UF

Көмекші қызмет көрсететін иттерді бағып-күту, егер ит жеке адамның қолында болса, оқшау, ал ит питомниктерінде өсірілсе топтық сипатта болады. Оқшау иемесе жалғыз бағып-күтудің әдетте жеке адам асыраған иттерге қатысы бар. Бұл иттер аулада (байлап немесе қоршаудың ішінде), немесе пәтерде ұсталады. Пәтердегі иттер негізінен қала жағдайында ұсталады. Итті пәтерде ұстаған кезде оған арнаулы орын болу қажет, бұл жерде ол ешкімге кедергі жасамайтындай, иттің жататын жеріне жарық түсетіндей және өтпе жел соқпайтындай болуы керек. Астына төсеніш салу қажет. Екі қабат етіп жасалған көне бөстектер немесе басқа қалың материал төсенішке жарайды. Төсеніш жеңіл жуылатын болуға тиіс, сондықтан оны сырып тастауға болмайды. Төсенішті апта сайын жуу қажет болады, сондықтан ол екеуден кем болмауға тиіс. Пәтерде тазалықты сақтау үшін итті күн сайын таза щеткамен тарап отырғап абзал, айына бір рет жуындыруға болады. Итті жылы сумен (40°-қа дейін) жуу керек. Сабын теріні қызартпайтын жұмсақ болуға тиіс. Итті белгілі бір орында тамақтандырып, ал сүйекті пәтердің ішінде түгел шашылып жатпас үшін төсеніштің үстінде ғана кеміртіп үйрету керек. Итті жылу қондырғыларына жақын орналастыруға болмайды, өйткені қыста жылы пәтердеп суық далаға алып шыққанда салқын тиіп қалуы мүмкін. Бөлмеде ұсталатын итті күп сайын бір мезгілде кемінде екі рет серуендету керек, өйткені мұндайда итте шартты рефлекс, кұн тәртібіне дағдылану қалыптасады. Ересек, дені су иттерді ғана тәулігіне екі рет серуендетуге болады. Ауру итті, әсіресе күшікті жиі серуендетіп тұзу қажет.

Итті аулада ұстаса, оған айрықша жағдай жасаудың қажеті жоқ, тек қана иттің жауын-шашыннан немесе суықтан, ыстықтан қорғанатын орны болуы керек, сондай-ақ ит қашып немесе секіріп кетпеуі үшін, және әлде біреуді қорқытып, немесе қауып алмауы үшін шаралар қолдану қажет. Ит ауланың ашық есігінен көшеге шыға алмайтындай етіп байлануға тиіс. Ал егер итті байламай ұстаған жағдайда кездейсоқ ішке кірген адамдарды қауып алмауы үшін ауланың есігі барлық уақытта жабық тұруға тиіс. Кейде ит ұстау ұшін қоршаулы жеке алаң жасалады. Итті аулада ұстаған жағдайда ит жүгіріп, бойын жазуы үшін, басқа да тітіркендіргіштермен танысуы үшін оны ұдайы серуендетіп отыру қажет болады.

Ит шопанмен бірге болған кезінде кейбір шарттарды сақтау қажет. Ең алдымен шопанның иелігіндегі және отарда жұмыс істейтін ит бақылаусыз, еркін жүрмеуге тиіс. Ит жұмыстан бос кезінде ағаш үйдің немесе қой қамалатын қораның жанында байлаулы тұруы керек. Бұл жерде оған жауын-шашыннан және күн көзінен қорғану үшін күрке немесе қалқа жасалады. Отарда 2-3 ит ұстау ұсынылады: біреуі - қойға еріп жүретін ит, яғни ол отарды бағады (қайырмалап жүреді) және 1-2 ит қойды қасқырлардан қорғау үшін күзетшілік міндетін атқарады.

Бұл иттер аталған міндеттерді тәуліктің әр мезгілінде атқаратын болғандықтан, күзетші иттерді күндіз, ал қойға еретін иттерді түнде байлап қою керек. Байлаусыз, бос жүрген ит әлде бір ауруды жұқтырып алуы, машинаның астына түсуі, жоғалып кетуі мүмкін. Бос жүрген иттер жиі таласады, нәтижесінде әлсіз иттер жұмысқа жарамайтын, жарымжан болып қалады, тіпті кейде өліп те кетеді. Бос жүретін қаншық иттер тез, 7-9 айлығында ұйығып қалады, бұл олардың, өсіп-өнуіне кері әсер етеді. Сонымен қатар, ит бос жүрген жағдайда, таза тұқымды күшік алу мүмкін емес, өйткені қаншық иттер кез келген итпен ұйығып қалады.

Иттерді топтап ұстау ұшін олардың арнаулы тұратын орны болуы керек. Иттер тұратын жер малдардың қора-жайынан және тұрғын үйлерден біршама қашық орналасуға тиіс. Питомникті салу үшін жел еркін соғатын жерді таңдап алу қажет және оның топырағы батпақты, және ылғалды болмауы керек. Питомник орналасатын жердің бүкіл территориясы ол жерге басқа иттер кірмеуі және бағудағы иттер қашып шықпауы үшін биік дуалмен (2,5 метрге дейін) қошалуға тиіс. Ең алдымен иттер үшін күрке салу қажет. Питомниктің ерекітіелігіне (тұқымдық, жұмысқа арналған иттерге арнап) онда тұратын иттердің санына және олардың тұқымына қарай, сондай-ақ ауа райы жағдайларын ескере отырып, әр түрлі типтегі ит қораларын салуға болады. Көбінесе жабық үйшіктен (едені бар ағаштан жасалған 1,5X2 метрлік бөлме) және осы бөлмеге жапсарлай салынған 2X2 метрлік ашық қалқа-қоршаудан тұратын қора салынады. Әдетте ит жабық қорада ұйықтайды. Мұнда қыс айында иттің астына сабан төселеді, ал қысы қатты жерлерде, тым әлжуаз иттер үшін күрке салынады, бұған да сабан төселеді. Итті жабық үйшіктің ішіндегі күркеге орналастырған жағдайда, күрке ішінде иттің тоңбауы үшін қолайлы температура болуы қажет. Бөлме жылырақ болуы үшін оған кіретін ауызды қалқалап жауып қою керек. Әдетте бір қалқаның астында қатарластырып осындай 10-20 шетпер қора салынады. Әр шетпер қорада бір иттен тұрады. Шетпер қоралардың бүйір және артқы қабырғалары берік, бетон плиталардан немесе кірпіштен (шлак бетоннан да жасауға болады), ал алдыңғы қабырғасы жуандығы кемінде 3,5 мм және тор көзінің үлкендігі 5X5 сантиметрлік темір тордан жасалады. Алдыңғы қабырғаны қалыңдығын кемінде 0,5 сантиметр, ара қашықтықтарын 10 сантимертден асырмай көк шыбықты тігінен қалап жасауға да болады. Мұндай жағдайда иттер тік шыбықтарды ысырып тастамас үшін қабырғаға аралығын шамамен 50 сантиметр етіп тағы көлденең шыбық жүргізіледі. Шыбықтарды қиғаштап емес, тек қана көлденең жүргізген дұрыс, өйткені шыбықтардың қиғаштанып шығып тұратын бұрыштарына ит табанын жарақаттап алуы мүмкін. Шетпер қораның мұндай типі жұмыс итін, күзетке немесе басқа да қызметтерге пайдаланылатын иттерді ұстау үшін өте қолайлы. Тұқымдық иттерді ұстауға бұл қора типі онша жарамды болмайды, ойткені онда иттердің жүріп-қозғалуы үшін алаң тым тар, оның өзі мұндағы иттерді жетектеп жүріп қосымша серуендетуді немесе қосымша шарбақ салуды қажет етеді. Шарбақтарды шетпер қораның артына қатарластырып орналастыруға да болады, оларды жай тордан биіктігін 2 метр етіп жасайды. Мұндай үлкен шарбаққа иттерді күніне 1-2 сағат жіберуге болады. Жуас, таласпайтын иттер болса, 2-3 сағаттан жіберуге болады, өйткені мұндай жерде иттер әрі еркін, әрі көп қозғалыс жасайды. Серуендету тұқымдық иттер үшін аса қажет, өйткені иттерді көбірек жүргізбесе, ұрық шашу қызметінде түрлі бұзылыстардың болуы, тіршілік ету қабілеті төмен күшіктер тууы мүмкін. Әсіресе иттің мүмкіндігінше еркін қимылдауы және оны ойнату ширақ, сапалы жақсы күшік алуда үлкен роль атқарады. Қозғалыс шектеулі болған жағдайда көбінесе аяқ құрылымы мен дене бітімінде әр түрлі кемшіліктері бар иттердің жағдайы қиындай түседі, ал кейде олар тіпті жұмысқа жарамсыз болып қалуы да мүмкін.

Иттерді неғұрлым жылы аудандарда ұстап бағу муди немесе кавказ және ортаазиялық тұқымдас овчаркаларды ұстап бағу үшін қалқалар салуды ұсынуға болады, оның астына күрке жасайды. Қалқалардың ені 2,5-3 метр, биіктігі 2-2,5 метрболуы керек, оның астына әр ит үшін шарбақ (үйшік) жасалады. Шарбақтардың көлемі шаруашылықтың мүмкіндігіне байланысты болады. Әдетте, оны 3X4 немесе 3X5 метрлік етіп істейді. Бүйір және артқы қабырғалары берік заттан, ал алдыңғы қабырғалары темір тордан немесе арматурадан жасалады. Үйшіктің еденіне құм, шлак немесе қиыршық тас төселеді. Иттерді мұндай орындарда ұстау олардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз етеді, демек, қосымша серуендетудің қажеттігі болмайды. Мұндай үйшікте 4-6 айлық күшіктердің екеуін (денелерінің үлкен-кішілігіне қарай) ұстауға болады, бұл олардың дене мүшелерінің жетілуін жақсартады, өйткені олар бір-бірімен ойнап, көп қозғалыс жасайды. Күрке қалқаның астына қойылады. Күркенің есігі оның бүйір қабырғасында болуы керек, яғни жаңбыр немесе қар жауғанда күрке іші құрғақ болады. Қыс айында күрке ішіне төсеніш төселеді. Дезинфекциялауға ыңғайлы болуы үшін күркенің төбесі алмалы-салмалы болуы қажет. Күркенің көлемі иттің тұрқына сай болуға тиіс, өйткені кең күрке тұрқы кішкентай ит үшін суық болады.

Еден астына ауа еркін кіріп-шығуы үшін күрке міндетті түрде 5-10 см биік орналасуы тиіс. Бұл еденнің тозбауына жағдай жасайды.

Егер питомник асыл тұқымды иттер өсіруге арналмаған болса және мұндағы иттер анда-санда ғана күшіктейтін болса, онда мұндай қораларға иттерді күшіктетуге де болады, ол үшін күркенің кез келген қабырғасында ит еркін сыйып жататындай етіп, көлемі үлкен бірнеше күрке тұрғызу қажет. Күшіктету алдында күркенің ішіне еденнен биіктігі 8-10 сантиметр етіп, қалыңдығы 5-6 сантиметр жұқа тақтайша қағылады, оның өзі күшіктің қысылып қалмауы үшін қажет. Бірақ итті күркелер мен шетпер қораларда күшіктету тек жаз айларында, ауаның температурасы түннің өзінде 20°С жуық болған кезде ғана жүргізіледі. Көктем мен күзде (салқын түспеген кезде) күркелерге жуас иттерді күшіктетуге болады. Мазасыз, күркеден жиі қашып шығатын иттер мұндай жағдайда күшіктерін үсітіп, өлтіріп алады.

Егер питомникте асыл тұқымды иттер өсірілетін болса, олардан жыл бойы күшік алу талап етіледі, сондықтан күшіктейтін бөлім салу қажет болады, онда күшіктейтін әр қаншыққа нары бар үйшік бөлінеді, ол осы нардың үстінде күшіктейді. Үйшіктің көлемі шамамен 9 шаршы метр. Едені асфальтталған немесе ағаштан жасалынған болады және үстіндегі лас сұйық ағып кету үшін еңкіш етіп салынады. Күшіктеу бөлмесін міндетті түрде желдетіп отыру қажет. Тор үйшіктердің саны қаншықтар санының шамамен 20-25 процентіндей болуы керек. Күшіктеу бөліміне қаншықтар күшіктеуден 4-7 күндей бұрын әкелінеді де, онда күшіктерін бөлгенше ұсталады. Күшіктеу үйі жылытылады, сонымен қатар әр кабинада қажет болған кезде қосымша жылытқышты қосу мүмкіндігі көзделінеді. Күшіктеу кезінде бөлменің температурасы 20-25°С жылы болуға тиіс, өйткені күшіктер организмі жылуды реттей алмайды және үстін құрғату кезінде кобінесе оларға салқын тиіп қалады. Кабина ішінде температураны 25-30° деңгейінде ұстау күшіктердің аман сақталуын қамтамасыз етеді, олар қаншықтың бауырынан шығып бөлек жатып қалса да, бөлме жылы болғасын суыққа ұрынбайды.

Қаншық күшіктеу кезінде көп жағдайда кабинада бір өзі болады. Кейде қаншықтар нар үстінде емес, кабинаның бір бұрышына барып күшіктейді. Мұны болдырмау үшін кабина ішіндегі тесігі бар нар бұрыштарының біріне, қабырғаға түйістіріп алдын ала күрке жасайды. Ең дұрысы төбесі, екі жақтауы бар, еденсіз, жиналмалы күрке қойған жөн. Пумалар үшін жай күрке қоюға болады, бірақ оның төбесі міндетті түрде алмалы-салмалы болуы керек. Кабиналардың есіктеріне кабинаға кірмей-ақ иттің не істеп жатқанын бақылап тұруы үшін саңылау жасайды. Жуас, дұрыс күшіктеп жатқан иттерді мазалаудың қажеті жоқ. Егер ит мазасызданып, орнынан жиі тұрып кетсе, күшіктерін бауырына алмай, шашып тастаса, онда кабинаға кіріп, итті жайлап жатқызу керек те, күшіктерді енесінің бауырына салу қажет. Әсіресе алғаш күшіктеген иттер тым мазасыз келеді, бірақ әдетте, күшіктері еме бастағаннан кейін-ақ олар тынышталып, қозғалмай жатады. Мұндай жағдайда, иттердің тынышталуына күркелер де көмектеседі, өйткені мұнда иттер сырт көзге түспей, тығылып жатады.

Күшіктеу кезінде көмек көрсеткенде абай болу керек, өйткені көбінесе жуас иттердің өзі күшіктерін қорғап, адамды қауып алуы мүмкін. Ит нарда да, күркеде де күшіктемеген жағдайда, оның астына төсеніш төсеудің қажеті жоқ. Өйткені ит күшіктерін жалап, оның жолдасын жейді, тіпті астындағы сабанды да жеп қоюы мүмкін. Төсеніштің туғаннан кейінгі алғашқы күндерде қажеті жоқ, себебі бұл кезде иттер күшіктерініц айналасын өзі-ақ тазартып қояды. Бірақ күшіктерді қосымша азықтандыру басталғаннан кейін 14 күннен соң, әсіресе ұяластар өте көп болған жағдайда, төсеніш (сабан немесе жоңқа) төсеуге болады. Күшіктердің туғанына бір ай толғаннан кейін қаншықты алып кетеді, ал күшіктер тағы да 1-2 күн кабинада қалады, сосын оларды енесінен бөлуге арналған күшік қораға көшіреді. Күшік қора әдетте ортасында қалқасы бар бір шаршы етіп біріктірілген, әр қайсысының көлемі 36 шаршы метрлік төрт шарбақтан тұрады. Оның орталығында ағаш төсеніші бар, оған күрке орнатылады. Әр шарбаққа бір ғана ұялас күшіктер орналасады. Сондықтан күшік қоралардың саны күшіктеу үйіндегі кабиналардың санымен бірдей болуы керек. 2,5-3 айға дейін ұялас барлық күшікті бір жерге ұстауға болады, сосын оларды өсіп-жетілуіне қарай 2-3-тен бөліп орналастыру қажет. Күшіктер азықтандыру кезінде таласа бастасымен-ақ оларды жеке-жеке бөліп орналастырады. Мұндай қораларды асыл тұқымды ит өсірілмейтін питомниктерде салған жөн, өйткені шарбақ қоралар иттердің санын толықтыруға арналған күшіктерді өсіру үшін өте ыңғайлы.

Питомникте иттерге арналған үйлермен қатар итке азық дайындауға арналған ас үй болуы қажет. Иттің ас үйінде мыналар болуға тиіс: 1) ас пісіретін үш, мұнда иттің азығын пісіруге арналған қазандар тұрады (қазандардың сыйымдылығы иттердің санына байланысты болады), сондай-ақ азық үлестіруге арналып, беті қаңылтырмен қапталған стол болады. Иттердің саны көп болған жағдайда коконіс пен ет кесіп дайындайтын бөлме болғаны жөн; 2) ас суытатын орын, мұнда азық итаяқтарға бөліп құйылып, азықтандыруға жарайтындай температураға дейін салқындатылады; 3) жуып-шаю орны мұнда ыдыстарды жууға арналған ванналар қойылады; 4) аспазшының демалатын бөлмесі; 5) санузел.

Иттердің саны көп болған жағдайда, міндетті түрде тоңазытқыштар немесе (дұрысы) тоңазыту камералары болуы керек, оларда кемінде бір апталық ет өнімдері сақталуға тиіс. Бұған қоса, ас үйде коконіс сақтау үшін қамба және ұн өнімдері үшін қойма болуға тиіс.

Иттердің саны 30-дан көп болған жағдайда, питомникте 3-4 ит сиятындай жеке болмесі бар ветеринарлық пункт болуы керек. Ветеринарлық пункттің үйі басқа өндірістік үйлерден біраз қашық орналасуға тиіс. Сонымен қатар мұнда қызмет көрсететін адамның демалуы үшін бөлме болуы қажет.

Питомник, оның қандай мақсатқа арналатынына қарамастан, әдетте бір үлгіде салынады (тек жұмыс иттері бағылатын питомниктерде ғана күшіктеу бөлімі салынбайды). Алайда, мұндай питомниктердің иттердің қандай мақсатқа пайдаланылатынына қарай өзіндік ерекшелігі болады.

Бұның озі ең алдымен иттерді тамақтандыру тәртібінен көрінеді. Күзет иттерін әдетте постыларға қоймастан екі сағат бұрын және оларды постылардан алған кезде тамақтандырады. Асыл тұқымды иттерді әдетте ертеңгісін және кешкісін, тамақтандырады. Кебінесе төбеттер мен күшіктерге, емізулі күшігі бар қаншықтарға қосымша ас берген жөн. Асыл тұқымды иттер жақсы бой жазуы үшін оларды жетектеп жүріп немесе шарбақ ішінде ұдайы қыдыртып отыру керек. Питомниктегі иттердің қандай мақсатқа арналғанына қарай, егер бұл асыл тұқымды иттер болса, оларды үйретуге және тұрақты жаттықтыруға арналған қажетті жабдықтары бар үйрету алаңы болғаны жөн.

Иттердің организмі, барлық басқа айуандар сияқты, белоктардан, майлардан, көмірсутегінен, минералдық тұздардан және судан тұрады. Бұл заттар әр түрлі мөлшерде иттің дене клеткалары мен барлық тканьдарының және органдарының құрамына енеді. Тірі организмде бір клеткалардың тозуы мен өлуі және олардың басқа клеткалармен алмасуы тұрақты түрде жүріп жатады. Жас, өсу үстіндегі организмде ұдайы жаңа клеткалар өсіп, қалыптасады. Жаңа клеткалардың құралуы үшін оларды құрайтын заттардың болуы қажет. Ит бұл заттарды азықтан алады. Азықтағы сіңімді заттар жаңа клеткалардың өсу және өлген клеткалардың орнына жаңаларының пайда болу процестерінде оларды құрайтын материалдар қызметін атқарады. Олар организмнің өмір сүруіне қажетті энергия көзі де болып табылады. Сондықтан да организмнің барлық қажеттерін қанағаттандыру үшін ит азықтан қажетті мөлшерде сіңімді заттар алуға тиіс.

Ит организмі азық құрамындағы суды, минералдық тұздар мен витаминдерді өзгермеген күйінде сіңіреді. Ал азықтағы сіңімді заттар (белоктар, майлар мен көмірсутектері) ас қорыту процесінде неғұрлым қарапайым түрде ыдырайды, бұлар кейіннен клеткалар арқылы сіңіп, олардан ит организміне тән жаңа заттар жасалады.

Итке берілетін тағам құрамында белок мол болуы керек. Оның жетіспеуі әр түрлі аурулар туғызады және ересек иттердің жұмыс қабілетін төмендетеді. Белоктардың күшіктер мен емізулі күшігі бар қаншыңтар үшін ерекше маңызы бар, өйткені күшік организмінің қалыптасуы мен сүттің жасалуына көп мөлшерде белок қажет. Белоктар мал өнімдері сияқты өсімдік өнімдерінде де болады. Алайда, өсімдік белоктарының құрамы жағынан мал өнімі белоктарынан айырмашылығы бар: онда кейбір қажетті амин қышқылдары болмайды. Сондықтан мал өнімі белогын өсімдік өнімі белогымен толықтай алмастыру мүмкін емес: алмастырған жағдайда да ит организмі өзіне қажетті белокты жасай алмайды. Ит амин қышқылдарын жеткілікті мөлшерде алуы үшін, сіңіретін белоктарының жалпы мөлшерінің кем дегенде үштен бірі мал өнімдерінің белогы болуға тиіс.

Көмірсутектері организмнің тіршілік етуі үшін қажетті басты жылу көзі болып табылады. Оларға деген қажетсіну өсімдіктерден дайындалған азықтар есебінен қамтамасыз етіледі.

Май - жылу көзін жасайтын негізгі өнім, өйткені май жылуды белоктар мен көмірсутектеріне қарағанда екі есе көп береді. Май, ішкі органдардың айналасына және тері астына шөге отырып, организмге қор ретінде жиналады. Тері астының май қабаттары итті суықтан қорғайды. Ит азығы үшін ең бағалылары ішкі май, балық, сүйек болып табылады. Ал шошқа және өсімдік майларының бағалылыгы сәл төмендеу. Май ит организмінде көмірсутектері арқылы да пайда болады, алайда ит міндетті түрде табиғи майлар қабылдауға тиіс, өйткені оларда витаминдер мол.

Минералдық заттар. Бұлар да барлың сұйықтардың құрамында, иттің организмі мен тканьдарында болады. Минералдың заттар әсіресе жас, өсу үстіндегі организм үшін, иттің сүйегі мен тістерінің қалыптасуы үшін аса қажет. Минералдық заттардың организмдегі қалпының бұзылуы күшіктерде рахит ауруын туғызады, сондай-ақ ересек иттердің зат алмасуында әр түрлі өзгерістерге ұшыратады. Минералдық заттардың жетіспеуі емізетін, сондай-ақ жалпы буаз қаншық иттер үшін аса зиянды, өйткені бұл іштегі ұрықтар мен күшіктердің өсіп-өнуін баяулатады. Әдетте берілетін тағам арқылы баратын минералдың заттар итке толықтай жеткілікті, тек иттің өсу, күшіктеу және күшігін емізу кезеңдерінде ғана оның тамағына минералдың қоспалар қосу қажет.

Су ит денесінің негізгі бөлігін құрайды (70 процентке дейін), тіршілік ету процестерінің бәріне де қатысады. Организмде судың күрт азаюы (сөлі сарқылу) иттің өлуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Ит азық арқылы баратын суға қоса тәулігіне, әсіресе жаз айларында, кемінде 1 литр су ішуге тиіс.

Ит сіңімді минералдық заттардан және судан басқа міндетті түрде жеткілікті мөлшерде витаминер қабылдауға тиіс. Витаминдердің болмауы немесе жетіспеуі жас иттер мен күшіктердің қалыпты өсіп-жетілуінің бұзылуына және зат алмасудағы әр түрлі өзгерістерге, организмнің жұқпалы ауруларга деген қарсылығының төмендеуіне, нерв қызметінің бұзылуына, ұрық бөлу мен күшіктердің тіршілік ету қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

Тағам арқылы түскен сіңімді заттардың бәрі бірдей ит организміне сіңе бермейді. Олардың бір бөлігі қорытылмай қалады да, организмнен бөлініп шығады. Азықтың қорытылуы өнімдердің сапасына, дайындау әдісіне, ит организмінің жағдайына, қабылдаған тамақ мөлшеріне байланысты болады.

Сіңімділігі негұрлым жоғары азықтар - жануарлар өнімінен жасалатындығын жоғарыда айттық. Олардың 97 проценті қорытылып, сіңеді, ал өсімдіктен жасалған азықтар біршама нашар – 70-80 проценті қорытылады. Оның үстіне өсімдіктен жасалған азықта клетчаткалар қаншалық көп болса, ол соншалық нашар қорытылады. Өсімдік өнімдерінен жасалған азықтардың қорытылуы егер оған тағамдық азықтарды араластырып берсе біраз артады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-06-15 17:42:36     Қаралды-3851

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »