UF

 Экономикалық ғаламданудың тиімсіздігі және

 қазіргі дүниежүзінің географиясы

 

Жоспары:

1.Дүниежүзілік шаруашылық

2.Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі

3. Экономикалық ғаламданудың тиімді-тиімсіз тұстары.

 

Қазіргі дүние жүзінің саяси картасында 200-ден астам елдер бар, солардың 170-і егеменді мемлекеттер. Елдерді топтастырудың ең көп тараған түрі – олардың территориясының көлемі мен халқының санына қарай топтау.

Территориясының көлемі жағынан әрқайсысының ауданы 3 млн шаршы шақырымнан астам ірі жеті ел бар, олардың бәрін қосқанда барлық құрлық жерінің жартысынан астамы болып шығады. Халқының саны жағынан әрқайсысында 100 млн-нан астам тұрғындары бар ең ірі он ел көзге түседі, осы елдердің халық санын қосқанда жер шарындағы халықтың 3/5-іне тең болады екен. Ал саяси картада орташа және шағын елдер саны басым түседі. Өте ұсақ, әдетте микромемлекеттер деп аталынатын мемлекеттер де бар. Елдерді географиялық орнына қарай топтастыру әдістері жиі ұшырасады. Топтастырғанда олар теңіз жағаларына, түбектерге, аралдарға, архипелагтарға орналасқан елдер болып бөлінеді.

Елдер типологиясы: қоғамдық құрылыстағы ерекшеліктері, негізгі қоғамдық құрылыстағы өзгешеліктер. Осы тұрғыдан алғанда дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы елдерді төмендегідей бөлуге болады.

Дамыған елдер. Солтүстік Американың, Еуропаның, Азияның, Африканың, Австралия мен Мұхиттық аралдардың 30 елі кіреді. Оның ішінде ірі жетілік АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Жапония, Канада көзге түседі. Қазіргі таңда Бразилия, Австралия мен Үндістан секілді елдер де дамып келеді.

Еуропа мен Азия, Америкада орналасқан дамушы елдер. Олар бұрынғы “социалистік құрылысты” елдер. Үшіншісі экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай, Азия, Африка, Латын Америкасы мен мұхиттық аралдардағы нашар дамушы елдер. Сонымен экономикалық тұрғыдан алғанда;

  1. Дамыған елдер;
  2. Дамушы елдер;
  3. Артта қалған немесе нашар дамыған елдер.

Экономиканың негізгі салаларының бірі – отын-энергетика кешені. Соңғы екі жүз жылдықта дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. ХІХ ғасырдың өн бойында және ХХ ғасырдың бірінші жартысында көмір кезеңі созылып, онда дүние жүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін екінші, мұнай-газ кезеңі келді. Онда мұндай сәйкестік жойылды.

Дүние жүзілік капиталистік шаруашылықтың мұнай өнеркәсібі географиясының негізгі ерекшеліктерін мұнай қорының 9/10-ы және оны өндірудің басым көпшілік бөлігі дамушы елдерде шоғырлануында болып табылады. Мұның ең алдымен басты “Мұнай шүмегі” қызметін атқарушы Таяу және Орта Шығыс аймағына қатысы бар. Халықаралық саудаға бүкіл өндірілетін мұнайдың 1/3-нен астамы түседі. Оның басты экспорттаушылары дамушы елдер, бәрінен бұрын МЕЭҰ мүшелері болып келеді. Нәтижесінде дүниежүзілік капиталистік шаруашылықта мұнай өндіру мен тұтыну негізгі аудандарының арасында басқа ешбір салада кездеспейтін орасан зор территориялық алшақтық пайда болады.

Дүние жүзілік газ өнеркәсібі ХХ ғасырдың екінші жартысында айтарлықтай дамыды. Осы жақын уақытта ғана ол негізінен дамушы және дамыған елдерде шоғырланған. Соңғы кезде табиғи газ өндіру дамушы елдерде тез өсіп келеді. Көмір өнеркәсібінің дамуы мұнайдың арзан кезеңінде баяулады, бірақ одан кейін қайтадан жеделдеді. Көмір дүние жүзінің 60 елінде өндіріледі, алайда бұл сала географиясының негізгі ерекшеліктерін “бірінші ондық” елдері анықтайды. Олар үшін көмір өнеркәсібі халықаралық маманданудың маңызды саласы. Көмір өнеркәсібі сол өндірілетін елдерде тұтынылады: дүние жүзілік рынокқа бүкіл көмірдің не бары 1/10-і ғана түседі.

Энергетика – “авангард үштік” салаларының бірі. ҒТР дәуірінде, әсіресе электрондандыру және кешенді автоматтандыру дамыған сайын электр энергиясын өндіру жоғарғы қарқынмен өседі. Энергетиканың ішінде ЖЭС басты орын алады. Дегенмен су энергетикасының даму болашағы да аз емес. Қазіргі кезде атом энергетикасы және электр энергетикасы өнеркәсіптің маңызды бағыттарының біріне айналды. 80-жылдардың аяғында АЭС дүние жүзінің 30-дан астам елінде жұмыс істеді немесе салынып жатты.

Дәстүрлі емес энергия көздері: мұнайдың қымбаттауы, энергия ресурстарының ғылыми әдебиетте дәстүрлі емес энергия көздері деген ат алған жаңа көздеріне ықыласты арттырады. Геотермальды энергия ыстық жылумен ыстық сумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ГеоЖЭС салу үшін ертеден пайдаланып келеді. Оны қолдану жөнінен Исландияның, Италияның, Венгрияның, Ресей халықтарының үлесіне тиеді.

Металлургия өнеркәсібі қара және түсті металлургия болып бөлінеді. Қара металлургияның негізгі саласы темір рудасы дүние жүзінің 50 елінде өндіріледі. Бұл өндірістік руданың шамамен ½-і экспортқа кетеді. Түсті металлургия түсті метал рудаларының ірі және алуан түрлі қоры бар елдерде – Ресей, АҚШ, Канадада және бірқатар басқа елдерде барынша дамыды.

Машина жасау – ҒТР-дың басты салаларының бірі. Бұл салада жұмыс істейтіндер саны және өнімнің құны жөнінен ол дүниежүзілік өнеркәсіптің барлық салаларының ішінде бірінші орын алады. Дамыған капиталистік елдер капиталистік дүниедегі машина жасау өнімінің 9/10-ын өндіреді. Олардың шегінде машина жасау өнеркәсібінің аса ірі үш ареалы қалыптасқан. олар: АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония.

Химия өнеркәсібі. Бұл саланың орналасуы Ресей, Шығыс Еуропа елдері, Қытай дүние жүзілік химиялық өнімдердің 1/5-ін береді. Дамыған елдерге капиталистік дүниеде шоғырланатын бүкіл химия өнімінің 9/10-ы тиеді.

Жеңіл өнеркәсіп. Жеңіл өнеркәсіптегі жетекші сала – тоқыма өнеркәсібі. Дүние жүзінде өндіретін матаның ½-іне жуығы Қытай, Ресей, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің үлесіне тиеді.

Экономикасының басты салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Оның басты салалары мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы.

Халықаралық экономикалық байланыстар – экономика барометрі. Халықаралық экономикалық байланыстар алуан түрлі болуына қарамастан, олардың бес формасын бөлуге болады. Біріншіден, ол халықаралық сауда – дүниежүзілік шаруашылықтың ҒТР дәуірінде “қайта туған” ең ескі бөлігі. Халықаралық сауда – дүниежүзілік шаруашылықтың өзінше бір қан жүретін жүйесі, өйткені ол өндіріс нәтижесінің әр түрлі өнімдер мен бұйымдардың айырбасын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, ол кредит  финанс қатынастары – халықаралық экономикалық байланыстардың жасырақ формасы. Ол қарыз бен кредит беруден, ал капиталистік елдерде капитал шығарудан көрінеді.

Үшіншіден, ол ғылымитехникалық байланыстар  көбінесе ҒТР-мен және тек өндірісте ғана емес, ғылыми зерттеулер төңірегінде мемлекет аралық маманданумен байланысты дамыған анағұрлым жасырақ формасы.

Төртіншіден, ол түрліше қызмет көрсету, оны “көрінбейтін экспорт” деп атайды. Оған құрылыс, финанс, транспорт қызметі – портқа кіретін шетел кемелеріне қызмет көрсету, теңіз кемелерін фрахтау жатады.

Бесіншіден, ол халықаралық туризм. Соңғы онжылдықтарда дүние жүзінде нарық барып тұрған туристік ушу өтуде. 1950-1990 жж. шетелдік турситердің саны 25-тен 360 млн адамға дейін барады. Туризмнің дамуымен бірге “туризм-индустриясы” қонақ үйлер, мотелдер, кемпингтер, туристік фирмалар, транспорт ұйымдары. Хабарлама және жарнама қызметі, сувенирлер өндіретін кәсіпорындар торабы да өседі.

Дүниежүзілік шаруашылық

Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды.

         Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде халықаралық сауда Европа мен Азиядан соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтиды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың құрылуына әкеліп соқты. Бұл рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды. Генрих Гейненің бейнелеп айтқанындай, «кеңістікті өлтірді».

         Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуына басты орын ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Батыс Европаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүниежүзілік шаруашылық ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының, көліктің және дүниежүзілік рыноктың дамуы нәтижесінде құрылды.

Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – бұл бүкіл дүниежүзілік экономикалық қарым-қатынастармен өзара байланысқан бүкіл дүние жүзі елдерінің ұлттық шаруашылықтарының тарихи қалыптасқан жиынтығы.

         Дүниежүзілік  шаруашылықтың географиялық моделі.  Бұл модель біртіндеп күрделене түсуде. ХІХ ғасырдың аяғына дейін барлық көрсеткіштері бойынша бір орталық – Европа басым болды. А.Витвердің бұл кезеңі «еуропацентрлік» деп атауы тегін емес. Одан соң дүниежүзілік екінші орталық құрылып, көп кешікпей басты орталыққа айналды, ол-АҚШ. Дүниежүзілік екі соғыстың арасындағы кезеңде дүниежүзілік маңызы бар жаңа орталықтар пайда болды, олар – КСРО мен Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай, Үндістан, Оңтүстік –Батыс Азияның мұнай өндіретін елдер тобы: Канада, Австралия, Бразилия секілді орталықтар қалыптаса бастады. Соңғы жиырма жылдықта «төрт Азия жолбарысы» - Корея Республикасы, Тайвань, Гонконг, Сингапур бастаған ұлттық – интеграциялық елдер дүниежүзілік аренаға шықты. Осының арқасында Азия-Тынық мұхит аймағының дүниежүзілк шаруашылықтағы рөлі бұранғыдан да өсе түсті. Сөйтіп, қазір дүниежүзілік шаруашылықтың моделі көп орталықты сипат алып отыр.

         Таяу уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылық ішіндегі өзара қарым-қатынастар, бейнелеп айтқанда, төрт «полюстің» болуына қарай анықталатын: капиталистік Батыс пен социалистік Шығыс, «бай» Солтүстік пен «кедей» Оңтүстік. Қазір Солтүстік Шығыс, «бай» Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы, өзгеріп айтқанда, «орталық» пен «шет» арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейдегі өсіп келе жатқан алшақтықты негізі ішкі қайшылық деп есептеу керек.

         90 – жылдардың басына қарай дүниежүзілік жалпы ішкі өнім мен өнеркәсіп өнімнің 15 пайызы ғана және ауыл шаруашылық өнімнің 30 пайызы дүниежүзілік шаруашылықтың бүкіл «шет аймағына» келетін. Жан басына есептегенде жалпы ішкі өнім орта есеппен 1 мың долларға жетпейді, ал Батыстың экономикасы дамыған елдерінде – 14 мың доллардан асады.

         Сондықтан дүниежүзілік шаруашылықтың, географиялық, моделін жетілдірудің басты бағыты – оның «шеткі аймақтарын» жедел дамыту болып табылады.

         Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы ұғым.

Географиялық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н:Баранский оны экономикалық географияның негізі ұғымы деп атады.

         Географиялық еңбек бөлінісі – адам қоғамы дамуының тауарлы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке территориялардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар, біріншіден, географиялық жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден әлеуметтік-экономикалық жағдайларында – даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрлерінде және т.с.с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрінің белгілі бір территорияға бекітілген сияқты болуына әкеп тірейді.

         Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысты, сондай-ақ халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің арасында өзара байланысқан тұтас елдерге қатысты. Ол ежелгі кезде туған, бірақ дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүние жүзін қамтыды.

         Халықаралық географиялық, еңбек бөлінісі жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге, белгілі бір қызмет көрсетуге және оларды айырбастауға мамандануынан көрінеді.

         Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі уақыт ішінде өзгереді.

         Халықаралық мамандану саласы – географиялық  еңбек бөлінісің нәтижесі. Жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажеттігінен артық мөлшерде өндіруін қажкт етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде елдің «қабілетін» бірінші кезекте айқындайтын салалардың қалыптасуынан нақты көрініс табады.

         Жапония автомовиль жасау жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алады. Бүкіл шығарылатын автомобилдердің шамамен алғанда жартысын ол басқа елдерге экспортқа жібереді. Автомобиль өнеркәсібі – оның халықаралық мамндану саласы.

         Канада дәнді дақылдарды жинау жөнінен дүниежүзінде бесінші, ал экспортқа шығару жөнінен екінші орын алады. Астық шаруашылығы – оның халықаралық мамандану саласы.

Өз кезегінде, халықаралық мамандану тауарлар мен қызметтің халықаралық айырбасын қажет етеді. Бұл айырбас халықаралық экономикалық байланыстардың дамуынан, жүк тасқындарының саны мен қуатын артуынан көрінеді, оның үстіне, өндіру орны мен тұтыну орны арасында қашан да үлкен немесе кіші территориялық алшақтық, түзіледі.

Халықаралық экономикалық интеграция: аймақтық және салалық топтары. дүниежүзілік шаруашылық пен географиялық еңбек бөлінісі дүние жүзінің барлық елдерін қамтып болғаннан кейін, соңғы онжылдықтарда енді жан-жағынан гөрі, тереңге қарай өсуде. Олар күрделеніп, жаңа формалар табуда. Халықаралық маманданудың және айырбастың тереңдеуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылығының ерекше етене «кірігіп» кетуіне себепші болады. Сөйтіп, халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің жаңа, жоғары сатылы – халықаралық экономикалық интеграция пайда болды. Ол жеке елдер тобының олардың мемлекетаралық, келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында аймақтық экономикалық интеграция дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы басым тенденцияға айналды. Ол барған сайын интеграцияланған экономикалық топтардан құралатын болды. Олардың ішіндегі ең маңыздыларына осындай төрт топ жатады.

Европада бұл Еуропалық экономикалық-қоғамдастық, оған 325 млн. халқы бар 12 ел кіреді.

1957 ж. құралған бұл қоғамдастық біртіндеп дүние жүзіндегі аса ірі ортақ рыноққа айналды. Қоғамдастықтың заң шығарушы органы – Еуропа парламенті, оның штаб-пәтері Францияның Страсбург қаласында орналасқан. Бұл парламент тікелей сайлау жолымен Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа кіретін барлық елдерде сайланады. Қоғамдастықтың өз туы, әнұраны, біріңғай төлқұжаты, біріңғай ақша бірлігі (экю), соты, банкі бар. Ал 1993ж. басында мемлекеттік ішкі шекараларды жоюдың нәтижесінде Қоғамдастық тауарлары, капиталдары менкөрсететін қызметі, технологиясы мен жұмыс күші еркін өте беретін біріңғай экономикалық кеңістік болып өзгертеді.

Солтүстік Америкада бұл 80-жылдардың аяғында құрылған еркін сауда аймағы. Ол алғашында АҚШ-ты, Канаданы біріктірсе, кейін халқының жалпы саны шамамен 360 млн. адам болатын Мексиканы, сондай-ақ 11 елді қамтитын Латын Америкасы интеграция ассоциациасы. Азия-Тынық мұхит аймағында бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің  ассоциациасы(АСЕАН), оған 6 ел кіреді.

1949 жылдан 1991 жылға дейін аса ірі аймақтың интеграциялық топтардың бірі –Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі жұмыс істеді. Ол мынадай он елді біріктірді: Кеңес Одағы, Польша, ГДР, Чехословакия, Венгрия, Румыня, Болгария, Ветнам, МХР және Куба. өзі өмір сүрген жылдар ішінде бұл Кеңес көп жұмыс атқарды. Бірақ оған социалистік интеграция жоспарларын толық дәрежеде жүзеге асырудың, қатысушы елдердің шын мәнінде біртұтас рыногын қалыптастырудың сәті түспеді. Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің ыдырауына экономикалық себептермен қатар, саяси себептер де түрткі болды.

Дүниежүзілік  шаруашылық жүйесінде аймақтық экономикалық топтардан басқа салалық экономикалық топтар да бар. Олардың ішінде ең маңыздысы – Мұнайды сыртқа шығаратын елдер ұйымы (ОПЕК), ол 13 елді біріктіреді.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуы, халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің тереңдеуі халықаралық экономикалық қатынастардың тармақталған жүйелерінің қалыптасуына әкелді. Бұл қатынасты дүниежүзілік шаруашылықтың “Қан жүретін жүйесі” деп атауға болады.

Халықаралық экономикалық қатынастың даму қарқыны материалдық өндірістің өсу қарқынын едәуір артып, шаруашылық қатынастарды интернационалдандырудың көрсеткіші болып табылады. Олардың географиясы біз білетін дүниежүзілік шаруашылықтың екі мүшелі моделін бейнелейді. ХЭҚ-та “жетекші” рольді, әсіресе экономикалық интеграция жағдайында осындай қатынастардың барлық фирмаларының дамуына жеткен Солтүстік алып, ал Оңтүстік “жетекке жүруші” роль атқарады. Әрине, бұрынғы ондаған отар және жартылай отар елдердің саяси тәуелсіздікке қолдары жеткеннен кейін, олардың ХЭҚ-ғы жағдайы едәуір жақсара түсті, бірақ бұл процесс баяу жүруде.

Сондықтан Оңтүстік елдері 1940 жылдары БҰҰ жариялаған Жаңа экономикалық тәртіпті орнату жолындағы өзінің күресін одан әрі жүргізуде. Солтүстік және Оңтүстік (орталық-шеткі аймақ) арасындағы қатынастармен қатар Солтүстік-Солтүстік және Оңтүстік-Оңтүстік бағытындағы қатынастың да үлкен маңызы бар. Мұнда өтпелі экономкалы елдер ерекше орын алады.

ХЭҚ-қа едәуір тәуелді болып келетін елдерді экономикасы ашық еклдер деп атау келісілген. Өз кезөгінде, мұндай ашықтық дәрежесі елдің жалпы ішкі өнімін жасаудағы – экспорттық квота, яғни экспорттық үлесімен анықталады. Бұл квота (үлесі) Батыс Еуропаның шағын, дамыған және Ұлттық интеграция (НИС) Азия елдерінде едәуір жоғары, ал кең ішкі рынокты үлкен елдерде ол аздау болып келеді. Мысалы, Сингапурде экспорттық квота 70 пайыз, Бельгия және Нидерландыда – 55-60% жеткен. Германия және Францияда ол 25-30% құраса, ал АҚШ-та 10%, Ресейде соңғы жылдары 20% дейін және одан да жоғары көтерілуде. Ашық экономканың жарқын көрінісінің бірі – еркін экономикалық аймақты құру. 

Еркін экономикалық аймақ дегеніміз – бұл экономикалық-географиялық жағлдайы қолайлы аудан немесе қала. Оған салық және кеден тәртібі жеңілдетіледі, қаржы, материалдық, технологиялық және еңбек ресурстарын тартуға кеңшілік жасалады.

Мұндай аймақ ең алдымен, түсетін валюта қорын арттыру және ішкі рынокты түзетін тауарлармен және қызметпен жақсы толықтыру мақсатында шетел капиталы мен ең жаңа технологияны тарту үшін құрылады.

90-жылдардың соңынгда дүние жүзінде 3 мыңдай ЕЭА-дың әр түрлі үлгілері болды, онда 3 млн адам жұмыс істеді. Дүниежүзілік тауар айналымындағы ЕЭА-дың үлесі ¼-ден асып отыр. Еркін экономикалық аймақтың едәуір табысты әрекетінің мысалы ретінде Қытай, Ұлттық интеграциялы елдер (ҰИЕ), Азияны айтуға болады.

ХЭҚ-дың қазіргі формалары алуан түрлі болуда. Осындай бес форма туралы әңгіме жүргізуге болады.

1.Халықаралық сауда: айналым, тауар құрылымы, географиялық таралуы. Халықаралық сауда – дүниежүзілік шаруашылықтың ең ескі бөлігі, ол ҒТР дәуірінде өзінің тағы бір дамуын бастан кешуде. Сыртқы сауда айналымының өсу қарқыны тұтас алғанда өндірістің өсу қарқынынан алда келеді, 1950-1998 жж дүниежүзілік сауда айналымы 150 млрд –тан 11 трлн долларға дейін, яғни 73 рет артты.

ҒТР дәуірінде дүниежүзілік сауданың құрылымындағы зор ілгерушіліктер болып, ол тауар саудасы және қызмет көрсету саудасы деп бөлінеді. Дүниежүзілік сауданың тауар құрылымында даяр бұйымдардың үлесін арттыру және шикізат пен зақы-түліктің үлесін азайту байқалады. Қызмет көрсету саудасы тауар саудасымен салыстырғанда жылдамырақ өсуде және оған бүкіл дүниежүізілк сауданың шамемен ¼ келеді.

2.Халықаралық қызмет көрсету – жаңа құбылыс емес. Аймақтарға енетін шетелдік кемелерге қызмет көрсету, көп табыс беретін теңіз кемелерін жалдау секілді көлікке байланысты қызмет ертеден қолданылып келеді. Басқа елдердің аймақтары арасында жүк тасу үшін өздерінің теңіз флоттарын беретін елдерді “теңіз арбакештері” дер атайды.

Дүниежүзілік сауда жағдайы көлеңкелі рынок деп аталуымен өте күрделене түсіп, тыйым салынған есірткі заттары, валюта, алтын мен алмас, өнер туындылары, паронографиялық бұйымдар, қару-жарақ және т.с.с заттар жасырын сатылады. Мұндай рынокта тез өтетін тауарларға ұрланған автомобильдер жатады.

Дүниежүзілік сауда географиясының өзгерісіне қарамастан, оның аумақтық құрылымының негізгі белгілері бұрынғысынша қалуда. Мұндай сауда да оның жиынтық айналымының 70 пайызын қамтамасыз ететін Батыстың экономикасы дамыған елдері бірінші орын алады.

Дүниежүзілік сауданы реттеу Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) құрылып, оған 130 ел мүше болды, оған дүниежүзілік сауда айналымының 9/10 тиеді. Енді Ресей, Қытаймен қоса 30 ел ДСҰ-ға қабылдауды күтуде.

Халықаралық несие – қаржы қатынастары; құрылысы мен географиясындағы ілгерілеушіліктер. Халықаралық несие – қаржы қатынастары – бүгінгі күні бірінші дәрежелі мақсатқа ие болып отырған бүкіл дүниежүзілік экономикалық қатынастың ең жас формасы.

Трансұлттық корпорациялар әрекеті салдарынан бұл қатынастар бүкіл әлемді қамтуда, өндіріс және қызмет көрсету объектілерін жасауда тікелей инвестиция деп аталынатын форма ерекшілігі арқылы халықаралық несие – қаржы қатынастары заемдар мен несие беруден, капиталды экспорттаудан байқалады. Қаржы тасқынының географиясында (капиталдың көшіп қонуы делінетін) зор өзгерістер болуда. Егер екінші дүниежүзілік соғыс алдында капитал метрополия елдерінен отар мен жартылай отар елдерге ағылып, тау-кен өнеркәсіптері мен плантациялық шаруашылықтарға салынса, ал ҒТР дәуірінде оны ғылымды көп қажет ететін салалар, қызмет көрсету салаларына салу едәуір тиміді болып, капиталдың қозғалуының “басты көшесі” Батыс Еуропа, АҚШ және Жапонияны өзара байланыстырады. Олардың ішінде қаржылық операциялардың жалпы көлемі жөнінен Батыс Еуропа (әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды) алда, екінші орынды  АҚШ, Үшіншіні – Жапония алады. Оңтүстік елдерінің қаржылық жағдайы жалпы алғанда, өте ауыр, Солтүстік елдеріне жиынтық қарызы 2 трлн. доллардан асып отыр. Алайда, соңғы жылдары Оңтүстікте де капиталды экспорттайтын екі орталық қалыптасты.

Біріншіден, бұл мұнайды экспорттайтын Парсы шығанағы елдері, одан мұнай доллары тасқыны Батыс Еуропа, Азия және Африка елдеріне түсуде. Екіншіден, бұл “Азия жолбарыстары”, ең алдымен Синапур, Ганконг және Тайвань. Капиталдың халықаралық қозғалыстарын үйлестірумен Халықаралық қайта құру және даму банкі, халықаралық валюта қоры айналысады.

Дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлері. Оған өз кезегінде бірнеше формада жүзеге асатын халықаралық өндірістік ынтымақтастықты жатқызуға болады. Біріншіден, бұл әсіресе автомобиль өнеркәсібінде кең қолданылатын өндірістің халықаралық мамандануы және кооперациялануы. Екіншіден, көптарапты негізде өнімді бірлесіп өндіру.

Мысалы; Франция, Ұлыбритания, Германия және Испания А-320 аэробусын бірлесіп шығаратын осы заманғы “ғасырлар жобасының” жүзеге асыруға даярлануда. Мұнда әрбір ел құрастыратын бөлшектердің жеке түрлерін шығарумен айналысыда, ал ұшақты жинастыру Францияның Тулуз қаласында жүзеге асатын болады. Бұл жобаға Ресей де қосылады.

Үшіншіден, бұл шаруашылық объектілерінің күрделі құрылысына жәрдемдесу. Мұндай жәрдемді бұрынғы Кеңес Одағы ондаған социалистік және дамушы елдерге көрсетті: Қазір Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Куба басқа елдерге онан әрі көмек көрсетуде, мысалы, атом энергетикасын дамытуда.

Халықаралық өндірістік ынтымақтастық отандық және шетелдік серіктердің капиталдарын салатын бірлескен кәсіпорындар құруға жетелейді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың тағы бір маңызды формасы ғылыми-техникалық байланыстар болып табылады. Ол көбінесе ҒТР-ға және мемлекетаралық маманданудың өндірісте ғана емес, ғылыми зерттеулер саласында да дамуына байланысты. Мұндай байланыстар ғылыми-техникалық білімді (патенттерді) лицензияларды) халықаралық алмасудан, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды, мысалы, ғарышты зерттеу (“Альфа стансасы”) айналадағы ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мен жобаларды жүзеге асырудан да көрінеді.

 

 

 

 әдебиеттер:

1.Шетелдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы / Под. Ред В.В.Вольского/ - Мәскеу. КРОН-ПРЕСС, 1998.

2.Әлем елдері. Сөздік, 1999. /Под.ред. И.С.Иванова/. Мәскеу, Республика, 1999.

3.Майдан-Әли Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы, 1998.

4.Африка; Энциклопедиялық анықтамалық. – Мәскеу. Советская энциклопедия, 1986.

5.Болотин Б.М., Шейнис В.Л. Дамыған елдердің экономикасы цифрларда. Ғылым, 1988.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-12-06 19:43:34     Қаралды-7672

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »