ҚҰРБАН АЙТ
Категориясы: Дін
Ораза айттан кейін жетпіс күн өткен соң «Құрбан айт» мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» аталуының себебі - осы айтта құрбандық шалынады. Ораза айттағыдай, кұрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар мешітке немесе алдын ала белгіленген бір орынға жиналып, айт намазын оқиды.
Құрбан айттың негізгі мақсаты - өмірден кеткен жақындары мен туыстарын еске алу, соларға құран оқытып, құрбан шалу. Айттан бірнеше күн бұрын ата-бабалардын аруағына арнап мал сойып, ішек беретін салт бар.
Алғашқы күні жұрт мешітке жиналып, айт намазын оқығаннан кейін құрбандыққа мал сояды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе, тіпті тауық та шала береді. Малдың басқа түрі немесе хайуандар құрбан шалуға жарамайды. Құрбандыққа шалынатын малды мұсылман адам бауыздауы қажет. Нашар, ауру малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандыққа шалынып отырған малды соймастан бұрын молда құран оқиды. Бауыздаушы адам шын көңілімен «Бисмиллаһир рахманир рахим!» деп малдын басын құбылаға, Мекке жаққа қаратып, сол жақ қабырғасымен жатқызып барып сояды. Құрбандыққа шалынған малдың еті кемтарларға таратылады, бір бөлігі туған-туысқан, жақын-жолдас пен көршілерге дәм татқызу үшін тұтастай асылады.
Бұрынғы заманда кұрбандыққа адам шалынатын екен, мұндай сорақы әдет дүние жүзі халықтарының көбінде болған. Осы дәстүрге Алла Тағала тарапынан бірнеше рет келіспеушілік танытқан хабар келген. Бірде бұл дәстүрге сай Ибраһим пайғамбар жалгыз ұлы Исмаилды құрбандыққа шалмақ болғанда, «мал сойылсын» деген хабармен бірге жеті қат көктен көк қошқар жіберіліпті. Ибраһим пайғамбар сол көк қошқарды құрбандыққа шалады. Міне, сол кезден бастап құрбандыққа мал шалу - үлкен міндеттердің бірі болыпты. Азаннан басталған айт мерекесі мешіттегі намаздан кейін үй-үйлерде жалғаса береді. Үш күнге созылған құрбан айт мерекесінде әр үйде дастарқан жайылады, молынан ас пісіріледі. Бір-бірінің үйіне келген, үй-үйді жағалап айтшылаған адамдар құрбандыққа шалынған малдың етінен ауыз тиеді. Бұл күні үлкен мен кіші, жас пен қария бір-бірімен қуанышпен көрісіп, «Құрбан айт қабыл болсын!» - деп жүздесіп жатады. Құрбан айт күні дүниеге келген баланың атын Құрбанғали, Құрбанкелді, Айтбай, Айтқали, т.с.с. деп қойған.
Жарияланған-2015-11-16 19:32:23 Қаралды-3135
ХАКІМЖАН НАУРЫЗБАЕВ
Хакімжан Есімханұлы (1925-2009) - Қазақстанның тұңғыш кәсіби мүсіншісі, халық суретшісі. Ол Қостанай облысында дүниеге келген. Харьковтағы көркемөнер институтын бітірді. Алматы қаласындағы көркемсурет училищесінде тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдасты
ҚАЗАҚТАРДА ҚОЙ-ЕШКІГЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАР
Қазақ сенімінде төрт түлік те аса киелі жануарлар санатында. Кез-келген малды сол түліктің қарасы ауылдан ұзаған соң ғана бауыздаған.
БАДАМ КӘЗИНЕГІ
Қант-сірне шырынында қайнатылған бадамнан тұратын шыныдай жылтыр тағам. Мөлшері 40х40 мм төрт бұрышты бөліктерден тұрады.
ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.
ЖАН-ЖАНУАРЛАРДА БІР-БІРІМЕН СӨЙЛЕСЕДІ
Ертегідегі аңдар мен құстардың сөйлесе алатынң жұрттың бәріне белгілі. Үш торай көңілдері шалқып, бірге ән салады.
ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР: ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ
Қойдың құйрық майы мен бауыры салқын сумен жуылып, тазартылады. Содан соң қазанға су құйылып, отқа қойылады.