UF

 

Гүлді өсімдіктер  құрылысы. Вегетативті мүшелер.

Барлық тірі организмдер  сияқты, әрбір өсімдік белгілі бір мүшеден тұрады. Оның белгілі бір құрылысы, атқаратын қызметі болады. Өсімдік денесінің атқаратын қызметіне, құрылысына қарай вегетативтік және генеративтік деп екіге бөлінеді:

        Вегетативтік мүшесіне тамыр, сабақ, жапырақ, ал төменгі сатыдағы өсімдіктерде даму сатысына орай жіптесінді, тканьді қабатты, тамыр қызме,тін атқаратын ризоидар болады.

Генеративтік органдар көбеюге қызмет етеді. Оған: гүл, оның туындылары, жемісі, тұқымы жатады.

Негізгі вегетативтік мүшелердің бастамасы тұқымның ұрығында болады. Қолайлы жағдай туысымен, яғни қажетті температура, ылғал, және ауа жеткілікті болған кездерде тұқым бойына су тартып, ісініпөне бастайды.

Алдымен тамыр өседі, нәтижесінде жас өскін топыраққа бекінеді де одан су мен онда еріген минералды тұздарды бойына сіңіреді. Тамырдың ізінше өркен өсе бастайды. Алғашында  ол иілген болады, біртіндеп түзуленіп жердің бетіне тұқым жарнақтары мен бүршікті көтеріп шығарады. Тұқым жарнақтары көк түске боялып, біраз уақыт жапырақ қызметін атқарады. Бүршік жоғары тік өсіп сабақты, алғашқы жапырақты береді. Тамыр мен тұқым жарнағының шекарасын тамырдың мойны деп атайды. Тамыр мойны мен тұқым жарнақтарының арасын гипокотиль деп атайды.  Ал тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтың арасын эпикотиль деп атайды.

          Ал дара жарнақтыларда бүршік ұрықтың жапырақ пен қоршалған яғни колеоптиль жарықшасы арқылы шығады.

1. Тамыр. Тамырдың негізгі қызметі-өсімдік денесін топырақта ұстап тұру және онан қоректік заттардың ерітінділерін қабылдау. Сонымен қатар тамырда кейбір органикалық  заттар синтезделеді, қоректік заттардың қоры жиналады.(сәбіз, қызылша, шалқан).  

     Анатомия-морфологиялық жағынан алғанда негізгі тамырдың әрқашанда теріс фотопропизмдік, ал гидротропизмдік қасиеттері болады. Алғашқы қабықтың ішкі жағында эндодерма қабаты жатады, ол орталық қабықтан ішкі цилиндрді бөліп тұрады. Сабақ сияқты тамырда көпке дейін ұшынан ұзарып өседі. Жас тамырдың белгілі бір деңгейінен түктер пайда болады. Тамырдың өсу нүктесі өзінің сыртын қаптап жататын тамыр оймақшасы астында орналасады.

Гүлді өсімдіктердің тамыры  тұқымның ұрығынан басталады, оны алғашқы тамыр деп атайды. ¦рбір өсімдік тамырының ұшында үш түрлі түзуші жіктелген өскін аймағы болады. Тамырдың үш түрі-негізгі, жанама, қосалқы тамыр.

Негізгі тамыр деп- тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрін, сабақтан тамыр аралығындағы бөлімінде тамыр мойыны деп аталатын бөлік бар.

Негізгі тамыр әр түрлі болып өзгереді:

1.    Жіп тәрізді тамыр (зығыр). Тамыр мойнынан бастап жіп тәрізді бұтақталған.

2.    Шашақ тамыр. (астық тұқымдас өсімдіктер).

3.    Кіндік тамыр (негізгі тамыр жойылмаған, бұршақ тұқымдас).

4.    Қоректікзаттар жиналған тамыр өзгерістері (шалқан, сәбіз).

Жанама тамыр.

Негізгі тамырдың перецикл қабатынан өсіп, бұтақталып жанама тамыр шығады.

          Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр системасы деп атайды.  Тамыр системасының үш түрі бар: кіндік тамыр системасы, ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады. Шашақ тамырлар жүйесі, ол сабақ пен жапырақтың кез-келген бөлігінен пайда болады. Аралас тамырлардың жүйесі- ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системалары.

2. Өркен бойында сабақ жапырақ және бүршік орналасқан өсімдіктің негізгі мүшесі. Бір тұтас түзуші ұлпа шоғырынан пайда болады. Өркенде төбелік-бүйірлік бүршіктер орналасқан . Олар өркенннің үнемі өсіп, өсу қабілетін жоғалтпайды. Сондықтан өркен үздіксіз өсіп, бұтақтанып өркендер жүйесі қалыптасады.

          Өркенде пайда болған сабақ жапырақ қызметтері өркеннің қызметтерін құрайды. Мысалы:жапырақ фотосинтез, тыныс алу, транспирация т.б.  Сабақ арқаулық, тасымалдаушы қызметті атқарады.

          Бүршік-буынаралық өте қысқарған, түрі өзгерген, демек метаморфозданған өркен. Бүршік құрамында өсетін сабақ, оның өсу конусы (төбесі, ұшы) бірін-бірі жаба орналасқан бірнеше жас жапырақшалары болады. Бұл жапырақшалар қабыршақтар деп аталады.

          Қабыршақтар негізінен бүршіктің өсу конусын құрғап кетуден, әр түрлі температурадан сақтайды. Жабық бүршіктер деп атайды (олар еменде – 20, талда – 2, дара жарнақтарда –1 ғана). Кейбірөсімдіктерде бұл жапырақшалар болмайды, бүршікті өсу конусын ескі жапырақтары жауып тұрады.

          Ашық бүршікте қабыршақтар болмайды.  Тропикалық субтропикалық ағаштарға цитрус тұқымдасына тән. Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай:

1.Гүл бүршігі - қысқарған өркеннің бойында көлемі ірі.

2Жапырақ бүршігі көлемі ұсақ.

3 Вегетативті- генеративті бүршік-метамерлер, гүл немесе гүл шоғыры өсіп шығады.(сирень, ырғай т.б.)

Сабақта өсуіне қарай:

1.    Төбе бүршік- өсіп келе жатқан өркеннің дәл ұшына оның клеткаларымен көбеюі нәтижісінде негізгі өркендері бойлай өседі.

2.    Жанама бүршік қолтық және қосалқы бүршік деп бөлінеді. Өсу конусында жас жапырақшалар болмауынан экзогенді жолмен қолтық бүршіктер пайда болады.

3.    Қосалқы бүршік немесе адвентивті өсу конусының меристемасынан емес, қалыптасқан ересек сабақтан эндогендік жолмен дамиды (вегетативтік жолмен көбейе алады).

4.    Бұйыққан, қыстаған бүршіктер. Қыстаған бүршіктер күзде пайда болып, қыстап келесі көктемде өркендейді.Бұйыққан бүршіктер жылдар бойы өспей, өсу қабілетін жоғалтпай, өзіне қолайлы кезеңде өсуге, өркендеуге бейімделген, сабақ ұлпаларына көмілген бүршіктер.

Өркеннің меристемасының құрылысы.  Бүршіктің ылғалды камерасында өркеннің меристемалық төбесі –апексі (лат. Апекс-төбесі, өсу нүктесі) болады.

      Апекс-өсу орталығы. Оның қайнар көзі иницианальды клеткалар.

Апекс төбесінде бірнеше клеткалар болады, одан (аналық клеткалар). Төменірек меристемалық клетка тобы болады. Орталық меристема- аналық, өзек меристема-сабақ өзегі қалыптасқан. Шеткі-сыртқы меристема-алғашқы жапырақ.

          Инициальды клеткалардан- дерматоген-эпидерма пайда болады.     

Сабақ.Сабақ- жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшесі, өркеннің өстік бөлімі. Сабақ ұшында төбе меристемасының болуына байланысты үнемі ұшынан, сол сияқты қыстырма меристемасынан да өсіп отырады.

          Сабақ тамыр мен жапырақты байланыстырып тұрады.  Сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттар тамырға қарай, ал тамыр арқылы қабылданған су және одан еріген минералдық тұздар мен органикалық заттар жапыраққа қарай жылжиды. Сабақ бұтақтанып, онда жапырақтың ассимиляциялық  беткейі жетіледі. Ол осы беткейді кеңістікте ұстап тұру, оны жарыққа бағыттап тұру қызметін, яғни тіректік қызмет атқарады.

Жоғарыда аталған негізгі қызметтер мен қатар көп жылдық өсімдіктердің сабағында қо заттары жиналады, шөптесін өсімдіктердің сабағында фотосинтез  жүреді және көптеген өсімдіктердің сабағы вегетативті көбею мүшесі болып табылады.

Сабақ морфологиясы.        Сабақтың морфологиясы жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында бірдей емес сондықтан олардың алуан түрлілігін еңсесіне, пішінінен, көлеміне бөліп қарастырған жөн. 

Ағаштардың басым көпшілігі көптеген шөптесін өсімдіктердің сабағы тік бағытта өседі. Мысалы, емен, қайың, жүгері, күнбағыс және т.б.  Шөптесін өсімдіктердің сабағы алғашында  көлбеу өсіп, содан кейін біртіндеп доға тәрізді иіліп барып, көтеріліп барып өсетіндері жиі кездеседі. Бұндай сабақ көтеріңкі сабақ деп аталады.

          Төселмелі деп аталуы өсімдік сабағының жерге төселе көлбеу бағытта өсетіндіктен болса керек. Төселіп өскен өсімдіктердің кейбіреулерінің сабағының топырақ пен жанасқан жерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады, ал сабағы төсемелі болып келетін қияр, қауын, қарбыз, асқабақ жәнет.б. жайылып өсіп, үлкен аймақты қамтиды.

Өрмелегіш сабақты өсімдіктер өзінің өркенін жоғары көтеріп тұру үшін таяныш пайдаланып өседі. Мұндай өсімдіктер лианалар деп аталады. Бұлар тропиктік аймақтарда жиі кездеседі.Лианаларға сабағы жіңішке, механикалық ұлпасы біршама  нашар жетілген, әрі ұзын болып келетін жүйелілік тұрғыдан әр түрлі таксондардың өкілдері жатады.

Сабақтың өсуінің ерекшелігі жертағанды өсімдіктерде байқалады. Бұлардың сабағының өсуі шектелген, буын аралықтары қысқа жапырақтары тамыр мойнына жиналған жертаған жапырақты болып келеді.

          Жұмыр сабақтың көлденең кесіндісінің пішіні дөңгелек тәрізді. Өйткені сабақта механикалық ұлпа айнала шеңбер түзіп біркелкі орналасады.

          Сабақтың қырлы, яғни үш қырлы көлденең кесіндісі-төрт бұрышты, көп қырлы сабақтың көлденең кесіндісі-көп бұрышты болып келуі механиакалық ұлпаның топтанып, орналасқан жерлерінің білеуленіп, қырланып кетуінен.

          Өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне байланысты олардың сабағының тіршілік ету ұзақтығы, консистенциясы және көлем өлшемі әрқилы. Солтүстік америкадағы мамонт ағашы діңінің биіктігі 140м, диаметрі 10м жетсе, Орта Азияның сазды шөлдерінде өсетін қисық бөдене шөптің биіктігі не бары, 1,25 см дейін ғана.

          Консистенциясына қарай сабақ сүректі және шөптесін болып бөлінеді. Сүректі өсімдіктер сабағының сүрек клеткаларының қабықшасына лиглин сіңіп қатайған. Сүректі сабақты өсімдіктерге ағаштар және бұталар, бұташықтар мен жартылай бұталардың көбі жатады. Шөптесін өсімдіктер сабағы негізінен, қатаймаған жұмсақ шөптесін қалпын сақтайды.      

Жапырақ-жоғарғы сатыдағы өсімдіктер денесіндегі фотосинтез, тыныс алу және трнспирация қызметін атқаратын өте маңызды вегетативтік органдардың бірі.

          Жапырақтың ең негізгі бөлімі-жапырақ тақтасы.

Сағақты-сағақсыз, қондырмалы (бидай, жүгері, алоэ) қынапты (бидай, арпа, жүгері т.б) жапырақтар.

Көптеген өсімдіктердің нағыз жапырағының түбінен қосалқы жапырақтары өсіп шығады.

          Барлық өсімдіктің жапырақтары жай және күрделі жапырақ болып бөлінеді.

          Жапырақ тақталары пішіндеріне қарай:қылқан жапырақ,  таспа тәріздес жапырақ (астық тұқымдастар), қандауыр немесе ланцет тәріздес жапырақ (талда), эллипс тәріздес жапырақ (ұшқат), жұмыртқа тәріздес жапырақ (тар тар жапырақ, шамшат), жүрек тәріздес жапырақ (жөке ағашы, қоғажай), ромба тәріздес (қара тал), стрелка тәріздес жапырақ (қымыздықта), жебе тәріздес жапырақ (шырмауықта), бүйрек тәріздес жапырақ, т.б. түрлері кездеседі.

          Жапырақ тақтасының тілшеленуіне, жиегіндегі  кедір-бұдырларына және тіліктеріне қарай:

          -бүтін жиекті (терек, қарағай, сирень, жүгері т.б.)

Бүтін жапырақ тақталарының жиегінде кедір-бұдырларына қарай:

          -үшкір тісті,

          -ара тіс,

          -жұмыр тісті немесе дөңес жапырақ,

          -ойыс жиекті жапырақ,

          Бір жапырақтың негізгі сағағына бірнеше жеке тақташалар орналасқан, бұлар өз алдына жеке-жеке түсіп отыратын болса, оларды күрделі жапырақ деп атайды. Күрделі жапырақ  өсімдік түріне қарай әр қилы болады:

1. Үш қЅлақ -күрделі жапырақ -сағағының  ұшына 3 тақташа орналасқан жапырақтар (беде, жоңышқа, соя т.б).

2. Салалы күрделі жапырақ- сағағының ұшына 3 тен артық тақташа орналасқан жапырақ (бөрі бұршақ, қара сора, қос табан т.б).

3. Қауырсын күрделі жапырақ -бір жапырақтың негізгі сағағын бойлап, оның екі жағына бірдей құс қауырсыны тәріздес орналасқан жапырақ. Сағағының ең ұшына орналасқан тақтаның санына қарай қауырсын күрделі жапырақ екі түрлі болады:

а). Жұп қауырсын-күрделі жапырақ (сары қарағай).

б). Тақ қауырсын-күрделі жапырақ (ақ қарағай).

Мұнан басқа: екі рет жұп қауырсынды- күрделі жапырақ,

                         үш рет тақ қауырсынды-күрделі жапырақ.

Гетерофилия. Өсу ортасының алуан түрлі факторларына байланысты күн нұрының күшіне, сапасына, қоректі заттардың мөлшеріне, температураға, ылғалға байланысты өсімдіктің әр бір бұтақтарында немесе бір ғана бұтағында орналасқан жапырақ тақталарының түрліше пішінді болуы гетерофилия деп аталады.

          Гетерофилияның болуына өсімдік сабағының ксерофиттік, гидрофиттік және мезофиттік деңгейлері, сондай-ақ сол жапырақтың өсіп тұрған ортасы үлкен әсер етеді.(Мысалы. Су сарғалдағы-суда ғана өседі, оның ішінде тұрған өркендерінің жапырақ тақталары қылқан тәрізденіп, яғни шашақталып келеді де, ал сол өркеннің су бетіне шығып тұрған бөліміндегі жапырақтары тақталанып бітеді.)

          Сонымен қатар гетерофилия қасиеті құрғақта өсетін өсімдік түрлерінде де кездеседі. Мысалы: інжір, тұт ағашында, эвкалипті т.б. өсімдіктерде кездеседі.

Жапырақтың жүйкеленуі. Жапырақ тақтасындағы сосуд-талшық шоқтарының орналасу тәртібін жүйкелену деп атайды. Сосуд-талшық шоқтары топырақтан қабылдаған суды және ондағы түрлі минерал тұздарды жапырақ клеткаларына жеткізеді, жапырақтағы фотосинтез процессі кезінде пайда болып органикалық заттарды басқа органдарға таратады. Жапырақ тақтасына мықтылық қасиет береді, жапырақты жыртылып кетуден сақтайды.

              Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырақтары жүйкеленуіне қарай: параллель жүйкелену, доға жүйкелену, қауырсын жүйкелену, тор жүйкелену.

Жапырақтың орналасуы. Өсімдіктердіңі сабағына белгілі бір тәртіппен орналасады.

1.    Кезекті орналасу(бидай, жүгері, емен т.б)

2.    Қарама-қарсы орналасу: Сабақтың әрбір буынынан екіден жапырақ шығады да, олар бір-біріне қарама-қарсы орналасады. (бөдене, шөп, балқурай т.б)

3.    Шоқтанып орналасуда сабақтың бір буынынан 3 немесе одан да көп жапырақ шығады.

Жапырақтың анатомиясы 3 –ке бөлінеді:

1.    Жапырақтың сыртын қаптап жатқан алғашқы жабындық ұлпа эпидермис, (борпылдақ ұлпалары болады.)

2.    Жапырақтың мезофилі.

3.    Сосуд-талшық шоқтары.

         4. Жапырақтың қызметі:

1.    Фотосинтез.

2.    Тыныс алу.

3.    Транспирация.

          Өсімдік денесінде болатын артық судың жапырақ арқылы булану қасиеті транспирация деп аталады.

          Гигрофиттер (қамыс, құрақ, қоға) суды мейлінше көп қажет етеді.

          Мезофиттер-суы жеткілікті жерде ғана жақсы өседі.

          Ксерофиттер-құрғақ жерде өседі. Су жеткіліксіз болса да өсе береді. (тобылғы, қылша, жыңғыл, сексеуіл т.б).

          Транспирация көбіне өсімдіктің лептестіктері арқылы жүреді.

          Жапырақтың түсуі. Кейбір өсімдіктердің жапырақтары бірнеше жылдарға дейін түспей сабағында немесе бұтағын да жасыл күйінде тұра береді. Мысалы: қарағай қылқаны 3-5 жылда, шыршанікі 5-12 жыл, тисса ағашынікі 6-10 жыл, майқарағайдікі 3-10 жыл, вельвичиянікі (Африка) 100 жыл дейін түспей тұрады. Оларды мәңгі жасыл өсімдіктер деп атайды.

Өсімдік органдарының метаморфоздары.

Өсімдіктің негізгі органдарының айналадағы ортаға бейімделе келіп, құрылысы мен түрі өзгеруін және белгілі бір жаңа қызмет атқаруға бейімделуін метаморфоз деп атайды. Өсімдіктерде метаморфоз олардың тарихи даму кезеңдерінде пайда болады, кейін олардың тұқым қуалайтын түпкілікті белгісіне айналады. Өсімдіктің метаморфозданған органдарына, мысалы, сәбіз бен қызылшаның жем тамырлары, лианалардың мұртшалары, кейбір өсімдіктердің сояулары мен тікендері және т.б жатады.

1.    Өркеннің метаморфозы. Өсімдіктің жапырақтары бар бұтағын (сабағын) өркен деп атайды. Капуста кагоны (басы)-жапырақ пен сабақ клеткаларына қоректік заттар жиналып түрі өзгеріп кеткен өркен.

Пиязшық (жуашық)- мұнда сабағы өте қысқарып түрі өзгеріп кеткен, жапырағы қабыршаққа айналып кеткен өркен. Сыртындағы сілдіреген қабыршақтарыда түрі өзгеріп, кеуіп қалған жапырақтар.

Сояу- түрі өзгерген өркен.

Филлокладия-жапырақтары редукцияланып, сабақтары немесе бұтақтары тақталанып, бір жапырақ тәрізді болып түрі өзгерген өркен. Мұны кейде кладодия деп те атайды.

          Редукцияланған жапырақ қолтығынан филлокладия  (кладодия) өсіп шығады да, оның бет жағынан гүлдер пайда болады.  Филлокадиялары бар өсімдік түрлері көбінесе қуаңшылық аудандар да кездеседі. ( мысалы:филлаптус өсімдігі). Нағыз жапырақтан ешқашан да гүл өсіп шықпайды.

          Жапырақ метаморфозы. Өсімдік жапырақтары өскен орталарының әсеріне, тіршілік ерекшеліктеріне қарай өзгергіш келеді. Мысалы: кейбір өркендермен бірге, өсімдік жапырақтарының да түрі өзгеріп, сояуға айналып кетеді. (бос қараған, ақ қараған, кактус т.б).

          Кейбір өсімдік өркендерінің ең ұшында орналасқан жапырақтары түрін өзгертіп мұртшаға айналып кетеді. Бұл көбінесе сабағы ұзындау және жіңішке болып келетін өз денесінің салмағын  өзі тік көтеріп тұра алмайтын өсімдіктерде көбірек ұшырайды.(бұршақ, сиыр жоңышқа, жүзім. т.б).

          Бір сыпыра өсімдіктердің жапырақтары редукциялана келіп қабыршаққа айналып кетеді.Бұған інжугүл, бидай тамыр сабағының, пиязшықтарының қабыршақтары мысал бола алады.

          Филлодия -үнемі жұмыр болатын жапырақ сағағының бірте-бірте өзгеруі салдарынан жапырақ тақтасы тәрізді болып өзгеріп кету. Ол фотосинтез, транспирация және тыныс алу процестерін жүргізіпжапырақ тақтасының қызметін атқарады. (түбіртек, бозкілем, алоэ, балдырған, агава, т.б).

          Сабақтың метаморфозы. Негізгі вегетативтік органның бірі -өсімдік сабағы да метаморфозданып, түрі өзгереді. Сабақ метаморфоздарының түрлері:

          1.Түйнектер-томпайып, түйнектеніп және ет-женді болып түрі өзгеріп кеткен сабақ. Систематикалық жағынан қарағанда жер үсті және жер асты түйнегі болып 2-ге бөлінеді.

          Жер үсті түйнегіне  мысалы:кольраби капустасы.

Жер асты түйнекке мысалы:картоп, жер алмұрты (топинамбур).

          Тамырсабақ-өсімдіктің түрі өзгерген жер астындағы сабағы. Мұның сыртқы пішіні өсімдіктің тамыры сияқты болғанымен, тегі және ішкі құрылысы жағынан алып қарағанда-сабақ. Тамырсабақ бунақ-бунақ болып, топырақ астында көмулі болады.(калуен, бидайық, жыланқия т.б).

          Кейбір өсімдіктің сабағы түрін өзгертіп ет-женді болып, немесе жапырақ тәрізденіп жасыл тақтаға айналып, фотосинтез, тыныс процесіне икемденіп кетеді. Мысалы: кактус.

          Тамырдың метаморфозы. Метаморфозданған тамырдың жемтамыры және түйектамыр деген 2 түрі бар.

1.Жемтамыр (тамыржеміс)-кейбір өсімдіктердің бір тамырларының клеткаларына қоректік заттар көбірек жиналып, олар ет-женді болып жуандап түрін өзгертіп кетеді.(2 жыл. өсім.) қызылша, сәбіз, шалқан, тунепс, шолғам, шомыр т.б.

2.Түйнектамырлар-клеткаларына қор жинап, көлемі ұлғайып, ет-женді болып, түрі өзгерген жанама немесе қосалқы тамырлар оның ұшында бүршіктер болуы мүмкін. Сондай тамыр түйнектерінен келесі жылы жас өркендер өсіп, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюіне мүмкіндік береді. (георгина, қазықұрт, турненс, банан т.б ).

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-09-17 19:42:36     Қаралды-11924

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »