UF

Топонимика- туған өлке тарихын оқып-зерттеудегі дереккөзі ретінде


Жоспар:

     1.Топонимика әдістері (Атауларды зерттеудегі топонимика ғылымының негізгі мақсаты, зерттеу әдістері)
     2.Топонимика категориялары (Топонимиканың түрлері, дерек көздері -Э.М.Мұрзаевтың, А.Абдрахмановтың топонимикалық еңбектері, елді-мекен атауларын тарихи кезеңдерге бөліп, жүйелі тұрде зерттеу)
     3.Топонимика материалдары өлкетану жұмыстарына пайдалануы (Қазақстанның  тарихи  топонимикасы: елді-мекен, су  аттары, Қазақстанның  этнографиялық топонимдердің  қалыптасуы  (1939 ж.), Оңтүстік  Қазақстан  топонимдеріндегі  су аттарына  байланысы елді  мекендер  атаулар, тарихи  топонимдердің  қалыптасуына  әсер ететін  факторлар, қазіргі таңдағы ономастикалық жұмыстардың барысы)

   

     1.Топонимика әдістері. ТОПОНИМИКА (грек. Topos-орын,  жер және  оnomo. оnyma-ат, атау) — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын),мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, граммат., фонет. пішінін, жазылуы мен
екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық  атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясьш кұрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық  нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге  (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Пайда болуы жағынан эндоним және экзонимдерге жіктеледі. Біріншісі -жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық  нысандарға  берген атаулары; екіншісі-сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген атауы. Топонимдердің, әсіресе, эндонимдердің ең негізгі касиеті-олардың тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар адамзат тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде көне ғылым мәліметтер береді. Мысалы, география атаулардың құрамын зерттеу сол аймақты ежелгі заманда қандай тайпалар, халықтар  мекендегенін анықтауға, олардың өткен тарихының ерекшелігін қалпына келтіруге, тараған жерінің шекарасын белгілеуге, орын ауыстыру бағытын шамалауға, сауда жолдарын т.б.  білуге  болады.Осы мағынада топонимдер (жер-су, елді мекен, халықтараттары) тарих, этнология, археология және тіл біліміне нақтылы мағлұмат береді. Топономиканың жер бедері сипатын (ороним), кен байлықтарын (геоним), су жағдайын (гидроним), өсімдік (фитоним) пен жануарлар (зооним) дүниесін анықтауға да тигізер пайдасы орасан зор. Топоним тіл тарихын (тарихи лексико-семантик., лексико-грамматик., диалектол., этим.) зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықгың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топонимдердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дүрыс жазылуының маңызы зор. Жергілікті географиялық атауларды басқа тілдерге қатесіз берудің іс жүзіндегі жолы-транскрипция (айтылуы) мен транслитерация (жазылуы) әдістері болып табылады. Бұл әдістердің географиялық  нысандары картаға, атласқа түсірілгенде, түрлі әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде және коммуникацияның барлық саласында олардың атауларын дұрыс жазуға көмектесетіні анық. Топономика  нысан ерекшеліне байланысты жоғарыда  аталғандардан басқа бірнеше топқа жіктеледі: ойконим (елді мекен атауы: Астана қ., т.б.); хороним (табиғи, әкімшілік-аумақ атауы); дромоним (жол қатынасы тораптарының атауы). Сондай-ақ топонимдер өзге ономастикалық  топтағы  сөздерге [кісі есімдері (антропоним), өсімдік (фитоним), мал-жануар (зооним), ру, тайпа атауы (этноним), аңыз әңгіме, эпостардағы қиялдан туындаған атаулар (мифоним), т.б.] ұйтқы болады. Трансонимистикалау құбылысы нәтижесінде ондай онимдер топонимдер қатарына ауысып, антропоним, зоотопоним, фитотопоним, этнотопоним, мифотопоним, т.б. терминдермен белгіленеді. Казақ тілінің Топономикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген. Казақстан егемендік алғаннан кейін тарихи атауларды қалпына келтіруге, жергілікті атауларды баска тілдердс дүрыс жазуға, идеод. және отарлаушылық атауларды өзгертуге көп көңіл бөлінуде. Соның  бір дәлелі  ҚР  Бж ҒМ География институтыты ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінін "Ұллтық картографиялық  геодезиялық коры  мен" бірлесіп Қазақстанның  барлық облыстары бойынша қазақ және орыс тілдерінде 28 томдық "Казақстан Республикасы географиялық атауларының мемлекеттік каталогын" дайындау жұмысы.
    Қазақстан  этнографиялық  топонимдерінің  қалыптасуы  мен  дамуына әсер етуші  факторларды  қатарына  халықтың  орналасуы, этникалық  байланыс  және  этногенетикалық  процестері  жатады. Қазақ руларының белгілі бір аймақты иеленуі кейбір  географиялық  атаулардан  да  көрініп  отырады. Сондықтан,  этникалық  атаулары  белгілі  бір  жердің  география-физикалық объектінің, елді-мекеннің көрінісі ретінде қарау керек. Е.М.Поспелов  былай  дейді: «Көшпелі  мал  шаруашылығындағы  қысқы, жазғы  жайылымдар  белгілі  бір  рудың   атына  бекітілген  уақыт  өте  келе  сол  рудың  аты  кейін  сол  жерлердің  де  атына  айналды. Сөйтіп, белгілі  жерді ғана  пайдалануды  білдіретін  генотононимдер  қалыптасқан. 
     Е.Ә.Керімбаевтың айтуынша  Қазақстан аймағында Адай  шоқасы, Ноғай  арық, Шуылдық  жайлау, Сарт өткен  және  т.б. сияқты  этнооронимдер  де  кездеседі. Осындай  орографиялық  объектілердің  атауларына қарап  этнооронимдер  ертеде  белгілі  бір  аймақтардың  (не  объектілер)  белгілі  бір  руларға  заңды  түрде  бекіту  болғандығын  көреміз. 
     Қазақстанда  жерді су суаруға  бас  арықты  пайдалану  үшін  қазақтар  ру  жақындығы  бойынша  15-20  шаңырақтан  төбе  болып  бекітілген. Негізгі  арықтар  әрқашан  белгілі  бір  рулардың  меншігінде  болған. Шымкент  облысының  Созақ  ауданындағы  Шу  өзенінің  төменгі  арнасын  бұрып  жасаған  арықтан  «Тарақты  арығы», «Уақ  арығы», «Қоңырат  арығы»  деп  аталады. Оңтүстік  Қазақстан  территориясынан  үш жүзге  қатысты  рулардың  орналасуының  картасын  көруге  болады. М.С.Мұқанов  ХІХ- ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақтарда  Сырдария  облысы  Қазалы Перовскі уездеріне орналасуы  туралы  мақаласында  былай  дейді: «Қазалы уезін  кіші  жүздің  рулары  мекендейді. Оның  көбі  сол  жүздің  үлкен  рулардың  бірі - Әлім  ұлының  үлесінде. Ал, Перовскі  уезінде  кіші  жүзден – Жеті  ру  және  Байұлы, Орта  жүзден – Қыпшақ  пен  Найман  рулары  мекендейді. 
    Босаға-Шымкент  облысының  Шәуілдер, Семей  облысының  Абай  және  Торғай  облысының  Жангелдин  ауданындарындағы  жер  атауы.
    «Босаға»  сөзінің  төркіні  туралы  жазылған  пікірлер  өте  тапшы, кейбіреулері  оны  өзімізге  белгілі  есік  босағасымен  (табалдырық  пен  маңдайшаның  аралығындағы  тіреу  ағаш)  салыстыру  ғана  шектеледі. Кейбір  тіл  деректеріне  көз  салсақ, «Босаға»  сөзінің  өзіміз  білетін  бағынасынан  «есікпен  байланысты»  басқа  да  мағынасы  бар:  1)тау  кемері; 2)есік  босағасы. Бұдан  әрігірек  барсақ, алтай  тіл  жүйесіне  жататын  тунгус – Мань  Чужур  тобындағы  кейбір  тілдердегі «босаға»  тұлғасы  біздің  түсінігіміздегі  «тау  баурайы»  дегенді  білдіреді. Осыған  қарап  «босаға»  сөзінің  алғашқы  мағынасы  тек  жер  бедерімен  байланысты  туғандығымен  түсіну  қиын  емес. 
    Боралдай-Алматы  төңірегіндегі  жер  және  елді  мекен  атауы.  Оңтүстік  Қазақстан  және  Қырғыз  жерінде  де  бұл  іспеттес  жер, тау  атаулары  ішінара  кездесіп  отырады. 
    Бір  зерттеуші  бұл  атауды  біріккен  сөз  ретінде  қарастырып «борал»  тұлғасын  «бұрма, бұрыс, теріс» , ал  «дайды», «тау»  дегенімен  жағыстырады. Егер  бұл  тұрғыда  түсінсек, «Боралдай»  дегеніміз  «бұрыс  тау, теріс  тау»  болып  шығады. 
    Алдымен  «Боралдай»  деген  жер  атауы  немен  байланысты  пайда  болғанына  тоқталайық. Қалмақ  тіліндегі  «буурада»  қалпында  дыбысталатын  сөз  «жусан»  (өсімдік)  ұғымын  береді. Демек, «Боралдай»  дегеніміз  «жусанды, жусан  көп  өсетін»  жер  деген  ұғыммен  сәйкес  келеді. Осыған  қарап, әңгіме  болып  отырған  жер  аты  қалмақ  тілінен  ауысқан  десек  те  теріс  бола  алмас  еді. Өйткені  бұл  да  түркі  тілдерімен  тектес. Алайда, тіл  деректерін  тексере  түссек, мынандай  мәліметтерге  тап  боламыз. Тува  тілінде  (бұл  түркі  тобына  жатады): «Боралдыр»  сөзі  қазіргі  біздің  тіліміздегі  «күлгін»  деген  түстін  сипатын  білдіреді. Егер  жусан  өсімдігін  көргендерін  болса, оның  кейбірінің  «күлгін»  түсті  болатындығын  білесіндер. Осы  түстес  өсімдік  қана  емес, құс  болса  да   осындай  меншіктенетін  мына  бір  дерек  анықтай  түседі. Түркі  тілінде  «борулдай»  сөзі  «күлгін  түсті  құс»  деген  мағына  береді. Сөйтіп  бұл  сөздің  түп - төркіні  түркі  тілдері  екен. 
    Дегерес-Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы өлкелерде  ұшырасатын  жер  атауы, осы  атаудың  шыққан  тегі , төркіні  туралы  пікір  айтушылар  не  «дегерес»  сөзінің  мағынасын  манғолдың  «тау  теке»   ұғымын  беретін  «дзер  герес»  тіркесінен  пайда  болған  деп  жорамал  жасайды. Маңғол  тілі  сөздігін  түзе  қарап  шыққанда  мынаны  байқадық. Осы  тіркестегі  «Гороос»  (авторша  айтсақ - герес)  сөзі  «ешкі»  немесе  «теке»  ұғымын  ғана  береді  деу  қиын  емес. Сондай-ақ  тіркестері  көрсеткен  екі  сөздің  алғашқысы – «дзор»  автор  көрсеткен  сөздікте  кездеспейді  де. Осы  себептерден  де  бұл  жорамалды  жөн  көрмедім. Екінші  бір  автор  «дегерес»  сөзінің  төркіні  түркі  тілдеріндегі  «тегер»  («дөңгелек, шеңбер»  мағынасын  беретін)  сөзімен  байланыстырады  да, оған – ес  жұрнағы  қосылған  деп  келте  қайырады. Бұл  да  шындыққа  онша  жанаса  бермейді. 
    Біздің  байқауымызша  «дегерес» - жоғары  жер  атауына  негіз  болған  моңғол  сөзі: дігуур – жоғары, түсті; дээгуур  жоғарғы , үстінгі  болса  керек. Сонымен қатар  қалмақ  тілінде  де  «деерэс»  немесе  «деегур»  тұлғалары  біздің  тіліміздегі  «үсті, жоғары  жақ» мағыналарына  ие. Моңғол  тілінде  көптікті  білдіретін  мұндай  мғынаны  «дэгэре»  сөзі  де  бере  алатынын  ескерпекпіз. Міне  осы  тұлғаға  моңғол  тілінде  көптікті  білдіретін  - с  жұрнағын  қоссақ, қалмақ  тіліндегі  «деерэс»  сөзіндегі  «Г»  дыбысы  түсірілген  десек, біздегі  «дегерес»  сөзімен  тұлғаластық  заңды  түрде  туып  тұр. 
    Егер  жер  бедерін  ой, қыр  немесе  жазық  тау  деп  бөлсек, ой  мен  жазық әдетте  төменгі  жақ, ал  қыр  мен  тау – үстінгі , жоғарғы  жақ  болып  та  аталатынын  ескерсек, біздегі  «дегерес»  пен  моңғол  тіліндегі  «дэгэрэ» , не  қалмақтардағы  айқын  көрініп  тұр. 
       ОЗГЕРГЕН   ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ. Жер-су атаулары біздің тарихымыз, ұлттык жадымыз. Атаулар кез келген елдің тарихынан сыр шертіп, болмыс-бітіміне, халықтын тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығынан, салт-дәстүрінен, тілі мен дінінен хабардар етеді. Осы жер-су аттары мағлұматтарға толы су мен жер шежіресі,   өткен   заманның хабаршысы іспетті.   Халқымыз   басынан өткергсн нешс түрлі қилы замандар асыл мұрамызға өз залалын тигізгені  анык.
Еліміз егемен болып, тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекетіміздің топонимикасына да тәуелсіздік берілді. Өйткені. географиялык атауларды бұрьнғы калпына кслтіріп. оларды озгсртілгсн жер-су, елді мекен аттарын байырғы тарихи атауларымен атау, транскриппиясы бүрмаланған немесе қате жазылған жер-су атауларын калпына кслтіру, байырғы атаулары үмытылған немесс атаулары отаршылдық-тоталитарлық сипаттағы слді мекеңдерді кайта атау тәрізді жүмыстар жаксы каркынмсн жүргізілуде.
1991—2005 жылдары аралығында республика бойынша 3 облыстың, 12 қаланың, 53 ауланның, 7 аудан орталығының, 43 темір жол, 957 ауылдық округтсрдін аттары озгертіліп, 3 облыс, 12 кала, 13 аудан, 5 кснт, 4 станция, 6 ауыл атауларының орыс тіліңдегі транскрипциясы нақтыланды. Мәселен, Целиноград облысы — Акмола облысы, Шсвченко, Гурьев сиякты калалардың аттары Актау, Атырау болып озгертілді. Сондай-ак, Актөбе облысындағы Челкар каласы Шалкар каласы болып, ал Павлодар облысындағы Качир ауылы Қашыр ауылы болып, Шарбақты ауданындағы Щербакты Шарбақты ауылы етіп озгертілді. Ауылдар мсн кенттердің, баска да жср-су атауларының транскрипциясы казак тілінің нормасына сәйкес түзетіліп, калпына келтірілді. Қазакстанның осынау кең-байтак жеріндегі әрбір тау мен тастың, озен мен келінің, ой мен кырының, ор жайлау-кыстауынын байырғы өз атауы болған. Алайда казіргі тәуелсіз Қазақстанда сонау отаршылдык ксзеңнің немесе тоталитарлык заманның көптеген атауларының әлі де рсттелмсуі біз үшін үлкен сын сиякты. Сондыктан да еліміздегі жер-су аттарындағы бұрынғының калдығын жойып, атауларды тарихи түрғыдан калпына келтіру керек.
Еліміздің тәуслсіздік алғаннан кейінгі өзгерген атауларын мынадай етіп   топтастыруга болады.
1.    Қайтадан колданыска оралған бүрынғы тарихи атаулар.
2.    Бұрынгы атаулары белгісіз елді мекендерге берілген қазақы жаңа топонимдер.
3.    Транскрипциясы өзгертілген  атауларды калпына келтіру.
Қайтадан қолданыска оралған бүрынғы тарихи атаулардың біразы
кала, калашык, кент аттары болса, басым көпшілігі ауыл, село атаулары. Олар: Целиноград — Акмола, Жамбыл — Тараз, Мокринское — Жаңажол, Панфилои — Жаркент, Октябрск — Кандыағаш, Ермак — Аксу, Приозерный - Тұғыл, Факсево — Сарыкөл, Қызылту — Аксай, Большевик — Жиенқұм, Ворошилово — Қарасу, Ленин — Жәрмеңке, Калмыкова — Тайпак, Котельникова — Алмалы, Калинин — Егіндібұлак, Раздольное — Сарыөлсң, Успенка — Акжайлау, Комсомол — Жетіарал, Архиповка - Қайнарлы, Маралиха — Маралды, Пржевальское — Сарытерек, Маковка — Салқынтобе, Громовка — Коңырбиік, Мсдведка - Белкарағай, Комсомол — Тоғанас, тағы баскалар. Қазакстанның солтүстік өңірлеріндсгі атаулардың барлығы дерлік орыс тілінде. Ольгинка, Фсдотовка, Рождественка, Тарасовка, Сазанонка, тағы басқалар. Бұл атаулар патшанын, қазақ офицерінін тегіне, христиандардың діни  мерекесіне орай койылған атаулар. Оған дейін елді мекеннің Сарыбие, Қоғалы, Кокжал, Қосаба, Сапар дейтін тарихи атаулары болған ҒОЙ. Міпе, осы тарихи атауларын неге өздеріне кайтарып бермееке.
Бұрынгы атаулары белгісіз елді мекендерге берілген қазақи, жаңа топоиимдердің өмірге келуі ұлттык топонимияны тын сатыға көтсреді. Батыс Қазақстан облысынын солтүстік аудандарында XVII ғасырда орыс қоныс аударушылары орыс   қазақтары көшіп ксліп, коныстанған жсрлеріне оздерінін атауларын беріп, бүрынғы тарихи атаулары жойыльп кеткен еді. Міне, осындай бұрынғы атаулары бслгісіз жерлерге, елді мекендерге қазақша атаулар бсрілді. Мысалы, Таскала ауданындағы Степной ауылын енді Оян деп атайды. Ал, Чапаев — Нүрлы, Қрушино-Канапа — Жаңаауыл, Жымпиты — Сырым, Акжайык ~ Еңбек, Фурманова — Жалпақтал, Порт Артур — Ақпәтер, Ленин — Жәрмеңке, осы сияқты өзгерген атаулар көптеп кездеседі. Сонымен бірге Шығыс Қазакстан облысындағы Тарбағатай ауданындағы Крупская атауы қазақ батыры Қабанбай есімімен аталады. Ерлікті, елдікті дәріптеп койған бүл атау патриоттық тәлім-тәрбиемен ұштасып жатыр. Осы ауданның Комсомол ауылы Кәкенталды деп аталады. Такыр жерде орналаскан шағын ауылдың маңына тал сгіп көрксйткен Кәксн есімді азаматтың сңбегі нәтижесіндс пайда болған әссм жер қазір Кәкеңталды аталып, ксйіннен, ауылдың атына айналды. Зайсан ауданының Рожков ауылы 1990 жылғы жер сілкінісінің эпицснтрі болған еді. Зілзала апатынан өмірден қайтқан жас сәби Біржанның есімін ауыл түрғындары елді мекенгс атау еткен болатын. Сол сиякты Шортаңды мен Көкшетау қалаларының ортасындағы Александровка елді мекені қайта салынып жаңа ауылды жаңаша атау керек болған тұста көптеген дау туындаған еді. Ауылды Қылшакты өзенінің жағасында болғандықтан осы өзсн атымен немесе Жамантұз кеңшарының орталығы болғандыктан кеңшар атымен атау ұсынылған еді. Ал Қылшактының шығыс жағалауындағы жотада кезінде Абылай ханнын ставкасы тұрған. Осы өңірдің кариялары осы жсрді әлі күнге дейін Ханск деп атайды. Кейіннен, бұл мскен Жана Александровка болып аталады. Осы өлкеде өтксн Кенесарының 190 жылдығына орай ол Кенссары ауылы болып өзгерген еді. Бүркітті тауының баурайындағы Фрунзе ауылы Абылай хан аталды. Әлбетте отаршылардың бодан елдің, ең алдымен. жазу-сызуын жойып, жер-су атауларын өзгертуі баяғы заманнан жалғасып келе жаткан жауыздык. Патшалык Ресейдің бүл зұлым саясаты кеңес дәуірінде одан ары жалғасып, әсіресе, тың игеру кезінде оршіп кетті. Қазакстанның жер-су аттары аяусыз бүрмаланып орыс атаулары көптеп енгізітген еді. Осындай саясаттан зардап шеккен аймактардың бірі Қостанай облысы соңғы жылдары Әулиекөл, Жетікөл, Мендікара және Үзынкөл аудандарының бүрынғы атауларын қалпына келтіріп, игі істерге бастама болды.
Қазақ жер-су аттарын транскрипциялау мәселесі бүгінгі күнге дейін шешімін таппай келгені баршаға аян. Мысалы, Ақмола облысындағы Қотыркөл ауылы Катаркол болып өзгертіліп, осы аттас аудан, көл аттарына да өзгерту енгізілген еді. Ендігі жердс бүл атаулар қазақ тілінде айтылуына карай транскрипцияланатын болды. Енді осы атаулардың біразына токтала кстейік. Алма-Ата - Алматы, Кокчетав -Көкшетау, Кустанай - Қостанай, Джезказган - Жезқазған, Чимкент -Шымкснт, Челкар ауданы — Шалқар, Челкар қаласы — Шалқар, Батамша ауылы — Бадамша ауылы, Джаныбек ауданы — Жәнібек, Джаныбек селосы - Жәнібск, Қачир селосы -Қашыр, Щербакты селосы — Шарбақты болып өзгертілген.
Жер-су атауларында әлі де болса түйіні шешілмеген мәселслер көп. Бұл аз уақытта шешіле қоймайтын, зсрттеуді аса қажет ететін үлкен саяси мәні бар іс. Ұрпақтан ұрпақка жеткен осынау асыл мұрамызға асқан жауапкершілікпен карағанымыз абзал
Қазақстанның этнографиялық топонимдердің қалыптасуы Оңтүстік Қазақстан топонимдеріндегі су аттарына байланысы. Елді мекендер атаулар тарихи топонимдердің  қалыптасуына  әсер ететін  факторлар.
Жеке  аймақтық  топонимдер, ұлттық топонимдер  оларды  басқа  ұлттық  және  аймақтық  топонимдерден  ажыратып  тұратын  өздеріне  ғана  тән  айырым  белгілері болады. Е.Керімбаевтың  пікірінше: «Ұлттық  топоним  ерекшеліктері – тек  тілдік  фактілерін  негізделмеген, кез-келген  ұлттық  топонимия  мәдениеттің  негізінде  қалыптасып  дамиды». 
Сонымен қатар, белгілі бір аймақтың физикалық-географиялық  жағдайына, жергілікті  халық  өмірінің  этникалық  ерекшеліктеріне  және  осы  аймақтың  тарихи-әлеуметтік  тағдырына  байланысты  аймақтық  топонимияның  басқа  аймақтық  немесе  ұлттық  және  басқа  ұлттардың  топонимиясын  қарағанда  өзіндік  ерекшеліктері  болатыны  белгілі. 
Біздің байқауымызша, Қазақстан топонимдерінің өзіндік кейпін  қалыптастырудағы географиялық фактордың роліне көңіл  аударған  жөн. Географиялық  фактор  этникалық  жиынтықтың  ең  негізгі  жүйелі  өте  бай. Сондықтан  мұнда  малды  жыл  бойы  жайып  шығуға  болады. Тау  өңіріндегі  жайылымның  молдығы, бұл өңірде  малды  төрт  түлігін  де  өсіруге  жағдай  жасайды.
Қазақстан  этнографиялық  топонимдерінің  қалыптасуы  мен  дамуына әсер етуші  факторларды қатарына халықтың орналасуы, этникалық  байланыс  және  этногенетикалық  процестері  жатады. Қазақ руларының белгілі бір аймақты иеленуі кейбір  географиялық  атаулардан  да  көрініп  отырады. Сондықтан,  этникалық  атаулары  белгілі  бір  жердің  география-физикалық объектінің, елді-мекеннің көрінісі ретінде қарау керек.Е.М.Поспелов  былай  дейді: «Көшпелі  мал  шаруашылығындағы  қысқы, жазғы  жайылымдар  белгілі  бір  рудың   атына  бекітілген  уақыт  өте  келе  сол  рудың  аты  кейін  сол  жерлердің  де  атына  айналды. Сөйтіп, белгілі  жерді ғана  пайдалануды  білдіретін  генотононимдер  қалыптасқан. 
Е.Ә.Керімбаевтың айтуынша, Қазақстан аймағында Адай  шоқасы, Ноғай  арық, Шуылдық  жайлау, Сарт-өткен  және  т.б. сияқты  этнооронимдер  де  кездеседі. Осындай  орографиялық  объектілердің  атауларына қарап  этнооронимдер  ертеде  белгілі  бір  аймақтардың  (не  объектілер)  белгілі  бір  руларға  заңды  түрде  бекіту  болғандығын  көреміз. 
Қазақстанда  жерді су суаруға  бас  арықты  пайдалану  үшін  қазақтар  ру  жақындығы  бойынша  15-20  шаңырақтан  төбе  болып  бекітілген. Негізгі  арықтар  әрқашан  белгілі  бір  рулардың  меншігінде  болған. Шымкент  облысының  Созақ  ауданындағы  Шу  өзенінің  төменгі  арнасын  бұрып  жасаған  арықтан «Тарақты  арығы», «Уақ  арығы», «Қоңырат  арығы»  деп  аталады. Оңтүстік Қазақстан  территориясынан  үш жүзге  қатысты  рулардың  орналасуының  картасын  көруге  болады. М.С.Мұқанов  ХІХ- ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақтарда  Сырдария  облысы  Қазалы Перовскі уездеріне орналасуы  туралы  мақаласында  былай  дейді: Қазалы уезін  кіші  жүздің  рулары  мекендейді. Оның  көбі  сол  жүздің  үлкен  рулардың  бірі - Әлім  ұлының  үлесінде. Ал, Перовскі  уезінде  кіші  жүзден – Жеті  ру  және  Байұлы, Орта  жүзден – Қыпшақ  пен  Найман  рулары  мекендейді. 
Босаға-Шымкент  облысының  Шәуілдер, Семей  облысының  Абай  және  Торғай  облысының  Жангелдин  ауданындарындағы  жер  атауы.
«Босаға»  сөзінің  төркіні  туралы  жазылған  пікірлер  өте  тапшы, кейбіреулері  оны  өзімізге  белгілі  есік  босағасымен  (табалдырық  пен  маңдайшаның  аралығындағы  тіреу  ағаш)  салыстыру  ғана  шектеледі. Кейбір  тіл  деректеріне  көз  салсақ, «Босаға»  сөзінің  өзіміз  білетін  бағынасынан  «есікпен  байланысты»  басқа  да  мағынасы  бар: 1)тау  кемері; 2)есік  босағасы. Бұдан  әрігірек  барсақ, алтай  тіл  жүйесіне  жататын  тунгус – Мань  Чужур  тобындағы  кейбір  тілдердегі «босаға»  тұлғасы  біздің  түсінігіміздегі  «тау  баурайы»  дегенді  білдіреді. Осыған  қарап  «босаға»  сөзінің  алғашқы  мағынасы  тек  жер  бедерімен  байланысты  туғандығымен  түсіну  қиын  емес. 
Боралдай-Алматы  төңірегіндегі  жер  және  елді  мекен  атауы.  Оңтүстік  Қазақстан  және  Қырғыз  жерінде  де  бұл  іспеттес  жер, тау  атаулары  ішінара  кездесіп  отырады. 
 Бір  зерттеуші  бұл  атауды  біріккен  сөз  ретінде  қарастырып «борал»  тұлғасын  «бұрма, бұрыс, теріс» , ал  «дайды», «тау»  дегенімен  жағыстырады. Егер  бұл  тұрғыда  түсінсек, «Боралдай»  дегеніміз  «бұрыс  тау, теріс  тау»  болып  шығады. 
Алдымен  «Боралдай»  деген  жер  атауы  немен  байланысты  пайда  болғанына  тоқталайық. Қалмақ  тіліндегі  «буурада»  қалпында  дыбысталатын  сөз  «жусан»  (өсімдік)  ұғымын  береді. Демек, «Боралдай»  дегеніміз  «жусанды, жусан  көп  өсетін»  жер  деген  ұғыммен  сәйкес  келеді. Осыған  қарап, әңгіме  болып  отырған  жер  аты  қалмақ  тілінен  ауысқан  десек  те  теріс  бола  алмас  еді. Өйткені  бұл  да  түркі  тілдерімен  тектес. Алайда, тіл  деректерін  тексере  түссек, мынандай  мәліметтерге  тап  боламыз. Тува  тілінде  (бұл  түркі  тобына  жатады): «Боралдыр»  сөзі  қазіргі  біздің  тіліміздегі  «күлгін»  деген  түстін  сипатын  білдіреді. Егер  жусан  өсімдігін  көргендерін  болса, оның  кейбірінің  «күлгін»  түсті  болатындығын  білесіндер. Осы  түстес  өсімдік  қана  емес, құс  болса  да   осындай  меншіктенетін  мына  бір  дерек  анықтай  түседі. Түркі  тілінде  «борулдай»  сөзі  «күлгін  түсті  құс»  деген  мағына  береді. Сөйтіп  бұл  сөздің  түп - төркіні  түркі  тілдері  екен. 
Дегерес-Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы өлкелерде  ұшырасатын  жер  атауы, осы  атаудың  шыққан  тегі , төркіні  туралы  пікір  айтушылар  не  «дегерес»  сөзінің  мағынасын  манғолдың  «тау  теке»   ұғымын  беретін  «дзер  герес»  тіркесінен  пайда  болған  деп  жорамал  жасайды. Маңғол  тілі  сөздігін  түзе  қарап  шыққанда  мынаны  байқадық. Осы  тіркестегі  «Гороос»  (авторша  айтсақ - герес)  сөзі  «ешкі»  немесе  «теке»  ұғымын  ғана  береді  деу  қиын  емес. Сондай-ақ  тіркестері  көрсеткен  екі  сөздің  алғашқысы – «дзор»  автор  көрсеткен  сөздікте  кездеспейді  де. Осы  себептерден  де  бұл  жорамалды  жөн  көрмедім. Екінші  бір  автор  «дегерес»  сөзінің  төркіні  түркі  тілдеріндегі  «тегер»  («дөңгелек, шеңбер»  мағынасын  беретін)  сөзімен  байланыстырады  да, оған – ес  жұрнағы  қосылған  деп  келте  қайырады. Бұл  да  шындыққа  онша  жанаса  бермейді. 
Біздің  байқауымызша  «дегерес» - жоғары  жер  атауына  негіз  болған  моңғол  сөзі: дігуур – жоғары, түсті; дээгуур  жоғарғы , үстінгі  болса  керек. Сонымен қатар  қалмақ  тілінде  де  «деерэс»  немесе  «деегур»  тұлғалары  біздің  тіліміздегі  «үсті, жоғары  жақ» мағыналарына  ие. Моңғол  тілінде  көптікті  білдіретін  мұндай  мғынаны  «дэгэре»  сөзі  де  бере  алатынын  ескерпекпіз. Міне  осы  тұлғаға  моңғол  тілінде  көптікті  білдіретін  - с  жұрнағын  қоссақ, қалмақ  тіліндегі  «деерэс»  сөзіндегі  «Г»  дыбысы  түсірілген  десек, біздегі  «дегерес»  сөзімен  тұлғаластық  заңды  түрде  туып  тұр. 
 Егер  жер  бедерін  ой, қыр  немесе  жазық  тау  деп  бөлсек, ой  мен  жазық әдетте  төменгі  жақ, ал  қыр  мен  тау – үстінгі , жоғарғы  жақ  болып  та  аталатынын  ескерсек, біздегі  «дегерес»  пен  моңғол  тіліндегі  «дэгэрэ» , не  қалмақтардағы  айқын  көрініп  тұр. 
Географиялық атауларға қатысты еңбектердің Қазақстан топонимикасын қалыптастырудағы маңызы. Терминдер - географиялық атаудың мағыналық мазмұнын анықтайтын топонимнің негізі. Топонимикалық әдебиеттерде жергілікті географиялық терминдер әр түрлі сипатталады, олар бір мезгілде индикаторлық, номенклатуралық, жалпы ғылымдық халықтық рөл атқарады.
Жергілікті географиялық терминдердің географиялық жалқы атау жасаудағы белсенді рөліне бұрыннан назар аударылып келеді. Топонимдердің әр түрлі моделдері осындай терминдердің көмегімен жасалған, жергілікті географиялық терминдерсіз бірде-бір елдің топонимдері жасалмаған және    жасалмайды.
Қазақ географиялық атаулары ертеден-ақ, төңкеріске дейінгі Ресейдің ғалымдарын, саяхатшыларын, әскери қызметкерлерін және әр түрлі ведомостволарын қызықтырып келді. Осындай көңіл аударулардың нақты көрсеткіші ретінде Үлкен сызба кітабына В.И. Татищевтің "Роспись алфавитная", П.П. Семеновтың "5 томдық Ресей империясының географиялық-статистикалық сөздігі" (СПВ, 1863-1885), А.А. Ивановскийдің "Географиялық атаулар" және осы тәрізді т.б. географиялық атаулар сөздіктерін атауға болады.
Сол кездің өзінде-ақ осы жөне т.б. сөздіктер, ғылыми еңбектерде Қазақстанның ірі географиялық атаулары транслитерациялық бұрмаланулармен  болса да көптеп  кездесті.
1917 жылғы большевиктер жасаған төңкерістен кейінгі жылдардан қазіргі кезге дейінгі аралықта елімізде жалпы одақтық, республикалық және аймақтық географиялық атауларды қамтитын әр түрлі сөздіктер басылып шықты. Олардың міндеттері мен мазмұндарына қарай негізгі 3 топқа бөлуге болады.

1.    Энциклопедиялық   сөздіктер.
2.    Географиялық  атаулардың  қысқаша сөздігі.
3.    Топонимиялық  сөздіктер.

Энциклопедиялық сөздіктерде географиялық нысанға жан-жақты анықтамалық сипат берсе, географиялық атаулардың қысқаша сөздігінде географиялық атаулардың тек әріптік тәртіппен орналасқан тізбесі ғана берілді. Жалпы алғанда бұл сөздіктерде географиялық атаулардың этимологиялық және атаулық, номинациялық қырлары,  белгілері сипатталады.
Топонимиялық сөздіктерде  географиялық атаулар топонимиялық нысанның географиялық ортамен идентификациясы, географиялық   уәжденуі,   тарихи   шарттары   лингвистикалық   ерекшелігі   аталып,   тоиоішмнің   тарихи   дамуындағы   өзгеру   себептерін   көрсетеді.
Топонимиялық сөздіктер мазмұнына қарай жалпы топонимиялық және салалық (география - топонимиялық, лингво - топонимиялық, тарихи - топонимиялық және т.  б. болып бөлінеді.
Ал қамту аумағына байланысты дүниежүзілік, жалпы мемлекеттік, республикалық, аймақтық және өлкетанушылық, ал міндетіне қарай, мектептік және көпшілік оқырмандарға арналған болып бөлінеді. Мұндай сөздіктерге В.А. Никоновтың "Қысқаша топонимиялық сөздігі" (М., 1966 ж), О.Т. Молчановтың "Таулы Алтайдың топонимиялық сөздігі" (Горно Алтайск., 1979 ж.), А.К. Матвеевтің "Оралдың географиялық атаулары. Қысқаша топонимиялық сөздік" (Свердловск, 1980), Е.Н. Поспеловтың "Мектептік топонимиялық сөздігін" [2], ал Қазақстанда шыққан сөздіктерге Л.Әбдірахмановтың "Топонимика және этимология" [3], Е.Қойшыбаевтың "Қазақстан географиялық атауларының қысқаша түсіндірме сөздігі" [4], Т.Жанұзақов, А.Әбдірахманов және т.б. шығарған "Қазақстан географиялық атауларының Жезқазған [5], Ақмола облыстарына арналған сөздігі" [6], В.Н. Попованың Павлодар облысына арналған [7], т.б. лингвотопонимиялық сөздіктерін атауға болады.
Жоғарыда аталған және осыған ұқсас басқа да көптеген топонимиялық сөздіктер халықтың жалпы ұлттық мәдениетін көтеріп, біздің білімімізді кеңейте және тереңдете отырып, құнды әлеуметтік-тарихи құрал және ғылыми анықтамалық болып табылады.
Аумағы 2717,3 шқ2 жерді алып жатқан Қазақстанда, негізінен, қазақ, орыс және украин, өзбек, қырғыз, ұйғыр, монғол, қалмақ тілдерінен енген атаулар да кездеседі. Дегенмен осы барлық кездесетін физика-географиялық атаулардың ішінде басым көпшілігі қазақ топонимдері. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанда географиялық атаулар сөздігінің негізін қалаған және Қазақстандағы топонимика ғылымының негізін салушы, жергілікті терминдер мен топонимдердің ең білгірі және қазақ халық терминдерін алғаш жинап, олардың Қазақстан топонимиясын қалыптастырудағы белсенді рөлін көрсеткен Р.Қоңқашбаев болды [8]. Осы жұмысқа қатысты КСРО-дағы ірі топономист Э.Мурзаев: "Бәрінен бұрын Р.Қоңқашбаевтың Қазақтың халықтық терминдер сөздігін атап өтуіміз қажет. Бұл еңбек Қазақстан топонимиясын қалыптастырудағы бірқатар толағай, хамар, худзир, шабар, эмель, уйр, мұқыр, сияқты бірқатар монғол сөздері де енген түрік географиялық лексикасының үлкен жинағы. Мұнда басқа тілдерден енген кейбір түсініксіз терминдер ерекше бөлініп көрсетілген. Мұнда иран тілдік асар, хисар, гисар, ленгер, (лянгар), араб тілдеріндегі рабат терминдері де енеді. Автор мүмкіндік болған жерінде осьі сөздермен, терминдермен бірігіп жасалған географиялық атауларды көрсетіп кетеді" деп Р. Қоңқашбаевтың қызығушылық аясын жақсы сипаттады. Шындығында Р.Қоңқашбаев Қазақстан аумағындағы сақталған монғол текті этимологиясы түсініксіз географиялық атаулардың мағынасын және бірқатар түсінігі көмескі атаулардың этимологиясын өзінің  көптеген мақалаларында    түсіндірді.
Р.Қоңқашбаевтың еңбегінің негізінде А.С. Титова Москвада 1960 жылы "Қазақ ССР-інің географиялық атауларының жиі кездесетін терминдері мен сөздерінің транскрипциялық сөздігін" құрастырып шығарды [9]. 60 беттік бұл сөздікте 350-ге жуық қазақ географиялық терминдері мен сөздері енді.
Мұнда жергілікті терминдер мен сөздердің дыбысталу ырғағы қойылған орысша транскрипциясы және қазақ тілінде жазылуы келтірілген   және      терминнің   көп   қолданылатын   мағынасы,   таралуы мен географиялық атаудағы кездесетін терминдер мен сөздер мысалға келтірілген. Мысал ретінде келтірілген географиялық нысанның әкімшілік орнын көрсетіп, сөздікте берілген терминмен жасалган туынды сөзді, сонымен бірге сөздікке енген термнннің бұрмаланған   нұсқасын  дұрыс  нұсқасына   сілтемемен   берілген.
Сөздік картографтарға, топографтарға, географтарға, геологтерге және Қазақстан географиялық атауларына байланысы, қатысы бар, т.б. мамандарға арналған. Ол Қазақстан топонимикасында жиі кездесетін географиялық терминдер мен сөздердің бірізді орысша транслитерациясын қалыптастыруда оң рөл атқарды. Бір ғана кемшілігі - көлемі мен таралымының аз болуы еді. Бұл кітап қазіргі кезде сирек кездесетін библиографиялық кітаптар қатарына жатады. Р.Қоңқашбаевтың "Қазақ географиялық атаулар сөздігі" қазақ атауларын бір ізге түсіріп және қалыптастыруда (унификациялау мен стандартизациялау) ерекше маңызды рөл атқарды. 1963 жылы 2100 ғана данамен шыққан сөздік сатылуға түскеннен соң келесі күні-ақ сирек кездесетін библиографиялық кітапқа айналды. Орыс тілінде басылған бұл сөздік сөздікке енген қазақ топонимдерінің орысша транслитерациясының жақсаруына көмектескен бірден бір сол кездегі Одақ мойындаған нормативтік сөздік болды. Сөздік 2000-ға жуық топонимнен тұрады. Атаулар тізімі автордың таңдауымен шектелген. Сөздікке жергілікті айтылуы мен мағынасы  белгілі  атаулар  ғана  енгізілген.
Сөздіктің басында топонимнің орысша дұрыс жазылуы, жақшаның ішінде қазақша нұсқасы, сонымен қатар нысанның түрі көрсетіліп, топонимнің мағынасы жазылған. Соңында атаудың бұрмаланған  нұсқасы  жазылған.
Қосымшада орыстың арнайы әдебиетіне енген жергілікті географиялық терминнің түсінігі мен мағынасын толық түсіну үшін толық  түсіндірмені  талап  ететін  терминдер  мен  сөздер  келтірілген.
Сөздіктің соңында дұрыстауды қажет ететін қолданыстағы дұрыс емес атаулардың әріптік , сілтемесі берілген. Біздің ойымызша сөздіктің 25 %-ын алып тұрған осы бөлімі бірінші бөлімде сәйкес келетін атаулардың бұрмаланған нұсқасы келтірілетіндіктен, қайтадан беру қажет емес еді. Оның орнына Қазақстанның басқа ірі нысандарын беру керек еді. Өкінішке орай автор кейін әр түрлі субьективті жөне обьективті себептердің нәтижесінде сөздікті толықтырып  және  қайта басып шығара алмады.
Е.Қойшыбаевтың "Қазақстан топонимдерінің қысқаша түсіндірме сөздігінде" 2000-ға жуық Қазақстанның географиялық атауларынан тұрады. Атауды таңдауда автор географиялық атаудың тілдік сипаттағы қатынасына және мүмкіндігінше лингвистикалық түсіндірме беруге тырысқан. Сөздіктің басында географиялық нысанның қазақша дұрыс нұсқасы берілместен тек, орыс тіліндегі ғана дәстүрлі бұрмаланған транслитерациялық нұсқасы берілген. Дәлдікке (шындыққа) сәйкес келе бермейтін географиялық нысанның түрі мен орналасуын келтірген. Әр атауға жан-жақты толық түсіндірме берген. Сондықтан сөздік тек топонимикалық-этимологиялық сипатта жазылған, яғни транслитерациялық нормативтік талапқа жауап бермейді.
Автор топоним жасауда белсенді қатынасатын географиялық, биологиялық, геологиялық жөне көптеген ғылыми терминдер мен жергілікті географиялық терминдерді және сөздердің сипатталатын географиялық нысанның реалийі мен логикасын ескермеген және оларды дәлелсіз бұрмалаған. Мысалы, көптеген топонимдердің құрамында кездесетін  "ақ"  (Ақтөбе)  сөзінің  мағынасын  автор  "мол шөп өскен жер" деп түсінік береді. Ал С. Арыстанғалиев пен Е.Рамазановтың "Қазақстан өсімдіктері" деген сөздіктеріндегі [10] 5685 өсімдік пен Б.Қалиұлының 3550 өсімдік атауы берілген "Өсімдік атауларының қазақша-орысша сөздігінде" [11] мұндай өсімдік   кездеспейді.
Бұл бұл ма, автор Ақсу-Аюлы селосының Ақсу өзенінің жағасында, Аюлы тауының етегінде тұрғанын ескерместен Ақсу-Аюлы  атауын  екі  өзеннің  аты ретінде  қарайды.
Сол кезеңде сөздік топономист ғалымдар Э.Мурзаев, Е.Поспелов, Ғ.Қоңқашбаевтардың  тарапынан қатты сынға алынып, теріс баға алды.
Қазақстан топонимиясын зерттеуде А. Әбдірахманов үлкен еңбек сіңірді. "Қазаңстанның жер-су аттары" [12], "Қазақстан этнотопонимикасы" [13] монографиялары мен көптеген мақалалары, одақтық, республикалық, аймақтық, ғылыми конференциялардағы баяндамалары арқылы Қазақстандағы топонимика ғылымын одақтық деңгейге көтерді. Географиялық атаулар сөздігін құрастырушы мамандар үшін жазылған "Топонимика және этимология" [3] атты еңбегінде Қазақстандағы түркология саласы бойынша жазылған еңбектердегі этимологиялық зерттеулерді саралай отырып, топонимдерді этимология жағынан зерттеудің маңызын бірқатар мысалдармен көрсетеді. Қазақстанның 140-қа жуық ірі нысандарына жүргізілген толыққанды  зерттеулері өте маңызды.
Әрине, осындай үлкен жұмыста жекелеген анықтауды қажет ететін және дәлелсіздеу жерлері де кездеседі. Мысалы, автор Маңғыстау атауын Испания мен Францияны мекендейтін мангус-жыртқыш аңмен сенімсіз, дәлелсіз байланыстырады. Сөйтіп Маңғыстау атауын осы испандық аңнан шыққан дейді. Егер осы аң Қара теңіз бен Азов теңізі арқылы, Балқан, Кавказ және т.б. таулар мен әр түрлі табиғи кедергілерден өтіп Каспий теңізінің жағалауларына келген болса, онда аталған елдермен байланысы ол кезде     жоқ     жергілікті     тұрғындар      оны   басқаша  атаған   болар еді.
1990 жылы А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, А.Сапарбеков және басқалардың авторлығымен Қазақстанның географиялық атауларының сөздігі сериясымен Жезқазған облысына арналған бірінші томы жарыққа шықты [5]. Сөздік 5000-ға жуық қалалар, аудан, ауылдық кеңес және олардың орталықтары мен физика-географиялық нысандардың  аттарын  қамтиды.
Сөздіктің құрылымы мен мазмұны топонимиялық сөздіктің талаптарына сәйкес келеді. Онда қазақ атауының жазылуының түпнұсқасы жақшаның ішінде атаудың орыс тілінде жазылуы, сонымен бірге нысанның түрі, орналасу орны, әкімшілік-аумақтық қатынасы берілген. Біздіңше мұндай сипаттағы сөздікте кейбір физикалық-географиялық нысандардың сандық көрсеткіштері: таулардың биіктігі, өзендердің ұзындығы, көлдердің ауданы артық тәрізді. Ең маңызды бөлімі көптеген түсініксіз және байырғы атауларға, көне түрік, монғол, араб, парсы және т.б. тілдерден мысал келтіре отырып мағынасын ашып түсіндірілген этимологиялық бөлімі жатады. Бұл сөздіктің бір кемшілігі тек қана қазақ тілінде берілгендіктен орыс тілді оқырмандар пайдалана алмайды. Кез келген үлкен жұмыста кемшіліктердің кездесетіні сияқты, кейбір топонимдерге географиялық реалийді ескерместен дәлелсіз итимологиялық түсіндірме берілген. Мысалы, монғол тіліндегі шын төбе - орай (рай емес) сөзінен жасалынған Қызыларай (Қызыл төбелі тау)   және   Қызылрай   бір   ғана   географиялық   нысан, тек соңғысы біріншісінің бұрмаланған түрі болғандықтан Қызыларай сөзін  сөздікке  енгізудің қажеті  жоқ  еді.
Тағы да, автор Көктің көлі атауының этимологиясын көкпен және қасиеттілікпен байланыстырады. Біздіңше көл атауының көкпен және қасиеттілікпен ешқандай байланысы болмау керек. Көл, негізінен, көктемде еріген қар суларымен қоректенетіндіктен осылайша аталуы мумкін. Себебі, көл өзеннің кең аңғарында жатқандықтан, жайылмалық болып келгендіктен және көл табаны Жаман Сарысу өзенінің деңгейінен төмен жатқандықтан, қар суы көп жылдары ағынының бір бөлімі көлдің шүңқырын толтырады да, жазда олардың байланысы үзіледі. Осылайша көлдің атауын көктемгі, ішкі сумен толысып тұратын көл деп түсіндіру шындыққа әлдеқайда жақынырақ сияқты.
Сөздіктің бұл томында Жезқазған облысының қазіргі кездегі әкімшілік территориялық бөлінісінен енетін елді мекендермен қатар көптеген физика-географиялық нысандардың атаулары қамтылған. Сөздікте, ең алдымен, атаудың қазақша нұсқасы алынады да жақша ішіне орысша жазу үлгісі, кейде оның жүптаса, қатарласа айтылып жүрген түрлері де беріледі. Одан соң сол жер-судың түрлері, атаудың толық мекен-жайы көрсетіледі. Егер де бір атаудың бірнеше жерде, бірнеше аудан, облыста аталса солар қоса аталған. Осыдан кейін топонимдік атаулардың мән-мағынасы анықталып түсінік берілген. Дегенмен, сөздіктің құрылымы кей жерлерінде  сақталмаған.
Сонымен бірге, кейбір топонимдердің этимологиясы талас тудырарлық. Мысалы, Ақадыр ауданында алаң (алан) деген төбешікті этноороним делінген. Біздіңше бұл сөздің этимологиясы жер бедерін сипаттайтын, нысанның қасиетін бейнелейтін географиялық термин.
Бір ғана Тоқырауын өзенін - Тоқырау, Тоқырауын деп 2 түрлі нұсқада берген және "Тоқырауын - тұйыққа тіреліп, тоқтап қалған су, өзен" деп түсіндіреді. Егер өзен тұйыққа тіреліп тоқтап қалса, табиғат заңдылығы бойынша ол жерде көл пайда болу керек. Ал мұнда ондай көл жоқ. Біздіңше Тоқырауын сөзі "өте қалың борпылдақ шөгіндіге сіңіп кететін" деген мағынаны береді. Шындығында өзен жер астына сіңіп, сол арқылы Балқашқа құяды.
1994 жылы Ресей Ғылым академиясының Н. Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және Антропология институтынан ф.ғ.д. В.Н. Попова Қазақстанның географиялық атауларының Павлодар облысы бойынша сөздігін шығарды [7]. Бұл сөздік Қазақстан топонимиясын қалпына келтіру мен дамытудағы сүбелі еңбектің бірі. Дегенмен бұл еңбекте топонимдердің этимологиясын анықтауда талас тудырарлық пікірлер бар. Мысалы, автор топонимдердің мағынасын анықтауда лингвистикалық әдістерді пайдаланып Ертіс гидронимін иран және кет тілдерінің бірігуінен екпінді, шапшаң ағысты өзен деген мағына беріп, гибрид атауға айналдырады. Біздіңше Ертіс гидронимінің мағынасы өзеннің географиялық жағдайын бейнелеп, "ер, ерт, ертіс" деген етістіктен шығуы мүмкін. Өйткені, ол Обь өзенімен қатар біраз жерге ағып (еріп) барып соған құяды. Есіл болса Ертіске еріп барып сол өзенге құяды. Сонымен Ертіс  өзені Обь өзеніне ереді, Есілді өзіне ертеді. Осы жағдайды ескере отырып халық бұл өзенге Ертіс деп ат қойған болуы  керек деген пікірдеміз.
ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 1998 ж. "Рауан" баспасынан Ақмола облысының географиялық   атауларының   сөздігін   шығарды   [6].   Бұл   сөздіктің құрылымы: әріптік тәртіппен түзіліп, нысанға ғылыми анықтамасы мен сипаттамасы берілген. Сөз басында қазақша атаулар қазақ тілінің әдеби тіл нормасына, қазақ тілінің орфографиялық ережесіне сай, ал жақша ішінде олардың орысша жазылуы берілген. Атаулардың  қазақша және орысша жазылуынан соң оның әкімшілік ауданы  көрсетілді.
Физикалық-географиялық нысандарды бергенде аудандардан басқа, олардың өзіндік ерекшеліктері мен тиісті белгілері көрсетілген. Басқа тілден енген атаулар тілімізде қалыптасқан күйінде берілсе, орыс тіліне тән атаулардың негізгі бастапқы қалпы сақталып жазылған.
Бұл жұмыстың ең үлкен кемшілігі кітаптың басында облыстың әкімшілік-аумақтық бөліністерінде болған кейбір өзгерістер ескерілді деп жазылғанымен, еңбекте ескерілмеген. Қазақстан Реслпубликасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістерді айтпағанда, Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі өзгерістерді де ескерместен патша өкіметінен қалған әкімшілік бөліністермен жазған. Мысалы,  Арық  сағасы  (Арыс  сағасы)  -  тар.   жер.   3-ауыл.   Сарысу болысы,  Атб. уезі ... және  т.б.    Бболыс,    уезі,    т.б.    сияқты    ескі әкімшілік бөліністер сөздікті пайдалануда өте үлкен қиыншылық тудырып қана қоймай оқырмандарға теріс мәлімет беріп, нысандарды қазіргі картадан табуды қиындатады.
Қазіргі кезде елімізде жаңа топонимикалық саясат жүргізілуде. Нәтижесінде Қазақстан топонимиясын зерттеу жұмыстары кең көлемде атқарылып, жоғалған немесе негізсіз ауыстырылған топонимдер қалпына келтірілуде. Сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз, осы аталған сөздіктердің барлығындағы топонимдер жергілікті географиялық терминдердің қатысуымен жасалған және Қазақстан  топонимиясын қалыптастырудағы  маңызы  зор.

 

Әдебиеттер тізімі:
1.Абдрахманов А. Научные принципы и методичесқие основы номинации географических объектов Казахстана: Научный отчет МОН РК Института географии.- Алматы, 1996.- С.72.
2.Әбдірахманов  А. Топонимика және этимология. -   Алматы: Ғылым,  1975.- 204-б. 
3.Әбдірахманов А. Қазақстанның жер-су аттары.- Алматы, 1959.- 219-б.
4.Әбдірахманов  А. Қазақстан этнотопонимикасы.-Алматы: Ғылым, 1979.- 121 б. 
5.Бірмағамбетов Ә., Мамырова К. Географиялық сөздік. –Алматы, 1992. -144-б. 
6.Бірмағамбетов Ә. Ш.Уәлиханов және  Ішкі Азия топонимикасы // География және табиғат: Ғыл.-пед. журнал. -2003. - №2. – 58-б. 
7.Бірмағамбетов Ә. Туған өлкені зерттеушілер. –Алматы, 1986. - 66-б. 
8.Жанұзак Т.,  Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы.- Алматы, 2004. 
9.Жүнісов Д. Өзен-көл атаулары. –Алматы, 1985. -128-б. 
 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-23 19:36:24     Қаралды-26712

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »