UF

Тақырыбы: ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ КӘСІПТІК ЖӘНЕ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ

 

5.1. Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік тұлғасы

 

Атап өткеніміздей, әлеуметтік жұмыс қызметтің жан – жақты түрі болып саналады. Ол маманнан әр сала бойынша білімді болып және оны тәжірибеде қолдана білуін талап етеді. Біліктілік анықтамалығы әлеуметтік қызметкердің әр түрлі лауазымдық міндеттерінің ұзын тізбесін құрайтындығы тегін емес.

Әлеуметтік қызметкер:

-әлеуметтік-медициналық, заңдық, психологиялық – педагогикалық, материалдық және басқа көмекті, адамгершілік, күш пен психикалықденсаулықты қорғауды қажет ететін отбасылар мен жеке адамдарды анықтауға;

- оларға қиындық, жанжал жағдайларын тудыратын себептерді белгілеуге (отбасында, жұмыс және оқу орындарында, т.б.), осындай қтындықтар мен жанжалдарды шешуде ықпал етуге және әлеуметтік қорғауға;
            - көмек қажет ететін халық тобына қажетті әлеуметтік – экономикалық көмек көрсетуде әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге ықпал етуге;

- кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің, мүгедектердің, зейнеткерлердіңүйдегі жұмысы туралы еңбек келісім шартын жасау және отбасы тәрбиесіне көмек көрсетуге;

- әлеуметтік мінез – құлықты кәмелетке толмаған балалармен отбасы және некеге тұру мәселелері бойынша психологиялық – педагогикалық, заң кеңесін және тәрбиелік жұмыс жүргізуге;
            - қамқоршылық пен қамқорлық көрсетуді, емдейтін және оқытып тәрбиелейтін мекемелерге орналастыруды, материалдық, әлеуметтік – тұрмыстық және басқа көмекті қажет ететін балалар мен ересектерді анықтауға, оларға ықпал етуге;
            -  кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларды қоғамның атынан қорғауды ұйымдастыруға, сотта олардың қоғамдық қорғаушысы ретінде сөйлеуге (қажет болған жағдайда);

- отбасына, жетімханаларға әлеуметтік көмек көрсетуге (балалыққа алу, қамқоршылық пен қамқорлық көрсету, әлеуметтік ақталуына ) орталықтарын, мүддесі бойынша жеткіншектердің, балалардың және отбасының орталықтары мен бірлестіктерін және т.б. құру жұмыстарына қатысуға міндетті.

Біліктілік анықтамылығы әлеуметтік қызметкердің жалпылай қызметін, әлеуметтенуін, дайындық дәрежесін есепке алмастан оған қойылатын талап пен міндеттерін анықтайды.

Әлеуметтік  қызметкердің қызметін неғұрлым нақтырақ қарайық.

Диагностикалық қызметті жүзеге асыру әлеуметтік қызметкердің топтың, жіктің, жеке адамның міндеттерін, оларға микроортаның әсер ету дәрежесі мен бағытын және «әлеуметтік диагноз» қоюды оқуды талап етеді. Болжаулық қызмет қоғамның барлық әлеуметтік институттарының әлеуметтік жұмыс объектілеріне әсер етуін программалау және бағдарлау және осы объектілердің әлеуметтік тәртібінің белгілі моделін дайындау жолдарымен жүзеге асады.

Ескерту – алдын алу (немесе әлеуметтік терапевт) қызметі жағымсыз құбылыстың алдын – алу және оны жеңе білудің әлеуметтік – құқықтық, заңдық, психологиялық, әлеуметтік – медициналық, педагогикалық және басқа механизмдерін қолдануға көмек қажет ететіндерге әлеуметті – терапевтік, әлеуметті – тұрмыстық, психологиялық – педагогикалық, медициналық, заңдық және басқа көмек көрсетуге, отбасын, әйелдерді, жеткіншектерді, балалар мен жастарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен ескерту алдын алу қызметі кейін қалған адамдар мен нашар қорғалған жікке әр түрлі көмек көрсетіп, қолдауға ғана емес, жіктердің, адам топтарының, жеке адамдардың дәрежесінде, мінез – құлқында, қызметінде болатын алуан жағымсыз залаларды ескертуге бағытталған. Осы қызмет әлеуметтік жұмысты шағын және кең мағынада түсінумен ұқсас келеді.

Әлеуметтік жұмыста құқық қорғау қызметі халыққа көмек көрсетуге және оларды қолдауға, қорғауға бағытталған заңдар мен құқықтық нормалардың барлық жиынтығын қолдануды қарастырады. Бұл ел ішінде тұратын халыққа және кейбір себептермен сырттатұратын бөлігіне де қатысты.

Әлеуметтік – педагогикалық қызметке сәйкес әлеуметтік қызметкер әр түрлі қызмет түрлерінде (мәдени – бос уақыттық, спорт – сауықтыру, сондай – ақ техникалық және көркем сурет творчествосы, туризм) адамдардың мүддесі мен мұқтаждықтарын анықтауға және олармен жұмыс жүргізуге әртүрлі мекемелерді, ұйымдарды қоғамдық, творчестволық және басқа одақтарды, мәдени – бос уақыт қызметінің және т.б. мамандарын, жаттықтырушыларын, ұйымдастырушыларын тартады.

Психикалық қызмет барлық көмек қажет ететіндерге жеке тұлғалық қатынасты түзету және кеңес беруді, әлеуметтік дағдылану мен ақталуда көмек көрсетуді болжайды.

Әлеуметтік – медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде әлеуметтік қызметкер денсаулық сақтаудың алдын – алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, бірінші медициналық көмек көрсету, тамақтану мәдениеті негіздерін, тазалық гигиеналық норманы білуге, отбасын құру жұмыстарын ұйымдастыруға, репродуктивтік және жыныстық тәртіпке жауапкершілік қатынасын құруға, отбасы өміріне жастардың дайындалуына ықпал етуге, еңбек терапевін дамытуға, салауаииы өмір салтының құрылуына себепші болуға міндетті.

Әлеуметтік қызметкердің қызметінде әлеуметтік – тұрмыстық қызмет те негізгі орын алады, олар: әлеуметттік қызметкер халықтың әртүрлі категориясына (әсіресе, мүгедектерге, ұлғайған жастағы адамдарға, жас отбасына, жас нәрестелі болған отбасына және т.б.) олардың үй – жайы жағдайларын жақсартуда, дұрыс тұрмысын ұйымдастыруда, баласын оқытуға, оны күтуге көмек көрсетудежәне т.б. қажетті көмек көрсетуге және оларды қолдауда себепші болуға міндетті.

Коммуникативтік қызметті жүзеге асыра отырып, әлеуметтік қызметкер кез – келген көмекті және қолдауды қажет ететін адамдармен қатынас жасап, мәлімет алмастыруды ұйымдастырады, әлеуметтік қызметтердің қызметіне қоғамның әртүрлі институттарының жұмыла кірісуіне себепші болады, көмек пен қолдауды қажет ететін және қажет етпейтін ауру, дені сау адамдарды басқа адамның қабылдауына, түсінуіне көмектеседі.

Әлеуметтік жұмыстың жарнамалық – насихаттау қызметі әлеуметтік қызмет көрсету жарнамасын ұйымдастырудан және адамды қорғау идеясын насихаттаудан көрінеді.

Адамгершілік – мейірімділік қызмет әлеуметтік жұмыстың жоғары мейірімділік мақсатын сипаттайды, қоғамдағы адамның, жік мен тобтың абыройлы жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыру кәсіпорын мен мекемедегі, сондай – ақ тұрғылықты тұратын жерлерде әлеуметтік қызметті ұйымдастыруға себепші болуға, жұртшылықты және оның жұмысына тартуға, әлеуметтік қызметтің қызметін халыққа, ең алдымен, бірінші кезекте нашар қорғалған топ пен жіктерге, жеке тұлғаларға әр түрлі көмек көрсетуге  және әлеуметтік қызмет көрсетуге бағыттау арқылы жасалады.

Әлеуметтік қызметкер тиісті білім алып, ептілікті терең игерген жағдайда ғана айтылған міндеттері орындап, көрсетілген қызметтерді жүзеге асыра алады. Маманның әлеуметтік жұмыс саладағы білімі мен ептілігіне қойылатын талаптар ҚР – ның ғылым мен білім министрлігі 1999 жылы бекіткен және 2001 жылы өңделген стандартына баяндалған. Бұл жалпы гуманитарлық және әлеуметтік – экономикалық тәртіп, бағыттың жалпы кәсіптік және әлеуметтік мінез – құлқының айналымы бойынша маманның білімділігіне , білімі мен ептілігіне қойылатын талаптар.

Әлеуметтік жұмыс саласында отбасымен жұмыс жүргізетін маманға қойылатын талаптар:

Мемлекеттік стандартқа сәйкес, бағыттың жалпы кәсіптік тәртіп айналымы бойынша маман; отбасы ортасындағы жұмыстың ерекшелігін білуге; әлеуметтік – мәдени қызметтің отандық және шет елдің озық тәжірибесін білуге және оны қолдана білуге; бір жағынан жеке тұлға мен отбасы арасында, екінші жағынан - әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік құрылымдар арасында делдалдықты қамтамасыз ете білуге; жеке тұлға мен микроорта, бала мен ересектер, отбасы мен қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз ете білуге; адамдар мен шағын топтар арасындағы жағдайларға , клиенттің маңызды да арнайы қызметті орындауына ықпал ете білуге; клиенттің ынтасы мен белсенді өмірлік ұстанымының дамуына ықпал ете отырып, бейресми қатынас жағдайында жұмыс істей білуге; негізгі психикалық қызмет және оның физиологиялық механизмі, психикасы қалыптасқан кездегі табиғи және әлеуметтік деректердің қатынасын, адамның, жеке тұлғаның мінез – құлқындағы еркіндік пен эмоцияны, қажеттілік пен себебін, сондай – ақ санасыз әрекеттің маңыздылығын, өзінің психикалық жай – күйін түсіндіре білуге, психикалық болжам мен психикалық өзі реттейтін тәсілдерді білуге;
жеке тұлғаны түсіндірудегі социологиялық ыңғай, социолизация үдерісіндегі оның құрылу деректері, әлеуметтік мінез – құлықтың негізгі заңдары мен реттелу нысандары,  әлеуметтік қауым мен топтар, әлеуметтік үдерістің түрлері мен шығуы туралы ғылыми түрде көрсете білуге; жалпы әлеуметтік қозғалыстың типологиясын, пайда болуы мен дамуының негізгі көзін, отбасына әсер ететін әлеуметтік өзара қарым- қатынас түрлері мен әлеуметтік даму деректерін, олардың өзгеруін, отбасы мен әлеуметтік институттың типтері мен құрылысын, қызметін білуге; социологиялық талдаудың негізін білуге;
жалпы педагогика негізін және оның арнайы бөлімдерін білуге; педагогикалық қызметтің түрлерін, құралдары мен тәсілдерін білуге; тәрбиелік жұмыс пен білім алудың түрлері мен тәсілдерін білуге және оны қолдана білуге; ұлттық ерекшеліктерді, халық дәстүрін, әдет – ғұрпын білуге және оны әлеуметтік жұмыста қолдана білуге;
ана мен баланы қорғауды, кәмелеттік жасқа толмағандардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің құқын реттейтін және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін отбасы, еңбек, үй – жай заңдары нормасын білуге; қылмыстық және азаматтың құқық негіздерін білуге; қамқорлық, қамқоршылық, балалыққа алу, ата – ана құқығынан айыру, арнайы оқыту – тәрбиелеу мекемесіне жіберу тәртібі мен оны ұйымдастыруды білуге; әлеуметтік медициналық жұмысты, тазалыққа үйрету және салауаииы өмір салтын насихаттауды ұйымдастыра білуге; мемлекеттік стандартпен белгіленген кәсіптік қызметтің әртүрлі объектілерінде басқарушылық, зерттеу – аналитикалық, ғылыми –  педагогикалық және тәжірибелік қызметтерді жүргізе білуге; бірінші медициналық көмек көрсете білуге тиіс.

Бағыттың арнайы тәртібінің айналымы бойынша маман:

  • әлеуметтік болжау мен жобалау әдістемесін және технологиясынигеруге, нақты жобада өзінің алған білімін қолдана білуге;
  • әлеуметтік инновация процедурасы мен әдістерін игеруге, әлеуметтік жұмыс тәжірибесіне инновацияны творчестволық қолдана білуге;
  • әлеуметтік экология ерекшеліктерін, қоршаған ортаның жағдайын бағалау тәсілін білуге, экологиялық мәдениетті игеруге;
  • геронтологияның маңызды мәселесін білуге және оны шеше білуге, егде және үлкен жастағы адамдарға әлеуметтік медициналық қызметті ұйымдастырып, осы контингентпен әлеуметтік жұмыс жүргізудің ерекшелігін білуге;
  • халықтың жұмыс басты болуы қазіргі заман мәселесін шешуде білімін пайдалануға, жұмыссыздар арасында әлеуметік жұмыс жүргізіп, оларға моральдық және материалдық қолдау жасап, жұмысқа орналасуына көмек көрсете білуге;
  • әлеуметтік жұмыстың психология мен педагогика арнайы бөлімінің  тереңдетілген білімін қолдана білуге;
  • әлеуметтік статистика әдістерін білуге және оны қолдануға , әлеуметтік жұмыста статистикалық өлшеуді қолдануға;
    қазіргі заманның этнографиялық және демографиялық жағдайын ескеріп, әлеуметтік жұмысты жүргізе білуге;
  • халықты әлеуметтік қорғаудың аймақтық органдары мен орталықтары қызметінің нақты тәжірибесін білуге және оны тәжірибелік қызметте қолдана білуге;
  • әлеуметтік ортадағы нақты құбылыс пен үдерісті талдау кезінде зерттеу жұмысының әдістемесін білуге, зерттеу қорытындысын пайдалануға және енгізе білуге;
  • арнайы дайындықтың ерекшеліктерін: халыққа көмек, еңбек ұжымдарында әлеуметтік жұмысты, халыққа медициналық - әлеуметтік көмекті, жастармен, отбасы мен балалармен әлеуметтік жұмысыт, әлеуметтік ақталу және еңбек терапиясын, геронтология мен егде және мүгедек адаммен жұмысты ұйымдастыруды, халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді, әлеуметтік ортада экономика және менеджментті ұйымдастыруда тәжірибелік қызметті біліп, қолдануға тиіс.

Әлеуметтік қызмет саласында маманның біліміне және шеберлігіне қатысты жалпы талаптар таңдап алынған мамандықты есепке ала отырып нақтыланады және жоғарғы оқу орнының оқу жоспарымен анықталады.

5.2. Әлеуметтік қызметкердің рухани – адамгершілік тұлғасы

 

Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмыс жүргізуіне тиісті кәсіптік білім ғана емес, сондай – ақ жеке дайындығы болуы, белгілі кәсіптік – этникалық норма мен принципті ұсатуы керек. Өз клиенттеріне ықпал етуі, кәсіби мәселелерді, әлеуметтік жұмыс туралы білімді, тәжірибені игеруде, оның заң жүзіндегі өкілеттілігі мен мәртебесі және беделі, харизматикалық (харизма – бедел , жеңімпаз (М. Вебер) , ерекше қасиеті мен таланты және жеке өзіне тән тартымдылығымен ғана шешуге болады. Әсіресе, оның интелектуалды, жалпы мәдениетті, адамгершілік әлеуметтілігі ретінде қызметкердің жеке қасиеті маңызды.

Осындай қалыптасқан және бекітілген қасиеттерінің арқасында әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіптік қызметін неғұрлым тиімді жүзеге асыра алады. Жеке алғанда, бұл оның халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары және олардың ерекшеліктері туралы мәлімет алуына , өз ісінің салдарын алдын – ала білуіне , адамдардың әртүрлі категорияларымен (жеткіншектерімен , жетім балалармен , мүгедектермен, жалғыз басты аналармен , егде адамдармен және т.б.) қарым – қатынас жасауға, клиенттерге мейірімділік танытуға, олардың сеніміне енуге, қақтығыс, сәтсіздік, жұмыс қиын кездерде клиент өмірінің жыныстық мәселелеріне сыпайыгершілік және сезім тұрақтылығын танытуға, клиентке деген ізгіниеттілікті, сабырлықты және ілтипаттылықты сақтай отырып, өз борышын адал орындауға мүмкіндік береді.

Осының бәрі әртүрлі жеке тұлғалық қасиеттің болуын шынымен талап етеді. Арнайы әдебиетте жеке тұлғаның мейірімділік бағыты, жеке және әлеуметтік жауапкершілігі, ізгілік пен әділеттіліктің күшейтілген сезімі, өз басының беделін сезіну және басқа адамның беделін сыйлау, шыдамдылық, мейірімділік, тәртіптілік, эмпатиялық(қоса уайымдау) , басқаны түсінуге және оған көмек көрсетуге дайын болу, сезім тұрақтылығы, өзінің бағалауы, талап етуі және әлеуметтік дағдылануы бойынша қасиеттерді жиі атап көрсетіледі.

Әлеуметтік қызметкердің жеке тұлғалық қасиеті үш топқа бөлінеді:

  1. психологиялық сипаттама, ол қызметтің осы түріне қатысты қабілеттіліктің құрамдас бөлігі болып саналады;
  2. жеке сүйкімділік тиімділігін тудыруға бағытталған психологиялық – педагогикалық қасиет;
  3. жеке сүйкімділік тиімділігін тудыруға бағытталған психологиялық – педагогикалық қасиет;

Жеке тұлғалық қасиеттің бірінші тобына психикалық үдеріске (қабылдау, еске сақтау, қиял, ойлау), психикалық күйге (шаршау, селқостық, есеңгіреу, қобалжушылық, дағдарыс) , ақыл – ой күйі ретінде көңіл қоюға, сезім (ұстамдылық, индифферентілік) және қайраттылық (табандылық, бірізділік, импульсивтік) сипаттамаға кәсіптік қызметтің қоятын талаптарын жатқызады.

Екінші топқа өз әрекеттерін бақылау, өзіне - өзі сын көзбен қараушылық, өзі бағалау, сондай – ақ есеңгіремейтін қасиет – денені жаттықтыру, өөзін - өзі иландыру, өз сезімін қайта өзгертіп және басқара білу жатады.

Үшінші топқа коммуникативтік (адамдармен тез байланыс жасай білу), эмпативтік (адамдардың көңіл – күйін таба білу, олардың мақсаты мен күткенін анықтай білу, олардың қажеттілігін бірге уайымдау), визуалдық (жеке тұлғаның сыртқы кейпінің тартымдылығы), шешендік (сөзбен сендіре және көзін жеткізе білу) және т.б.

Айтылған қасиеттер әлеуметтік қызметкердің кәсіптік , еңбек этикасын көрсетеді. Оның мазмұны моральдық құндылық пен норманың жиынтығына біріктірілген адамның еңбекке деген қатынасымен анықталады, ол еңбек қызметі саласындағы адамның мінез – құлқында сипатталады.

Шет елдің және Ресейдің мамандары әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасын түсіндіру кезінде АҚШ – та 1979 жылы қабылданған «Әлеуметтік қызметкер Ұлттық Ассоциациясын (ӘҚҰА) этика кодексінің басшылыққа алады. Оның негізгі алты бөлімінде әлеуметтік қызметкердің мінез – құлқы және оның өз міндеттерін орындауын, әлеуметтік қызметкердің клиенті, қызметтестері, тұлғалар мен ұйымдар, жұмыс берушілер, мамандығы, қоғам алдындағы моральдық міндеттерін анықтайтын этикалық принциптері баяндалған.

«Әлеуметтік қызметкердің мінез – құлқы мен тұлғасын деп аталған бірінші бөлім бес принциптен тұрады. Соған сәйкес әлеуметтік қызметкер өз мінез – құлқының жоғарғы стандартын қолдауға, өкілетті болуға және  өөзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, кәсіби міндеттерін өзінің тікелей міндеті ретінде қарауға, шыншыл және алдамауға, ғылымизерттеулерде халықаралық келісімді сақтауға тиіс.

«Әлеуметтік қызметкердің өз клиенттеріне қатысты этикалық міндеттерің деп аталатын екінші бөлімде клиенттер мүддесінің бірінші дәрежелігі, одан ең жоғарғы дербестік үйрену қажеттігі, сондай – ақ құпиялық пен клиенттермен жұмыс жүргізуде құпияны сақтау, қаламақы беріп, көмек көрсетуде әділетті, ақылды, өлшемді болуды белгілеу қажеттігі айтылған.

«Әлеуметтік қызметкердің өз клиенттеріне қатысты этикалық міндеттерің деп аталатын үшінші бөлімі екі қағидадан тұрады. Оның біреуіне сәйкес, әлеуметтік қызметкердің өзінің қызметтестерін силауға, оларға сенуге және олармен сыпайы және әділетті түрде қарым – қатынаста болуға болуға тиіс. Екінші қағидаға сәйкес , әлеуметтік қызметкер толық кәсіптік қайырымдылық жасай отырып, клиенттермен, қызметтестермен жұмыс жүргізуге міндетті.

«Әлеуметтік қызметкерді жалдаған жұмыс беруші мен ұйымдарға қатысты этикалық міндеттерің деп аталатын төртінші бөлімде әлеуметтік қызметкердің өз мойнына алған міндеттерді қатал орындауы қажеттігі көрсетілген.

«Әлеуметтік қызметкердің өз мамандығына қатысты этикалық міндетерің деп аталатын бесінші бөлім төмендегідей қағидадан тұрады, соған сәйкес, әлеуметтік қызметкер мамандықтың маңыздылығын, этикасын, білімі мен миссиясын қолдап, дамытуға, халықтың жалпы қауымына әлеуметтік қызметте қолы жететіндей етіп, оның дамуына ықпал етуге кәсіптік тәжірибеде білімнің дамуына, жан – жақты қолдануына жауапкершілік атқаруға тиіс.

Кодекстің «Әлеуметтік қызметкердің қоғамға қатысты этикалық міндеттерің деп аталатын алтыншы бөліміне сәйкес, әлеуметтік қызметкер қоғамның жалпы ауқатылығына себепші болуға тиіс. Бұл бөлімге әлеуметтік  қызметкердің міндеттеріне байланысты мәселелер енгізілген, олар тежеудің алдын алу және оны жою, барлық адамдардың (әсіресе, көмек қажет ететіндер) таңдау бостандығына ие болуы және оларға қажетті құралдар мен қызметке рұқсат берілуі, бірдей мүмкіндіктері болуы ұмтылуы. Әлеуметтік қызметкер адамдардың өмірін жақсартуға бағыттыалған саяси және заң өзгерістеріне себепші болуға да міндетті.

Этика кодексінің принциптері әлеуметтік қызметкердің қызметіне қатысты негізгі талаптарды ғана анықтайтыны айқын. Олар одан да басқа қоғамның әдет – ғұрпын, сондай – ақ біздің елдегі әлеуметтік қызметкердіңжинақталған теориялық және практикалық тәжірибесін ескеруге тиіс.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-21 17:59:17     Қаралды-9110

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »