UF

Тақырып: «Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросы»

 

1 Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының міндеттері мен қызметтері

2 Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының құрылымы және олардың қызметтері

 

Қылмыстық юстиция саласындағы мемлекеттердің ынтымақтастығында қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы (Интерпол)  ерекше орын алады. Интерпол (International Police)  1923 жылы бірқатар мемлекеттердің полициялық ведомстволары басшыларының кездесуінде құрылған. Кездесу полицияның екінші халықаралық конгресі ретінде өтіп, оның қатысушылары өздерінің халықаралық бірлестігін құруды шешкен. Алғашқыда, екінші әлем соғысына дейін бірлестік қылмыстық полицияның Халықаралық комиссиясы деп аталған және үкіметтік емес халықаралық ұйым статусына ие болған.         Комиссия шеңберінде мемлекеттердің ынтамақтастығы  жеке мемлекеттің шеңберінен шығатын қылмыстық іс әрекеттер жасаған қылмыскерлер мен аса қауіпті адамдар туралы жедел ақпараттармен алмасуды көздеген.

Ол кезде Интерполдың штаб-пәтері Венада (Австрия) болған. 1938 жылы Австрия фашист әскерлерімен басып алынғанда гитлердің қауіасіздік қызметі комиссияның барлық қызметі мен қылмыскерлер туралы жинақталған картотекаларды бақылауға алып,  ұйымның қызметін тоқтатқан.     Екінші әлем соғысы аяқталғаннан соғыстан кейінгі бұзылыстардың, әскери қажеттіліктерге жұмсалған үлкен шығындардан әлсіреген көптеген мемлекеттер экономикасының тұрақсыздығы аясында қылмыстылықтың бұрын болмаған өсуі байқалады. Осы жағдай АҚШ пен қоса бірқатар еуропалық мемлекеттерді полициялық ведомстволардың бірінші соғыстыстан кейінгі конференциясында жиналуына себеп болды. Олардың мақсаты халықаралық полиция ұйымын қайта жаңғырту болды. Конференция Брюссельде 1946 жылы өтті.

Жаңа ұйымның штаб-пәтері бұл жолы Австриядан Францияға ауысты, ал 1989 жылы француз қаласы Лион ұйымның орталығы болды.

Ұйымның қалыптасуындағы маңызды оқиға болып 1923 жылғы комиссияның Құрылтай актісінің орнын басқан  1956 жылы Интерполдың Жарғысының қабылдануы табылды. Ұйымның негізгі мақсаттарын, құрылымын айқындаған Жарғы Ин    терполды үкіметтік емес ұйымнан        толыққұқылы үкіметаралық халықаралық ұйымға айналдыра отырып, ұйымның құқықтық табиғатын өзгертті. Енді Интерпол кез келген мүдделі мемлекеттер кіре алатын ашық ұйым болды.

Жарғының 1-бабында былай делінген: «Қылмыстық полицияның Халықаралық комиссиясы деп аталатын Ұйым енді Қылмыстық полицияның Халықаралық ұйымы – Интерпол деп аталады».

Жарғының 2-бабына сәйкес, Ұйымның мақсаты: Адам құқықтарының жалпы Декларациясы аясында мемлекеттердің қолданыстағы заңнамаларының шеңберінде қылмыстық полицияның барлық органдарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету; қылмыстылықты алдын алуға және күресуге ықпал ететін мекемелерді құру және         дамыту.

Ұйым жалпықылмыстық қылмыстармен күресуді жүзеге асыруға құзырлы және ешқандай саяси, әскери, діни немесе нәсіл сипатындағы қызметті жүзеге асыра алмайды, я болмаса олардың қызметіне араласа алмайды.

Жарғыға сәйкес, ұйымның жоғары органы болып Ұйым мүшелерімен тағайындалатын делегаттардан түратын Бас Ассамблея табылады. Ұйымның әрбір мүшесі онда бір немесе бірнеше делегаттармен ұсынылуы мүмкін, және әрбір мемлекеттің делегациясының бір ғана басшысы бола алады.

Ұйым қызметі арнайы сипатта болғандықтан оның мүшелері делегация құрамына полициялық қызметті атқаратын жоғары тұрған мемлекет органдарының лауазымды адамдарынан, функционалдық міндеттері Ұйым қызметімен байланысты лауазымды адамдардан, сондай ақ Ұйым мәжілістерінің күн тәртібінде енгізілген мәселелер бойынша мамандардан тұру қажет. Бас Ассамдлея: Ұйым қызметінің жалпы қағидаларын және Ұйым алдында тұрған міндеттерді орындауға септігін тигізетін жалпы шараларды анықтайды; алдағы жылға Ұйымның Бас хатшысымен ұсынылған жұмыстың жалпы жоспарын қарап, бекітеді; Ұйымның лауазымды тұлғаларын сайлайды; Ұйымның қаржылық саясатын анықтайды және Жарғымен қарастырылған басқа да функцияларды орындайды (6, 7, 8 баптар).

Бас Ассамлея өзінің сессияларын жыл сайын өткізеді, бірақ басқа органдардың немесе Ұйым мүшелерінің өтініші бойынша Бас Ассамблеямен кездейсоқ сессиялар өткізілуі мүмкін. Бас Ассамблеяның сессиялары барысында нақты мәселелерді шешу мақсатында арнайы комитеттер құрылкы мүмкін. Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығы әрбір мемлекеттен бір ғана делегатқа ғана беріледі және Жарғыға сәйкес дауыстардың 2/3 қажет етілетін жағдайларды қоспағанада, барлық шешімдер дауыстың қарапайым көп шілігімен қабылданады (10-14 баптар).

Интерполдың Бас Ассамблеядан кейінгі екінші органы болып Атқарушы комитет табылады. Бұл шектеулі құзіреттілігі бар және Президенттен, үш Вице-Президенттен және тоғыз Делегаттардан тұратын қатысушылардың тар құрамынан тұрады. Әділ географиялық өкілдік қағидасына сәйкес, атқарушы комитеттің барлық мүшелері әр түрлі мемлекеттердің өкілі болуы қажет. Президент өзінің делегаттарының ішінен Бас Ассамблеямен төрт жылға дейін сайланады. Вице-Президенттер үш жылға сайланады. Осындай мерзімге тоғыз делегаттар да сайланады. Президент және Вице-Президент әр түрлі континенттерден болуы керек. Ұйым Президенті Бас Ассамлеяның сессияларында төрағалық етеді және сөзжарыстарға басшылық етеді (15-19 баптар).

Атұарушы комитет мәжілістерге Ұйым Президентінің шақыруы бойынша жылына кемінде бір рет жиналады. Өз кезегінде, атқарушы комитеттің негізгі функцияларына мыналар жатады: қабылданған шешімдердің Бас Ассамблеямен орындалуын қадағалауды жүзеге асыру; Бас Ассамблея сессияларының күн тәртібін дайындау, жұмыс жоспарларын және ұсыныстарды Бас Ассамлеяға ұсыну, Бас хатшының қызметіне бақылау жасау және Бас ассамблеямен берілген басқа да құзіреттіліктерді жүзеге асыру (20-22 баптар).

Ұйымның тұрақты жұмысшы аппараты болып Бас хатшының басшылығымен Секретариат табылады. Бас секретариат: Бас Ассамблея мен Атұарушы комитеттің шешімдерін жүзеге асырады; қылмыстылықпен күресу бойынша халықаралық орталық ретінде әрекет етеді; мамандандырылған және ақпараттық орталық рдейдіетінде әрекет етеді; ұлттық және халықаралық органдармен бапйланысты қалпында ұстайды. Бас Секретариат Бас Хатшыдан, ұйым қызметін қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындайтын техникалық және әкімшілік персоналдан тұрад (25-27 баптар).

Кандидатурасы Атқарушы комитетпен ұсынылып, Бас Ассамблеямен бес жыл мерзімге бекітілетін Бас хатшы полиция қызметі мәселелерінде жоғары құзіреттілікке ие адамдар санынан сайланады (28 бап).

Бас Секретариат құрылымына Атқарушы бөлім және төрт басқарма кіреді.

 Бірінші басқарма жалпы әкімшілік мәселелерімен айналысады: Бас Ассамблея сессияларын, Интерпол жағынан ұйымдастырылатын басқа да мәжілістерді, симпозиумдар мен курстарды дайындау, сондай ақ Интерпол а

Екінші басқарма (полициялық) төрт бөлімшеден және Еуропалық секретариаттан тұрады. Бірінші бөлім мынадай ақпараттармен айналысады: жеке адамға және меншікке қарсы қылмыстармен; ұйымдасқан қылмыстар бойынша; криминалды қызмет нәтижесінде алынған құрадардан жинақталған фондтар бойынша; терроризм бойынша. Екінші бөлім экономикалық және қаржылық қылмыстар бойынша ақпараттармен жұмыс жасайды. Үшінші бөлім есіркінің заңсыз айналымы бойынша ақпараттарды өңдейді. Төртінші бөлім тәжірибелік полициялық жұмыспен айналысады:Ұйымның тікелей мемлекеттер-мүшелер ұлттық орталық бюролары үшін ақпараттар дайндайды. Бұл бөлім өз кезегінде әр түрлі ҰОБ сұраныстарына жедел түрде жауап беретін төрт бөлімшеден тұрады.

Үшінші басқарма криминология бойынша анықтама материалдарын зерттеу, талдау және жөнелту, қылмыстылықты алдын алу, қылмыстық құқық бойынша; халықаралық қылмыстылық жөнінде статистикалық мәліметтерді жинақтау және жариялау бойынша; келісімдерді, резолюция жобаларын, нұсқаулары мен ережелерін дайындау бойынша; мамандандырылған журнал шығару бойынша; Интерпол қызметкерлерін дайындай және қайта даярлау бойынша жұмыс атқарады. Аталған басқарманың қызметкерлері, әдеттегідей, Интерполды халықаралық конференциялар мен мәжілістерде көрсетеді.

Төртінші басқарма Интерпол қызметінің телекоммуникациялық  және компьютерлік   технологиясын зерттеу мен ендірумен мамандандырылады. Оның негізгі міндеттерінің бірі болып ҰОБ мен Бас секретариат арасындағы алмасуда ақпараттарды тез арада, сенімді және қауіпсіз түрде беруді қамтамасыз ету табылады.

Ұйымның төртінші органы болып, Жарғыға сәйкес Кеңесшілер институты (34-37 баптар) табылады. Барл «»»ық ғылыми мәселелер бойынша Ұйымның кез келген органы тікелей консультатитвтік функциялар атқаратын Кеңесшілерге жүгіне алады. Кеңесшілер Ұйым үшін қызығушылық тудыратын қандай да болсын облыста әлемге танымал беделге ие адамдар санынан сайланады және Атқарушы комитетпен үш жыл мерзімге тағайындалады.

Интерпол құрылымында ешбір халықаралық ұйымда теңдесі жоқ Ұлттық орталық бюро (ҰОБ) бар (31-33 баптар). «Қылмыстылықпен күресудің халықаралық орталығы» және «мамандандырылған және ақпаратты орталық» болып табылатын секретариатпен қоса, барлық елдердің ҰОБ-сы полицияның кейінгі қалдырылмайтын және күнделікті ситуацияларда қылмыстылықпен күресудегі ынтымақтастығының ортақ механизмін құрады. ҰОБ секретариаттың қылмыстылықпен күресуіндегі таИнтерполдың бекініс пункті ретінде айқындалады. Ал өз мемлекеттерінің полициялық органдары үшін ҰОБ «Интерпол жүйесінде полицияның халықаралық ынтымақтастығы мәселелері бойынша ұлттық орталықтар» болып саналды.

Жарғының 31 бабында айтылғандай, алға қойылған мақсаттарды орындауда Ұйым оның қызметіне тиісінше қатысу үшін заң шеңберінде барлық мүмкін болған жағдайлардыжасауға тиіс өздерінің мүшелерінің тұрақты және белсенді ынтымақтастығына сүйенеді. Бұлайша қатысу, қылмыстылықпен халықаралық күресуде мемлекеттің полициялық күштерін тартуды, мемлекетке немесе одан тысқары жерге өзінің байланыс құралдары ретінде «өздері арқылы» жедел түрде оларды өткізуге дайын болуды қамтамасыз ету арқылы басқа да ҰОБ мен Интерполдың штаб-пәтерімен олардың байланыстарын реттеп, қалыпта ұстауды, келіп түскен сұраныстарды тез арада және сапалы орындауға қол жеткізуді  білдіреді.

Ұйымның барлық ресурстары Ұйым мүшелерінің қаржылық жарналарынан және қабылдануы Атқарушы комитетпен мақұлданған сыйлардан, субсидиялардан, дотациялар мен басқа да ресурстардан құралады. Ұйым бюджетінің жобасы Бас секретариатпен жасалады және Атқарушы комитетке бекітілуге ұсынылады. Ол күшіне Ұйымның Бас Ассамблеясымен қабылданғаннан соң енеді (38-40 баптар).

Одан ары, Ұйым айналысуға тура келетін қылмыстардың негізгі түрлерін атап көрсету қажет. Алдымен, бұл есіркі заттар мен психотропты заттардың заңсыз айналымы. Дәл осы есірткі заттарды контрабандалық саудаға салу екінші әлемдік соғыстан кейін басқа қылмыстар ішінен бірінші орынға шықты. Мысалы, 29 қыркүйек пен 5 қазан арасында 1993 жылы Арубы астанасы Ораньестада өткен Интерполдың Бас Ассамблеясының 62 сессиясында   барлық делегеттар есірткінің заңсыз айналымының өсу қаупін атап өткен. Мысалы, опиумның заңсыз өндірілуі 1992 жылы 4000 тоннадан асқан, өкініке орай бұл сан жылдан жылға өсуде. Есірткілерді заңсыз тасымалдаудың Балкандық бағытында бұл маршрутта Грузия, Орта Азия және Ресей мемлекеттері пайда болды. Есіркілердің заңсыз айналымының жалпы көлемінде героин үлесінің көбеюі байқалады. Интерполдың бағалауынша 1992 жылдан бастап кокаинның өндірілуі екі тоннадан асатын көрсеткішті көрсетіп отырды, оның ішінде  300-400 тоннаға жуығын ғана ме мемлекеттердің құқыққорғау органдары қолға түсіре алады.

Қазіргі таңда кокаинның заңсыз айналымында бұрынғына Оңтүстік Американың ұйымдасқан қылмыстық топтары, Испанияның контрабандистері және итальяндық мафия басымдық жасауда. 1993 жылы ҚР ІІМ делегациясы Италияда «Балкандық жолмен» есірткіні заңсыз тасымалдау мәселелері бойынша 42 елдің халықаралық Кеңесіне қатысқандығын айтып өткен жөн.

Марихуананың үлкен бөлігі жыл сайын Шығыс Еуропа және Батыс Азияның заңсыз айналымынан алынып жатады. Интерполдың Бас секретариаты бірнеше рет  бес Орта Азиялық мемлекеттердің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Туркменстан) және Ресей аумағында конопляның қаупін ерекше атаған. Бас Ассамблеяның есептерінің бірінде конопляның рекордтық көрсеткішін, яғни 13 тоннасын Өзбекстанда, сондай ақ 11 тоннасын Ресейдің заңсыз айналымынан алынғанын атайды.

Өкінішке орай, Қазақстанға Интерпол тарапынан ешқашан көңіл бөлінбеген. Шындығында есірткілерші арасынан әлемдік танымалға Жамбыл облысындағы шу даласы  ие болып отыр.

Қазіргі таңда есіркілермен күресу бойынша Интерполдың штаб пәтері  зияндық әсері бойынша есіркілерге жақын, алайда құқыққорғау органдарының назарынан тыс қалып отырған анаболиялық стероидтарды пайдалану масштабын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Интерполдың есірткілердің заңсыз айналымына қарсы жүргізетін іс шараларының ішінде есіркілер бойынша бөлімнің орнын ерекше атаған жөн. Бұл бөлімнің қызметкерлеріне жыл сайын Интерполға келіп түскен жедел ақпараттың жартысынан көбін өңдеуге тура келеді. Сондай ақ бөлім қызметкерлері тәркіленуге алынған есірткі заттарды есепке алады. Алынған мәліметтер біріктіріліп, мемлекеттерге, Интерполдың Бас Ассамблеясы сессияларына, сондай ақ есірткі заттар бойынша БҰҰ Комиссиясына және Дүниежүзілік денсаулыққорғау ұйымының есірткілер бойынша Комитетіне жіберілетін статистикалық, ай сайынғы және жылдық есеп түрінде жарияланады.

Есірткі заттар мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күресуде Интерпол мемлекеттер мүшелер күшімен және құралдарымен олардың «қара базарға» келіп түсу каналдарына тосқауыл қоюға тырысады. Осы мақсатта Интерпол опийлық макты заңсыз даярлау жағдайы анықталған мемлекеттерді есепке алып отырады.

Интерполдың Бас Секретариаты үнемі мемлекеттерді есірткілерді транспортировкалаудың жаңа әдістері жайында хабардар етеді. Бұл мәліметтер Интерполмен арнайы басылымдарда жарияланып отырады.

1971 жылы Интерполда Сепат деп аталатын бағдарлама қабылданды. Бұл «байланысты офицерлер» институтының құрылуын қарастыратын, есіркілердің таралуымен күресу бойынша бағдарламалық әрекеттердің Еуропалық жоспары. Интерполдың Бас секретариатына тікелей бағынышты офицерлердің міндетіне әр түрлі күрделі тергеулерге қатысу, есірткілердің таралуымен күресуде халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру кіреді. Жылына үш рет офицерлер өз зоналарының мемлекеттерін айналып шығады және олардың нәтижесі бойынша есеп жасайды.

Интерпол жүйесінде мемлекеттер-қатысушылар полицияларының әрекеттесуінде жаңа бғыт қалыптасқан – кейбір адамдардың атына шекарадан жекелеген банктерге аударылатын ақшалардың шығу көздерін анықтау. Мұндай жұмыстың мақсаты – есірткіні заңсыз сатудан табыс табатын адамдарды әшкерелеу.

Интерполдың Бас секретариаты жанында тағы «ФОПАК» атты ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу бойынша ерекше топ жұмыс істейді, ол мемлекеттер-қатысушылардан келіп түсетін ұйымдасқан қылмыстылықтың белгілері бар қылмыстар массасынан нақты қылмыстар туралы ақпараттарпды талдаумен айналысады. Топ сонымен қатар, мемлекеттерге ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу жөніндегі заңнама туралы кеңестер мен түсіндірмелер береді, «Қаржылай салымдардың энциклопедиясы» атты есірткілер бойынша Интерпол қызметімен дайындалған мәліметтерді жаңартып отырады, «ұйымдасқан қылмыстылық» туралы істерді тергеумен айналысатын полицияның жеке құрамын оқыту үшін әдістемелік маериалдар дайындайды.

Өз кезегінде, Интерполда «ұйымдасқан қылмыстылық» деп корпоративтік құрылым бар, мақсаты -  қорқыту мен сатып алуға сүйеніп, заңсыз қызмет арқылы ақша алу болып табылатын қылмыстық топтың қызметі саналады. Ұйымдасқан топтың мақсаты нақты қылмыстарды жасау  емес, елдің экономикалық өміріне ғана емес, мемлекеттік аппаратқа да бақылау орнату мақсатында экономикаға қол сұғу. Дәл ұйымдасқан қылмыстылыпен АҚШ, Қытайда және Ресейде сыбайлас жемқорлықтың дамуы байланысты, сондықтан қаіргі жағдайда Интерпол қызметінің бағыттарының бірі ұйымдасқан қылмыстылықпен күресуде мемлекеттер-қатысушыларға тәжірибелік көмек көрсету болып табылады.

1997 жылы Италияда жарияланған «Комфкомерчо» атты итальяндық коммерсанттар бірлестігінің баяндамасына сәйкес, «Коза Ностра» атты мафиялық ұйым гангстерлердің жасырын ұйымынан Италиядағы ең күшті және дамып жатқан ұйымға айналған. «Коза Ностраның» мүлкі 350-400  трлн лир (250 млрд АҚШ долл.) бағаланады, ал ұйым қызметінің әсіресе табысты саласы болып наркобизнес,  қорқытып алушылық, жезөкшелік табылады. Соңғы уақытта ұйым өндірістің токсикалық қалдықтарын қайтаөңдеумен және көмумен айналысады және өз бақылауын заңсыз бизнеспен айналысуға қоюын жалғастырады және де қаржылық махинацияларды белсенді түрде жүзеге асырады, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаларға иеленуде, бұл мафияға халықаралық қаржылық салаға енуге мүмкіндік берді. «Коза Ностраның» жылдық пайдасы 68 трлн. лирді құрайды. Интерпол мамандарының жартылай есептері бойынша АҚШ пен Еуропада соңғы он жылда 85 млрд. долл. қылмыстық жолмен алынып қойылған, және осыған қарамастан АҚШ-та қылмыстық жолмен табылған ақшаны алуға кедергі болатын арнайы заңнама бар.

Интерполдың ұсынысымен Ресейде 1993 жылы құрамына Ресей ІІМ, Орталық банк, Қаржы министрлігі және ФҚҚ (ФСБ) кірген банктер мен құқыққорғау органдарының әрекеттесуі бойынша РФ ведоствоаралық комиссиясы құрылды. Комиссия өз қызметін ресейдің ұлттық банктерінің қауіпсіздік қызметімен, сондай ақ шетел банктерінің қауіпсіздік қызметімен тығыз әрекеттесуін жүзеге асырады.

Интерпол мамандарының пікірінше, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудің шешуші шараларына қарсы тұрудың бірден бір себебі болып сыбайлас жемқорлық табылады. Мамандардың айтуынша, пара алудың көлемі әлемдік сауда көлемінің 5%-на жеткен. Бұл мәселеге БҰҰ үлкен көңіл бөлінеді. Атап айтсақ, 1995 жылы БҰҰ сарапшыларымен «Шенеуніктің ан намыс кодексі» деп аталатын маңызды құжат дайындалған. Онда БҰҰ мемлекеттер-мүшелеріне лауазымды адамдарды өзінің мүліктік жағдайы жөнінде есептер беруге, сыйлықтар мен қызмет көрсетулер қабылдаудан бас тартуды, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының коммерциялық келісім шарттар жасаудан бас тартуға және өздеріне өзгелер тарапынан жеңілдіктер алудан бас тартуға міндеттейтін арнайы заң қабылдау ұсынылады. Мұндай шараларды қабылдауға шақыра отырып, мұндай құжатты дайындаған БҰҰ сарапшылары Египеттегі қолданыстағы заңға сүйенеді. Оған сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа айыпталған адам өз табысының заңдылығын дәлелдеуге тиіс.

Интерполда қызметтің маңызды бағыты болып таңбалар мен бағалы қағаздарды жасанды жасаумен күресу  табылады. Интерполда әсіресе қауіпті және ақша таңбалары мен бағалы қағаздарды жасаудың сапалы жағдайларының жалпы статистикасы жүргізіледі. Бұл жаңа жасасанды жасауларды анықтау және олар туралы мемлекеттерді хабардар ету үшін қажет. Ақшаны жасанды жасаудың әрбір жағдайы туралы тікелей Лиондағы Интерполдың штаб-пәтеріне хабарланады. Осы қылмыспен күресудегі Интерполдың барлық жүйесі мынадай бірнеше этаптардан тұрады:

  • жасанды ақша жасау жағдайларын, жасаушыларды және сатушыларды, жасанды ақша купюралары мен бағалы қағаздарды есепке алу;
  • мемлекеттердегі жүргізіліп жатқан ақша реформалары жөнінде ақпараттар жинақтау;
  • жасанды ақша таңбалары мен бағалы қағаздарды даярлау әдістеріне талдау жасау;
  • ақша таңбалары мен бағалы қағаздарды өндірудің технологиясын күрделіндіру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • ақша таңбалары мен бағалы қағаздарды жасанды жасаумен күресуді реттеудің нақты әдістері мен құралдарын даярлау;
  • жасанды ақша және бағалы қағаздар жасаумен күресу бойынша тәжірибе жинақтау және полиция тәжірибесімен алмасу және әсіресе тиімді әдістерді тарату;
  • жасанды ақша және бағалы қағаздар жасаумен күресу саласындағы полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру және даярлау.

 

Қорытынды

Халықаралық қылмыстармен нәтижелі күресі мақсатындағы мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықты қолдайды. Соның негізінде ұйымдардың рөлі зор.  Әсіресе БҰҰ шеңберіндегі қабылданған конвенциялар мен Интерполдың қызметі жоғары бағаланады.

Халықаралық сипаттағы қылмыстармен байланысты туындайтын әлеуметтік құбылыстарға объективті келісті атай отырып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуде маңызды үлес қосатындығын айтуға болады. Барлық әлемде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай отырып, БҰҰ жетекші халықаралық ұйымдарында, оның ішінде Интерполға белсенді қатысады.    

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Панов В.П. Международное уголовное право. Учебное пособие. –М., 1997
  2. Панов В.П. Сотрудничество государств в борьбе с международными преступлениями. — М., 1993
  3. Сборник стандартов и норм ООН в облости предупреждения преступности и уголовного правосудия. Нью-Йорк., 1992
  4. Родионов К.С. Интерпол: вчера, сегодня, завтра. – М. 1990
  5. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бөлімдер. Құлжабаева Ж. О. Алматы – HAS баспа компаниясы, 2003
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-17 09:43:17     Қаралды-3695

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »