UF

ТЯНЬ-ШАНЬ

Тянь-Шань қытай тілінде «аспанмен тілдескен тау» деген мағына береді. Республика территориясындағы ең биік шың - Хантәңірінің абсолют биіктігі 6995 м Тау ландшафттарыньің барлық түрі кездеседі. Тянь-Шань табиғатын оқып білу барысында биіктік белдеу заңдылығы жанжақты қарастырылады.

Географиялық орны. Тянь-Шань таулы өлкесі Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республика жерінің шеңберіне Орталық Тянь-Шань мен Батыс Тянь-Шаньның бір бөлігі, Солтүстік Тянь-Шань түгел дерлік кіреді, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеледі. Тянь-Шаньның Орта Азия шөлді аймағына орналасуы оның климаты мен ландшафттысының қалыптасуына әсер етеді.

Геологиялық құрылысы мен жер бедері. Тянь-Шань таулары ежелгі Орал Тянь-Шань геосиклинальдық белдеуде орналасқан. Геологиялық құрылысы кембрийге дейінгі және төменгі палеозойлық шөгінділердің метаморфтанған қара, жасыл түсті тақтатастарынан, құмтастарынан, гнейсті, әктасты, доломитті жыныстарынан, жанартаулық жыныстардан, гранитті, гранитоидты интрузияларынан түзілген. Жоғарғы палеозой мен мезокайнозойлық континентті, көлтабанды шөгінділері тау іші жазықтарына жиналған. Олар конгломератты саз-балшықты, құмды, малтатасты және саздақты қабаттардан тұрады. Қазақстан жеріндегі Тянь-Шаньның геосинклинальдық жыныс қабаттары палеозойлық каледон мен герцин орогенездерінде қатпарланган. Герциннен кейінгі уақытта палеозойлық тау жоталары пенеплендік процеске ұшырап, мезокайнозойлық тегістелу кезеңдерін өткізген. Неоген дәуірінің басында қалқанды платформалы жазыққа айналған. Ол альпілік орогенез нәтижесінде тектоникалық жарықтар арқылы жеке блоктарға болінген. Осылай опырмалы ойыстардан тау іші жазықтары, орқаш таулардан қатпарлы-жақпарлы тау жоталары түзілген. Олардың тектоникалық амплитудалары солтүстігінде 3000-5000 м-ге, батысында 1000- 3000 м-ге жеткен. Неотектоникалық көтерілу әлі басылған жоқ. Соның нәтижесінде 7-9 баллдық жер сілкінулер болып тұрады. Жер бедері мен биіктік белдеулігінде геологиялық тарихының ізі айқын байқалады. Батысы мен солтүстігінде, шеткі аймақтарында ежелгі каледон қатпарлануынан түзілген аласа тау белдеуін құрайтын Қаратау жотасы мен Шу - Іле таулары орналасқан. Шеткі аймақтарынан орталық бөлігінде өткенде тау жоталары биіктеп, шыңдары үшкірлене береді. Ірі тау жоталары мен биік шыңдарды картадан көрсетіңдер. Тянь-Шань тауларының биіктік белдеулігі тау іші жазықтарының орналасуынан да байқалады. Орташа және аса биік таулары неоген дәуірінен кейін қайта көтеріліп жаңғырған. Сондықтан кейбір тау төбелерінде, мысалы, Кетпен тау жотасында неогенге дейінгі тегістелген қалқанды платформалы жазықтардың жұрнағы сақталған. Ал тау беткейлерін өзен шатқалдары, әсіресе төрттік дәуірдің мұздану кезеңдеріндегі мұздықтар едәуір тілімдеген. Тау етектерінде үйілген шөгінді жыныстардан тау бөктерлері пайда болған. Қазіргі жер бедері жер сілкіну, сел тасқыны, қар көшкіні сияқты табиғаттың апатты құбылыстарына байланысты өзгеруде.

Пайдалы қазбалары. Тянь-Шаньдағы тау жоталары аса биік жоталардың қатарына жатады. Кен рудалары бар жыныс қабаттары жер бетінен терең орналасуы мүмкін. Қазба байлықтары толық зерттелмеген. Қаратау сілемінде полиметалл рудалары мен фосфорит өндіріледі. Тау іші жазықтарынан көмір табылған. Емдік қасиеті бар арасан бұлақтары көптеп кездеседі. Кіндіктас, Шу-Іле тауларының гранит тастары бағалы құрылыс материалдары ретінде пайдаланылады.

Климаты, мұздықтары және өзендері. Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауларының климаты қыста полярлық, жазда тропиктік ауа массаларының әрекеттеріне байланысты қалыптасады. Жалпы солтүстік-батыстан ылғал келетін ауа массалары басымырақ әрекет етеді. Арктикалық ауа массалары мен Сібір антициклоны жиі болады. Соған байланысты күз бен көктемде үсік жүріп, ауыл шаруашылығы орасан зор зиян шегеді. Кейбір жылдардың жаз айларында аптапты ыстық жел соғып, климатты құрғатып жібереді. Сондықтан солтүстігін қоршаған жазықтардың құрғақ континенттік климаты тауға көтерілгенде, қоңыржай ылғалды континентті климатпен ауысады. Климаттың биіктік белдеулігі орташа биік тдулы белдеуде айқын байқалады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 600-800 мм-ге дейін артады. Аса биік таулы белдеуде қыс ұзақ, жаз қысқа болады. Жауын-шашын негізінен қар күйінде түседі. Абсолют биіктігі 3200 м-ден жоғары жатқан тау бастарында жалпы ауданы 860 км омбы қарлар мен мұздықтар кездеседі. Олар өзен аңғарларының бастаулары мен тұйықтарында орналасқан. Мұздықтардан өзендер бастау алады. Ірі өзендерін атап, картадан көрсетіңдер. Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендер Балқаш көлі алабын құрайды. Еріген қар және мұз суымен қоректенеді. Климаттың соңғы кездегі куаңшылығы мен тау алды жазықтардағы егістіктерді суаруға байланысты Іледен басқа өзендер сағасына жетпейді.

 

ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫНЫҢ БИІКТІК БЕЛДЕУЛІГІ

Тянь-Шань тауларының Орта Азияның шөлді аймағында орналасуы табиғат зоналарының биіктік белдеулігіне қалай әсер етеді? Тау сілемдеріне неліктен Алатау деген анықтама қосарланған?

Тянь-Шань тауларын Қазан революциясына дейін П. П. Семенов-Тян-Шанский, Ш. Ш. Уәлиханов т. б. зерттеген. П. П. Семенов-Тян-Шанский география ғылымында табиғат ( зоналарының биіктік белдеулігін тұңғыш рет анықтап, негізгі заңдылығын тұжырымдады. Қазіргі кезде В. М. Чупахин Тянь-Шань тауларының физикалық географиясы бойынша монографиялық еңбек жазып (1963 ж) одан әрі зерттеу үстінде.

Тянь-Шань тауларының биіктік белдеулігі географиялық орны мен тау жоталарының орографиялык, схемасына байланысты қалыптасқан. Оның өзіне тән ерекше айырмашылықтары бар. Біріншіден, Орта Азияның шөлді аймағында жатқандықтан, табиғат зоналарының биіктік шектері Орал, Алтай тауларымен салыстырғанда едәуір жоғары орналасқан, ландшафттарында аридті элементтер басым. Екіншіден, күнгей беткейлері мен теріскей беткейлеріндегі ландшафт құрылымының бір-біріне сай болмауы айқын байқалады. Себебін түсіндіріңдер. Үшіншіден, Солтүстік Тянь-Шань мен Батыс Тянь-Шаньдағы табиғат зоналардың биіктік белдеулігі бірін-бірі қайталамайды.

Солтүстіктен Тянь-Шаньда биіктік белдеуліктің төрт деңгейі бөлінеді. Ландшафт типтері кәдімгі орта азиялық ландшафттармен сипатталады.

Біріншіден белдеуге абсолют биіктігі 1300-1400 м-ге дейінгі тау етегі мен тау іші жазықтары жатады. Мұнда шөл, шөлейт және құрғақ дала зоналары дамыған. Табиғи ландшафттары адам әрекетіне байланысты қайта түлеп, күрделі өзгеріске ұшыраған. Дәнді дақылды егістер, бау-бақша, екпе шөпті шалғындар, өрісті мал жайылымдары бар. Агроөнеркәсіпті жерлері өзен суынан тоғандар тартып суаруды және басқа жолдармен ылғал қорын жинауды қажет етеді.

Екінші белдеуін аласа таулары құрайды. Олар 900-1100 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан. Мұнда қарақышқыл қызыл күрең түсті топырақ типі қалыптасқан. Өсімдік жамылғыларын әр түрлі шөптесіндер, қарағандылы, тобылғылы және шиесабақты бұталар құрайды. Шабындықтарын негізінен мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Шаруашылықта пайдаланылатын жерлерінің 20%-іне суарылмайтын дәнді дақылды егістіктер орналасқан.

Үшінші белдеу орташа биік тауларда тараған. Абсолют биіктігі 1500-1600 м-ден 3200-3300 м-ге дейін көтеріледі. Табиғат зоналарының ландшафттық құрылымында теріскей және күнгей беткейлерінің айырмашылығы айқын байқалады. Теріскей беткейлерде ұсақ және қылқан жапырақты ормандар, шалғынды дала және субальпілік шалғындар, ал күнгей беткейлерде дала және шалғынды дала белдеуі тараған.

Орман ағаштары тек шатқалдарда өседі. Орташа биік таулардың ормандарында қабан шошқа, елік, оқта-текте аю кездеседі. Орман ағаштары 50-жылдарға дейін есепсіз кесіліп, жойылып кетуге аз-ақ қалған. Олардың экологиялық жағдайын жақсартып, ландшафт кешендерінің тепе-теңдігін қалпына келтіру бүгінгі күннің мәселесі болып отыр.

Төртінші белдеу аса биік тауларда орналасқан. Олардың биіктігі 2600-2800 м-ден басталады. Табиғат зоналары субальпілік, альпілік шалғындардан, шалғынды даладан, биік таулы нивальдық және гляциальдық ландшафттардан құралған. Аса биік таулы белдеуде таутеке, барыс, ұлар, тау қыраны мекендейді. Шалғындары жаздық мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия ландшафттарымен бірге Алдыңғы Азия ландшафттары кездеседі, Бұталы белдеуде пісте, бадам, ормандарында грек жаңғағы өседі. Мұнда жеміс ағаштар өсетін тау етегіндегі дала, орташа биік таудағы орманды-шалғын дала, аса биік таудағы, шалғынды дала зоналары тараған. Табиғат зоналарының биіктік шекаралары Солтүстік Тянь-Шаньмен салыстырғанда 100-200 м-ден жоғары орналасқан.

ҚОРЫҚТАРЫ. Тянь-Шаньның табиғи кешендерін қорғау және зерттеу мақсатымен 1926 жылы Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік қорық - Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. Мұнда Орта Азия тауларының табиғи күйін сақтауға және жануарлар (құстың 238 түрі, сүтқоректінің 53 түрі мекендейді) мен өсімдік түрін (өсімдіктің 1200 түрі бар) қорғауға бағытталған жан-жақты ғылыми жұмыс жүргізетін Қазақстанның арнаулы тобы болды. 1935 жылы Алматы қорығы құрылды: ол екі бөліктен тұрады. Бір бөлігі Іле Алатауының орталығында (7,17 мың га), екінші бөлімі Іленің ортаңғы ағысында (18 мың га) орналасқан. Алматы қорығының негізгі мақсаты - Солтүстік Тянь-Шаньның табиғатын қорғау және сирек кездесетін Қалқандағы «Әнші құмды» сақтау.

Табиғат ресурстары. Тянь-Шань таулары жұрттардың жиі қоныстанған табиғи кешендерінің бірі болып саналады. Жер, су байлығы ертеден-ақ пайдаланып келеді. Қазір көкөніс пен жеміс бақтарын өсіру кең өріс алуда. Алматының алма бағы өзін дүние жүзіне танытқан. Соңғы кездерде демалыс орнына жарамды саялы жерлерінің ролі артуда. Курорт, санаторий, спорт кешендері және басқа демалыс орындары көп. Полиметалл, фосфорит кен рудалары өндіріліп, Шымкентте түсті металлургиялық, Жамбылда химиялық комбинат салынып дамыған. Тау басында тұщы су қоры - мұздықтар бар. Бұлардың барлығы ұқыпты да тиімді пайдалануды қажет етеді.

Қар көшкіндері мен сел тасқындары. Тянь-Шань тауларында қар қалың түседі. Арты қарға айналатын күзгі жаңбырдан кейін және көктемгі қар еріген кездерде тау беткейлерінде қар көшкіндері жүреді. Олар жер беті бедерін өзгертеді, өріс малын, тау жүргіншілерін басып қалады, құрылыс орындарын қиратады. Сондықтан қар көшкіндерінің себептерін күні бұрын болжаудың маңызы зор. Қазір одан сақтануға, апат күшіне қарсы шара қолдануға мүмкіндік туған.

Жергілікті жер жағдайына байланысты байқалатын екінші бір апатты табиғат құбылысына сел тасқындары жатады. Күшті сел тасқындары 1921 жылы Алматыда, 1963 жылы Есік, 1973 жылы Медеу, 1977 жылы Үлкен Алматы шатқалдарында жүрген. Олар шамадан тыс көп мөлшерде жаңбырдың жаууына, тау басындағы мұздықтардың еру қарқынының артуына, көлдердің шарасынан көтерілуіне және т. б. жағдайларға байланысты болады. Сел тасқындарын зерттеп, қарсы шара қолдану мақсатымен Қазақстанда селден қорғау Бас Басқармасы ұйымдасқан.

Экологиялық жағдайлары. Табиғи ресурстары ғылыми негізде игерілмеген, табиғат кешендерінің экологиялық ортасы нашарлап, табиғи ландшафттысы азады. Қазір Алматыдағы ауа бассейні ластанған. Іле Алатауының етегіндегі қара сулы белдеу құрғап кеткен. Алматының апорт алмасы бұрынғы даңқынан ажырап қалды. Осы айтылғандар экологиялық ортаның нашарлағандығын дәлелдейді. Оны жақсартудың бірден бір жолы - тау беткейлеріндегі орман белдеуін қалпына келтіріп, елді қоныстар маңындағы жасыл желектің ауданын ұлғайту болып аналады.

Әдебиет: Қазақстанның физикалық географиясы. -Алматы, 1985. -195-196 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-05-04 14:32:18     Қаралды-13424

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »