UF

РУДАКИ Әбу Абдоллах (Әбілхасан) Жафар (860 ж. т., қазіргі Тәжікістан, Пенжикент ауд., Рудаки қыстағы, 941, сонда) - парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, заманында «Аңын атасы» атанған, философ. Рудаки өзінің балалық, жігіттік шағын туған жерінде өткізіп, халықтың сөз өнері мен ән-күйін үздіксіз үйренді. Ондағы халықтық рухты бойына терең дарытып, Самани әулеті сарайына келгенге дейін-ақ теңдесі жоқ ақын, асқан музыкант ретінде даңқы шықты. Самани әулетінің сарайында 40 жылдан астам болып, ғұлама ақындарды басқарумен Рудаки атаққа, даңққа, шексіз дәулетке ие болды. Оның халық рухына суарылған жырларында патша, сарай қызметкерлерін мадақтау сарыны да бар. Патша мен ақын арасындағы рухани алшақтық ақын творчествосының ауыр трагедиясына айналды. Ол Самани әулеті үстемдігіне қарсы Бұхара қаласында кең өріс алған халық қозғалысына тілектестігін жасыра алмай көтерілісшілердің теңдікті талап еткен идеясына іш тарта қарады. Сол үшін патша көзін ойдырып, қуғындаған соқыр ақын қайыршылық халде қайтыс болды.

Рудакидің әдеби мол мұрасы (аңыз бойынша 130 мың бәйіт, басқа бір айтылған мағлұматта 1300 мың бәйіт) бізге үзінді, бытыраңқы түрде жетті. Шығармаларының қазіргі кезде қолда бары әр түрлі әдеби жинақтардан, сөздіктерден, кейбір сирек ұшырасатын кітаптардан теріліп құрастырылған. Бұлар 2074 өлең жолынан тұрады (оның 121 өлең жолы әлі де күдікті деп қаралады). Рудаки шығармаларының толық сақталмауы оның шығармаларының композициялық болмысын, сюжеттік желісін жете тануға қиындық тудыруда. Алаңда шашыраңқы күйінің өзінде-ақ сол дәуірдің озат идеяларын аңғарта алады. Рудаки діни идеология үстемдік еткен Орта ғасыр дәуірінде өмір сүрсе де, оның шығармаларында діни сарын, мистикалық-теологиялық образдар байқалмайды. Рудаки шығармаларының ішінен «Шарап туралы қасида», «Кәрілік туралы мұң» деген өлеңдері ғана толық сақталған. Ал «Кәрілік туралы мұң» - Рудакидің дүние танымын анықтауда айрықша мәні бар өлең. Осы шығармада Рудакидің дүниеге көзқарасының негізі теоцентризмде емес, көрісінше антоцентризмде жатқандығы ашық көрінеді. Ақын мұрасын арнайы зерттеушілердің топшылауынша, Рудаки өлеңдеріндегі көркемдік қуаттың қайнар көзі қол жетпес даналық, қарапайымдылығында жатыр. Көп өлеңдері панегириктік (мадақтау), лирикалық және дидактикалық (өсиет) мазмұнда жазылған.

Рудаки шығармаларының идеялық мазмұны - адамды жырлау. Кейін осы дәстүр жалпы шығыс әдебиетінің алдыңғы қатарлы өкілдерінің творчествосында да елеулі орын алды. Рудаки шығармалары қазақ еліне ежелден таныс. Революцияға дейінгі қазақ ақыншайырларының шығармаларындағы Рудаки әсері әсіресе олардың гуманистік сарындағы шығармаларынан айқын байқалады. Рудаки өмірі мен творчествосын зерттеуде шетел ғалымдарымен бірге Е. Бертельс, С. Айни, А. Дехоти, А. Мирзаев, И. Брагинский, X. Мирзозаде, Т. Нуртазин, Р. Бердібаев сияқты совет ғалымдарының үлесі бар. Рудаки өлеңдері Ғ. Орманов, Қ. Бекхожин, Т. Жароков, Т. Шопашевтардың аудармасы арқылы қазақ тілінде екі рет (1958, 1965) кітап болып басылды.

Әдеб.: Ш ы ғ.: Таңд. шығ. -А., 1958; Лирика, М., 1969. Нұртазин Т., Әбілхасан Рудаки, кіт.: Сөз зергерлері, А., 1966; Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбұлдары. А., 1970; Бертельс Е. Э. История персидско-таджикской литературы. М., 1960; Брагинский И. С. Проблемы востоковедения, М., 1974.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-02 14:36:29     Қаралды-943

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »