UF

Жынысты жолмен көбею. 

Жынысты көбею жайлы түсінік . Аталық және аналық жыныс клеткаларының (гамета) өзара қосыла келіп , бір- бірімен ұрықтану нәтижесінде жаңа организмнің пайда болуын жыныстық жолмен көбею деп атайды.

Жыныс клеткалары ұрықтанғаннан кейін пайда болатын клеткалар зигота деп аталады. Өсімдіктің жыныс клеткалары ұрықтана алмаса, ол клеткалар өсе алмайды, өліп қалады.

      Балдырлар мен саңырауқұлақтардың кейбіреулері, қазіргі гүлді өсіміктердің бәрі де жыныстық жолмен көбейеді. Екі жыныс органдары  бір гүлде болса ,мұндай гүлді қос жынысты  немесе гермафродит деп атайды. Сондай ақ бір өсімдік түрінің бір гүлінде аналық, аталық жыныс органы жеке болса, мұны дара жынысты  гүлдер деп атайды.

       Эволюциялық тұрғыдан өсімдіктердің  жынысты жолмен көбею процесі 3 түрлі болаы. Олардың әрқайсысы өзінше жыныс процесінің жетілуіндегі 3  сатысы. Осылардың ішінде ең қарапайымы-изогамия (төменгі сатыдағы балдырлар мен саңырауқұлақтарда .)

       Изогамиалық жолмен көбейгенде ұрықтанатын жыныс клеткаларының көлемі де, құрылысы да бірдей,  пішні алмұрт жемісінікі сияқты, сүйірлеу, екі-екіден талшық бар. Аталық пен аналығын ажырату мүмкін емес.

Жынысты жолмен көбеюдің екінші түрі-гетерогамия. Жыныс клеткалары әр түрлі, құрылысыда төменгі сатыдағы жасыл балдырлар, қоєыр балдырлар.

Жынысты жолмен көбеюдің соңғы сатысы –огамия. Мұнда жыныс клеткаларының пішіні, құрылысы, физиологиялық қасиеттері айқын жіктелген.

Аналық жұмыртқа клетка, ал аталық- спермотозоид деп аталады. Аналық жұмыртқа клеткасы үлкен, протоплазмасында қоректік зат көп ,ядросы да үлкен, талшықтары жоқ сондықтан қимылдамайды. Ал аталық клетка майда, біршетінде талшықтары бар қимылдайды, ядросы кіші, протоплазмасы аз. Жоғарғы сатыдағы және кейбір төменгі сатыдағы өсімдіктерде болады. Өсімдіктердегі жыныс клеткалары түзілетін органдарды- антерида, аналық жыныс клеткасы түзілетін төменгі сатыдағылардың органын –оогомия, ал  жоғарғы сатыдағы өсімдіктердієкі   архегония деп атайды.  Оогомия бір клеткадан ғана тұрады, ал архегония көп клеткадан тұратын күрделі құрылысты өркен. Жер бетінде жеке өсімдік болып табылады.

 

Ұрпақ ауысу және ядро фазаларының алмасуы.

          Көптеген балдырлар мен саңырауқұлақтардың жыныс клеткалары ұрықтанғаннан кейін пайда болған зиготалардың қабықшасы қалыңдайды да, біраз тыныштық дәуірге көшеді.

          Сондықтан оларды тыныштықтағы споралар дейді. Бұлар тыныштық дәуіріндегі өтісімен-ақ клеткалары бөліне келіп өседі де жас өсімдікке айналады. Бұл жас өсімдіктердің біреулері бұрыңғы өзі өсіпшыққан аналық өсімдіктерге ұқсайтын болса, біреулері одан өзгеше келеді. Бұлардың көпшілігі вегативтік жолмен көбейетін болса, ал кейбіреулері споралар арқылы. Бұл споралар қолайлы жағдай туған кезде аналығына ұқсаған жас өсімдікке айналады. Сонымен ол тағы жынысты жолмен көбейе бастайды. Сөйтіп бір өсімдіктің өзі біресе жыныссыз, біресе жынысты жолмен көбейеді. Бұлардың әрқайсысы өзінше ұрпақ болады, жынысты-жыныссызға, жыныссыз-жыныстыға ауысып, кезектесіп отырады. Мұндай қасиетті ұрпақ ауысу деп атайды.

          Папортниктің даму циклы. Ересек папортник 1 мм, жапырағы қос-қауырсын-телімді, жапырақ тақтасының екі жағында жіпке тізген маржандай қызыл-қоңыр дақтар топ-топ болып орналасқан. Бұлар спорангий, оның сыртынан бір қабат индуизм (жамсылғы) бүркеп жатады. Спорангийдің ішіндегі клеткаларды археспорий деп атайды. Археспорий клеткалары редукциялық жолмен бөліне келіп, олардан жыныссыз жолмен көбейтетін споралар пайда болады. Бұл споралар жетілген соң индуизм қабығы шытынап жарылып, споралар шашылады.

¬олайлы жағдайда спора әрмен қарай бөлінеді. Олардан бірте-бірте өскінше өсіп шығады.

          Өскінше жүрек тәрізді, ойыс келген пластинка төменгі жағы сүйірлеу, ризоидтар өсіп шығады, тамыр қызметін атқарады. Өскіншіде хромосом саны галоидты, өзі-гаметофит жоғарғы жағында архегоний, төменгі жағында антеридий орналасқан. Архегоний-антеридий клеткалары қосылып –зигота түзіледі-диплоидты өсе келе жас папортник пайда болады, яғни спорифитке айналады. Осылай ұрпақ ауысу жүреді (қырықбуын, плаун).

Тұқымды өсімдіктердің даму циклы.

          Аталық пен аналық жыныс органдарында түзілген жыныс клеткасының ұрықтану нәтижесінде тұқым пайда болады. Өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер дейді. Тұқымды өсімдіктердің ұрпағы спорадан емес, өз тұқымының ішіндегі ұрығынан пайда болады. Тұқымды өсімдіктерде папортниктердегі өсімдіктер сияқты көзге айқын көрінетін ұрпақ ауысу циклы болмайды. Оны тек цитологиялық зерттеулер арқылы байқауға болады. Тарихи даму процесінде тұқым гүл мен жемістен бұрын пайда болады. ¦уелі басты тұқым мегаспрофилда пайда болып, ашық жататын болған.

          Ал тұқымы аналық жатынының қабырғасының өсуінен көрінбей, соның қоршауында жататын өсімдіктерді жабық тұқымды дейміз.

          Тұқым алғаш девон дәуірдің тұқымды папортниктерде пайда болады.

          Тұқымды өсімдік 2 топқа бөлінеді: жалаңаш тұқымды, жабық тұқымды.

          Жалаңаш тұқымдыларда-тұқым мегаспрофилдің үстінде ашық жатады, гүл серіктері болмайды (арша мен тиссадан басқаларында папортниктер, саговниктер, бецетиттер).

          Гүлдің негізгі бөлшектерінің бірі-генеративтік (жыныс) органы. Бұл аналықтар біреу немесе бірнеше болады. Аналық органының ауызы, мойыны, түйін (жатын) үш бөлімі болады. Мұндағы негізгі бөлімі жатын (түйін).

          Аталық орган-андроцей көп гүлде топ болып кездемеді. Жіпше және тозаңқап деген бөлімшеден тұрады. Тозаңқапта микроспара болуы түзіледі. Бұл гүлдің аналығын тозандандырады, одан ұрықтанып барып, аналық түйінінен жеміс, тұқым бүршігіне тұқым өсіп жетіледі.

          Бір өсімдікте аталық та аналық та кездессе бір үйлі өсімдік деп аталады (жүгері, пияз, асқабақ).

          Екі үйлі-аталығы мен аналығы ґр өсімдікте болады.

          Тозаңдану және ұрықтану процесі жүреді.

          - Тозаңдану-аталық тозанын (микроспора) аналық ауызына барып түсуі. Өздігінен тозаңдану және айқас тозаңдану 2-ге бөлінеді.

-          Аталық жұмыртқа клеткасы мен аталық жыныс клетка (спермия) бір-бірімен қосылуынан зигота пайда болуын ұрықтану деп атайды.

Тозаңдану мен ұрықтану процесінің аралығында азды-көпті уақыт өтеді. 1-мин, бірнеше жылға созылады.

Ұрықтану.

          Бұған дейін айтылғанындай, аналық аузына түскен тозаң өсе бастайды. Тозаңның интинамен қоршалған құрам бөлігі экзина порасы арқылы сыртқа қарай жылжи келе тозаң түтігін түзеді.

          Тозаңдану мен ұрықтануға қажетті уақыт әр өсімдіктерде әрқалай. Мысалы, кейбір емендерде 12. 14 ай. қандағашта 3-4 ай, орхидейлерде бірнеше апта. Өсімдіктердің басым көпшілігінде бұл кезең 1-2 тәуліктен аспайды, қараотта 3-4 сағат, шытырлақта 1 сағаттан кем, ал көк сағызда 15-45 минутқа созылады. Тозаң түтігінің өсуіне температура ауытқушылығы әсер етеді. Мысалы, сасық мендуана 330С кезінде тозаң түтінің өсуі 110С кезіндегіден 3 есе тез жүргендігі белгілі.

          Тозаң түтігі жатынға жеткеннен кейін өзінің өсуін жалғастырып, тұқым бүршігіне бағытталады және тозаң саңылауы арқылы нуцелусқа, одан ұрық қалтасына енеді. Бұл тозаң түтігінің тұқым бүршігіне енетін әдеттегі жолы, ол порагамия деп аталады. Тозаң түтігінің тұқым бүршігіне енуінің басқа да жолдары бар. Тозаң түтігінің халаза арқылы енуі халазагамия (орман жаңғақ), қайың, қандағаш, ал интегумент арқылы енуі мезогамия (қараағаш) деп аталады. Ұрық қалтасының қабықшасы тозаң түтігімен жанасқан жерде ериді, сөйтіп тозаң түтігі ұрық қалтасына енеді де, жұмыртқа клеткасына бағытталып өседі. Тозаң түтігі ұшының қабықшасы жарылып, одан 2 спермий шығады. Спермийдің біреуі жұмыртқа клеткасымен, екіншісі ұрық қалтасының орталық ядросымен қосылады. Сөйтіп ұрық қалтасына енген екі спермий қосарынан ұрықтануды іске асырады. ¬осарынан ұрықтану ашық тұқымды өсімдіктерде кездеспейді, тек жабық тұқымды өсімдіктерге тән.

          Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан диплоидты зигота, ал диплоидты орталық ядродан триплоидты (триплофаза) клетка қалыптасады. Тозаң түтікшесінің вегативті ядросы және цитоплазмасы ұрық қалтасының цитоплазмасына сіңіп кетеді. Дами келе зиготадан тұқымның ұрығы (диплоидты), ал триплоидты клеткадан эндосперм (триплоидты) пайда болады. Тұқым бүршігінен тұқым жетіледі.

          ¬осарынан ұрықтануды 1898 жылы орман лалагүлінің эмбриогенезін зерттеу барысында орыс ботанигі С.Г.Навашин ашты. Бұл ХҮХ ғасырдағы табиғат тану ғылымдары саласында ең ірі жаңалықтардың биологиялық маңызы зор. Өйткені триплоидты эндосперм ұрыққа қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етумен қатар ата-аналарының тұқым қуалаушылық қасиеттерін беріп, оны нығайта түседі. Егер ашық тұқымдыларда тұқымның эндоспермі аналық гаметофиттің вегатативті гаплоидты ұлпасы ретінде ұрықтануға дейін пайда болса, керісінше жабық тұқымдыларда эндосперм ұрықтанудан кейін пайда болады және ол триплоидты. Жабық тұқымды өсімдіктердің қосарынан ұрықтануының артықшылығы келешек ұрпақтың жоғары тіршілік сапасына ие болуында. Жабық тұқымды өсімдіктердің даму циклі жүгерінің мысалында беріледі.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-09-23 19:40:26     Қаралды-34935

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »