UF

МҰРНЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Категориясы: Денсаулық


 

Сендер ауыздарыңа жара шығып, тамақ жей алмасаңдар бір-екі күн шыдайсыңдар, алмурын іші бұзылып, тыныс ала алмай қалсаң, қанша уақыт шыдайсыңдар? Әрине 1-2 минутқа да шыдай алмайсыңдар. Өйткені мұрын тек иіс сезу емес, тыныс жүйесінің негізгі бөлігі.

Енді оның ішкі құрылысымен таныс бол. Оны суретте көресіңдер. Оның жоғарғы, ортаңғы және төменгі кеуілжірі деген бөлігінде майда қан тамырлары мен кілегей заттары көп болады. Ол кеуілжірлер үнемі таза болуы қажет. Өйткені кеуілжірдегі қан тамырлары мұрыннан өкпеге баратын ауаның қызуын реттеп отырады, әсіресе қыста суық ауаны өкпеге жылытып жібереді. Ал кеуілжір бойындағы кілегей заттар ауамен қосыла кірген шаң-тозаңдарды өзіне жабыстырып, сүзіктен өткізгендей ауаны өкпеге тазалап жібереді.

Сөйтіп, мұрын жағымды және жағымсыз иісті білдіреді. Жағымсыз (қауіпті) иісі бар жерге бармайтынымыз содан. Денсаулыққа зиянды болатынын білеміз. Сондай-ақ, мұрын адамға аса қажет ауаны (оттегін) үздіксіз кіргізіп, ал денедегі иістенген қажетсіз ауаны (көмір қышқылын) сыртқа шығарып туратын ең бір қажет мүше. Сондықтан да оны сақтай біліңдер.

1. Мұрныңды әрдайым таза ұста, танауларынды тазалап жүр. Аузыңның тамақ жеу үшін, сөйлеу үшін, мұрныңның тыныс алу, иіскеу үшін жаралғанын ұмытпа.

Сіңбіргенде дауыс шығарып, екі танауыңмен бірдей сіңбірме. Әуелі бір танауыңды тазалап, сонан сон екінші танауыңды тазала.

2. Жүргенде, жүгіргенде, сөйлегенде, ұйктағанда мұрныңмен дұрыстап дем ала алмайтын болсаң, дәрігерге көрін. Дәрігер тексеріп қарап, дем алысың неден бұзылғанын тауып береді.

3. Жас баланы туған күнінен бастап аузын жуып, таза ұстауына әдеттендіру керек.

Бесікте жатқанда бала аузын ашып жататын болса, жастығын биіктетіп, басын көтеріңкіреп, иегін төсіне игізіп жатқыз. Соның өзінде бірнеше жұмадан соң аузын ашып жатуды қоймаса – дәрігерге керсет.

Сурет. Мұрынның құрылысы

(Тыныс жолын жарып көрсеткендегі ішкі көрінісі)

1-маңдай сүйегінің қуысы - тыныс жолымен жалғасады; 2-мұрынның ортаңғы кеуілжірі; 3-мұрынның жоғарғы кеуілжірі; 4-мұрынның төменгі кеуілжірі; 5-сына сүйегінің қуысы - тыныс жолымен жалғасады; 6-есту түтігінің тесігі - мұрын құлақтың ортаңғы бөлігінен жұтқыншақ бөлікке келігі ашылған (құлақтың құрылысын қараныз). 

  Жарияланған-2016-09-28 15:22:16     Қаралды-15275

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАКУ КУРАБЬЕСІ

...

Бұл – үгітілген құырма сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОЙ ЕТІ

...

Қазақ халқы тойға барын салған. Мұндай қуанышқа тіпті жалғыз атын сойып жіберетін болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЕКОРАЦИЯ

...

Сәнді киінген Золушка мәрмәр баспалдақпен өкпесі өшіп жүгіріп келеді. Түн ортасы болып, қайырымды сиқыршының сиқыры тарап кетпей тұрып үйіне жетіп алмақ. Туфлиінің түсіп қалғаны да ештеңе емес, тек тезірек үйіне жетсе екен!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫМСАҚ - АС ҚОРЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҚСАРАДЫ

...

Бронх демікпесін, шеменді, тұмауды, қан қысымының көтерілуін емдеу үшін халық арасында сарымсақ кеңінен қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТ ҚАЙНАТПАСЫ

...

Сүт қайнатылып, үстіне қант қосылады да ваниль ұнтағы салынады. Оның үстіне бөктірілген желатин салынып, қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҮЛКЕН ЕГІС ДАЛАСЫ ҚАЙСЫ?

...

Бүкіл алқап жайылған алтын кілем секілді. Бұл - бидай, еліміздің астығы. Жел тұрса болды, теңіз суы шайқалғандай, даланы алтын түсті, сарыала толқын басады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »