UF

КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

Категориясы: Тарих


Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген. Алайда сол ісмерлердің өздері жасаған шынылар да көмескілеу болып шығатын. Сол себепті де олар шыныны таспен алмастырған. Иә, мөлдір тас - ерекше өңделген тау хрусталімен алмастырылғанды. Одан дөңгелек шыны - линза пайда болған. Жай шыныдан линзаның айырмашылығы, ол арқылы қараған заттың бәрі ұлғайып қөрінеді. Ал кейінгі кезде линзаны жай шыныдан да жасау жолы игерілген. Содан бірде шеберлердің бірі линзамен шыбынның аяғын қарап көреді. Қараса, көз алдына жіп-жіңішке аяқ емес, жұп-жуан жүндес үлкен аяқтар тап болады.

«Бұл, сірә, бір ғана шынының кереметі шығар! - деп ойлайды шебер. - Ал егер 2-3 немесе одан да көп шыны арқылы қарасам ше? Олар қосылып, бұдан да артық үлқейтетін болар?!» Байқап көреді - дәл солай.

Бәрі де жақсы-ау, тек бірнеше шыныны ұстап тұру ыңғайсыз-ақ екен.

Шеберге бұл ретте ұзын металл түтік көмекке келеді. Дөңгелек шынылар оның ішіне жақсы орнықтырылады. Осылайша көру түтігі пайда болады. Көру түтігі теңізшілерге бірден ұнайды, олар енді оны өздерімен бірге барлық саяхаттарға алып шығып журеді. Онымен теңіз айдынын бақылау рақат - өте алыстан көрінеді.

Телескоп та - көру түтігі, тек ол өге үлкен әрі тым ауыр.

Оның линзаларының күштілігі сондай, тіпті сонау алыстағы жұлдыздарды көріп шолуға болады. Телескоп бізге аспан шырақтарын жақындата түсетіндей.

Астроном-ғалымдар алып түтіктің көзіне үңіліп, оны қалаған бағытына бұрып. түннің толық тылсым шағында жұлдыздар мен планеталарды жан-жақты зерттейді.

Телескоп дегенің - «алыстағыны көру», ал микроскоп - «ұсақты көру» деген сөз. Микроскоп ең кішкентай затты да үлкейтіп, көзге көрінетін етеді. Микроскоп түтігі тұғырға орнатылған да, оның кішкене тесік-көзі ортасында ойығы бар аласа үстелге қараған. Ойық астында кішкене дөңгелек айна бар.

Ғалымға микроскоп арқылы бір тамшы суды зерттеу керек болды делік, ол шыныға су тамшылатып, оны үстел үстіне кояды, бір көзін түтіктің жоғарғы жағына қадап, қасында тұрған үстел шамын жағады, содан соң шағын айнаны олай бір, бұлай бір бұрайды. Шамның жарық сәулесі астыңғы жағынан су тамшысына түскенде ғалым түтік арқылы көре бастайды... Ол не көреді дейсің ғой! Тіпті қорқып та қаласың! Әлгінде ғана бір тамшы су еді, енді микроскоп астында бүтіндей бір теңіз толқып жатыр. Әрі онда тірі жәндіктер жүзіп жүр! Оның көбі зиянды: өлі су ішсең - ауырып қалуың мүмкін.

Дүрбі көзілдірікке де, екі қабат көру түтігіне де ұқсайды. Бұл бірге тұтастырылып бекітілген екі қысқа түтік. Әрқайсысының бір жақ ұшында кішкене шынылар, екінші жағында одан үлкенірек шынылары болады. Түтіктер арасында кішкене тісті доңғалақ тетік орналасқан. Нашар көрініп тұр ма, доңғалақты айналдыр - енді бәрі жақсы көрінеді. Дүрбінің үлкен шынылары арқылы қарасаң, бәрі алыста, ұсақ тәрізді болады. Кішкене шыныларымен көрсең, әлгінің бәрі жақындап, ұлғайып кетеді.

Теңізге батқан сүңгуір қайықты ешкім көрмейді, ал ол бәрін де байқай алады, өйткені теңізшілерде биік дүрбі - перископ бар. Бұл алыстан көретін шынылары бар ұзын түтік. Қайық су астында жүзіп келе жатады, ал толқындар арасынан түтіктің ұшы шығып тұрады, ол олай-бұлай бұрылып, өзінің көреген көзімен айналаның бәрін байқайды. Айналадан көргіш-перископ шалып қалғанды сүңгуір теңізші де айқын көреді.

  Жарияланған-2016-09-17 19:17:07     Қаралды-3822

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАБАТТАЛҒАН ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН АЛМА

...

Қабатталатын қамыр былай дайындалады: суға тұз және лимон қышқылы салынып, ерітіледі, жұмыртқа және ұнның оннан тоғыз бөлігін қосып қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРАМЕЛЬ

...

50 грамм қантпен араластырылған жұмыртқа шайқалады. Үстіне ваниль ұнтағы қосылып, сүт құйылады. Сөйтіп қант әбден еріп кеткенше шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН БИСКВИТ

...

Алдын ала дайындалған негізгі бисквит қамырына қуырылған, ұсақтап туралған, ет тартатын машинкадан өткізілген немесе келіге түйілген жаңғақ (фундук немесе самырсын жаңғағы) қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАСЖАРҒАН - АСҚАЗАН ЖҰМЫСЫН РЕТТЕЙДІ

...

Тасжарған – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Биіктігі 75 см-ге дейін жетеді. Негізгі тамыры бұтақты, бірнеше мойын тамырлы, түсі қоңыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ

...

Терең табаға қант салынып, жақсы жанып жатқан отқа қойылады. Ол ашық қоңыр түске енгенше қыздырылып, жаңғақ дәндері қосылады да бәрі жақсылап тез-тез араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАХМАТ ТАРИХЫНАН

...

Шахмат сөзінің төркіні парсыша “шах мат” - “әмір өлді” - деген ағына береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »