UF

 

Өсімдік Ұлпалары.

Ұлпа дегеніміз- анатомиялық құрылысы жағынан бір келкі, морфологиялық тұрғыдан біртектес және атқаратын қызметі бірдей болатын жасушалар тобын айтамыз.

     Ұлпалар орналасуына қарай алғашқы және соңғы,  орнына қарай сүректелген , тозданған, жұқа қабықшалы және қалың қабықшалы жасуша ішіндегі протопласттың болу және болмауына қарай өлі және тірі жасушаның жіктелуіне қарай- жасаушы немесе түзуші  және түпкілікті болып бөлінеді.

     Жалпы жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ұлпалары тегіне қарай түзуші және түпкілікті болып екі түлкен топқа бөлінеді.

Ұлпалардың түрлері.

I.   Түзуші ұлпалар.(меристемалар)

А төбелік (апикальды)

В  бүйірлік (латеральды)

Г  қыстырмалы (интеркалярлық)

Д  зақымдық (травматикалық)

           ҮҮ. Түпкілікті ұлпалар.

               1. Қорлық ұлпалар.

        2. Жабындық ұлпалар.

       3 Бөліп шығаушы ұлпалар.

4 Арқаулық ұлпалар.

      5 Өткізгіш ұлпалар.

      6 Ауалық  (аэренхими)ұлпалар

      7 Сорушы ұлпалар.

      Өсімдік органдарының ұлпаларының негізгі жасушаларын түзетін, сонымен қатар толықтыратын жасушалар тобын жасаушы немесе түзуші ұлпалар яки меристема деп аталады. Өсімдіктің мүшелері үнемі жасарып, өсіп отырады. Бұл өсуге бейімді жерде өсу нүктесі яғни өсу аймағы болады, сол өсу аймағынан әр қилы түпкілікті ұлпалар пайда болады. Жасаушы ұлпалар өз-ара тығыз жанасып ішіндегі протоплазмасы- толық, ядро –ірі, вакуолярлық ұсақ болып келеді. Жасаушы ұлпалары өздерінің жасына атқаратын қызметіне қарай екі түрлі болып келеді. Олар: алғашқы және соңғы жасаушы ұлпалар.

          Алғашқы жасаушы ұлпа. Өніп келе жатқан тұқымдағы ұрық жасушалары жаппай промеристемалық жасушалардан тұрады. Осы жасушалар бөліне келе жасушалар түзеді, әрі қарай меристемалық қасиетті жоймай сақтап қала береді. Бұл жасушаларды инициалды жасуша деп атайды. Бұлар өсе келе алғашқы жасаушы ұлпаны құрайды.

          Орналасу орнына қарай жасаушы ұлпа- меристема былай жіктеледі. Төбе, бүйір, қыстырма, зақымдық меристема.  Төбе (апикалдық) меристема-өсімдік органдарының ұшында орналасады. Бұның өзі- вегетативтік өркендер төбе меристемасы, гүл өркенінің төбе меристемасы, тамыр ұшының меристемасы.

          Бүйір(латеральдық) меристема-өсімдік сабағы мен тамырының ішкері жағына орналасады, оған жататындар:перецикл, прокамбий, тозкамбий.

          Қыстырмалы меристема-(қырықбуын, астық тұқымды) сабақтардың буын аралығының түбінде, кейбір өсімдіктің жапырағының түбіне қарай орналасады.(жалаңқияқ)

          Өркендердің ұшындағы ұлпалар бой немесе өсу конусы аймағын құрайды. Оның дәл төбесінде өсу нүктесі болады. Өсу нүктесінің жасушалары кариокинез жолымен бөліне, жас клеткалар пайда болады.

           Өсімдіктер сабағының бой конусының жоғарғы жағындағы алғашқы түзуші ұлпалар-промеристема. Олар жіктеле келе түпкілікті ұлпалар түзеді.

1. Дерматоген-бұның жасушаларына алғашқы жабындық ұлпалар эпидермис пайда болады. Бұл бір қатар түзе бойлай көлденең орналасқан.

2. Периблема-дерматогеннің астында бірнеше қабат болып жатқан паренхималық жасушалар тобы. Бұдан алғашқы қабықтың жасушалары өсіп шығады.

3. Плерома-промеристеманың өзек жағында орналасқан орталық цилиндрдің түпкілікті ұлпалары пайда болады.¬азіргі кезде бой конусындағы алғашқы түзуші ұлпаларды 2- ақ қабатқа бөледі.

1. Туника (протодерма, дерматоген).

2. Негізгі меристема (туниканың астында).

Бұлар кейде көлденең бөлінеді, паренхималық клеткалар пайда болады, ұзыннан бөлінеді-прозенхималық клетка пайда болады. Негізгі меристема клеткалары жіктеледі де оның арасында прокамбий пайда болады, оны кейде десмоген деп атайды. Прокамбий клеткалары ұзын және жіңішке болады да, олар ссосуд-талшық шоқтары түзіледі. Тамырдың промеристемасы сабақтыкінен өзгеше. Олар көлденең 3 ярус (қабат) болып орналасады.

          1-қабаттан тамыр оймақшасы мен алғашқы жабындық тканінің клеткалары, 2 –ярусынан алғашқы қабаттың клеткалары 3-ярусынан ортаның цилиндірінде орналасқан түпкілікті ткань клеткалары пайда болады.

 Соңғы меристемаға камбий жатады. Өсімдіктер де кездесетін камбийді бірнешеге бөлеміз. Олар:прокамбий-сосуд-талшық шоқтарын түзеді;  феллоген-тоз түзеді;  перикамбий (перецикл) өсімдік денесіндегі қосалқы органдар пайда болады; Камбий-өсімдік сабағы мен тамырын жуандатып өсіреді.

Түпкілікті ткандер:

Меристема ұлпаларының түзген жасушалары тобын түпкілікті ткань дейді: жабындық, өткізгіш, механикалық, қоректік, бөліп шығарушы ұлпалар.

1. Жабындық ұлпа-жас, нґзік жасушаларды табиғаттың қолайсыз әсерінен қорғайтын органдарының сыртын қаптап тұрған жасушалар тобын айтамыз.

Алғашқы жабындық ұлпа-дерматогеннен (туника пайда болады). Сабақта-эпидермис (он) тамырда-эпиблема.

          Эпидермис-целлюлоза қабаты, кутикула қабаты, кути кула.

          Эпидермис түтіктері пішіні әр түрлі, устьица 2 бүйрек тәрізді клетка (газ, ауа, су алмасу). Соңғы жабындық ұлпа тоздың ауа өткізетін аппараты-жасымықша.

Эпидерманы жоғарғы маманданған екі жақты қызмет атқаратын клеткалардан құралған . Бір жағынан өсімдік сыртқы ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғаса екінші жағынан сыртқы ортамен тығыз байланыстырады. Жарықтың еркін енуіне, жиі газ алмасуды қамтамасыз етеді.

          Эпидерманың бетін кутикула жабады. Үшкі ұлпалардың сыртқы ортамен газ алмасуын және булануын қабық клеткаларының арасында орналасқан устьица саңылаулары орындайды.  

          Эпидерманың басты қызметі-буландыруды азайтып және газ алмасуды реттеу және түрлі ауру тудырғыш микроорганизмдердің енуіне кедергі жасайды. Үшкі ұлпаларды механикалық зақымданудан сақтайды және мүшелерге зор беріктік береді, қабық арқылы сыртқы эфир майлары тамшы су, тұздар бөлініп  шығарады.

          Эпидерма күрделі ұлпа, оның құрамына морфологиялық әртүрлі клеткалар кіреді.

1.    Эпидерманың негізгі клеткалары .

2.    Устьицаның түйістіргіш клеткалары.

3.     Трихомалар, яғни эпидерма клеткаларының өскін, түк сияқты туындылары.

Механикалық немесе арқаулық ұлпалар.

       Беріктік және басқада қосымша қызмет атқарады. Екі түрі бар склеренхима және колленхима.

          Склеренхима-өсімдіктің өстік мүшелерінің беріктігін қамтамасыз етеді. Склеренхиманың екі түрі бар- талшық және склереидтер. Талшық-зығыр, сора, кене, кендір беретін өсімдіктерге тән. Склереидтер- алмұрт, айва жемістерінің клеткаларына және бұршақ тұқымдастарының тұқымдарында колленхима-хлоропласта болады. Колленхиманың үш түрі бар: бұрышты, борпылдақ, табақшалы.

          Механикалық ұлпа –мүшелердің негізгі таянышы болып, оған мықтылық, беріктік қасиет беретін жасушалар тобын атайды.

          Склеренхима, склереида, колленхима.

          Колленхима-жасушалары тірі-өсу қабілетін жоймаған, өсімдік эпидермасының астында болатын. Колленхима механикалық ұлпасының алғашқы түрі. Жас органдарында болады. Бұрышты, тақталы, бұрышты-тақталы, колленхима деп бөлінеді:

          Склеренхима –тін талшығы және сүрек талшығы деп 2-ге бөлінеді.

          Тін талшығы –флоэмда орналасқан, ұзынша талшық.

          Сүрек талшығы- либриформ деп атайды.

          Склереида - қайыршақ клеткалар. ¦р өсімдіктердің әр мүшелерінде кездесе береді, тамырда, жемісте, тамыр-сабағында, тұқымында, жеміс етінде.

Өткізгіш ұлпа.

Өсімдіктердің барлық органдарына қоректік заттарды жеткізуге икемделген клеткалар тобын өткізгіш ткань деп атайды. Үші қуыс, цилиндр, түтікше тәрізді болады. Өткізгіш ұлпа жоғарғы ағыс жол және төменгі ағыс жол деп екіге бөлінеді:

1.Тамыр жүйесінен оның өркендеріне дейін барады. Жоғарғы ағыс  жолынан өсімдік органдарының ксилема немесе сүрек деп аталатын бөлімі және сосуд тәрізді жасушалар. Сосуд тәрізді жасушалар: трахея және трахеида. Трахея өсімдіктегі паренхималық клеткалардан пайда болады. Олар 10см-1мм шөптесін өсімдіктерде, басқаларда бірнеше метрге барады.  Осы әрі ұзын, әрі жіңішке сосудтар мен тамырдан жапырақ тақтасына Н2О және ондағы еріген заттар тез көтеріледі де, фотосинтез процесіне жағдай туады. Трахеида –1,4 мм, 10мм, 120мм прозенхималық жасушадан пайда болады. Су мен минералды тұздарды өткізуге икемделген, бұл жасушалардың тіршілігі жойылған.

1.    Төмен ағыс жолы. Жапырақтан басталып қалған органдарына таралады. Негізі сүзгілі түтік жапырақта пайда болған. Органикалық зат ерітінділері өсімдіктің бүкіл органдарына тарайды, оны қоректендіреді, ал одан артығы өсімдіктің кейбір органдарындағы арнаулы жасушаларда қорға жиналады. Сүзгілі түтік және оның серіктері флоэма. Протофлоэма-алғашқысы, метафлоэма- соңғысы.

           Заттарды ерсілі-қарсылы қозғалтатын ұлпалар төменгі            ағысы жоғарғы ағысы бойынша жүреді. Төменгі ағысында жапырақта синтезделген заттар өсімдік мүшелеріне (тамырға, өсімдіктердің өсу нүктесіне, гүлге т.б.), жоғарғы ағыс тамыры арқылы сорылған су мен минералды заттардың ерітіндісін жер беті мүшелеріне бағыттау. Жоғарғы ағыс- ксилема, төменгі ағыс-флоэма қамтамасыз етеді.

           

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-09-16 21:15:54     Қаралды-10035

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »