UF

АДАМНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

 

1. Адамның жануарлардан шыққандығына дәлелдемелер

Адамның шығу тегі туралы ұғымдардыц өрістеуі. Жиһанкездердің адам тәрізді маймылдар туралы, олардың адамға ұқсастығы туралы алғашқы хабарлауы XVII ғасырдың басында пайда болды. К. Лннней өзінің жануарлар әлемі жүйесінде адамды приматтар тобына, шала маймылдар және маймылдармен бірге орналастырды. Ж.Б.Ламарк адамның ағаштарға өрмелеуден, жерде жүруге ауысқан маймыл тәрізді ататектен шығуын бірінші болып жазды. Жүрудің жаңа әдісі денені тік ұстап, қолдарып босатуға және аяқ басының өзгеруіне душар етті. Табында тіршілік етуден сөздің дамуына мүмкіндік туды.

Ч. Дарвин «Адамның шығу тегі» (1871) деген кітабында адамның тірі мақұлықтардың даму тізбегіндегі жоғары құрылымды буынның ең соңғысы екенін, сондай-ақ адам тәрізді маймылдармен арғы ата тегінің ортақ болып келетінін сенімді түрде дәлелдеп берді. Ол адам эволюциясындағы әлеуметтік факторлардың маңызын да атап көрсетті. Бұл проблеманың сыры Ф. Энгельстің «Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің ролі» (1896) деген еңбегінде ашылды. Ол кезде адамның ататек қалдықтары туралы деректер өте мардымсыз еді. Кейінгі кезде олардың сүйек қалдықтары мен еңбек құралдарының көптеп табылуы Энгельс теориясының әділеттілігің өте жақсы дәлелдеп берді.

Адам мен жануарлар құрылысындағы ортақ белгілер. Сол кластағы жануарларга тәи белгілердің барлыгы құрсақта даму көкет, сүт бездері, тістердің үш тетігі (азутіс, иттіс, күректіс), ортаңғы құлақтағы үш дыбыс сүйектері және құлақ қалқаны болғандықтан, адам сүтқоректілерге жатқызылады, адамның барлық мүшелер жүйесі сүтқоректілердің мүшелер жүйесіне ұқсас.

Адамда арғытектеріне тән белгілер - рудименттер (латынша - қалдық) және атавизмдер (латынша - арғы ататек) болады. Біраз мысалдар қарастырып көрейік.  Адам қаңқасыңдағы құйымшақ - рудимент; ол өсіп жетілмей, өзара бітісіпкеткен төрт (қейде бес) омыртқалардан кұралады. Адам бүйенінің бастапқы мәнінен айрылған кұрт тәрізді өсіндісі - соқыр ішек көптеген сүтқоректілердің асты қорытуына қатысады. Құстарда, жорғалаушыларда жақсы өсіп жетілген, көздің ішкі қиығында үшінші қабақ рудименті сақталып қалған. Адамда небәрі 90-нан астам атавизм бар деп есептеледі.

Адамдардың атавизмдерден: құйрығы, денесінде қалың түгі,қосымша емшектері болып туатын жағдайлары да болады. Осы фактілердің барлығын адамның тек жануарлардан шығуымен ғана түсіндіруге болады.

Сурет - Адамдағы рудименттер

Сурет - Адамдағы атавизм

 

Адам мен жануарлар ұрықтарының дамуындағы ұқсастықтар. Адам да жануарлар тәрізді өз дамуын ұрықтанған жұмыртқадан бастайды. Жұмыртқа бөлшектеніп, тканьдер түзеді де, дене мүшелеріне бастама береді. Адам құрығындағы белгілердің көпшілігі басқа омыртқалылардың ұрығына ұқсас. Балықтың ұрығы тәрізді онда желбезек саңылаулары білінеді; жүрегі - қабырғалары соғып тұрған түтік тәрізді; жұмыртқалайтын хайуанаттардыкы тәрізді клоакасы да бар. Адам ұрығының 1,5-3 айлық кезінде омыртқа жотасының құйрық бөлігі едәуір дамиды. Бір айлық адам ұрығының миы балық миына ұқсас бес ми көпіршіктерінен құралады. Үлкен ми сықарларыбіртіндеп басқа бөліктерге қарай жылжиды. Үлкен ми сыңарларының қыртысында мидың беткі аумағын ұлғайтатын жүлгелер мен иірімдер пайда болып, ми ақыр аяғында адамға тән кұрылыс ерекшеліктеріне ие болады.

Сурет - Үш апталық адам (жоғарыда) және. Адамның миы.

               скат (төменде) урығы.

 

Адам мен адамтәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы. Адамға құрылысы және физиологиялық ерекшеліктері бойынша басқа жануарлардан гөрі жақын адамтәрізді маймылдар: шимпанзе, горилла, орангутан және соларға ұқсас гиббондар болып табылады.

Адамтәрізді маймылдардың адамға ұқсастықтары өте көп. Олар қуану сезімін, ызалануды, уайымдауды, балаларға мейірімді болып, қамқорлық жасауды, тыңдамаса жазалауды білдіре алады. Олар есінде сақтай алады, жоғары дәрежелі нерв қызметі ерекше дамыған.

Адамтәрізді маймылдар қолына түскен нәрселерді қарапайым құрал орнына пайдалана алады. Олар тек нақтылы ғана ойлай алады: сыртқы дүниені сезім мұшелеріне тікелей әсер еткен тітіркендіру арқылы қабылдайды. Нәрсені көрмей тұрып, дерексіз топшылауға, яғни оны ұғынуға маймылдың қабілеті жетпейді («Жануарлар» бөліміндегі адамтәрізді маймылдар туралы еске түсіріңдер). Олар қолдарын жерге таянып, артқы аяқтарымен жүре алады, саусақтарында тұяқ емес, тырнақ, 12-13 жұп қабырғасы, 5-6 сегізкөз омыртқалары, саны адамдардікіндей күректіс, иттіс және азутістері болады.

Сурет - Адамтәрізді маймылдар.

 

Адамтәрізді маймылдар мен адамның каңқасы және ішкі дене мүшелерінде де ғажап ұқсастықтар байқалады. Адамның құлақ, көз, тері құрылысы адамтәрізді маймылдардың дәл сондай мүшелеріне өте ұқсас. Бұл маймылдар қаңындағы қызыл клеткалар төменгі сатылы маймылдардағыдай адам қанында бүлінбейді; шийпанзе, горилла және орангутаннан адамға тән қанның 4 тобы табылды; оларға ауру (тымаусүзек, шешек, тырысқақ, іш сүзегі және т. б.); да, паразит (мысалы, шашта болатын бит) те ортақ; хромосома аппараты ғажап ұқсас болып шықты. Осылардың барлығы адам және адамтәрізді маймылдар туыстығын күмәнсіз дәлелдейді.

Адам екі аяғымен жүреді, оның денесі тік жүруге бейімделген. Ми сауыты мен бетсүйегі бөлігіп, омыртка жотасы мен оның иілген жерін, кеуде бөлігін, жамбасы, қолдары, аяктары, аяқ басын салыстыра отырып, маймыл мен адам каңкасында ұксастыктар мен айырмашылыктарды атап көрсетіңдер.

Адам миының көлемі шамамен 1400-1600 см3, ал адам тәрізді маймылдікі -600 см3 Адамның ми сыңарлары кыртысының беткі аумағы орташа есеппен 1250 см2, ал адам тәрізді маймылда ол 3,5 еседей кіші. Адамда ми жүлгелері мен иірімдері күшті дамыған, мидың төбе, маңдай және самай бөліктерікөбірек дамып 26, олар негізінен жоғары сатылы орталық нерв жүйесімен байланысады. Адам және адамтәрізді маймылдардың морфологиялык айырмашылыктары ұрыктары мен сәбилік шағында ересек шағындағыдай айкын білінбейді.

Сурет - Адам және адамтәрізді маймылдар қаңқасы және миы

 

Адамтәрізді маймылдар түрлерінің әрқайсысы бір белгісі бойынша адамға жақын, енді бір белгісі бойынша адамнан алшақ болады. Горилла денесінің жалпы мөлшерлестігі, қолбасы, аяқ басы, жамбасының құрылысы және басқа да бірсыпыра ереқшеліктері бойынша адамға жуықтау болып келеді. Гориллаға қарағанда шимпанзе бассұйек құрылысы, аяқтарының мөлшері бойынша адамға өте ұксас. Адамдікі тәрізді орангутанда да 12 жұп қабырға болады. Гиббонның бассүйек құрылысы (жатық пішінді), кеуде бөлігінің жазықтығы және басқа белгілері адамнан айнымайды. Адамға қай маймылдардың жуығырақ екенін айту оңай емес; ғалымдардың көпшілігі шимпанзені басқа маймылдардан адамға жуық деп жорамалдайды. Қазіргі маймылдардың бірде-бірін адамның тікелей арғы тегі деуге болмайды.

Адам және адамтәрізді маймылдар арасында маңызды сапалық айырмашылықтар бар. Адамның тіршілік негізі коллективтегі еңбек әрекетінен, құралдар жасап, оларды қолдана білуден құралады.

Адам қоғамда өмір сүреді және қоғамдық-әлеуметтік заңдарға бағынады. Ол саналы және сөйлей алады, соның арқасында адамдармен қарым-қатынаста болады, еңбек тәжірибесімен алмасып, оны жинақтай түседі. Адам дерексіз ой топшылап, ғылым мен өнерді дамытуға қабілетті. Адамға тән бүкіл осы сапалардың барлығы адам қоғамының дамуымен тығыз байланыста дами береді.

 

Антропогенездің қозғаушы күші (факторлары)

 

Адам эволюциясының - антропогенездің биологиялық факторлары. Дарвин органикалық дүниенің негізі эволюциялық факторларын, яғни тұқымқуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталудың адам эволюциясына да катысты екенін көрсетіп берді. Солардың арқасында ертедегі адамтәрізді маймылдардың организмі біркатар морфологиялық және физиологиялық өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде тік жүруге қалыптасты, аяқ пен қолдың қызметі ажырады.

Антропогенезді бір ғана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Оның сапалық сипатын Ф. Энгельс әлеуметтік факторларды: еңбек, қоғамдық тіршілік, сана және сөзді көрсете отырып, айқындап берді.

Еңбек - адам эволюциясының маңызды факторы. Еңбек еңбек құралдарын дайындаудан басталады. Энгельстің сөзімен айтқанда: бұл «бүкіл адам өміріндегі бірінші негізгі шарт, мұның өзінде біз белгілі мағынада: адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз». Еңбек антропогенездің негізгі қозғаушы күші болып табылады, адам еңбек құралдарын өзі жасайды. Құрылымы өте күрделі жануарлар нәрселерді даяр құрал ретінде пайдалана алса да оларды өздері жасай алмайды.

Жануарлар тек табиғат тартуын ғана пайдалана алады, адам болса, оны еңбек процесінде өзгертеді. Табиғатты жануарлар да өзгертеді, бірақ әдейі емес, тек табиғатта болып, сонда өмір сүргендіктен ғана солай жасайды. Олардың табиғатқа еткен әсері адам әрекетімен салыстырғанда түк те емес.

Біздің маймылға ұқсас ата тегіміздің морфологиялық .және физиологиялық өзгерістерін антропоморфоз деп атаса дұрысырақ болады, өйткені олардың тууына себепші болған негізгі фактор - еңбек - ол тек адам эволюциясына ғана тән құбылыс. Әсіресе, тік жүрудің пайда болуының маңызы зор болды. Маймылдардың деңе мөлшері мен салмағы артып, жотасында 8 тәрізді имек пайда болды, сөйтіп оған солқылдақтық қасиет берді, аяқ басы күмбезденіп, серпімі артты, жамбасы кеңейіп, сегізкөзі бекемделді, жақсүйек аппараттары бұрынғыдан жеңілдене түсті және т. б. Адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Бұл тұқым қуалау өзгерістерін сұрыптаудағы еңбек әрекетіне пайдалы өте ұзақ процесс болды. Ол шамамен миллиондаған жылдарға созылды. Тік жүрудің тіршілікте қиындықтары да аз болған жоқ. Ол жүріс жылдамдығын баяулатып, сегізкөзді қимылсыз қалдырды, мұның өзі тууды ауырлата түсті, ұзақ тұру және ауыр салмақ көтеру аяқ басының жалпақ табан болуына сондай-ақ аяқтардағы вена тамырларының кеңеюіне душар етті. Оның есесіне тік жүрудің арқасында қолдар босап, еңбек құралына пайдаланылды.

Ф. Энгельстің және одан бұрынырақ Ч. Дарвиннің пікірі бойынша тік жүрудің пайда болуы маймылдан адамға қарай бағытталған жолдағы шешуші қадам бола бастады. Тік жүрудің арқасында адамның маймылдар тәрізді ататектерінің жерде жүргенде денесін қолымен жерге таянып сүйемелдеуден босап, әртүрлі .қимылдар жасауға бейімделе түсті.

Адамның алғашқы қалыптасу процесінде қолы нашар дамығандықтан, тек қарапайым әрекеттерді ғана орындайтын болды. Алдыңғы аяқтарының жұмыс істеуге пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістері бар особьтар табиғи сұрыпталу кезінде басымырақ сақталып қалды. Ф. Энгельс қол тек еңбек ету мүшесі ғана емес, еңбек өнімі де болып табылады деп жазды.

Адам және адамтәрізді маймылдар қолының айырмашылығы өте үлкен: бірде-бір маймыл өз қолымен тіпті қарапайым тас пышақты дайындап бере алмайды. Біздің маймылға ұқсас ататектің айналадағы табиғи ортадағы нәрселерді құрал ретінде пайдаланып, оларды әзірлеуіне аса ұзақ уақыт қажет болды.

Ең қарапайым еңбек құралдары адамды айналадағы ортаға тәуелділіктен аз да болса құтқарып, оның ой-өрісін кеңейтеді, сөйтіп табиғат нәрселерінен жаңа, белгісіз қасиеттерді ашуға жәрдемдеседі; ақыр аяғында ой-өрісін еңбек құралдарын одан әрі жетілдіруге пайдаланады.

Еңбек әрекетінің дамуы биологиялық заңдылықтар әсерін әлсіретіп, антропогенезде әлеуметтік факторлар ролін күшейтті.

Қоғамдасып тіршілік етудің адам эволюциясы факторы екені. Маймылдар табында өмір сүргендіктен, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипатта болды. Ф. Энгельс табиғатта қауымдаспайтын жануарлар арасынан ең қоғамшыл тіршілік иесі адам ата тегін іздестірудің өзі дұрыс еместігін дәлелдеп берді.

Маймыл іспеттес адам ататектерінің табындасуы қауымдағы ерекше фактор есебінен дамыды.

Сондай фактордың бірі еңбек еді, ол қолдың еңбек ету мүшесіне айналуына тығыз байланысты болды.

Еңбек қоғам мүшелерінің топтасуына жәрдемдесті; олар коллектив болып аңдардан қорғанды, бала тәрбиеледі. Ересек қоғам мүшесі жастарға табиғи материалдарды іздеп табуды және құрал дайындауды үйретті, аң аулау тәсілдері мен отты сақтап қалуға баулыды. Еңбек процесінің дамуына қарай өзара жәрдемдесудің пайдасы айқындала түсті.

Біздің ататектің ерте кезден-ақ тағамға ет пайдаланғаны ежелгі аң және балық аулау құралдарынан белгілі болды. Дұрыс ұқсатылып, отқа пісірілген тағамды шайнауда оңай. Сондықтан маймылдың қуатты шайнау бұлшықеттері бекінген төбесүйек қыры биологиялық маңызынан айрылып, табиғи сұрыпталу процесінде біртіндеп жойылып кетті; өсімдіктекті тағамнан аралас тағамға көшу салдарынан ішек қысқарды. Отты пайдалану суықтан және аңдардан қорғануға жәрдемдесті.

Табиғатты танып білудегі өмір тәжірибелері ұрпақтан ұрпаққа жинақталып, жетілдіріле берді. Қоғамдасып өмір сүргенде бірімен-бірінің өзара қарым-қатынасына мүмкіндік мол болды: қоғам мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі ишарат, дыбыспен хабарласуды талап етті. Алғашқы сөздер еңбек процестеріне байланысты болып, іс-әрекетті, жұмысты белгіледі, ал нәрселердің аттары кейінірек пайда болды. Маймылдардың нашар дамыған көмекейі және ауыз мүшелері тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталу нәтижелерінде адамша түсінікті сөйлеу мүшелеріне алмасты. Адам да жануарлар тәрізді қоршаған әлемнен сигналдарды сезім мүшелерінің тікелей тітіркенуі арқылы қабылдайды -бұл бірінші сигналдык, жүйе. Алайда адам сигналдарды сөз арқылы қабылдауға да қабілетті - оның екінші сигналдык, жүйесібар. Екінші сигналдық жүйе адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің сапалық айырмашылығын кұрайды.

Біздің ататектің ақыл-ойының белгілі бір даму сатысында сөз пайда болып, мидың одан әрі дамуына, ойлау процесіне ықпал тигізді. Сөздің арқасында нақтылы өмірде бар нәрселерден дерексіздік туғызып, қорытындылау, абстракты ойлау мүмкіндігі тек адамға тән қасиет. Сөз - адамдар арасындағы қарым-қатынастың, аға ұрпақтың болашақ ұрпаққа тәжірибесін беріп, адам тәрбиелеудің маңызды құралы.

Ататектің бірлесіп еңбек ету процесі негізіндегі қарым-қатынас сөз арқылы күшейіп, қоғамдық катыс дамыды. Біздің ататек эволюциясы әлеуметтік және биологиялық факторлардың бірлесуі арқылы жүрді. Табиғи сұрыпталу адам қоғамы эволюциясында біртіндеп маңызын жойды. Еңбек құралдарын және тұрмыстық нәрселерді дайындаудағы еңбек процесінің күрделіленуі, түсінікті сөз және ишарат, ым міне, осылардың барлығы мидың және сезім мүшелерінің дамуына жәрдемдесті.

Ми, ойлану, сананың дамуы нәтижесінде еңбек пен сөз жетіле түсті. Ұрпақтарда еңбек тәжірибесі бұрынғыдан да толығырақ жақсы сабақтасты. Адам ойының жоғары дәрежеде осынша мол дамуына тек коғамда ғана мүмкіндік болды.

Егер адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері тұқым қуалау арқылы берілетін болса, коллектив болып еңбек етуге, ойлануға және сөйлесуге деген қабілеттілік ешқашан да тұқым қуалау арқылы берілген емес, қазір де тұқым қуалау арқылы берілмейді. Адамның бұл ерекше қасиеттері тарихи пайда болып, әлеуметтік факторлар әсерінен жетіле түсті, сөйтіп әрбір адамда жеке даму процесінде тек қоғамда гана тәрбиелеу мен білім беру арқасында өрістейтін болады. Өте жас шағында баланы адам қоғамынан айтарлықтай ұзақ мерзімге оқшау ұстаған жағдайлардың бар екені мәлім, міне сонда қалыпты жағдайға қайта оралған балада адамға тән сапалардың мүлде нашар дамитыны немесе дамымайтыны анықталды. Мұның өзі бұл сапалардың тұқым қуаламайтынын дәлелдей түседі. Аға ұрпақ тәрбие және білім беру процесінде тәжірибесін, білімін, рухани байлығын келесі ұрпақтарға беріп отырады.

Адамның маймыл іспеттес ататектері еңбек, сана, сөз арқасында жаңа заңдар, К. Маркс пен Ф. Энгельс ашқан әлеуметтік - адам қоғамы заңдары негізінде дамудың ерекше жолына - адам болу жолына түсті. Адамдар бірімен-бірі жаңа әлеуметтік катынаста болды, олардың еңбегі әлдекайда сан салалы бола бастады. Олар тек өсімдіктерді жинау, аң, балық аулаумен ғана шұғылданып қоймай, егін екті, мал өсірді. Тұрмыс қажетіне байланысты еңбек салалары: жіп иіру, тоқыма току, қыштан ыдыс жасау, металл өңдеу, т. б. пайда болды. Сауда, өнер, дін, ғылым туындады. Тайпалардан ұлт және мемлекет түзілді.

Сонымен биологиялык, факторлар (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлар (еңбек әрекеті, тіршіліктің қоғамдык бейнесі, сөз және ойлау) антропогенездің қозғаушы күші болды.

 

4. Адам эволюциясының бағыттары. Өте ертедегі адамдар

 

Адам және адамтәрізді маймылдардың ортақ ататектері. Бунақденелілермен қоректенетін алғашқы ұсак сүтқоректілердің арасынан мезозой эрасында өткір тістері де, тырнақтары да, қанаттары да, тұяқтары да жоқ хайуанаттар тобы бөлініп шықты. Олар жерде де, ағаш басында да өмір сүріп, жемістер мен бунақденелілерді қорек етті. Шаламаймыл, маймыл және адам тармақтары осы топтан басталды. Демек, адам және адамтәрізді маймылдар өзара жақынтуыстас болып келеді. Бұл жалпы туыстык, бағанасының әртүрлі тармақтары.

Жер шарының солтүстік және оңтүстік ендіктерінде климаттың салқындауына байланысты дала ормандарды ығыстыра бастады. Осындай жағдайларда өте ертедегі адамтәрізді маймылдардың бір тобы еңбек құралдарын жасау, еңбек мүшесі ретінде колдың дамуы, екі аяқпен жүру, құрлықта тіршілік етуге бейімделу эволюциясы жолымен өтті. Оларға жердегі жаңа ортаны игеру процесінде осы кеңістікті бұрынырақ иемденіп алған баска жануарлармен тіршілік үшін қиян-кескі күрес жүргізуге тура келді: олардың біреуінің қуатты иттіс және өткір тырнақтары болса, екінші біреулері жылдам жүгіретіндігімен, үшіншілері бұлшықеттерінің күштілігімен ерекшеленді. Маймылдарда мұндай сапа болған жоқ, бірақ жалпы дене мөлшерімен салыстырғанда ми көлемі айтарлықтай үлкен болды. Маймылдар ағаш басында тіршілік етіп жүрген кезеңде де айналадағы жағдайларды бағдарлағыш, олар өте жақсы естиді, сондай-ақ алға шығыңқы және біріне-бірі жақын орналасқан көздері затты аумағымен көре алады. Қолдары көптеген қызмет атқаруға: жармасуға, жібермей ұстауға, нәрселерді лақтыруға бейім болды; олар қолымен бұтақтарды қармап, ілініп тұрды, ұя жасады.

Эволюцияның бұл кезеңінде тұқым қуалау өзгергіштігінің әртүрлі формалары мен пайдалы өзгерістері бар особьтарды) сұрыптау жетекші роль атқарды. Табында өмір сүру күшті жыртқыштармең күресте, ұрпактарына камқорлық жасауда, тәжірибені табыстауда жәрдемін тигізді.

Біздің бұрыңғы ататектеріміз кұрлықта өте ұзақ кезеңдерді екі аяқты мақұлық ретінде өткізіп, жетіле түсті. Маймылдардыңкөпшілігі тіршілік үшін күресте өліп қалды. Табиғи сұрыпталу процесінде пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістері ұрпақтан ұрпаққа сұрыпталып, сақталып қалды.

Сурет - Питекантроп адамының сүйектері

 

Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдары және кейініректе Оңтүстік Африкадан австралопитек (латынша «аустралис» оңтүстік және грекше «питек» - маймыл) деп аталған мақұлықтардың қалдықтары табылды. Бассүйек, тіс және қаңқасындағы басқа бөліктері бойынша австралопитектер қазіргі адамтәрізді маймылдарға қарағанда адамға едәуір жуық тұрды. Олардың ми сауыты едәуір үлкен, бассүйегі тартыңқы және қазіргі адамдардікіне ұқсас тістері болды. Ең ғажабы жамбас сүйегінің құрылысы адамдардыкінен аумайды. Бұлар - екі аяқпен жүретін өте жетілген адамтәрізді маймылдар. Олар денесіне таяныш болу және жүру қызметін атқарудан босаған алдыңғы аяқтарының жәрдемімен табиғаттағы нәрселерді кұрал ретінде пайдалануға, кейінірек ұсақ жұмыр тастардан құралдар дайындап алуға мүмкіндік алды. Ешқандай талассыз адамның арғытектері деп санауға тура келетін баска формалар да австралопитектермен қатар тіршілік етті. Сондыктан да көптеген ғалымдар бұл топтағы адам эволюциясының тұйыкталған тармағы болар деп жорамалдады.

1959-1980жылдарда Шығыс Африкада австралопитектердің бұдан 5 миллион жыл бұрын өмір сүргені ашылды. Олардың ен кейінгілері - адамның тікелей ататектері және іскер адам деп аталды. Бұл біздің эволюциядағы арғы ататектеріміздің популяцияда сұрыпталуына уақыттың жеткілікті болғанын дәлелдеп бергендіктен өте маңызды жаңалық болды.

Бірлі-жарым антропологтар іскер адамды австралопитек деп санайды. Басқа ғалымдар оны өте ертедегі адамдарға жатқызады. Ол морфологиялық жағынан адамтәрізді маймылдардан онша ерекше емес. Ол тек табиғи нәрселерді кұрал ретінде пайдаланып кана қоймай, сонымен қоса ұсақ жұмыр тастардан кесетін және шабатын қарапайым құралдар жасауына да байланысты алғашқы сана сәулесінің жылт етуімен ерекшеленеді.

Адамның пайда болу процесін үш сатыға немесе фазаға бөлуге болады: өте ертедегі; ертедегі; қазіргі кездегі алғашқыадамдар. Бұл сатылар алдыңғыларын толық жоя отырып алмастырған жоқ, қайта талас-тартыста бірге өмір сүрді. Материалдық даму дәрежесі жақсара түскен түрлердің күшті де тапқырлығы басымырақ особьтардан құралған популяциялары басқа популяцияларды нашар мекен орындарға қарай ығыстырды немесе күш жұмсап жойып жібереді. Дәл бір мезгілде өмір сүрген адамдардың әртүрлі популяциялары мен түрлері арасындағы даму дәрежесі өте алшақ еді. Адамға айналатын бағыттың тұйыққа тірелген жанама тармақтары да болды. Адамтәрізді әртүрлі маймылдар да бірге қатар өмір сүрді.

Сурет - Гейдельберг адамының астыңғы жақсүйегі

 

Өте ертедегі адамдар. Қазбадан табылған адамтәрізді маймылдар маймыл және адам ерекшеліктері үйлескен, бірқатар аралық формалар - кісімаймылдар арқылы адамға өтті.

Питекантроп - «маймыладам». Оның қалдықтары тұңғыш рет Ява аралынан табылды. Қейінірек питекантроптың қалдықтары Африкадан, Азиядан және Европадан табылды - ол Ескі Дүниеде кең тараған, содан бүкіл материктерге жеткен. Питекантроп алға қарай сәл еңкейіп, бәлкім шомбал таяқ таянып, екі аяқпен жүрген; бойы 170 сантиметрге жуық болған. Ми сауытының ұзындығы мен ені қазіргі адамдікі тәрізді, бірақ аласалау және қалың сүйектерден құралған. Миының көлемі 900-1100 см3 шамасындай. Маңдайы тайқы, қабағы тұтасқан білеу сүйекпен көмкерілген. Сөйлеуге байланысты маңдай және самай бөліктері маймылға қарағанда жақсы дамыған, ал самай бөлігінің жақсы дамуы оның саққұлақ болғанын білдіреді. Иек сүйегі томпайып шықпағанмен де жақсүйектері алға қарай ұмсына біткен.

Питекантроптар тастан қарапайым қырғыш тескіш жасап, отты пайдаланған және алғашқы табында өмір сүрген. Оларда тұратын үй бола қоймаған.

Еңбектің пайда болуы мидың дамуына қуатты түрткі болып шықты. Дарвин біздің ататектердің, тіпті ең ертедегілерінің ақыл-ойының жоғары дамуына ерекше маңыз берді. Ақылдың дамуы сөздің пайда болуымен бірге алға үлкен қадам жасады.

Ф. Энгельстің пікірі бойынша ертедегі адамдардың сөз бастамасы сан алуан хабарлар беруде маңызы зор, сөздері түсініксіз әртүрлі дыбыстар түрінде пайда болған.

Синантропты- питекантроптан біраз кешірек тіршілік еткен «қытай адамын» тауып алу да көңіл аударарлық жағдай. Оның қалдықтары 1927-1937 жылдары Пекин маңындағы үңгірден табылған.

Синантроптың сыртқы көрінісі питекантропқа көбірек ұқсас. Дегенмен синантроп едәуір жақсы дамыған. Оның ми көлемі 850-1220 см3 шамасына жеткен; оң жақ бөлігімен салыстырғанда миының сол жақ бөлігі едәуір үлкен, онда дененің оң жақ бөлігінің қимылдатқыш орталығы орналасқан. Демек, синантроптың оң қолы сол қолына қарағанда күштірек дамыған. Бәлкім ол от тауып, оны ұстауды білген, сірә теріден киім де киген тәрізді. Қазбадан қалыңдығы 6-7 м шамасында күл қабаты, жілік сүйектері және ірі хайуанаттардың бас сүйектері, тастан, сүйектен, мүйізден жасалған құралдар қазып алынған.

Гейдельберг (қазіргі ФРГ территориясы) қаласының маңынан 1907 жылы иек сүйегі тайқы, бірақ тістері қазіргі адамдікіне ұқсас шомбалдау келген астыңғы жақсүйектабылды. Питекантроп пен синантроп алғашқы туыс тармағы - кісімаймылдардың (адамдар туысы) екі түрі деп ессптеледі. Кейбір ғалымдар іскер адамды да осы топқа жатқызды. Ол маймылдардың адамға айналуының алғашқы, сатысындағы өкілі. Ф. Энгельстің сөзімен айтқанда бұл «қалыптасқан» адамдар. Каннибализм өте ертедегі адамдарға тән қасиет.

Адам осы сатыда дамығанда тік жүрудің жетілуіне, мидың дамуына байланысты дене бітімінің қалыптасу ерекшеліктері табиғи сұрыпталуға бағынышты болды.

 

5. Адам эволюциясының бағыттары. Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар

 

Ертедегі адамдар. Европа, Азия және Африканың үңгір шөгінділерінің ең астыңғы қабаттарынан неандертальдықтардың(1856 жылы табылған жердің -қазіргі ФРГ территориясындағы Неандер өзенінің аңғары бойынша аталған) ересектері мен балаларының тұтас сүйектері, СССР-де Өзбекстанның оңтүстігі мен Қырымнан қалдықтары табылды. Олар бұдан 150 мың жылға жуық бұрын мұздық дәуірінде өмір сүрген.

Неандертальдықтардың көгішілігінің бойы бізден аласа (ерлердің бойы орта есеппен 155-158 см), олар едәуір бүкшиіп жүрген. Олардың маңдайы тайқы, қабақ үстіндегі білеуленген сүйегі жақсы жетілген, астыңғы жақсүйегі иексүйексіз немесе аздап алға қарай ұмсынған. Миы адам миының көлеміндей - 1400 см3және одан да үлкенірек, бірак, ми иірімдері аз болған. Осы заманғы адамдарға карағанда олардың белуар тұсындағы омыртқа жотасының имегі азырак болғаны байқалады. Олар мұз басқан ауыр жағдайларда үңгірлерде өмір сүріп, онда үнемі отты пайдаланған. Өсімдіктекті, етті тағамдармен қоректеніп, каннибалдықтан да шыға алмаған. Неандертальдықтар сан алуан тастан және сүйектен жасалған құрал-саймандар пайдаланған. Тас қаруларды жалпақ тастардан дайындады. Бір тасты екіншісіне қатты қыса үйкеу арқылы өңдеген болса керек. Оларда ағаштан жасалған кұрал-саймандардың да болуы ықтимал.

Сурет - Неандерталь адамының қайтадан қалпына келтірілген бассүйегі және тастан жасалған құралдары

 

Бассүйек пен бетсүйек құрылысына қарағанда сірә неандертальдықтар өзара ишарат арқылы, түсініксіз дыбыстармен және бал-бұл былдырлаған сөздермен хабарласқан болса керек. Олар 50-100 адамнан топтасып өмір сүрген. Еркектер коллектив болып аң аулап, әйелдер мен балалар жеуге жарамды тамырлар және жемістер жинастырған, қарттары, тәжірибелілері құрал-сайман дайындап берген. Неандертальдықтар теріден киім киінген. Неандертальдықтарды екінші туыс тармағына - ертедегі адамдарға (адамдар туысы) жататын түр деп есептейді. Мұздық дәуірлерінің қатал жағдайларындағы табиғи сұрыпталу өте төзімді, епті, батыл, особьтардың тірі қалуына мүмкіндік берді. Эволюцияда әлеуметтік факторлар: коллективтегі еңбек әрекеті, тіршілік үшін бірлесіп күресу және ақыл-ойға жетіктік үлкен роль атқарды. Ең соңғы неандертальдықтар (бұдан 28 мың жыл бұрынырақ) осы заманғы алғашкы адамдармен бірге өмір сүреді.

Осы заманғы алғашқы адамдар. Осы заманғы алғашқы адамдардың бұдан 30-40 мың жыл бұрын қадыптасқан кроманьондықтардың (Францияның оңтүстігіндегі Кроманьон деген жерден табылған) қаңқалары, бассүйектері және құрал-саймандары өте көп мөлшерде табылғаны белгілі. Олардың қалдықтары СССР-ден де (Воронеждің оңтүстігіне таман, Донның оң жақ жағасынан), Африка, Азия және Австралиядан да табылған.

Кроманьондықтар бойы 180 см шамасында, шот маңдайлы, ми сауытының көлемі шамамен 1600 см3 болған, оның қасасты сүйегі білеуленбеген. Иек сүйегінің алға қарай ұмсынуы олардың түсінікті сөз сөйлей білгендігін көрсетеді Кроманьондықтар өздері салған тұрғынжайда өмір сүрген. Үңгір кабырғаларынан аң аулау, билеу, адамдар эпизоды бейнеленген суреттер табылды. Суреттер жоса және баска минералды бояулармен немесе тырмалап сызык түсіру арқылы салынған. Кроманьондықтар сүйек және кремнийден жасалған инемен теріден киім тігіп киген. Олардың еңбек құралдары және тұтыну нәрселерін дайындау техникасы неандертальдыктарға карағанда әлдеқайда жетілдірілген. Мүйізден, сүйектен, шақпақтастан жасалған құрал- саймандар оймышталап безендірілген. Адам тегістеуді, бұрғылауды игеріп, кыштан ыдыс жасай білген. Ол хайуанаттарды үйретіп, егіншілікке алғашқы қадам жасаған. Кроманьондықтар рулық қоғамда өмір сүріп, діндарлық бастамасы пайда болған. Кроманьондықтар мен осы заманғы адамдардан Ноmо sаріеns үшінші тұқымға - жаңа адамдарға (адамдар туысы) жатқызылатын саналы адам түрі пайда болды. Кроманьондықтар эволюциясында әлеуметтік факторлар жетекші роль атқарады.

Сурет  - Кроманьон адамының қайтадан қалпына келтірілген бассүйегі және тастан жасалған құралдары

 

Кроманьондықтар өздерінен бұрынғы биологиялық эволюцияны басымырақ бастан кешіргендері әлеуметтік эволюцияға көшті. Олардың дамуында тәрбиелеу, үйрету, тәжірибесін жалғастырып беру ерекше роль атқара бастады. Тіршілік үшін күресте жаңа адамдардың популяциялары басқа популяциялардың барлығынан ептілігімен ғана емес, тапқырлығымен асып түсіп, жеңіске жетті. Өз ұрпағын - болашағын мен қарттарды - жинақталған тәжірибені (аң аулау әдісі, құралдар жасау салт, әдет-ғұрыпты білу) жеткізуші тірі куәгерлерді сақтай отырып, адам популяция, тайпа, семья үшін өзін пида ете білді.

Біздің ата тегіміз пайда болу жолындағы қиын да ұзақ процесс нәтижесінде жануарлар әлемінен қазіргі түрге - адамдарға айналды. Ұйымдасқан қоғам негізі ретінде қоғамдасып еңбек ету қатынасы жетекші және анықтаушы роль атқара бастады. Адамзаттың әлеуметтік прогресінде қоғамдық тіршілік заңдары бағыттаушы роль атқарады. Жануарлар эволюциясымен салыстырғанда адам эволюциясындағы сапалық ерекшелік міне осыған келіп саяды.

Жеке бастағы тұқым қуалайтын өзгерістер - мутациялар адамда қазір де орын алады, алайда ол дамып келе жатқан білім мен әлеуметтік бетбұрыс негізінде биологиялық заңдарды басқарып, зиянды белгілердің пайда болуынан сақтандыруды және пайдалы белгілердің пайда болуын күшейте түсуді үйренеді.

 

6. Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті және әлеуметтік дарвинизмді сынау

 

Еңбек, қоғамдық тіршілік бейнесі және еңбек сипаты бүкіл адамзатқа орасан зор ықпалын тигізді. Адам ататектерінде эволюциялық қозғаушы күштер әсерінен тік жүру, түсінікті сөз сөйлеу, еңбек мүшесі ретінде қолдың қалыптасуынан дене бітімінің өзгеруі күшті баяулады, сөйтіп, қосалқы белгілер өзгеріске душар болды. Қазір Жерде адамның тек бір ғана түрі мекен етеді. Олардың бассүйек, ми, аяқ басы, кол құрылысының, қан топтарының бірдейлігі, тез будандасып, өсімтал ұрпақ беруі дәлелдей түседі.

Күні кешеге дейін адамзатты үлкен үш нәсілге: австралонегроид (экваторлық нәсіл), европеоид (евразиялық нәсіл), монголоидтық (азияттық-американдық нәсіл) нәсілдерге бөлді. Алайда ғалымдардың көпшілігі австралонегроидтық нәсілді де екіге: австралоидтық және негриодтық нәсілдерге бөледі. Сөйтіп, төрт нәсілге бөлінеді. Олардың әрқайсысы ұсақ нәсілдерге (30-дан астам) бөлшектенді. Бұлардан басқа үлкен нәсілдер ұласкан аймақтарда аралас нәсілдер қалыптасады.

Нәсілдер арасындағы айырмашылық морфологиялык. ерекшеліктерге: терінің, шаштың, көздің түсі, мұрынның, еріннің пішіні және т. б. негізделген. Мұндай айырмашылықтар бір кезде популяциялардағы басқа-басқа табиғи жағдайларда өмір сүрген адамдарда пайда болды. Мысалы, терінің қошқыл түсі күннің ашық сәулесіне қарсы қорғану бейімділігінен пайда болуы ыктимал; бұйра шаштардың арасында ауа болады да ыстықтан қорғайды. Европеоидтықтардың ашық түсті терісі ультракүлгін сәулелерді өткізетіндіктен, мешел ауруынан сақтап қалады, тесігі тар, қоңқақ мұрын тыныс алғанда ауаны жылытады. Түрлі-түрлі нәсілдер өкілдерінің арасында ешқандай ақыл-ой қабілеті, ойлау, сөйлеген сөзде айтарлықтай өзгеріс болмайды, биологиялық тұрғыдан алғанда нәсілдердің барлығы бірдей.

Бірқатар қоғамдық-экономикалық факторлар әсерінен әртүрлі нәсілді халықтардың мәдени даму деңгейі түрліше болады.

Әлеуметтік қатынастың дамуынан некелесудің араласып кетуі нәтижесінде адам нәсілдерінің оқшаулануы және олардың арасындағы морфологиялық айырмашылықтар кеми береді.

Нәсілдер туралы ғылым - нәсілтану нәсілдердің шығу тегін, олардың арасындағы туыстық қатынасты, қандай да бір нәсілдің тарихи ұштасқан сипаттау белгілері мен орта жағдайларын зерттейді. Алынған материалдар адамның шығу тегі проблемаларын шешу үшін қажет. Буржуазиялық елдерде кертартпа ғалымдар нәсілшілдікті уағыздайды. Олар адам нәсілдері бірдей емес: біреуі - жоғары, екіншісі - төмен дәрежелі болады дегенді дәлелдегісі келеді. Нәсілшілдер кейбір халықтардың экономикалық және мәдени мешеулігін олардың «нәсілдік жағынан биологиялық сапасының кемдігінен» деп есептейді.

Нәсілшілдер нәсілдік айырмашылықты түрлік, сондай-ақ тіпті туыстық айырмашылық деп бағалайды. Олар нәсілдердің шығу тегінің бірлігін мойындағысы келмейді, сөйтіп әрбір нәсілді өз ата тегінен шығатындықтан, баскасымен туыстық байланыс та болмайды деп санайды. Нәсілшілердің өз нәсілін басқа нәсілдерден жоғары бағалауға тырысушылары жиі кездеседі.

Нәсілдерді «жоғары» және «төмен» деп бөлу теориясы империалистік соғысты, отаршылдық саясатты және нәсілдік кемсітушілікті ақтап шығуға бағытталған.

Тіршілік үшін күрес заңы мен табиғи сұрыпталудың бүкіл тірі табиғатқа әсер еткені іспеттес адам қоғамында әсер етуі туралы ғылымға жат кертартпа теория - әлеуметтік дарвинизм теориясына ұласып жатыр.

Социал-дарвинистер осы заманғы капитализм биологиялық жағынан өте бағалы адамдардың табиғи сұрыпталуы үшін барлық мүмкіндік беріп отыр деп есептейді. Олардың көзқарасы бойынша әлеуметтік теңсіздік пен қоғамның таптарға бөлінуі - табиғи сұрыптаудың бақылауымен жүретін адамдардың биологиялық теңсіздігінің салдары. Бұл жалған теорияның дарвинизммен ешқандай да ортақтығы жоқ екенін, сөйтіп капиталистік қоғамды қорғауға жасалған әрекет екенін байқау қиын емес.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.14-15.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-03 15:18:59     Қаралды-7262

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »