UF

ҚИЫР СОЛТҮСТІКТЕ, АРКТИКА АЙМАҒЫНДА МҰЗ ЕШҚАШАН ДА ЕРМЕЙДІ?

Категориясы: География


Қып-қысқа поляр жазында күн жоғары көтерілмейді, ал оның қызуы аз сәулелері мұз бен қарға тура, айнаға түскендей шағыласады. Мұзды ерітуге мұндағы күн көзінің шамасы жетпейді. Бұл жерге жазда келгеніміз жақсы болады, бәрі көрініп тұрады.

Қыстыгүні мұнда таңертең, күндіз, кеш деген болмайды – бірыңғай түн, бұл Поляр түні. Және ола жарты жылға созылады. Оның есесіне жазда күн батпай қояды – бірыңғай күндіз. Поляр күні. Ұйықтасаң да жарық, тұрсаң да – жарық.

Қысы-жазы Арктика қар мен мұзға оранып аппақ болып жатады. Сол себепті глобустың да төбесі ақпен боялған.

Мынау - АҚ АЮ. Қар қандай ақ болса, оның тусі сондай аппақ. Тұмсығының ұшы ғана қара. Ол итбалыққа жақындаған кезде, жемтігі байқап қалмау үшін тұмсығының ұшын табанымен жауып алады. Ол қорек іздеп, жүздеген шақырым жерді шарлайды. Суға күмп беріп түседі де, келесі мұзға жеткенше жүзіп кете барады. Ақ «ішігі» керемет жылы, оған қақаған аязың да, суық суың да бұйым емес.

МОРЖ да полярлық мақұлық. Мықты сойдақ тістері болғанымен оның өзгеге зияны жоқ, момақан. Морж әлгі сойдақ тістерімен тұнба лай арасынан шаян бақалшақтарын қазып адады да, оның ішіндегісін жейді.

ИТБАЛЫҚ балықпен қоректенеді. Өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді. Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар. Итбалық сүңгіп шығады да, ауа жұтып алып су астына қайта кетеді. Ал су беті лезде қатып қалатын қыс күндері итбалық мұзды басымен тесіп шығуға мәжбүр. Әйтпесе, тұншығып қалуы мүмкін. Ақ аю оны осы жерде - ойықтың жанында аңдып тұрады. Итбалықтың күшіктері де аппақ. Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.

Поляр түні өтіп, жиектен күн көріне бастасымен-ақ, солтүсктің жартасты аралдарына құс дегенің қаптап кетеді. Бұл өңірді мекендейтін құстар суда жақсы жүзеді. Солардың бірі  - ЧИСТИК, ол жүзген кезде аяғымен есіп, қанатын демеу етеді. Жаз кезінде аралдағы тік жартастардың беті құс ұясынан көрінбей кетеді. Азан-қазан шуылдан құлақ тұнады. Мұндай орындарды құс базары деп жайдан-жай атамайды. Сәл ғана қауіп-қатер сезілсе болды - мұндағы құс атаулы дүркірей ұшып, аралдың үстін бұлт сияқты торлап алады. Бұл жерде құстың неше түрі бар. ШАҒАЛА ҚАРҚЫЛДАҚ та, ГАГАРА да, КАИРА да... Тіпті МҮЙІЗ - қызық-қызық аталатын құстар ТҰМСЫҚ, БАЛТАБАС сияқты да кездеседі.

  Жарияланған-2016-09-08 15:20:59     Қаралды-9940

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖИДЕНІҢ ІШІ АУЫРҒАНДА ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

...

Жиденің жемісін тамаққа пайдаланады. Химиялық құрамы: сабағының, бұтағынын; құрамында илік және бояу заттары бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТМҰРЫН ҚАЙНАТПАСЫ

...

Итмұрынның кепкен жемістері іріктелінеді. Тазаланып жұылып, ұсақтап тұрайды да үстіне қайнаған су құйылып, ыдыстың қақпағы жабылып

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫМБҰЛАҚ

...

Шымбұлақ - таудағы және тау бөктеріндегі бұлақтардың жалпы атауы. Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Іле Алатауы, Талас Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатаулар өңірінде кездеседі. Түркі тіліндегі «шың» деген сөз «терең, тік шатқал» деген мағына береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛШАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ (пастила)

...

Алша жемістері піскенше қайнатылып, қабығы мен дәндерінен тазалау үшін електен өткізіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШӨЛ ДАЛА – ТҰЛДЫР ДАЛА МА?

...

Ең үлкен шөл далалар - Азиядағы Гоби мен Африкадағы Сахара. Ал бізде - Қарақұм.

ТОЛЫҒЫРАҚ »