Фитонцидтер
Өсімдік құрамындағы фитонцид, эфир майының маңызы туралы мәлімет керек еді.
Алибек 2015-02-25 13:19:14
Жауаптар 4
ШОТЛАНДИЯ ОВЧАРКАСЫ (КОЛЛИ)
Коллидың отаны Шотландияның таулы өлкесі. Сол жерден бақташы ит есебінде жер-жерге таралған.
Өзен қиылысы
Әртүрлі өзендердің қиылысуы – әдеттегі іс. Бірақ, Велна және Нельба өзендерінің қиылысы таңқаларлық ерекшелік. Сіз сөзсіз таң қаласыз.
ЖҮЗІМ ҚОСЫЛЫП КҮРІШ САЛЫНҒАН АЛМА
Жуылған алманың өзегі арнаулы аспаппен тазаланып, оған фарш толтырылады да духовкаға қойып пісіріледі.
ТЕҢІЗДЕГІ ТЕЛЕГЕЙ СУ ҚАЙДАН КЕЛГЕН?
Егер глобусты шыр айналдырсақ, ол тек қана - көгілдір түсті болып көрінеді. Олай болатын себебі - оның бетіндегі сары, ақ, жасыл, қоңыр түске қарағанда көгілдір бояудың басымдығы.
БИДАЙДАН АЛЫНҒАН ДӘРІ ЖҮРЕК ДЕРТІН ЕМДЕЙДІ
Қазіргі зерттеулер бойынша әлем халқының 66 пайызы жүрек дертінде шалдыққаны анықталып отыр. Бұл кардиолог (жүректі емдеуші) дәрігелерді қатты алаңдатуда.
ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР
Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576 - 1656 жж.) - қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы, Самарқандтың аталығы (әмірі). Туған жері - Сырдарияның төменгі ағысы. Шыққан тегі - Кіші жүздің төртқара руынан. Жалаңтөс баһадүрдің арғы атасы Ораз кезінде Әмір Темір
Айша
[i]Айша[/i]
Арука
[b]Дурыс емес[/b]
Unknown
Эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады. Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150 – 200-ге жуық түрлерінен алынады. 1500-ден астам эфир майлары зерттелген. Олардан 500-ден аса қосылыстар бөлініп алынды, жеке эфир майлары құрамында 5 – 20 түрлі қосылыстар болады. Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады. Олар өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен шаймалау және қысу, т.б. әдістер арқылы алынады. Эфир майлары қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары, жасыл, қоңыр сұйықтық. Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады және өзінің иісін өзгертеді.
Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде қолданылады.
Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген.
НЕЙЗВЕСТНО
Фитонцидтер - бактерияларды, паразиттерді, ұсақ саңырауқұлақтарды өлтіруге қабілетті өсімдіктер (басымырақ жоғарғы сатыдағылары) бөліп шығаратын биологиялық белсенді заттар.