UF

Аспан денелерінің кеңістіктегі көрінетін орындары бойынша уақытты шамалап анықтауға болады. Мысалы, бізге түн бойы Арыстан шоқжұлдызы көрінбейді бұл – тамыз айы деген сөз. Ал Балықтар шоқжұлдызы көрінбейтін болса – наурыз айының туғаны. Ертедегі халықтар жыл мезгілін осылай айырған. Қазір аспанды бұлай бақылаудың қажеті жоқ, өйткені қай айдың өткені, қай айдың басталғаны газет, радио, календарь арқылы халықтың бәріне белгілі.

Практикада аспан денелеріне қарап тәулік ішіндегі уақытты айыра білу, күннің әр мезгілін сағатсыз анықтай білу тәсілдерінің маңызы зор. Кейде колда сағат болмай қалады немесе ол бұзылып, тоқтап қалады. Мұндайда «аспан сағатына» қараймыз.

Уақытты аспан денелері бойынша анықгау тәсілдерінің кейбір оңай түрлеріне тоқталып өтейік.

Жаз ортасында Күн шығарда сағат таңертеңгі 7 шамасы болады. Күн оңтүстікке келгенде сағат 1, батысқа барғанда (Күн батарда емес, батыс нүктесіне барғанда) кешкі 7 шамасы. Шығыс нүктесінен оңтүстік нүктесіне дейінгі аралық 6 сағат, одан батыс нүктесіне дейін тағы 6 сағат. Күн шығыс пен оңтүстіктің аралығында, яғни оңтүстік-шығыста көрінсе, 6 сағаттық жолдың жартысын, яғни 3 сағат жүрді деп түсіну керек. Сонда 7 сағат + 3 сағат=10 сағат. Бұл кез - таңергеңгі сағат 10. Егер Күн оңтүстік-батыстан асқан болса, оңтүстік пен батыс нүктелерінің аралығын тиісті бөлшектерге (мысалы, 3 бөлікке) бөліп шығару керек.

Сағатты Ай бойынша да анықтауға болады. Ол үшін мына мәліметтерді есте ұстау керек:

  1. бірінші ширектегі Ай оңтүстікте көрінсе - кешкі сағат 7, оңтүстік-батыста көрінсе - кешкі 10, батыста көрінсе - түнгі 4;
  2. толған Ай шығыста көрінсе - кешкі сағат 7, оңтүстік-шығыста көрінсе - кешкі 10, оңтүстікте көрінсе - түнгі 1, оңтүстік-батыста көрінсе - түнгі 4;
  3. ақырғы ширектегі ай оңтүстікте көрінсе - кешкі сағат 7, оңтүстік-батыста көрінсе - кешкі 10, батыста көрінсе - түнгі 1, солтүстік-батыста көрінсе - түнгі 4.

Бұларды есте қалдыру онша қиын емес, үш ереже де кешкі сағат 7-ден бастап, әрбір үш сағатта Айдың қай жақтан көрінетінін айтады. Айдың орны айтылып отырған сағаттарға дәл келмегенде, осы аралықтарды көз мелшерімен бөліп табу керек.

Уақытты жұлдыздар бойынша да табуға болады. Әсіресе, бұл үшін Жетіқарақшыны пайдаланған қолайлы.

Жоғарыда айтылған Жетіқарақшы шоқжұлдызыпың «шөмішінің» басындағы Мирак және Дубхе делінетін екі жұлдыз, Кішіқарақшыдағы Темірқазық жұлдызы үшеуі әрдайым бір түзу сызықтың бойында болады. Осы түзу сызықты аспан сағатының «стрелкасы» деп есептейік. Қыркүйек айының аяғында (23 қыркүйекте күн мен түн теңеледі) кешкі сағат 11 кезінде «стрелка» төмен қарай тартылып, солтүстікті нұсқап тұрады. Бұл «стрелка» сағат стрелкасына қарсы бағытта айналады, «стрелка» «шөміш» түбінің еніндей жылжып, оңға бұрылғанында әлгіден кейін 1 сағат өтеді, демек, сағат түнгі 12 болады. Тағы сондай жылжыса - түнгі 1. «Стрелка» оңға қарай созылып (ал Жетіқарақшының сабы темен қарай салбырап) тұрғанда сағат - түнгі 5.

Біз «стрелканың» дәл төмен тартылуы қыркүйек айында, түнгі сағат 11 кезінде дедік. Мұны ұмытпау керек. Бірақ ол сағат түнгі 11-де ай сайын осылай болып тұрмайды. Аспан жыл бойы өзгеріп тұратындықтан, «стрелканың» орны да өзгеріп тұрады: ай сайын 2 сағат (себебі жылда 12 ай, тәулікте 24 сағат бар) ілгері жылжиды. Сонда «аспан сағатының төмен тартылған стрелкасы» қазанда кешкі 9, қарашада кешкі 7, маусымға түнгі 5, шілдеге түнгі 3, тамызда түнгі 1 болады. «Стрелка» сол жақта тұрса, одан төмен тартылған сызыққа дейін қанша екенін шамалау керекі Мысалы, шілде айында «стрелка» сол жақта. Төмен қарай тік түсетін сызықтың бағытына дейін «шөміштің» түбіндей 4 рет жол қалды делік. Бұл жолды «стрелка» 4 сағат жүреді, содан кейін сағат түнгі 3 болады. Олай болса, айтылып отырған уақыт - кешкі сағат 11.

«Аспан сағатының» тағы бір түрін қарастырайық.

Темірқазықты айналдыра кәдімгі сағаттардағыдай циферблат сызылған екен делік, үстінде 12, астында 6, оң жақта 3, бол жақта 9 цифрлары болатын орындарды белгілейік.

Әлгі айтылған тәсілмен Темірқазық, Дубхе, Мирак жұлдыздарынан «стрелка» жүргізейік. Ол 6,5 санын (6 сағат 30 минут) көрсетсін. Календарь бойынша қазанның 18 күні бақыладық дейік. Қазан оныншы ай болғандықтан, 10 санын аламыз. 18 санын 3-ке бөлеміз (әрқашан 3 санына бөлінеді, оның себебі астрономияда түсіндіріледі), сонда 6 болады. Табылған 10 мен 6 сандарынан 10,6 санын жазамыз. Оған 6,5 қосып 17,1 табамыз. Мұны 2-ге көбейтіп 34,2 екенін шығарамыз. Енді 55,3 санынан (бұл да әрқашан осылай алынатын сан, дәлелдеуі астрономияда келтіріледі) 34,2 санын шегереміз: 55,3 - 34,2 = 21,1, яғни кешкі 9 сағат 6 минут. Бұл шығарылған есепті қысқаша былай көрсетуге болады:

55,3-(6,5+10,6) Х2 = 21,1.

Нәтиже 24-тен артық болса, одан тағы 24 шығару керек. Оқушыны жаттықтыру үшін тағы бір мысал келтірейік. Сәуірдің 27 күні «стрелка» 9,4 «сағатты» (9,5 сағатқа жақын) көрсетіп тұр дейік. Сонда, сәуір төртінші ай болғандықтан 4 алынады, 27 : 3 = 9. Бұл былай жазылады: 4,9.

9,4 + 4,9=14,3;  14,3X2 = 28,6;

55,3-28,6 = 26,7;   26,7-24 = 2,7 яғни түнгі 2 сағат 42 минут. 0,1 сағат 6 минутқа тең болады.

Схемасы: 55,3-(9,4+4,9) Х2=26,7.

Уақытты Кішіқарақшы арқылы (Жетіқарақшыны пайдаланып) табу жолын да айта кетейік. Аспан «стрелкасын» Темірқазық пен Кішіқарақшы ожауының басындағы жарық жұлдыз арқылы жүргізейік (бұл Кішіқарақшыдағы Темірқазықтан соңғы жарық жұлдыз, астрономияда әрпімен белгіленеді. Жетіқарақшының Мирак жұлдызына сәйкес). «Стрелка» 18 қазанда 8,4 көрсетті дейік. Сонда:

59,1 -(8,4+10,6) Х2 = 21,1

яғни кешкі 9 сағат 6 минут.

Мұндай «стрелкаға» алынатын тұрақты сан 59,1 болады.

Аспан «сағаттарын» әр түрлі етіп, ойлап шығара беруге болады. Біз бұл мәселені осымен тоқтатамыз, өйткені практикада қолдануға айтылғандар жеткілікті.

Аспан «сағаттарының» дәлдігі бақылаушыға байланысты. Келтірілген әдістерді жақсы түсінген, ұзақ уақыт жаттыққан адамдар 3-5 минуттай ғана қате жібереді. Көпшіліктің жіберетін қатесі жарты сағаттан аспайды.

 

Қолданылған әдебиет

1. Исқақов М.Ө. Халық календары. –Алматы, 1980. -318 бет.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-06-10 11:51:37     Қаралды-2807

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »