ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...
Категориясы: Денсаулық
1. Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.
2. Жазу үшін отырғаныңда астыңдағы орындығыңның алдыңғы шеті үстелдін астына 2-5 сантиметр (бір-екі елі) кіріп тұрсын. Жазғанда тік отыр. Көкірегіңмен үстелдің шетін кидірмелеме.
3. Үстелге отырғанда екі білегіңді шынтағыңа дейін үстелдің үстіне салып отыр. Астыңдағы орындығың аласа болса, үстіне көпшік немесе басқа нәрсе салып, керегінше биіктет.
4. Үстелге отырғанда табаныңды жерге - еденге тегіс тигізіп тіреп отыр. Аяғың жерге (еденге) жетпесе, табаныңның астына тақтай (сандықша, жәшік) қойып, басып отыр.
5. Үстелге отырғанда аяғыңды орындықтың астына қарай бүкпе, не болмаса бір аяғыңды екінші аяғыңның үстіне салып айқастырма. Аяғыңның тізеңнен төменгі балтыр жағы тік тұрсын.
6. Орындыктың үстінде тік отыр. Арқаңды орындыктың арқалығына таяп, сүйеніп отыр. Басыңды төмен еңкейтпе.
7. Жазғанда екі білегің шынтаққа дейін тегіс үстелдің үстінде жатсын. Сол қолыңмен қағазды басып, керегінде ілгері жылжытып отыр.
8. Жазатын қағазыңды оң жаққа таман, қарсы алдыңа қой.
9. Окығанда орындығыңды үстелден аз-кем кейіндеу қойып, кітабыңды екі қолыңмен ұста. Кітаптың төменгі жағы үстелге тіреліп тұрсын, жоғарғы жағы үстелден көтеріңкі болсын. Оқығанда көзің кітабыңның бетінен ең кем болғанда 32 сантиметрдей (2 сүйемдей) қашықта болсын.
10. Орындыққа отырғанда киімің астында бүктетіліп жатпасын. Сондықтан еркек балалар ықшамдау шалбар, қысқа бешпент кисін. Қыз балалар орындыққа көйлектерін тегістеп, бүктесінсіз қылып отырсын. Отырып алған соң, астыңдағы көйлегіңді дұрыстаймын деп қолыңмен тартқыштама.
Жарияланған-2016-09-28 16:03:15 Қаралды-2188
ВАНИЛЬДІ ШЕКЕР-ПЕНДЕР
Құмшекер мен сірнеден шырын дайындалады да, 135-145 градусқа дейін қайнатылады. Дайын карамель массасын арнаулы столда 80-90 градусқа дейін салқындатып, аз-аздап ванилин қосылады. Содан соң илеп, машинамен не қолмен ақ жібектей болғанша тартылады, оның ше
ҚАРҒАЛЫ КЕНІШІ
Археологтар 1939 жылы Алматы маңындағы Қарғалы шатқалынан көнеден қалған казына тапты. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен апталып, асыл тастар орнатылған, ғажайып өрнекті бұйымдар шықты. Табылған заттардың ішінде қосөркешті түйе мүсінделген сақина, адамды ке
КӨЗІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...
Көзің - екі жанарың. Оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып, зақымданғанда немесе қиқым түскенде білерсің. Осыған орай халқымыз «Ішің ауырса - аузыңды тый, көзің ауырса - қолыңды тый» дейді.
Табиғи «Ванилинмен» бірдей хош иістендіргіш
Жиі қолданылатын хош исітендіргіштердің бірі – ванилин. Біз оны дәйім барлық жерде қосамыз. Пісіретіндерге, кілегейлерге, тәттілерге, дәйім барлық жеміс-жидек иістерге – барлық жерде ванилин бар
МАССАГЕТТЕР ПАДИШАСЫ – ТОМИРИС
Томирис (Тұмар) (б.з.б. 570-518 жж.) - оңтүстік түркі халықтарын басқарған әйел патша. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды.
ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР
Ұста - әр түрлі металдан, темірден тұрмыста тұтынатын түрлі бұйымдар мен шаруашылыққа қажет құрал-саймандар, қару-жарақтар, т.б. жасайтын адам. Кейде ұстаны «темірші», «темір ұстасы» деп те атайды. Ертеректе ұсталарды қара ұста, ақ ұста деп екі топқа бөлг