Тазалау құрылғысы ретіндегі желобтық жүйенің ұзындығы қолданылатын бұрғылау ерітінділерінің параметрлеріне бұрғылау шарты және технологиясына,  сонымен катар ерітіндіні дегазаииялау жэне тазалач үи.Ін |айдаланылатын механизмдерге байланысты болуы мүмкін. Ол 20 дан 50 метрге дейін жетуі мүмкін. Ерітіндіні дегазациялау және тазалау механизмдері кешендерін пайдаланғанда желобтық жүйе тек ерітіндіні  шыңыраудан  механизмдерге және  қабылдау  ыдыстарына беру үшін ғана қызмет етеді. Бұл жағдайда  желобтық жүйенің ұзындығы тек механизмдер және қабылдау ыдыстарының орналасқан жағдайына байланысты болады.

Көпшілік жағдайларда желобтық жүйе металдық рамалы негіздерде секциялар бойынша орнатылады, ол негіздің ұзындығы 8-10 м және биіктігі 1 метрге дейін жетуі мүмкін. Мұндай секцияларды арнайы телескопиялық бағаналарға орнатады, олар желобтарды орнату биіктігін реттейді. Бұл желобтық жүйенің қысқы мезгілдерде демонтаждалуын жеңілдетеді, себебі, желобтық жүйе астына бұрғылау жыныстары жинақталып және мұз болып  қалған жағдайларда желобтық жүйелер бағаналардан негізбен бірге шешіліп алынуы мүмкін.

Желобтық жүйелерді 1:100 - 1:150 еңісте ерітіндінің ағу жағына қарай орналастырады. Шыңырау ауызымен желобтық жүйе кіші қимадағы желоб немесе құбыр арқылы қосылады. Желобтық жүйенің айналасына сыртқы жағынан шламды амбар қазылады. Заманға сай бұрғылау қондырғылары үшін циркуляциялық жүйелер ЦС арнайы шығарылуда, олар желобтардан, тазалау құрылғылары блогынан, қабылдаушы, қор және жете толтыру ыдыстарынан, химиялық реагенттерді сақтау блогынан және көмекші сору және қоректендіру құбырларынан тұрады. Мұндай жүйелерде жартылай дөңгелек пішіндегі люкты және люксыз металдық блоктардың секциялары пайдаланылады. Желобтар қабылдау ыдыстарымен бірге немесе арнайы пісірмелі негіздерде орнатылады. Екі жағдайда да желобтар биктігі бойынша реттелетін тіректерде орнатады, сол тіректердің көмегімен  желобтарға белглі бір бағытта еңістікті қамтамасыз ету жүргізіледі. Әрбір тіректер екі бағанадан тұрады, ол бағаналарда тесіктер және көлденең Кланкалар жасалады. Желобтар секцияларының қосылуының герметикалылығы резиналық тығыздаушылар арқылы қамтамасыз етіледі.

Желоб қимасының жартылай дөңгелек қимасы ол бойынша ерітіндінің ағуы үшін жақсы шартты қамтамасыз етеді, желобта тұнбалар түзілмейді. Циркуляциялық жүйе ЦС125БЭ 68 суретте көрсетілген.

Гипронефтмашта циркуляциялық жүйенің типтік схемасы жасалынған, ол барлық бұрғылау қондырғыларының циркуляциялау жүйелерін бірыңғайлатылған және типтік қосылыстар арқылы компановка жасауға мүмкіндік береді. Типтік схема екі нұсқада жасалынған. Бірінші нұсқа унификацияланған блоктардың міндетті схемасынан тұрады, ал екінші нұсқада блоктардың саны күрделетілген шарттарда бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін арналған блоктармен арттырылған.

Циркуляциялау жүйесінің негізгі блоктары болып бірінші нұсқада тазалау құрылғыларының блогы, аралық блок, күштік - тіректік блок және ұнтақ тәрізді материалдардан бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін арналған механизмдер кешені есептеледі. Екінші нұсқада циркуляциялық жүйе (ауырлатушыларды бұрғылау ерітіндісінен бөліп алушы қондырғымен (ауырлатушыларды регенерациялау), химиялық реагенттерді сақтау үшін арналған дозалау құрылғыларымен, жылжытушы сораптармен және шламдарды тасымалдау үшін арналған вагонеткалармен толықтырылады.

Тазалау құрылғыларының блогы түк бұрышты ыдыстан және оған  орнатылған екілік виброелектен, гидроциклонды топырақ және құмдарды ажыратушыдан және вакуумдық дегазатордан тұрады. Аралық блокқа тікбұрышты ыдыс, және соған жалғастырылған желобтар және сорушы коллектормен бірге кіреді. Тіректік - күштік блокта ортадан тепкіш ВШН-150 типгегі сорап орнатылған.

Шыңыраудың ауызы тазалау құрылғыларының блогымен жылдам шешіп алынатын блоктар арқылы байланысады, олар монтаждаудың бұрыштық және сызықты дәл еместігін компенсациялауға мүмкіндік береді. Әрбір блок екі түтікшемен байланысады. Күштік-тіректік блок иілігіш жеңұштармен бұрғылау сораптарының сорушы құбырларымен байланысады, оларға ерітінділер ортадан тепкіш сораптармен беріледі.

Барлық блоктар өзара көмекші қоректендіруші ерітіндіні ыдыстардағы араластырушы гидравликалық құрылғыларға беру үшін арналған құбырлармен байланысады, мұнда сонымен қатар бір ыдыстан екінші ыдысқа ерітіндіні сорып айдау жүргізіледі.

 

7 Бұрғы ертіндісін әзірлеу үшін жабдықтарды монтаждау. 

 

Бұрғы ертіндісін әзірлеу механизмі және оларды монтаждау. Бұрғы ертіндісін тазалау механизмі және оларды монтаждау. Бұрғы ертіндісін әзірлеу үшін жабдықтарды пайдалану.

 

Бұрғылау ерітінділерін дайындауға арналған механизмдер және оларды

монтаждау

Бұрғылау ерітінділерін дайындау, химиялық өңдеу және ауырлату үшін келе механизмдерді пайдаланады: лай араластырушылар, фрезерлі ағынды диірмендер, гидроараластырғыштар және гидроқосқыштар.

Лай араластырғышта және фрезерлі-ағынды диірмендерге суды түйіршікті немесе ұнтақ лаймен және химиялық реагенттермен араластыру жүзеге асырылады, гидроараластырғыштарда және гидроқозғағыштарда - гидравликалық араластыру процесі жүзеге асырылады.

МГ2-4 типтегі лай араластырушы пісіріліп қосылған овалды қимадағы рамаға орнатылған барабаннан тұрады, оның түбінінің бірі алмалы-салмалы болып келеді және қабырғаларымен болттар арқылы қосылады. Барабанның ішіне подшипниктерге параллельді түрде квадраттық қимадағы екі білік орнатылған, оларға қамыттар көмегімен жұмысшы қалақшалар бекітіледі. Біліктердің бір ұшына тісті дөңгелектер отырғызылған, олар өзара бір бірімен іліністе болады. Біліктердің жетегі жазық белдікті беріліспен жетекші  шкив және сонымен бірге бір білікке орналасқан жұлдызша арқылы электроқозғалтқышпен жүзеге асырылады.

Су, лай және басқа да компоненттер барабанға тиеуші люк арқылы беріледі, оның жоғарғы жағында тор орнатылған. Лайараластырғыштың конструкциясы жіберу клапаны арқылы сұйықтықты үздіксіз немесе периодты жіберіп отыруға мүмкіндік береді, ол клапан барабанның төменгі бөлігіне орналасқан. Дайындалып жатқан ерітіндінің параметрлерін барабанға беріп отыратын компоненттердің сәйкес порцияларын құрастыру арқылы реттеуге болады.

Лай араластырушыны әдетте блоктық негізде жетекпен және вышканың маңына жаппа арқылы орнатылады. Негіздің биіктігі дайын ерітінді қай жаққа құйылатындығына байланысты болады - амбарға немесе металдық ыдыстарға, не болмаса бұрғылаушының желобты жүйесіне. Бұл дайындалған ерітінділерді бөгде қоспалардан немесе ерімеген лай түйіршіктерінен қабылдау ыдыстарына құюдан алдын тазартуға, сонымен қатар лай араластырғышта химиялық реагенттер.

Дайындауға және оларды ерітіндінің циркуляцияланушы ағынына дозалар арқылы қосылуға мүмкіндік береді.

Ағызу люгінен лайараластырушыда бұрғылау қондырғысының желобтық жүйесіне дейін ерітіндіні ағызу бағытына еңісті етіп желоб орнатылады. Тиеуші люкке ені 2-2,5 м және ұзындығы 8-10 болатын еңісті трап орнатады, оның ені мен ұзындығы негізінен лай араластыру қондырғысының биіктігіне байланысты болып келеді.

Лай араластырғыш механикаландырылған түрде босату үшін және химиялық реагенттермен механикаландырылған түрде толтыру үшін арнайы тиеу құрылғыларын орнатады, олар тележкадан және рельстік жолдардан тұрады, релстік жолдар қойма мен лай араластырушыны байланыстырады. Тележка үшін жетек ретінде жеке орнатылған электроқозғалтқышты пайдаланады, электроқозғалтқыш редуктормен және трос барабанымен жабдықталады немесе лай араластырушының электроқозғалтқышы пайдаланылуы мүмкін. Соңғы жағдайда редуктор ретінде лай араластырушы редукторы қолданылады: яғни жазық белдікті беріліс және тісті жұп пайдаланылады. Ол үшін бір жұмысшы біліктің торцасына шинка-пневматикалық муфта ШПМ-300 пайдаланылады, оның комплектіне сонымен қатар трос үшін арналған барабан кіреді. Барабаннан трос бағыттаушы роликтер арқылы өтіп және тиеуші тележкамен байланысады.

Түсіру люгіне лай араластырушыда су құбыры байланысып және бекітпе тетік орнатылады. Фрезерлі-ағынды диірмен ФСМ-7 типі, ФСМ-3 типті түрлері лайараластырғышпен салыстырғанда үлкен өнімділікке ие және компоненттерді бір мезгілде тией отырып үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.

Ол рамаға орнатылған корпустан 1 және айналып тұратын ротор 3 электроқозғалтқышынан, алмалы-салмалы қалақшалардан 4 тұрады, алмалы-салмалы қалақшалар аталған диірменнің негізгі жұмысшы органы болып табылады. Корпус жоғарғы жағынан тиеу бункерімен 9 екі қуысты насадкалармен 8 жабдықталған, оларға диірменге су немесе ерітіндіні беру үшін арналған құбыр қосылады. Диірменнің корпусында шағылыстыру штогы 7 орнатылған, ол ерітіндіні бункерге салу үшін арналған. Корпустың төменгі жағына алмалы-салмалы диспергирлеуші бұдырлы плита орнатылады, ол ротормен үлкен қуыс түзу арқылы қосылады, ол ерітіндінің қатты компоненттерін алауға мүмкіндік береді. Ротормен бір деңгейде ағызу лотогы орнатылады және сонымен қатар дайын ерітіндіні сүзу үшін арналған тор 6 орнатылады.

Тиеу бункерінің бүйірлік қабырғасына шарнирлі түрде сақтандырушы плита 10 қосылған, ол ротордың диірменге тастардың және металдық заттардың түсіп кетуінен сынуын болдырмайды. Плитаны ротормен жақындастыру тіректік штангамен 12 және төлкемен 14 реттеледі, олар өзара сақтандырушы алмалы-салмалы штифтпен қатаң байланысады. Ротор және плита арасына қатты бөлшектер түсіп кеткен жағдайда сақтандырушы штифт кесіледі. Плита шарнирде айналып, корпустың артқы қабырғасына қарай шегінеді, ал бөгде заттар аулағышқа 15 келіп түседі, ол төменгі жағынан ашылмалы қақпақпен 16 және резиналық тығыздаушымен жабылады. Қақпақ затвор 11 көмегімен ашылады.

Фрезерлік - ағынды диірмен 7 әдетте желобты жүйенің маңына орнатылады, оның қасына бірге орнатылады. Диірмен маңына сыйымдылық 2 қойылады, оның қызметі желобты жүйені желобпен 3 қосу болып табылады. Ыдысқа ортадан тепкіш шламды сорап орнатылады, оның сору тізбегі ыдысқа түсіріліп, ал қоректендіру тізбегі 9 диірменмен және желобты жүйемен байланысады. Қоректендіру тізбегіне екі бекітпен орнатылады, олар ертіндіні желобқа немесе диірменге берілу мөлшерін реттеп отырады.  Желобта алмалы-салмалы аралық бөлгіш қарастырылған, ол ерітіндінің қозғалу бағытын өзгертіп отырады. Суды диірменге беру су құбыр 6 арқылы жүзеге асырылады. Диірменге лайды немесе химиялық реагенттерді беру үшін құрылғысын 8 – транспортер, лайтасушыны және т.б. орнатады.

Ерітіндіні дайындау үшін диірменге су, лай беріледі, дайын ерітінді ыдысқа беріліп және сораппен желобты жүйеге сорылып беріледі.

Гидроараластырғыштарды іргетасқа бос алаңшаға орнатады. Араластыру камерасы бір бұрғылау сорабының қоректендіру тізбегімен байланысады, ал резервуардың ағызу түтігі – қабылдау ыдысымен байланыстырылады. Бункерге лай немесе ауырлатушымен толтыру үшін олардың астына алаңша тұрғызады, оған еңісті етіп трап орнатылады. Алаңша және трап бір негізге салынуы мүмкін және сол негізге алаңша астына гидроараластырушы орнатылады. Лайды немесе ауырлатушыны бульдозерлер көмегімен толтыруға болады.

Бұрғылау ерітінділерін тазалау үшін арналған механизмдер және оларды монтаждау

Бұрғылау жылдамдығы жоғары болған жағдайда және бұрғылау сораптарының өнімділігі үлкен болғанда желобтық жүйелерде ерітіндіні бұрғыланған жыныстардан тазалау толық жүзеге асырылмайды. Олардың  ұсақ фракциялары сораптарға қайтадан еніп және шыңырауға сорылады, ол сораптардың гидравликалық бөлігінің уақытысынан тез тозуына және құбырлардың және идолотаның жұмыс істеу шарттарын қиындатады.

Бұрғылау ерітінділерін тазалау үшін келесі механизмдер пайдаланылады: електі конвейерлер, виброелектер, елек гидрциклонды қондырғылар.

Ерітіндіні газсыздандыру үшін, яғни оның меншікті салмағын қалпына келтіру мақсатында вакуумдық дегазаторлар пайдаланылады.

Електі  конвейерлер СКР-650 (сурет 71) рамадан 1, екі резиналанған  барабандардан тұрады, ол барабандарға қабылдау желобының 3 шексіз торы 6 ілінеді, сонымен қатар гидравликалық дөңгелек 7 және тор арасына орналасатын тазаланған ерітінді үшін арналған қорыта 5 орнатылады.

Гидравликалық дөңгелекте және алдыңғы барабанда шкивтер 8 және 9 орналасқан, олар қиылыспалы түрде сыналы белдік керіледі. Жоғарғы жағынан тор біліктерге 4 иілу арқылы тұрады. Тор винттермен 10 керілген, және винттер өз кезегінде артқы барабанмен және байланысады.

Торды жуу үшін төменгі жағында рамада краны 11 бар суды беру үшін арналған рама орнатылған.

Електі конвейердің жұмыс істеу принципі келесіден тұрады: қабылдау желобы бойынша жылжып жатқан ерітінді гидравликалық дөңгелекті  айналысқа келтіреді, ал сонымен бірге алдыңғы барабан және тор қозғалады. Тор арқылы тазартылған ерітінді корытаға түсіп және желобтық жүйеге тасымалданады, ал бұрғыланған жыныстар айналып тұрған тормен шламды  амбарға тасталады.

Електі конвейерді желобты жүйенің бас жағына орнатады, мұнда арнайы негізде жаппа астына орнатылған мұнараға дейінгі қашықтық 5-7 м арасында болуы қажет. Шыңырау ауызы електі конвейер арқылы желобпен қосылады. ал корыто - желобты жүйемен байланысады. Електі конвейер айналасына оны күту үшін настил салынады.

Екіленген дірілді елек СВ-2. СВС-2 (сурет 72) екі секциядап 1 және 2 тұрады, олар ортақ тіректік рамаға 3 орнатылады.

Әрбір секцияда торды қағу үшін вибратор 4 орнатылады, ол сәйкесінше діріл тудырушы рамаға 5 бекітіледі. Секцияны дірілдеуші бөлігі (вибратор, дірілдетуші рама және тор) рессорларда 6 орнатылады, олар рамаға бекітіледі. Тор бір жалпы ортақ қабылдау желобына 7  ие, ол екі секцияға да тармақталады. Желобта екі елек секциясын қосу және ажырату үшін арналған заслонка орнатылған және сонымен қатар екі шибер 8 ерітіндіні елек бойынша бірқалыпты жаю үшін орнатылады.

Жетектердің электроқозғалтқыштары арнайы рамаға 9 және 10 бекітіледі, олар қабылдауыш желоб үстіндегі бағаналарға қондырылады. Електің айналу жиілігінің жылламдығының өзгеруі сатылы шкив 11 көмегімен реттеледі.

Әрбір секция тазартылған ерітінді үшін арналған астауға ие. Астаулар өзара желобпен қосылады.

Електерді шламдардан периодты түрде жуып отыру үшін жуу жүйесі 12 қарастырылған, ол вентильден, шлангадан және сопладан тұрады. Жуу кезінде су шламды амбарға желобты жүйенің заслонкаларын алмастырып орнату жолымен айдалады. Електі бұрғылау қондырғысында теңестірілген алаңшаға желобты жүйе басына орнатады. Електі орнату биіктігі мұнаралық негіз биіктігіне байланысты болады. Шыңыраудың ауыздық желобы електің қабылдаушы желобымен байланысады, ал астаудың ағызу түтікшесі - желобты жүйемен жалғасады.

Жуу құрылғысымен елек су жүретін құбыр арқылы жалғасады.

Елекке қызмет көрсету үшін оның айналасына алаңша салып және желобты жүйеге өту үшін жолдар және өткелдер қарастырылады.

Электроқозғалтқыштарды іске қосқан кезде жетектегі белдіктер жоғарғы қабатының жұмыс істеуін бақылап отырады, ол негізінен вибратор тарапына бағытталуы тиіс.

Елекгидроциклонды қондырғылар 4СГУ-1 және СГУ-2 ауырлатылмаған бұрғылау ерітінділерін тазалау үшін, сонымен қатар ауырлатылған ерітінділерден ауырлатушыларды бөліп алу үшін қызмет етеді. Бұрғыланған жыныстардың ірі фракцияларын ерітіндіден виброелектер көмегімен ажыратады, ал ұсақ фракцияларын және құмдарды – құм ажыратушылар 1ПГ және 1ПГК көмегімен ажыратады.

Елекгидроциклонды қондырғылардың бірнеше типтері бар, олар виброелектер санымен, гидроциклондар және сораптық қондырғылар санымен ерекшеленеді.

 

8 Бұрғы мұнараны жинау.

 

Мұнаралық түрлі мұнараны жинау тәсілдері. Ілгіш оқпен мұнараны жинау. Адымдағыш оқпен мұнараны жинау.

Бұрғылау мұнаралары мен қондырғы блогын тасымалдау

Бұрғылау мұнараларын тасымалдау әдістері

Мұнараларды құру тәжірибесінде бұрғылау мұнараларын тасымалдау әдістерінің төмендегі түрі қолданылады:

  • мұнараларды жеке детальдарға бөлу кезінде автотракторлы тасымалдау;
  • жинақталған түрде тік жағдайда арнайы шаналарда немесе шана типтес қондырғымен тасымалдау;
  • дөңгелекті немесе шынжыр табанды тасымалдау көліктерін қолдану арқылы тік жинақталған күйде тасымалдау;
  • баржалармен су арқылы тасымалдау;
  • ауалы «жастықшалар» қолдану арқылы тасымалдау көліктерінде жинақталған күйде тасымалдау;
  • үлкен жүк көтергіш тік ұшақтарда бөлшектелген күйде тасымалдау;

Осы айтылған тасымалдау әдістерінің әрбірін қолдану төмендегі жағдайларға байланысты: бұрғылауды құру әдістері, қолданылатын мұнаралар типі, мұнара астындағы негіз құрылысы, жер рельфі және табиғи жағдайлар, бұрғылау қондырғыларын орнату қашықтығы және т.б.  Бұрғылау мұнараларын құру мерзімін жылдамдату мақсатында жинақталған тік түрде тасымалданады. Бірақ кейбір жағдайларда мұнараларды тасымалдаудың бұл түрі экономикалық түрден тиімсіз. Бұл арақашықтық ұзақтығы мен тасымалдау құрылғыларын қолдану ұзақтығы, сонымен қатар трассаларды дайындауға кететін шығындарды көбейтумен негізделеді. Егер трассаларды дайындауға және мұнараны тікелей тасымалдауға кететінн жалпы шығын мұнараларды бөлшектеу құнынан асып кетеді, онда жинақталған түрде мұнараны тасымалдау түрі экономикалық тиімсіз болады.

Мұнараларды тік жағдайда тасымалдау жауапты операция болып табылады және қажетті сақтану шараларын талап етеді.

Мұнараларды шаналар мен шана типтес негізде тасымалдау

Қажетті қаттылыққа ие башня типтес металлды мұнаралар шығуымен оларды шаналармен жинақталған күйде тасымалдау мүмкіндігі пайда болды. Алғашқы шаналар бір-бірімен темір беттер бір – бірімен байланысқан ағаштан жасалған.

40-ж басында Грозныйдың мұнайлы аудандарында Г.П. Коробова ұсынысымен ВМ – 41 типті шаналар бұрғылау құбырынан жасалды, ол «Коробов шанасы» деп аталған.

Бұрғылау мұнараларын бөлшектеу және жинақтау

Бұрғылау мұнараларын бұрғылау және жинақтау мұнай-газ өндіру кәсібінде техника қауіпсіздік ережесі мен жұмыстарда жүргізу тәртібін жақсы білетін бригадир немесе прораб басшылығымен іске асады.

Мұнара аяқтарын шешу немесе байланыстыру бойынша жоғарыда жұмыс істейтін жұмысшылар сақтандыру белдіктерімен қамтамасыз етілуі қажет. Жоғарыдағы жұмысқа тек тәжірибелі, арнайы оқытылған монтаждаушылар ғана жіберіледі.

Жоғарыдағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін барлық құралдар қолға ілінетін ілгіштермен сақтандырылған және жәшіктер немесе сөмкелерде сақталады. Мұнарааға ауыр затты көтеру кезінде тікелей қолымен ұстау және бағыттау рұқсат етілмейді. Осы мақсатта арқандар қолдану ұсынылған. Детальдарды тартушы жұмысшылар мұнара шетінен 10м кем емес қашықтықта болуы тиіс.

Мұнараның жинақталған бөлігіне көтерілу бастырмалы  немесе жалғаушы баспалдақтар көмегімен ғана рұқсат етіледі, және олар тұрақтығын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

Арнайы шығырлары жоқ трактор көмегімен көтерілгіштер мен мұнараларды жинақтау кезінде трактор қозғалысы үшін орын дайындалады. Орындар көлденең болуы керек, тракторлар бір бағытта қозғалуы тиіс.

Көтергіштің жабдықталуының жүріс соңында жылжымайтын таңбалар жасалады, трактор жүретін орындарда арнайы құрылғы орнатылады, олар мұнараның жинақталған бөлігін көтерудің соңы жақындағаны туралы тракторшы мен жұмыс басшысына хабар береді. Мұнараны көтеруден кейін трактор шынжыры астына 40*40см қимадағы ағаштар тасталады.

Екі трактормен жұмыс жасағанда оларды 25мм кем емес диаметрлі арқанмен бір-бірімен жалғайды. Ол үшін арқанды алдыңғы трактордың прицепті сырғасына бекітеді, ал содан соң соңғы трактордың алдыңғы ілгегімен жалғайды да, оның шынжырлары арасында тартып, артқы трактордың прицепті сырғасына жақсылап бекітеді.

Келесі секцияны көтеру алдында траверсаның және көтергіш құбырының көлденең екедігін және оларды бір мезгілде көтеруді қадағалау қажет. Көтергіш траверсасы сақтандыру құрылғысымен жабдықталуы тиіс. Бекітілмеген заттар мен құралдар мұнарадан алынып тасталады. Мұнараның жинақталған бөлігін көтеру немесе оны бөлшектеу кезінде бригаданың барлық жұмысшылары 15м кем емес қашықтықта болулары қажет. Дабыл беруші тракторшыларға жақсы көрінетін және мұнараны көтеру немесе түсіру процессінің бүкіл өтуі көрінетіндей жерде болуы қажет. Дабылдар алдын-ала тракторшылармен келісіп, жалаулар арқылы беріледі.

Жұмыс кезіндегі үзілісте мұнараның жинақталған бөлігі түсіріледі, орнатып, бекітіледі. Мұнараларды жинақтау бойынша жұмыс өндірісі төмендегі жағдайларда рұқсат етілмейді: түнгі уақытта, тұманда, қар түсуі, көк тайғақта, бес балдан жоғары күштегі желде, сонымен қатар минимумнан төмен температурада.

Әрбір компрессор жанында ауа жинағышқа келетін айдау желісіне тік жағдайда қайтарымды клапан орнатылуы қажет. Осы бөлікте резеңкелі шлангілерді қолдану рұқсат етілмейді. Компрессордан ауа жинағышқа дейінгі желіге, әсіресе қыс мезгіліндегі жұмыста жалған жүйеге ылғал түсуден сақтандыру, ауаны кептіру үшін құрылғы орнатылады.

Ауа жинағыш қысым астында жұмыс істеуші ыдысқа жатады. Ол манометр, май бөлгіш, түсіруші крон мен сақтандырушы клапанмен жабдықталады.

Ауалы құбырөткізгіштер үшін сертификаты мен паспорты бар болатты құбырлар қолданылады. Ауалы өткізгіштер газды дәнекерлеу немесе фланецті қосылыстармен жалғанады. Фланецті қосылыстар үшін төсеуші материал ретінде паранит, асбест немесе басқа да жылу, ылғал және май әсеріне тұрақты материалдар қолданылады.

Ауалы құбырөткізгіштер қызметті персоналдың жұмыс жасауына кедергі келтірмейтіндей, сонымен қатар жөндеу және қауіпсіз, ыңғайлы етіп арматуралар орнатылады. Зақымдалған құбырөткізгіштердің сол жері сенімді етіп қорғалады. Құбырөткізгіштерде ешқандай ылғал жиналатын жерлер болмауы тиіс. Құбырөткізгіштердің клапандар, басқару клапандарымен арнайы қысқыш хомуттармен бекітілетін резеңкелі шлангалар көмегімен жалғанады.

Бұрғылау қондырғыларыныңпневматикалық жүйесін жөндеу немесе құрудан кейін ауамен айдалады. Айдау қысымы жұмышы қысымынан 25% - ке жоғары болуы керек, ал жұмысшы қысымы мен айдау қысымы арасындағы айырмашылық 3 кгс/см2 төмен болмауы қажет.

Бұрғылау мұнаралары мен қондырғы блоктарын тасымалдау

Мұнаралар мен бұрғылау қондырғы блоктарын тасымалдауға жоба құралады, және тасымалдау жұмысының барлығы орындалады: трассаны дайындау, трактор блогы немесе мұнараға байланыстыру, мұнараларды немесе блоктарды дайындау және т.б.

Буксирлі тракторларды орнату кезінде олар мұнара немесе блоктарға дейінгі қашықтық жергілікті жағдайда есепке ала отырып жобамен анықталады. Мұнарадан тракторға дейінгі қашықтық мұнара биіктігінен 10м-дей артық болуы тиіс.

Мұнаралар мен қондырғы блоктарын тасымалдау бойынша жұмыстар техника қауіпсіздігін жақсы білетін бригадир немесе прораб жетекшілігімен орындалады.

Тасымалдауға дейін жұмыстар жетекшісі трасса дайындығын тексереді, тасымалдауға қатысатын тракторшылар мен бригаданың барлық мүшелерімен инструктаж жүргізіледі, сонымен бірге процесс жүруі кезінде берілетін шартты дабылдар беріп жұмысшыларды ескертеді.

Мұнараларды және блоктарды іргетастан шығарып алу электроэнергияны өшіру, ысырмаларды жабу және шыңыраудың саға арматурасынан сұйық шығатын құбыр желісінен ажырату жұмыстарынан кейін ғана орын алады.

Мұнараны орыннан шығару кезінде және оны трассаға шығаруға дейін тасымалдау басында мұнара тракторға бекітілген үш тартқыш арқылы көмек беріледі. Мұнара тасымалдауға толық дайын болғанда, қажетті жұмысшылар мен тракторлар мөлшері жеткілікті болғанда, сонымен бірге трассаның дайындығын тексеруден кейін мұнараны шығаруға болады.

Мұнаралар мен блоктарды домкратпен көтеру және орнатудан кейін олар 15 минуттан кем емес уақыттасалмағын ұстап тұруы қажет, және одан кейін ғана мұнара іргетастан шығарылады. Блоктар ауыртасығыштарға арнайы хонуттармен бекітіледі.

Тасымалдау алдында барлық болттық қосылыстар бекітіледі, тартқыштар бекітілуі тексеріледі, тракторлар дұрыстығы мен олардың жанар және жағар майлармен қамтамасыз етілуі тексеріледі. Қысқы уақытта, сонымен бірге трассалар көлбеуі трактор шынжырына 15° жоғары кезде тікенектер (шипы) бекітіледі.

Мұнаралар тасымалдау уақытында айналасында бұл жұмысқа тікелей қатысы жоқ адамдар жүруіне рұқсат етілмейді. Тасымалдауға қатысатын бригаданың барлық мүшелері каскалар мен екі қабат брезентті немесе тері қолғаптармен қамтамасыз етіледі.

Мұнараларды тасымалдау бойынша жұмыс кезіндегі үзілісте мұнара үш тартқыш арқылы бекітіледі. Осы мақсатта тасымалдау уақытында тұрақты немесе сүйемелдеуші (көмекші) тартқыштар қолдануы мүмкін. Якорлар ретінде тракторлар қолданылады, олар мұнарадан оның биіктігінен 10 метр асық жерде орналастырылады.

Мұнараларды электро берілістердің ауалы желісіне жақын жерде тасымалдауға, сонымен тоқтатуға болмайды. Мұнараға дейін электрлік желілердің арақашықтығы сүйемелдеуші тартқыштардың екі еселенген ұзындығынан кем болмауы қажет. Электрлік желілер мен мұнаралардың минимальді арақашықтығы мұнараның ұзындығынан 10 м көп болуы тиіс. Егер жергілікті жағдайға байланысты сақталмаса, мұнараларды тасымалдау кезінде электр желілері өшіріледі.

Процесс жүруі кезінде мұнаралар мен іргетастардың негізідерінің барлық болтты қосылыстары мен дәнекерлеу тігістері мерзімді тексеруден өтуі қажет. Осы мақсатта мерзімді қысқа тоқтатулар болып тұрады.

Мұнаралар немесе блоктарды артынан тежеу үшін тракторлар орнатылады. Мұнаралар қозғалуы кезінде сүйемелдеуші тракторлар дөңге шығуы кезінде алдынан,  ал төменге түсетін кезінде артынан көмек береді. Мұндай жағдайда сүйемелдеуші тракторлар трассаның екі жағынан 25 м- ден кем емес қашықтықта болулары қажет.

 

9 Бұрғы жабдықтарды тасымалдау.

 

Бұрғылардың шоғырды (блок) тасымалдауға дайындық жұмыстары. Жолдарды жобалау. Тасымалдау жобасын құрастыру. Жолды дайындау. Шоғырларды және мұнараларды тасымалдауға дайындау. Тасымалдау кезінде жұмыстарды ұйымдастыру және сигналдау. Бұрғы шоғырды тасымалдауға трактордың саның есептеу. Сүйрегіш арқандардың беріктікке есептеу.

Теңіз кен орнын бұрғылау қондырғыларын орнату жайында қысқаша мәлімет

Қазіргі уақытта теңіздегі мұнайды, газды өндіріп алудың тиімді жолдары дамып келеді. Теңіздегі мұнай кен орындарын игеру жалпы өнддірілетін мұнайдың 18   құрап отыр. Әлемде  шамамен 70  мемлекет теңізден мұнай өндіріп келеді. Жалпы жер бетіндегі континентальді аймақтағы мұнай қоры  теңіз шельфтерінде орналасқан. Көптеген тиімді бұрғылау жұмыстары Каспий теңізінде, Мексика шығанағында және Кариб теңізінде іске асады. Теңізден мұнай мен газды өндіру өз кезегінде мұнай  газ  өнеркәсібінде ерекше маңызға ие.

Кейбір жағдайда теңізде  бұрғылау техникасының заманға сай жабдықталуы мен  конструкциясында да өзгешеліктер болып жатады.  Мұнда ең басты мәселе бұрғылау қондырғысының конструкциясының жетілуі, бұрғылау әдісі мен оларды монтаждау ерекше роль атқарады.  Анықталған аймақтардағы тереңдік пен ауа  райы жағдайы да бұрғылау жұмыстарына кері әсер  етеді. Теңізде мұнай газ кен орнын бұрғылау мынадай негізгі үш категорияға бөлінеді:

  1. Стационарлық
  2. Жартылай стационарлық
  3. Қозғалмалы

Стационарлы режимде жұмыс жасағанда эстакадалар жұмыс жайында ұзақ уақыт қозғалыссыз тұрады да скважиналарды барлап болған соң соңынан пайдаланады.

Теңіздегі стационарлық жағдайда жұмыс жүргізгенде қондырғылар қозғалыссыз судан жоғары орналасып, теңіз түбіне қатаң бекітіледі. Олар әдетте кешенді платформаларға қондырылады.  Ал стационарлы режимнің өіз де автономды және автономды емес болып екіге бөлінеді.

  1. Автономды режимде жалпы бұрғылау қондырғылары дизелді жетекпен жүргізіледі. Олар қордағы құралдар мен материалдар. (бұрғылал құбырлары, арматуралар)
  2. Автономды емес режимде бұрғылау тек роторлы әдіспен іске асады. Онда әдетте бұрғылау мұнарасы қолданылады, лебедка мен күш жетегі, қордағы труба мен материалдар  пайдаланылады.

Мұнай мен газды өндіру құрылғыларын монтаждаудың негіздемелері

Мұнай мен газ өндіру құрылғыларын монтаждау келесі ретте жүргізіледі:

1) Мұнай мен газ өндіру құрылғыларын монтаждау эксплуатациялау методына  тәуелсіз әр түрлі формада өлшемі мен массасына байланысты жүргізіледі.

2) Бір ретпен мұнай өндіру методына құрылғылардың өнімділігіне қарай әр түрлісі тағайындалады. Олардың өлшемі мен түрі назарға алынады. Әр түрлі құрылғыларды пайдаланғанда олардың технологилық біртектілігі мен өнімділігі және эксплуатациялау режимі назарға алынады.

3) Мұнай мен газды өндіру құрылғыларына капиталды жұмыс жасау мерзімі олардың ерекшеліктеріне қарай бекітіледі. Сондықтан мәселені жеңілдетуде демонтаждаудың тездігі маңызды емес. Кейбір мұнай өндіруші кешендерде  құрылғыларды монтаждауда газ фактор жағдайы кездеседі. Сондықтан әдеттегідей арнайы өртке қарсы алдын ала сақтандыру жұмыстары қолға алынады.

4) Мұнай мен газ өндіру қондырғыларының көп бөлігі ашық ауада жұмыс істейді. Сондықтан монтаждауда оларға қатаң талаптар мен алдын-ала қауіпсіздікті қамтамасыз ету  шаралары,  жоғары сенімділік, қондырғылармен скважиналарды эксплуатациялауда климаттық жағдайды да ескереді.

5) Монтаждауға арналған техникалық құжаттар - қондырғы жабдығының монтаждық схемасынан, жоба фундаментінен, монтаждау жұмыстарының проектісінен және орындалу графигінен тұрады.

Орындалу графигі жұмыс жағдайының монтаждауды әдетте материалдарды, механизм мен құрылғыларды, монтаж жұмыстарының тәртібімен орындалуын қамтамасыз етеді.

Мұнай өндіруші құрылғыларды монтаждау келесі кешенді жұмыстардан тұрады: алаңшаларды дайындау мен фундаменттерді отырғызу, құрылғыларды есеп бойынша реттестіру мен транспортировкалау, оларды фундаментке қатысты дәлдікпен орнату, бекіту регулировкалау, т.т.с.

Стационарлы негіздегі қондырғылар теңізде жұмыс жасаудың ең арзан әрі тиімді түрі болып табылады. Олардың кемшілігі жұмыс барысында мобилдері мен тереңдікке байланысты сипатталады. Стационарлы негіздегі қондырғылар су бетінен алғанда 60м дейінгі тереңдікте теңіз астында жұмыс жасауға арналған.

Каспии  теңізінде жер асты мұнайын өндіруде және тасымалдауда теңіз эстакадалары қолданылады. Теңіз эстакадалары өндірілген мұнай өнімдерін мұнай өңдеуші кешендерге жеткізу қызметін атқарады. Оның конструкциясы 14-20м мостты пролеттен, беттік тіректен, 15м тереңдіктегі екі құбырлы тіректен және беттік тіректен тұрады. Теңіз эстакадаларының жүк көтергіштігі 100-250т дейін жетеді.

Жартылай стационарлы негіздегі қондырғылар барлауда ғана қолданылады. Бұл құрылғы буксир көмегімен ттанспортировка жасайды. Конструкциясының ерекшелігі: жазық алаңдар негізінде , өздігінен көтеру негізінде, жартылай жүктелу негізінде жасалған.

Өздігінен көтеру негізіндегі құрылғылар жүзетін платформадан, жиналатын металды тіректен, қозғалмалы вертикаль беттен тұратын 90м тереңдікте ашық бұрғылауда жұмыс жасауға арналған.

Жүзетін платформалар жиналатын қозғалмалы табаннан, кешенді бұрғылау жабдықтарынан тұрады. Бұрғылау платформаларында әдетте қуаты күшті жіберуші домкраттар қойылады. Олар грунтты қабатқа енеді. Соңында домкраттардың көмегімен судан арылып, табан бойлай  биіктейді. Арнайы құралдар арқылы платформаға мұнара орнатылады және табанға блок кондуктор бекітіледі. Соңында  бүрғылау аяқталғаннан кейін платформа судан тазартылып келесі орынға көшіріледі. Белгіленген жұмыс кейіннен бір орында блок-кондуктормен жүргізіледі.

Кеңес одағы тұсында жүзетін, өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы (ПБУ) қолданылған. 1966жылдан бастап эксплуатациялауға “АПШЕРОН”енгізілді. Ол төрт цилиндрлі тіректен тұратын 1800м тереңдікке дейін теңіз астында бұрғылауға арналған. Ал ПБУ “АЗЕРБАЙЖАН” теңізден 20м тереңдікке орнатылады да 3000м тереңдіккті бұрғылауға арналған. Ал ПБУ “Хазар” ұзындығы 94м дейінгі төрт тіректен тұратын барлауға , бұрғылауға арналған. Ол 6000м тереңдікке дейінгі скважинаны бұрғылайды.  Әдеттегі скважинаның тереңдігі практикада 200-300м құрайды. Платформа арнайы винттермен жабдықталған динамикалық жүйедегі құрылғыларды ұстап тұрады.  Жартылай жүктемелі негіздегі құрылғылардың негізгі артықшылығы – олардың теңіз толқынына төзімділігі.  Платформаның негізгі бөлігін Понтон құрайды. Олар теңіздегі кез келген тереңдікте, суға толыққанда да таза ауа көмегімен жұмыс істейді.

Теңіздегі қозғалмалы бұрғылау қондырғыларын  бұрғылау судаллары, баржалар мен жүзетін құрылғылар құрайды.   Бұрғылау судаларының ең негізгі артықшылығы олардың жоғары мобилділігі мен автономдығы, сонымен қатар тереңдікті ендеп 300м дейін игеруі. Олардың кемшілігі – дауыл мен ауа райына төтеп бермеуі. Бұрғылау судаларына  қойылатын негізгі талап олардың бойлық кедергіге , қатты жел астында ағын мен ағысқа жауап беруі. Қазіргі заманғы бұрғы судалары  скважинаны 6000м тнреңдікке дейін игеріп 3000т жүктемеге артады. Бұрғы судасы бір орынға бектіліп сегіз якормен бірігіп теңіз астында  180м дейін бұрғылайды. Динамикалық тұрақтылықты сақтау кез келген теңіз скважинасы үшін тиімді. Бұрғылау орнындағы судың тереңдігі ең маңызды әрі бұрғылау системасын таңдауда, құрылғыларды монтаждауды анықтауда жетекші фактор болып табылады.

Бұрғылау мұнарасы мен блок құрылғыларының транспортировкасы және бұрғылау мұнарасын транспортировкалау әдісі.

Практикада бұрғылау мұнараларын транспортировкалауда келесідей әдістер қабылданады:

-Көп жағдайда бұрғы мұнараларын вертикаль түрде орнатады.

-су транспорт баржалары түрінде

-ауа көмбесінде жұмыс жасайтын

-үлкен жүккөтергішті мұнаралар тікұшақпен тұрғызылады

-вертикальді түрдегі  мұнаралар бұрғылауда  басты роль атқарады.

Осы әрбір транспортировкалаудың өзі келесі жағдайларды қамтиды:

*- Бұрғылау әдісін жетілдіру

-Мұнара типін таңдау

-Мұнара астының конструкциясын негіздеу

-Жер асты рельефін зерттеу

-Қайта базалауда құрылғылардың қашықтығын анықтау

Жылдам орнату мақсатымен бұрғылау мұнараларын транспортировкалау негізінен вертикаль жағдайда жүзеге асады. Көп жағдайда мұндай метод экономикалық   жағынан тиімсіз болуы да мүмкін. Себебі осындай құрылымда транспорттардың қызметіне, трассаларды орнатуда үлкен шығындарды құрайды.

Бұрғы мұнарасын транспортировкалауда вертикальді әдіс ең жауапты операцияларды қажет ете отырып, әдетте қауіпсіздік ережелеріне сай талаптарды да күшейтеді.

Мұнараларды және блок құрылғыларды транспортировкалау негіздемелері.

Бұл транспортировкалау әдістеменің мінездемесі көп блокты құрылғыларды орнату және олардың экономикалық тиімділіктерін салыстыру болып табылады. Мұнда ең ірі құрылғы блогы транспортировкаланып ХЛ типті лафеткаға шығарылады. Ол жоғарыда балкадағы екі домкратпен қосылады. Бұл транспортировкалаудың негізін  ұсынған Б.А. Рагинский болды. Мұндай негіздеме төрт тірекке немесе лафеткаға транспортировкаланады. Оларға  УРАЛМАШ-6Э 41м дейінгі электроприводымен жабдықталған бұрғылау мұнараларын жатқызыуға  болады. Бұл қондырғы екі ірі блокты негізде монтаждалған. Олар мұнаралы-күшті және  насосты болып бөлінеді.

Бұл әдістеменің негізгі артықшылығы  төрт тіректі жүйелі қатты конструкциядан жасалған. Қазіргі уақытта блоктарды релефке көлбеу тірек арқылы транспортировкалайды. Өйткені оларды құру барысында алдын ала деформациялануын тексереді. Көптеген жүккөтеру Т-40-машиналарын жасақтауда олардың рамасының ішіне домкраттар орнатады. Олар резиналы доңғалақтармен жүреді. Құрылғыларды, блоктарды транспортировкалауда Гипро-мұнай машинасының конструкциясының бүйір бетіне тірек арқылы бекітеді.

ТК-40 жүккөтергішінің домкраты рама үстіндегі шарнирлі тірекке орнатылады. Сондықтан құрылғы тірек астында лафетада өнімділігін арттыруға мүмкіндік алады. Жүккөтергішті транспортировкалау алдында блок құрылғыларды дайындап, оларды тележкаларға жалғайды. Жүккөтергіш  тележка мен блокты домкраттар арқылы көтеріп фундаментке  отырғызады. Қондырғылар  ретімен отыоғызылып болғаннан кейін блок құаылғыны орналастыру оңай болады. Блокты үш немесе бес тросты трактормен транспортировкалайды. Олар былайша орындалады: екі трактор бірігіп буксирдің әрбір жүгін троспен тартып кейінгі трактор троспен тележканы суға түсіреді.

Транпортировкалау алдында  мұнара мен блокты опор астына жүккөтергіш көмегімен орнатады. Ал блок домкратпен көтеріледі. Домкрат кейіннен түсіріліп жүккөтергішке бекітіліп тірекке қатырылады. Блок төрт трактормен сүйретіліп, жүккөтергішке жалғанады. Ал екі трактор шынжырмен жүккөтергішке жақындатылады. Блокты транспортировкалауда жүккөтергіш орнынан қозғалмай сәл ауытқиды да блокты ұстап тұрып артқы екі тракторға орнатады.

Мұнара мен блок құрылғыларды транспортировкаллаудағы есептеу негіздемелері.

Мұнара мен ауыр блок құрылғыларды транспортировкалауда әр түрлі тракторлар талап етіледі. Олар келесі факторлардан тұрады: грунтты қалып, мұнара мен блок салмағы, транспортироваклаудағы орнынан ауытқу шамасының мәні.

Трактор саны мен кедергілік жағдай нәтижесінде максимал мәні былайша анықталады:

                         N= -jkku

Мұнда R-күш  блок пен мұнараны трасса бойында транспортировкалауда максимал ауытқуы.  Кгс.

Р-бір трактордың қуат күші

К- толық кедергілік жағдайындағы сәйкестік коэффициент

Бұл коэффициент грунт тығыздығынан және оның қалпы бойынша 1,3-1,4 қабылдайды.

Мұнараны транспортировкалауда доңғалақ орта коэффициенттерді қабылдайды.

К-трактор жұмысының теңсіздік коэффициенті. Ол  1,2-1,3 мәнін қадылдайды.

Мұнара мен блокты транспортировкалауда негізгі екі параметр алынады. Олар Q1және Q2

Вертикаль жағдайда Q1  күші перпендикуляр сызықты болып табылады. Олар грунтқа мынадай қысым береді:

                                  Q1=Qcosa

Ал горизонталь жағдайда  Q2 кұші  қозғалмалы ауытқуға қарсы бетте бағытталады.

                                  Q2=Qsina

Мұнда  R-күші Q2 ден туады. Олар вертикаль бағыттағы Q1 күшін де құраушы болып табылады.

Мұнара мен блок құрылғыларды транспортировкалауға дайындық жұмыстары.

Трассаны жобалау

Трассаны жобалау есеп бойынша таңдалып алынып үлкен масштабпен 1:2500; 1:5000;  1: 10000 ретпен қабылданады. Белгіленген орынға жеткізілгеннен соң транспортировкалау жұмысы қабылданған  есеппен жүзеге асып, жұмыс көлемі үшін оның минималдылығы анықталады. Трасса тіке сызықты болып салынғаны дұрыс.  Бүйірі және екі беттік көлбеулігі мен қатар жоғарыдан төменге қарай, төменнен жоғары қарай көлбеу болуы керек. Бүйір бет көлбеулігі 10град аспау керек. Бір беттік көлбеулікте мұнараны жүккөтергіштен босатып 30 град асырмау керек. Трассада трактор еркін жүру жағдайы алдын-ала қарастырылады.

Жобаны транспортировкалау құрылымы

Трассаны жобалау мұнара мен блокты транспортировкалаудағы таңдалған және келісілген құрам болып табылады. Жобаны жасау келесі мәселелерді қарастырады: мұнара мен блокты транспортировкалау, пайдаланылатын мұнара және блок , тракторлардың саны мен  сапасы, көмекщі құралдар, мұнараны қозғалту арқылы бекіту, мұнара мен блоктан трактордың қашықтығын анықтау,  тростың мұнараға бекітілуі, олардың ұзындығы мен жалпы қолданылуы, механизмдерді ұзақ қолданудағы дайындық жұмыстарының көлемі, беріліс командалары үшін сигнализация.

Транспортировкалауда тракторлар саны оларды есептеу жолымен  алынады. Мұнара мен блоктан трактордың қашықтығы есептеледі. Жоба мекеменің бас инженерінің келісуімен және мақұлдауымен жүзеге асады.

Трассаны дайындау

Мекеме мақұлдаған жоба мұнара мен блокты транспортировкалауда өз орнында трассадан 5м қашықтықта жасалады. Мұнара трассаның жақсы түрін керек етеді. Ол басқасына қарағанда 100м кем емес қашықтықта орналасуы керек. Ал бұрылысқа бекіту олардың түрлілігін көрсетеді. Түзу және ашық бетке трасса төсеу міндетті болып табыламайды. Трассаны дайындау жұмыстарының барлығы  мұнара мен блокты транспортировкалауға дейін жасалып бітеді. Кейіннен екі бульдозер жағалауды тегістейді. Ал көтеру түсіру құрылғылары кейін ретпен орнатылады. Қысқы күндері трасса бойы қардан тазартылып, транспортировкалау да жүргізіле береді.

Мұнара мен блокты транспортты ортаны транспортировкалауға дайындау

Мұнара мен блокты транспортировкалау профилактикалық негізде жүзеге асады. Кронблокты крюкблокқа жалғау және барлық болтты қосылыстарды қосу және олардың сенімділігі де негізгі назарға алынады. Бекіту әдетте блотты қосылыспен жүзеге асады. Кейіннен буксирлі тракторды, жүккөтергішті фундаментке отырғызады. Мұнара мен блокты негізге ретпен орналастырса қысқы күндері оларға онша әсер болмайды. Мұның көбісі домкрат көмегімен жүзеге асаып, болат троспен қамсыздандырылады. Транспортировкалауда 12КП-30кранымен мұнараға тәл блогымен крюкблокты троспен көтеріп екінші белбеуіне отырғызады.

 Мұнараға қондырғыларды отырғызып оларды әдеттегідей жан-жағынан троспен қатаң бекітіп қояды.

Мұнара мен блокты транспортировкалауда сигнализация және ұйымдастыру жүмыстары.

Мұнараны вертикаль жағдайда монтаждауда 3-6 адам қатысады. Барлық жұмыс жетекші маман көмегімен жүзеге асады. Онда әдетте жұмыс әдісін жатқа меңгеріліп, техника қауіпсіздігі сақталады. Бұл ретте тәжірибелі инженер мен мұнара монтаждаушы бригада болуы керек.

Мұнараны транспортировкалауды 6  адам жұмыс жасайды. Олардың жұмыс орнындағы міндеттері әр типке  бөлінеді. Жауапты транспортировкалаушы буксирлі трактор олардан 30-50м қашықтық алда жүреді. Екі жұмысшы оңнан солға қарай тракторды бақылауға алады. Мұнда тракторды жүргізушілер өздеріне тиісті тәртіпті қатаң сақтауы керек. Екі жұмысшы мұнараның қандай негізде құрылып жатқанын бақылайды. Ал бір жұмысшы мұнара артынан қандай көлбеулікте қисайғаны жайында команда береді. Ол 30-40 м қашықтықта орналасады. Ал блокты транспортировкалауда 30-4 адам қатысады. Мұнда да мұнараны транс портировкалау сияқты буксирлі тракторларға жұмыс процесінде  команда беріледі. Екі жұмысшы бір беттен буксирлі тросспен блокты орналасу жағдайын бақылайды. 

Блокты транспортировкалауға қатысқан тракторлар жұмысын бір адам бақыл ауға алады. Ол кеткен кемшіліктер жайлы команда береді. Мұнара мен блокты транспортировкалау алдында жұмыс жетекшісі жұмысшылар мен тракторларды  өзі қабылдайды. Олар өз жұмыстарының міндеттемелерін жақсы түсінуі қажет. Олай болмағанда жұмыс барысында төтенше жағдай әлбетте туындайды.  

 

10 Бұрғы қондырғысындағы жабдықтардың сенімділігі.

 

Жабдықтың сенімділік және мерзімді жөндеу арасындағы байланыс. Жабдықтың жұмыс істемеу түсінігі және оның түрлері. Жабдықтың тоқтамай жұмыс істеудің мүмкінділігін есептеу. 

Сенімділікті анықтаудың негізгі түсініктері мен анықтамалары

Өнеркәсіп өнімін тұтынушылар үшін ең бастысы бұл, жабдық сапасының оған берілген көрсеткіштерді қамтамасыз ете отырып қалыпты және ұзақ мерзімді жұмыс істей алуы тұрғысынан қарағандығы құндылығы. Жабдықтың мұндай көрсеткіші бұл, оның сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі. Бұрғылау жабдықтың сенімділігі – белгілі жұмысқа пайдалану жағдайында берілген уақыт аралығында немесе талап етілген өнімді шығарудағы, өзіндік жұмысқа пайдалану көрсеткіштерін орнатылған аралықта сақтай отырып берілген фкнкциясын орындау қасиет. Бұрғылау жабдықтың сенімділігі оның істен шығусыздығымен, жөндеу жарамдылығымен, сонда-ақ бөлшектері мен түйіндерінің ұзақ мерзімділігімен сипатталады.

Сенімділік анықтау кезінде тек қалпына келтіру үшін жөндеулер талап етілетін жарамсыздықтар ескеріледі. Жұмыс параметрлерін тиімді деңгейде ұстап тұратын бұрғылау жабдықты жасап дайындау, сенімді жабдық екендігін білдірмейді. Сенімділікті бағалаудың басты критериі, бұл оның тиімді жұмысын сипаттаушы көрсеткіштері.

Сенімділітің негізгі анықтамалары:

- жұмыс қабілеттілігі – оның берілген параметрлерін нормативті-техникалық құжаттармен орнатылған шекте сақтай отырып өзіндік функциясын орындай алу жағдайы;

- жұмыс қабілетсіздігі – бұл, бұрғылау жабдықтың өзіндік функциясын орындау қабілеттілігін сипаттайтын бір параметрі;

- техникалық құжаттар мен орнатылған талаптарға сай келмеуін сипаттауші күші;

- істен шығусыздығы – бұрғылау жабдықтың үздіксіз жұмыс қабілеттілігін бір шама уақыт аралығында немесе бір шама өнімділікте сақтай алу қасиеті;

- істен шығу – бұрғылау жабдықтың жұмыс қабілеттілігін бұзылуын сипаттайтын уақиға;

- шекті күйі – бұл объектаның, онан әрі қарапайым жұмысқа пайдаланылуы қалпына келмейтіндей қауіпсіздік техникасының бұзылуының, берілген параметрлердің орнатылған шектен шығып кетуінің, процесс тиімділігінің мүмкін шектен төмендеп кетуінің салдарынан тоқтатылу кездегі күйі.

Техникалық ресурсы – объектаның жұмысы басталғаннан не болмаса оның күрделі жөнделуінен кейінгі қайта қалпына келтірілгенен бастап шектік жағдайы орын алғанға дейінгі жұмыс көлемі.

Ұзақ мерзімділігі – объектаның қабылданылған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесіндегі шектік жағдайының қалыптасқанына дейінгі жұмыс қабілеттігін сақтай алу қасиеті.

Жөнделінуші объект – бұл, объектаның жарамдылығы мен жұмыс қабілеттілігі істен шығу туған жағдайда жөндеумен қалпына келтірілуі.

Жөнделінбейтін объект – бұл, жарамдылығы мен жұмыс қабілеттілігі, ол істен шыққан жағдайда жөндеулеркөмегімен қалпына келтірілмейтін объект.

Бұрғылау жабдықтың істен шығуының түрлері

Істен шығуды сипаттаушы шамалық көрсеткіші, бұл істен шығу интенсивтілік ұғымы. Істен шығу интенсивтілігі ретінде бұрғылау жабдықтың жұмысы барысындағы уақыт бірлігіне келетін істен шығулар санын түсінуге болады. Бұрғылау жабдықты жұмысқа пайдаланудың үш аймағы бар. Әрбір аймақ үшін істен шығулар интенсивтілігінің жабдықты жұмысқа пайдалану уақытына тән тәуілділік заңдылығы бар.

Бастапқы кезең үшін, бұл істен шығу интенсивтілігі бұрғылау жабдықты жұмысқа пайдалану уақытының өсуіне байланысты төмендеуі. Жұмыстық үйренісуші істен шығулар бөлшекті дайындау технологиясының жетілдірілмеуінің немесе сапасыз құрастырылуы мен тексеруден өткендігінің салдары болып табылады. Мұндай істен шығулар интенсивтілігін алдын-ала жұмыстық үйреністеру жолымен төмендетуге болады.

Бұрғылау жабдықтың тозуымен болатын істен шығулар, оның техникалық ресурсының таусылуының салдары болып табылады. Оларды жарым-жартылай дер кезіндегі және сапалы орындалатын техникалық күтім көрсетулер мен жөндеу қарастырылған бойынша іс-шараларды қолдану көмегімен алдын-алуға болады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-03 11:06:42     Қаралды-3668

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »