UF

Итте ұрпақ тарату қабілетінің пайда болған кезі оның жыныстық жағынан жетілгендігін корсетеді. Жыныстық жетілу мерзімі әр иттің организмінің ерекшеліктеріне, бағып-күтілу жағдайларына, азықтандыруға, климат жағдайларына байланысты болады.

Қаншық ит 6-14 айлығында жыныстық жағынан жетіледі, бұл төбетте біраз кеш басталады. Жыныстық жетілу кезеңі организмнің физиологиялық қалыптасуына қарағанда әлдеқайда ерте басталады. Бұл кезде организм әлі де өсіп, жетілу үстінде болады, сондықтан оны шағылыстыруға болмайды.

Ал қаншық осы жас аралығында шағылысқан жағдайда, көбінесе буаздықтың салдарынан денесінің жетілуі кешеуілдеп, бойы өспей қалады. Мұндай иттің күшігі ұсақ әрі әлжуаз болып туады. Жастай шағылысқан төбет те біршама нашар өсіп жетіледі.

Сондықтан төбетті де, қаншықты да бойының өсуі тоқтап, организмі физиологиялық жағынан жетіліп болғаннан кейін ғана шағылыстыру керек. Бұл кезеңді - күш-қуатының толысу кезеңі деп атайды, яғни қаншық 18-20 айлығында, ал төбетті біраз кештеу, шамамен 18-24 айлығында шағылыстыруға болады. Еркек иттерді төбет ретінде 2 жастан 8 жасқа дейін, ал аса бағалы төбеттерді бұдан да ұзағырақ пайдалануға болады.

Алайда мынаны ескерген жөн: дені сау, организмі жақсы жетілген иттерді тым кеш шағылыстыруға да болмайды, өйткені мұның өзі қаншықтың ұрықтануы мен күшіктеуіп қиындатады. Төбеттерді тым ерте шағылыстырған жағдайда, кейде олардың жыныстық күшінің әлсірегендігін, жыныстық инстинктің жойылғандығын байқауға болады. Төбет бүкіл жыл бойы шағылыса алады, ол жас төбетке алғашқы пайдаланған жылы көп күш түсірмеу керек, яғни 2-3 қаншықпен ғана шағылыстырған жөн. Қалған жылдарда шағылысатын қаншықтың санын біртіндеп көбейтуге болады. Бұл төбеттің тұқымдық құндылығына және оның денсаулық жағдайына байланысты жүргізілуге тиіс. Қалыпты күтімдегі төбетті 8-10 жылға дейін пайдалануға болады.

Қаншықтардың төбеттерден айырмашылығы, олар, әдетте жылына 2 рет ұйытады (яғни ұрықтануға қабілетті болады), шамамен бірдей уақыт аралығында (әдетте 6-7 ай сайын). Бірақ ұйығудың басталуындағы айырмашылықтар әр итте әр түрлі болады. Және көбінесе тұқым қуалау арқылы беріледі. Көптеген иттерде, тіпті заводтық тұқымдарда (мысалы, колли) ұйығу әр 8-10 ай сайын болады. Ал кавказ тұқымдас қаншықтардың көпшілігі, ортаазия овчаркасы жылына бір рет ұйығады. Бірақ жақсы жағдайда азықтандырылып, күтіп-бағылса, бұл иттер де жылына екі рет ұйыға алады.

Ұйығу 2-ден 3 аптаға дейін және одан да көпке созылады (14-тен 27 күнге дейін). Ұйығудың бірінші белгісі қаншықтың мінезінің өзгеруінен байқалады: ол ойынпаз, тез әсерленгіш, мазасыз болады. Әдетте иттің мінезі өзгерісімен 3-4 күннен кейін қаншықтың сыртқы жыныс органы жиектей домбығып көтеріледі де қан аралас сұйық бөлінеді. Алғашқыда сұйықтың түсі қою қоңыр болады да бірте-бірте ашық түске ене бастайды. Бұл кезең 8-14 күнге созылады. Қаншық әдетте бұл уақытта шағылыспайды. Шамамен 9-15 күн дегенде бөлінетін сұйықтың мөлшері азайып, ол толық ашық түске енеді. Жыныс органы барынша домбыға ісініп, босайды. Төбет жақындағаннан қаншық құйрығын бір жағына қарай бұрып, тоқтай қалатын болады. Осы кезде қаншық шағылысады. Бұл күн сол итке тән шағылысу күні болып қалады, бұдан кейін де ол барлық кезде нақ сол күні шағылысатын болады, ауытқу болмашы ғана болуы мүмкін. Қаншықтардың көбісі 15-16 күнде; кейде тіпті 23-25 күнде шағылысады. Бұл ерекшелік көбіне тұқым қуалау арқылы беріледі.

Көбінесе, қаншықтар екінші рет шағылысуы мүмкін, екіншісі 24-28 сағаттан кейін болады. Бірақ қаншықтың шағылысуға, ұрықтануға қабілетті болатын кезеңі 3-8 күнге созылады. Кездейсоқ шағылысуды болдырмау үшін осы уақыт аралығында қаншықты бөлек ұстау керек.

Бөлінетін сұйық заттың түсі бірте-бірте қоңыр-қай тарта бастайды, сыртқы жыныс органы әдеттегі қалпына түседі де, бөлінетін сұйық зат тоқтайды. Бұл үшінші кезеңде қаншық төбетті өзіне жолатпайды, оның мінезі де қалпына түседі. Олардың көбісі жылына екі рет ұйығатын болғандықтан, жылына екі рет күшіктей алады. Бірақ буаздық кезең және күшіктерді емізу иттің организмін барынша әлсіретеді. Сондықтан дұрысы жылына бір рет күшіктеткен. Жақсы азықтандырып, бағып-күту жағдайлары жасалса ғана дені сау, қоңдылығы жақсы қаншықтарды екінші рет күшіктетуге болады.

Әдетте қаншықты оның буаздық кезеңі қарашадан сәуірге дейінгі аралықта өтетіндей етіп шағылыстыру керек, бұл қаншықтың күшіктеуіне де, оны өсіруге де анағұрлым қолайлы. Ауру және әбден арықтап әлсіреген иттерді шағылыстыруға болмайды, өйткені бұдан тіршілік ету қабілеті төмен күшіктер туады да, туғаннан кейін көп ұзамай өліп қалады.

Асыл тұқымды төбеттер жыл сайын дәрігерлік байқаудан өткізілуге тиіс.

Шағылыстыруды ертеңгісін иттерді азықтайдырғанға дейін жүргізген дұрыс, ал егер ол мүмкін болмаса, азықтандырудан кейін кемінде 2-3 сағаттан соң жүргізу керек. Шағылыстыру алдында иттерді міндетті түрде бос жіберіп алған жөн. Шағылыстыруға тыныш, оңаша жерді таңдап алу қажет, төбет қаншыққа міндетті түрде таныс болуга тиіс. Өте көп жағдайда, төбеттер, әсіресе жас төбеттер, алаңдайтын әр түрлі дыбыстардың салдарынан, сондай-ақ жаңа, таныс емес жерде белсенді жыныстық қатынас жасай алмайды. Шағылыстырудың езі еркін және қолдан шағылыстыру арқылы жүргізіледі.

Еркін шағылыстыруда қаншық пен төбетті қоршалған орынға кіргізіп жібереді, сол жерде олар өздері шағылысады. Бұл әдіс егер төбет пен қаншық бірінші рет емес, бұрын да шағылысқан болса қолданылады.

Қолдан шағылыстыруда итке көмек көрсетіледі. Бұл әдісті қаншық бірінші рет шағылысатын болса, сондай-ақ қаншық қабаған әрі тынышсыз болса қолдану қажет. Қаншықтың аузына тұмылдырық кигізіп, қарғы бауынан қысқалап ұстап тұрады. Егер төбет артылған кезде қаншық шөгіп қалса, оны қарғысынан тартып және ішінен демей отырып, тік тұратындай қалыпқа келтіру қажет, бірақ оны төбеттің артылуына кедергі жасамайтындай етіп тұрғызу керек.

Егер артылу бірнеше рет сәтсіз болса, онда төбетті қаншықтан бөліп әкетіп, 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

Шағылысу кезінде төбет пен қаншық бір-бірімен ілінісіп қалады. Бұл қан айналысуының күшеюіне және төбеттің жыныс мүшесінің үлкеюіне, сондай-ақ қаншықтың жатыр қынабы қабырғасының тарылуына байланысты. Мұнда тобет пен қаншық біраз уақыт бір-біріне байланып қалғандай болып тұрады (ілінісу деген атаудың өзі осыдан шыққан).

Ілінісу 10 минуттан 45 минутқа дейін созылады. Ілінісудің ұзақтығы ұрықтың бөлінуіне ешқандай әсері болмайды, өйткені шәует (ұрық) ілінісуден бұрын бөлінеді. Ілініскен кезде иттерді күштеп ажыратуға болмайды. Қайта олардың екі жаққа тартып мазасызданбауы, әсіресе отырып қалмауы үшін қарғы бауларын ұстап тұру керек.

Шағылысудан кейіп қаншық пен төбетті жеке-жеке серуендетіп, 2-3 сағаттан кейін ас беру керек.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-06-14 14:53:28     Қаралды-2788

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »