UF

Драмадағы әрекет, қақтығыс 

Жоспар:

  1. Драматургиялық қақтығыс
  2. Драмадағы әрекеттің құрылымы мен динамикасы

 

Қақтығыс-латынша –каллизия-қақтығыс ,айқас алауыздық талас Өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрлі қарама-қайшылықтардың адамға тән әр түрлі көз қарастағы идеядағы , сезімдегі нанымдағы іс-әрекеттегі мақсат мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысында жинақталуы, суреттелуі.Бұдан келіп өнер туындысын өмірлік тартысқа құру-шығарманың тартымды композициясын сұлулыққа жеткізу деген сөз болып шығады. Қақтығыстың болуы бұл- әсіресе драмаға тән қасиет, бұл театрландырылған ойын-сауық драматургиясына да белгілі-бір дәрежеде тиесілі болып келеді. Сонымен қатар қақтығыс өнер туындыларының барлығына да тән. Мысалы: М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы, М.Шахановтың «Отырар элегиясы», Суриковтың «Утро стрелецкой еазни» секілді өнер шығармаларының барлығында да Қақтығыс бар. Сонымен қатар бұрынғы кеңестік оқымысты В.Сахановский- Панкеев «біз көптеген қақтығысы жоқ лирикалық шығармаларды новеллаларды білеміз, кей ретте поэма, керек десеңіз романдарда қақтығыссыз бола береді»- деп атап көрметті. Драма кез-келген өнер қақтығыссыз –ақ мәнінен айырылмайтындығын көреміз. Бұған клубтың іс-шаралардың түрлерін де: демалыс кештері жаңа-жылдық балмаскарад және т.б түрліше ойын-сауықтарды жатқызуға болады. Сонымен қақтығыс дегеніміз- күрес, әрекеттер мен оған қарсы әрекеттердің үзілмейтін желісі. Клубтық драматургия жағдайында қақтығыс, белгілі бір қиындықтарды жеңуді, тек қана белгілі-бір шартты жағдайда әртүрлі мәнерлеу құралдары арқылы сахнада нақты іске асыра алғанда ғана көрінеді. Әрине нақты қақтығыстық жағдай тек драма түрінде ғана кездесе бермейді, ол өмірде-жаңашылдық пен консерватизмнің, шығармашылықтық пен догматизімнің, білімділік пен надандықтың және с.с. басқадай күрестер ретінде көрінеді. Осындай жағдайлар үйлесе отырып клубтық шарадағы драмалық қақтығыстың негізін құрайды.

Бұл үшін біріншіден- сценаристің жеке көз қарасы, өмірлік және кәсіби тәжірибесі, көрерменді бір нәрсеге ұмтылдыруға немесе сақтандыруға, өмірлік ақиқатты дәлелдеуге лайықты қарама-қайшылық ойлап табуы қажет.

Екіншіден -  оған /айқын қарама-қайшылыққа/ лайықты бейнелі түрде көрсететін сахналық эквивалентті, яғни пайдаланылатын әртүрлі мәнерлеу құралдарын сөз, музыка, кино, би және тағы басқаларын, сондай-ақ дыбыстық қатар,  сахналық әрекетті ұйымдастыру мен үйлғестіруді ойластыру қажет.

Үшіншіден- сценарист қақтығысты драмалық алауыздық пен тайталастан басталатындығын түсіне отырып, белгілі бір оқиғаның өзіндік даму қисындылығын, үнемі есте сақтау қажет, бұл жерде оқиға желісіндегі тартысты алауыздық жағдайда кейіпкердің көптеген қиын жолдардан бір ғана жолды таңдауы арқылы дұрыс нәтижелерге жетуі, яғни өзінің тәрбиелік мәніне ие болатындығын білу қажет. Бұл ретте оқиғалар тізбегі емес, ондағы қабылданар шешімнің үлкекн тәрбиелік мәнінің болуында. Сценаристер және де бұқаралық шаралардағы қақтығысты кейіпкердің қандай да бір шешім қабылдауымен көрінуі мүмкін екендігін есте сақтауы қажет, кейіпкерлер мен қабылданған шешімдер тізбегі бір-бірімен белсенді түрде қарсыласа отырып өздерінің дұрыстығын қорғап шығады. Сонымен клубтық драматургиядағы қақтығысты төмендегіше пайымдауға болады:

  1. Клубтық драматургияда  қалайда қақтығыстың болуы шарт емес. Драматургиялық ситуация құрылымына сай белгілі бір эпизодқа лайықталған жоғарыда келтірілген жайларда ғана болады.
  2. Кез-келген драматургиялық ситуацияны драмалық коллизиясыз (алауыздықсыз)елестету мүмкін емес, яғни оқиғаның болуы қисынды да сабақтаса дамуы үшін қақтығыстың ары қарай дамуы.
  3. Қақтығыс, егерде ол драматургиялық ситуациядан бастау алса ол тура персонифакациялық  қақтығыс болып келеді.
  4. Тура персонифакациялық  қақтығыс қарама-қарсы жақтар, күштер өзара әрекетке көшкен кезде пайда болады. Олар белгілі бір әрекеттер арқылы өзінің көз қарасын қорғап шығуға ұмтылады. Мұндай қақтығыстар тақырыптық кештер мен және басқа да үгіт – насихаттық бағдарламамен жұмыс істеген кезе жиі қолданылады.
  5. Жанама персонифакациялық  қақтығыс жайында , клубтық ойын-сауық, мерекеде қарсылас күштер болмаған кезде айтуға болады, сонымен қатар жанама персонифакациялық  қақтығыс әртүрлі жарыс, сайыстарға көрермендердің қатысуымен айқындалады.

 

Клубтық драматургияны жоғарыда біз театр, кино, теледидарға туыстас, түбірлес жанр екендігін атап өткен болатынбыз.Ендеше осы өнер түрлерімен клубтық драматургияны жақындата түсетін ерекшеліктеріне тоқталып өтелік:

  1. Алынып отырған әрекеттің негізінде, шешуді қажет ететін қақтығыстардың болуы, яғни әрекеттің драмалық күрес түрінде дамуы.Қақтығыссыз драматургия жоқ.Қақтығыс, сюжеттік құрылым мен композиция кез-келген шығарманың негізі.
  2. Әлдеқашан өтіп кеткен оқиғаның өзін сөз ететін драмалық әрекет, біздің көзімізше өрбіп дамиды.Клубтық шаралардың бәрінде де , әңгіме бүгінгі күн тұрғысынан өрби отырып, қатысушыны өткен оқиғалар иіріміне кеңінен араластырады.
  3. Драмалық әрекет, көрерменді сол оқиғаға бей-жай қалдырмайды, қайта осы күрестің куәгері немесе қолма-қол араласушы етеді.Сөйтіп оның қуанышын немесе жек көру сезімін оятады.

Алайда, клубтық драматургияны ерекше жанр ретінде даралау үшін , оны театр, кино, теледидармен туыстас жақтарын ғана алып қарау жеткіліксіз екенін ескере отырып,басты айырмашылықтарына да кеңінен тоқталған жөн.

Біріншіден, жұмыстың бұл түрі нақтылы өмір фактілеріне негізделеді.Клуб драматургиясы – деректі драматургия. Клубта өткізілетін шаралар , мүмкіндігіне орай нақтылы белгілі бір ұжым өмірімен байланыста болуы шарт.

Сахналық әрекетте өткен күннің немесе қазіргі уақыттың оқиғаларына тікелей араласқан нақтылы кейіпкерлердің тағдыры мен мінез-құлқын көрсете білу мүмкіндігі, клубтық шаралардың ең басты айырмашылықтарының бірі.

Клубтық драматургияның екінші ерекшелігі- бұқаралық шараларға қатысушыны әрекет жасауға итермелеуі, егерде театр көрермендері мен тілеулес болуды, ниеттестікті ғана талап ететін болса, клубтық шаралар драматургиясы нақтылы жәрдем беруді, белгілі бір уақиғаға, акцияға бел шешіп кірісіп кетуге мүмкіндік береді.

Үшінші ерекшелігі- оның жинақылығы . Автор ойының сюжеттік желінің тұтастығы арқасында жүзеге асқан әртүрлі элементтерді шығармашылықпен мантаждау арқылы жаңа кешенді жанр шығармасын тудырады. Сценаристің мақсаты, поэзия шығармаларын, музыкалық әндерді,  спектакльдер мен кинофильмдерден үзінділер кеңінен пайдалана отырып, тұтас логикалық композицияға, ортақ ойға, яғни жалпы тақарапқа, идеяға бағындырылған әртүрлі церемонияларды, сөздерді әрекеттерді біріктіру арқалы жаңа көркем – публицистикалық шығарма дайындау.

Насихаттық сөз және әндерді, көзі көрген адамдардың әңгімесімен эстрадалық миниатюра, кинодеректі- жалпы клуб тәжірбиесінің бай палитрасы-әдеби сценарийде және режиссурада оқиға желісіне орай өзіндік орынын тауып, табиғи түрде орайласады.Сахнаға лайықтау өнерін жете игеру- клуб қызыметкеріне өте қажетті шығармашылық ерекшеліктердің бірі.

Өнер туындысын өмірлік тартысқа құру шығармалардың тартымды композициясы сұлулыққа жеткізу деген сөз. Қақтығыстың болуы әсіресе драмаға тән қасиет. Бұл театрландырылған ойын-сауық драматургиясынада белгілі бір дәрежеде тиесілі болып келеді. Сонымен қатар қақтығыс өнер туындыларының барлығына да тән.

Драматургиялық қақтығыстың 3 түрі бар.

  1. Кейіпкер-автормен көрермен қақтығысқа түсуші кейіпкерлердің біріне жақтасып отырады.(жағымды кейіпкер)Мыс: Ғ.Мүсірепов

Төлеген мен Бекежан

  1. Кейіпкер-көрермендер залы (Герой-зрительный зал)-бұл қақтығыс түрі сатиралық шығармаға тән.Мыс: Гоголь «Ревизор»
  2. Кейіпкер немесе кейіпкерлер-қоршаған орта (герой или герой среда)

Қаһарман немесе кейіпкер өзін қоршаған ортадағы келеңсіздіктерге қарсы күреседі.Көптеген драмалық шығармаларда қақтығыстың 2 түрі де кездесуі

2  Драмадағы әрекеттің құрылымы мен динамикасы

 

Драмма  ежелгі  грек  тілінен  пайдаланып  келе  жатқан ұғым. Оның  қазақ  тіліндегі  мағынасы  «әрекет» деген  мағынаны  береді. Драмма  көп  томды  театр  энцеклопедиясына  жүгінетін  болсақ  «Сахналық іс-әрекетке  айналуға  лайықталған әдеби  шығарманың  диологтан  құрылған  түрі. Әдебиет зерттеушілер  драмма  жөнінде  әр түрлі  көзқараста  болған. Әдебиет  танушы  О.Головоченко  драммаға   «ақиқат пен  шындықты  әңгімелесу,  яғни  диолог пен  іс-әрекет  арқылы  жеткізетін  әдеби шығарманың  ерекше  түрі  деген анықтама  берген  болса, Абромович  жоғарғы  оқу  орнына  арналған  әдебиеттану  оқулығының  соңғы басылымында  драмманың  мәні   былай  анықтады: «Сырттан  байқалған  құбылыстан  мен  мінезден  дүниесін  көрсете  отырып, дүниені  драмматург өздігімен  айқындаған. Нақты  кейіпкерлер  арқылы  жүзеге  асады».

Жоғарыда  келтірілген  көзқарастарға  мән  беретін болсақ  драмма ерекшелігінің  толық  мағынасын  ашар  әдебиет  теоритиктерінде  нақтылыбір  анықтамасы  жоқ. Міне  сондықтанда  кейбір  күндерде  драммаға  «диологтан  құрылған  форма» немесе «әңгіме  түріндегі  форма» деген  түсініктеме  берілген  болса, кейде  «құбылысты  өздігімен айытқандағы  кейіпкермен  әрекеті  арқылы жеткізу» деп  түсіндіреді. Жалпы алғанда драмма  әдеби  шығармалық  айрықша  ерекшелігі бар.

Көркем  шығармашылықтың  түрлері: әдеби шығармалар «эпос, лирика және  драмма  деген  нақты үш  түрге  бөлінеді. Олардың  бәріне  байланысты ортақ  дүние  бар. Яғни  осылардың  барлығына  байланысты   басты  дүние –адам. Оның  дүние  танымын, іс-әрекетін, мінез  құқын, ортысын, өткен жолын әріптеу. Әдеби шығарманың  қайсы  бір  түрі мен  жанры  болмасын  өнердің  өзге  түрімен  салыстыратын  болсақ,  олардың  тек өздеріне ғана  тән  болып  келер  өзгешілігі –сөз. Әдеби  шығармалардың  бір-бірімен өте  тығыз  байланыста  болуы, олардың  бір-бірінің  құрамына, құрылысына  еніп  отыруында. Айталық  драмма  эпоспен  лириканың  белгілерін  қамтыса, ал лирика  көбінесе  драмманың  сипатта  болады. Сол  сияқты  эпоста драмма  мен  лириканың  тиесілі  белгілерін  қамтиды. Әйткенменде  әдеби шығарма  түрлерінің  өзіне  тән  адамды бейнелеу  ерекшеліктері  мен  әдістемелері бар. Әдеби  шығарманың  әрқайсысына тән  ерекшелігі  - эпос  ол  ежелгі грек  сөзі. Қазақ  тілінде  беретін түр  мағынасы: «ән».  Эпос  өз  бастамасын  өте  ерте  заманда болған. Ол  кезде  ежелгі  халықтар  арасында  жазба  қалыптаспағандықтан  тарихи  маңызды  оқиғалар  көбінесе  әскери  жорықтардағы  ерекшеліктер  мен  жеңістер, ел арасында  жатталып, аңызға  айналып  және  ән мен  жырға   айналып  отырды. Эпос қоғамның  даму  кезеңіндегі  ең  маңызды  оқиғалар. Демек  эпос  кейіпкерлер  арқылы  дәуірдің  тыныс – тіршілігін, кезеңін, мерзімін  көрсете  білген.

Эпос, лирика және  драманы  кескіндейтін  уақыт  мезгілі дәлірек  айытсақ  бейнелейтін  уақыт  шақтары  әр қилы:  эпостың  бейнелейтін  уақыты  - өткен шақ баяндау  арқылы  өткен  дүние  арқылы  елесін  қайта  тірілтеді.

 Лирика  бейнелейтін уақыт – осы  шақ, шығарма  авторының  және лириканың  кейіпкер  жанымен сол  сәтті  сезінуі.

Драмма  бейнелейтін уақыт – өткен  шақтан  туындағаносы  шақ және трансфоматорландырылған  (өзгертілген) келешекке  алмасу.

Драмматургиялық  конфликт-қақтығыс.

Қазіргі  кезеңнің  көптеген теоретиктері, тәжірибелі  драмматургтері  мен  театр  қақтығыс  драмманың  үлкен  негізі болып  табылады  деп  сеніммен  дәлелдей  алады.

Конфликт  деген  ұғымның  негізі  латын  сөзінен  алынған. Ол condtictns – қақтығыс  (столкновение) деген  мағынаны  білдіреді.

Пеьсада  міндетті  түрде бүгінгі  күннің  мәселесіне  қатысты  тартыс  конфликт  болуы  тиіс. Кезінде  бұл  мәселені  елімізде  қалыптасқан тартыссыз – конфликтісіз  теориясын  есептемеді, өйіткені  біздерде  антогонистік  класстар,  қарама-қарсы  топтар  жоқ, сондықтан  советтік  драматургияда  әлеуметтік  тартыс  болуы  керек деп  есептелінді. Бірақ  бұл  теория  көп  өмір  сүре  алмай, өзін-өзі  жойды.  Конфликт қақтығыс  пеьсаның  құндылығын  анықтайды. Қандай да   бір  пеьса болмасын  онда драммалық  қақтығыс  бар. Бірақ  оның  бәріндегі  тартыс  қызу  деңгейде  өтпеген  соң  көрерменді  өзіне  тартып,  баурап  кете  алмайды. Кейбір  шығармалардағы  тартысты  тудырар  мәселе  күні  кеше  ғана шешімін  тапқан, қайталауды  қажет  етпейтін  немесе  басқа  авторлардың  шығармаларында   жанжақты  көрсетілген не   түпкілікті  әшкереленген  бүгінгі  оқырманға, көрерменге  таныс  қайшылықтан, міне  бұда  көркем  дүние  ретінде  өз, жан  күйерлерін  баулап  мейілінше  белсенділігін  арттыра  алмайды. (мәселен: шашын  өсірген, стиляға  киілген  ерлер  немесе  шашын қиған, шалбар  киген әйелдерді  келемеждеу  сияқты мәселелер?  

 

 

 

Ұсынылатын  әдебиеттер:

1.     Қабдолов 3. Сөз өнері.-Алматы:Мектеп,1982

2.     Қабдолов 3. Көзқарас.-Алматы:Рауан,1996

3.     Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері  және тілдік наным.- Алматы:Ғылым,2005

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-01-05 19:31:57     Қаралды-7072

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »