UF

ІРІ ҚАРА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ІРІ ҚАРА ЕТІ МЕН СҮТІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Кіріспе

 

Курстық жобаның мақсаты: Асыл тұқымды шаруашылықтын сиырларының селекциялық генетикалық белгілерін жетілдіру

Курстық жобаның міндеті: Мал тұқымын асылдандыру тәжрибесінде жиі қолданылатын негізгі бағалау әдістерін уйрену.

Қазіргі уақытта әлемнің қандай мемлекеттерінде болмасын сүт және ет өндіру қарқынды өндірістік технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюі, шаруашылықты шоғырландыру және мамандандыруға да көп байланысты.

Ірі өндірістік фермаларда сүттің молаюы асылдандыру жұмысының жақсаруына байланысты, әрі сүт және ет өндіру кешендерінде асылдандыру жұмысының бағыты да өзгеруде. Асылдандыру жұмысының негізі жеке бір аймақта бір жоспар бойынша төл алу, оны өсіру, бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау.

Қазіргі уақытта сауын сиырлардың машинамен саууына, топтап бағып-күтуге бейімделуіне көп көңіл бөлінеді.

Сүтті ірі қара шаруашылығында сүтті сиырлардың төмендегідей көрсеткіштерінің параметріне қарайды. Сүтті сақа сиырлардың тірідей салмағы орташа 600-650 кг, 305 күндегі сүті 8000-8500 кг, алмайы 280-300 кг, белогы 280-300 кг жетуі керек, сонымен қатар желіндерінің алдыңғы екі бөлімінен кем дегенде 40%-ға дейін сүт алу қажет, ал сүт сауу уақыты 5-6 минуттай, жылына әр сиырдан бұзау алу.

Ірі қараны асылдандыруда әлемдік генофонд ресурстарын пайдаланған жөн. Ол үшін: өз аймағымызда асыл тұқымды малдардың санын көбейтіп және сапасын арттыру, жергілікті ірі қара сиырларын шет мемлекеттерден әкелінген асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстыру.

Екіншіден жаңадан асыл тұқымды ірі қара тұқымын шығару, ол үшін жергілікті ірі қара тұқымдарының сиырларын әлемге әйгілі генофондқа жататын қара ала голштин-фриз, қызыл ала голштин-фриз, монбельярд, айршир, щвиц,англер және дания-қызыл асыл тұқымды бұқалармен шағылыстырып, қара ала, қызыл ала, қоңыр және қызыл түсті ірі қара тұқымдарының ұрпақ будандастарын алу.

Үшіншіден жергілікті аймақта шыққан сапалы да ірі қара тұқымдарының генофондысының бұқаларының ұрық қорын сақтау, әрі тұқымды ірі қара өсіретін мамандандырылған шаруашылықтарда малды өз төлінен өсіруді кеңінен жолға қою [1].

Асылдандыру жұмысының теориялық негізі.Ірі кара малын асылдандыру және жаңадан ірі қара тұқымын шығару, сұрыптау және жұптаудан ғана емес, сонымен қатар тірі организмнің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне де көп байланысты. Сондықтан организмнің өсіп дамуындағы тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері біріне-бірі өте байланысты өтеді.

Бір тұқымнан, бір табыннан және бір ата-енеден шықкан малдардың өзі бір-бірінен көптеген айырмашылығы болады. Бұл жақсы қасиет, себебі малды іріктеп, сұрыптауға өте қолайлы.

Малды асылдандырудың теориялық негізі генетика ғылымы болып саналады. Генетика ғылымы дегеніміз - тірі организмнің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік касиетін айтамыз,онын өзі әлемнің органикалық эволюцияның дамуына байланысты.

Ірі қараның селекциялық белгілеріне: сүті, сүтінің майлылығы мен белогы, сүт сауылу жылдамдығы, желінінің өсіп-дамуы мен түрлері, дене бітімінің (конституциясының) мықтылығы, тірідей салмағы, өсіп-дамуы т.б. жатады. Бұл белгілердің барлығы да генетикалық себептермен, нерв жүйелерінің, қан айналу, ас қорыту, зат алмасу, көбею және бөліну функцияларымен де байланысты.

Ірі қараның бұл белгілеріне сыртқы ортаның да әсері зор, әсіресе азықтандыру және бағып-күтудің.

Ірі караны асылдандыруда көбінесе төмендегідей генетикалық параметрлерін ескереді. Оған: өзгергіштік, тұқым қуалаушылық, қайталау және байланыс (корреляция) белгілері жатады.

Өзгергіштік пайызбен есептелінеді, ірі қара өнімінің көрсеткіштері біркелкі болып келмейді, әр уақытта өзгерісте болады. Өнім белгілерінің өзгеруі оның тұқымдық қасиетіне, асылдандыру жұмысына көп байланысты. Өзгергіштік коэффициенттерінің жоғары болуы селекциялық жұмыс үшін өте қолайлы. Әсіресе сұрыптау үшін маңызы зор. Ірі қара малының өзгергіштік коэффициенттері төмендегідей: сүті 20-25%, сүтінің майлылығы 5-8, белогы 4-8, сауу жылдамдығы 10-15, сақа сиырларының тірілей салмағы 12-15%. Сүттің, сүт майлығы мен белогының өзгергіштік коэффициенті үнемі тұрақты көрсеткіш емес, олар көбінесе өмір сүретін ортаға, сұрыптау және жұп таңдау, табынның генетикалық құрамына т.б. себептерге байланысты.

Өзгергіштік коэффициенттің көрсеткіш санының аз болуы, малдың өсіп-дамуы белгілерінің өте тұрақтылығын көрсетеді, ондай жағдайда селекциялық нәтижеге қолжету өте қиын.

Ірі қараны асылдандыру жұмысында инбридингтің (туыстас малдарды өзара шағылыстыру) өзгергіштік коэффициентіне қандай әсері бар екенін анықтау қажет.

Тұқым қуалаушылық - деп ірі қара белгілерінің келесі ұрпаққа берілу дәрежесін айтады. Тұқым қуалау коэффициенті 0-ден бастап, 1-ге дейінгі бірлік, соның мөлшерімен немесе 0-ден 100-ге дейін пайыз есебімен анықталады. Егер ол 0,3тенкем болса төмен; 0,3-05 болса орта, 0,6-дан бастап жоғары деп есептелінеді. Тұқым қуалаушылық коэффициентін бірнеше тәсілмен есептейді: ата-енесі мен ұрпақ аралық байланыс корре-ляциясын өзін-өзіне көбейту арқылынемесе сол сияқты регрессия коэффициентін анықтайды және дисперсия тәсілін қолданады. Тұқым қуалаушылық коэффициентінің ірі қара табынының, немесе бір тобының өнімділіктерін болжау үшін, селекция жұмысының нәтижелілігін білу үшін маңызы зор[2].

 

1 Негізгі бөлім

 

1.1Әдебиетке шолу

 

1.1.1Ірі қараны зерттеуде генетика мен селекцияға үлесін қосқан ғалымдардың зерттеулері

 

Тәжірибе жүзінде сүтті ірі қара шаруашылығында липидтер мен белок алмасуларынын сүт өнімімен тығыз байланыстылығын анықтаудың маңызы өте зор болды. В.И. Волгин және А.С. Бибикова ғалымдарының дерегі бойынша тайыншалардың қанында нейтральный майының концентрациясы жоғары,  жалпы липидтер мен уксус қышқылдары да жоғары болса, кейін сауын сиыр уақытында, сүтінің майлылығы бойынша жоғары іріктелген сауын сиырларымен салыстырғанда, сүті 497 кг және сүтінің майы 24,5 кг артық, болған.

Ғалымдар Г.П. Легошин және Л.С. Обуховтардың сүтті ірі қараны зерттегенде белок алмасуының биохимиялық көрсеткіштеріне мән берген. Оған: жалпы белок, азот амины, иодтың белокпен байланысы, альбуминдер, глобулиндер, азот қалдығының белокпен қатынасы жатады. Осылардың 4-6 көрсеткіштерін ескеріп сұрыптағанда үлкен нәтижеге жеткен. Сонымен селекцияның болжау нәтижесі сүт өнімінен 3-4 рет есе жоғарылауына себеп болған [12].

Әрине бұл тәсіл шығу тегі бойынша сұрыптаудан көбінесе дәлірек, әрі зор сенім туғызады. Қазіргі уақытта ірі қараның сүтінің, сүттің майлылығының, белогының т.б. көрсеткіштерінің тұқым қуалаушылық коэффициенттері бар.

Сүт өнімінің тұмса сиырлардың үш айлық сауу маусымы мезгілінен бастап сақа сиыр болғанша қайталануы оның өнімінің өте жоғары екендігін анықтайды. Профессор Л.П. Пяновскаяның дерегі бойынша сүттің қайталану коэффициенті 0,66-0,79, сүт майлылығынікі 0,64-0,68, сүт белогынікі 0,69-0,85.

Профессор С.А.Рузскийдің дерегі бойынша 1-ші, 3-ші т.с.с. сауын сиырларының ғұмыр бойы сүтінің қайталану коэффициенті 0,49-0,66 жетсе, сүтінің майлылығы 0,5-ке жеткен. Ірі караның туғандағы тірілей салмағы мен сақа уақытысында қайталау коэффициенті 0,19; етті тұқымға жататын енесінен айырған бұзаулардың және 13 айлықтарындағы қайталау коэффициенті -0,48.

Малдардың препотентік қасиетін ең бірінші Г. Заттегаст зерттеген П.Н. Кулешов малдарда осындай қасиеттердің барлығын дәлелдеп, осы ізденістерді жалғастырды.

Препотентті малдардың асылдандыру жұмысында маңызы зор. Ондай малдар ірі қара табындарының және тұқымдарының жақсаруын тездетеді. Малдардың препотенттігін бағалағанда, төменгі көрсеткіштерді ескереді. Оған (енесі мен ұрпағы) өнім көрсеткіштерінің корреляция коэффициенттері, ұрпақтарының біркелкі болуы, ұрпақтарында енесімен салыстырғанда көптеген белгілерінің аралық коэффициенттерінің өзгергіштігі, ұрпақтарының өнім көрсеткіштерінің құрдастарымен салыстырғандағы артықшылығы.

Ғалым А.С.Рузкийдің зерттеуі бойынша, енесі мен ұрпақ аралық корреляцияның төмендеуі бұқалардың ұрпағына жақсы әсерін көрсетеді. Әрі ондай бұқаның препотенттік қасиеті жоғары болып саналады [3].

 

1.1.2 Ірі қара мал селекциясындағы ревалюциялық қадам

 

«ҚазАгроИнновация» АҚ «Қазақстанда сүт бағытындағы малдың генетикалық әлеуетін арттырудың қазіргі заманға лайық технологияларын әзірлеп  бейімдеу» деген жоба шеңберінде Еуропадағы ғылыми зерттеулер саласындағы көшбасшы - Францияның Ұлттық ауыл шаруашылығы зерттеулер институтымен бірлесіп  Қазақстанда тұңғыш рет геномдық селекцияны енгізу жөніндегі жобаны іске асыра бастады.  Бұл жобаның шеңберінде сүт бағытындағы ірі қара малдың голштиндендірілген тұқымының эталондық популяциясын шығару жоспарланып отыр.

Осының нәтижесінде малдың жас төлдері арасындағы ең өнімділерін таңдап алып сүт бағытындағы мал табынын өсіруге, сондай-ақ асыл тұқымды малдың сапасын жақсарта түсуге мүмкіндік жасалмақ.

Геномдық  селекция - малдың ДНК тізбектілігін зерделеуге негізделген мал тұқымын асылдандыру ісіндегі әдіс. Бұл әдіс мал тұқымын жақсарта түсуде генетикалық ақпаратты қолдануға талпынуда өзінен бұрын қолданылып келген әдістерден мейлінше ерешеленеді. Геномдық  селекция  бір мезгілде көп ДНК маркерлерін зерттеуге мүмкіндік береді. Тең бөлінген генетикалық маркерлер бір малда болғанда, ол малдың ген типтерінің өзара байланысына және мал шаруашылығының тиімділігін арттыратын - сүттілігі, сүтінің майлылығы, өсімділігі, май қабатының қалыңдығы, етінің сапасы және т.б. көрсеткіштеріне  негізделген, асыл тұқымдық құндылығын бағалауға болады.

Көптеген жылдар бойы мал шаруашылығы мамандары малдың генетикалық әлеуетін оның өсімділігі мен ата-енесінің орташа көрсеткіштері арқылы ғана анықтай алатын еді. Жас төл ата-енесінің қандай генін қабылдап алғанын анықтауға мүмкіндік болмайтын еді. Аналық сиыр үшін үш жыл, ал бұқалар үшін бес жыл бойы малдың өсімділігін анықтаудың нәтижесін күтуге тура келетін еді.

Геномдық селекция   – ең    жаңа құрал. Бұл әдіс бойынша малдың асылт қымдық құндылығы мейлінше дәл анықталады, сүт бағытындағы мал табынын қалыптастыруға және мал басын өз төлі есебінен көбейтуге жұмсалатын уақытты және шығындарды қысқартады, ең тиімді малды таңдап алуға мүмкіндік береді. Аталық жас малдың асылтұқымдық құндылығы тек 75 пайызға ғана анықталса да, селекцияның тиімділігі бірнеше есе өсетінін ғалымдарымыз дәлелдеп отыр[4].

 

1.2 Технологиялық бөлім

 

1.2.1 Мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабы

 

 

Бұл кітаптың ірі қара малын одан әрі асылдандыруда және өнімін көтеруде маңызы зор. Мұнда алдынғы қатарлы шаруашылықтың тәжрибесі, мал өсіру және ірі қара мал тұқымын, табынын және аталық ізін асылдандыру тәсілдерінің нәтижесін, асыл тұқымды малдың генеологиялық құрлымын мәлімдейді, әрі болашақ селекция жоспарларын белгілейді.

Кәзіргі жағдайда, барлық асыл тұқымды малдар жөніндегі деректер уақытында ескеріліп, есепке алынып тұрады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарындағы мамандардың негізгі міндеті, осы кітапқа жазуға дейінгі малдарды анықтау [5].

Мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабын әрбір ірі қара мал тұқымына арнауға болады. Оған асыл тұқымды мал шаруашылықтарының, асыл тұқымды мал асылдандыру ұйымдарының малдары жазылады.

Сүтті және сүтті-етті ірі қара малдарының асыл тұқымдары, егерде таза тұқымға жатса ғана мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабына ғана жазыла алады; бұқалары 1,5 жастан, ұрықтарының сапасы бойынша бағаланған, қашыру қасиеті жоғары, комплексті класы элитадан кем емес, шығу тегі төрт атаға дейін белгілі, таза тұқымды малдар осы кітапқа жазылады, ал сиырларда осындай қасиеттері бар, әрі тұқымдылығы таза, 4 және 3 ұрпақ буыннан кем емес сиырларда жазылады, ал сүт өнімі өте жоғары маусымы есепке алынып, сүтінің майлылығы стандарттан кем болмауы қажет.

Малдарды ең алдымен бонитировка жүргізіп бағалайды, онда олардың сырт пішіні, дене бітімі және дене тұлғасының 5 өлшемі алынады, оған: шоқтығының биіктігі, кеуде тереңдігі, кеуде орамы, денесінің қиғаш ұзындығы және жіліншігінің орамы жатады. Мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабына жазылатын малдарды ең алдымен көзбен қарап, бағалап, сосын мамандар арнайы карточкаларды толтырады. Әрбір шаруашылық осы кітапқа жазылуға жарайтын малдар жөнінде жоғарғы ауыл шаруашылық ұйымдарына мәлімет беріп тұрады [6].

 

1.2.2 Ірі қара шаруашылықтарын кең ауқымды селекциялық бағдарламабойынша асылдандыру

                                        

Көптеген шаруашылықтарда сүтті ірі қара малын асылдандыру жұмысы бұқаларды өз ұрпағы бойынша бағалаудан бастайды және сұрыптау тәсілін қолданып бағаланған бұқаларды кеңінен пайдалануға тырысады. Бұл тәсіл ірі ауқымды селекциялық тәсілдің тууына әсер етеді.

Ірі ауқымды асылдандыру селекциясы деп селекциялық, генетикалық, биотехнологиялық және ұйымдастыру тәсілдеріне сүйене отырып, асыл тұқымды мамандардың өнімін одан әрі көбейту.

Көптеген асыл тұқымды мал шаруашылықтарында әр бұқадан 2-8 жылдың ішінде 20-30 мың доза ұрықты алып, оны мұздатса, ал кейбір жоғары бағалы бұқалардан 100 мыңға дейін доза ұрық алып мұздатады. Кейбір бұқалардың ұрығымен 100 мыңнан аса сиырларды қашыруда. Мысалы, осындай жұмыстар Мәскеу, Ленинград, Литва, Эстония т.б. республикаларда іске асуда.

Ірі аукымды асылдандыру селекция жұмысының негізгі - селекциялық бағдарлама. Бұл бағдарлама бойынша малды ең алдымен өсіп-жетілу кезеңдерінде бағалау, сұрыптау, жұптау және өте бағалы малдарды кеңінен пайдалану. Осындай әрекеттердің нәтижесінде, аса бағалы бұқалардан 50-100 мыңнан астам ұрпақ алуға болады [8].

Кейінгі уақытта осы бағдарламаны іске асыру үшін компьютер колдануда. Бұл бағдарламаны ірі қара малының кез келген тұқымын асылдандыру үшін қолдануға болады, соның нәтижесінде әр сиырдың басына есептегенде 35-50 кг сүт артық өндіруге болады.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін одақ бойынша селекциялық орталык ұйым құрылған.

Электронды есептеу машинасын ірі қараны асылдандыру жұмысында пайдалану. Ірі ауқымды асылдандыру селекциялық жұмыстарында электронды есептеу машинасының маңызы зор. Оның негізгі міндеті материалды жинау, асылдандыру жұмысының нәтижесін есептеу. Әсіресе ірі қара малын бағалағанда, ірі ауқымды асылдандыру селекцияның бағдарламасын анықтағанда, үлгілеуге (моделирования) келтіргенде электронды есептеу машинасы зор роль атқарады. Әрбір шаруашылық орталық есептеу ұйымына ай сайын және жылына бір рет есептеу бланкілерін беріп тұрады. Оған сүтті сиыр шаруашылығыні: 1-мол. және 2-мол. атты бланкілер жатады.

Есептеу орталығында материалдардың деректері магнит лентасына, перфокартаға, дискке, т.б. техникалық аппараттарға беріледі. Одан өткен материалдар есептеу орталығының архивіне өткізіледі, ал малдардың жеке карточкалары шаруашылықтарға қайырылып, әрі қарай жалғастырып, толтыруына мүмкіндік жасалынады.

Электронды есептеу машинасына  ай сайын түсетін деректерге: сиырлардың бұзаулау және қашыру мезгілдері, төлдердің өсіп-жетілуі, сауын сиырлардың айлық өнім көрсеткіші, бұқалардың ұрықтарының буаздандыру қасиеттілігі, ұрық банкісінің кіріс және шығысы т.б. деректер жатады.

Деректердің түсіміне байланысты жылдық қорытынды есеп анықталады. Оған малдардың жылдық өнімі, бонитировканың нәтижесі және асыл тұқымды малдарды келешекте қолдану тәсілдері жатады.

2 мол - сүт карточкалары бойынша ірі қара малының асылдығы шешіледі. Осындай атқарылатын жұмыстың нәтижесі өте жоғары.

Әр ай сайын электронды есептеу машинасы арқылы алынатын деректер Латвияда және Эстонияда дұрыс жолға қойылған [9].

Есептеу орталығы ЭВМ-нен шыққан деректерді әр шаруашылыққа таратады. Онда кеткен кемшіліктерді көрсетіп, көбінесе түзеп жібереді. Ал, егерде берілген тапсырма дұрыс құрылмаса, оны есептеп сырт шығарып тастайды да, оған жеке тізім құрады. Есептеу орталығы ай сайын аудандық, облыстық т.б. өлкелік ұйымдарға малдың өнімі жөнінде мәлімет береді. Бұл ұйымның ірі қара малын асылдандыруда маңызы өте зор.

Ресейде жылына 8-10 миллионға дейінгі сиырлардың деректері осындай ЭВМ-нің есебінен өтеді. Соңғы жылдары ірі ауқымды асылдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу компьютер көмегімен атқарылуда. Ресейде Санкт-Петербург және қазақстандық селекционер-ғылымдар бірлесе қолданбалы жасаған «СЕЛЭКС» бағдарламасы жұмыс атқаруда.

Асыл тұқым және жеке табын жұмыстарын асылдандыру жоспары. Ірі ауқымы селекциялық бағдарламаның шешіміне байланысты 15-20 жылға арналған ірі қара мал шаруашылығын асылдандыру жоспары жасалынады.

Асылдандыру жұмысының жоспары екі бөлімнен тұрады:

1) асыл тұқымды малының асылдандыру жұмысының негізі уақыттағы барысы және 2) асылдандыру жұмысының болашағы.

Бірінші бөліміндеірі қара малын асылдандырудағы осы уакытқа дейінгі жұмыс деңгейі мәлімдемесі. Онда ірі қара қара тұқымының құралу тарихы, таралуы, саны, шығу тегіне-құрамы, бонитировкадан өткен сауын сиырларының сүт өнімі, малды азықтандыру, бұқалардың ұрпақ сапасы бойынша бағалау, ірі қара малының сырт пішіні, аталық із бен аналык ұялардың сипаттамасы, бұқалардың ұрығы жөніндегі мәліметтер, сиыр желіндерінің морфофункцияналдық қасиеті ірі қара малын қашыру мәселелері, асыл тұқымды төл өсіру т.б. мәселелер.

Екінші бөлімдеірі қара мал тұқымының болашақ шығу тегінін құрамы, болашақ асылдандыру мәселелері, «аталық із» және «аналық ұя» жөніндегі жұмыстар, жаңа типті мал шығару, бұқаларды өсіру және бағалау, бұқалардың атасы мен енесін сұрыптау, сиырлардың да ата-енесін сұрыптау, тұқым аралық шағылыстыру, тұқым ішінде жаңадан типтер шығару т.б. мәселелер қамтылады.

Ал, әрбір жеке табындар ушін5, 10 жылдық асылдандыру жоспарлары тұжырымы бойынша жасалынады. Ондай жоспар үш бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімдетабын құрамы жөніндегі мәлімдемеде, олардың жасы, аталық ізі мен аналық ұясы жөніндегі мәліметтер, малдардың тұқымдық және өнімдік қасиеттері, ірі қара малын азықтандыру, әрі ірі қара мал табынының малдәрігерлік мәлімдемесі т.б. мәселелер талқыланады.

Екінші бөлімдеірі қара мал табынының жалпы асылдандыру бағыты, малдардың болашақтағы типі, аталық ізі мен аналық ұясы, болашақ асылдандыру төсілі,  болашақ селекция жетістіктері жөне өнім көрсеткіштері, ірі қара малын азықтандыру деңгейлері белгіленеді.

Үшінші бөліміндеасылдандыру жоспарының орындалу мезгілдері, ұйымдастыру мәселелері, селекциялық - бақылау фермасының жұмысы, ірі қара мал қораларын ұтымды пайлалану және құрылыс мәселелері, ірі қараны азықтандыру, төл әсіру, қашыру және малдәрігерлік шаралар т.б. с.с. мәселелер белгіленеді [10].

Ірі қараны асылдандыруда белоктың полиморфизмы мен биохимиялық көрсеткіштерді пайдалану.Белоктардың полиморфиялық айырмашылығы оның генетикалық себептеріне байланысты. Сондықтан бұл деректерді малдың шығу тегін анықтау үшін, тұқымаралық туыстық жақындығын білу үшін қолданады. Бұл ілімнің тағы бір ерекшелігі сол бір табын, немесе бір топ малдың ұрпақтан ұрпаққа беретін қасиетін генетикалық маркерлер арқылы анықтайды.

Малдардың асылдық және өнімділік қасиеттерін анықтауда белоктардың полиморфиялық көрсеткіштері мен секлекциялық белгілер аралығындағы корреляция коэффициентін есептеудің маңызы зор.

Ірі қараның шығу тегін анықтау үшін, олардың қан тобының маңызы зор. Ол үшін қан белоктарының полиморфтық тобын және ірі қара қанының ферменттерін зерттеген.

Осы деректердіңбарлығы да организмдеөтетінзаталмасуынакөпәсері бар. Гемоглобинніңорганизмдегідемалуфункциясыменжәнеоттегімөлшерініңпроцестеріментікелейбайланысты. Көміртегіалмасуынаамилазаның, темірдіңалмасуынатрансферинніңатқаратынролікүшті. Көптегенғалымдардыңдерегібойыншатрансферинніңтоптарыарқылықандағыгемоглобинніңмөлшерін, каталазаныңқимылын, өсіп-даму барысын, әртүрлізаталмасудеңгейінанықтауғаболады[11].

Тәжірибе жүзінде сүтті ірі қара шаруашылығында липидтер мен белок алмасуларынын сүт өнімімен тығыз байланыстылығын анықтаудың маңызы өте зор болды. В.И. Волгин және А.С. Бибикова ғалымдарының дерегі бойынша тайыншалардың қанында нейтральный майының концентрациясы жоғары, жал-пы липидтер мен уксус қышқылдары да жоғары болса, кейін сауын сиыр уақытында, сүтінің майлылығы бойынша жоғары іріктелген сауын сиырларымен салыстырғанда, сүті 497 кг және сүтінің майы 24,5 кг артык, болған.

Ғалымдар Г.П. Легошин және Л.С. Обуховтардың сүтті ірі қараны зерттегенде белок алмасуының биохимиялық көрсеткіштеріне мән берген. Оған: жалпы белок, азот амины, иодтың белокпен байланысы, альбуминдер, глобулиндер, азот қалдығының белокпен қатынасы жатады. Осылардың 4-6 көрсеткіштерін ескеріп сұрыптағанда үлкен нәтижеге жеткен. Сонымен селекцияның болжау нәтижесі сүт өнімінен 3-4 рет есе жоғарылауына себеп болған[12].

Әрине бұл тәсіл шығу тегі бойынша сұрыптаудан көбінесе дәлірек, әрі зор сенім туғызады. Қазіргі уақытта ірі қараның сүтінің, сүттің майлылығының, белогының т.б. көрсеткіштерінің тұқым қуалаушылық коэффициенттері бар. Ірі қараны асылдандыруда белоктың полиморфизмы мен биохимиялық көрсеткіштерді пайдалану.Белоктардың полиморфиялық айырмашылығы оның генетикалық себептеріне байланысты. Сондықтан бұл деректерді малдың шығу тегін анықтау үшін, тұқымаралық туыстық жақындығын білу үшін қолданады. Бұл ілімнің тағы бір ерекшелігі сол бір табын, немесе бір топ малдың ұрпақтан ұрпаққа беретін қасиетін генетикалық маркерлер арқылы анықтайды.(кесте 1)

Кесте 1- Ірі қара малының әртүрлі белгілерінің тұқым қуалаушылық коэффициенті

 

Көрсеткіштері

һ2

Көрсеткіштері

һ2

Күндегі сүт өнімі

 

0,30-0,42

 

бірінші бұзаулау мерзімі

0,34

 

Сүтінің майлылығы

0,60-0,78

темперамент

0,40

Сүтінің белогі

 

0,50-0,70

 

бұзаулардың туғандағы салмағы

0,11-0,58

 

Сауу маусымының мерзімі

0,20

 

екі жастағы тірідей салмағы

0,58

 

Суалу уақыты

 

0,39

 

сақа сиырлардың тірідей салмағы

0,37

 

Сүт сауылу жылдамдығы

0,35-0,60

 

тәулігіне қосатын салмағы

0,40

 

Сүтке шыққан мал азығы

0,20-0,48

 

салмағына шыққан мал азығы

0,22-0,48

 

Қосымша емшектердің барлығы

0,63

 

 

 

еттің жұмсақтығы

 

 

0,60-0,71

 

Дене тұлғасының бітімі 

0,25

ұша шығымы

0,25-0,78

 

Ірі қараның тұкым қуалаушылық касиеті жоғары белгілеріне, оның сүтінің майлылығы мен белогы, сауу жылдамдығы, етінін жұмсақтығы, бұқалардың бұқалық қасиеті және сиырлардың қосымша емшектері жатады. Бұл аталған көрсеткіштердің тұқым куалаушылык коэффициенті 0,50 асып тұр. Ал, сиырлардың сүтінің, сауу маусымының, суалу мерзімінің, тәулік салмақ қосуының, ірі қараның тірідей салмағының, сырт пішінінің, ұша шығымының, өнімге шыққан мал азығының тұқым куалаушылық коэффициенті 0,20-0,50 аспайды. Ал, өте төмен тұқым қуалаушылык коэффициентке бірінші бұзаулағаннан келесі бұзаулағанға дейінгі уақыт, сиырлардың бұзаулағыштық қасиеті, өмірінің ұзақтығы жатады [12].

Тұқым қуалаушылық коэффициенттің жоғары болуы ол іріқараның сыртқы әсерге өте тұрақтылығын, ал екіншіден ата-тегінен ұрпағына берілетін генетикалық көрсеткіштердің көптігін білдіреді, ал тұқым қуалаушылық коэффициенттің төмен болуы, ол керісінше жағдай. Бір тұқымнан шыққан өр сиырдың сүт өнімінің тұқым куалаушылық коэффициенті әр түрлі.

Тұқым куалаушылық коэффициенттің жоғары болуы сұрыптауға өте тиімді, ол арқылы әр малдың болашақ өнімін болжауға болады.

Қайталау коэффициентініңірі қара шаруашылығында маңызы зор. Қайталау коэффициенті деп бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі өнім көрсеткіштерінің тұрақты кайталануын айтады. Қайталау коэффициентін бір малдың бір көрсеткіші бойынша бірнеше жыл бойы корреляциялық байланысы арқылы анықтайды. Қайталау коэффициентінің өте жоғары болуы селекциялық жұмыстың жоғары нәтижелілігін көрсетеді. Тәжірибе жүзінде сүтті ірі қара шаруашылығында сүт өнімінің, сүттің майлылығының, белогының т.б. керсеткіштерінің қайталануы малдың бірнеше сауу маусымында кездеседі, ол сол малдың асылдық қасиетінің жоғарлылығын дәлелдейді [13].

Сүт өнімінің тұмса сиырлардың үш айлық сауу маусымы мезгілінен бастап сақа сиыр болғанша қайталануы оның өнімінің өте жоғары екендігін анықтайды. Профессор Л.П. Пяновскаяның дерегі бойынша сүттің қайталану коэффициенті 0,66-0,79, сүт майлылығынікі 0,64-0,68, сүт белогынікі 0,69-0,85.

Профессор С.А.Рузскийдің дерегі бойынша 1-ші, 3-ші т.с.с. сауын сиырларының ғұмыр бойы сүтінің қайталану коэффициенті 0,49-0,66 жетсе, сүтінің майлылығы 0,5-ке жеткен. Ірі караның туғандағы тірілей салмағы мен сақа уақытысында қайталау коэффициенті 0,19; етті тұқымға жататын енесінен айырған бұзаулардың және 13 айлықтарындағы қайталау коэффициенті -0,48.

Корреляция - дегеніміз малдың бір өнім көрсеткішінің екінші өнім көрсеткішімен тығыз байланыстығын айтады, әрі сол өнім көрсеткіштерінің біреуі өзгерсе екіншісінің де өзгеруін көрсетеді. Корреляция оң және теріс болып бөлінеді. Оң корреляция болса, онда малдың бір өнімінің көбеюіне байланысты екінші өнімі де көбейеді, ал теріс корреляция болса, малдың бір өнімі көбейсе, екінші өнімі азаяды. Корреляцияны бірлік санмен есептейді, ол 1,0-ден +1,0-ге дейін. Ірі қара малын асылдандыру жұмысында олардың сүті мен тірідей салмақ аралығындағы байланыс корреляциясын, сол сияқты сүті мен желін түрлерінің аралық корреляциясын анықтайды.

Дегенмен сиырлардың тірідей салмағы мен сүтінің арасындағы корреляция бір қалыпты болып келмейді. Малдың тірідей салмағы өскен сайын, оның сүті де өседі, бірақта ол шексіз емес, белгілі бір мөлшерге дейін, сосын барып керісінше болады. Көптеген ғылыми деректер бойынша ол коэффициент 0,2-0,3.

Сауын сиырдың сүті мен сүт майлығының арасындағы корреляциялық байланыстың селекция жұмысы үшін маңызы зор. Асылдандыру жұмысы уақытында малдарды сүттілігі және сүтінің майлылығы бойынша сұрыптау және жұп таңдауды қатарымен жүргізбесе, онда бұл көрсеткіштердің аралық байланысында теріс корреляция болуы мүмкін, себебі сүт өнімінің көбеюіне байланысты, оның сүтінің майлылығы азаюы мүмкін. Бірақта мұндай байланыс корреляциясы әр ірі қараның тұқымында әр түрлі [14].

Сүттің тағамдық қасиетіне, оның құрамындағы белогының да маңызы зор. Көптеген ғылыми деректер бойынша, сиырдың сүті мен сүтінің белогының арасында да теріс корреляция. Сүттің майлылығы мен белогының арасында әр уақытта оң корреляция. Әсіресе алатау, лебедин және холмогор асыл тұқымды сиырлардың сүтінің майлығы мен белогының арасында оң корреляция байланысы болса, Ярославль, кострома, қара ала асыл тұқымды сиырларында бұл көрсеткіш өте төмен. Көбінесе сауын сиырларымен селекция жұмысын жүргізгенде, оның сүтінің майлылығы көбейсе, онымен қатар сүтінің белогы да 26-40%-дай көбейеді. Орташа есептегенде, егерде сиыр сүтінің майлылығы 1% көтерілсе, сүтінің белогы 0,8%-ға жоғарылайды. Дегенмен де, көптеген деректерге қарасақ сиыр сүтінің майлылығы мен белогының арасында әр уақытта оң корреляция болуы шарт емес.

Ал, сиыр сүті мен оны сауу жылдамдығы, сиыр сүті мен желінінің дамуы, сиыр сүті мен сүтке шыққан мал азығы аралықтарында оң корреляция болады.

Бұзаулардың туғандағы салмағы мен енесінен айырғанға дейінгі тәулік қосатын салмағына, тірідей салмағы мен ұша салмағы, тәулік қосатын салмағы мен сояр алдындағы салмағы, бұзаудың енесінен айыру салмағы мен енесінің сүті, арылықтарында әр уақытта оң корреляция байқалады [15].

Ірі қараның жоғарыда көрсетілген генетикалық параметрлерін болашақ өнімін болжау үшін, әрі селекциялық жұмыстың нәтижелілігін анықтау үшін қолданады. Олардың ішінде тұқым қуалаушылық (һ2) коэффициенттің маңызы зор. Селекциялық нәтижені анықтау үшін селекциялық дифференциал және тұқым қуалаушылық коэффициентін білген жөн.

Селекциялық дифференциал деп іріктеп алынған бір топ малдың өнім көрсеткішінің тобын, немесе басқа топ өнімдері көрсеткішімен салыстырғанда көп артықтығын көрсетеді[16].

Профессор Иогонсонның дерегі бойынша селекциялық болашақ нәтижесі төмендегідей формуламен анықталады:

Сн= Сдх һ2,(1)

мұндағы

Сн - селекцияның болашақ нәтижесі; Сд - орташа селекциялық дифференциал; һ2 - тұқым қуалаушылық коэффициенті.

һ2 - коэффициенті жоғары болса, селекциялық болашақ нәтиженің де көрсеткіші жоғары болады, ал тұқым қуалау коэффициенті төмен болса, онда барлығы керісінше, аз болады. Ұрпақтан-ұрпаққа, табынның генетикалық құрамы ылғи сақталса, тұқым қуалау коэффициенті тұрақты болса және мал өсіру тәсілі бірқалыпты болса, онда селекциялық нәтиже өте жоғары болғаны [17].

 

1.2.3 Сиырларды сұрыптау және жұптау

   

Асыл тұқымды сиырлар аса сүтті, дене бітімі мықты, әрі азықөтеуі өте жоғары, машинамен саууға және жаңа технологияғаөте бейімді болып келеді, ұрпағына өзінің жақсы қасиетін береалады.

Сүтті және сүтті-етті тұқымға жататын сиырларды бағалағанда, олардың сүтін, сүтінің майлылығы мен белогын еске алып, 305 тәуліктегі өнім мөлшерін анықтайды. Әсіресе алғашқы екі, немесе үш маусымындағы сүтін бағалаудың маңызы зор. Профессор С.А. Рузкий сиырлардың алғашқы үш маусымындағы сүті мен ғұмырлық сүт аралығында оң корреляция (г=0,82) бар екенін анықтайды. Сиырлардың ғұмырлық сүтін анықтаудың маңызы зор. Сиырларды сүт өнімі бойынша бағалағанда, олардың бағып күтуін және азықтануын ескерген жөн. Сиырларды бағалағанда сүтінің сапасына, сүтінің белогы мен майлылығының маусым бойынша өзгеруін, әрі сүті мен майлылығының және сүті мен белогының арасындағы байланысты да ескереді [18].

Сиырларды бағалағанда және сұрыптағанда өнімдерімен қатар, олардың сырт пішінін (экстерьері және дене бітімі) бағалап сұрыптайды. Сырт пішіні, оның тұқымдық ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Сиырлардың дене тұлғасының ірілігінің де маңызы зор. Көптеген деректерге байланысты, аса сүтті сиырлардың дене тұлғасы да өте ірі. Дене тұлғасының ірілігінің тірі салмағы арқылы білеміз. Тірі салмағы сол сиырдың өсіп даму ерекшелігін көрсетеді. Сиырларды сұрыптағанда дене бітіміне (конституциясына) көп көңіл бөлінуі қажет, себебі конститутциясы есепке алынбаса, ондай сиырлар ауруға тез шалдығып, төлдеуі төмендейді.

Сиырларды машинамен сауудың нәтижесінде, оның желінінің түріне және сүт сауылу жылдамдығына да қарап сұрыптайды. Сиырлардың желіндерінің төрт бөлімі бірдей дамып келсе, машинамен саууға өте қолайлы. Ғалым Г.П.Легошиннің дерегі бойынша қара ала және холмогор тұқымды сиырларының желіндерінің алдыңғы екі бөлімі нашар жетілген (40% және одан да кем). Осындай жағдайда, оның бос сауылуы 2,48-2,54 мин [19].

Желіндері астау тостаған тәрізді сиырлардың сүт өнімі, сүтінің сауылуы, сауылу жылдамдығы, желіндері ешкітәріздес сиырларға қарағанда едәуір жоғары. Емшектері біркелкі, ұзыдығы орташа, цилиндр тәрізді. Сауу жылдамдығы 2,5 кг/м болса өте жақсы. 1,5-1,8 кг/м - орташа, ал 1,0 кг/м - өте төмен болып есептелінеді.

Жоғарғы көрсеткіштермен қатар сиырлардың төл беру қасиеттерін де еске алған дұрыс. Төл беру көрсеткішін бұзаулаған уақытынан келесі бұзаулаған аралығындағы мезгіл арқылы, немесе оны бұзаулау мезгілі деп ұғынамыз, ал әр сиыр жылына немесе 12 айдың ішінде бұзау тууы керек.

Сүтті ірі қара шаруашылығында сиырларды ұрпақтарының сапасы бойынша бағалауға болады, бірақта ол жұмыс өте сирек қолданылады. Сиырлардан алынатын ұрпақтар өте аз болуына байланысты, шет мемлекеттерде индекстік деген тәсіл қолданылады, оған берілетін өнімі, туыстас ұрпақтары және ұрпақ сапасы кіреді.

Қолдан ұрықтандыру станцияларында бұқаларды пайдалану үшін сиырларды сұрыптау. Аса сүтті сиырлардан бұл алудың, ірі қара малын асылдандыруда аса маңызы зор. Әсіресе сиырлардықолдан ұрықтандырудаоның маңызы өте зор. Сондықтан сиырларды сұрыптағанда, болашак, бұқа алуға бола ма, болмай ма соны ескереді. Бұқалардың енесін сұрыптағанда, олардың тұқымдық, қасиетін,сүттілігін, сүтінің майлылығы мен белогын және сүтінің құрғақ затының деңгейін анықтайды  Ондай сиырлар өз тұқымына сәйкес, тірілей салмағы жоғары, желіндері жақсы жетілген, емшектері біркелкі, алдыңғы және артқы желін бөлімдерінен бірдей сүт өнімдерін алынуына қарайды. Әсіресе сүт сауылу жылдамдығына көп көңіл бөледі. Сиырларды сұрыптағанда, олардың өнімімен қатар енелерінің де өнімділігін есептеп және аталарының да тұқымдық қасиетіне көңіл бөледі. Сиырлардың тұқымдык, қасиетінің жоғарлауы, оның аталарының ұрпақ сапасы бойынша бағалауына байланысты.Егерде сиырдың ата тегі әйгілі және жақсы, «аналық ұядан» шықса, бағасы одан сайын жоғарылайды [20].

Сүтті ірі қара шаруашылығында сиырларды енелерінің сүттілігі және сырт пішіні және аталарының тұқымдық қасиеті бойынша сұрыптау кеңінен тараған. Көптеген деректерге қарағанда, бұл тәсілдің көптеген жетіспеушіліктері бар. Сондықтан сиырларды бірінші бұзаулаған маусымының сүт өнімі бойынша сұрыптаудың маңызы зор. Эстонияның «Тарту» атты тәжірибелі ғылыми зерттеу институтының көрсеткіштеріне қарасақ, сиыр тағамдарының сүт өнімі 8 жыл ішінде 3000 кг-нан 3942 кг дейін жоғарлаған, ал сүтінің майлылығы 3,67%-дан 4,05%-ға дейін өскен. Бірінші бұзаулаған сиырларды сүт өнімі бойынша бағалағанда, төл және қашар мезгілдерінен бастап, дұрыс күтіп бағу қажет, әрі қашар мезгілдерінде әрбір 100 сиырға 25-30-ын қалдырған жөн. Мұндай жоспар сиыр табынының сүт және ет өнімдерін көбейтіп, әр сиырдан сауылатын сүттің деңгейі де жоғарлап, шаруашылықтың экономикалық көрсеткіштері де жақсарады. Етті ірі қара сиырын бағалау және сұрыптау. Асыл тұқымды етті сиырларды бағалап және сұрыптағанда ең бірінші дене тұлғасының сырт пішініне, дене бітіміне қарайды. Етті ірі қараның өзінше биологиялық ерекшеліктері бар, соған байланысты дене тұлғасы кең, сүйегі мықты, жетілген болып келеді. Шоқтығы етті, әрі кең, кеуде сүйегі де кең, әрі терең, арқасы, белі және құйымшағы біркелкі түзу, бөксесі жақсы дамиды; аяқтары дұрыс орналасқан, тұяқтары мықты, терісі босаң, жүні жұқа болып келеді. Етгі сиырлардың тірідей салмағына ерекше көңіл бөлінеді, бұл көрсеткіштері жасына және тұқымына көп байланысты.

Етті тұқымды сиырлар ұсақ болса, дене тұлғасының орта бөлімінің арқа және бел еттері нашар дамыса, ол үлкен кемістік болып саналады. Етті ірі қараның, оның ішінде, аналық малдардың тез өсіп дамуына көп көңіл бөлінген абзал. Етті ірі қараға жататын сиырлар тез өскіш, тез жетіліп, қашыру мезгіліне ерте жетеді. Етті тұқымға жататын сиырлардың сүттілігін 7-8 айлық бұзауларының тірідей салмағы арқылы анықтауға болады, ал олардың ұрпақ туу қасиетін зоотехникалық немесе ветеринарлық анықтаулар арқылы білеміз.Бұқалар мен сиырларды препотенттігі бойынша бағалау, тұқым қуалау заңдылығы мал шаруашылығында ерекше орын алады, ол көбінесе екі жақтан (ата енеден) бірдей беріледі. Осы заңдылықтарға байланысты ірі қараны асылдандыру жұмысымен айналысқанда, алдын ала болжау мәселесіне, тұқым қуалау тәсіліне және де т.б. селекциялық жұмыстарға баға береді. Малдардың тұқымдық потенциясы деп, олардың ұрпақтарында сапалы белгілерінің тұрақты қайталануын және тұқым қуалауын айтамыз [21].

Малдардың препотентік қасиетін ең бірінші Г. Заттегаст зерттеген П.Н. Кулешов малдарда осындай қасиеттердің барлығын дәлелдеп, осы ізденістерді жалғастырды.

Препотентті малдардың асылдандыру жұмысында маңызызор. Ондай малдар ірі қара табындарының және тұқымдарының жақсаруын тездетеді. Малдардың препотенттігін бағалағанда, төменгі көрсеткіштерді ескереді. Оған (енесі мен ұрпағы) өнім көрсеткіштерінің корреляция коэффициенттері, ұрпақтарының біркелкі болуы, ұрпақтарында енесімен салыстырғандакөптеген белгілерінің аралық коэффициенттерінің өзгергіштігі,ұрпақтарының өнім көрсеткіштерінің құрдастарымен салыстырғандағы артықшылығы.

Ғалым А.С.Рузкийдің зерттеуі бойынша, енесі мен ұрпақ аралық корреляцияның төмендеуі бұқалардың ұрпағына жақсы әсерін көрсетеді. Әрі ондай бұқаның препотенттік қасиеті жоғары болып саналады [22].

Ірі қара шауашылығында препотентті бұқалар мен сиырлар жиі кездеседі. Губбак пен Фаворит бұқалары препотенттік қасиеттерінің жоғары болуына байланысты шортгорн атты асыл тұқымды ірі қара шығуына үлкен себеп болды, ал Аннас Адема 197 атты бұқа, осы қасиеттің жоғары болуына байланысты голланд асыл тұқымды ірі қарасын асылдандыруда, оның ішінде, осы ірі қара сиырларының сүттерінің майлылығын үлкен деңгейге жеткізуде көп роль атқарған.

Препотенттіктің өзі жақсартушы, консервативті және нашарлатушы болып та келеді. Әрине, мал асылдандыру жұмысында препотенттің жақсарту түрі өте қажет, әрі осы жақсы касиетті айыра білу керек.

Осы формула арқылы бұқалардың өзі ұрпақтарына қалай әсер ететінін анықтаймыз. Егерде ұрпақтары енелеріне қарағанда (сүт өнімі, оның майлылығы, белогы) сүттірек болса, әрі ұрпақтары біркелкі жоғарғы деңгейде болса, онда бұқалардың препотенттік қасиетінің жоғары екендігін дәлелдейді.

Көптеген ғылыми деректер бойынша бұқалардың осындай жақсы қасиеті, тіпті немере ұрпақтарына дейін беріледі екен. Ұрпақта тек қана бұқалар ғана емес, әрине сиырлардың да (енелерінің де) әсері бар. М. Чалма атты холмогор асыл тұқымды ірі қарасының сиыры («Лесная поляна» Москва облысы), осы тұқымның «Аналық ұясын» қалыптастыруға мұрындық болды бола тұрып, ұрпақтары сүтінің майлылығы жағынан ерекшеленді. Чалма «Аналық ұясының» 12 ұрпағының сүт майлылығы жоғары деңгейде болып, өзгергіштік коэффициенті төмен болды. Чалма атты сиырдан сүті өте майлы Чародей Мх 2705 атты бұқа алынған. Бұл бұқа ұрпақтарының сүтінін майлылығы енелерімен салыстырғанда 0,32% артық болған. Әрі ұрпақтарының 80%-ы сүт өнімінің майлылығы жағынан өте жоғары деңгейде болған, ал бұл көрсеткіштің енелері мен ұрпақтарының арасындағы корреляция г=0,11 болса, өзгергіштік коэффициенті 4,75%.

Етті ірі қара сиырын бағалау және сұрыптау. Асыл тұқымды етті сиырларды бағалап және сұрыптағанда ең бірінші дене тұлғасының сырт пішініне, дене бітіміне қарайды. Етті ірі қараның өзінше биологиялық ерекшеліктері бар, соған байланысты дене тұлғасы кең, сүйегі мықты, жетілген болып келеді. Шоқтығы етті, әрі кең, кеуде сүйегі де кең, әрі терең, арқасы, белі және құйымшағы біркелкі түзу, бөксесі жақсы дамиды; Аяқтары дұрыс орналасқан, тұяқтары мықты, терісі босаң, жүні жұқа болып келеді. Етгі сиырлардың тірідей салмағына ерекше көңіл бөлінеді, бұл көрсеткіштері жасына және тұқымына көп байланысты.

Жұп таңдау.Тұқымдық бұқалардың ірі қара шаруашылығында маңызы өте зор. Қазіргі уақытта бір асыл тұқымды бұқаның ұрығымен бірнеше мың ірі қараны қолдан ұрыктандыруға болады. Сондықтан бұқаның нәсілі неғұрлым асыл болса, одан тарайтын ұрпақтардың да асыл болуы мүмкін нәрсе және жалпы мал басын асылдандыру ісі де тез өтілмек. Себебі бір ірі қарадан жылына бір ғана бұзау алсақ, бір бұқадан қолдан ұрықтандыру арқасында, бірнеше жүздеген бұзау алынады. Малды шағылыстыру үшін сиырлар мен бұқаларды бір-біріне тегіне, пішініне, дене бітіміне қарай жұптайды. Сонда бұл екеуінің арқасынан жақсы ұрпақ туу жағы көзделеді. Демек «Жақсы ірі қараға жақсы бұқа салынсын» деген мағына туады.

Ірі қараға жіберілетін бұқаны анықтағанда, сол бұқаның өзі барлық касиеттері және асылдығы жағынан қашыратын ірі қараларынан артығырақ болуы тиіс. Сонымен бірге, сол ірі қаралар мен бұқаның туыстық жағынан жақын болғаны жөн. Бәрінен бұрын бұқаның денесі таза болуы керек. Дене бітісі жинақы, ықшам және сымбатты болып келуі тиіс. Сырт белгілері жағынан сүйегі мықты, бұлшық еттері айқын болып, көп салмақ тартсын, кеуделі және омыраулы болсын. Бөксесі төмен және ол салпы келсе, ол бұқаның үлкен кемістігі. Қайқы бел болуы да елеулі кемшілігі. Сондықтан бұқаның белі түзу және мықты, тұла бойы жақсы біткен болуы керек.

Аяқтары мығым, сіңірлі бйлып келсін, аяқтарының арасы саңылақты, тік басатын болсын. Бұқаның өзі қайратты, ширақ келсін, ұрығының куаты жақсы болсын.

Бұқаларды таңдағанда, осылармен қатар, оның шыққан тегіне де қарайды. Тегін тексергенде енесінің сүттілігіне және тірідей салмағына қарайды. Егер енесі мен атасы жақсы болса, бұл бұқадан алынатын ірі қаралар да сүтті болады деп шамалауға болады. Ал, бұқаның ата-енесінің өздері де сондай сүтті тұқымнан болса - ол тіпті жақсы.

Тұқымдық малға арналған жас бұқаларды таңдап алғанда, олардың ең кем дегенде шығу тегін үш ұрпақтан кем емес екенін ескере отырып, қатаң іріктеу керек.

Бірақ бұқаның тегі, сыртқы пішіні, тірідей салмағы жақсы болып келгенімен бұл бұқа жақсы ұрпақ береді деп айту тағы қиын. Себебі, әр малдың өзінше ерекшелігі болатындығын жоғарыда айтып өттік. Сондықтан, асыл тұқымды бұқаларды жоғары бағалаумен қатар, одан тараған ұрпаққа карап та бағалау жақсы болады. Ол үшін осы бұқадан қашқан ірі қаралардан туған ұрғашы бұзауларды жақсылап бағып өсіреді, сонан соң олар ірі қара болған соң сүттілігін енесінің сүттілігімен салыстырады немесе басқа бұқалардан тараған жастары шамалас ірі қаралармен салыстырады. Сүттілігімен қатар оның майлылығы, тірідей салмағы, сырт сымбаттары да ескеріледі. Сөйтіп, ұрпағы жақсы болып туса, бұқаның өзін де тұқымдық асыл бұқа деп санауға болады, міне бұл әдісті - бұқаның ұрпағына қарай бағалау деп атайды. Бұқаның жасына да қарау керек. Еркек бұзаудың 5-6 айлық жасында-ақ жыныстық сезімі туады. 7-9 айлығында бұқалық ете бастайды. Бірақ бұқалыкка салуға болмайды. Тана бұқалыкқа өсуіне, тұқымына қарай бұқалыққа 18-20 айлығында салған дұрыс [23].

Шағылыстыру үшін іріктеп алынған жұптар өз тобының және жалпы тұқымды жетілдіре беруге, ұпақтарындағы пайдалы қасиеттерді дамыта түсуге бағытталуы керек. Осы мақсат үшін жоғары өнімді аталық із және туыстас малдарға жататын ірі қаралар мен бұқаларды барынша пайдалану керек.

Жұптау біртекті және әртекті болып бөлінеді. Дене құрылысы мен өнімділігі жөнінен әртүрлі келетін малдарды шағылыстырып, олардың түрлі тектілерін іріктеудің өзі - малдың жаңа типін шығаруға, жеке белгілері мен сапасын, әcipeсе сүтінің майлылығын жақсартуға бағытталған.

Жеке жұп тандау, асыл тұқымды мал шаруашылықтарында жеке жұп таңдау тәсілі қолданылады. Онда әр сиырдың аталық ізі мен аналық ұяларына қарай бұқаларды бекітеді. Бұл жұмысты іске асыру үшін әр мал ерекшеліктерін, шығу тегін, сырт пішінін және өнімін жетік білу керек. Жеке жұп тандау тәсілін аса сүтті сиырларды қашырып, олардан болашақ асыл тұқымды еркек бұзаулар алу үшін колданады. Бұл тәсілді ірі қараны таза өсіру үшін де және будандастыру тәсілі үшін де қолдануға болады.

Топты жұп тандау, бұл тәсілдің негізі: бір топ сиырға шығу шежіре құрылымын еске ала отырып бұқаларды бекітеді. Ондағы шарт бұқалар сиырлардан бір класс жоғары болуы қажет. Екі бұқаны бекітеді: негізгі және резервті деп. Бұл тәсіл малдарды қолдан ұрықтандыру станциялары мен тауарлы шаруашылықтарда қолданады.

Жеке топты жұп таңдау, мұндай тәсілде аналықтарды бірнеше топқа бөледі, онда шығу тегін, сырт пішініне және өніміне қарайды. Әр топқа жеке-жеке бұқаларды белгілейді, ондағы негізгі шарт бұқалар тұқымдық қасиеті жағынан аналық топтардан кеп ілгері болуы қажет. Әсіресе бұл тәсіл асыл тұқымды табындарда, асылдандыру жұмысы мен малдарды қолдан ұрықтандыру станцияларында қолданылады.

Ірі қара шаруашылықтарында жұп таңдауды біртекті (гомогендік) және әртекті (гетерогендік) деп екі түрге бөледі.

Біртекті (гомогендік)жұп таңдау мезгілдерінде сиырлар мен бұқалар дене пішіні, өнім бағыты, өнім көрсеткіштері бір деңгейде және шығу тегі жағынан да жақын болуы тиіс. Ондағы мақсат, алынған ұрпақтары біркелкі, ұнамды жақсы қасиеттерін сақтай алатын, өнімдері жоғары, өте қасиетті ұрпақ алу.

Біртекті, немесе гомогендік жұп таңдауды қолданғанда мал тұқымының тұрақты қасиеті одан әрі күшейіп, тұрақты бір қалыпқа келеді.

Біртекті жұп таңдаудың ірі кара малының жақсы да және жаман да қасиеттерін тұқымнан тұқымға, ұрпақтан-ұрпаққа айнытпай қайталай алады. Сондықтан гомогендік жұп таңдауды қолданғанда оны да ескерген жөн. Біртекті жұп таңдаудың қолайлы касиеттерін ұрпақтан ұрпаққа тарату үшін, малдың өсіп-дамуын, азықтандыруын және күтіміне лайықты жағдай жасаған дұрыс.

Ірі ауқымды асылдандыру селекциясы деп селекциялық, генетикалық, биотехнологиялық және ұйымдастыру тәсілдеріне сүйене отырып, асыл тұқымды мамандардың өнімін одан әрі көбейту [24].

 

1.2.4 Ірі қара мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер

 

Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қырғыз мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Бүкілодақтық мал шаруашылығы институты және Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты ғалымдарының тікелей қатысуымен жергілікті малды швиц тұқымымен шағылыстыру арқылы 1950 жылы шығарылған.

 

Сурет 1. Әулиеата тұқымы

 

Түсі қоңыр, бәсекеге қабілеттілік қасиеттері: сүт ақуыздылығы, ет өнімділігі, лейкоз және мастит ауруларына резистенттілік қабілеттілігі, шет елдер мен еліміздің көптеген аймақтарының табиғат жағдайларына бейімдеушілік қасиеттері жоғары.  Сиырлардан орта есеппен 3,6-4,0 мың кг сүт сауылады.

Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қырғыз мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Бүкілодақтық мал шаруашылығы институты, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты ғалымдарының тікелей қатысуымен жергілікті малды швиц тұқымымен шағылыстыру арқылы 1950 жылы шығарылған. Түсі қоңыр. Бәсекеге қабілеттілік қасиеттері: сүт ақуыздылығы, ет өнімділігі, лейкоз және мастит ауруларына резистенттілік қабілеттілігі, шет елдер мен еліміздің көптеген аймақтарының табиғат жағдайларына бейімдеушілік қасиеттері жоғары. Сиырлардан орта есеппен 3,6-4,0 мың кг сүт сауылады [25].

 

2 Тіршілік қауіпсіздігі

 

Техникалық қауіпсіздік және өндірістік - санитарлық шаралар жиынтығы ірі қара шаруашылығын зооантропозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.

Ірі қара шаруашылығында еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.

Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.

Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады, ірі қарамен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.

Кезеңі нұсқау ірі қара шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болу фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық арашылар қатысады.

Іірі қара шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Ірі қара шаруашылығының еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, көңді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықтарта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора - жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бұлардың барлығы ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.Сондықтан да ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Ірі қара шаруашылығыдағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім - бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.

Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.

Санитарлық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта - матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.

Ауру ірі қарамен , өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді.Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақтылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек.

Ірі қарамен жұмыс істеуге 18 - ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора - жайларында тамақ жеуге және ауру ірі қарадан алынған шикі сүтті ішуге тыйым салынады.

Қызмет көрсетушілер ауру ірі қараны күту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарасыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100 - 150 мг/л белсенді хлоры бар ерітіндімен зарасыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады.

Зараданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ерітіндіге немесе 2 пайыз сода ерітіндісіне салып қояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады.

Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан ірі қара шошынып, адам денесіне тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек.

Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақтылы ішқұрт тасымалдауға тексеріледі.

Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекцияық ерітінділермен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін білуі керек.

Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветеринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі.Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер киеді.

Дезертінділермен және аэрозольдермен жұмыс істеу барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауданы аэрозольмен дезинфекциялаумен желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі.

Дезинфекция немесе аэрзольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды. Мұндай жағдайда қора - жайлардың есіктеріне кіруге болмайды деген ескертпе жазулар ілінеді.

Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды .Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және ірі қараны жіберуге рүқсат етіледі.

Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды.

Ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.

Туберкулезбен, бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар ірі қарамен жұмыс істеуге жіберілмейді.

Сүт фермасында жұмысшылардың жеке басының гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі ет арқылы әртүрлі аурулар таралуы мүмкін.

Ветеринариялық мамандар үнемі ауру ірі қараны және өлекселермен тікелей қатыса болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтауы ас қажет.

Ветеринариялық - санитариялық өткелде жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың өндірістік аймағына өтеді. Ірі шаруашылықтарда осындай тәртіпке тырысу керек. Жұмыс аяқталған соң, жұмысшылар мен мамандар душқа түсіп, арнайы киімдерді өткізіп, өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың сыртына шығады. Арнайы киімдерді үйге алып кетуге немесе сол киімде өндірістік аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады.

Ірі қара шаруашылығы жұмысшыларын мамандық ауруына шалдығудан сақтау үшін кешенді шаралар жүргізіледі: ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклимат жасау ( температура, ылғалдылық, ауаның газды құрамы, жарықтандыру ) , тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, ауру араны оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру және т.б.

Ірі қараны аурудан сақтаудың бірден - бір жолы - санитариялық гигиеналық ережелерді мүлтіксіз орындау, арнайы жоспар бойынша өз уақтысында дезинфекциялық, дератизациялану және өлексені үнемі утильдеу шараларын дер кезінде жүргізу мал кәсіпорындарын аурудан сақтаудың кепілі.

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келе, ірі қара малын одан әрі асылдандыруда және өнімін көтеруде маңызы зор. Мұнда алдынғы қатарлы шаруашылықтың тәжрибесі, мал өсіру және ірі қара мал тұқымын, табынын және аталық ізін асылдандыру тәсілдерінің нәтижесін, асыл тұқымды малдың генеологиялық құрлымын мәлімдейді, әрі болашақ селекция жоспарларын белгілейді.

Кәзіргі жағдайда, барлық асыл тұқымды малдар жөніндегі деректер уақытында ескеріліп, есепке алынып тұрады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарындағы мамандардың негізгі міндеті, осы кітапқа жазуға дейінгі малдарды анықтау.

Мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабын әрбір ірі қара мал тұқымына арнауға болады. Оған асыл тұқымды мал шаруашылықтарының, асыл тұқымды мал асылдандыру ұйымдарының малдары жазылады.

Сүтті және сүтті-етті ірі қара малдарының асыл тұқымдары, егерде таза тұқымға жатса ғана мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабына ғана жазыла алады; бұқалары 1,5 жастан, ұрықтарының сапасы бойынша бағаланған, қашыру қасиеті жоғары, комплексті класы элитадан кем емес, шығу тегі төрт атаға дейін белгілі, таза тұқымды малдар осы кітапқа жазылады, ал сиырларда осындай қасиеттері бар, әрі тұқымдылығы таза, 4 және 3 ұрпақ буыннан кем емес сиырларда жазылады, ал сүт өнімі өте жоғары маусымы есепке алынып, сүтінің майлылығы стандарттан кем болмауы қажет.

Малды асылдандырудың теориялық негізі генетика ғылымы болып саналады. Генетика ғылымы дегеніміз - тірі организмнің түқым қуалаушылық және өзгергіштік касиетін айтамыз,онын өзі әлемнің органикалық эволюцияның дамуына байланысты.

Ірі қараның селекциялық белгілеріне: сүті, сүтінің майлылығы мен белогы, сүт сауылу жылдамдығы, желінінің өсіп-дамуы мен түрлері, дене бітімінің (конституциясының) мықтылығы, тірідей салмағы, өсіп-дамуы т.б. жатады. Бұл белгілердің барлығы да генетикалық себептермен, нерв жүйелерінің, қан айналу, ас қорыту, зат алмасу, көбею және бөліну функцияларымен де байланысты.

Ірі қараның бұл белгілеріне сыртқы ортаның да әсері зор, әсіресе азықтандыру және бағып-күтудің.

Ірі караны асылдандыруда көбінесе төмендегідей генетикалық параметрлерін ескереді. Оған: өзгергіштік, тұқым қуалаушылық, қайталау және байланыс (корреляция) белгілері жатады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1 Т.Телеуғали, С.Қырықбайұлы Мал дәрігерлік – санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері. Алматы, 1998.-58 б.

  1. А.Ә.Төреханов, Ж.К.Каримов, Ш.Д.Даленов, Д.Қ.Найманов, Н.Ә.Жазылбеков. Ірі қара шаруашылығы. Алматы, 2006.-145 б.
  2. А.Нұржанова Сүт және сүт өнімдерін өңдеу технологиясы. Астана, 2010.-35 б.
  3. Афанасьев Г.И. и Никитченко В.Е. (1989). Эффективность производства говядины при выращивании и откорме помесных симментальных гомитинских бычков //Молочное и мясное скотоводство. —М., 1990. —Вып.12.-96с.
  4. Бельков Г.И. Технология выращивания и откорма скота в промышленных комплексах и на площадках. -М.: Росагропромиздат, 1989. -32 с.
  5. Бельков Г.И. Технология выращивания и откорма скота в промышленных комплексах и ни площадках. -М.: Росагропромиздат, 1989. -32 с.
  6. Богданов Е.А.  Типы телосложения с.-х. животных и человека и их значение. -М.: Государственное изд-во, 1923. -11с.
  7.  Булгаков В.Б. и Моргун Э.М. Улучшение качества и сокращение потерь продукции животноводства. -М.: Агропромиздат., 1988.-135 с.
  8. Бурлаков Н.М. Технология производства говядины. -М., 1971. -231 с.

10 Бусев Г.С. Итоги выращивания и откорма молодняка крупного рогатогоскота,  молочных  н  малочно-мясных  пород  //Новое  по  откорму  и  нагулукрупного рогаггого скота н овец. -М., 1956. - 67-69 с.

11Вишневский М.В. Закономерности роста желудочно-кишечного тракта в онтогенезе крупного рогатого скота //Животноводство. -М., 1960. -№7. - 33-37 с

12 Григорьев Н.Г., Гаганов А.П.  Влияние концентрации обменной энергии рациона   качества   мясо   откармливаемых   бычков   //Молочное   и   мясное скотоводство. -М, 1989. -Вып.12. -№9. – 16 с.

13Девяткин А.Н. Ірі қараны комплекстерде өсіріп, бордақылау. -Алматы: Қайнар, 1980. -200 б.

14 Дьяков CM. Высокопитательные корма в рационах молодняка крупногорогатого  скота на откорм //Молочное  и мясное  скотоводство.  -М.,   1990. -Вып.12.-148.

15 Жузенов Ш.А., Жазылбекова Н.А., Жусупов М. Эффективность произ-водства говядины в зависимости от съемной живой массы бычков казахской белоголовой  породы //Животноводство,  кормопроизводство  и  ветеринария. -Алматы: Бастау, 2006. -№2. -72-73 с.

16 Жузенов Ш.А., Жусупов М., Кулиев Т.М. Как правильно выращивать бычков казахской белоголовой породы до высокой кондиции //Агроинформ. -Астана, 2006. -№8. - 17-18с.

17 Журавская Н.К., Алехина Л.Т., Отряшенкова Л.М. Исследование иконтроль качества мяса и мясопродуктов. -М.: Агропромиздат, 1985. -63 с.

18Зарпуллаев   Ш.Н., Жуманбаев А.С., Алиханов Ж. Интенсивноевыращивание, откорм и мясная продуктивность некондиционного молодняка крупного рогатого скота //Научные основы развития сельского хозяйства на юге Казахстана: сб.науч.трудов ЮКИНИИСХ. -Алматы: Бастау, 2001. - 204-216с.

19 Зарпуллаев Ш.Н., Алиханов Ж. Интенсивные  методы  подготовкинекондиционного молодняка крупного рогатого скота на мясо //Матер.межд. науч.-практ.конф. -Алматы, 2000. - 112-113 с.

20 Карманов А.Г. Влияние типа кормления молодняка крупного рогатого скота на формирование сельского хозяйства. -М., 1961. -Т.З. -87-92 с.

21 Комаров Л.Л. Производство говядины при разных формах специализации. -М., 1971.-187 с.

22 Кравченко А.И.Влияние разного уровня протеина и его заменителей на  откормочные и мясные качества тонкорунных ягнят //Проблемы интенсифи-кации овцеводства. -Ставрополь, 1974. - 158-160 с.

23 Кулешов   П.Н.   Влияние   питания   на   формы   тела   и   на  характер продуктивности //Избранные работы. -М., 1949. -247-262 с.

24 Кулиев Г.К. Рост и развитие скелета некоторых пород овец в отгонно-горных условиях Азербайджана. -Баку: Изд. АН АзССР, 1979. -№3. -59 с.

25 Левантин Д.А. Теория и практика повышения мясной продуктивности в скотоводстве. -М.: Колос, 1966. - 232-236 с.

26 Левантин Д.Л. Влияние питания на рост, развитие и мясные качества молодняка симментальской породы //Советская зоотехния. -М.,  1950. -№1. - 52-62 с.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-12-21 14:09:30     Қаралды-78

ҚЫЗ ЖАРЫС

...

Қыздар арасында өткізілетін жарыстың бір түрі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ «КӘРІ» АҒАШ ТАБЫЛДЫ

...

Швейцариядағы бір унивөрситеттің ға лымдары сол елде өсетін ағаштарға санақ жургізу кезінде қылқан жапырақты ең «кәрі» шырша ағашын тапқан. Бұл ағаштың жасын ғалымдар қазіргі кезде қолданылатын радиокөміртегі сараптамалық әдіс бойынша анықталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЫРҒАЙ – ҚУЫҚТЫҢ ҚАБЫНУЫНА ЕМ

...

Гүлдерінен жасалған дәрілер бронх қабынғанда, подагра және ревматизм ауруларына қарсы, буындар сырқырағанда, бүйрекке тас байланғанда пайдаланылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН

...

Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Су әлемінің балықтары-бүрікпебалықтары-мергендері

...

Бүрікпебалықтар - суды бүркіп шашу қабілетімен ерекшеленетін алабұға тәрізді жасақтың Toxotidae көптипті тұқымдасының шынтақ иық балықтар. Егер табиғат теңіз жыртқыштарын интеллект деп бөлгенде және әркімге өзіне кәсіп таңдауға мүмкіндік бергенде, онда б

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АХМЕТ ХАН

...

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »