UF

Көбею.  Вегетативті көбею.

 

Көбею- барлық организмге тән тіршілік қасиеттерінің бірі.

Организм көбейгенде артына өзі сиқты ұрпақ қалдырып, сол организмнің санын көбейтеді, оны табиғатта сақтап қалады.

          Организмнің көбеюіне сыртқы ортаның әр қилы жағдайлары әсер етеді. Сондықтан адамзат өзіне тиімді жағына қарай өзгертіп отырады. Зиянды өсімдіктердің көбеюін шектеп, пайдалыларға жағдай жасап, өркендетеді.

          ¦р түрлі өсімдіктердің көбею мерзімі біркелкі болмайды. Кейбірінің көбеюі сол особьтардың өсу мерзімі тоқтағаннан кейін ғана басталады.(бір жылдық және көп жылдық). Кейбір өсімдіктер көбейе бастағаннан кейінде олардың бойының өсуі тоқтамайды (көп жылдық гүлді өсімдіктерде). ¬айсыбір өсімдіктердің өсу процессі  тоқтағаннан соң бірнеше жылдан кейін ғана көбейеді (бамбук).

          Сонымен бірге жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбеюі бір келкі емес. Соған байланысты өсімдіктер монокарпты, поликарпты деп бөлінеді. «Монокарптың -бір жылдық өсімдік (түйежапырақ, бамбук). Вегетациялық дәуірінің ішінде бірақ рет жеміс беріп көбейеді.

          Поликарпты –(көп жылдық өсімдіктер, ағаш бұталар) кемеліне келіп, жасы толысымен жыл сайын жеміс беріп көбейеді.

          Өсімдіктер жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Тарихи даму барысында алғаш қарапайым жыныссыз жолмен көбею келіп шыққан. Бірте-бірте даму күрделенген сайын көбею жолыда  күрделенген деген жорамал. Яғни, жынысты жолмен көбею келіп шыққан жыныссыз көбеюге қараған да жынысты жолмен көбеюдегі пайда болған ұрпақ тіршілік қабілеті күшті келеді. Себебі, жынысты жолмен көбейгенде екі түрлі жыныстық тұқым қуалайтын қасиеттері бірігіп, олардың ұрпақтарында тіршілікке бейімділіктері арта түседі.

          Жыныссыз көбею кезінде ұрпақтың саны көп болады, яғни көбею қарқынды жүреді. Организмнің бөліктері бөлініп, өзінше жеке организмге айналатын болса, оны жыныссыз көбею дейді. Жыныссыз көбею екі түрлі болады:

1.    Нағыз жыныссыз көбею.

2.    Вегетативтік көбею.

Нағыз жыныссыз көбею- өсімдіктің органының сыртынан кейде ішінен клеткалар пайда болып, олар өзінше дербес өмір сүруге бейімделді. Ондай жеке организмге айнала алатын қасиеті бар клеткаларды спора деп атайды.

          Спора- көбіне шар тәрізді, домалақ, кейде өте ұсақ болады. Кейбір спораның бір ұшында талшықтары болады. Бұл талшықтар арқылы споралар ылғалды жерде қимылдайды. Мұндай түрін зооспора деп атайды. Спора түзілетін арнаулы мүшесін-спорангии, ал өсімдіктің өзін спорофит деп атайды.

Вегетативтік жолмен көбею- құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы арқылы, сонымен қатар саңырау құлақпен  қына сияқты төменгі сатылардың денесінің бір «тұтамың арқылы көбеюін атайды.

        Табиғи вегетативтік көбею,  қолдан вегетативтік көбею.

Табиғи вегетативтік көбею өсімдіктің регенерациялық қасиетіне негізделеді.

          Қолдан вегетативтік көбею түрлі хирургиялық әдістермен жүзеге асады.

           Жер жүзіндегі өсімдіктердің көбісі табиғатта вегетативтік жолмен көбейеді. Неғұрлым өсімдік төменгі сатыда болса, солғұрлым өсімдіктің регенерациялық қасиеті күшті. Саңырауқұлақ балдырлардың денесінің кездейсоқ үзіліп қалған бөлігі де өзінше жеке өсімдікке айналып кетеді. Немесе плаун, мүк өсімдіктерінде (талломы) немесе өркені қурап қалса да, олардан өсіп шыққан жас бұтақтар өзінше жеке өсімдікке айналып көбейеді.

          Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерде (папоротник, қырықбуын) 2 түрлі тәсілмен көбейеді.

1.                                                    Мүк пен плаун сияқты өсімдіктердің жер астындағы ересек бөлімдері қурап қалса да, одан өсіп шыққан өркендері арқылы ары қарай өсіп көбейеді.

2.    Кейбір папоротниктердің жапырақ бетінде пайда болатын қосалқы бүршіктері үзіліп түсіп, олардан ары қарай өсіп, өз бетінше жеке өсімдікке айналады.

Тұқымды өсімдіктердің бір және екі жылдық түрлері ғана табиғи вегетативтік жолмен көбейе алмайды, ал көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктердің барлығыда осы жолмен көбейе береді. Оларда мынадай вегетативтік көбеюдің түрлері кездеседі:

                                              1.Өркеннен бөліп көбею.

                   2  Жер бетіндегі өркендерден көбею.

                   3. Жер астындағы өркендерден көбею.

                                        4. Тамыр атпаларынан көбею.

1.    Кейбір өсімдіктердің денесінде пайда болатын өркендер бөлініп, өз алдына жеке өсімдікке айналады. Мысалы, балықоты. ¬ыстан аман қалған бірнеше данасынан жазда аз күннің ішінде тынық судың жарты бетін жауып кетеді. (су өсімдігі).

2.    Кейбір өсімдіктер өзінен жер бетіне көктеп шыққан өркендері арқылы көбейеді. Бұларға:мұртшалар томарша өрбіндерінен, сұлама бұтақтарынан көбейеді: а)Мұртшалар-бүлдірген, қарабүлдірген.   б) Томарша өрбіні дегеніміз-өсіп тұрған сүректі өсімдіктердің дін сабағын арамен кесіп алғаннан немесе дауыл сындырып кеткеннен кейінгі оның орнында қалған томаршадан өсіп шыққан жас шыбықтар (жөке ағаш, тал, қайың т.б).                     ә)  Сұлама бұтақтарынан көбею ол ылғалды жерге сұлап тү скен бұтақтан түп жағынан қосалқы тамыр, өркендер шығады, өседі. Мысалы, арша, тал т.б.  Олардың қосалқы тамыры өркені дін-сабақ қурап қалсада, олар өсу қабілетін жоймай өседі.

3. Кейбір өсімдіктің метаморфозданған өркендері жер астында- топыраққа көмулі жатады. Жер астындағы өркендер топырақ ішімен жылжып, бойлай өсе отырып, әрбір буынынан жер бетіне жаңа өркенін шығару арқылы көбейеді. Мұндай өсімдіктерді тамыр сабақты немесе борықты өсімдіктер деп атайды.

          Сонымен қатар кейбір өсімдіктердің жер астындағы өркендері тамыр сабақта емес, вегетациялық дәуірдің соңында, жер бетіндегі бөлігі олардың қурап, сабақ бөлімінің бой конусы жер бетіне тік қарап жатады. Осыдан көктем шыға жер астындағы қалған бөлігіндегі бой конусынан жас өркен шығады. Бұлар пиязшықты өсімдік деп аталады.(бәйшешек, лалагүлдер, нарцистер, сүмбілдер, пияздар, сарымсақ).

 4.Кейбір өсімдіктердің жанама тамырларында қосалқы бүршіктерінен  өскен  өркенді тамыр атпасы деп атайды. Мысалы,  теректер, сұр қандыағаш, тал, ақ қарағай, сирень, малина, қара бүлдірген, алхоры, сүттіген, шырмауық, жантақ, бақ-бақ.

Қолдан вегетативтік көбейтудің бірнеше жолы бар , оның бірі -телу .

Телу – бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып екінші өсімдік денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплатация деп атайды.

     Телітуші, телінуші. Бұлардың әрқайсысын компоненттер деп атайды.

      Телуге қойылатын шарттар бар. Солар орындалған жағдайда оң нәтиже береді.

       Дәнекерленуі керек телітуші мен телінуші ұлпа көбінесе түрлі флоема, ксилема ағыс жолдары түзілу керек. Телінетін өсімдіктердің систематикалық жағынан жақын алу керек.

       Телу тәсілдері.

1 Жанастыра телу

2 Копулировка

3 Қабық сатынан телу

4 Кесінділе телу

5 Беттестіре телу

6 Жарықшақтап телу

Вегетативтік көбеюдің басқа жолдары. Телуден  басқа да метаморфозданған органдардан көбейту, кесіндіден көбейту, сұлатпа шыбықтан көбейту, түбін ажыратып көбейту, тамыр атпаларынан көбейту жолдары болады.

Түйіннен – түрі өзгерген сабақта ,тамырда болуы мүмкін. Картоп түйнегі сабақтан пайда болады. Бұлар жер бетінде жеке өсімдік болып шығады.

Тамыр түйнегінен георгина пиязшықтары арқылы пияз, лалагүлді, сарымсақ т.б. пиязшығынан өсіріледі. Кесіндіден көбейту , кейде қалемшелеп көбейту деп аталады. Кесінді арқылы көбейту ( жүзім , терек, тал т.б.) сабақ арқылы кесінділеп көбейтіледі.

      Ауксин деген ( фитогормон қосу қажет) ерітіндіге ұстау керек, полюстілігін білу керек(морфологиялық ұшы апикаль және морфолологиялық түбі базальді) .

Сұлатпа шыбықты көбейту.

Сұлатпа шыбық дегеніміз- өсімдіктің вегетативтік жолмен көбейтуге арналған өркендерін өсімдіктің өзінде тамырландырып алған шыбық. Сұлатпа шыбықтан өсіп шыққан  жемістің сорттық қасиеттрі, тұқымнан өсіп шыққандарға қарағанда жақсы сақталады. Кейбір өсімдіктердің сұлатпа шыбықтары, оның тұқымынан шыққан түріне қарағанда тез жетіліп, тез дамиды. Сондықтан көбейтуге арналған сұлатпа шыбықты ауруға шалдықпаған және жемісті өткен жылы көбірек беріп жүрген  бұтақтардан  таңдап алған жақсы.

3 түрлі    Жатқыза сұлату, иілдіре сұлату, тікесінше сұлату.

Түбін ажырата көбейту ( жаздық, күздік бидай, қымыздық т.б.). Түбін ажырату арқылы көбейтілгенде көп тұқым алуға болады.Селекционерлер.

     Тамыр атпалары ( алхоры, қара бүлдірген ,терек т.б.)

           

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-09-22 20:35:34     Қаралды-24198

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »