UF

СУРЕТ ЖӘНЕ СУРЕТТЕМЕ

Категориясы: Өнер


Сурет. Суретшінің қыл қаламмен бояу жағып емес, қарындаш, көмір, сангина, қаламұш арқылы сызып салған шығармасын сурет деп атаймыз.

Суретшінің кез келген жұмысы суреттен басталады. Ол болашақ картинасын бастамас бұрын әуелі кенепке оның нобайын салып шығады. Сондықтанда ұлы шеберлердің қай-қайсысы да суретке үлкен мән берген. Микеланджело «бейнелеу өнерінің барлық түрінің қайнар бастауы мен жан-жүрегі» сурет деп санаған. Ал Көркем-өнер академиясында Репинді, Суриковты және Серовты оқытқан профессор П. П. Чистяков: «Сурет сала алмайтын адам картина да сала алмайды», - деп есептеген.

Бірақ сурет тек қосалқы қызмет қана атқарып қоймайды. Ол кейде суретшінің ұзақ уақыт бойы еңбек сіңіретін арнайы шығармасы боп та шығады. Суретші кез келген жанрлардағыдай суретте де адамдардың сезім дүниесі мен көңіл-күйін бейнелейді. Егер ол табиғат көрінісін салса, біз күн шуағын, ай нұрын немесе себелеген ақ нөсер мен бұлыңғыр мұнарды көре аламыз. Суретші тек суретте ғана сызық пен штрихтың мүмкіндігін сарқа пайдалана алады; сызық пен штрихты қалың, жуан, жіңішке жүргізу арқылы майлы бояулардың көмегімен бейнеленетін әсерлерді жеткізеді.

Сурет салғанда көбіне қарындаш, көмір немесе сангина пайдаланылады. «Сангина» латынның «Sanquis» - «қан» деген сөзінен шыққан. Ол қағаз бетіне сурет салуға арналған қызыл-қоңыр таяқша. Сангина мақпал түстес қою сызық түсіреді. Суретті тушьпен де салуға болады.

Суреттеме. Суретші табиғат ортасында, колхозда, заводта - қайда жүрсін мейлі көзі көріп, көңілге түйген әсем көріністі қағазға түсіргенше асығады. Көңілге ұнаған сөз бен ой-пікірді қойын дәптеріне жазып алатын жазушы сияқты суретші де назарына іліккен көріністі жеке параққа не альбомға салып алады. Мұндай көріністі көзбе-көз бейнелеуді суреттеме дейді.

Суретші саяхаттан оралғанда біз көрмеген өлкенің табиғатын, қалаларын, адамдарын бейнелейтін көптеген суреттемелер әкеледі.

Бізден тіптен алыста, сонау терістік қиырда Исландия жатыр. Біз ол өлкені біліп жарымаймыз, ал суретші О. Верейскийдің суреттемелеріне үңілсек, оның қатыгез табиғатын, адамдары мен олардың әдет-ғұрпын сырттағы жел мен сызды өткізбес үшін қатырма темірмен қаптап қойған Рейкьявик үйлерін көзбен көріп тұрғанда әсер аламыз.

Исландияда күн ешқашан ашық тұрмайды, сондықтан да халқы бояуларды айрықша жақсы көреді. Ондағы шуаққа малынып тұрғандай жарқырап тұрған сарғыш үйлерді көргенде, көк жүзін торлап алғам сұрғылт бұлттарды тіпті абайламай да қаласың.

Суретші Исландия балаларын ерекше сүйінішпен бейнелеген. Олар тез ер жетіп, оң мен солын ерте таниды. «Болашақ теңізшілерді еркеле туге, мәпелеуге болмайды», - дейді исландиялықтар. Суретшілердің мұндай суреттемелері бейтаныс елдер мен бейтаныс халықтардың өмірін жетік білуге көп жәрдемін тигізеді.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-17 12:28:00     Қаралды-7165

Мәлімет сізге көмек берді ма

КҮМІС АЛУ

...

Күміс алу (теңге алу) - өте қызықты, -жігітті сынайтын ойындардың бірі. Белгіленген арақашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе тенге тасталынады. Шабандоздар кезек алып тізбекке тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Ақ-қара фильмдерді қалай бояйды?

...

Соңғы кездері ескі ақ-қара фильмдерді бояу сәнге айналды. Бүгінгі таңдаақ-қара фильмдерді бояу технологиясы дамып кетті. Баяу процесі былай жүргізіледі: фильм санды форматқа ауыстырылады және бөлек кадрларға бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?

...

Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ НУГАСЫ

...

Бұл - шайқалған кәмпит массасына күнжіт қосылған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАППАЙ ЗАҚЫМДАУШЬІ ҚАРУ

...

Жаппай зақымдаушы қару - адамдар мен хайуанаттардың арасында жаппай шығып тудыратын үлкен зақымдаушы күшке ие.

ТОЛЫҒЫРАҚ »