UF

Жануарлар өнімінен жасалған азықтар. Иттерді тамақтандыруға әдетте, әр түрлі ішек-қарын өнімдері, ет комбинаттарының қалдықтары пайдаланылады. Селолық жерлерде иттерді тамақтандыруға жұқпайтын аурулардан өлген жануарлардың етін пайдалануға толық мүмкіндік бар. Мұндай еттіитке әбден қайнатқаннан кейін ғана беру керек, өлген жануарлардың ішкі органдарын, онда глисті құрттарының жоқтығын анықтағаннан кейін дәрігердің рұқсатымен ғана пайдалануға болады, Иттерді өлексемен азықтандырған кезде мынаны ескеру керек: бұл ет әдетте өте арық болады, ягни иттің рационына май қосу қажет. Итті өлексемен азықтандыру әдетте ас қорыту процестерінде ешқандай бұзылыстар туғызбайды, бірақ кей жағдайда кейбір иттердің 3-4 күн бойына (бір аптаға дейін) іші отеді. Кейіннен тоқтайды.

Ет комбинатынан алынатын ішек-қарын өнімдерінің нәрлілігі (бауыр мен жүректі қоспағанда) бұлшық етке қарағанда біраз төмен, сондықтан олардың берілу нормасы біраз жоғары болады. Көбінесе сіңір сияқты ішек-қарын өнімдерінде май аса көп, бұл да иттердің ас қорытуында бұзылыс туғызуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда ет-сүйек ұны етті алмастырушы ретінде пайдаланылуы мүмкін, бірақ оны ұзақ уақыт беруге болмайды және итке аз ғана мөлшерде, тәулігіне 150-200 грамм берген жөн. Ет, сүйек ұнымен азықтандыру ас қорытудың бұзылуын туғызады. Кейбір иттерде құсу, іштің кетуі немесе қаталау болуы мүмкін. Сонымен бірге ет-сүйек ұнын күшіктердің, жас иттердің, емізетін және емізбейтін күшіктері бар қаншықтардың азықтарына күніне шай қасықтан ас қасыққа дейін мөлшерде (граммен алғанда) қосқан жөн.

Сүт әдетте күшікке, сондай-ақ емізетін күшігі бар қаншыққа беріледі. Мұндай жағдайда әр түрлі құрамдағы жасанды сүтті, сондай-ақ көк сүтті толық пайдалануға болады, бірақ көк сүтке витаминдер қосып отыру қажет.

Сүзбе - нәрлілігі жоғары бағалы азық болып табылады, оның өзі ет алмастырғыш, жануар белоктарының көзі ретінде қызмет етеді.

Жұмыртқа - белоктардың аса бағалы көзі және оның құрамында витаминдер, тез сіңетін майлар өте көп. Ит азығына, сондай-ақ құс фабрикасының әр түрлі жұмыртқа қалдықтарын пайдалануға болады, алайда мынаны ескеру қажет: итке жұмыртқа ұзақ уақыт әрі көп мөлшерде берілсе белоктардың алмасуы бұзылады, осының салдарынан көбінесе иттің жүні түсіп қалады.

Ит организмі ұшін балық та белок көзі болып табылады. Бұл етті алмастыра алады, бірақ қол еңбегін көп қажет етеді, ейткені оны тазалау қажет. Сонымен қатар балықты сүйегі жұмсарғанша әбден қайнату немесе оны сүйектерінен тазарту керек.

Әдетте иттерді тамақтандыруға әр түрлі жармалар - арпа, арпа жармасы, сұлы, бидай және күріш жармалары пайдаланылады. Ит азығы ретінде ұсақ күріш те қолданылады, оны негізінен ауру иттерге береді. Жоғарыда аталған ұн бұйымдарының ішінен басқаларға қарағанда нашар қорытылатыны арпа жармасы, оған ит тез тояды және оның нәрлілігі төмен әрі нашар қорытылады. Сұлы жармасы да егер итке жарылмаған күйінде берілсе, нашар қорытылады. Оны не жару керек немесе қайнатардың алдында суға бектіріп қою қажет, бұдан кейін әбден жарылғанша тағы да қайнату (кем дегенде 2 сағат) керек. Бұлардың ішінде неғұрлым тез даярланатыны бидай жармасы, тіпті оны ұзақ уақыт бергеннің өзінде, ит аса сүйсініп жейді.

Ит азығына нан заводтарының қалдықтарын да: кептірілген нанды, нанды, төмен сортты ұнды пайдалануға болады.

Ит азығына тазартылмаған жармақты пайдалануға болмайды, өйткені ондағы ұсақ сабақ қиындылары, топан ұзақ уақыт азықтандырылған жағдайда қарын мен ішектің кілегей қабықтарын тітіркендіреді және оны қабындырып, ауруға шалдықтыруы мүмкін, бұл ауруларды емдеу де қиын, қейде тіпті иттер өліп те кетеді.

Ит организмі картоптан көмірсутектерін қабылдайды. Картоптың қабығы аршылып, майдалануы керек, бүтін картопты иттер сүйсініп жемейді. Әдетте картопты майдаланған күйінде қазанға салып, 15-20 минут әбден қайнатады.

Шикі жас капустаға да ит онша сүйсінбейді, бірақ оған көже қосып 10 минуттай қайнатса ит оны жақсы қабылдайды. Көпшілік иттер қышқыл капустаны әлдеқайда жақсы жейді. Капустаны қысқа арнап тұздау үшін оған сәбіз бен қызыл қант қызылшасын (асханалық) қосуға болады. Мұнда қызылша мен сәбіз жақсы жуылып, тазалануға және ұсақталуға (көкөніс кескішпен немесе ірі үккішпен) тиіс. Ірі етіп туралған сәбіз бен қызылшаны иттер нашар жейді немесе мүлде жемей қояды. Егер бір тонна қызылшаға 150-250 кг сәбіз қосып тұздаса оны ит жақсы жейді. Сондай-ақ тұздалған көкөніс жақсы сақталады, әрі ұнамды қышқылтым дәмі болады.

Итті жеке (бір ғана итті) ұстап баққанда көбінесе оны нан қосып, тамақ қалдықтарымен азықтандырады немесе итке көже пісіреді, бұған да тамақ қалдықтары қосылады.

Иттердің дене клеткаларының қалыптасуы үшін жануарлар өнімінің белогы қажет. Бұл иттерге тамақ берген кезде ескерілуге тиіс. Яғни азыққа міндетті түрде жануарлар өнімін қосу керек. Бұған жататындар - ет, сүт, сүзбе жұмыртқа. Жас, өсіп келе жатқан иттер ересек иттерге қарағанда белокты көп қажет етеді, өйткені ересек иттер белгілі бір уақыт бойы тек өсімдік тағамдарымен азықтана алады, оның итке ешқандай зияны болмайды. Жас иттер үшін сүт негізгі белок көзі болып табылады, яғни ит күніне 0,5-1 литр сүт, көк сүт (бұған витаминдер қосу керек), 0,2-0,25 г ірімшік, 1 жұмыртқа қабылдауы керек.

Әдетте иттерге питомниктерде тамақ берген жағдайда барлық иттер үшін сапасы жағынан бірдей азық дайындалады. Мұнда азықты итаяқтарға бөліп құйған кезде иттердің жеке ерекшеліктері ескеріледі. Әр иттің өзінің жеке итаяғы болады (алюминий тостаған, қалайы шылапшын және т. б.). Итаяққа номер қойылады немесе иттің аты жазылады. Азықты әр итаяққа тиісті мөлшерде құйып салқындатады да қажетті қоспаларды (витаминдерді, сүйек ұнын, бор және т. б.) қосады.

Жұмысқа пайдаланылатын (күзеттік) иттерді негізінен біркелкі азықтандырады, айырмашылық иттің денесінің үлкен-кішілігіне және оның қоңдылығына байланысты берілетін азықтың мөлшерінде ғана болады.

Асыл тұқымды иттерді жекелеп азықтандырады. Мұнда иттің тұқымдық өзгешеліктерімен қатар, оның жынысы, физиологиялық жағдайы, қоңдылығы ескеріледі.

Мысалы, төбет иттер үнемі жоғары сапалы тұқым таратуды қамтамасыз етуі үшін оларға негұрлым калориялы және құрамында белогы көп (шамамен 25-30 процент) азық рационын беру қажет, сондықтан басқа иттермен бірдей құйған азығына үстемелеп ет қосады. Ұйығу кезінде төбетке күніне 1 жұмыртқа беруге болады. Төбетке міндетті түрде витаминдер, әсіресе А және Е витаминдерін беру керек.

Ұйықпаған ересек қаншықтарды, егер олардың қоңдылығы жақсы болса, жұмыс иттерінің нормасы бойынша азықтандырады. Қаншық ұйыққаннан кейін, оған берілетін азықтың мөлшері көбейеді, үшінші рет тамақ беру қосылады. Сонымен қатар, қаншыққа берілетін еттің мөлшері (күшіктеудің қарсаңында 50 процентке) көбейтіледі және мүмкіндігінше 0,5 литр сүт немесе көк сүт беріледі. Қаншыққа берілетін азыққа көкөніс немесе әртүрлі препараттар қосу есебінеп жеткілікті молшерде витаминдер беру қажет. Аз қимылдайтын, жуас қаншыққа, сондай-ақ семіз қаншықтарға күшіктеуіне екі апта қалғанда тамақ беру мөлшерін азайтқан дұрыс, өйткені бұл аралықта итті көп азықтандырса, көп жағдайда оның күшігі тым үлкен болады да, күшіктеу ауырлайды, көбінесе күшігін елі туады.

Сондықтан қоңдылығы жақсы қаншықтардың рационын күшіктеуге екі апта қалғанда 1/3 азайтып, оны үшке бөліп берген дұрыс.

Күшігін емізетін қаншықты сүт шығару үшін қосымша азықтандырған жөн, сондықтан оған еті көп азықты бере отырып, тәулігіне 3-4 дүркін азықтандыру қажет, егер мүмкіндік болса, сүт қосып беру керек. Күшікке де, күшігін емізетін қаншыққа да міндетті түрде 15-20 грамм мөлшерінде ет-сүйек ұнын немесе бор және А, Д, Е, В, С витаминдік препараттарды қосымша беру керек.

Көбейтіп өсіруге арналған күшіктерді азықтандырудың басқа иттерді азықтандыруға қарағанда өзгешелігі бар, оларға 7-8 айға дейін күніне 4 рет, бұдан кейін бір жылға дейін күніне 3 рет тамақ береді. Өсіп келе жатқан күшік, ересек ит күніне қанша тамақ жесе, ол да сонша жейді. Сондықтан күшікке бұл азық мөлшерін аз-аздап бөліп беру керек, өйткені көп тамақ жейтін күшіктің сіңірлері әлсірейді де, нәтижесінде белі бүкірейіп, аяқ сүйектері қисайып кетеді.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды мынадай: барлық иттерге, олардың тұқымы мен жынысына қарамастан, азық бірдей дайындалады, азықты итаяққа құйғаннан кейін ғана жекелеген иттерге қосымша ет, витаминдік және минералдық қоспалар, сүт үстемелеп қосылады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-06-15 17:43:45     Қаралды-1761

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »