UF

ОРТАЛЫҚ АМЕРИКА - Солтүстік Американың Теуантепек және Дарьен мойнақтары аралығында қиыр оңтүстік бөлігі. Тынық мұхит пен Мексика шығанағы және Кариб теңізі аралығындағы ені 48 км-ден 960 км-ге дейін. Орталық Америкада Мексиканың оңтүстік-шығыс бөлігі, Гватемала, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Панама мемлекеттері және Ұлыбритания отары Белиз орналасқан. Тынық мұхит жағалауының оңтүстік бөлігі шығанақтар (Фонсека, Никоя, Чирики, Панама), түбектер (Никоя, Оса, Асуэро) және ұсақ материктік аралдар жасап күшті тілімделген. Мексика шығанағы жағалауы аласа, лагуналы келеді. Көпшілік бөлігін Кордильера жүйесіне кіретін орта биіктікті тау белдеуі алып жатыр. Ірі жазық өңірлер Юкатан түбегі мен Москития Жағалауында (Москития). Орталық Америкадағы Кордильера жүйесі тау аралық ойыстармен бөлінген үш доғадан тұрады; олардың ішіндегі ең жас жыныстардан түзілген -Вулкандық немесе Тынық мұхиттық Сьерра доғасы. Бұл Такана (биіктігі 4064 м) және Тахумулько (биіктігі 4217 м - Орталық Американың ең биік жері) вулкандарынан Панаманың батыс бөлігіне дейін созылып жатыр. Сонымен қатар бұл бөлікте Санта-Мария, Фуэго, Санта-Ана, Исалько, Косегуина, Момотомбо, Поас, Ирасу т. б. әрекетті вулкандар орналасқан. Пайдалы қазындылардан Орталық Америкада алтын және күміс (Гондурас, Никарагуа), қорғасын (Гватемала, Гондурас), сурьма (Гватемала), мұнай (Теуантепек), күкірт (Гватемала) өндіріледі. Солтүстік-шығыс беткейлеріне атлант пассаттары әсер етуіне байланысты Орталық Америка климаты ылғалды; жылдық жауын-шашын солтүстігінде 1500-2000 мм, оңтустігінде 3000-4000 мм (беткейлерде 7000 мм). Тынық мұхитңа қараған беткей жазы ылғалды да қысы қүрғақ. Ішкі қазан шұңқырларында, Юкатан түбегінде жауын-шашын мөлшері 500 мм-дей. Өзендері қысқа, бірақ суы мол келеді; әсіресе Атлант мүхиты алабына жататын езендердің суы жыл бойына мол болады. Тектоникалық қазан шұңқырларға толған көптеген көлдер кездеседі; ірілері - Никарагуа және Манагуа. Топырақ және өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Солтүстік-шығыс жағындағы жазықта және беткейлерінде (800 м биіктікке дейін) ылғалды тропиктік ормандар, түрлі түсті бағалы ағаш сүректері өндірілетін пальмалар, лиандар өседі. Банан плантациясы және тропиктік дақылдар егіледі. Юкатанда ксерофитті бұталар, 1700 м-ге дейін ағаш тектес папортниктер, 3200 м-ге дейін мәңгі жасыл жалпақ жапырақты (емен, магнолия) және қылқанды ормандар басым. Биік белдеудер альпі шалғынын жамылған. Мұнда Орталық Америкаға ғана тән кең танау маймылдар, кесірткелер, Солтүстік Америка түрлерінен жанат, кемірушілер мекендейді.

Әдеб.: Власова Т. В. Физическая география частей света. 2 изд., -М., 1966.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-06-14 14:49:46     Қаралды-1098

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »