UF

Көлік қатынасының ғаламданудағы орны және қазіргі дүниежүзінің географиясы

 

Жоспары:

1. Дүниежүзілік көлік географиясы.

2. Көлік қатынасының ғаламданудағы орны.

 

Көлік - географиялық еңбек бөлінісінің негізгі саласы. Көліктік тасымалдың аумағы мен құрылымы, ал көлік желісі мен жүк тасқындарының географиясы өндіргіш күштердің орналасуын көрсетеді. Көліктің өзі де кәсіпорындарыныңғ салалардың, аудандардың және елдердің мамандануы мен кооперациялануына жағдай туғыза отырып, осы орналасуға пәрменді ықпал жасайды. Соның арқасында көлік қандай болсын өндіріс үрдісінің табиғи жалғасы қызметін атқарады.

Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары және көлік құралдары қосылып, дүниежүзілік көлік жүйесін құрайды.

Бүкіл дүниежүзілік көлікте 100 млн-нан астам адам жұмыс істейді. Дүниежүзілік көлік желісінің жалпы ұзындығы 32 млн шақырымнана асады. Жыл сайын дүниежүзілік көліктің барлық түрлерімен 100 мың тоннадан астам жүк және 1 трлн-ға жуық жолаушы тасымалданыды. Бұл тасымалдарға әлденеше млн көлік құралдары қатынасады.

ҒТР көліктің жеке түрлерінің арасындағы еңбек бөлінісіне үлкен өзгерістер енгізді. Темір жол көлігінің ролі тұтас ағанда төмендеді. Ол өзінің маңызын өнеркәсіп және ауылшаруашылық жүктерін жаппай, сондай-ақ жолаушыларды көбінесе орта қашықтыққа тасуда, қала ішіндегі, әсіресе ірі қалалар мен қала агломерацияларындағы  тасымалда сақтап отыр.

Мысалы: дүниежүзіндегі бірінші метрополитен жолы 1863 ж. Лондонда, екіншісі – 1868 ж НьюЙоркте салынды. Қазіргі кезде метроплитендер дүние жүзінің 70 қаласында, соның ішінде КСРО-ның 11 қаласында жұмыс істейді. Ең ұзыны Лондон, Нью-Йорк, Париж, Мәскеу метрополитендерінің жолдары. Жолаушы тасу мөлшері жөнінен дүние жүзінде 1орын Мәскеу метрополитені алады.

Автомобиль көлігі қала ішіндегі және қала маңындағы жолаушы тасымалында алдыңғы орын алады. Пайдаланудың оралымдығының, “есіктен есікке дейін” алып баратындығының арқасында оның қалааралық және халықаралық жолаушы тасымалындағы ролі артып келеді. Теңіз көлігі халықаралық сауданың басым көпшілік бөлігін қамтамасыз етеді, бірақ туристерден басқа жолаушы тасымалына ендігі жерде іс жүзінде қатынаспайды. Әуе көлігі жолаушыларды орта және әсіресе алыс қашықтықтарға тасуда үлкен орын алады.

ҒТР сонымен бірге көлік жолдарының өткізу қабілетінің артуына, түбегейлі жаңа көлік құралдарының шығуына, олардың шыдамдылығының және қозғалу жылдамдығының өсуіне жағдай туғызады. ҒТР-дың бұл көріністерімен өмірде көп кездесеміз. Көліктің барлық түрінің дамуына еңбек өнімділігін 810 есе арттырып отырған контейнерлендіру орасан зор әсерін тигізді.

Контейнерлендіру – (ағылшын. Contian – сыйғызу) – дара жүкті арнаулы металл ыдыс – контейнерлермен тасу. Онымен жаңа көлік құралы  контейнер тасушылардың және арнаулы жүк ауыстырып тиейтін станция – контейнер терминалдарының шығуы байланысты.

Көлік. Құрлық көлігі, негізгі үш түрі.

1.Темір жол көлігі – тасымалдағы үлесінің азаюына қарамастан, құрлық жол көлігінің маңызды түрі күйінде қалады. Дүние жүзінде темір жол жүйесінің орналасуы өте әркелкілігімен көзге түседі. Темір жол 140 елде болғанымен, оның жалпы ұзындығының ½-і “бірінші ондықтағы” елдерге – АҚШ, Ресей, Канада, Үндістан, Қытай, Австралия, Аргентина, Франция, Германия, Бразилияға тиесілі. Желісінің тығыздығы жөнінен Еуропа елдері оқшау тұреді. Темір жол өте сирек немесе мүлде жоқ орасан зор кеңістіктер де бар.

2.Автомобиль көлігі – ХХ ғасыр көлігі. Дүние жүзілік автомобиль жолы желісінің орналасуы темір жол желісінің орналасуына ұқсас. Бетіне қатты жамылғы төселген автожолдың бүкіл ұзындығының 1/2і АҚШ, Жапонияға, КСРО-ға тиесілі. Олар Еуропа елдері мен Жапонияда барынша жиі.

3.Құбыр көлігі. Мұнай, табиғи газ көп өндірілетін немесе олар мол тұтынылатын елдер мен аймақтарда барынша дамыған. Магистральды құбырлардың жалпы ұзындығы жөнінен дүние жүзінде 1-орында АҚШ, КСРО.

4.Су көлігі; теңіз көлігінің ерекше түрі. Теңіз көлігі – дүниежүзілік көлік жүйесінің өте маңызды құрамды бөлігі. Теңіз көлігінің өркендеуі арқасында дүние жүзінде мұхит енді елдер мен континенттерді бөлуден гөрі бір-бірімен қосып тұрады. Ол бүкіл халықаралық тасымалдың жүк айналымының ¾-інен астымын қамтамасыз етеді. Бұл тасымалдарда жетекші орындарды Жапония, АҚШ және КСРО алады. Теңіз кемелері негізінен ауқымды құятын (мұнай, мұнай өнімдері) ақтарылатын және үйілетін (көмір, руда, астық, фосфорит т.б.) жүктерді тасымалдайды.

Теңіз тасымалдарына теңіз сауда флоты қызмет етеді. Оның жалпы тоннажы (сыйымдылығы) 400 млн т асады. 70-жылдардың ортасына дейін бұл тоннаждың жартысына жуығы танкерлер құрады. Қазір супертанкерлер ролі артты. Теңіз кемелері 160-қа жуық елдердің туының астында жүзіп жүреді, бірақ мұнда да басты орынды “бірінші ондық” елдері.

Мысалы: Кейбір дамушы елдердің, әсіресе Либерия мен панаманың үлкен теңіз флотының болуы, әсіресе бұл елдердің туының астында АҚШ, Жапония, Греция, Норвегия, Германия, Ұлыбритания, Италия, Швецияның кемелері жүзіп жүруіне байланысты. Флоттың мұндай “қашуы” дәстүрлі теңіз деравалары кеме иелерінің салықтан, теңізшілердің жалақысынан үнемдеуге тырысуымен байланысты.

Теңіз жолдарының жалпы ұзындығы миллиондаған шақырыммен өлшеніледі. Өйткені мұнайды, көмірді, темір рудасын, астықты теңізбен тасымалдаудың орташа қашықтығы 8-10 мың шақырым. Барлық теңіздер мен мұхиттардағы теңіз порттарының жалпы саны 2,7 мыңнан асады. Бірақ дүние жүзілік деп аталатын порттар, яғни жыл сайын 50 млн тдан астам жүкті аударып тиейтін алып порттар не бары 25. Олардың ішінде оның жүк айналымы 100 млн т-дан асады. Дамыған елдерге барып тұрған сан алуан жүкті қабылдап, жөнелте алатын жан-жақты порттар тән. дамушы елдерде бір жақты маманданған  мұнай, руда т.б. порттары жиі кездеседі.

Ұлы географиялық ашулар дәуірінен бері дүние жүзіндегі көлік қатынасындағы біріншілік Атлант мұхитына жатады. Қазіргі кезде жағаларында 1,5 млрд адам халқы бар 70 ел орналасқан бұл мұхиттың кеме қатынайтын трассаларында бүкіл теңіз тасымалының 2/3і жүзеге асырылады.

Бұл мұхит бассайнінде, сонымен бірге дүниежүзілік портының 2/3-сі, солардың ішінде ең ірісі Роттердам орналасқан.

Мысалы; Роттердам портының жүк айналымы жылына 250 млн т. құрайды. Рейн тармақтарының бірінде теңізден 33 шақырым қашықтықта орналасқан ол Батыс Еуропаның басты теңіз қақпасының қызметін атқарады. Порт оның түкпірдегі аудандарымен Рейн мен Мозельді бойлап жүретін су жолдарымен, темір жол және тас жолдарымен, мұнай құбырларымен жалғасқан. Порттың құрамына теңіз және өзен порттары, аванпорт, арнаулы мұнай, көмір, руда, ағаш айлақтары, элеваторлары бар 50 алап кіреді. Порттың Розенберг аралында орналасқан бір бөлігі Европорт деп аталады. Жыл сайын Роттердам портына тоннажы 300 мың т дейін баратын 30 мың теңіз кемесі кіреді. Порт бір уақытта 375 кеме қабылдай алады. Дүние жүзіндегі аса ірі контейнер порты.

Теңіз тасымалдарының мөлшері жөнінен 2 орында маңызы ұдайы өсіп ьара жатқан Тынық мұхит, үшінші орынды Үнді мұхиты алады. Бұлардың біріншісінде неғұрлым қуатты жүк тасқындары Жапония жағаларында, екіншісі – Парсы шығанағында құрылады.

Теңіз көлігі географиясына дүние жүзілік теңіз трассаларының аса маңызды тораптары  халықаралық теңіз каналдары өте үлкен әсерін тигізеді. Бұл бірінші кезекте олардың ішіндегі аса маңыздылары – Еуропа мен Азия порттарының арасындағы жолды 2-3 есе қысқартатын Суэц каналы мен Панама каналына қатысты. Сонымен бірге Ла-Манш, Гибралтар, Ормуз, Малакка т.б. теңіз бұғаздары үлкен роль атқарады. Бір қызығы олардың кейбіреулері күн сайын өтетін жүздеген кемелерге “тарлық” жасай басады, оның үстіне кейде олардың тереңдігі де ендігі жерде аса ірі кемелер үшін жеткіліксіз болып отыр.

Мысалы: Тәулігіне Ла-Манш бұғазы арқылы 500 кеме, Эресунн (Зунд) арқылы – 175, Гибралтардан – 140, Ормуздан – 100, Малаккадан – 80, Босфордан – 40 кеме өтеді. Ла-Манштың қауіпсіз тереңдігі  3035 км, Каттегаттікі – 26 м, Босфордікі – 27 м, Малакка бұғазынікі – 2035 м. сондықтан аса ірі су пертанкерлері Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға бара жатқан жолында әдетте Ұлыбританияның батыс жағалауына дейін барады, ал Жапонияға бара жолында Зонд немесе Макасар бұғазынан өтіп, үлкен айналма жасауға мәжбүр болады.

“Ішкі су көлігі – көліктің аса ескі түрі. Оның ТМД, Қытай, АҚШ, Германия, Нидерланды, Бельгия үшін маңызы барынша үлкен. Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде ол жеткіліксіз дамыған.

Пайдаланылып жүрген ішкі су жолдарының жалпы ұзындығының шамамен 1/10-ін жасанды жолдар (каналдар) құрайды. оЛардың ішіндегі ең ірілері АҚШ, Қытай, КСРО, Шетелдік Еуропада. Дүние жүзі бойынша көлдегі кеме қатынасының басты ауданы – Ұлы Көлдер. Олар теңіз кемелеріне континенттің түкпіріне қарай 4 мың км-ге кіруге мүмкіндік беретін Әулие Лаврентий өзенін бойлап өтетін терең су жолымен жалғасқан.

Әуе көлігі – көліктің ең жас және серпінді түрі.

Егер әуе көлігімен 1948 ж бүкіл дүние жүзінде 20 млнға жуық жолауышы тасылған болса, 1988 ж 1 млрд-тан астам тасылды. Тұрақты авиажолдар желісі ендігі жерде млн-ған шақырымға созылып, бүкіл жер шарын орап алған. Оның тірек нүктелері – 25 мың аэропорт, олардың ең ірілері күн сайын ондаған миллион жолаушы өткізеді.

Мысалы: Дүние жүзінің аса ірі аэропорттары – Чикаго мен Нью-Йорк (жылына 4045 млн жолаушы), Лондон мен Лос-Анджелес (30-35 млн), Париж бен СанФрансциско (25 млн), Майндағы Франкфурт, Осака, Вашингтон, Гонолулу, Рим, Амстердам, Мадрид, Токио, Каир, Мехико (10-20 млн). Лондонның Хитроу аэропорт арқылы тәулік сайын 100 мыңға жуық жолаушы өтеді. Ол күн сайын 700 ұшақты қабылдап және жөнелтіп отырады, ал қарбалас кездерде қабылдау және жөнелту жиілігі сағатына 100 машинаға жетеді.

Континентаралық жолаушы қатынасында әуе көлігі теңіз көлігін түгелдей дерлік ығыстырып, 1-орынға шықты. Атлантиканы кесіп өтетін авиажолдарда бір мезгілде әуеде жүзге тарта авиалейнер болады. Дүние жүзінде басты әуе державалары – АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Канада, Ресей. Авиация көптеген дамушы елдерде де көліктің маңызды түріне айналды.

Көлік және айналадағы орта. Көліктің жыл сайын айналадағы ортаға кері ықпалы да өсіп келеді. Атмосфераны басты ластаушы автомобиль көлігі, автомобильдердің дүние жүзілік паркі 500 млн машинадан асты. Атмосфераны әуе көлігіде әлденеше мың ұшақтың шлейфтерімен, темір жол көлігі, қатты бөлшектермен ластайды. Көліктің осы түрлері “шуымен ластайды”, құрлық жол көлігі жерді бөліп алады. Су көлігі гидросфераның ластануының маңызды көзі, ол әсіресе мұнай алып жүретін флоттың жұмысымен байланысты.

 

 

 

Әдебиеттер:

1.Шетелдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы / Под. Ред В.В.Вольского/ - Мәскеу. КРОН-ПРЕСС, 1998.

2. Спиридонов И.А. Әлемдік экономика, оқулық. – Мәскеу, ИНФРАМ, 1999.

3.Шетелдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы. /Под.ред В.В.Вольского/ - Мәскеу. КРОН-ПРЕСС, 1998.

4. Витвер И.А. Шетелдердің экономикалық-әлеуметтік географиясының тарихи-географиялық кіріспесі. – Мәскеу, 1963.

5. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Дүниежүзінің экономикалық-әлеуметтік географиясы. – Мектеп оқулығы. – Мәскеу, Просвещение, 1993.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-12-02 19:40:41     Қаралды-10243

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »