UF

ҚҰЛАҒЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Категориясы: Денсаулық


Құлағыңның құрылысы мен қызметін біл. Құлақ бастың екі самай сүйектерінің ішінде орналасқан. Құлақтың ішінде өте нәзік әрі күрделі түзілген есту және адамға теңдік сақтап тік жүріп-туруы мен жердің тартылысын білдіретін мүшелер бар.

Суретте көрсетілгендей, құлақты құрылысы мен қызметіне қарай сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ және ішкі қулақ деп бөледі. Суретке қарап қулақтың күрделі түзілгеніне сеніңдер, олардың аттарын ерінбей жаттап бір-біріңнен сұрап дағдыланған әбден жөн. Сондықтан да осы айтылған ақыл-өсиеттерді естеріңнен шығармай, орындаңдар.

Сурет. Құлақтың құрылысы
(Самай сүйегіндегі есту және тепе-теңдік сақтау мүшелері жарып көрсетілген)

І - құлақтың сыртқы құрылысы: 1-самай сүйегі; 2-құлақтың есту жолы (тесігі); 3-дабыл жарғағы;

ІІ - құлақтың ортаңғы құрылысы: 4-дабыл қуысы; 5-балғашық тәрізді есту сүйекшесі; 6-төс тарізді есту сүйекшесі; 7-үзеңгі тәрізді есту сүйекшесі;

ІІІ - құлақтың ішкі құрылысы: 8-құлақтың алдыңғы бөлігі - тепе-теңдікті сақтауды, тігінен тұрғанды білдіретін мүше; 9-құлақтың құрышы - нағыз есту мүшесі; 10-құлақтың алдыңғы бөлігі мен құрышының жүйкелері; 11-есту түтігі - құлақтың ортаңғы бөлігі құлақ қуысын мұрын меп жұтқыншақ тұсына жалғастырып тұрады.

 

Кұлақ қалқаныныц атаулары: 12-сырғалық; 13-қарсы бүртік; 14-шиыршық; 15-қарсы шиыршық; 16-құлақ қалқанының қуысы.

1. Құлағыңа ұрғызба, айқайлатпа, шыңғыртпа, өзін де құлаққа ұрма, кұлаққа айқайлама, шыңғырма.

2. Қалам, қарындаш, тас-қалам, ине секілді өткір ұшты нәрселермен кұлағынның ішін шұқыма. Құлағына еш уақытта еш нәрсе тықпа. Мақтаны, әсіресе суланған, дәріленген мактаны құлағыңа тығушы болма.

3. Құлағыңнын ішін, сыртын таза ұста, сабынды сумен кұлағыңды абайлап жу. Жуынғаннан соң кұлағынның суланған жерін әбден сүртіп құрғат.

4. Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре калса, өзің еш нәрсе істеме, тездетіп дәрігерге көрін. Құлағыңның ішіне кұрт-құмырска секілді тірі макұлык кіре калса, дәрігер келгенше бірнеше тамшы жылы кендір майын немесе жылы сүт тамыз.

5. Бұлак болса (құлағыңнан ірің акса) тездеп дәрігерге көрін. Құлақтан аққан іріңді пайдалы не залалсыз деп ойлама. Бұлак өте зиянды нәрсе.

  Жарияланған-2016-09-28 15:10:54     Қаралды-12209

Мәлімет сізге көмек берді ма

МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ (1885-1935)

...

Міржақып Торғай өңірінде өмірге келген. Әкесі Дулат сауатты адам болған. Міржақып кезінде қазакша-орысша білім алған. Ақындық дарыны ерте дамыған. Оның шығармашылығы аса бай. «Серке» газетінде жарияланған «Жастарға», «Біздің мақсатымыз» атты өлең, мақалал

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОҢҒАЛАҚ ҚЫЗЫҚТЫ ДОМАЛАҚ

...

ДОҢҒАЛАҚ араласпайтын шаруа жоқ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИІССУ ҚОЛДАНА БІЛІҢІЗ

...

Сіздің сүйікті духиіңіз хош иісін барынша ұзағырақ сақтауы үшін не істеу керек?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАКУ КУРАБЬЕСІ

...

Бұл – үгітілген құырма сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ

...

Досмұхамедов Халел (1883-1939 жж.) - қоғам және мемлекет қайраткері. Х.Досмұхамедов - тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетін жинап, насихаттаушы, аудармашы, дәрігер, ұстаз. Туған жері - казіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМБУРА

...

Самса түрінде ішіне бадам салынған қамырдан жасалған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »