UF

САЛМАҚСЫЗДЫҚТА ТІРШІЛІК

Категориясы: Ғарыш


Космоста адам ешқайда құламайды, мұнда «жоғарғы» жақ, «төменгі» жақ деген уғым жоқ. Сондықтан космос кораблінде қабырғамен жүруге, төбеде ұйықтауға болады. Бұл корабль ішіндегі салмақсыздықтың әсерінен. Бірінші космостық жылдамдыққа дейін зымырап, Жер төңірегіндегі орбитаға шыққан корабль ішіндегі барлық нәрсе - әр түрлі заттар да, ғылыми зерттеуге арналған аспаптар да, адамдар да өз салмағын жоғалтады.

Үш бірдей ракета космосқа әрең шығарған алып корабльді өздерің сияқты кез келген бала қолымен итеріп, қозғар еді. Егер піл немесе бегемот орбитаға шыға қалса, олар да құстың қауырсыны тәрізді жеп-жеңіл кетер еді.

Жерде заттар неге соншалықты ауыр, ал космоста - жеп-жеңіл, салмақсыз? Себебі біз Жер бетінде жүргенде үнемі оның тартылыс күшінің ықпалын сеземіз. Ол бізді өзіне тартса, біз бұған қарсыласып, өзімізден ары итереміз, Жердің бетіне қысым түсіреміз. Егер отырғышта отырсақ, қысымды оның бетіне түсіреміз, ал отырғыш өзін тіреп тұрған жерге қысым түсіреді. Егер кереуетте жатсақ, қысымды соған түсіреміз, кереует - үйдің еденіне қысым жасайды, ал үй жерге тіреледі.

Егер біз таразы үстіне шықсақ, бар қысым соған түседі, таразы бұл қысымды өлшеп, біздің салмағымызды анықтайды. Мінеки, дәл осы таразы көрсеткендей күшпен Жер бізді өзіне тартады, ал біз де дәл осындай күшпен оған қарсыласып бағамыз, қысым түсіреміз. Космос кораблі орбитаға шығып, Жер серігі сияқты оны айнала бастағанда корабльмен бірге столдар да, креслолар да, космонавтардың өздері де үлкен жылдамдықпен біздің планетамызды айналып, ұшып жүреді. Сол жылдамдықтың әсерінен қалыптан тыс жағдай пайда болады: адам түрегеліп тұрғанымен, оның аяғы еденге ешқандай қысым түсірмейді, ал ол отырғанымең, денесі креслоға жақындамайды. Бірақ кораблъ өзінің космостың жылдамдығын азайтып, баяулай бастасыншы - жоғалған «салмақ» қайта оралып, ішіндегі барлық нәрсе, корабльдің өзі де бірден ауырлап кетер еді.

Космоста барлық тамақ сықпа құтылар мен арнайы қалталарда сақталады. Космонавтарға тәрелкенің қажеті жоң, өйткені одан көже де, ботқа да ұшып кеткен болар еді, себебі космоста олардың да салмағы болмайды ғой. Тәрелке болмаған соң, қасық пен шанықшының да керегі аз. Сонымен, көжені, ботқа мен пудингіні, пюрелерді, қысқасы барлық сұйық, қою тағамдарды бірден сықпа құтыдан ішуге тура келеді.

Сұйық заттың қай-қайсысы да, мейлі ол таза су ма, морс па, кофе әлде шай ма - бәрі-бәрі салмақсыздық жағдайында шар формасына ие болады. Сондықтан, оларды құмырадан немесе құтыдан құйып алу қиын. Сілкілеп, қағып түсіру қажет. Бірақ, бұлай еткен жағдайда сұйық шар ұсақ-ұсақ тамшыларға айналып, моншақша шаншылып кетер еді. Оны шаңсорғыштың көмегінсіз жинап алу мүмкін емес, тек шаңсорғыш қана әлгі моншақ-моншақ тамшыларды жинап, сорып алады. Сонда космоста шайды кесеге құюға болмаса, оны қайтіп ішеді? Дәл сұйық көже ішкендей: құтының немесе арнаулы баллондардың шүмегін ағытып, резеңке түтік арқылы сорады да, шөлі қанғаннан кейін шүмекті жабады. Космонавтар орбиталық станцияда айлар бойы тұрады. Сонда олар қайда, қалай шомылады? Олардың космостық үйінде душ та бар, тек ол әдеттегіден мүлде өзгеше. Адам берік әрі мөлдір пленкадан жасалған кабинаға енеді де, сырғымалы «есікті» жабады. Едендегі бекіткіштерге аяғын байлап, душ қондырғысын іске қосады. Ол шамамен көшедегі су себетін машина сияқты жұмыс істейді: шүмектен бүріккіш арқылы жоғарғы қысыммен шыққан су космонавтың үстіне нөсер боп жауады. «Моншаға түсіп» болған соң, әлгі қондырғы шаңсорғыш құсап кабина ішіндегі судың бәрін бір тамшысын да қалдырмай жинап алады.

 

  Жарияланған-2016-09-10 16:34:37     Қаралды-3824

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮТ ҚАЙНАТПАСЫ

...

Сүт қайнатылып, үстіне қант қосылады да ваниль ұнтағы салынады. Оның үстіне бөктірілген желатин салынып, қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕНДІ ҚАЛАЙ ӨНДІРЕДІ

...

Біз әуелі кен байлығы, яғни қазба байлық дегеніміз не екенін білейік. Біз өмір сүріп жатқан Жер, оның қыртысы алуан түрлі топырақтардан, тастардан, т.б. нәрселерден тұратынын білеміз. Олардың барлығы кен байлығына жатпайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЦИФРЛАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?

...

Бүгінде екі жердегі екінің төрт екені тіпті мектеп табалдырығын аттай қоймаған бүлдіршінге де белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Неге қаламның қақпақшасы осылай болуы тиіс?

...

Шарлы қаламды барлығы біледі. Бірақ, қаламның қақпақшасы неге осылай болатынын ешкім ойламаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҺИР ХАН

...

Таһир (Тайыр) - Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз, шамамен 1531-1533 жылдар аралығында дүниеден өткен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ТАСҚЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады

ТОЛЫҒЫРАҚ »