UF

Қаншықтың буаздық кезеңі орта есеппен 62-63 күнге созылады (ауытқу шегі 58-ден 65 күнге дейінгі аралықта болуы мүмкін). Оның үстіне көбіне үлкен ұяластар ерте, ал кішкентай ұяластар кеш туады.

Қаншықты шағылысудан кейінгі алғашқы айда бұрынғыдан үйретіп-жаттықтыруға және жұмысқа пайдалануға болады. Олардың буаздығы алғашқы айда мүлдем білінбейді, тек екінші айда ғана кейбір белгілері көріне бастайды: ең алдымен қаншықтың салмағы тез өседі және ішінің көлемі үлкейеді; ол жуасиды, жүріп-тұруы баяулайды, көбірек ұйықтайды. Әдетте, азыққа тәбеті күрт жақсарады. Тууына 20 күндей қалғанда жыныс мүшесінің айналасы ісініп, жылымшы сұйық бөліне бастайды. Тууына екі жеті қалғанда сүт бездері ісінеді, қарпының сыртынан күшіктері білініп тұрады, күшіктеуіне бірнеше күн қалғанда сүт пайда болады.

Кейде ұрықтану болғанымеп қолайсыз жағдайлардың әсерінен әмбриондар өзінің даму сатысының алғашқы кезеңінде бөлінін, жойылады. Алайда, ұрық өзінің өсіп-өнуінің алғашқы кезінен-ақ басқа да организмдердің қызметіне әсер ете бастайды, күшіктеу мерзімі жақындаған сайын қаншықтың іші үлкейіп, оның формасы өзгереді, емшегі ұлғайып, тіпті сүт пайда болады. Осыған байланысты қаншықтың мінезі де күрт өзгереді: ол туатын орын іздей бастайды, азық ішпей қояды және т. б. Бұл құбылыс жел буаз деп аталады.

Кейде жел буаз төбет пен қаншық шағылыса алмай, бірақ қаншық «буаз» болған жағдайларда кездеседі. Қаншықтың буаз кезінде оның организмі өсіп келе жатқан ұрықтың ойдағыдай қалыптасуын қамтамасыз етуге тиіс, сондықтан қаншыққа айрықша көңіл бөлініп, арнайы бағып-күтіледі. Буаз қаншык, қашан күшіктегенше таза ауа еркіп келіп тұратын құрғақ әрі жарық орында ұсталуға тиіс.

Иттің денесін таза ұстау аса қаяшт. Егер шағылысудан кейін қаншықтың терісінде паразиттер пайда болса, оларды тазарту керек. Шағылысқаннан кейін 10-15 күннен соң қаншықты дегельментизациялау (яғни глистерден тазарту) шаралары жүргізіледі. Буаз болған алғашқы айда қаншықты жылы суға шомылдыруға болады. Мүмкіндігінше күн сайын таза ауада серуендетіп алған жөн. Емшектің ұшында жара мен жарық пайда болмауы үшіп желінді таза ұстаудың үлкен маңызы бар.

Отарда қой бағуға пайдаланылатын буаз қаншықтарға күн мен жауын-шашыннан қорғану үшін күрке немесе үйшік жасап беру қажет. Негізінде іші кең ағаш будка болғаны жөн. Мұнда қаншықты байламай бос жібереді.

Қаншық буаз кезінде қабылдайтын қоректік заттар оның организміне күш-қуат беріп қана қоймайды, сонымен қатар ұрықтың өсіп-өнуіне де жағдай жасайды. Шағылысқан кезінен бастап мол да құнарлы азықпен азықтандыру керек. Азықтандырудың нормасы ең алдымен азықтың құрамындағы белоктың, минералдық тұздардың (2-3 грамм кальций глицерофосфаты, 10-15 грамм ет-сүйек ұны) және витаминдер (А, Д, Е, тривитаминнің 2-3 тамшысы мен 1-2 түйір «гендевит» витаминдері) мөлшерін көбейту есебінен арттыру қажет.

Қаншықтың күшіктейтін орнын алдын-ала дайындап, оны сол жерге үйрету керек. Күшіктеуге дайындалған немесе күшіктеп жатқан қаншықты ешкім мазаламас үшін күшіктейтін орынды оңаша жерден жасап, қараңғылап қою керек. Питомниктерде қаншықты басқа иттерден бөлектен, күшіктеуге арналған арнайы орынға көшіреді.

Сабалақ жүнді иттер күшіктер алдында емшегінің айналасындағы жүнді өздері түсіріп тастайды, егер қаншық мұны істемесе емшектегі, сондай-ақ артқы тірсектегі және жыныс мүшесі айналасындағы жүнді қырып тастау керек.

Көпшілік жағдайда, иттер сырттай көмек көрсетуді қажет етпей-ақ өздігінен ойдағыдай күшіктей (туа) алады. Не қажеттің бәрін қаншықтың өзі жасайды, тек қана туудың дұрыс жүруін қадағалап отыру қажет. Егер туу дұрыс жүрмеген жағдайда, көмек көрсету үшін мал дәрігерін шақыру керек.

Туылатын күщіктердің саны 1-2 және 15-ке дейінгі аралықта болады. Ұрықтылығы орташа қызмет иттерінің барлық тұқымдары дерлік 6-7 күшік табады, бұл аса жақсы күшіктеу деп саналады, өйткені қаншық көп күшік туса, ол әлсірейді және күшіктердің өсу процесі қиындайды.

Туу кезінде күшіктер шамамен бірдей уақыт аралығында - 15 минуттан екі сағатқа дейінгі аралықта шыға береді. Егер үзіліс 3 сағаттан асып кетсе, қаншықтың ішіне массаж жасап, жылы грелка қойып, оған жәрдем көрсету қажет. Егер туу бұдан да ұзаққа созылса, онда туудың дұрыс болмағаны. Мұндайда мал дәрігері жедел көмек көрсетуі керек.

Күшік туысымен қаншық оның кіндігін тістеп алып тастайды, ұрық сыртындағы қабықты жыртады, күшікті жалап, оның тыныс алу жолдарын ашады, емшегіне икемдеп жатқызады. Егер қаншық мұны жасамаса, ұрық сыртындағы қабықты тез жыртып жіберу қажет, әйтпесе күшік тұншығып қалады. Күшіктеу күшіктің шуының түсуімен аяқталады, оны қаншық жеп қояды.

Күшіктеу кезінде оның жанына міндетті түрде су немесе жылы тәтті шай қою керек. Күшіктеген кезде төсенішті жинап алған дұрыс, өйткені қаншық оны жыртып тастайды, күшіктеп болғаннан кейін қайта төсеу қажет.

Күшіктердің ему рефлексі жақсы жетілген. Сондықтан олар туа салып-ақ еме бастайды, күшіктерді енесінен болуге болмайды, қаншық келесі күшікті туған кезде алдымен туылған күшікті басып тастамас үшін, оны тек қадағалап қана тұру керек.

Аналық инстинкт сезімі нашар жетілген қаншықтар да кездеседі: олар күшіктерін нашар күтеді, тіпті олардан қашатын болады. Жас қызғаншақ қаншықтар күшіктерін бір жерден екінші жерге тасымалдаумен болады, осылайша күшіктерін өлтіріп алатындары да кездеседі. Кейде қаншықтар өздерінің күшіктерін жеп те қояды. Мұндай жағдайларда күшікті аман сақтау шараларын жасаған жөн, кейде күшіктерді қаншықтан бөліп алып, итаяқ жанына қою керек немесе қолдан азықтандыру қажет.

Қаншық күшіктеп болғаннан кейін (оны қаншықтың ішін басып біледі - әдетте іштегі күшік қолға жақсы білінеді), барлық туған күшіктерді қаншықтың бауырына салып, 8-10 сағатқа дейін тыныш жатқызу керек. Бұдан кейін оны сыртқа шығарып, серуендетіп, лас жерлерін жылы сумен сабындап жуып, әбден құрғағанша сүртіп алған жөн.

Қаншықты серуендеуге өзі сұранған кезде ғана шығару қажет және өзі қашан үйшігіне келгенше сыртта жүргені жөн.

Қаншық күшіктегеннен кейін 2-3 апта бойына оның жыныс мүшесінен сілекей ағуы мүмкін, олар алғашқыда қан аралас сілекей болады, кейіннен сілекейдің өзі ағады. Егер онда иіс, жасыл-қызыл түсті, іріңді болса, онда қаншықты мал дәрігеріне көрсету керек. Қаншықты алып кеткеннен кейін, оның күшіктеген жерінің еденін жуып, таза төсеніш төсеу керек. Қаншықты күшіктеріне жібергенше оларды қарап шығып, байқау өте маңызды. Тексеру кезінде күшіктердің дұрыс жетілген-жетілмегенін, іштен туған кемшіліктері мен ақауларын анықтайды.

Дені сау күшіктердің туғаннан кейін денесі жылы, жұмыр келеді. Олардың бастары қысқа, жалпақ, тұмсығы шығыңқы, сондай-ақ аяқтары қысқа, іші үлкен, қылшығы қысқа, қалың, майда болады. Күшіктер соқыр болып, есту органдары жабың, тіссіз туады. Күшік денесінің жылу реттегіші болмайды (яғни дененің температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты болады). Оның терісі мен бұлшық еті тұтқыр келеді, иттердің көпшілік тұқымында сілекей қабықтары ашық қызғылт түсті болады.

Керісінше - ауру күшіктер болбыр, әлжуаз, терісі салқын, бұлшық еті нашар жетілген, сілекей қабықтары қызыл-күлгін түсті болып келеді. Аяқтары көбінесе денесіне сәйкес орналаспаған болады. Өте нашар емеді немесе мүлде ембейді, ауырсынып қыңсылайды.

Күшіктің үлкен-кішілігі оның тұқымына, буаз кезіндегі қаншықтың бағып-күтілу және азықтану жағдайларына байланысты. Дені сау күшіктердің туған кезіндегі салмағы, ірі тұқымды иттерде анасының салмағының 1-2 проценті, ал ұсақ тұқымдыларда (декоративті) 4-8 проценті болуға тиіс. Мысалы, неміс овчаркасының жаңа туған күшігінің салмағы 350-550 грамм, ал колли - сәл ғана аз – 260-450 грамм болады.

Күшіктер өзінің салмағын шамамен 8-10 күн ішінде екі есе көбейтеді. 18 күнде олардың салмағы 4-5 есе өседі. Бір айлығында күшіктің салмағы 8-10 есе артады.

10-14 күнде құлақтары ести бастайды, осы кезде көздері де ашылады, ал төртінші аптада көре бастайды.

Күшіктің туғанына 20-25 күн толғанда сүт тісі, ал пуми тұқымдас күшіктерде ол көбінесе 30 күннен кейін шығады. 10 күннің ішінде күрек және азутістері, ал екі айлығында сүт азу тісі пайда болады. Тістердің кешеуілдеуі күшіктің нашар өсуі мен жетілуін көрсетеді.

Әдетте, қаншықтың сүттілігі мен жай-күйін ескере отырып, оның бауырында 6 күшіктен артық қалдырмаған жөн.

8-10 күн дегенде қаншықтың желіні мен емшегін тырнап тастамас үшін, күшіктің алдыңғы аяғының өткір тырнақтарын кесіп тастайды. 20 күн толғанда тырнақтарды тағы да кеседі.

Стандарт талаптарына сәйкес кейбір тұқымдардың - ортаазия овчаркаларының, пумилердің құйрығын, ал кавказ және ортаазия овчаркаларының құлагын кеседі. Әдетте мұны күшік туғаннан кейінгі аптаның соңында жасайды.

Күшік алғашында енесінің сүтімен қоректенеді, қаншық олардың үстін жалап тазалап, нәжісі мен зәрін тазартады. Олардың емшекті тауып, емуіне көмектеседі, азықтандырады, бауырына алып жылытады, сондықтан бұл кезде күшіктер арнайы бағып-күтуді қажет етпейді. Адамның көмегі қаншық, әлде бір себептермен табиғи міндеттерін орындамаған кезде қажет болады.

Жаңа туған күшікке көмек көрсеткен жағдайларда ең алдымен оның биологиялық ерекшелігін, атап айтқанда: оның әлсіздігін, дәрменсіздігін, жеңіл пісірілген тағамды сіңіру қабілетін және денедөгі жылуды реттеу аппаратының жетілген-жетілмегендігін ескеру қажет. Күшіктердің туған кезінен бастап, енесінен бөлгенге дейінгі кезеңде, әсіресе алғашқы жарты айда оларды аман сақтау, жетілдіру негізінен күшігін емізетін қаншықты бағып-күтуге, азықтандыруға байланысты.

Қаншықтар күшіктерін басып тастамауы керек. Ол үшін үйшіктің тым тар болмауы, ал төсеніш күшіктерді жауып қалатындай аса үлкен әрі жиырылмалы бос болмауы тиіс. Төсеніш құрғақ, таза болуы керек және оны ұдайы алмастырып тұрған жөн. Күшіктің үйшігі және бағып-күтуге пайдаланылатын заттар кемінде айына бір рет дезинфекцияланады,

Күшік емізетін қаншықты күтіп-бағу жұмыстарына - ас беру, тазалау және серуенге ертіп шығу жатады.

Күшіктің ему кезеңі - оның өсіп-жетілуінің ең жауапты кезеңі. Туғаннан кейінгі алғашқы күндерде күшіктің негізгі қорегі енесінің сүті болады. Қоректендіру кезінде әлділеу күшіктердің әлсіздерді аш қалдырмауын қадағалау керек. Әдетте тойған күшіктер ұйықтайды, олардың іштері томпиып, тырсиып тұрады. Егер күшік қыңсылай берсе және олардың іші қабысып тұрса, енесінің емшегін қайта-қайта сорып тартқылай берсе - онда күшіктердің аш болғаны, демек оларға қосымша тағам беру қажет.

Қосымша тағам былайша беріледі. 1 литр қаймағы алынбаған сүтке тауықтың бір жұмыртқасы мен 3 тамшы тривитамин қосып береді.

Кейбір ит өсіретін клубтарда (Москва, Ленинград) күшіктерге қосымша шикі етті майдалап шағын түйіршек түрінде беруді, сондай-ақ күн сайын еттің мөлшерін еселеп арттырып отыруды ұсынады. Жас күшікке сұйық сүт, ботқа (манна, жармақтан жасалған) бере бастауға болады. Туғаннан кейін 16 күннен соң оның тағамына кальцийлендірілген ірімшік қосылады. Оны былай дайындайды: 1 литр сүтті қайнатып, ыстық сүтке 2 ас қасық хлорлы кальций құю керек. Ірімшікті күніне бір шай қасықтан береді.

Туғанына 20 күн толғаннан кейін сорпаға пісірілген еті бар сұйық ботқа бере бастайды, 25 күннен қейін азық рационына көкөніс қосылады. Туғанына әр күн толғанда күшіктер өз бетімен азықтануға тиіс. Ол кезде оларды енесінен бөліп алған жөн.

Осы жастағы күшіктің азық рационына 100-150 грамм ет, 50-100 грамм ірімшік, 50 грамм көкөніс; 0,5 литр сүт, аптасына 1-2 жұмыртқа, 100-150 грамм әр түрлі жармақтар (ботқа), 1 грамм глицерофосфат кальций (бормен алмастыруга болады), 1-2 тамшы тривитамин кіреді.

Күшіктердің өсуіне қарай оның рационындағы сүттің мөлшері бірте-бірте азайтылады және туғанына 40-45 күн толғанда сүт беру толық тоқтатылады. Бұл кезде қаншық күшікті өзіне жолатпайды да, оның аналық инстинкті жойылады.

Қаншықты күшігінен бөлгеннен кейін оны 3 күн бойына аз ғана мөлшерде құрғақ нанмен азықтандырып, мүлде су бермей қою керек, яғни оның сүті күйеді. Қаншықтың желіні тез қайту үшін оны әлсіз сірке су ерітіндісімен сүртуге болады.

Күшіктің туғанына шамамен 28-30 күн толғанда өлшейді және бір килограмм тірідей салмағына шаққанда 0,2 грамм мөлшерінде пиперазин беріп, дегельментизация жүргізіледі. Пиперазинді беру келесі күні де қайталанады. Күшік глистімен қатты зақымданған жағдайда, пиперазинді 3 күн бойына 2 рет (ертеңгісін және кешкісін) беруге болады.

Күшікті дұрыс өсіруде тамақтандырумен қатар оны күтіп-бағудың да зор маңызы бар.

Күшіктің өсуіне, денесінің жақсы қалыптасып, жетілуіпе күн сәулесі, температура, ауаның құрамы және басқа факторлар үлкен әсер етеді, бұл факторлар итті өсірудің өзіндік ерекшелігіне де байланысты. Зат алмасу процесіне жағдай жасайтын бұл факторларды пайдалануды есепке алмай, тек жақсы азықтандырумен ғана дені сау, жақсы жетілген ит өсіріп шығару мүмкін болмас еді.

Күшікті өсіруде оны серуендетіп қыдыртудың айрықша маңызы бар. Күшік мүмкіндігінше ауа райының қандай болуына қарамастан таза ауада көбірек жүруі қажет. Ең дұрысы өзі қарайлас күшіктермен ойнағаны жөн. Ойнаған кезде әдетте күшіктер тез жүгіреді, алысып-жұлысады және басқа да қозғалыстар жасайды. Осылардың бәрі зат алмасуын жақсартады, өкпенің жетілуіне, бұлшық еттің, буынның және дене тұрқының жақсы шынығуына жағдай жасайды.

Көп қозғалыс жасайтын иттердің әдетте аяқтарй жақсы жетіледі.

Күшікті ойнатумен бірге, оны ұзақ уақыт серуендету де керек, бұл серуендету оны жетекке жүруіне үйретеді және бейтаныс заттармен таныстыру мақсатында болуға тиіс. Итте пайдалы инстинктерді, белгілі бір мінез-дағдыларды қалыптастыру үшін жағдай жасаудың зор маңызы бар, мұның өзі үйреніп-жаттығу және кейін қызмет атқару қабілетін жақсартады. Нашар дағдыларды қалыптастыратын жағдайларды болдырмау қажет. Ит есейіп кеткеннен кейін оны керексіз және зиянды дағдылардан арылту өте қиынға соғады, тіпті мүмкін болмайды.

Негізінде үйретіп-тәрбиелеу шаралары күшік өздігінен жүріп-тұра бастаған және есту-көру тітіркендіргіштерін қабылдай алатын кезден басталады. Күшіктер мен жас иттерді үйретіп баулуды, олардың жас ерекшеліктеріне қарай үш кезеңге бөлуге болады:

бірінші кезең - енесін еметін кезі, күшіктерді қаншықтан бөлгенге дейін;

екінші кезең - туғанына 1 айдан 5 ай толғанға дейін;

үшінші кезең - туғанына 5-6 айдан 12-18 айға дейін.

Күшікті қаншықтан бөлгеннен кейін оның ортамен таныстығы кеңейеді, нерв жүйесіне ортаның әсері де әр түрлі болады. Бұл кезде тітіркену реакциясының бірінші кезекті маңызы болады. Өзіне бейтаныс тітіркендіргішпен кездескен кезде күшік тоқтай қалады, бұдан кейін тітіркендіргішке қарай қарсы жүре бастайды, немесе одан аулақ кетеді. Осы кезде күшік тым секемшіл келеді. Мұның өзі бір заттан қорқу немесе бір нәрсенің зиянсыз екендігі жөнінде инстинктдағды қалыптастырады. Күшікке осы кезеңде жан-жақты әсер ету оның тіршілік ету дағдысын ұдайы толықтырып отыру, ортаның зиянсыздығына сендіру, сенімділікке баулу бағытында жүргізілуге тиіс. Бұл күшіктің мінез-құлқының қалыптасуындағы аса маңызды кезең болып табылады. Үшінші кезең - күшіктер мен жас иттерді жеке баулу, оларды үйретіп-жаттықтыру кезеңі.

Осы кезден бастап күшіктерді үйретіп-жаттықтыра бастайды, оларда қызмет ету сапаларының негіздері қаланады. Күшіктерді жаттықтыру кезінде оларда теріс дағдылардың пайда болмауын қатты қадағалау керек, бұл дағдылар қалыптасып қалса, кейіннен көп кедергі жасауы мүмкін.

Күшіктің жыныстық жетілу кезеңі жақындаған сайын жыныстық инстинкт оның бойындағы басты процеске айналады. Күшіктің мінезіндегі бірқалыптылық бұзылады, ол жыныстық инстинктің әсерінен бұрын қалыптасқан рефлекстерді жоғалтып алуы мүмкін. Бұл кезеңде жан-жақты ықпал жасай отырып, жыныстық инстинктерінің әсерін азайтуға, күшіктің бұрын да қалыптасқан пайдалы рефлекстерді жоғалтып алмауына жағдай жасау керек.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-06-15 17:41:26     Қаралды-1713

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »