UF

ДЕНЕҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Категориясы: Денсаулық


1. Үйге таза ауа молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын. Сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.

2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, арқанды күнде салқын сумен жуып тұр. Көнбісті боласың. Денеңді таза ұста.

3. Жылы мезгілде таза суға көбірек шомыл. Ең артығы күннің шуағымен жылыған суға түссең тіпті жақсы.

Шомылуға қолайлы уақыт сәске мен намаздыгер (екінді) мезгілі. Тал түсте, күн қызып тұрғанда суға түспе. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға шомылма. Қызынып яки терлеп тұрып суға түспе. Әуелі қызуынды басып, теріңді кептір.

Шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсін. Терлеген дене жылдам салқындайды, суық тез тиеді. Шешінісімен, басыңды сула да, суға түс.

Суға жүгіріп келіп, қарғып яки секіріп түспе, суға кетесің. Су ішінде бір орында тұрма, отырма, жүзе бер, жүзе бер, көбірек қимылда. Су ішінде он-жиырма минуттан (көп дегенде шәй қайнатым уақыттан) артық болма. Дірілдей бастасаң, тезірек судан шық. Судан шығысымен әуелі денеңді сүртіп кұрғатып, киініп алған соң, жылынғанша серуенде. Жылы, тымық күні судан шыққан соң, жалаңаш денеңе біраз күн тиіп тұла бойынды жел қақсын. Аурудан әбден айықпаған әлсіз адамға тымық, жылы күні ғана суға түсуге болады. Суға түсу шарттарын әбден біліп ал. Осы шарттарды елемесең, түрлі бақытсыз оқиғаларға душар боласың.

Жуынғанда тұла бойыңдағы кірің кетеді. Теріңдегі бітеліп қалған тесіктері ашылады. Терің көнбісті болып шынығады. Сондықтан жиірек жуын.

Жылы суда дене кірі тезірек ериді. Сабының жылдамырақ көпіреді. Сондықтан салқын судан гөрі жылы су денеңдегі кіріңді тез алады.

Өте жылы су әсіресе күнде жуынғанда каныңды тасытып, денеңді болбыр, етіп, нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Жылы суға яки моншаға түскен соң, дененді жәйімен бірте-бірте салқындат. Суықтан сақтан.

Шомылып шыққаннан кейін үстіңді таза орамалмен (сүлгімен) немесе дәкемен әбден сүртіп құрғат. Дененді таза ұстау үшін жуынғаннан кейін іш киіміңді жиі ауыстырып тұр.

4. Қара жұмыс істегенде ауыстыратын екі киімін болсын. Күндіз кигеніңді түнде шешіп жайып, түнде кигеніңді күндіз жайып ауыстыр.

Тер, түлеген тері, теріңнен шыққан май, басқа зиянды нәрселердің бәрі ішкі киімге сіңеді. Бұл заттар шіри бастайды, шіріктің әсерінен қолтықтарыңның, башайларынның арасы секілді жерлерде қолаңса, шуаш пайда болады. Шіріктің салдарынан тері жидіп түлейді, кызылшақа болады, түрлі жара түседі.

5. Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр. Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тістазалағышпен) жақсылап тазала.

Мәсуегіңнің қылы тым қатты не өте жұмсақ болмасын. Күтеперіштен жасалған тіс тазалағышты колданба.

6. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (серуенде, ойна, жүгір, тағысын тағы).

7. Өте жылы киінбе, басың жеңідеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста. Шаш койма.

8. Дененді тар киіммен, белбеумен, түрлі баумен байлап қыспа.

9. Аяк киіміңнің (етігіңнің) ұлтаны табаныңа лайық болсын. Өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше өте зиянды болады.

10. Киімін, әсіресс шұлғауың байпағың (шұлығын) суланса шапшаң шешіп таста, құрғақ киім киіп ал.

11. Бөгделердің киімдерін, әсіресе бет орамалын, қол орамалын пайдаланба, бөркін, көйлек-дамбалын киме. Ауру адамның, өліктін киіміне жолама.

12. Өте көп ішіп-жеме. Бұзылған астан, сіңімсіз тамақтан, әсіресе тәттіден бойыңды аулақ сал. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты жөнімен ішіп-же, күніне үш мезгілден артық тамақтанба, уақыты асқан тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сияқты тағамдарды асқа көп салма. Ауырған, арам өлген малдың етін, шала піскен, иістенген, бұзылған етті, жемісті жеме. Ауруға шалдығасың.

13. Арак, боза секілді есірткі ішімдіктерге жолама. Наша шекпе, көкнәр жеме. Диюана боласың. Шәйды, кофені кып-қызыл кылып ішпе, сұйыктау етіп іш. Бұларды ұйқтардын алдында ішпе.

14. Тамаққа отырар алдында қолыңды жу. Тамақты қазақша, колмен жесең, колынды сабындап жу.

15. Ауру, саулығы күмәнділеу адаммен табақтас болма. Ешкімнің де сарқытын ішіп-жеме.

16. Аяқ-табақ, қасық-аяқ, пышақ-шанышқы секілді ас ішетін аспаптарыңды таза ұста. Олардың өзіңе меншіктісі болғаны жөн.

17. Жуып-тазаламай тұрып, басқалар қолданған аяқ-табақты, шанышқы-пышақты, ожауды, кесені, тағы басқаларын таза ыдыс-аяқтарға араластырмай, ыстық суға қайнат.

18. Ерте жат, ерте тұр, оянған соң төсекте еріншектеп жатып алма. Оянысымен төсектен тұрып кет. Төсекте керіліп жата берсең, еріншектігің ұстап, бүгінгі істейтін жұмысыңа заукың болмайды.

19. Кешке ұйқтардың алдында ауыр жұмыс істеп өзіңді-өзің шаршатпа. Болдырсаң, дұрыстап ұйқтай алмайсың.

20. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалы ұйқы - түс көрмей қатты ұйқтау. Түнде ұзақ отырып істеген ми жұмысы адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ етеді. Сондықтан денсаулықты сақтау ережесі саған «ерте жат, ерте тұр, сонда ғана ұйкы сені тынықтырады» дегендей кеңес береді.

21. Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулігіне емшектегі балаға 16-20 сағат, 10-12 жасар балаға - 9 сағат, бозбалаларға - 8 сағат, үлкен кісіге 6-7 сағат ұйқы жетіп жатыр.

22. Еш уақытта біреумен қойындасып жатпа, жеке жатып үйрен. Басқа кісінін төсегіне жатпа, төсек-орнын, жастығын, көрпе жаймасын қолданба.

  Жарияланған-2016-09-28 16:24:38     Қаралды-4354

Мәлімет сізге көмек берді ма

СӘНДІ БҰЙЫМДАР ЖАСАУ ӨНЕРІ

...

Үй-ішілік тұрмыста күніне қанша бұйым қолымыздан өтеді десеңші. Егер соның бәрі суретшінің қолынан шықса, дереу өнер туындысына айналар еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ

...

Ықылас Дүкенүлы (1843-1916) - қазақ халқының дәулескер күйші-қобызшысы. Ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Оның атасы мен әкесі қобызшы болған. Киелі өнер ұлдарына да қонып, Ықылас қобыз әуенімен ер жетеді. Қорқыт ата аян беріп, әке

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӨКТЕН ЖАСАЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

...

Сөк әбден тазартылып, жылы суға салып жуылады. Суын сарқып төккен соң торға салып дегдітіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БЕРІК, ЕҢ ЖҰМСАҚ ҚАЙ МЕТАЛЛ?

...

Әуелі ең берік металл туралы. Оның аты – титан, күміс түсті - ақ, сыртқы түр: болатқа ұқсайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Есту қабілетінің арқасында біз айналамыздағы әлем туралы орасан зор ақпарат аламыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »