UF

Тақырыбы: Криминалистикалық сәйкестендіру теориясы 

 

1. Криминалистикалық сәйкестендірудің ұғымы.

2. Криминалистикалық сәйкестендірудің шарттары.

3. Объектілердің түрлері.

4. Бейнелеу құрылымы.

5. Криминалистикалық сәйкестендірудің формалары.

 

1.Сәйкестендіру – берілген  объектіні  ізделінуші  болып  табылатындығы  туралы  мәселені  шешу  мақсатындағы  объектінің  жалпы  және  ерекше  белгілерінің  жиынтығы  бойынша   жекешелігін  немесе  ерекшелігін анықтайтын құбылыс.

Салыстырудың мүмкіндік жағдайы материалды объектілердің табиғатына қарай құрылды. Бір жағынан бұл зерттелуші объектілердің жекелігі мен қайталанбайтындығына, шартты тұрақтылығы мен өзгермейтіндігіне, екіншіжағынан – объектілердің өзіндік белгілерін басқа объектілерде көрсету мүмкіндігіне негізделеді.

2. Криминалистикалық сәйкестендіру негізі шарттары мыналар болып табылады:

а) криминалистикалық сәйкестендіру объектілерінің жеке өзіндік анықтылығы, объектілерді сипаттайтын тұрақты белгілердің болуы;

ә) салыстырмалы орбъектілерді тұрақты белгілерінің көрінісі бойынша криминалистикалық идентификацияны жүзеге асыру;

б) қылмысты ашу мен тергеу және істі сотта қарастыру процесіндегі криминалистикалық сәйкестендіруді қолдану.

3. Сәйкестендіру процесінде екі түрлі объект қатысады:

а) Сәйкестендірілетін (ұқсасталынатын) объект, ол ерекшелігі анықталатын объект;

ә) Сәйкестендірілетін (ұқсастырылушы) – объект, ол арқылы ерекшелік анықталады.

Сәйкестенетін объект біреу, ал салыстырушы объект бірнеше болуы мүмкін.

Сәйкестенетін объектілердің екі түрі бар: пайда болуы белгілі және белгісіз.

4. Криминалистикалық сәйкестенудің теориясы мен практикасында екі көрініс формалары бөлінеді: материалды тіркеуші және психо – физиологиялық.

Материалдық белгілеуші көрініс қалпы басқа материалды объектілерден көрген объектінің есте қалған белгілерін білдіреді, оларға жататындар іздер (қол, аяқ, қару – жарақ,  көлік  құралдары);  тірі  тұлғалардың, өліктердің, заттықдәлелдердің құрылыс, жер бөлшектерінің көрнекі бейнелік көріністері (фото, кино,  бейне  көрініс);  құжаттар  (жазбаша,  машиналық баспа,  компьютерлік  баспа  және  т.б.);  сиқатар есепке алу картотекаларында сонымен қатар есепке алукарточкаларында белгілеу.

Психо–физиологиялық  көрініс  қалпы  субъективті  мағынаға  ие.  Ол  салыстырушы  тұлғаның  есіндегі  ойының  нақты  сезімді  кейпінің  қалыптасуынан  құралады.  Ойлау  арқылы  салыстыруды  жәбірленушінің, куәгердің, айыпкердіңкейпін есепке қалған адам ғана жүзеге асыра алады.

5. Сәйкестендіру іс жүргізуші немесе іс жүргіздеуші – екі  қалыпта  жүзеге  асады.  Іс  жүргізуші  қалыптағы  салыстыру  сараптама  немесе  басқа  да  тергеу  әрекетінің  жүру  барысы  түрінде  жүзеге  асады.  Сарапшы қорытындысы ментергеу әрекетінің хаттамасында белгіленіп, сәйкестендіру қорытындысы дәлел мағынасына ие болады.

Іс жүргізуші идентификация тергеушімен оқиға болған жерді қарау, тінту, дәлелді алу барысында жүргізілетін салыстыру болып табылады; оның қорытындысы дәлел мағынасына ие емес. Олар басқа дәлелдерді алу үшін,қолданылатын ойлау операцияларының ролін атқарады. Іс жүргізбеуші қалыпқа жедел тергеу мақсатында, сонымен бірге алдын алу, сараптамаға дейінгі тергеушінің немесе маманның зерттеулері жүргізілетін идентификация жатады.

 

Сәйкестендіру түрлері топтық тиістілікті анықтау

 

1. Сәйкестендіру түрлері.

2. Сәйкестендірулік белгі ұғымы.

3. Салыстыру белгілерінің топталуы.

4. Топтық тиістіліктің сипаттарын анықтау.

 

1. Криминалистикалық идентификацияның төрт түрі белгіленеді:

- материалды тіркелген белгі көріністері бойынша идентификациялау;

- жалпы пайда болу белгілері бойынша идентификациялау  (бүтінді бөлшектеп идентификациялау);

- адам есінде қалған ойша бейне бойынша идентификациялау;

- белгілерді сипаттау бойынша идентификациялау.

2. Сәйкестендірілетін белгі – саластырылатын объектілерге тән және идентификациялау мақсатында қолданылатын жекеше белгі.

Белгіні сәйкестендіруші ретінде пайдалану үшін, ол келесі шарттарға жауап беруі тиіс:

а) белгінің ерекшелігі – оның ерекшелігі, сипаттамасы, өзектілігі, Белгі сәйкестену үшін қолданылатын объектінің құрамын толық көрсетуі қажет;

ә) Белгінің мазмұндылығы – оның тұрақты көрінісін сақтау қабілеті. Белгі іздің қалыптасуының әрбір жағдайында пайда болады, сонымен бірге оның көрінісі біркелкі тепе – тең  және  объект  құрамы  жөнінде ақпарат беріп отыруытиіс:

б) белгінің шартты тұрақтылығы – қоршаған ортадағы  болып  жатқан  белгіге  қатысы  жоқ  немесе  көңіл  бөлінбейтін  өзгерістер.  Кез  келген  жағдайда  идентификацияда  салыстырылатын  белгінің  мәні мен шартты өзгерту  сатысынакөңіл бөлінеді.

3. Сәйкестендіруші белгілер әр түрлі негіздер бойынша топталады:

- субъектіге толық қатынас бойынша жалпы және жеке;

- сипаттамасы бойынша: сапалы және мөлшерлі;

- сәйкестендіру процесіндегі маңыздылығы бойынша: дифференцияланатын және идентификацияланатын;

- кезеңің ұзақтығы бойынша: тұрақты және шартты тұрақты;

- табиғаты бойынша: заңды және кездейсоқ;

- объектілер санының көптігіне байланысты: топтық және жекешеленген;

- басқа да белгілермен байланысты бойынша: жекеше және жасанды.

4. Объектінің топтық қатынасын анықтау – оның  бжелгіні  бір  сыныпқа,  түрге,  топқа  яғни  біртоптық  объектілердің  кейбіреуіне  қатысын  айқындау  мүмкіндігі  тудырады.  Объектінің  белгілі  бір  топқа  қатысын анықтау – берілген топобъектілерінің жалпы белгілерін зерттеу негізінде жүзеге асады.

Топтық тиістілік мына мақсаттарда анықталады:

а) белгісіз заттың табиғатын анықтау;

ә) заттың болуы мен тағайындалуын анықтау;

б) объектіні белгілі бір топқа, заттар массасына жатқызу;

в) объектінің пайда болу көзі мен шығу әдісін анықтау.

 

Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері

 

«Криминалистік техника» термині жалпы екі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы, криминалистика ғылымының бөлімі ретінде болса, екінші жағынан - техникалық құралдар жиынтығы.

Криминалистік техника - бұл ғылыми жағдайлар жүйесін құрайтын және олардың негізі бойынша қылмысты ашу мен тергеуге қажетті дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және пайдалануға арналған техникалық-криминалистікқұрал-жабдықтар, әдістер мен тәсілдерді құрамына қосатын криминалистиканың бөлімі.

Техникалық-криминалистік құралдарға қылмыс іздерін табуға, жинауға, зерттеп бағалауға керекті тұрлі приборлар, аппаратуралар, құрал-саймандар, жабдықтар мен материалдар және т.б. жатады.

Қазіргі кезде криминалистік техника жүйесіне келесі салалар кіреді:

·        криминалистік техниканың жалпы теориясы;

·        криминалистік фотосурет, дыбыс және бейне жазу;

·        криминалистік ізтану (трасология);

·        криминалистік қарутану (баллистика);

·        криминалистік құжаттану;

·        адамның сыртқы бейнесі жайлы криминалистік ілім (габитоскопия);

·        криминалистік тіркеу (есепке алу).

Сонымен қатар, соңғы уақытта криминалистік техниканың басқа да салалары қалыптасуда, олар: криминалистік одорология, вокалография мен фоноскопия (иіс, дауыс пен дыбыс іздері туралы ілімдер), мөлтек нысандарды (микрообъект), материалдарды, заттар мен жабдықтарды криминалистік зерттеу т с.с.

Криминалистиканың бөлімі болғандықтан, криминалистік техниканың кұрамына өзіндік жеке криминалистік құралдар мен техника-криминалистік тәсілдер мен әдістер кіреді. Соңғысының мазмұны, техникалық құрал-жабдықтарды қылмысты тергеу барысында қолданудың криминалистік міндеттерін шешу жолының және техникалық кұрал-жабдықтармен жұмыс жүргізу ережелері мен операциялардың жүйесі болып табылады.

Шығу тегі мен сот ісін жүргізуде пайдалану денгейіне байланысты техника-криминалистік құралдар мен әдістер 3 топқа бөлінеді:

- ғылым мен техниканың басқа салаларында шығарылып қалыптасқан, криминалистикаға алынып, сол күйінде өзгеріссіз қолданылатын (мысалы: фотоаппараттар, тұрмыста қолдануға арналған дыбыс-бейнежазу аппаратуралары, компьютерлердің, баспа техникасының, металліздеуіштер, микроскоптардың, жарық түсіргіштің тұрлері т.с.с.);

- ғылым мен техниканың басқа салаларында шығарылып қалыптасқан, криминалистикаға алынып қылмыспен күресу мақсатында, тұрлі бағыт пен деңгейде  өзгертіліп қолданылатын (мысалы: фотоқондырғылардың және фотоға түсірудің арнайы тәсілдері, объектілерді ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерінде зерттеу әдістері т.с.с.);

- қылмысты ашу және тергеу, іздестіру мен дәлелдеу мақсатында арнайы түрде криминалистикада қалыптасып шығарылған (мысалы: салыстырмалы микроскоптар, оқ пен қауыздың сыртын бір мезетте фотоға жайып түсіру приборы, сараптау жұмысына қажетті компьютерленген бағдарламалар мен жұмыс орындарыт.с.с.);

Техника-криминалистік құралдар мен әдістер қолдану мақсатына байланысты төмендегідей болып бөлінеді:

—дәлелдеме объектілерді жинақтау (табу, алу және бекіту) құралдары мен әдістері (мысалы: лупалар, дактилоскопиялық ұнтақтар, көшірме қалыптарын дайындауға арналған пасталар, арнаулы қобдишалар т.с.с.);

—заттай айғақтарды криминалистік зерттеуге арналған құралдар мен әдістер (лабораториялық жұмыстарды жүргізуге арналған жабдықтар);

—криминалистік тіркеу барысында маңызды деректер мен акпараттарды жинау, өндеу және жүйелеу үшін қолданылатын құралдар мен әдістер (мысалы: Папилон, Сонда, Дактоэксперт, Арсенал, Растр жүйелері т.с.с.);

Криминалистік техника пайдалану бағытына байланысты:

- қылмысты тергеу мен жедел-іздестіру;

- ғылыми зерттеу мен сараптау;

     - қылмыстың алдын алу құралдары мен әдістері болып үш топқа бөлінеді.

Криминалистік техниканы қолданушы субъектілер қатарына: тергеушілер, аныктаушылар, криминалист-мамандар, сарапшылар, жедел іздестіру қызметкерлері, прокурорлар, прокурор-криминалистер, соттар, тергеу, сараптау, криминалистік, жедел іздестіру бөлімдерінің басшылары және басқа осыған құқық берілген ішкі істер органдарының қызметкерлері жатады.

Криминалистік техниканың құралдары мен әдістерінің қолдану формалары іс жүргізу түрінде (тергеу іс-әрекеттерін және сот сараптамаларын жүргізу бағытында болса) және іс жүргізу емес түрінде (жедел-іздестіру шараларын жүргізгенде, объектілерді шұғыл анықтамалық және криминалистік тіркеу бойынша тексергенде, алдын ала зерттеу, хабардар тұлғалардан анықтама-кеңес көмегін алу барысында) қолданылады.

Криминалистік техника құралдары мен әдістерінің қолданылуы іс жүргізу түрінде бекітіліп, қалыптастырылады. Яғни тергеу әрекетінің хаттамасында, сарапшының қорытындысында және басқа да құжаттарда криминалистік техниканың құралдары мен әдістері қолданылғаны туралы көрсетілуі қажет.

Техника-криминалистік құралдар мен әдістерді қолданудың құқықтық негіздері Қазақстан Респуликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген.

Техника-криминалистік құралдар мен әдістер мына талаптарға немесе қолдану шарттарына сай болуы кажет:

— әлеуметтік және жаратылыс техникалық сілтемелеріне сәйкес қолдануға ыңғайлы;

— адамның абыройын түсірмейтіндей, адамгершілік нормасына сай келуі қажет;

— ғылыми түрде толық сыналып тексерілген, тиімділігі ғылыми қағидаларға сай дәлелденіп, ұсынылған;

— этика нормаларын бұзбайтындай болуы;

— қолданғанда адам өміріне қауіп-қатер, денсаулығына зиян келтірмейтіндей болуы;

— пайдалану тиімділігі.

— нормативтік және құқықтық қолдану актілерінде бекітілген болуы.

 

Криминалистік тактика

 

Криминалистік тактиканың жалпы түсінігі, тактикалық тәсіл

Жалпы мағынасы бойынша тактика деп белгіленген мақсатқа жету үшін қажет әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады.

Криминалистика тарауы ретінде криминалистік тактика мазмұны:

криминалистік болжау және тергеуді жоспарлау туралы ілімді;

кейбір тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикалық тәсілдерін;

тергеу барысында арнайы білімдер мен мамандар көмегімен пайдалану туралы ұсынымдарды қамтиды.

Бірінші бөлімде тактикалық тәсіл, тактикалық операция, тергеу жағдайы, тактикалық шешім және тактикалық тәуекел сияқты криминалистік категориялардың анықтамалары берілген. Олар криминалистік тактиканыңкатегориялары. Тактикалықтәсіл — оның негізгі түсініктерінің бірі.

Тактикалық тәсілдің заңдылығы мен рұқсат берілгендігі сияқты шарттардан басқа оларды қолданудың мақсатқа лайықтылығы да маңызы.

Мақсатқа лайықтылык деп керекті күш, уақыт пен құралдарды жұмсауды ескере отырып, керек нәтижеге жету мүмкіншіліктерін негізге ала отырып тәсілді қолданудың тәжірибелік негізділігін айтамыз.

Мақсатқа лайықтылық қағидасының маңызы, заң бойынша кез келген жағдайда қолдануға болатын тәсілдердің ішінен біреуін таңдауында. Демек, зандылық пен мақсатқа лайықтылық арасында қайшылық болмайды, өйткені занды нәрсе ғана мақсатқа лайықты.

Тактикалық тәсілдің заңдылығы туралы айтқанда, келесіні ескерген жөн, кейбір тәсілдер қылмыстық іс жүргізу заңында тікелей көрсетілген және оларды қолдану белгілі бір бүйрық түрінде көзделгендігін ескерген жөн. Мәселен, танылатын субъектіге сонымен бірге тануға ұсынылатын азаматтар арасынан өз еркі бойынша кез келген орынды тандап алу құқығын беру қажетгілігі көзделген. Тану нәтижелерінің объективтігі мен шындылығын қамтамасыз етуге бағытталған бұл талап мүлтіксіз орындалып, өзінің дәлелдемелік күшін жоймауы тиіс.

Бірақ заң талабынан болатын тактикалық тәсілдер өте аз. Олардың көбін заң шығарушы көздемеген, сондықтан олар тергеушінің еркі бойынша қолданылады.

Тактикалық тәсілдерді қолдануы — өнегелілік нормаларына сай заңға қайшы келмейтіндей болуы керек.

Қолдану шарты ретінде тәсілдің өнегелілігі тергеу барысында қалыптасатын нақты жағдайға байланысты ерекше және барлық жағдайларда бірдей, жалпы болуы керек.

Тактикалық тәсілді қолдану ешқандай жағдайда тергеу әрекетіне қатысушылардың қадір-қасиетін (абыройын) кемітіп қорламауы керек, олардың өмірлеріне, денсаулығына қауіп келтірмеуі және өмірлерінің сырларын жарияламауы керек.

Қылмысты тергеу оқиға орнының, уақытының, қоршаған ортасының нақты жағдайларында, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы тұлғалардың тәртібі мен нақты өмірдің басқа да процестерімен өзара байланыста жүзеге асырылады. Тергеудің нәтижелілігіне тергеушіге белгісіз басқа да факторлар өз әсерін тигізеді. Ақырында бұл күрделі жүйе тергеуші әрекет жасайтын нақты жағдайды құрайды.

Бұл жағдай криминалистік тергеу жағдайы деп аталады, яғни сол жағдайда тергеуші әрекет жасайтын объективтік нақтылық болып табылады.

Тергеу жүргізілетін жағдайлар — тергеу жағдайы (ситуация) — объективті және субъективті факторлар әсерінен үнемі өзгеріп отыратын динамикалық жүйені құрайды. Объективті факторлар - бұл тергеуге қатысушы тұлғалардың еркі мен ниетіне байланыссыз жалпы жағдайды өзгертетін себептер. Ал тергеуге қатысушылардың және қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған басқа да тұлғалардың әрекеттерімен туындаған себептер субъективті факторлар болып табылады.

Тергеу жағдайын құрайтын шарттар жүйесі бірінші бөлімде қарастырылған компонентер қатарынан тұрады. Осы компонентердің әр тұрлі үйлесу тергеу жүргізудің әр кезеңінде тергеу жағдайына жеке сипат береді. Соғанқарамастан тергеу жағдайларын негізгі компоненттері бойынша жіктеу мүмкіндігі туралы мәселені көтерген жөн.

Қылмысты тергеудің нақты жағдайының әр кезде өзіндік ерекшелігі болады, сондықтан тергеу жағдайларын толығымен бір үлгіге келтіру қиындық туғызады. Тергеу әрекеттерінің негізгі элементтерінің бірі бойынша ғана бірүлгіге келтіруге болады. Әдетте аталған негіз ретінде қылмыс оқиғасы және оған қатысушылар туралы мәліметтердің негізге болуы алынады.

Алғашқы деректердің толықтылығына байланысты қылмысты тергеудің бастапқы кезеңінде тергеушінің әрекет жасайтын жағдайлар бір үлгідегі жағдайлар болып есептеледі. Алғашқы деректер қылмыстың айқындық немесе айқынсыздық жағдайында жасалынатындығынан ерекшеленеді. Мәселен, қасақана адам өлтіруді тергеу барысында тергеуде көлемі бір үлгідегі алғашқы мынандай жағдайлар ерекшеленеді:

-жәбірленуші мен кінәлі адамның тұлғалары белгілі болуы;
-жәбірленушінің тұлғасы белгілі, адам өлтіруші белгісіз;

         -адам өлтірді деген сезікті бар, жәбірленушінің тұлғасы белгісіз;

         - жәбірленуші мен сезіктінің тұлғасы, адам өлтіру орны, уақыты, себебі және басқа да мән-жайлар белгісіз.

Тергеу жағдайлары тергеу барысында пайда болу уақыты бойынша; бастапқы, аралық және соңғы кезеңдік болып бөлінеді. Бұл негізде оларға әсер ететін жағдайлардың динамикасы, өзгерісі білінеді.

Іс жүргізуге қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар-дың сипаты бойынша жағдайлар даулы және даусыз болып бөлінеді. Бұл топтастырудың негізі - психологиялық фактор. Даусыз жағдай — тергеуге қатысушылардыңмүдделері толығымен немесе жартылай сәйкес келгенде, өздері соған жетуге күштерін жұмсаған мақсаттың қайшылықтары болмағанда қалыптасады.

Ал даулы жағдай тергеуге қатысушылар арасында бақталастық және қарсылас қарым-қатынастар қалыптасқанда байқалады. Бұл жағдай ұшыққан сайын оны даусыз жағдайға айналдыру қиын болады.

Тергеудің аралық немесе басты мақсатқа жету мүмкіншілігіне қатысты жағдайлар жағымды және жағымсыз болады. Тергеудің қандайда болмасын мақсатына жетуге бағытталған тергеушінің кез келген әрекеті тергеу жағдайын жағымды не жағымсыз ретінде жан-жақты бағалағаннан кейін ғана жүзеге асырылуы қажет. Ал тергеу жағдайын бағалау тергеуді жоспарлау ретіндегі тактикалық шешім арқылы жүзеге асырылады.

Тактикалық және тергеу тәсілдерінің сонымен қатар, басқа да әрекеттер мен шаралардың үйлесуі ретінде тактикалық операцияның мақсаты — жеке тактикалық тәсілдерді қолдану арқылы немесе нақты тергеу әрекетін жүргізу арқылы орындала алмайтын тергеу міндеттерін орындау. Олар:

      - даулы жағдайды жағымсыз сипатган жағымдыға айналдыру;

      -тергеу құпиясын, оның ішінде пайдаланылған деректер көзінің құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету;

-   керек уақытқа дейін пайдаланылмаған дәлелдемелік ақпарат көздерін сақтауды қамтамасыз ету;

-   тергеу пайдалы бағытта өзгерту мақсатымен тергеу жағдайына басқа да тактикалық әсер ету.

Тактикалық операция мен тергеу жағдайының өзара байланысы екі қарсы жаққа да бірдей болуы мүмкін. Алдын ала тергеуді жүргізу үшін тергеу жағдайы жағымды болса, ол так-тикалық операцияны жоспарлауға және жүзеге асыруға өз септігін тигізеді. Тергеу жағдайы жағымсыз болған жағдайда тактикалық операция оны дұрыс жаққа қарай өзгертуге, тергеуге қарсы бағыттылығын өзгертуге міндетті.

Мәселен, айыпкерлер мен куәгерлер жалған жауап беру туралы өзара сөз байласса, оларды әшкерелеу мақсатында тактикалық операция жүргізіледі. Сонымен қатар жағымсыз тергеу жағдайы белгілі бір уақытта тактикалықоперацияны жүргізуден бас тартуға әкелуі де мүмкін. Мәселен, егер тергеушінің толық ойластырмаған әрекеті сезіктіні аландатса, оны және сыбайластарын қылмыс үстінде ұстауға бағытталған операция нәтиже бермейді.

Тактикалық операцияны жүргізу мүмкіндігі оның мақсаттары мен мазмұнын құрайтын тактикалық тәсілдермен, тергеу әрекеттерімен және жедел-іздестіру шараларымен, сондай-ақ олардың үйлесуінің зандылығымен жәнеөнегелігімен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғыда даулы жағдайды басқару көмегімен шешу қиын болады.

Бұл мәселені шешу үшін тергеуші: кенет шара қолдану (түтқиылдық) факторын; қарсы тараптардың істегі дәлелдемелер туралы, тергеу әрекеттерінің нәтижелері туралы, жедел деректер мен тергеушінің ниеті туралы хабардарсыздығын; алғашқы ақпараттар жеткіліксіз болғанда, бір-біріне қарсы тұлғалардың алдына шешім қабылдау қажеттілігін қою жағдайын; бүрын берілген жалған жауаптарды егжей-тегжейлі қайталау мүмкіндігін қолдануықажет.

Әдетте тактикалық шешімнің мақсаты тергеу жағдайына, әсіресе тергеуге қатысушылардың мінез-құлығына, әсер ету болып табылады. Тергеуші оларға заң нормаларымен көзделген және қажеттілік туған жағдайлар мен шеңберде ғана әсер етуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтардың жеке және мүліктік құқыктары мен мүдделері заң нормаларына сәкес шектеле алады және мүліктік зиян негізделуі тиіс.

Күшпен әсер етуге жол берілмейді. Бұл ережені заңды көзделген жағдайда және іс жүргізу келесі мәжбұрлеу шараларын қолданғанда ғана бүзуға болады: ұстау, қамауға алу, айдап жеткізу, мәжбұрлеп куәландыру және салыстырмалы зерттеу үшін үлгі алу, т.с.с.

Заңды және заңсыз болатын психикалық әсер ету мәселесін шешу одан да күрделі. Ол тұлғаны күштеу болып табылатындықтан қандайда болмасын заңсыз психикалық әсер етуге жол берілмейді. Қорқыту, бопсалап жауап алу және психикалық әсер етудің басқа да тұрлері қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларына, оның өнегелілік негіздеріне, қарама-қайшы келеді, сондықтан оларды криминалистік арсеналда мүлде қолдануға болмайды. Тергеу тәсілдерін анықтау, оларды занды және қолдануға болады деп немесе керісінше, заңсыз және адамгершілікке жат деп тану занды психологиялық әсердің маңызын дұрыс түсінуге байланысты болады.

 

Криминалистік әдістеме

 

Криминалистік әдістеменің түсінігі, мақсаты, бастаулары және қағидалары

Криминалистік әдістеме — дегеніміз ғылыми ережелердің жүйесі және солардың негізінде жасалатын қылмыстың жекелеген тұрлерінің алдын алу, тергеу, ашу және ұйымдастыруы бойынша ұсыныстар. Криминалистиканыңжалпы теориясы негізінде криминалистік техника және тактиканың нақтыланған және анықталған категориялары кылмыс тұрлерін тергеуде қолданылады, яғни криминалистік техника және тактика ережелері тергеу және сот органдарының тәжірибесінде дәл осы криминалистік әдістеме арқылы іске асырылады.

Криминалистік әдістеме қылмыстың әрбір жекелеген түрінің ерекшелігіне сүйеніп, криминалистік техника мен тактика үсы-ныстарды қолданудың нәтижелі тәсілдерін тағайындайды.

Криминалистік әдістеменің негізінде әрбір қылмыс өзіне тән жеке ерекшеліктерімен белгіленетіні туралы ереже жатыр, бірақ бұл жекелік қылмыстың ортақ белгілерін жоққа шығармайды, керісінше бір түрдегі қылмыстардың жалпы белгілерін белгілейді. Криминалистік әдістеме тергеу үшін қылмыстың бір тұрлілігін анықтайды.

Криминалистік әдістеменіқ мақсаттары:

а) Жалпы мақсаты — құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмау үшін әрекеттесу;

ә) Арнайы мақсаттары:

—қылмыстың ерекшелігін оның белік түрін криминалистикалық аспектіде үйрену;

—Әр тұрлі қылмыстарды жедел тергеу, және алдын алуды жалпылау және үйрену;

—Қылмыстың бөлек тұрлерін ашу, тергеу және алдын алуды дәлелдеген ғылыми ұсыныстарды дайындау.

Криминалистік әдістеменіц бастаулары:

-   Құқық (заң) - Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері (олардың қылмыс құрамына белгілерін, қылмыстық істер бойынша дәлелдеу пәнін және шегін бекітетін нормалары және т.б.);

-   Ғылым - криминалистиканың өзі, қылмыстық құкық, қылмыстық іс жүргізу, криминология, сот психологиясы, сот медицинасы ғылымдары және т.б. ғылымдар;

-   Жедел тергеу, ашу және алдын алу тәжірибесі.

       Криминалистік әдістеме қағидалары немесе криминалистиканың осы бөліміне жүктелетін, негізгі жалпы талаптар мынадай:

- қылмыстарды тергеудің зандылығын қамтамасыз ету;

- әдістемелік ұсыныстардың нақтылығы, жалпылығы және жекелік сипаты;

-жеке криминалистік әдістеме күрылымында сатылардың болуы (тергеу сатыларына сәйкес);

- тергеуді жүргізудің тұрлі мән-жайлары туралы арнайы ескерулер әдістемелік нүсқаулар;

- жеке криминалистік әдістемелердің қүрылымдык бірлігі (анықталған тұрлерге, категорияларға қатысты);

- қылмысты тергеу ге қатысты тұлғалардың және басқа тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ұқсас кылмыстардың криминалистік сипаттамасы негізінде жеке бір қылмыс түріне криминалистік әдістемелер қүру.

Криминалистік әдістеме жуйесі. Криминалистік әдістеме жүйесінде екі негізгі бөлікті белгілеуге болады:

а) криминалистік әдістеменің жалпы ережелері;

ә) қылмыстардың жекелеген тұрлерін тергеу әдістемелері (жеке криминалистік әдістеме).

Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері - ол осы бөлімнің теориялық негізі, оның негізін қалаушы бастаулары, яғни криминалистік әдістемелердің теориялық негізі болып та-былады.

Олар мынадай элементтерден тұрады:

-      криминалистік ғылымының бөлімі ретінде криминалистика әдістемесінің ұғымы, мазмұны және жүйесі;

- криминалистік әдістеменің пайда болу тарихы және дамуы, оның бастаулары, мақсаттары мен қағидалары;

- жеке криминалистік әдістеменің түсінігі, классификациясы және құрылымы.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-12-15 15:07:27     Қаралды-5231

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »