UF

ҚАЗАҚСТАН ЛАНДШАФТЫСЫ

Жерінің аумақтылығына байланысты Қазақстан ландшафтысы әр текті болып келеді. Қазақстан жерінің (Евразияның орталық бөлігі) ішкі континенттік орнына, әр текті жазықтар (скульптуралық, аккумуляциялық, денудациялық) мен көп ярусты таулардың (аласа, биіктігі орташа және биік) кең аймақты қамтып жатқанына, сібірлік-арқтикалық өте суық және ортаазиялықөте ыстық климаттың тікелей әсеріне байланысты Қазақстан ландшафтысының өзіндік сипаты айқындалады. Өлке ландшафтысы осы сипатына қарай негізінен жазықтық және таулық кластарға бөлінеді.

Жазық жер ландшафтысы. Қазақстан жерінің 90%-і жазық. Ол оңтүстіктен солтүстікке 1600 км-ге, батыстан шығысқа 3000 км-ге созылған. Геологиялық-геоморфологиялық, радиациялық, атмосфералық циркуляциялық факторлардың зоналық айырмашылықтары орманды дала, дала, шөлейт және шөл ландшафтық зоналардың территориялық жіктелуіне себепші болған.

Орманды дала ландшафт зонасы. Солтүстік Қазақстан, Қостанайжәне Көкшетау облыстары территориясының шағын бөлігін қамтыған, яғни республика аумағының 7%-тей жерін алып жатыр. Бұл зона қоңыржай континенттік климатпен сипатталады. 100С-тан жоғары оң мәнді (жылы) температураның жылдық қосындысы 1950-2200°С, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, ылғалдану коэффициенті 0,77-0,56, вегетациялык кезеңнің ұзақтығы 120-145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталанушылығы 20-30%. Мұнда Батыс Сібір типтес жайпақ ойдымды, шоқ қайыңды орманды дала ландшафтысы басым келеді. Бұл ландшафт грунттың тым ылғалдануы жағдайында жаралу тегі бір-біріне жалғасқан көне көлдік және көлдік-өзендік жазықтарда қалыптасқан. Ылғалдану коэффициентінің біркелкі еместігіне байланысты екі зона аралығына бөлінеді.

Петропавл қаласынан солтүстікте (солтүстік ендіктің 55°-нан солтүстікке қарай) орманды далаға тән ылғалды-қоңыржай зона аралығы орналасқан. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Рельеф пен топырақ түзуші жыныстардың литологиялық құрамы мен аймақтық керізделтендігі ландшафтық құрылымның әр тектілігін анықтайды. Жақсы керізделген саздақты жерлер мен өзен беткейлерінің жоғары бөліктерін құнары шайылған қара топырақты қабатты астық тұқымдас түрлі шөпті тоғайлы дала алып жатыр. Құмды және құмдақты плакорлық өңірдің ормандық сұр топырағында көктеректі-қайыңды орман өседі. Тұзды саз бетіндегі саздақты плакорлардың қызыл миялы ормандық сұр топырағында көктеректі-қайыңды шағын тоғай, шоқ қайыңдар өскен. Қосымша ылғалдану жағдайларында (грунттық немесе жер бетілік) керізделмеген саздақты жайпақ жазықтың шалғынды қара топырағында астық тұқымдас түрлі шөпті дала қалыптасқан. Бұлар ылғал мен қоректік заттар мол сіңген ірі массивтерді құрайды, сапасы жағынан құнарлы жерге жататындықтан, толық дерлік жыртылған. Тұзды және карбонатты саздан құралған жайпақ ылдилардың сортаңды, қызыл миялы және карбонатты топырағын астық тұқымдас түрлі шөпті тоғайлы дала алған. Субдоминанттық ландшафт ретінде кәдімгі шалғынды далаға мыналар тән: шалғындық-далалық және далалық сортаңдар, аллювийлік, жайылмалық, шалғындық топырақтағы жайылмалық, шалғындық топырақтағы биік шөпті жайылмалық шалғын, шымтезекті, батпақты топырақтағы қоғалы-құрақты шалғындық, батпақты терең ылдилар, қазан шұңқырлы-өзекті көлдер.

Петропавлдан оңтүстікке қарай (55° солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай) орманды далаға тән емес зона аралығы жатыр. Климаты да орманды дала сипатында емес, ылғалдану коэффициенті төмен (0,63-0,56). Ландшафтысында сазды көне көлдік және құмдақты-саздақты жалды көне эолдық жазықтар мен кәдімгі қара топырақты түрлі шөпті қызыл бозды дала басым, сортаңданған сазды бидайықты ойыстардың сортаңды немесе соры мол қара топырағында жусанды-бетегелі-бозды дала, саздақты аллювийлік-көлді жалды жазықтардың оңтүстіктегі сортаңды қара топырағында түрлі шөпті қызыл бозды дала, қызыл миялы жерлерінде көктеректі-қайыңды және талды қайыңдар өскен сазды жерлер басым. Ландшафт комплекстерінде шалғындық-далалық және далалық сортаңдар, тоғайлық сорлар, қоғалы-құрақты батпақтар және қазан шұңқырлы-өзекті көлдер жиі кездеседі.

Орманды дала ландшафт зонасы (аймақтың 30%-тен 70%-ке дейінгі үлесі) дәнді дақылдар егісі үшін толық пайдаланылады. Жеке учаскелері - жайылым және шабындық.

Дала ландшафт зонасы Каспий маңы ойпатынан Алтай тауларына дейінгі 2200 км-ге созылған. Зонаның ені рельеф жағдайларына байланысты 40-140 км-ге (кейде 400 км-ге жуық) дейін ауытқиды. Бұл зона республика жерінің 20%-ін алып жатыр. Ландшафтың зоналық типтері қуаң және құрғақ климат жағдайларында қалыптасқан. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 310-220 мм шамасында, 10°С-тан жоғары оң мәнді (жылы температураның жылдық қосындысы 2150-3000°С, ылғалдану коэффициенті 0,56-0,27, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 135-170 күн. Қуаңшылық жиі болып тұрады. Климат қуаңдығы солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай күшейе түседі. Қуаңшылық жылдардың қайталануы солтүстікте 40-50, оңтүстікте 75-80%. Жылу мен ылғалдың мөлшеріне байланысты зона мынадай бөліктерге ажырайды: кәдімгі қара топырағында түрлі шөп, боз мол өскен қалыпты құрғақ нағыз дала, оңтүстіктің қара топырағындағы түрлі шөпті-бетегелі бозды қуаң дала, қара қызыл қоңыр топырақтағы қалыпты бетегелі-бозды қуаң дала, қызыл қоңыр топырақтағы бетегелі-бозды қуаң дала. Бұларға сортаңды комплекстілік тән. Ландшафт құрылымына шалғындық-далалық, далалық, шөлдік-далалық сортаңдар кіреді. Бұл комплекстілік топырақ пен грунттын сулық-тұздық режимінің ерекше дамуымен байланысты. Топырақ пен грунттағы ылғал мен тұздың бөлінуіне рельефтің мезо және микро пішіндері мен топырақ түзуші жыныстардың литогендік негіздері әсер етеді.

Кәдімгі қара топырақтағы түрлі шөпті-бозды нағыз қуаң дала Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарының жерін алып жатыр. Бұлар Орал сырты үстіртінің денудациялық-аккумуляциялық жазығында, Көкшетау қыратының тұғырлық жазығында, Батыс Сібірдің қазіргі және көне көлді жазықтарында қалыптасқан. Ландшафтары сазды, саздақты, құмдақты және қиыршықты, жыралы-сайлы, ойысты-көлді, ішінара жалды жазықтардың кәдімгі және карбонатты қара топырағындағы түрлі шөпті-қызыл бозды және бозды дала түрінде келеді. Жонды су айырықты және жайпақ плакорлық жазықтар ландшафтарының комплексінде далалық сортаң жиі ұшырайды. Тоғайлық қара топырақ пен қызыл миялы ылдиларда көктеректі-қайыңды шоқ ормандар мен түрлі шөпті-астық тұқымдас шалғындар, ал жыралар мен сайларда байрақ орманы мен бұталары өседі. Тұзды көлдер маңындағы жазықтарды шалғындық-далалық сорлары бар сортаңдар алған. Бұл өңірдегі дала егіншілікке пайдаланылады.

Оңтүстік қара топырақтағы түрлі шөпті-бетегелі-бозды қуаң дала Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау және Павлодар облыстарының жерінде тараған. Ландшафт құрылымында саздақты жонды-белесті, сазды жалды-қолатты көлдік, баяу еңістенген саздақты абразиялық, саздақты-құмдақты денудациялық жонды төбе мен террасалы аллювийлік жазықтар басым келеді. Бұлардың оңтүстік қара топырағында түрлі шөпті боз және қызыл боз басым өседі. Ландшафт комплексінде шалғындық-далалық және далалық сортаңдар жиі кездеседі. Бұларға тән субдоминанттық ландшафтар жыралы-сайлы байрақтық орман мен бұталар, суффозиялық-бидайықты шалғындар, тұзды көлдер және көл маңындағы сор аралас сортаңдар түрінде болады.

Қара қызыл қоңыр топырақтағы бетегелі-бозды кәдімгі қуаң далалар өте кең тараған. Орал, Ақтөбе, Торғай, Целиноград, Павлодар облыстары жерінің едәуір бөлігін қамтыған. Ландшафтардың генетикалық әр тектілігі олардың биоклиматтық ерекшеліктері арқылы едәуір дәрежеде бір деңгейге келген. Бұл өңірдегі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ландшафтысына мыналар жатады: сай-жыралы және құмды-төбешікті, сортаңды ойпаңдардағы қоңыр, қызыл қоңыр және шалғындық қызыл қоңыр топырақ жамылғысы үстінде қалыптасқан бетегелі-бозды дала мен шоқ тоғайлар аралас өскен саздақты көне аккумуляциялық жазық; қоңыр қызыл, қоңыр топырақ пен шалғындық сортаң топырақты далалық күрделі комплексті және шалғын өскен қазан шұңқырлық рельефті саздақтық аккумуляциялық жазық.

Ландшафтардың негізгі ерекшеліктері - ылғалдану коэффициентінің аздығы (0,35-0,27), сортаңды топырақ үлесінің жоғарылығы (60%),комплексте сораңды сорлардың болуы, егін түсімінің тұрақсыздығы, топырақ жамылғысының жел эрозиясына берілгіштігі т. б.

Рельефі бидайықты, кіші көлді және қолатты-қазан шұңқырлы ылдидағы қызыл қоңыр шалғындық топырақта астық тұқымдас және шалғындық өсімдіктер өскен сазды жайпақ аккумуляциялы жазық, қызыл қоңыр сортаңды және шалғынды-батпақты, кейде сорлы топырақта сораң мен кел маңы шалғындары тұтасқан астық тұқымдас, жусанды астық тұқымдас өсімдіктер өскен дала мен кіші көлдері бар баяу еңістенген абразиялық жазды жазық, аңғарлы-сайлы аласа шоңылардың жұрнақтарындағы қызыд қоңыр, шалғындық топырақта далалық бетеге мен көде және шалғындық өсімдіктер өскен саздақты жанды-белесті пластық және денудациялық жазық ландшафтарының территориясындағы қуаң даланың жыртуға жарайтын жер үлесі 10-30%-ке, ішінара 40-60%-ке жетеді. Ауыл шаруашылық жерлерінің негізгі массиві жайылымға пайдаланылады.

Дала зонасы аумағындағы генетилык әр тектілік, жылу мен ылғал мөлшерінің әр түрлілігі мұндағы ландшафтыны бес типке ажыратуға мүмкіндік береді.

Шығыс Европалық ландшафт Жалпы Сырттың, Орал алды үстіртінің жонды-төбелі пластық денудациялық жазықтарын, Каспий маңы ойпатының  жайпақ аккумуляциялық жазықтарын алып жатыр. Бұл тип дала зонасына кіретін зона бөліктері жиынтығының толык еместігімен сипатталады. Ландшафтары қоңыржай климатта қалыптасқан. Дәнді дақылдар егісін кеңейтуге қолайлы.

Батыс Сібірлік ландшафт Орал сырты үстіртінің жонды денудациялык-аккумуляциялық жазықтары мен Батыс Сібір ойпатының көлді ылдилы, жалды-қолатты жазықтарында тараған. Құрылымындағы егістіктің үлесі көл аралық массивтерде 80-90%, көл маңында 50-70%, жонды-денудациялық-аккумуляциялық жазықтарда 40-60%. Орталық Қазақстанның ландшафт типі жонды-төбелі ұсақ шоқылыктарда дамыған.

Ұсақ шоқылықтардың тосқауылдық-орографиялық ролі жауын-шашынныц жоғары мөлшерде (жылына 300-350 мм-ден астам) түсуіне себебін тигізеді. Ландшафтардың бұл типі далалық зона аралықтарының толық жиынтығымен сипатталады.

Ландшафтың торғайлық типі төрткүлді-баспалдақты рельефімен және климаттың жерортатеңіздік белгісімен ерекшеленеді. Геоморфологиялық деңгейлер жүйесі ландшафтыны вертикал жіктеуге (ажыратуға) мүмкіндік береді. Жоғары және ортаңғы далалық деңгейлер төменгі шалғындық сортанды-сорлы комплекстермен жиі алмасады. Ландшафтардың мұндай ұштасуы шаруашылыққа жарамды жерлерді игеру кезінде қосымша шараларды қолдануды қажет етеді.

Ландшафтың ормандық-далалық анғарлық типі ішкі зоналық беткі ылғалданудың жоғарылау жағдайындакалыптасады. Олар аллювийлік-қабатты топырақта өскен еменді-шегіршінді, талды-теректі орман, бұта және шалғынмен сипатталады. Қазақстанның байтақ даласында жіңішке шұраттар да кездеседі.

Шөлейт ландшафт зонасы ландшафтың зоналық типі ретінде тек Қазақстанда орын алған. Бұл зона Каспий маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км-ге созылған. Қазақстан жерінің 23%-індегі тым қуаң климаттық жағдайда қалыптасқан. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 230-180 мм, 10°С-тан жоғары оң мәнді температураның жылдық қосындысы 2900-3300°С, вегетациялық кезең ұзақтығы 170 күннен астам. Ылғалдану коэффициенті 0,28-0,20 қуаңшылықтың қайталануы 90-95%-ке жетеді. Негізінен комплекстілікпен сипатталады. Ландшафтары: ашық қызыл қоңыр сортаңды және карбонатты топырақта жусанды-бетегелі, жусанды-көделі-еркек шөпті шөлейті мен ағынсыз көлдері, сорлары, құмды массивтері бар сазды жайпақ ойдымды құрылымдық жазықтар, ашық қызыл қоңыр топырақтағы жусанды-бозды-бетегелі шөлейтті, рельефі толқындық-аңғарлық саздақты қабаттық жазықтар, құмдақты-саздақты террасалы аллювийлік құмды жазықтардың аллювийлік топырақтарындағы шөлейттер, шалғындар, түрлі шөпті-құрақты-астық тұқымдас өсімдікті шалғын, құмды төбешікті-қырқалы эол жазықтарының қара топырақ кейіптес құмды топырақтарындағы жусанды-көделі-еркек шөпті шөлейттер, тұзды көлдері, сорлары бар құмдақты- сазды, кейде құмды, көлді-ойдымды жазықтардың ашық қызыл қоңыр топырақтарындағы еркек-шөпті-жусанды-бетегелі шөпті шөлейттер т. б. Ландшафтарының құрылымындағы қара және реңді шалғынды топырақта шалғын, шалғынды-бұталы дала, сортаңдарда қара жусанды шөл, сор-сортаңдарда шөл кездеседі. ЬІлғалданған құмды қазан шұңқырларда шалғын, қара теректің, қандыағаштың, талдың, қызыл талдың, қарағайдың, қайыңның, аршаның шоқтары өседі.

Шөлейт зона ландшафтарының типтеріне бөлу территорияның геологиялық-геоморфологиялық фундаментінің әр тектілігі мен биоклиматтық ерекшеліктеріне негізделген. Шөлейт зонаның аумағынан ландшафтың шығыс европалық, торғайлық орталық қазақстандық зоналық типтерін және аңғарлық ормандық-шалғындық ішкі зоналық типін бөліп көрсетуге болады.

Ландшафтың шығыс европалық типі континенттік тұрақсыз климат жағдайында Каспий маңы ойпатының теңіздік сазды жайпаң жазықтары мен Орал алды үстіртінің мергельді, жонды жазықтарында қалыптасқан.

Қыс пен көктемде ең көп жауын-шашын түсетін ландшафтың торғайлық типі көлді-қолатты шалғындардың сор-сортаңды комплекстерінің көп сатылы деңгейімен ерекшеленеді.

Ландшафтардың орталық қазақстандық типі ксероморфтық комплекстердің кең дамуымен сипатталады.

Шөлейт ландшафтары үздіксіз суарусыз және агромелиорациялық өңдеусіз егіншілікке жарамсыз. Жайылым ретінде пайдаланылады.

Шөл ландшафт зонасының Қазақстандағы ауданы 117 млн. га, яғни республика жерінің 40%-ке жуығын алып жатыр. Каспий маңы ойпатының оңтүстігін (солтүстік шегі нольдік горизонтал бойынша өтеді), Маңқыстау түбегін, Үстіртті, Солтүстік Арал маңын, Бетпақдаланы, Сырдария ойпатын, Қызылқұм мен Мойынқұм массивтерін, Солтүстік және Оңтүстік Балқаш маңын қамтыған. Шөл Іленің, Алакөлдің, Зайсанның тау аралық жазықтарына да енген.

Шөл ландшафтысы ылғалдану коэффициентінің аз (0,22-0,10) жағдайында қалыптасқан. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 190 мм-ге дейін ауытқиды, 10°С-тан жоғарғы оң мәнді температураның жылдық қосындысы 3200-4200°С, қолдан суару жағдайларындағы вегетациялық кезең ұзақтығы 200 күннен асады. Шөл ландшафтысының биогендік компоненттері нашар қалыптасқан және топырақ қабаттарының қалыпты құрылымы сақталмаған, көбіне өсімдік жамылғысы болмайды. Қазақстан шөлдері мынадай ландшафтылық зона аралықтарына бөлінеді: қоңыр топырағында астық тұқымдастылар өскен солтүстіктегі сораңды-жусанды шөл, сұр-қоңыр топырағында сораңды-жусан өскен ортаңғы шөл, оңтүстіктің сұр-қоңыр топырағындағы жусанды шөлдер.

Қоңыр топырағында астық тұқымдастылар өскен солтүстіктегі сораңды-жусанды шөл Каспий теңізі маңында, Бозащы ойпатында, Орал алды үстіртінің оңтүстігінде, Торғай, Шалқар-Нұра, Арал маңы, Бетпақдала үстірттерінде кездеседі. Ландшафтары қоңыр топырақта қара жусан-бұйырғын, қара жусан-изен, астық тұқымдас, бұталар өскен және эрозияға шалынған жонды-белесті, жарқабақтармен көмкерілген төрткүлді-қыратты, қиыршық тасты, аккумуляциялық жазықтар.

Ішкі зоналық (интразоналық) ландшафты көне және қазіргі атыраулардың барханды-төбешікті құмдарында дамыған, бұлардың аллювийлік топырағында шалғын және тоғай типтес өсімдіктер өседі. Ландшафт құрылымында көбіне шөл адырлар, тақырлар, сусымалы құмдар, тұзды көлдер кездеседі.

Сұр-қоңыр топырақтағы сораңды-жусанды шөлдер Маңқыстау түбегінде, Үстіртте, Тянь-Шань төңірегіндегі жазықтарда, Жоңғар Алатауында, Сауырда, Тарбағатайда тараған. Ландшафтылары: баяу еңістенген құмдақты-сазды жазық, сораңды жусанды шөл, көлдік, пролювийлік сазды-қиыршық тасты жазықтың сораңды-жусанды шөлі.

Оңтүстіктің сұр-қоңыр топырағындағы жусанды шөл әдетте жазық жерлер ландшафтарына тіреледі. Бұлар климаттың жерортатеңіздік типімен сипатталады, көктемнің бас кезінде жауын-шашын мол түседі. Бұл ландшафтар тау етегінің лёсті, лёсті-қиыршык тасты адыр іспеттес жыралы-сайлы жазықтарында қалыптасқан. Қазақстан аумағында литоғендік түрлер негізінде құмды, сазды-қиыршық тасты, тасты сортаңды және лёсс тәрізді-сазды шөл қалыптасқан.

Құмды шөл ірі массивтер түрінде келеді. Бұларға Нарын құмы, Арал маңы Қарақұмы, Үлкен Борсық пен Кіші Борсық құмдары, Мойынқұм, Сарыесік Атырау құмы, Қызылқұм т. б. жатады. Ландшафтардың қалыптасуында бұрынғы саванналар орын алған ортоселекциялық сипат байқалады. Құмды шөлдер - қысқы жайылым.

Сазды қиыршық тасты шөлдер Бетпақдала мен Үстірттің тегіс аумақтарында орналасқан. Бұларда топырақ Қабаты қалыптаспаған. Сазды шөлдер (тақырлар) кейде құмды массивтер арасында ұшырайды. Тіршілік белгісі байқалмайтын тақырлар жылдың ылғалды уақыттарында батпаққа айналады, ал жылдың құрғақ кезеңдерінде көпжақты жарықшалармен тілімделеді. Бұларды игеру қиынға түседі.

Тасты шөлдер шөл зонасындағы тау етегі жазықтарында қалыптасады. Бұлар көбіне төрткүл жұрнақтар не құзды шоқылар түрінде кездеседі.

Сортаңды шөлдер теңіздер мен келдердің маңындағы жас жазықтарда тараған, кейде сазды-қиыршық тасты шөлдермен ұштаса кездеседі.

Лёсс тәрізді сазды шөлдер (адырлар) Оңтүстік және Оңтүстік-шығысҚазақстанның төбелі тау алдын алған. Бұлар толығымен дерлік суармалы егіншілік үшін игерілген.

Генетикалық әр тектілігіне, таулы аймақтар мен территориялық ұштасуына қарай шөлдерді тұрандық жәпе оңтүстік қазақстандық типтерге ажыратады.

Шөлдің тұрандық типі тау жүйелерінің ықпалынан тысқары жатыр. Негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақтарда сораңды-жусанды және жусанды-сораңды өсімдік жамылғысы жапқан теңіздік аллювийлік-көлдік жазық ландшафтары дамыған. Шөлдің оңтүстік қазақстандық типі республиканың таулы аймақтарымен ұштасқан. Шөл ландшафтары негізінен жайылым ретінде пайдаланылады. Қолдан суарылатын учаскелерде бау-бақша, күріш өсіріледі.

Таулық аймақтар ландшафтысы.Қазақстан жерінің 10%-ін таулы өңір алып жатыр. Тау ландшафтысы биік ярустылықтың, зоналылықтың, белдеуліктің әсерінен қалыптасқан. Тауда зоналар мен белдеулердің бір-біріне енулері, орын ауыстырулары, сүйірленулері жиі орын алады.

Ландшафт түзілу факторлары таулардың биіктігіне және белгілі ендік немесе бойлық-климаттық бөліктерде орналасуына байланысты түрлі сипаттта болады. Жазық жерге қарағанда тау ландшафтысының ішкі құрылымы күрделі әрі әр түрлі келеді.

Өздерінің биіктіктегі орындарына қарай Қазақстан таулары аласа, биіктігі орташа, биік таулар болып бөлінеді.

Аласа таулардың абс. биіктіктері 500-1000 м-ге дейін. Бұлар түрлі ландшафтық зоналарда орналасқан. Ландшафтысының негізгі типтері жиынтық сипатына қарай өзара үш топқа бөлінеді.

Қоңыржай континенттік климат жағдайларында қалыптасқан аласа таулар. 10°С-тан жоғары оң мәнді температураның жылдық қосындысы 2000°С, жылдық орташа жауын-шашыны 560 мм. Ландшафтысының құрылымы шоқы аралық және шоқылар алдындағы аккумуляциялық шлейфтік бөктер таулардан, қара қызыл қоңыр және кәдімгі қара топырақтағы түрлі шөп-сұлыбас, түрлі шөп-сұлыбас-қызыл бозды саздақты даладан тұрады. Граниттерден және басқа магмалық жыныстардан құралған ұсақ шоқылы, төбелі, қырқалы-төбелі, эрозиялық жақпарлы жұрнақтарының ормандық сұр топырақтарында көктеректі-қайыңды, қарағайлы-қайыңды, қарағайлы орман өскен. Ұсақ шоқылықтар арасында көптеген шағын көлдер, бұлақ көздері ұшырайды.

Континенттік типтер тобы Оңтүстік Оралды, Мұғалжарды, Ұлытауды, Шыңғыстауды, Қаратауды, Солтүстік Тянь-Шаньның аласа таулы ярусын, Сауырды, Тарбағатайды біріктіреді. Ландшафтары: бұта аралас жусанды-бетегелі-бозды өсімдіктер өскен және сайлармен, аласа таулармен мүшеленген саздақты дала, қызыл қоңыр, сұр топырақгы шөлейт т. б. Жайылымға пайдаланылады.

Тым континенттік типтер тобы Маңқыстауға, Шу-Іле тауларына, Қаратаудың шеткі бөліктеріне тән келеді. Ландшафтары өте құрғақ климаттық жағдайларда қалыптасқан, биіктік белдеулік көн кездеспейді.

Денудациялық ұсақ шоқылықтар мен төбелі таулардың су айырық бөлігі эрозияға күшті шалынған, топырақ пен өсімдік жамылғысы мүлде жоқ деуге болады. Жыра-сайлардың шым топырағында астық тұқымдастар мен бұталар өседі. Сортаңды-тақырлы, тақырлы ойыстары бар шоқылар арасындағы денудациялық тау шеттерінің сұр-қоңыр, қоңыр топырақтарында жусанды-сораңды, сораңды-астық тұқымдас-жусанды өсімдіктер өскен. Кейде сұр-қоңыр топырақтарында жусанды-сораңды, сораңды-астық тұқымдас өсімдіктер өскен шұбар түсті тұзды мезокайнозой жыныстарынан құралған шөл адырлар кездеседі. Шөлді аласа таулар өңірі тек жайылым ретінде ғана пайдаланылады.

Биіктігі орташа таулар биік таулы жоталардың жіңішке ярусын құрайды. Батыс және Солтүстік Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында, Сауыр, Шыңғыста және Алтайда бұлардың абс. биіктігі 800-1300 м-ден 2200-2800 м-ге дейін жетеді. Ландшафт қалыптасуында ауаның таулық-жазықтық циркуляңиясы, ауа массаларының жоғары көтерілуі, атмосфера шептерінің алмасулары орын алады. Осы процестер негізінде орташа таулар аймағында жауын-шашынның мөлшері мол түседі, оның жылдық орташа мөлшері 550-800 мм-ге, ал Алтайда 1000-1500 мм-ге жетеді. Ауаның жылдық орташа температурасы 5-10°С шамасында болады, 10°С-тан жоғары температураның жылдық қосындысы 1000-2100°С шамасында ауытқиды. Ландшафтардың құрылымында экспозициялық және биіктік-зоналық айырмашылығы айқын көрінеді. Осыған байланысты әр жердегі таулардың бірдей абс. биіктіктерінде әр түрлі ландшафтық зоналар кездеседі. Орташа таулар далалық, ормандық-тоғайлық-далалық биіктік зоналарға бөлінеді.

Орташа таулардың далалық ландшафтық зонасы жоталардың беткейлерінде, өзен аңғарларының тегіс террасаларында дамыған. Орташа таулы далалық зонаның таралу шегі 800-1300 м-ден 2200-2600 м-ге дейінгі абс. биіктіктер бойынша анықталады. Ландшафтық белдеулер шектерінің биіктіктеріндегі экспозициялық айырмашылық 200 м-ге тең.

Орта биіктіктегі таулар даласы жусанды-астық тұқымдас құрғақ және астық тұқымдас-түрлі шөпті ылғалды биіктік ландшафтық белдеулер түрінде келеді.

Таулық-далалық ашық қоңыр және ашық қызыл қоңыр топырақтағы жусанды-астық тұқымдасты құрғақ дала ландшафтылары таудың оңтүстік бөткейлері мен 2000-2200 м биіктікке дейін тарайды. Олар Қаратау мен Кіндіктас жоталарында, Тянь-Шань тауларында, Жоңғар Алатауында және Сауыр-Тарбағатайда еңістенген тау-аралық жазықтардың қиыршық тасты-саздақты беткейлерін алған. Өсімдік жамылғысы шымның астық тұқымдастарынан, жүлгелі бетегеден, Кавказ бен Қырғыз бозынан және еркек шөптен тұрады. Таулық-далалық ашық қоңыр, кейде ашық қызыл қоңыр топырақты болады. Қолдан суарылған жағдайда бау-бақша, мал азық дақылдарын егуге болады.

Абс. биіктіктері 2000-2400 м-ден 2200-2600 м-ге дейінгі атмосфералық ылғалдануы мол жерлерді қоңыржай ылғалды астық тұқымдас түрлі шөпті дала алып жатыр.

Оңтүстік беттегі астық тұқымдас түрлі шөпті дала Талас және Қырғыз жоталарының беткейлерінде кездеседі. Бұлар қара сұр және таулық-далалық топырақта түрлі шөпті-астық тұқымдастылар өскен қиыршық тасты-саздақты келеді. Жүлгелі бетеге араласқан.

Солтүстік беткейлік астық тұқымдас түрлі шөпті дала барлық жерлерде тараған. Бұларға қара қызыл: қоңыр жапырақтардағы бетегелі-бұталы-түрлі шөпті және бетегелі-бозды түрлі шөпті өсімдіктер өскен тасты-қиыршықты төбелі-қырқалы, биіктігі орташа даласы, таудың шалғындық қара шырақтарында астық тұқымдас-түрлгі шәпті және бұталы түрлі өсімдік шыққан қиыршық тасты, саздақты, жонды-қырқалы беткейлер даласы, таулық-далалық және таулық-шалғындық қара топырақта түрлі шөпті-астық тұқымдас және астық тұкымдас-турлі шөпті өсімдік жамылғысы бар қиыршық тасты-сазды тау жазықтарының шөлдері кіреді. Барлық ландшафт түрлері өсімдік жамылғысына бай.

Орманды-шалғынды-далалы зона орта биіктіктегі таудың терең тілімделген беткейіндегі кристалды жыңыстарында тараған, 800-1300 м-ден 2700 м-ге дейінгі абс. биіктіктерді қамтиды. Жапырақты, қылқанды орманның субальпілік шалғынның биіктік дандшафтық белдеулерінен ңұралған. Ландшафт белдеуі шектерінің биіктіктеріндегі экспозициялық айырмашылық 100 м-ден аспайды. Жапырақты орман белдеуі 800-900 м-ден 1500-1700 м-ге дейінгі беткейлерде кездеседі. Бұл қара топырақ кейіпті таулық-ормандық күлгінделген топырақта өсетін алмалы-доланалы, алмалы-доланалы-көктеректі, өрікті-алмалы, калыңды орманмен, бұтамен және кұнарлылығы шайылған қара топырақтағы бозды-түрлі шәпті тоғайлы даламен сипатталады.

Күңгірт қылқанды орман белдеуі 1390-1400 м-ден 2700 м-ге дейінгі абс. биіктікте қалыптасқан. Орман негізінен шатқалдар мен жоталардың солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс беткейлерінде кездеседі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс беткейлерде орман алаңқы сипатта болады. Орманның қоңьгр топырағында шыршалы, жапырақты аршалы орман басымырақ келеді. Орман арасында шымқай қара топырақты биік шөпті шалғын алаңдары көп.

2400-2800 м абс. биіктіктен жоғары белдеу қара топырақ кейіптес, құнарлылығы шайылған топырақта өскен субальпілік шалғын және шалғынды даладан тұрады.

Орташа таудың орманды-шалғынды-далалы зонасы, әсіресе оның жоғарғы шалғынды және шалғынды-далалы белдеуі жазғы жайылым ретінде пайдаланылады.

Биік таулардың абс. биіктігі түрліше келеді. Ярустың төменгі шегі және 2200-2700 м-ге дейінгі биіктіктен орын алады. Ландшафт зоналары мен белдеулері шектерінің биіктігіндегі экспозициялық айырма 220 м болды. Ландшафтың қалыптасуын: атмосфераның жоғарғы қабатындағы ауаның еркін жағдайдағы циркуляциясы себепші болған. Климаты суық жылдың орташа температурасы 0-5°С, 10°С-тан жоғары температураның жылдық қосындысы 1000°С-тан төмен жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 500-780 мм-ге дейін. Жауын-шашын негізінен қар күйінде түседі. Жазы ұзаққа созылмайды, июньнің аяғында басталып августың аяғына дейін ғана болады. Сентябрьде температура күрт төмендейді де нағыз күз, көп кешікпей қыс түседі. Түнгі суық, қысқа вегетациялық кезең, күшті жел т. б. ландшафтық биокомпоненттердің дамуына қолайсыз әсер етеді. Биік таулық суық климат жағдайында ландшафтың биіктік зоналылығы мен белдеулігі барлық жерде анық байқала бермейді. Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларында бұлар деңгейлес келеді. Бұлардағы биік таулық ярус тек гляциальдық-нивальдық зона түрінде келеді. Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында ландшафтың шалғындық-далалық және гляциальдық-нивальдық зоналары анық байқалады.

Биік таулық шалғындық-далалық ландшафт зонасы кристалдық жыныстардағы таулық-мұздық рельефті құрайды. Бұл таудағы тегістелу бетінен көнелеу мореналық қырқалардан, кристалдық жыныстардан, ашық беткейлерден, трог аңғарларының түбінен, көне карлардан, мұз цирктерінен орын алады.

Абс. биіктіктері 2200-2800 м-ге дейінгі төменгі белдеу таулық-шалғындық қара топырақта өскен орман мен бұталардың жұрнақтары бар субальпілік тоғай және тоғайлы дала бойынша сипатталады.

2600-3200 м-ге дейінгі абс. биіктіктерде ағаш өспейтін субальпілік тоғай мен шалғынды дала белдеуі кездеседі. Күңгірт қылқан жапырақты орманнан, төселген аршадан және қарағаннан жоғары орналасқан субальпілік шалғын тек солтүстік, ішінара солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс беткейлерде ғана өседі. Бұл тоғайлар түрлі шөпті-қызтамақты және комплекс түрінде келеді және бұлармен түрлі шөпті-астық тұқымдас шалғынды дала алмасып отырады.

3400-3800 м абс. биіктікте субнивальдық белдеу орналасқан. Бұл - таулық шымды-жартылай шым тезекті топырақта жатаған шөпті көгал жұрнақтары бар ірі құздардың ашылымдары және қорымдарымен сипатталады. Альпілік шалғындар мен субнивальдық көгал солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс экспозициялардан орын алған. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс құрғақ беткейлерінде биік таудың шалғындық-далалық топырағында бетегесі басым өсетін шалғынды дала мен дала қалыптасқан.

Барлық биіктік белдеулерінің шалғынды-сазды топырағында өлең, көде, селдірек т. б. шөп жамылғысынан тұратын шалғынның кездесетіндігі - биік таудың шалғындық-далалық ландшафт зонасының ерекшелігі болып табылады. Олар негізінен тектоникалық жапсарлардың зоналарынан орын алған. Бұлардың қалыптасуы төрттік шөгінділердің біршама жұка қабатымен жабылған және жер бетіне таяу жатқан су өткізбейтін кристалдық жыныстардан тұратын рельефтің қуысты пішіндерінде иірілген қар, атмосфера суларымен байланысты. Субальпілік және альпілік белдеу шалғындары мен шалғынды далаларының мал шаруашылығы үшін үлкен мәні бар.

Биік таулық гляциальдық-нивальдық зона тау жоталарының қырқаларын алып жатыр. Оның төменгі шегі биіктік жөнінен қар жиегінің биіктігіне сәйкес келеді. Солтүстік экспозиция беткейлерінің абс. биіктіктері Алтайда 2700-2800 м, Сауыр мен Тарбағатайда 3000-3100 м, Жоңғар Алатауында 3200-3300 м, Тянь-Шаньда 3500-3600 м. Ландшафтары арктикалық климатқа жуық қатал суық жағдайда қалыптасқан. Ішкі ландшафт құрылымы қырлар мен таулардың қырлы үшкір басы, трогтардың, қар мен мұз цирктерінің жыралы ернеулері, қазіргі мореналық үйінділер мен мореналық көлдер түрінде келеді. Бұл зонада мұздың үгілуі ерекше күшті жүреді. Үгінді жыныстардан қар мен мұздықтардың шұғыл еруі кезеңінде балшықты-тасты сел қалыптасады. Ландшафтары аңғарлық аспалы карлық, қазан шұңқырлық пен шлейфтік мұздықтардан, биік таулар беткейлеріндегі фирн алаңдары мен аспалы карлық мұздықтардан, көшкінді-қорымдық және мореналық шлейфтерден тұрады.

Биік тауды гляциальдық-нивальдық зонаны игеру қиын. Бұлар - қатқан күйдегі тұщы судың көзі.

Қазақстан тауларының биіктігі орташа және биік таулы ярустары территориялық жағынан бір-бірімен араласа шектескен.

Қазақстан тауларының биіктік ландшафтық құрылымы бес типке бөлінеді.

1) Биіктік ландшафтың зона құрылымының Оңтүстік-батыс Алтай типі таулық, сібірлік ландшафтармен сипатталады. Алтай тауларындағы ландшафта ылғал ауа массасының атлантикалық тасқынының әсері өте айқын байқалады. Жылдық орташа жауын-шашын молшері тау етектерінде 300-400 мм, тауда 1000-1500 мм-ге жетеді. Атмосфералық жауын-шашын шамасы жеткілікті және олардың жыл бойында бірқалыпты бөлінуі орман зонасының кеңінен тарауына қолайлы әсер етеді. Орман барлық экспозициялардың беткейлерінде өседі. Таулық-ормандық күлгінделген топырақтағы орман зонасынан орташа таулық ярустың төменгі шегі басталады. Мұнда 800-900 л-ден 1600-1700 л-ге дейінгі биіктіктерде сібір қарасамырсыны мен қайыңды шыршадан тұратын қара орман өскен. Бұны жоғарыдағы 2300 ж, ішінара 2600 м-ге дейінгі биіктікте самырсын мен балқарағайдан тұратын қылқан-жалпақ жапырақты орманның белдеуі қамтыған. Қазақстандық Алтайдың биік таулық ярусы 2700-2900 м абс. биіктіктен басталады және тек биік таулық гляциальдык-нивальдық зонаның тара ғандығымен сипатталады.

Биіктік ландшафт зоналык, құтылымның Сауыр-Тарбағатай типі сібірлік-монғолдық ландшафтардың басымдығымен және ортаазиялық ландшафты сипатының бар екендігімен ажыратылады. Бұл оның зона аралық орнын көрсетеді. Биіктігі орташа таулы далалық, ормандық-шалғындық-далалық, шалғындық және биік таулық гляциальдық-нивальдық зонаның дамығандығымен сипатталады. Таулық қара топырақта орташа таулық дала зонасының екі ландшафтық белдеуі бар. Абс. биіктігі 900-1000 м-ден 1300-1400 м-ге дейінгі төменгі белдеу бетегелі-бозды, 1500-1600 м-ге дейінгі жоғары белдеу бозды-түрлі шөпті және бұталы (итмұрынның, теректің, қараырғайдың ну бұталары) ландшафтымен сипатталады. Дала зонасынан жоғарырақ 2200 м-ге дейінгі биіктікте орманды-шалғынды-далалы зона тараған. Мұнда Сібір балқарағайының, Шренк шыршасының, аршаның жұрнақтары бар, ал көлеңкелі беткейлердің аңғарларында шетен мен тал өседі. Күн сәулесі түсетін беткейлер және үстірт кейіпті төбелі беттерде тоғайлы орман өседі. Орташа таулы ярустың жоғарғы шегі таулық-шалғындық қара топырақтарда өскен субальпілік және альпілік шалғындармен сипатталады. Субальпілік және альпілік тоғай 2000-2200 м-ден 2400-2500 м-ге дейінгі, альпілік тоғайлар 2400-2500 м-ден 2800-3000 м-ге дейінгі абс. биіктіктерде кездеседі. 2800-3000 м-ден жоғарыда мүшеленбеген биік таулық гляциальдық-нивальдық зона жатыр.

Биіктік ландшафтық зоналық құрылымның Жоңғар типі сібір комплекстері араласқан ортаазиялық ландшафтармен сипатталады. Орташа таулық-далалық, ормандық-шалғындық-далалық, биік таулық шалғындық-далалық және гляцильдық-нивальдық зоналар дамыған. Орташа таулық-далалық зона таулық қызыл коңыр және қара топырақ кейіпті қабаттарда өскен астық тұқымдас-түрлі шөпті және бұталы комплекстер түрінде келеді. Бұл зона 700-800 м-ден 1200-1400 м-ге дейінгі биіктіктерде тараған. Биіктігі орташа таулық орманды-шалғынды-далалы зона екі белдеуге мүшеленген. Таулық ормандық қара-сұр және таулық шалғындық қара топырақ іспеттес топырақтағы жалпақ жапырақты ормандар мен астық тұқымдас-түрлі шөпті белдеу 1200-1600 м-ге дейінгі биіктікті камтыған. 2200-2300 м биіктікке дейінгі таулық-ормандық қарасұр және қара топырақ кейіптес таулық-шалғындық топырақта шыршалы- майқарағайлы орман өскен. Биік таулық шалғынды зона субальпілік және альпілік ландшафтар белдеуімен сипатталады. 2200-3100 м-лік биіктіктердегі таулық - шалғындық қара суб-альпілік топырақта субальпілік тоғай, аршалы-шалғынды дала белдеуі жатыр. 3400-3500 м-ге дейінгі биіктіктегі альпілік таулық-шалғындық топырақта альпілік түрлі шөпті-доңызсыртылық шалғын және бетегелі-сұлы-басты дала белдеуі орналасқан. 3200-3550 м-ден жоғарғы тау басылық беткейлерді мүшеленбеген биік таулық гляциальдық-нивальдық зона алған.

Солтүстік Тянь-Шань ландшафт типі кәдімгі ортаазиялық ландшафтармен сипатталады. Таулық орманның қара түсті және қара топырақ кейіптес таулық-шалғындық-далалық топырағында ормандық-шалғындық-далалық зона орналасқан. Бұның төменгі белдеулерінде (1700-2100 м) шыршалы-көктеректі орман кездеседі, ортаңғысында (2000-2300 м) шыршалы алқаптар басым келеді, ал жоғарғысында (2300-2700 м) шырша алқаптарының жұрнағы бар субальпілік шалғын өскен. Жоғары жағын биік таулық шалғындық және гляциальдық- нивальдық зоналар алған. Таулық-шалғындық топырақта биіктаулық- шалғындық зона төрт ландшафтық белдеумен сипатталады. Шыршалы алаңдардың жұрнағы бар төменгі субальпілік белдеу 2600-2800 м-лік абс. биіктіктерде тараған.

3000 м-ден 3400 м-ге дейінгі биіктегі тау беткейлері мен жоталарда субальпілік шалғын өскен. Бұдан жоғарыда 3800 м-ге дейінгі аралықта субнивальдық белдеу жатыр. Бұл белдеу 3800 м биіктікте биік таулық мүшеленбеген гляциальдық-нивальдық зонамен алмасады.

Батыс Тянь-Шань ландшафт типінде ортаазиялық ландшафтысы басым және алдыңғы азиялық ландшафт кездеседі. Мұнда ландшафтардың орташа таулық ормандық-шалғындық-далалық, биік таулық шалғындық-далалық және гляциальдық-нивальдық зоналары бар. Орташа таулық ормандық-шалғындық-далалық зона 1000-1250 м-ден 2300-2500 м-ге дейінгі абс. биіктіктерді қамтыған. Мұнда екі белдеу бар. Төменгі белдеу (1000-1200 м-ден 1700-2000 м-ге дейін) таулық-ормандық қара-қоңыр топырақта өскен грек жаңғағы, жабайы алмасы, үйеңкісі бар жалпақ жапырақты орманнан тұрады. Жоғарғы белдеуте бидайықты-түрлі шөпті дала мен1700-2500 м-ге дейінгі таулық қарасұр топырақта өсетін бұталар (пісте, бадам, долана, итмұрын) кіреді. Биік таулық шалғындық далалық зона екі белдеумен сипатталады. Субальпілік тоғайлы далалардың белдеуі таулық-шалғындық-далалық және субальпілік қоңыр топырақта өсетін аршалы прагностық формация 2300-2500 м-ден 2900-3100 м-ге дейінгі биіктіктерде қалыптасқан. Бұдан жоғарғы 3400-3600 м-ге дейінгі аралықтағы таулық-шалғындық альпілік топырақта альпілік шалғын мен көгалдың түрлі шөпті-астық тұқымдас белдеуі жатыр. Бұл белдеу 3300-3400 м биіктікте мүшеленбеген, биік таулық гляциальдық-нивальдық зонамен алмасады.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.345-350. Герасимов И. П., Рязанцев С. П. История географических исследований Казахстана, в кн.: Казахстан, М.-Л., 1950; Валиханов Ч. Ч. Избр. произв., А.-А., 1953; Пальгов Н. Н. Географическая наука в социалистическом строительстве Казахстана. в кн.: Наука в Казахстане за сорок лет Советской власти. А.-А., 1957; Бирмагамбетов А. Основные этапы географических исследований Казахстана. в кн.: Утемагамбетов М. М. Физическая география Казахстана. -А.-А., 1967; Бейсенова А. С. Некоторые итоги физико-географических исследований Казахстана довоенного времени (1917-1941 г. г.), в сб.: География, в. 2, 1970.Очерки по физической географии Казахстана. -А.-А.,1952; СваричевскаяА. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. Л., 1965; Утемагамбетов М. М. Физическая география Казахстана. А.-А., 1967; Казахстан. М., 1969; Жандаев М. Ж. Геоморфология Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин. А.-А., 1972.Щерба Г. Н. Геотектоногены и рудные пояса. А.-А.,1970; Абдулин А. А.Геология Мугоджар. А.-А., 1971; Борукаев Р. А., Ляпичев Г. Ф. Складчатые комплексы Восточного Казахстана. в сб.: Вопросы геологии Казахстана. А.-А„ 1971; Беспалов В. Ф. Геологическое строение Казахской ССР. А.-А., 1971; его же, Тектоническая карта Казахской ССР и прилегающих территорий Союзных республик масштаба 1:1 500 000 (Объяснительная записка), А.-А., 1975.Кумпан А. С. Верхний палеозой Восточного Казахстана. М., 1966; Бандалетов С. М. Силур Казахстана. А.-А., 1969; Беспалов В. Ф. Геологическое строение Казахской ССР. А.-А., 1971; Никитин И. Ф. Ордовик Казахстана.-ч. 1-2, А.-А., 1972-1973; Допалеозой и палеозой Казахстана, т. 1-2, А.-А., 1974.Металлогенические и прогнозные карты, А.-А., 1959; Чакабаев С. Е. и др. Геология и нефтегазоносность Южного Мангышлака. А.-А„ 1967; Есенов Ш. Е., Кунаев Д. С., Мухамеджанов С.М. Недра Казахстана. А.-А., 1968.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-04-18 11:12:14     Қаралды-1054

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »