UF

Өсімдіктер әлемін қорғау.

         

Жер бетінде тек жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі өседі.

          Өсімдіктер дүниесі-нағыз тіршілік атауларының тірегі. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.

Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты ролі-табиғатты СО2-дан арылтып, оны О2-мен байытып отыруында, яғни ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда О2 фабрикасы міндетін атқарады.

          Өсімдіктің міндеті мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны N2-мен байытады, әрі ең бастысы адамның күнделікті өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарханда қойылатын нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктің дүниесінен алынады.

          Бүгінде адам баласы өзінің қажетіне өсімдіктің 2.5 мың түрін пайдаланатын болса, соның мыңға жуығы мәдени түрде өсірілетін өсімдіктер.

          Пайдалы деген жабайы өсімдіктерді, практикалық маңызына қарай мынадай топтарға бөлуге болып:

1.    Ағаш беретін сүректі өсімдіктер /отын, баға, тал, тіреу ағаш материалдары, фанера т.б./.

2.    Өндіріс салалары мен медицинада түрлі заттар алу үшін пайдалантын өсімдіктер.

3.    Тағамдық заттар беретін өсімдік /консервілеуге/.

4.    Мал азығы ретінде пайдалантын өсімдіктер.

5.    Көгалдандыру мен безендендіру мақсатында және эрозиядан қорғау үшін пайдалантын өсімдіктер.

6.    Өзіндік ерекшелігімен қасиетіне байланысты комплекстік түрде пайдалантын өсімдіктер.

Үрі арша алқабы шығаратын фитонцидтермен үлкен бір қаланың барлық көшелерін микробтарын тазартуға болатындығын анықталған.

         

Жасыл өсімдіктер жер бетіне біркелкі таралмаған, олар түрімен қоры жағынан бір-біріне табиғат белдеулері бойынша ажыратылады.

          Бүгінде Республика территориясында өсімдіктердің 5 600 түрі өсетіндігі белгілі, оның 758 түрі қазақ топырағында ғана өсетін эндемик өсімдіктер.

          Сонымен қатар, өлкемізде сонау ертедегі дәуірлерден бері жойылып кетпей, бізге жеткен, яғни реликті өсімдіктердің көптеген түрлері де өседі. Мәселен, ¬аратауда реликті тобылғасы, Шу-Үлетауында, Жетісу инкавиллиясы өседі.

          Қазақстан флорасының 312 түрі ағаштар мен бұталар, олар жинақталып, тоғайлар мен орман алқаптарын құрайды. Республика орман алқаптарының 19%қылқан жапырақтар,

                                                13% жалпақ қылқан жапырақтар,

                                                54% сексеулдер,

                                                қалғаны 14% бұталар.

          Республика территориясында мал азығына жарамды 400 ге жуық өсімдік өскен көк майса шалғынды жайлымдықтар мен шабындықтар да баршылық. Сол сияқты шипалы өсімдіктердің түрлері 500ге таяу.Қазіргі медицина өнеркәсібінде соның тек 30дан астамы ғана пайдаланылады. Дермене, қылша, қырық буын, қара аңыз киік оты, шайқурай сиқяты дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс. Жылдан-жылға артып отыр.

          Керісінше, Республика территориясында сирек кездесетін өсімдіктердің 306 түрі өсетін болса, оның 20сы жойылып кету қауіпі бар.

          Қазіргі кезде өсімдіктердің дүниесінен 20 мыңға жуық түрлі заттар алынады газ балансына ықпал етіп жер үсті және жер асты суларынан деңгейін реттейді, топырақ қабатын түзіп қалыптастырады, оны шайылудан, жел ықпалынан қорғайды.

          Орман 1 жыл ішінде ауаға 3 тоннаға дейін О2 бөліп шығаратындығы есептелінген. Сол себепті де ормандар планетамыздың ”өкпесі” деп аталуы да тегін емес.

          ªалымдар 1 га самырсын орманның 32 тоннадай түрлі шаң-тозаңдарды тұтып қалатындығының анықтаған. ¬арағаш терекке қарағанда шаңды 6 есе көп мөлшерде ұстап қалатын. Шаң сорғыш мықты қондырғының өзі 97%ке ғана тазарта алады екен.

          Көптеген орман ағаштары /арша, самырсын, шырша/қарағай, емен, терек ағаштары/ ауаға түрлі зиянды микроорганизмдерді жоятын заттарды фитоциатарды бөліп шығарады.

          Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

          Жасыл өсімдіктер әлемі жылына 450 млрд.тоннадай органикалық зат түзеді. Демек, жасыл өсімдік-күнмен тіршіліктің арасындағы дәнекер, яғни тұңғыш рет К.А.Тимерязев қалыптастырған өсімдіктің қосылыстық маңызы осында.

1.    Жасыл өсімдіктер амосфералық ауаны бүкіл тіршіліктің тыныс алуына қажетті оттегімен қамтамасыз етеді.

2.    Жасыл өсімдіктер тіршілігінің нәтижесінде анорганикалық заттар мен судан, бүкіл өсімдіктер, жануарлар мен адамдар керекке пайдаланатын, орасан мол органикалық зат қоры түзіледі.

3.    Жасыл өсімдіктерде түзілген органикалық заттарда, күн сәулесінің энергиясы жинақталады. Соның нәтижесінде, әлемде тіршіліктің дамуына және адамның өндірістік қажетіне қолданылатын энергия қоры жинақталады. (Мысалы, көмір мұнай, торф және т.б.).

Атмосфераны оттегімен толықтыру жасыл өсімдіктерде жүреді.

          Өсімдік адамдар тыныс алатын оттегімен ғана емес, оны тіршілігіне қажетті өнімдермен де (крахмал, қант, белок, май, антибиотик, ағаш, дәрі-дәрмек, витаминдер және т.б.) қамтамасыз етеді.

          Кез келген өсімдіктің құрамында С, О, Н2, N, 45%, 42%, 6.5%, 1.5%. 5%-Mg, Ca, B, Sі, Cl, J, Mz, Zn, Na  т.б. кездеседі.

          Бұл элементтер өсімдікке негізінен топырақ пен ауадан келеді. Олардың табиғатта айналымы өсімдік арқылы жүреді.

          Барлық минералды заттардың айналымы әлемдегі тіршіліктің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етеді. Осы процессте өсімдік басты роль атқарады. Жасыл өсімдіктер әлемі биосферадағы тіршілікті, жалпы газ алмасуды және жердегі су балансын реттеуде басқарушы орын алады. Ол климаттың және топырақтың қалыптасуына, жануарлар тіршілігінің дамуына белсенді әсерін тигізеді.

          Зат алмасудың негізін құрайтын химиялық құбылыстар 2 топқа бөлінеді: ассимиляция және диссимиляция.

          Ассимиляция (лат.сіңіру, игеру) сыртқы ортадан қоректік заттарды сіңіру барысында, жай құрамды қосындылардан организмде күрделі заттардың есептелуі. Энергия сіңіріледі.

          Диссимляция (лат.ұқсамайтын) зат алмасудың кейбір соңғы өнімдерін организмнің сыртқы ортаға бөліп шығаруы және олардың күрделі құрамдардан жай қосындыларға бөлшектенуі. Энергия бөлінеді. Осы 2 қарама-қарсы процестер тек өсімдіктер қатысуымен жүзеге асады.

          Қорғау шаралары:

1.    Қорықтар Ұйымдастыру

2.    Ұлттық бақтар Ұйымдастыру

3.    Қызыл кітапқа енгізу

4.    Зерттеу, бақылау орталықтарын көптеп ашу

5.    Заңды түрде қорғау

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-09-30 19:32:58     Қаралды-27887

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »