UF

Темір жол және теңіз  транспорты

 

             Темір жолдарды техникалық қамтамасыз етудің негізгі элементтері.

        Темір жол транспорты – транспорттың негізгі түрі, күрделі көп салалы шаруашылық. Оның құрамына темір жолдары және өнеркәсібі, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, медициналық мекемелер кіреді. Тасымалдау процесстерін орындау үшін темір жолдар жылжымалы құрамның, темір дол құрылғыларының және темір жол құрылысының техникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.

         Темір жол транспортының техникалық қамтамасыз етілуінің негізі: құрылысы жасанды жолдар, станциялар, арнайы пункттер, электрмен қамтамасыз ету құрылғысының жылжымалы құрамы, пайдалану жұмыстарының қозғалысын және басқаруын реттеуге арналған арнайы құрылғылар. ТМД елдерінде темір жолдың ені- 1520 мм.

          Негізгі жолдық өлшемдер: биіктігі- 6400 мм.,ені- 4900 мм.

      Станциялар- разъездер, басып озу пункттері, жолдық посттар, ал автомобиль жолымен қиылысу кезінде- бағдаршамдар.

      Станциялардың негізгі түрлері: аралық, бөлімшелік, іріктегіш, жолаушы және жүк.

 

    Темір жол транспортының жылжымалы құрамдарына: локомотив-тер, өздігінен жылжитын бірліктер және вагондар кіреді.

    Локомотив- вагондардың үздіксіз жылжуын қамтамасыз ететін негізгі  белсенді бірлік.

Темір жол транспортының қозғағыш бірліктері:

а) Паравоздар. Бумен жұмыс істейтін поршенді машина.

б) Тепловоздар. Күштік қондырғысы ретінде дизелді іштен жану қозғалтқышы қолданылады.

в) Электровоздар. Темір жолдардың үстінде ілінген желілердегі тұрақты айнымалы токтар арқылы жұмыс істейтін электр қозғалтқышы қолданылады.

г) Паратурбовоздар. Қозғалтқышының қызметін бу турбинасы орындайды.

д) Газотурбовоздар. Қазіргі заманғы газатурбиналы ұшақтарда қолданылатын газотурбиналық күштік қондырғылы локомотивтер.

Жұмысы бойынша локомотивтер: жүрдек жолаушы локомотивтер, тарту күші жоғары жүк локомотивтері және маневрлі локомотивтер болып жіктеледі.

Темір жол транспортында жүк, жолаушы және арнайы вагондардан құралған вагон паркі пайдаланылады.

Вагондардың түрлері: жабық, платформалы, жартылай вагондар, цистерналар, минерал немесе астық таситын.

Жолаушы вагондарының паркі- тіке қатынастағы жатын вагондар, жұмсақ және қатты орындықты вагондар, пошта және жүк вагондары.

Мамандандырылған вагондар паркі-  құрал-сайманды вагондар, өрт сөндіру вагондары, жүк көтеретін крандар, дүкен вагондар.

Темір жол транспортының жетістіктері:

№1-кесте.

Электровоз сериясы.

Электровоз параметрлері.

ВА-80

Сегіз осьті, қуаты- 6400кВт

ВЛ-82

Ток жүйесі тұрақты 3000В немесе айнымалы 2500В, қуаты- 5760кВт

ВЛ-80

Қуаты- 6520кВт

ВЛ-80Р

Қуаты- 7200кВт

  

 

 

2. Теңіз  транспорты

 

        Теңіз флотының техникалық жарақталуы: теңіз кемелерінен, теңіз порттарынан және кеме жөндеуші зауыттардан тұрады.

        ТМД және Балтық елдерінің теңіз трагспортының техникалық құралдары :

а) Солтүстік теңіз бассейнінде;

б) Балтық теңізі бассейнінде;

в) Қара және Азов теңіздерінің бассейнінде;

г)  Каспий теңізі бассейнінде;

д) Қиыр Шығыс бассейнінде дислокацияланған.

 

Флот- теңіз транспортының негізі.

       Азаматтық теңіз флотының негізі болып сауда кемелері саналады. Бұған: жүк және жолаушылар тасымалдауға арналған кемелер, теңіз кәсіпкерлі- гіне арналған- балықаулаушы , китаулаушы кемелер, буксирге алуға арналған кемелер, гидротехнмкалық жұмыстар мен батқан кемелерді шығаруға арналған кемелер. Ерекше функциясы бар категорияға жататын кемелер- теңіз кәсіпкерлігін кузетуші, санитарлық, карантиндік, ғылыми- зерттеуші, спорттық кемелер.

        Эксплуатациялық арналуына байланысты кемелер:

- транспорттық (жүк және жолаушы тасымалдауға арналған);

- қызметтік-көмекші (буксир, мұзжарғыш , өртсөндіргіш, т.б.)

- техникалық флот (терең су түбінде жұмыс істеуге арналған, топырақсорғыш , грунтты жылжытушы, крандар) болып бөлінеді.

        Теңіз флотының ядросы болып жолаушы, жүк-жолаушы  және жүк тасушы кемелер кіретін транспорттық кемелер саналады.

        Теңіз кемесінің сапасын көрсететін негізгі көрсеткіш- теңізжүзгіштігі.

Ол бірнеше көрсеткіштерден тұрады:

а) жүзгіштік- кез келген ауа-райы кезінде берілген жүкпен жүзе алуы.

б) тұрақтылығы- сыртқы күш әсерінен кейін өз қалпына келе алуы.

в) батпауы- бір бөлігін су басқан жағдайда да жүзу қалпында қалуы.

г) жүрдектігі- қозғалтқыштың күшіне сай жылдамдықты үдете алуы.

д) басқарылуы- штурвал арқылы берілген бағытта жүзу қалпын сақтай алуы.

         Теңіз кемелері төмендегідей техника-эксплуатациялық мінездемелеріне байланысты бөлінеді:

- кеменің геометриясы бойынша өлшемдері;

- салмағы бойынша;

- көлемі бойынша;

         Кеменің маңызды көрсеткіші болып оның жылдамдығы мен орналасқан қозғалтқыш қуаты болып табылады.

         Кеменің басты өлшемдеріне: оның ұзындығы, ені, биіктігі (рангоутпен), су деңгейінен (ватерлиниядан) мачтаның ең биік жеріне дейінгі биіктігі, жүк тйелген кездегі кеменің су үстіндегі бот биіктігі, кеменің толық жүк тиелген кездегі отыруы.

         Кеменің масса көрсеткіштеріне мыналар кіреді:

Суығыстыруы- кеменің ватерлинияға дейін суға отырғанда ығыстырып шығаратын су массасы (тонна), делвейт- кеменің толық көтере алатын жүк, жанар май, материалдар, су, азық-түлік массасы (тонна), жүк көтергіштігі- кеменің ала алатын максималды коммерциялық жүк массасы(т).

         Кеменің көлем көрсеткіштеріне: жүк сыйымдылығы- жүк салатын жайының кубтық көлемі, регистрлік сыйымдылығы- регистрлік тонналармен (2,83 куб. м.=1т.) өлшенетін көлемі.

         Кемелердің жылдамдығы узелмен, яғни 1 сағатта жүріп өтетін теңіз милінің саны (1 теңіз милі=1,852 км), ал негізгі күш қондырғысының (қозғалтқыш) қуаты ат күшімен (а.к.) есептеледі.

         Теңіз порттарын: арнайы, жалпы және аралас деп бөледі.

        Кеме жөндеуші зауыттар: қалпын сақтаушы, қалыпқа келтіруші және дәнекерлеуші болып бөлінеді.

        Теңіз жолдарына теңіздер мен мұхиттар кеңістігі, өзендер мен жасанды каналдар жатады.

       Теңіз транспортында тасымалдау процессін ұйымдастыру негізінде тұрақты құжаттармен бірге уақыт өте жаңартылып отыратын периодтық құжаттар да жатады. Негізгі қолданыстағы периодтық құжат болып кварталдар бойынша және жүктердің негізгі түрлері мен шыққан және баратын порттары көрсетілген тасымалдаудың бас мемлекеттік жоспары болып табылады.

         Теңіз тасымалдауын ұйымдастырудың 2 түрі болады:

- желілі (бір жерден екінші жерге белгілі бір жүкті тасымалдау ғана):

- тұрақты (бір бағытта кем дегенде 3 ай бойы тұрақты жүк және жолаушы ағымының болуы.

        Теңіз транспортын басқаруды ұйымдастыру құрамы 4 звенодан тұрады:

1.Теңіз флоты министрлігі.

2. Шаруашылық есептегі бассейндік бірлестіктер (Севфлот,Южфлот,   Дальфлот, т.б.).

3. Параходтық кәсіпорындар.

4. Флот, порт, кеме жөндеуші зауыттар.

   Теңіз флотының жетістіктері.

 

 

№2 табл.

Кеме типі

Арналуы

Делвейт

Өлшемдері мен параметрлері

Ұзын-дығы   м.

Ені     м.

Батуы  м. 

Күш қондыр-ғысы-ның қуаты а.к.

Жылдамдығы  узел

Ленинский комсомол

бидай

16500

170

22

10

13000

19

Полтава

әмбебап

13000

156

21

9

8750

17

Личанск

танкер

35000

207

27

11

18000

18

София

танкер

50000

230

33

11,5

19000

17

Иван Франко

жолаушы

750 орын

176

23,6

8,11

2000

18

Вихрь 

жолаушы

250

47,5

9

4,1

4800

38

Белоруссия

автожо- лаушы

500

157

21,8

5,9

18000

21

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-03-03 20:02:47     Қаралды-4273

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »