UF

Тақырыбы: Ауаны талдау əдістері мен ерекшеліктері

 

1. Ауа талдау объектілерінің бірі ретінде атмосфералық ауа жəне жұмыс белдемінің ауасы.

2. Ауаның негізгі ластаушылары жəне олардың көздері.

3.Ауа ластаушыларын классификациялау атмосферадағы ауа ластаушыларының химиялық реакциялары.

4.Ауаны талдау əдістері мен ерекшеліктері

 

  1. Атмосфералық ауа

Құрғақ атмосфералық ауаның 99,9% көбі азот, оттегі жəне аргоннан тұрады.Тек 0,1% көміртегі диоксиді, криптон, неон, гелий, ксенон жəне сутегі үлесіне келеді. Бірақ таза ауаның құрамында да көміртегі оксидінің, озонның, азот оксидтерінің жəне аммиактың,(0,003-0,25 мг/м3 дейін) сонымен қатар метан мен сутектің 0,5-1,5 мг/м3 мөлшері бар. Ауада осы газдардың шамалы мөлшерінің болуы, атмосфераның жоғары қабаттарында бос озонның, сонымен қатар шіру жəне ыдырау үрдістерімен (аммиак, метан, көміртегі оксидтері жəне азот) немесе атмосфералық құбылыстарымен (азот диоксиді) түсіндіріледі. Қалған басқа қосылыстар (қатты, сұйық, газ тəрізді заттектер, атмосфераның табиғи құрамын өзгертетін), əртүрлі көздерден ауаға түсетін, (негізінен антропогенді) ластаушылар деп классификацияланады. Оларға көміртегі, күкірт жəне азот оксидтерін, көмірсутектер, əртүрлі оксиданттар, металдардың аэрозольдері, қатты бөлшектер (шаң, күйе, органикалық аэрозольдер) жəне радиоактивті заттекті жатқызады.

Жұмыс белдемінің ауасы

Өндірістік панажайлар ауасының ластану дəрежесі өнеркəсіп түріне жəне өндірістік саласына (зауыт цехы, шахта, рудник жəне т.б.) технологиялық үрдіс ерекшеліктеріне, панажай жабдықталуы мен орналасуына, желдету жүйесіне жəне пайдаланылатын шикізат қасиеттеріне байланысты.    

Жұмысшының тыныс алу белдеміне түсетін улы химиялық қосылыстарының мөлшері атмосфераны ластаушылар концентрацияларынан бір тəртіпке асады. Өнеркəсіп уларының микроқоспалары күннің ультракүлгін радиациясының əсеріне түспесе де, олар ылғал ауада ыдырауы жəне өзара əсерлесуі мүмкін.

Кейбір бейорганикалық синтез үрдісі кезінде жұмыс белдемінің ауасы реакцияласуға қабілетті жəне бейорганикалық газдармен ластанады (хлор, хлор диоксиді, озон, азот оксидтері жəне т.б.) олардың өзара əсерлесуі нейтролиздің улы хлоридінің түзілуінің себебі болып табылады. Атмосферада секілді өнеркəсіптік панажайлар ауасында қатты бөлшектер (шаң, күйе) металдар аэрозольдері (металлургиялық технологиялық үрдістер кезінде ұшқыш заттектердің булары ауада конденсациялану кезінде түзілетін

жоғары молекулалық органикалық қосылыстар болуы мүмкін. Жұмыс белдемінің ауасы үшін 800-ден аса əртүрлі химиялық заттектер үшін ШРК белгіленген жəне бұл сан үздіксіз өсуде. Барлығы біздің елімізде ауа су, топырақ құрамындағы 1200 улы қосылыстар нормаланған соның ішінде пестицидтер жəне фиброгенді əсерлі аэрозольдер. Көптеген технологиялық үрдістерге тəн. Өндірістік, өнеркəсіптің жұмыс белдемінің арасында көп кездесетін ластаушылар көміртегі оксиді, шаң жəне еріткіштер жұбы (көмірсутектер, құрамында оттегі жəне хлоры бар оргникалық қосылыстар) болып табылады.

  1.  Ауаның негізгі ластаушылары жəне олардың көздері

Өндірістің шоғырлануы және олардан қоршаған ортаға шыққан қалдықтардың әсері ауа бассейнінің ластануына әкеледі. Атмосфераның индустриалды ластауының негізгі көздері ретінде атмосфераға күйе, күл жəне күкірт диоксидін шығаратын жəне тас көмір негізінде жұмыс жасайтын жылу электр стансалары (ЖЭС); шығарындыларының құрамында күйе, шаң, темір оксиді жəне күкірт диоксиді, кейде фториттері бар металлургиялы зауыттар, үлкен мөлшерде шығарлатын шаң көзі –цемент зауыттары болып табылады. Бейорганикалық химия өнімдерін ірі кəсіпорындар технологиялық үрдіске байланысты атмосфераны құрамы əртүрлі газдармен ластайды. (күкірт диоксиді, кремний тетрафторийді, фторсутек, азот оксидтері, хлор, озон). Целлюлоза өндіретін, мұнай тазалайтын зауыттар атмосфераға жағымсыз иісті газ тəрізді шығарынды қалдықтармен ерекшеленеді. Мұнай химиясы өнеркəсіптері (мұнай айдау зауыттары, мұнайды өңдеу, органикалық синтез) басқа класты органикалық қосылыстардың (аминдер, меркаптандар, сульфидтер, альдегидтер, кетондар, спирттер, қышқылдар, хлоркөмірсутектер жəне т.б.) жəне көмірсутектердің ауаға тасталуының көздері болып саналады. Сонымен қатар, барлық өндірістік өнеркəсіптер жеке жылу жəне энергетикалық жүйелермен қамтамасыздандырылған, ал олардан шығатын газдар да ауаны ластайды.

Атмосфералық ауаның химия өндірісінің өнеркəсіптерімен ластануы келесі себептерге байланысты:

• өнімнің толық шықпауы (реакцияның толық жүрмеуі, ақырғы өнімнің жоғалуы жəне т.б.)

• шикізатты өңдеген кезде атмосфераға қоспалар мен ластаушылардың шығуы (табиғи фосфаттар мен кеніштерлен фторлы қосылыстарды; табиғи газдан, шикі мұнайдан жəне тас көмірден күкіртсутекті жəне күкірт диоксидін; күкірт қышылының өндірісінде күкіртті колчеданнан мышьяк жəне селеньді жəне т.б.);

• өндірістік үрдістер кезінде заттектердің жоғалуы, мысалы, жасанды жібек пен вискозаны жасау кезінде күкіртсутектің, күкірт көміртегінің жəне ұшқыш органикалық еріткіштердің; күкірт қышқылының камералық жəне мұнаралық əдістермен өндірген кезде азот оксидтерінің алюминий өндірісі кезінде фтор қосылыстарының жəне т.б.;

• термототығу деструкциясы қыздыру немесе кептіру үрдістерінің нəтижесінде ауаға иісті заттектердің тотығу жəне деструкция өнімдерінің түсуі (тағам өнімдерінің, сабынның, желімнің жəне ағаштан жасалған бұйымдардың өндірісі, автомобильдерді бояу, синтез жəне полимерлі материалдарды өңдеу еріткіштер өндірісі жəне т.б.).

Ірі қалалардың ауасының ластануы да жұмысын атқарып, болған автомобиль газдары, сонымен қатар отынның булану үрдістері маңызды роль атқарады. Жұмысын атқарып болған автомобиль газдарындағы зиянды заттектердің құрамы біршама дəрежеде қозғалтқыштарды пайдалану шарттарына тəуелді. Бензинмен жұмыс жасайтын қозғылтқыш атмосфералық ауадағы көміртегі диоксидінің құрамына ешқандай əсер етпейді, бірақ ол ауаны келесі заттектермен ластануының көзі болып саналады: көміртегі диоксиді (қозғалтқыш цилиндрлерінде бензиннің толық жанбауы нəтижесінде түзіледі), парафинді жəне алефинді қатардың газ тəрізді көмірсутектері жəне отынның өзгермеген құрамдас бөліктері, жоғары қайнайтын полициклды ароматикалық көмірсутектер жəне күйе, отынның толық тотықпаған өнімдері, (мысалы, альдегидтер) галоген көмірсутектер, ауыр металдар (мысалы, қорғасын) жəне азот оксидтері, олар отынның жануы кезінде жүретін үрдістердің нəтижесінде түзіледі. Құрамында реакцияласуға қабілетті алефинді көмірсутектер жəне азот оксидтері бар шығарынды газдар атмосферада тірі организмдерге зиянды жəне өсімдіктер мен құрылымды материалдарға əкеліп соқтыратын фотохимиялық реакцияларға түсуі мүмкін. Өндірістік негізде түзілетін стационарлы көздер (түтінді газдар, металлургиялық өнекəсіптің балқту пештерінің шығарынды газдары каталитикалық крекинг қондырғылары, ЖЭС жəне басқа энергетикалық кешендердің шығарынды газдары) жəне жанартаулардың атқылауы атмосфераны көмірсутектермен ластайды. Орман өрттерінің нəтижесінде ауаға көп мөлшерде көмірсутектер жəне көміртегі оксидтері бөлінеді.

  1. Ауа ластаушыларының классификациясы

Түзілу механизіміне байланысты ауа ластаушыларын біріншілік жəне екіншілік деп бөледі. Біріншілері – тікелей стационарлы немесе жылжымалы көздерден ауаға түсетін химиялық заттектер болып келеді. Екіншілері, атмосферадағы біріншілік ластаушыларының өзара жəне ультракүлгін сəулеленудің əсерінен ауадағы заттектермен (оттегі, озон, аммиак, су) əсерлесуі нəтижесінде түзіледі. Көп жағдайда екіншілік ластаушылар мысалы, пероксиацетилнитраттар (ПАН) тобының біріншілік ластаушыларынан біршама улы болады. Ауадағы қатты бөлшектер аэрозольдердің көбісі екіншілік ластаушылар болып табылады. Ластаушылардың потенциалды қауіптілік жəне улылығын олардың таралуын жəне эмиссия көздерін ескере отырып оларды шартты түрде бірнеше топтарға бөледі:

• атмосфераның негізгі (критериалды) ластаушылары – көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, көмірсутектер, қатты бөлшектер жəне фотохимиялық оксидтер;

• полициклдық ароматикалық көмірсутектер (ПАК);

• элементтер іздері (негізінен металдар)

• тұрақты газдар (көміртегі диоксиді, фотохлорметандар);

• пестицидтер;

• абразивті қатты бөлшектер (кварц, асбест жəне т.б.);

• ағзаға жан-жақты əсер ететін əртүрлі ластаушылар (нитрозаминдер, озонполихлорланған жəне т.б.)

Барлық критериалды ластаушылар атмосфераны біріншілік ластаушыларына жатқызады.

Азот оксидтері іштен жану қозғалтқыштарындағы күшті қондырғыларда азот пен оттегінің жоғары температурасы кезінде түзіледі. Азот оксиді атмосферада электрлік разряд кезінде түзіледі жəне автомабиль газдары да болады. Жыл сайын атмосфераға 5×107 тонна азот оксиді таралады, оның ішінде 53% антропогенді көздерден ақыр соңында оксидтер атмосферада нитраттарға айналады. Күкірт диоксиді құрамында күкірті бар отынның жануы кезінде түзіледі. Бұл улы газдың эмиссиялық көздері стационарлы көздері болып табылады, мысалы, ЖЭС, өнеркəсіп объектілер –рафинирленген мұнай, тыңайтқыштар, күкірт қышқылын жəне мұнайлы химиялық өнімдерді өндіру, іштен жану қозғалтқыштары. Күкірт диоксиді ауаның фотохимиялық тұмшаның түзілуіне қатынасатын, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпті жəне ең қауіпті ластаушылар қатарына жатқызады. Күкірт диоксидінің атмосфераға жалпы эмиссиясы жылына 8×107 тоннаны құрайды, яғни атмосфераға улы химиялық заттектердің түсуі артады жəне энергияны тұтынудың өсуіне пропорционалды тұрақты өседі.

Көміртегі оксиді – ауаның газ тəрізді ластаушыларының ішінде ең қауіптісі жəне кең таралғаны, оның улылығы қан гемоглобинімен реакцияға түсуі. СО түзілуі əртүрлі отынның толық жанбауы кезінде жүреді. СО табиғи көзі орман өрттері жəне атмосферада органикалық қосылыстардың фотохимиялық айналуы болып табылады. СО шамамен 25% антропогенді түзілген. Көміртегі оксидінің біршама мөлшері қалалармен өндірістік аймақтардың атмосферасына автокөлік газдармен түседі.

Болашақта ауаның стационарлы көздерден шаң жəне күкірт оксидтері жəне азот секілді улы заттектермен ластануы азаяды деп болжануда. Бірақ аса қауіптілікті органикалық заттектердің газдары мен булары жəне ауыр металдар келтіреді.

Ауаға табиғи көздерден бөлінетін көмірсутектердің концентрациясы 1мг/м3 шамалы асады. Көмірсутектердің жылдық эмиссиясы жылына 3×108 т құрайды. Оның ішінде 50% осы мөлшердің көлік жұмысымен келісілген, шамамен 15% ЖЭС жəне тұрғылықты аудандарда сұйық отынның жануы кезінде көмірсутектердің бөлінуін құрайды, ал 26% көмір мен қоқыстың жануына жəне отынмен еріткіштердің булануына келеді. Автомобильдің орташа шығарындысында шамамен 400мг/м3 парафинді, 120мг/м3 ацетилинді, 200мг/м3 ароматикалық жəне 300мг/м3 алефинді көмірсутектер бар.

Атмосферадағы қатты бөлшектер шаң, құм, күйе, жанартаулы шаң жəне органикалық, бейорганикалық аэрозольдер болып келеді. Көбінесе қатты бөлшектердің улылығы олардың беттерінде ПАК немесе нитрозомин секілді аса қауіпті қосылыстардың адсорбциясы болып келеді.

Фотооксиданттар атмосферада ультракүлгін радиацияның əсерінен азот оксидтерінің реакцияласуға қабілетті көмірсутектердің өзара əсерлесуі кезінде түзіледі. Соңында аса улы заттектер түзіледі: пероксиацетилнитрат, пероксибензоилнитрат жəне т.б. 0,2мг/м3 концентрациясы кезінде бұл қосылыстар өсімдіктерді бүлдіріп, резеңкені құртады. Пероксибутил жəне пероксипропил нитраттар аса улы. Бұл топтың қосылыстары тұрақты емес əсіресе жоғары температура кезінде жəне ыдырап аса қарапайым өнімдерді, мысалы, метилнитраттар жəне көміртегі диоксиді. Оксиданттар əлемнің көптеген ірі қалаларының ауа бассейнін ластайды, өйткені олардың түзілуі автокөлікпен өндірістің дамуымен байланысты.

Полициклды ароматикалық көмірсутектер (ПАК) – біріншілік жəне екіншілік атмосфераны ластаушылар болуы мүмкін жəне əдетте қатты бөлшектерде адсорбцияланады. ПАК көпшілігі айқын канцерогенді, мутагенді жəне адамға қауіп төндіреді. ПАК эмиссиясының негізгі көзі мұнаймен немесе тас көмірмен жұмыс жасайтын ЖЭС, сонымен қатар мұнайлы-химия өндірісі мен автокөлік кəсіпорындары болып табылады. Қазіргі кезде, потенциалды атмосфера ластаушылары болып табылатын 1500 химиялық қосылыстар айқын канцерогенді қасиеттерге ие екені белгілі (ПАК нитрозаминдер, галогенкөмірсутектер жəне т.б).

Химиялық элементтердің іздік мөлшері атмосферада мышьяк, бериллий, кадмий, қорғасын, магний, хром секілді аса улы ластаушылармен көрсетілген. Олар əдетте ауада қатты бөлшектерде адсорбцияланған бейорганикалық тұздар түрінде болады. Көмірдің жану өнімдерінде 60-қа жуық металдар сəйкестендірілген. ЖЭС түтінді газдарында сынап, мышьяк, барий, бериллий, висмут, бром, кадмий, хлор, кобальт, мыс, темір, фтор, қорғасын, марганец, сурьма, молибден, никель, селен, теллур, таллий, алово, титан, уран, ванадий, цинк жəне цирконий анықталған. Аталған элементтердің көпшілігі үшін олардың атмосфераға ЖЭС түтінді газдармен шығарылуы ауаның осы элементтердің барлық эмиссия көздерімен абсолютті деңгейден ластаушы ¾ бөлігін құрайды. Бұл кезде атмосфераға ластаушылардың максималды саны көмірді жаққанда түседі. Бұл көздің үлесіне 95% қатты бөлшектер, 85% күкірт оксидтері, 70% азот оксидтері, жəне 90% жоғары, көмір, мұнай жəне газ негізінде жұмыс жасайтын барлық ЖЭС жалпы шығарындаларының мөлшері болып келеді.

Мұнайды жаққан кездегі өнімдерден басқа қорғасын ауаға жанартаулар атқылаған кезде, жұмысын атқарып болған автомобиль газдарымен жəне өндірістік үрдістердің нəтижесінде бөлінеді. Жыл сайын ауа бассейнін галогенидтер түрінде шамамен 2×105т қорғасын түседі, ал өндірістік дамыған елдердің қоршаған ортасындағы сынап құрамының жыл сайынғы өсімі 5% құрайды. Металл сынап жəне қорғасын сонымен бірге олардың металлорганикалық қосылыстары өте улы. Сынап атмосфераға жанартаулардың атқылауы кезінде жəне химиялық электронды өндірістің шығарындыларымен түседі. Құрамында галогені бар сынаптың металлорганикалық қосылыстары адам үшін аса улы жəне қауіпті болып келеді, олар микро ағзалардың əсерінен металл сынаптан жəне оның органикалық тұздарынан түзіледі.

Атмосферада жинақталып ластаушылар ауадағы оттегі мен ылғалдылықтың əсерінен бір-бірімен əсерлеседі, гидролизденеді, тотығады. Сонымен қатар, радиацияның əсерінен өздерінің құрамын өзгертуі мүмкін. Улы қоспалардың атмосферада болу ұзақтығы олардың химиялық қасиеттерімен тығыз байланысты. Күкірт диоксиді үшін бұл период 4 күн, күкірт сутек 2, азот оксидтері 5, аммиак 7 күнді құрайды, ал СО жəне СН4 өздерінің инерттілігіне байланысты үш жыл ішінде өзгеріссіз сақталады.

Ауадағы шамалы активті қосылыстардың келесі улы топтың –тұрақты газдардың (фриондар жəне көміртегі диоксиді) болу ұзақтығы үлкен. Көп мөлшерде отын жағу, сонымен қатар орман өрттері атмосферадағы СО2 құрамының тұрақты өсуінің көзі болып табылады. Фриондар (фторхлорметан) эмиссиясының негізгі көздері рефрижераторлы қондырғылар болып табылады. Тұрақты газдар стратосферада акуммуляцияланып тізбекті реакциялардың нəтижесінде атмосфераның төменгі қабаттарын күн сəулесінің жоғарғы энергиясынан қорғайтын, озон қабатын бұзады. Осының нəтижесінде СО2 əдетте улы болып табылмағанымен, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жер атмосферасы температурасының глобальді өзгерісінің себебі болып табылады, ол өз кезегінде жер климатының өзгеруінің себебі болып табылады.

Пестицидтердің ішінде, оларды əдетте ұшақтардан себеді, фосфорорганикалық пестицидтер аса улы, олардың фотолизі кезінде атмосферада бастапқы қосылыстарға қарағанда одан да улы өнімдер түзіледі.

Абразивті бөлшектер, оларға кремний диоксидін жəне ізбесті жатқызады. Адам ағзасына респираторлы енуі есебінен қауіпті ауруларды туғызуы мүмкін. Соңғы кластың ластаушылары, олардың ішінде сульфаттар, нитраттар жəне нитрозалиндер, атмосфераны біріншілік ластаушылары реакцияларының өнімдері болып табылады. Мысалы, темекі түтініде табылған айқын канцерогенді белсенділікке ие нитрозолиндер атмосферада аминдер мен азот оксидтерінің əсерлесуінен түзіледі. Потенциалды канцерогенді ПХБ жатқызады, оларды улы химикаттардың əсерін күшейту үшін пестицидтерге қосады.

Атмосферадағы ауа ластаушыларының химиялық реакциялары

Атмосфераға түсіп көптеген улы қосылыстар озон, ылғалдылық, УК-радиация жəне отегінің əсерінен күрделі өзгерістерге ұшырайды. Бұл реакциялардың өнімдері сонымен қатар бастапқы қосылыстар өзара əсерлесіп, кейде өте улы жəне қауіпті қосылыстар түзуі мүмкін.

Атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы химиялық айналулар О2 молекулаларымен күннің ультра күлгін радиациясын жұтуынан басталады. Өндірістік кəсіпорындар мен көліктерден бөлініп шығатын азот оксиді табиғи жағдайларда стратосфераға түседі жəне оның О жəне О3 əсерлесуі кезінде үрдістердің негізін түсіну үшін маңызды тізбекті реакция жүреді:

NO+O3→NO2+O2

NO2+O→NO+O2

NО озонмен жəне атомарлы оттегімен реакциясы «каталитикалық циклді» құрайды, онда О жəне О2 катализаторлар болып табылады. Бұл заттектердің біреуі де шығындалмайды, себебі үрдіс кезінде олардың əрқайсысы регенерацияланады, əрбір цикл оттегінің бір атомының жұтылу жəне озонның бір молекуласын құрту эффектісін тудырады. Бұл каталитикалық цикл стротосферадағы озонның құртылуының негізгі механизмі болып табылады:

О+О2→2О2

Озонның шамамен 90% стратосферада жинақталған. Көп уақыт бойы ғарыш кемелерінің жəне жоғары дыбысты ұшақтарының ұшуы, сонымен қатар жанартаулардың атқылауы мен басқа табиғи құбылыстар озон қабатының жұқаруының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Хлорфторкөміртекті қосылыстардың (ХФК) стратосфералы озонға құртатын əсері 1974ж. Американ ғалымдарымен – атмосфераның химия саласындағы мамандар Ш. Роуленд жəне М.Милона (1996 ж. осы салада ашылған жаңалықтар үшін оларға жаңалықтар үшін оларға Нобель сыйлығы табыс етіледі) ашты. Содан бері ХФК атмосфераға шығарылуын шектететін көп іс-шаралар жүргізілді, дегенмен жыл сайын бүкіл əлемде озон қабатын жоюға қабілетті шамамен миллиондаған тонна газ тəрізді заттектер өндіріледі.

Тұрмыста жəне өндірістік өнеркəсіпте көп кездесетін ХФК – бұл аэрозольді орамдарға пропленттер, кондиционерлер мен тоңазытқыштардағы хладогенттер (фреондар). Олар көбіктелген полиуреатан өндірісінде, жəне электронды техниканы тазалау кезінде де қолданады.

ХФК біртіндеп атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтеріледі жəне атмосфераны УК-сəулеленуден қорғайтын озон қабатын жояды. Ең қауіпті фреондардың өмір сүру ұзақтығы: Ф-11 жəне Ф-12   70-тен 100 дейін. Бұл бүгінгі экологиялық сауатсыздықтың нəтижесінен жақын аралықта өзімізге сезінуге жеткілікті. Егер ХФК шығарындыларының қарқындылығы сақталса онда жақын аралықтағы 70 жыл ішінде стратосфералық озон 90% азаяды, яғни жəне:

• тері ісігі эпидемиологиялық сипатталуы;

• мұхиттағы планктон санының лезде қысқаруы;

• жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы,  мысалы: шаян тəрізді;

• УК-сəулелену ауылшаруашылық мəдениетіне қолайсыз əсер етуі əбден мүмкін:

Осының барлығы жердің көптеген экожүйелерінің тепе-теңдігін бұзады, фотохимиялық тұманның əсерінен атмосфераның жалпы жағдайы нашарлайды.

ХФК – жоғары тұрақты қосылыстар жəне олар күн сəулесінің үлкен ұзындықты толқындарын жұтпайтындықтан олар атмосфераның төменгі қабаттарындағы оның əсеріне түспейді, бірақ қорғаныш қабатынан өткен кезде атмосфера бойынша жоғары көтеріледі жəне қысқа толқынды сəулелену олардан хлордың бос атомдарын босатады. Одан кейін хлордың бос атомдары озонмен реакцияға түседі:

Cl-O3=ClO+O2

ClO+O=Cl+O2

Сөйтіп, ХФК күн сəулесінен ыдырауы каталитикалық тізбекті реакцияны түзеді, ол бойынша хлордың бір атомы озонның 100000 молекулаларына дейін жоюы мүмкін. Өте улы заттектердің түзілуімен ластаушылардың əсерінен, атмосферада ПАН топты улы заттектердің түзілуі жүретін азот оксидтерін, алефиндермен, алкилбензолдармен жəне альдегидтермен əсерлесуін айтуға болады:

NO2 +УК – Радиация (340) → NO-O

O+O23 жəне О + көмірсутектер (НС)=НСО

HCO*+O2→RCO2* +O2

                      NO2→R – C – ONO2 (ПАН)

||

О

Бұл өте маңызды фотохимиялық реакция оған реакцияласуға қабілетті олефинде əсіресе оңай түседі (этилен, 2-метил-бутен-2, цис-бутен-2 жəне т.б.), олар улы фотооксиданттардың адам денсаулығына зиянды жəне өсімдіктер үшін қауіпті тұмшаның түзілуіне əкеліп соғады. Фотохимиялық реакциялар атмосферада жалғыз емес. Онда он мыңдаған химиялық қосылыстардың əсерінен көптеген айналулар жүреді, олардың өтуі (күн радиациясы, ғарыштық жəне радиоактивті сəулелену), ионымен қатар ауадағы металлдардың іздерінің каталитикалық қасиеттері болып табылады.

  1. Ауаны талдау əдістері жəне ерекшеліктері

     Ауаның ластануы келесі себептермен түсіндіріледі:

- жұмыс аймағының атмосферасы мен ауасы көп компонентті ластаушылар қоспасы болып табылады (құрамында əр түрлі класты көптеген улы заттар бар);

- зиянды заттектердің концентрациялары іздік мөлшерлердің 104-107 жəне одан төмен интервалының микроқоспалар деңгейінде болады.

- ластанған ауа ластауыштардың химиялық əсерінен жəне метеожағдайлардың тұрақты өзгерісінің есебінен тұрақсыз жүйе болып табылады.

- тұрақсыз микроқоспалардың оңай гидролизденетін жəне реакцияласатын ластауыштардың (мысалы агрессивті биорганикалық газдардың ПАН жəне оның туындылары).

Сонымен қатар қатты заттардың жəне аэрозолдердің талдауы біршама қиындықтарға кездеседі.

Сондықтан мұндай талдаулар үшін жоғарғы қажеттілікке ие жəне ластауыштардың экспресті анықтауын жүргізуге мүмкіндік беретін аналитикалық жоғары сезімталды селективті əдістер қажет.

Ауалы ластанудың талдаудың мақсаты ластанған ауаның сандық жəне саналық құрамы жəне оның өзгерісі туралы толық ақпарат алу болып табылады. Ол ауа ластануының дəрежесін болжау үшін, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізу үшін, гигиеналық жəне токсикологиялық зерттеулер үшін қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Хоружая Т.А. Методы оценки экологической опасности. Москва.1998г.

2. «ҚР-ң Экологиялық кодексі» 6.01.2007ж.

3. А.Ж.Акбасова Г.Ә.Саинова «Экология»Алматы, 2003ж.

4. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. Учебное пособие.   Москва. -1998г. 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-14 18:24:44     Қаралды-6348

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »