UF

 Сақтандыру мәні, негізі және рөлі 

1.Сақтандырудың пайда болу тарихы

2.Сақтандырудың қажеттіліктері қызметі

3.  Казақстан Республикасында сақтандыру нарығының пайда болуы

 

Сақтандыру (қоғамдық өн) өндірістің қатынастың ажырамас бөлігі болып табылатын адамдар арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастың ежелгі категориясы болып табылады.

Сақтандыру - өмірдегі әр түрлі жағдайларда және азаматтарға, кәсіпорындарға, стималық және басқа да кездейсоқ жағдайлардың есебінен болатын шығындар мен зиянды қайтару үшін құрылған арнайы қорды колдануда қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі. Сақтандыру қатынастары 2 жақ сақтандырушы және сақтанушы арасындағы қатынастар.

Сақтандырушы – бұл ақшалай қорды құру және қолдануды жүргізуші арнайы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым.

Сақтанушы – бұл аталған қорға белгілі төлемдер  жасаушы заңды  немесе және тұлға.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процесін қоғамдық немесе ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыруға тән белгілер:

1.      Қатынастық ықтималды сипаты;

  1. Қатынастың төтенше (жай емес) сипаты;

    Сақтандырудың қызметі:

  1. Бөлістің қызметі: оның ерекшелігі қайта бөлінді. Мысалы: алдың алу шараларын қаржыландыру жолымен жазатойымнан мақтау, және басты сақтандыру бөліс қызметін атқарады.
  2. Бақылау қызметі: екі жақтың соның төлемдерін жинау және сақтық қорын мақсаты пайдалануды қамтамасыз ету үшін нақты қатынастардың көруге болады.  

    Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердiң сақтандыру жүйелерi экономиканың стратегиялық саласы болып табылады. Адам өмiрiндегi барлық келеңсiз жағдайлар, яғни меншiк иесiнiң мүлкiнiң жоюлуы немесе табыстарының жоғалуы нәтижесiнде сақтандыру саласы қоғамның әлеуметтiк экономикалық тұрақтылығының кепiлiболып отырады. Сақтандыру компанияларының қорлары- ауқымды инâестиöиялардың экономиканың өндiрiстiк емес салаларына құйылуының қаржы көзi болып табылады.

 Казақстан Республикасының сақтандыру нарығы, мемлекеттiк сақтандырудың монополиялық жүйесiнiң негiзiнде пайда болды, бiрақ 1990 жылдардың басында түбегейлi өзгерiстерге ұшырады. Отандық нарық өзiнiң дамуы кезiнде, алдыға қадам басқан сайын монополиядағы болған қарама қайшылықтардан тазартылып, алътернатиâтiк компанияларға жол берiлдi. Қазiргi кезде бiз Республикамыздың сақтандыру кеңiстiгiн шындық бәсекелестiкке негiзделген бағыт туды деп күдiксiз айтуымызға болады.

 Қазiргi ағымдағы Казақстандық сақтандыру ғылымының алдында отандық сақтандыру нарығының қалыптасуының және дамуының мәселелерiн меңгеру жөнiнде сұрақтар туындап тұр. Әсiресе өтпелi нарықтық экономикада, барлығы жеке меншiк қатынастарына негiзделедi, сол себептен сақтандырудың басты қозғаушы күшi ретiнде, сақтанушының өзiнiң жеке меншiгiнiң қорғауы болады. Сақтандыру заңдылығын бiлу қазiргi заманда көптеген тұлғалардың мақсат мүддесi болып табылады. Әрине, бiз бұл жерге сақтандырушыларды қосып отырған жоқпыз, өйткенi олар үшiн заңдылықты бiлу мiндеттi мiндет ретiнде болады. өйткенi сақтандыру олардың кәсiпкерлiк қызметi болып табылады және осы тұлғаларға қоса сақтандыру заңдылығын басқа да бiр шаруашылық жүргiзетiн субъектiлерi де бiлулерi қажет.

Сақтандыруды ұйымдастыру, құқықтық қатынастарға белсендi қатысу, сақтандыру қызметтерiнiң тұтынушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiнiң қорғалуы, сондай – ақ сақтандыру ақша қорларының, сақтандыру резерâтерiнiң заңға сәйкес мақсатты пайдалануын қамтамасыз етедi. Сондықтан да, осы ғылыми зерттеудiң мақсаты, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметiн реттеудегi қолданылатын әдiстердiң мәнiн көрсету және сақтандыру құқығын азаматтық құқықтық және қаржылық нормалардың жиынтығы болып табылатын кешендi институт ретiндегi тұжырымда болып отыр. Сонымен қатар, бұл ғылыми зерттеу жұмысы сақтандыру қызметiн реттеуде мемлекеттiң ролiн ашып көрсету және мүмкiн бөлу кемшiлiктердiң жойылуына ең алдымен уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру ұйымдарының қызметiне негiзсiз араласуын доғаруына өз септiгiн тигiзедi деп ойлаймын.

 Сақтандыру қызметiне бақылау жүргiзу туралы ережелер Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған ‘‘Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» заңда мазмұндалған.

 Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ белгiлерi бар:

-         сақтық қатынастардың Ақшалай сипаты;

-         сақтандырудың қоғамдық өнiмiнiң құнын қайта бөлуге қатысу;

-         оның iс – қимылы Ақша қорларын жасап, пайдалану мен қосарланып отырады;

-         сақтық қатынастағы бiр бөлiгiнiң мiндеттi сипатының болуы;

-         ашқа қорларын жасап, пайдалану кезiнде сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейдi.

 Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндiрiстiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн азаматтарды, мүлiктiк, өндiрiс процестерiн қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

 Сақтандыру категориясы үшiн мына белгiлер оған тән болып келедi:

1)      қатынастардың ықтималды сипаты;

2)      қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда – мемлекеттiк, аумақтық деңгейде, кәсiпорын немесе оның бөлiмшесi, жеке адам деңгейiнде);

3)      сақтандырудағы қаржылардың қайтарымдылық сипаты.

 Сақтандыру процесi сақтандыру шарты негiзiнде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелiк негiзiнде жүзеге асырылады.

 Сақтандыру талабы бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру силық ақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушы немесе шартта белгiленген сумма (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Сақтандыру жағдайы – сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн төлеудi қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы – табиғи әсер, техногендiк сипат және нақты адам әрекетi ретiнде өз пайда болу себебiн иемденетiн жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретiндегi қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгiлерiне иемденуi қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдылығының түсу деңгейiне шарт жақтарымен өз бетiнше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтық талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактiлерге (оқиғаларға) қолданылмайды.

 Сақтандыру жағдайларының түрi заң актiлерiмен (сақтандыру мiндетi болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерiктi болып келген кезде) анықталады.

 Сақтандырудың шарттық қатынастарының ерекшелiгi: сақтандыру шығаратын ережелерде көрсетiлген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. өз кезегiнде сақтанушы заңның барлық талаптарының және оның қызметiн тұтынушылардың мүддесiн сақтау бойынша мiндетiн атқарады. Егер сақтанушының қызметiн бақылайтын үкiметте мемлекеттiк орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметiн жүргiзуге лицензия бермеудiң негiзi болып есептеледi.

 Сақтандыру ережелерi сақтандырушы мен сақтандырудың әр түрi бойынша бөлек дайындалады және сақтандырудың тиiстi түрiн жүргiзу үшiн лицензияны беру құқығы өкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсуге жатқызылады. Шарттар қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелерiнде жағдайлар алынуы тиiс.

 Келiсiм бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасында қосымша жағдайларды ескеретiн сақтандыру шарты жасалынуы мүмкiн.

 Заңнамадағы анықтамасына сәйкес сақтандыру шарты конценсуалды болып қаралады. Бiрақ ‘‘Қазақстан Республикасыдағы Азамат Кодексiнiңң 827-б сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандырушы сыйлық ақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп – бөлiп қарастырылса бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. Осыны ескерсек iс жүзiнде жалпы тәртiп бойынша сақтандыру шарты реалды болып келетiне түсiнiктi. Сақтандыру шартына конценсуалдық мiнез тараптардың келiсiмiмен немесе жеке заң актiлерiмен берiлуi мүмкiн.

 Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыру жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайлары пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта айқындалған соманың шеңберiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуе мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлген лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы тұлға бола алады.

 Сақтандыру экономикалық категория ретiнде қаржыға тән қызметтерi атқарады. Сақтандырудың қызметi мен экономикалық категория ретiнде мазмұны бiр – бiрiмен тығыз байланысты. Сақтандырудың келесi қызметтерiн атап көрсетуге болады.

 Бөлу қызметi: Сақтандырудың бұл қызметiнiң өзгешiлiгi қайта бөлу ретiнде көрiнуi. Ол алдын алу қызметiне, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкiндiгiн жоюға бүгiледi. Жеке басты сақтандыруда бөлу қызметi сақтандырудың тиiстi түрлерiнiң жинақтық қызметiне бүгiледi.

 Бақылау қызметi тараптардың сақтық төлемдерiн жұмылдыруды сақтық қорды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болаытн нақты қатынастарда көрiнедi.

Сақтандыру нарығы Ақша қатынастарының сферасы онда сату сатып алудың объектiсi ‘‘ерекше тауар'' - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтiң монополиясы өзгердi, сақтандыру кеңiстiгi әдеуiр кеңейдi, сақтық қызметтердiң кең спектерiн ұсынатын мемлекеттiк немесе акционерлiк сақтандыру компаниялары пайда болды.

 Елiмiзде сақтандыруды дамытудың негiзi мақсаты – мемлекеттердiң, азаматтарды және шаруашылық субъектiлерiнiң мүддесiн қорғаудың нақты құралы бола алатын толық қанды орнықты жұмыс iстейтiн Ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.

-          Бүгiнгi замаңғы Ұлттық сақтандыру жүйесiн құру сақтық қызмет нарығы сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнiнде шаралар әзiрлеуде және кезеңiмен iске асыруды талап етедi.

 Бүгiнгi замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттiк бюджеттiң табиғи техногендiк сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу белгiсiндегi салмақты азайтуға; нарықтық экономикадағы қағидаттарында сақтандыру ақылы, халықтың, жеке ұйымдастырудың жинақ Ақшасын ұзақ мерзiмдi негiзде Ұлттық экономикаға тарту мүмкiн бередi.

 Азаматтардың Ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi сияқты сақтандыру ұйымдарының қызметi де белгiлi бiр мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген сенiмiнiң деңгейiне байланысты.

 Сақтандыру экономикалық қатынастардың жүйесi ретiнде сақтандыру жауапкершiлiгiнiң әртүрлi объектiлерi мен субъектелерiн, қызметтi ұйымдастырудың әртүрлi формаларын қамтиды. Экономикалық қатынастардың әртүрлiлiгiн ретке келтiру және бiрыңғай өзара байланысты жүйе құру үшiн сақтандыру жiктеу қажет.

 

       Қолданылатын әдебиетер:

1.Шахов В.В. Введение в страхование: Учебное пособие. Изд. 2-ое.  – М.: Финансы и статистика, 2000.-350с

2. Сейітқасымов А.Ш. «Ақша, несие, банктер» А.Экономика. 2002.-480б

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-10-22 22:55:26     Қаралды-8223

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »